Ақшалай ағымдардың мәні, түсінігі және түрлері



Жоспар
Кіріспе
1. Ақшалай ағымдардың мәні, түсінігі және түрлері

1.1 Ақшалай ағымдардың түсінігі.

1.2 Ақшалай ағымдардың түрлері.

1.3 Шетел кәсіпорындарындағы ақша айналымы
2. Компанияның ақша ағымдарын оңтайландыру әдістері.

2.1 Пайыздық ставкаларды есептеу әдістері.

2.2 Ақшалай ағымдарды бағалау әдістері
3. Компанияның ақша ағымдарын оңтайландыру мәселелері мен оларды шешу жолдары.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар
Кіріспе

1. Ақшалай ағымдардың мәні, түсінігі және түрлері

1.1 Ақшалай ағымдардың түсінігі.

1.2 Ақшалай ағымдардың түрлері.

1.3 Шетел кәсіпорындарындағы ақша айналымы

2. Компанияның ақша ағымдарын оңтайландыру әдістері.

2.1 Пайыздық ставкаларды есептеу әдістері.

2.2 Ақшалай ағымдарды бағалау әдістері

3. Компанияның ақша ағымдарын оңтайландыру мәселелері мен оларды шешу жолдары.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе
Жалпы ақша ағымының көлемі тауар бағаларының сомасынан әрдайым артық болады. Ақшаның қызмет көрсетуі тек сату-сатып алу мен шектелмейтіні түсіндіріледі. Ақша еңбекақы, зейнетақы, стипендия төлеу үшін бюджетке төлемдер аудару үшін, банктен қарыз алу үшін және т.б. мақсаттар үшін қолданылады.
Сөйтіп, ағымға қажетті ақша мөлшері өндірістің даму жағдайларына әсер ететін көп факторларға байланысты өзгереді: ағымдағы тауарлар мөлшеріне, тауарлар мен қызмет бағасының деңгейіне және т.б. Ағымға қажетті ақша мөлшері ақша ағымының жылдамдығына кері пропорционалды өзгереді. Ал ақша ағымына әсер ететін жағдайлар мыналар:
несиенің даму деңгейі, егер тауардың көп бөлігі несиеге сатылса, ағымға сонша мөлшерде кем ақша қажет;
қома-қол ақшасыз есеп айырысудың дамуы;
ақша ағымының санының өсуі.
Ақша ағымының объективті негізі - тауар өндірісі мен тауар айналысы болып табылады. Құн формасының өзгеріп отыруы, яғни тауардың ақшаға және ақшаның жаңа тауар сатып алу үшін қолданылуы, ақшаның әрдайым қозғалыста, яғни айналыста болуына мүмкіндік жасайды.
Бірақ ақша ағымы тауар айналысын қайталап қоймайды. Бұл процесс жекешеленіп жүреді. Тауарлар, оларды сатып алғаннан кейін, айналыстан шығады және тұтынылады. Ал ақша ағымда әрқашан жүреді.

1. Ақшалай ағымдардың мәні, түсінігі және түрлері

1.1 Ақшалай ағымдардың түсінігі.

