Қожа Ахмет Йассауи



Жоспары:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Қожа Ахмет Йассауидің өміртарихы
1.1. Йассауидың ақындық мектебі
2. Әмір Темір дәуірінде жүргізілген құрылыстар
2.1. Қожа Ахмет Йассауи кесенесі
2.2. Арыстан баб кесенесі
3. Ақынның рухани мұрасы мен ілімі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Кіріспе

Қазақты ежелгі даласындағы түркі тілді мәдениеттің терең де астарлы тарихына үңілетін болсақ, онда әлемдік мәдениетке өзіндік үлесін қосатын талай мәдени мұраның қорына тап боламыз. Тек осы рухани байлықты төкпей-шашпай, келесі ұрпақ барлық қадірін түсірмей жеткізе білу қазіргі заманның зерделі қауымының тарихи міндеті екенін атап өту керек. Мемлекетіміздің осы руханилыққа толы игілікті істі қолға алып, ғалымдарыдың, зерттеушілердің көмегімен үлкен бағдарламаны жүзеге асырамыз деген талабы болашақты ойлаудан туындаған сәтті қадмдардың қатарына жатады. Орта ғасырлардағы түркі тайпаларында тараған мәдениеттің негізгі сипаттамасын көбінесе дәстүрлі қоғамның мәдениетіне жатқызу ғылыми зерттеулерде кеңінен орын алады.
Кез келген мәдениеттің тамыры тарихи қойнауына тереңдеп кетеді. Сондақтан өткен ұрпақтың рухани мұрасын игеру, тарихи жадыны қалпына келтіру еліміздің гүлденуіне, қоғамның рухани дамуына мол мүкіндік береді. Осы тұрғыдан алғанда қазақ тарихының түркілік кезеңіндегі інжу-маржандарға жататын дүниелерді түгендеп, оларға философиялық пайымдаулар жасай түссек, онда рухани байлығымыз толыса түседі.
Ортағасырлық түркі тілді ойшылдар өздерінің дүниетанымын өрнектегенде кейінгі ұрпаққа әрбір сөзінің мағынасы жететіндігін толық түсінген іспетті. Сондықтан көбінесе өлең жолдарымен айтылған философиялық тұжырымдар бірте-бірте терең ойлы ментальдік құрылымға айналған, халықтың этникалық санасының деңгейін көтергенін байқаймыз[9].
Мәдинада - Мұхаммед, Түркістанда - Қожа Ахмет атанған осынау ұлы тұлға, заманалардың заңғар биігі, ғаламдық ғұлама, ақылман жырдың жүйрігі жайында Қазан төңкерісінен кейінгі уақытта қазақ жұрты жарытып ешнәрсе біле алмай келді. Ата тегіне қарай өзін алыстатты. Бірақ бұрынғы ата - бабаларымыз бен әжелеріміз, күні кешеге дейін көзі ашық, көңілі ояу әкелеріміз бен ағаларымыз оның есімін де, жырын да жатқа білгені анық. Өйткені бабамыздың туған жері - Оңтүстік Қазақстандағы Сайрам қаласы, ал өскен және ғылым мен ақындық аспанына көтерілген топырағы - Түркістан шаһары. Ол қазақ жерінің төл перзенті, бертінде халқымыздың қалыптастырған тайпалар мен ұлыстардың бірінен тараған ұлық атаның ұлы еді.
Қожа Ахмет Иассауи - заманының бар шындығын ашып айтқан, әділдік пен адамгершілік мұраттарын аңсаған және уағыздаған, халықты имандылық пен қайырымдылыққа шақырған. Ақиқат жолын іздеген және оны таба білген данагөй, бәтуалы, батагөй ақын. Ахмет Йассауидің уағыздаушы және ақын ретінде атағы кең жайылып, оның Диуани Хикмат (Даналық жайындағы кітап) атты діни өлеңдер жинағы көне түркі тілінде жазылғандықтан, жергілікті халыққа түсініктілігі арқасында талай мәрте қайта көшіріліп, бірнеше рет басылған. Бұл - әлемдік рухани қазынаға қосылған мұра. Ол өзінің бұл туындысын Дәптер сәни деп те атапты. Бұл - Екінші дәптер деген сөз. Осыған қарағанда ұлы ойшыл ақынның бұған дейін де жазылған осы тектес туындысы болса керек. Хикметтер арқылы Алланың ақ жолын - Ақиқат жолын айтып беруді, ұғындыруды мақсат еткен. Кемеңгер бабамыз бұл жинағында өз уақытының шындығымен қоса өз өмірінің бүкіл болмысын, ғұмырлық тәжірибесін, ізденістері мен құлшыныстарын, Алланың ақ жолын - Ақиқат жолын табу мен тану үшін не істеу керектігін өлеңдік өрнекпен, ғұламалық тереңдікпен, шын мұсылмандық ұғыммен жырлап отырған[1].