Ақша ағымы ұғымы одан кең мағына бергендіктен ол қолма -қол және қолма -қолсыз ағым мағынасын сипаттайды. Ақша белгілері әр түрлі жағдайда қамтамасыз етіледі.Бұл жүйелер тек қана орталықтырылған жоспарлы жоспарлы экономика жағдайында ғана мүмкін болады, себебі ол уақытта кәсіпорындар мен халықтың қолында қанша ақша, қанша тауардың болатыны және олардың қандай бағада сатылатыны белгілі болған. КСРО- ның таратылуына, бағаның босатылуына, меншіктің мемлекет иелігінен алынуына және т.б. байланысты жүзеге асыру мүмкін емес болып қалды.
Тауар айналымы процесіндегі қолма-қол ақша қозғалысы және төлемақыны жүзеге асыру кезінде қызмет көрсету, сонымен бірге кәсіпорындар мен қаржы-несие мекемелерінің арасындағы ақшалай қаражаттардың алмасуы- ақша ағымы деп аталады.
Ақша ағымының объективті негізі - тауар өндірісі мен тауар айналысы болып табылады. Құн формасының өзгеріп отыруы, яғни тауардың ақшаға және ақшаның жаңа тауар сатып алу үшін қолданылуы, ақшаның әрдайым қозғалыста, яғни айналыста болуына мүмкіндік жасайды.
Бірақ ақша ағымы тауар айналысын қайталап қоймайды. Бұл процесс жекешеленіп жүреді. Тауарлар, оларды сатып алғаннан кейін, айналыстан шығады және тұтынылады. Ал ақша ағымда әрқашан жүреді.
Айналыста жүре отырып ақша әрі айналыс құралы, әрі төлем құралы функцияларын атқарды. Сонымен, тауарды сатудан түскен ақша қарызды өтеуге жұмсалуы мүмкін. Өз кезегінде, қарызды төлеуге түскен ақшалар тауарлар алу үшін қолданылуы мүмкін.
Жалпы ақша ағымының көлемі тауар бағаларының сомасынан әрдайым артық болады. Ақшаның қызмет көрсетуі тек сату-сатып алу мен шектелмейтіні түсіндіріледі. Ақша еңбекақы, зейнетақы, стипендия төлеу үшін , бюджетке төлемдер аудару үшін, банктен қарыз алу үшін және т.б. мақсаттар үшін қолданылады.
Ақша ағымын реттеудің маңызды элементі - қолма-қол ақшаның қолдану аясын азайту болып келеді. Бұл мәселеде біздің елімізде кәсіпорындар арасындағы есеп айырысуларда қолма-қол ақшаның қолданылуын шектеу, есеп айырысу чектерін ендіру арқылы ғана шешіледі.
Банк жүйесін реформалау және ақша банкнотасын өндіруге байланысты өзінің меншікті қуатын енгізуі, Қазақстандағы қолма-қол ақшамен байланысты жағдайды түбірімен өзгертті.
Дамыған елдерге бұл процесс кеңінен дами түсуде: оларда ақшаның ағымы өріс алып жатыр. АҚШ-та халықтың есеп айырысуларын 25-27%-зы ғана қолма-қол ақшамен, ал қалғаны чек, несиелік карточкалар,т.б. көмегімен жүргізіледі. Мысалы, кәсіпорынның бөлшек саудасынан түскен түсім банкке түскеннен соң оның есеп айырысу шотында қолма-қолсыз ақша қаражаттарына айналады да, ол бұдан өз жеткізушілеріне ақша аударуы мүмкін.Сондай-ақ:
- өнімді өндіру және сату процесін, яғни тауарлы сипаттағы есеп айырысулармен байланысты ақша ағымы;
- тауарлы емес сипаттағы есеп айырысулармен байланысты ақша ағымы;
- ақша ағымы бірнеше кезеңдерден өтті және қағаз, несие ақшалар көмегімен жүзеге асырылады.
Ақша ағымының заңы - құн заңының айналыс аясындағы көрініс. Ол - тауар - ақша қатынастары болатын барлық қоғамдық формацияларға тән. Ағымдағы ақшаның саны К. Маркс ашқан ақша ағымы заңымен реттеледі. Тауар ағымына қызмет ету үшін қажетті ақша мөлшерлері (А мөлш.) екі факторға: біріншіден, бір кезеңде, айталық бір жылда сатылуға тиіс тауарлар бағасының қосындысында ( Стб) екіншіден ақша ағымының жылдамдығында ( А жылд.) байланысты өзгереді. Ақша ағымы заңы мына формуламен өрнектеледі.
Ақша ағымы заңының мәні - ақшаның ағымының құралы қызметін орындауы үшін қажетті ақша мөлшері сатылуға тиіс тауарлар бағасының қосындысын бір аттас ақша өлшемінің ағымының санына ( ағым жылдамдығына ) бөлгенге теңесуі керек.
Ақша тек ағым құралы ғана емес, сонымен төлем құралы қызметін де атқаратындықтан ағымға қажетті ақша мөлшері де несиеге сатқан тауарлар сомасына байланысты азаяды. Қарыз міндеттемелерінің бірсыпырасы қолма-қол ақша ақшасыз есеп ағымдарында өтеледі, яғни олар қарыз талаптары мен міндеттемелерін өзара есептеу жолымен де өтеледі.Сөйтіп несиенің даму дәрежесі ақша мөлшеріне кері әсерін тигізеді: тауардың неғұрлым көп бөлігі несиеге сатылса, ағымға соғұрлым аз ақша мөлшері қажет. Одан басқа, ағымнан шығарылған әлде қандай ақша мөлшері шаруашылықтың және халықтың тұрақты ақша қорын құрайды.
Осы теңдікті ел экономикасында сатылған тауарлар бағасынан ағымда әлдеқайда кем ақша массасының жүруінің себебі төлемеушілік проблемасының болуынан. Ол кезде Ст мөлшері теріс сан болады. Бірақ бұл Қазақстанда және басқа да директивалы экономика үлгісінен нарықтық үлгіге өтуші мемлекеттерде кездесіп отырған кәсіпорындар арасындағы төлемеушілік проблемасы жай ақша массасын ұлғайтумен шешіледі дегенді көрсетпейді. Себебі төлемеушіліктің көптеген себептері бар: төлем тәртібінің босаңдығы, төлемеушіліктің тізбегінде потенциалды күйреушілердің (банкроттардың ) болуы, күйреушіліктің тиімді тәжірибесінің болмауы, жекеменшіктендіру процесінің аяқталмауы, төлем құралдарының дамымауы және т.б.
Сөйтіп, ағымға қажетті ақша мөлшері өндірістің даму жағдайларына әсер ететін көп факторларға байланысты өзгереді: ағымдағы тауарлар мөлшеріне, тауарлар мен қызмет бағасының деңгейіне және т.б. Ағымға қажетті ақша мөлшері ақша ағымының жылдамдығына кері пропорционалды өзгереді. Ал ақша ағымына әсер ететін жағдайлар мыналар:
несиенің даму деңгейі, егер тауардың көп бөлігі несиеге сатылса, ағымға сонша мөлшерде кем ақша қажет;
қома-қол ақшасыз есеп айырысудың дамуы;
ақша ағымының санының өсуі.
Ағымға ақша екі формада эмиссияланады (шығарылады): қолма- қол ақша, яғни ағымдағы банкнота және майда монеталар; банктік ағымдағы ақша формасы, яғни банктегі шоттарға жазылған сома. Екі деңгейлі банк жүйесінде ақшаның бірінші формасын,яғни қолма-қол ақшаны монополияны құқықпен орталық банк эмиссиялайды да, ал қолма-қол емес ақша белгілерін коммерциялық банктер жүйесі шығарады. Ақшаның екі формасы бір-бірімен тығыз байланыста жүреді. Егер банк клиенті - шоттағы ақшаның иесі өз қаражатын қолма-қол ақша формасында алса, онда банктік ағымдағы ақша белгілері нақты қолма-қол банкнотаға айналады. Керісінше, клиенттің шотқа жазу арқылы банкке ақша сомасын салуы қолма-қол ақшаның банктік ағымдағы ақша формасына айналуын көрсетеді.
Ақша ағымының екі жағының бірлігі, олардың бір формасының екіншісіне алмасуы жалпы ақша масасының құрамын анықтауды қажет етеді. Себебі, ақша массасы ақша ағымының сандық көрсеткіші. Белгілі бір мерзім аралығында және белгілі бір күнге ақша ағымындағы сандық өзгерістерді талдау үшін, сол сияқты ақша массасының көлемін және оның өсу қарқынын реттейтін іс-шаралар жүргізу үшін әр түрлі көрсеткіштер қолданылады.
Өнеркәсібі өркендеген мемелекеттерде ақша массасы құрамын анықтау үшін негізгі ақша агрегаттарының төмендегі жиынтығы пайдаланылады:
М1 - ағымдағы қолма - қол ақша, ал кейбір мемлекеттерде қазыналық билеттер және банктік ағымдағы шоттардағы қаражат (депозиттер) жатады;