Сопылық иддеяларын уағыздап, өзі де оны берік ұстана отырып, жоқшылықта өмір сүреді. Сондықтан да, оны жергілікті халық Әзірет Сұлтан деп атап кетеді. Әзірет Сұлтан кесенесі талай ғасырдан бері мұсылманшылықтың алтын бесігі болып келеді. Оны бүкіл қазақ жұрты, түркі әлемі ерекше қасиет тұтады. Бұл ғажайып ғимарат Әулиелердің Сұлтаны Құл Қожа Ахмет Ясауиге зор құрмет ретінде, оған деген халықтың шексіз сүйіспеншілігіне орай, Әмір Темірдің бұйрығымен салынған.
Түркі әлемінің рухани орталығы Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауидің кесенесі Орта Азия мен Қазақстандағы теңдесіз тарихи жәдігер. Бұл ғажайып сәулет өнерінің туындысы өз бойына ертеден келе жатқан жергілікті және Шығыс мұсылман құрылыс тәжірибесін жинақтаған бірегей ғимарат.
Қожа Ахмет Йассауидің рухани мұрасы мен ілімі өз заманында - ақ халықтың ерекше ілтипатында болған, Әулиелер Сұлтаны атанған, кейінгі ұрпақтың да руханият әлеміндегі бағдарын айқыдауға жетекші рөл атқарған Йассауи артын баға жетпес байлық, өшпес мұра қалдырып кеткені белгілі. Әулиенің ізіне ерген шәкірттері Түркістан атырабынан асып, оның ілімін төрткүл дүниеге мәшһүр етті.
Қожа Ахмет Йассауи әлемі - тылсымы көп дүние. Қазақ халқының тұтастығы Йассауи сілтеген татулық, мейірімділік жолынан бастау керек. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Түркістаннан тараған аса қуатты рухани сәулемен нұрланған Қожа Ахмет Йассауи Орталық Азиядағы оның ішінде Қазақстанда да, барлық түркі халықтарының ұлттық рухани ілім жүйесін өрнектеп берді. Йассауидің ұстазы Арыстан Бабтың кесенесі мен Қожа Ахмет Йассауи кесенелері - қазақтардың ұлттық руханиятының аса маңызды орталықтары деуі Әзірет Сұлтанның рухани тұлғасын айқындай түседі[2].

Негізгі бөлім

Қожа Ахмет Йассауидің өміртарихы

Бисмиллаһ деп сөзді бастап, хикмет айтып,
Шәкірттерге дүррі гауһар шаштым міне.
Тақуалық жолан тұтып, қайғы жұтып,
Дәптер сәни беттерін аштым мен

Ахмет Йассауидің туған жері - қазіргі Қазақстандағы Сайрам қаласы. Бұл қала Қарасу, Ақсу аталатын өзендер бойындағы өңірде орналасқан. Ахмет Йассауидің дәл қай жылы туғаны анық белгілі болмасада, һіжра жыл санауының 5-ші ғасырының орта тұсының тура келеді. Ахметтің әкесі Шейх ибраһим - Сайрамның ең беделді адамдарының бірінен саналған. Ол осындағы және бір үлкен бедел иесі Муса шейхтің Айша атты бір қыз бен Ахмет есімді ұл бала дүниеге келген. Бұл екеуі аналарынан жастай жетім қалған. Әкелерінен де ерте айрылған. Ибраһим дүниеден өткен кезде Ахмет небәрі алты-жеті жас шамасында екен. Ол әуелінде апасының қолында тәрбиеленеді.