М2 - оған, М1 агрегаты және мерзімі 4 жылға дейінгі коммерциялық банктердегі мерзімді және жинақ салымдары кіреді;
М3 - оған М2 агрегаты және арнаулы несие мекемелеріндегі жинақ салымдары кіреді;
М4 - оған М3 агрегаты және ірі коммерциялық банктердің депозиттік сертификаттары қосылады.
Қорыта айтқанда, әрбір келесі ақша агрегаты өзінен алдыңғылардың барлық элементтерін өзіне біріктіріп үлкен ақша массасын құрайды. Бірақ оның алдыңғыға қарағанда өтімділігі төмен.
Ақша массасының нақты құрамы әр мемлекеттің өзіне тән ақша - несие жүйесімен анықталады. Мысалы, АҚШ - та ақша массасын анықтау үшін - төрт, Швейцария мен Германияда - үш, Ұлыбританияда - бес, Франция - екі ақша агрегаты қолданады.
Қазақстан Республикасының ақша массасының құрылымына келесі ақша агрегаттары жатады:
М0 -ағымдағы қолма-қол ақша;
М1 - өзіне М0 агрегатын және шаруашылық субьектілердің есепшоттары мен басқа депозиттернің, заңды тұлғалардың күрделі қаржыландыру шотының, ұзақ мерзімді несиелеу және қаржыландыру қорлары шотының, чектік және аккредетивтік шоттардың, қоғамдық және басқа үкіметтік емес ұйымдар шоттарының қалдығын және халық пен заңды тұлғалардан талап етіп алатын салымдарын біріктіреді;
М2 - өзіне М1 агрегатын, сонымен бірге жеке және заңды тұлғалардың мерзімді салымдарын біріктіреді;
М3 - өзіне М2 агрегатын және мемлекеттік займ облигацияларын біріктіреді.
Ақша агрегаттарының құрылымы тұрақты қалыпта болмайды. Ол ақша нарығы құралдарының дамуына байланысты өзгерді.
Ақша массасы бірнеше жолмен өсуі мүмкін:
банкноталар мен монеталарды эмиссиялау есебінен;
орталық банктен коммерциялық банктердің несие алуымен;
мемлекеттік бюджеттің кемшілігін жабу үшін орталық банктің үкіметке несие беруімен;
орталық банктің асыл металдары, шетел валютасын және мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алуымен;
чек шығарумен немесе коммерциялық банктердің салым тарту негізінде заем берумен (депозиттер негізінде несие ақшаларын шығару).
Ақша массасы көлемінің өзгеруіне айналыстағы ақша массасының өзгермелігімен қатар оның ағым жылдамдығы да әсер етеді. Ақшаның ағым жылдамдығы жалпы - экономикалық факторларға: экономиканың циклмен өркендеуіне, экономикалық дамудың қарқынына, бағаның өзгеруіне, сонымен бірге таза монетарлық факторларға, яғни төлем ағымының құрылымына, несиелік операциялар мен өзара есеп айырысудың дамуына, ақша нарығындағы процент деңгейіне және т.б. байланысты өзгереді.
Ақша массасы ағымының баяулауы - ұлттық жиынтық өнімді орналастыру коэффициентінің төмен екендігінің көрсеткіші. Егер, ақша ағымының жылдамдығы артса, ол жоғары конъюнктураның барлығын және ақша қаражатын жұмсаудың шапшаңдығын көрсетеді. Ақша ағымы жылдамдығы ағымдағы ақша санына кері пропорционалды әсер етеді, яғни ақша неғұрлым көп айналыс жасаса, соғұрлым қосымша ақша эмиссиясының қажеттілігі азаяды. Ақша ағымының баяулауы шаруашылық субьектілерінің ақша қорын жинауға ұмтылысын және ақша масасының құрылымында банктердегі ұзақ мерзімді салымдардың ұлғаюын көрсетеді.
Айта кететін жәйт, " ақша ағымдарының жылдамдығы" және "төлемдердің жүру жылдамдығы" деген ұғымдардың бір-бірінен ерекшелігі бар. Соңғысы, сөзсіз, шапшаң болуы қажет. Оны шапшаңдататын факторларға: өзара есеп айырысу жүйесін дамыту, банк ісіне электронды есептегіш техниканы және электрондық ақша жүйесін енгізу жатады.