Молла Муса ибн Молла Иса Сайрами деген кісінің Тарихи әмния деген кітабындағы деректерге сүйеніп, иассауидің атасы Ілияс баб Ханафия ұрпағынан тарайтынын айтады. Арыстан баб та Иассауидің әкесі Шейх Ибраһимнің бауыры. Сайрамда осы ұрпаққа жататын басқа да көп адам болған дейді. Апасына еріп Йассы қаласына келіп тұрақталған Ахмет осында оны алыстан арнайы іздеп келген Арыстан баба атты белгілі түркі шейхының жылы көңілі мен ұстаздық өнегесінің шуағына бөлінеді. Бірақ Арыстан баба да Ахметтің тым жас шағында дүниеден өтеді. Ахмет алғашқы оқу жылдарын Йассыда өткізген, содан соң білімін жетілдіру мақсатымен Ислам дінінің орталығы ретінде даңқы жайыла бастаған Бұхара шаһарына барған, онда аса білімдар ғұлама Қожа Йусуф Хамаданидан дәріс алып, өнеге үйренгені тарихтан мәлім.
Ислам дінінде негізгі төрт мәзһаб бары белгілі. Соның бірі - Имам Ағзам мәзһабы. Йусуф Хамадани осы Имам Ағзам жолын берік ұстанған діндар ғұлама. Ол өзінің шәкірттеріне Ислам дінінің тәртіп-шарттарын қатаң сақтауды тапсырған, дін тазалығын өсиет еткен. Бүкіл мінез-құлқы, ілім-білімі өзіне ұнаған, үмітін ақтайтынына сенген үш шәкіртін халфелікке яғни өзінің орынбасарлығына тағайындаған. Йусуф Хамадани қайтыс болғаннан кейін халфелік міндетті Қожа Ахмет атқарған. Бірақ ол бұл орында ұзақ отырмапты. Туған жеріне тезірек оралғысы келген Ахмет Халфелікті Абдул Халық Гиждуаниге табыстап, өзі Йассыға қарай жол тартады.
Қожа Ахмет мұнда келісімен өзіне жүктелген міндетті - Ислам жолын уағыздап, халықты дінге тарту, ұстаздық ету қызметін атқаруға қызу кірісіп кетеді. Йусуф Хамаданидай ақ сүйек, пәк жүрек, жаны нәзік, қаны таза ұстаз өнегесі бойына дарыған, жастайынан тазалық рухында тәрбиеленген Қожа Ахметтің төңірегінде топтасқан шәкірттері мен мүридтері де өзгеше болса керек-ті. Ахмет Йассауи Сырдария мен Ташкент өңірлерінде, тіпті бозқырларында уағыз жүргізді. Бұл кезде оның төңірегінде Бұқара мен Самарқандтағыдай, Хорасан шаһарларындағыдай фарсы тілі мен әдебиетіне ден қоюшылар ғана емес, Ислам дініне біржола бет бұрған, көңілдері таза түркілер топтасып үлгіреді. Ахмет өзі де жақсы білетін араб ғылымы мен Фарсы әдебиетіне қоса, түркі тілінде жазылған және айтылатын жәдігерлерге ықылас аударып, бітіндей зейін қояды. Өзінің діни уағызын да туған түркі тілінде жүргізу қажеттігіне көз жетеді. Араб, фарсы тілдерін білмейтіндерге діни - сопылық дәрістерді түсіндіруге түркілердің халық әдебиеті үлгілеріне сүйенеді. Өзінің нақыл сөздері мен өлең - жырларын да түркі тілінде жазуды бастайды[1]. Оның мистикалық - софылық ойы Бұқарға, Мербіге шәкірттері арқылы тарай бастайды. Қалың көпті ашса - алақанында, жұмса - жұдырығында ұстап отырған ел билеушілер, қыруар қазына иеленіп отырған саудагерлер, биік сарайлар салып, сонда сән - салтанатпен өмір кешкен дәулеттілер мен байлардың құлағы мұны естігенде елең ете қалып: Бұл қайдан шыққан ой, кімнен шыққан сөз?, - деп секем алады. Мұны айтушыны аластау қажет деген қорытындыға келеді. Ахмед Ибрагим баласы, Бұқар медресесінің ұстазы, басшысы жан - жақты қуғынға түседі. Ең алдымен медресе басшылығынан, артынша ұстаздығынан айырылады.
Ол шындық іздеп, өзінің ойына дәлел таппақ боп Мекке барады. Ерекше ештеңеге көзі жеткен жоқ. Ахмет өз ойына дәлел де, айғақ та таба алмады. Бірақ ол Ахмет деген жай атына Қажы деген жамау жалғап: алдымен Қажы Ахмет, келе - келе Қожа Ахмед атанып кетті.
Міне, көп нәрседен көңілі суып, шындыққа көзі жете бастаған Қожа Ахмет қойын дәптеріне үңіліп, енді өзінің атақты Хикматын жаза бастайды. Бәрі - бәрі өзінің софылық көзқарасын уағыздайтын бәйіт - өлеңдер шығарды. Жолай Бұқарға қайта соғып, ескі достар арасында өзінің бұрынғы ойынан, софылық идеясынан қайтпағандығын танытататын бәйіт - өлеңдерін оқиды, оның елге таралуын көздеді. Бұл кезде бұрынға ұстаз, енді Құдайдың үйін көріп қайтқан Қожа Ахмет қуғынға қайта түсті. Көздің жасымен, жүректің қанымен жаңа жырлар жазылады. Жыла Ахмед, жылай бер, жасыңды төк, шығар биік, жетер шың, мен баспаған жер қайда бар? Бара алмадым, жетем деп жете алмадым. Бәрібір айналсоқтап кете алмадым, - деп өкінді ол, - Төңірегін надан болғанда білімділік у екен...
Ахмед күндердің күнінде туған жер, өскен ел - Исхиджап қаласына қайта оралады. Дүние - мүлік, ақша - дәулет, байлық мұнда болған жоқ. Аса таяғы - ақ шыбықты сүйеу қып, Хикматын қолтығына тығып, сонау Бұқардан шыққан керуенге жаяу ілесіп, ол Исхиджапқа келген. Бұл кезде әкесі Ибраһим де, шешесі Қарашаш та дүние салған. Бұл солар тұрған, өзінің кіндік қаны тамған үйге келіп, бәйіт - өлең сазымен, әке - шешесін жоқтап ұзақ уақыт жылады. Өзін - өзі жұбатты. Бәрін бәйітпен, өлеңмен айтты.
Сол шақта Исхиджап - Ақсу өзені бойындағы үлкен қалалардың бірі еді. Ақсу Арысқа құяды. Арыс Сырдарияға қосылады. Бұл жер Талас өзені мен Сырдария ортасындағы бай - бақшалы әсем жер еді.
Солтүстік Жібек жолының үстінде жатқан сауда қаласы Исхиджап халқы,өткінші керуендер ғалым - ақынға онша көңіл аудармады. Дүние, табыс, алтын - күміс, жібек, жүн, түбіт қызығына түскен, ерсілі - қарсылы ағылған халық оның бәйіт - өлеңіне көңіл қойған жоқ[2].