1.2 Ақшалай ағымдардың түрлері.

Қаржы менеджментінде маңызды объектақша ағымы құн нысандарын жаңғыртудың және қосылған құнды қалыптастырудың экономикалық процестерін ортақтастыратын қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысандарындағы ақшаның қозғалысы болады. Қаржы менеджментінде - ақша оның іс-әрекетінің, уақытша болжам тұрғысынан функцияларды атқару кезіндегі өзге нысанға, сапаға айналғанға дейін қаралады. Ақша ағымының құрамына қаржы көмегімен қалыптасатын, сондай-ақ басқа әдістермен де тартылатын барлық ақша ресурстары қамтылады. Қаражаттардың түсімінде анықтаушы орынды өнімді, жұмыстарды және қызметтерді өткізуден түскен түсім - ақша, онан кейін несие ресурстары, әртүрлі тартылған ресурстар алады. Ақшаның қазіргі және келешектегі құны өзара қайтымды. Қазіргі құн келешектегі құнға компаундингілеу - күрделі пайыздарды есептеу арқылы, ал келешектегі құн қазіргі құнға дисконттау - пайыздарды пайдаланып төмендету арқылы жеткізіледі.
Компаундинг дегеніміз - ақша сомасының уақытқа қарай өсуі.
Ақшалай ағымдар келесідей белгілер бойынша жіктеледі:
1) Қозғалыс бағыты бойынша: ақшалай қаражаттардың түсімдері; ақшалай ағымдардың шығыстары; таза ақшалай ағым (түсімдер шығындар).
2) Атқару қызметтеріне байланысты:
- негізгі немесе операциялық қызметтен түсетін ақшалай құжаттар, бұл тауарларды өңдеу мен қызметтерді атқарумен байланысты қызмет: түсімдер, шығындар, таза ақшалай ағымдар;
- қаржылық қызметтен түсетін ақшалай қаражаттар, бұл қаржылардың қайнар көздерін тарту бойыеша қызмет: түсімдер, шығындар, таза ақшалай ағымдар;
3) Мерзімдік тіркеуге байланысты ақшалай ағымдар екі түрге бөлінеді:
- пренумерандо ақшалай ағымдар - бұл мерзімнің басында есепке алынған ақшалай ағымдар көбінде жиналу мақсатымен пайдаланылады, сондай-ақ инвестициялау мақсатымен.
- постнумеранда ақшалай ағымы - ол кезең соңында есептелінетін ақшалай ағымдар. Көбінде аналитикалық мақсатымен пайдаланылады. Себебі, барлық ақшалай ағымдар есеп жүргізген кезде кезең соңында есептеледі.
Ақшалай ағымның бір түрі ренталық төлемдер болып табылады.
Рента дегеніміз - ол көбінде тең сомамен, тең мерзім арасында төленетін немесе алынатын кезеңдік ақшалай ағымдар. Мерзімді есептеуге байланысты ақшалай ағымдар: мерзімдік және мерзімсіз болып бөлінеді. Мерзімдік ағым бойынша алғашқы және соңғы төлемнің уақыты алдын-ала белгілі болады, ал мерзімсіз уақыттар алдын-ала қойылмайды.
Рента ақшалай ағым болғандықтан, мерзімді және мерзімсіз болып бөлінеді. Рентаның бір түрі бағалы қағаздар бойынша аннуитет- ол мерзім сайын тең сомада жүзеге асырылатын ақшалай ағымдар. Аннуитет табыс алу қызметімен байланысты ақшалай ағым, яғни екінші жағынан ол инвестицияның түрі.

1.3 Шетел кәсіпорынындағы ақша ағымы

Шет елдердегі ақшаның ағымы дегеніміз барлық бөлімдегі қаржыларды топтап-жинай отырып, мемлекетті қаржыландырудың таптық мүддесін қорғауға арналған.
Монополистік капитал дәуіріне дейін қаржы құрылымының екі тармағы болды.
1) Мемлекеттік бюджет;
2) Жергілікті қаржы.
Олар ақша ағымын жасауға жағдай жасап, сол арқылы мемлекет өзінің саяси және экономикалық функциясын іске асырады.
Монополистік капитал жағдайын өндіргіш күштің өсуімен оның әсерінен шаруашылық байланысы қиындап, қаржы құрылымында экономикалық тарамдар терең өзгеріске ұшырады. Жаңа қаржы тармақтары өсіп,бөлініп,оның сепаратизмі өсті.
Қазіргі жағдайда шет мемлекеттердің ақшаларының ағымы төрт тармақтан тұрады:
1) мемлекеттік бюджет;
2) жергілікті қаржы;
3) мемлекеттік кәсіпорынның қаржысы;
4) үкіметтің арнаулы қоры.
Әрбір осы тармақтар қаржы элементтерінің жиынтығын құрай отырып, бір-бірімен тығыз байланыста,мемлекеттің қаржы саясатын іске асыруға жұмылдырылған.
Осы ағымдардың көмегімен мемлекет экономикалық және әлеуметтік жағдайларды кең көлемде іске асыруға ұмтылады және күннен күнге өсіп, қиын жағдайда оны реттеп, қоғамдық- капиталдың өсуіне қатысып, оны көбейтуге ықпал етеді.
Буржуазиялық мемлекет қазіргі жаңа экономикалық және саяси жағдайда ақша ағымдарын топтастырып, оны шешіп отырады. Ақша ағымы нарықтық жағдайда пайда болған қарама-қайшылықтарды шешіп, капиталдың саяси экономикалық жағдайын қамтамасыз етеді.
1) Қаржы құрылымының басты тармағы мемлекеттік бюджет болып табылады. Ол үкімет қарамағындағы ірі көлемде ортақтандырылған ақша қоры.
Оның көмегімен үкімет халық табысының бір бөлігін өз қолына шоғырландырып, оны қаржы әдісімен бөліп отырады.
Сөйтіп, бюджет қаржы базасының негізі болып мемлекеттің басты бағыты-нарықтық өндірістік қатынастардың сақталуына және өсуіне ықпал етеді.
Ақша ағымының бұл тармағында ірі табыстар шоғырланып, жалпы мемлекеттік шығынның саяси және экономикалық негізін шешіп отырады. Яғни, қаржы институтындағы салықты, ішкі алымдарды, шығындарды байланыстырып, реттеп міндеттерді шешіп, үстемдік топтардың мүддесін қорғайды және монополистік капиталдың бағытын нығайтып, әлеуметтік қарама-қайшылықтарды, таптық күрестің болмауын тежеп отырады.
Мемлекеттік бюджет, сонымен қатар экономикалық өмірге араласа отырып, бюджеттің табысы және шығыны арқылы қоғамдық өндірістің өсуіне ықпал етіп, шаруашылықтың өсуін ынталандырып, қажетті тұтынудың деңгейін ұстап тұруға және оны іске асыруға арналған.
Бюджеттік әдісті пайдалану, оның экономикаға әсер етуінің бір түрі болып табылады, өсіп отырған өндіргіш күшке ғылыми -техникалық революцияға, өндірісті капиталистік әдіспен оңтайландырғыштық, халықаралық жағдайларға ықпал ету болып табылады.
Мемлекеттік бюджет өз жағдайында ақшаның ағымының басқа тармақтарымен тығыз байланыста болады. Ол үйлестіру орталығы болып, нарықтық экономиканың тұрақсыз жағдайында оған қажетті көмек беріп отырады. Ол көмектің түрі бюджеттік субсидия, несие, басқа қаржы тармақтарының азды-көпті өсуіне, оған міндеттелген мақсаттарды шешуді кепілмен қамтамасыз ету.
2) Ақша ағымның екінші маңызды бөлігі жергілікті қаржы болып табылады.
Өндіргіш күштің өсуі, ғылыми-техникалық прогрестің дамуы, әлеуметтік-экономикалық қарама-қайшылықтардың шығуы кезінде, мемлекетте жергілікті басқару ұйымының ролі мен ықпалы артады.
Жергілікті шаруашылықтың ауқымы өсіп, ол ірі капиталға тәуелді болып, ұлғайып және жергілікті өкіметтің онымен байланысы қиындай түседі.
Осының бәрі жергілікті ағымның маңыздылығын арттырып, қаржы құрылымында оның ролі мен үлес салмағы артады.
Жергілікті қаржы салық топтарын, жергілікті несиені, арнаулы қорларды қамтиды. Осы тармақта негізі орын алатын жергілікті бюджет ол, мемлекеттің бюджеттік құрылымына кірмей, өз бетінше белгілі бір міндет атқарады.
Жергілікті қаржының құрылымдарын, әкімшілік бөлуіне қарай мемлекет анықтайды. Мысалы, жергілікті қаржының құрамына штаттың бюджеті, графствоның бюджеті, муниципалисттердікі, оларға бекітілген шығындар мен табыс көздері кіреді.
ФРГ-де жер бюджеті, ұжымдардың бюджеті. Федеративтік мемлекеттерде АҚШ, ФРГ, Канада жергілікті бюджеттің үлесінде мемлекеттік қаржылық шығындарының 40-50% құрайды.
Унитарлық мемлекеттерде ( Ұлыбритания, Франция, Италия) оның үлесі 30% көлемінде.Жергілікті бюджет, негізінен, орталықтың әлеуметтік саясатын жүзеге асырып, әлеуметтік таптық күрестердің болмауын, олардың мақсаттарын шешіп, қадағалап отырады.
3) Тәуелсіз ақша ағымы мемлекеттік қаржы кәсіпорындарын жасайды. Сөйтіп, экономикада мемлекеттік қаржы пайда болады. Ол екінші дүниежүзілік соғыстан кейін кең жайылып мемлекеттік- монополистік капиталдың дамуына кәдімгідей демеу болады.
Мемлекеттік кәсіпкерлік тарихи, саяси және экономикалық себептерің кең көлемде дамуы Ұлыбританияда, Францияда, Италияда, ФРГ-де, Австрияда болып, мемлекеттік- монополистік капиталдың пайда болуына әсер етті. Мемлекеттік кәсіпорынның қаржысы- қаржы тармағының құрылымы болып, сол арқылы мемлекеттің халықтық табыстың бөлінуіне қатысып, сол кәсіпорынның жұмысшыларымен жасалған үстеме табысты өз қолына алып іске асырады.
Мемлекеттік кәсіпорында өзіне бекітілген негізгі және ақшаның ағымдары болады. Олар тәуелсіз болып, мемлекеттік бюджеттің бір-бірімен қарым-қатынасы заң арқылы жүргізіледі. Кәсіпорынның түріне қарай олардың өндірістік және қаржы тәуелсіздігі әр деңгейде болады.
Мемлекеттік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру
Кәсіпорынның қаржылық айналымдары мен қаржылық ағымдарының экономикалық сипаттамасы
Кәсіпкерлікті қызметті қаржыландыру
Инвестициялық және қаржылық қызметтерге байланысты ақша қаражатының қозғалысын анықтау
Инвестициялық саясат және инвестициялық жобаларды кешенді бағалау
Ақшалай қаражаттар
Ұйымның инвестициялық және инновациялық қызметін талдау
Жұмыссыздықтың мәні, түрлері және себептері.ҚР жұмыссыздықпен күресу шаралары.
ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫ
Нарықтық экономикадағы табыстары
Пәндер