Ахмет Йссауи жасы алпыс үшке толған шағында тереңдігі үш аршын келерлік хилуат - жәй жасатып, күні - түні соның ішінде жатып алады. Тек Хикметтер жинағында ғана жер астына жайғасуының, дүние қызығынан безінуінің себебі мен жәй - жапсары софылық сарын әуенімен ұзақ - ұзақ баяндалады. Төңірегін қаумаланған мүридтеріне, жалпы халық Тариқат пен Ақиқат жолдарын тәптіштей ұғындырады[1]
Ол қылуетте, өзіне - өзі салған жер абақтысында он жыл жатты. Ел оған тамағы мен сусынын әкеп тұрды. Сөйтіп, Қожа Ахмет жер астында 10 жатып, 73 жасында, шамасы 1167 жылдары дүние салды. Оны бүтін ел болып, Яссы тұрғандары қастерлеп, сол қылует тұрған жерге жерленді[2]

Йассауидың ақындық мектебі

Қожа Ахмет Йассауи шығармашылығы - түркі халықтарының әдебиет тарихындағы бірегей құбылыстардың бірі. Ақын негізін салған хикмет жанры Орта Азиядағы түркі халықтары діни поэзиясының бастауы әрі негізгі жанры болып табылады. Түркі тілді діни поэзияның мазмұнын сопылық поэзия құрайтындықтан, тек Йассауийа жолының ғана емес, өз кезегінде нақшбандийа тарикатының түркі тілді өкілдері де хикмет жанрымен жырлауды үрдіс еткен. Діни бағыттың бүкіл ортағасырлық поэзиядағы басты бағыты болып саналатыны, ал түрік халықтарының лирикалық поэзиясы сопылық поэзия негізінде туындағаны (А.Бомбачи) белгілі. Әлішер Науаниге дейінгі Орта Азиядағы ақындық мектеп - Қожа Ахмет Йассауи мектебі болғандығын өз кезегінде көрнекті ғалым Ә.Қоңыратбаев атап көрсеткен болатын.
Түркі халықтары әдебиетінің сан ғасырлық тарихын көктей өтіп жатқан хикмет дәстүрі - түркі сопылық поэзиясына ғана тән ерен құбылыс. Аталмыш өміршең үрдіс әр өлкеде әртүрлі атпен танылып, түркілер мекен еткен аймақтардың бәрінде дерлік таралды. Орта Азияда - хикмет, Анадолыда - илаһи, Бекташийа жамағатында - нефес деп аталып, ортағасырлық түрк әдебиетінің дамуында ерекше роль атқарған біршама түрлі өзгерістерге ұшырғанымен, негізгі тіні бүгінге дейін үзіліссіз ұласып келе жатқан дара деуге болады
Қожа Ахмет Йассауидің ақындық мектебінің даму үрдісінде екі сала құбылысы байқалады. Біріншісі - төл әдебиетіміздің, барша түркі халықтары әдебиетінің өн бойында көрініс тапқан сопылық сарын. Ислам өркениетімен біте қайнасқалы бері туындаған ауызша-жазбаша әдеби мұраларымыздың барлығында дерлік осы тақырып орын алған. Екінші сала - Қожа Ахмет Йассауи негізін салған хикмет жанрын дамытып, ұстаз ақын үлгісімен жырлаған шәкірттер шығармашылығынан тұратын хикметші ақындар мектебі. Бұл мектеп өкілдеріне белгілі бір дәрежеде кәсіби біліктілік тән. Кейбірі ежелгі дәуір әдебиетіне, кейі шағатай әдебиетіне телініп, жүйелі зерттелуін таппаған шығармашылық иелері де осы хикмет жанрында жырлаған ақындар болып табылады.
Йассауидің ақындақ мектебінің ең көрнекті өкілі - Сүлеймен Бақырғани (Хакім ата). Едәуір бөлігі С.Бақырғани қаламына тиесілі хикметтер болып табылатын Бақырғани кітабы - Диуани хикмет секілді бертініректе құрастырылып, XVIIIғасырға дейін толықтырумен келген, хикмет жанрында жазылған көптеген шығармаларды қамтыған жинақ. Құл Сүлеймен хикметтері мазмұны жағынан да, өлең құрылысы жөнінен де көп ретте Йассауи туындыларына ұқсас болып келеді. Құл Сүлеймен өз хикметтерінің негізгі өлшемі ретінде ұстазы қолданған 12 буынды, төрт тармақты құрылымды таңдаған. Діни қисса - дастандарды өнімді жырлауымен де Сүлеймен Бақырғани Йассауи қалыптастырған үлгіні дамытты. Йассауи хикметтерінде негізі қаланған тағы бір дәстүр - Құран аяттарынан, пайғамбар хадистерінен үзінді келтіріп отыру тәжірибесі де Бақырғани назарынан тыс қалмаған. Тұтастай алғанды Йассауи хикметтерінде психологизм терең болса, Бақырғани туындыларында дидактизм басымырақ. Ақынның ғибратқа толы қисса-дастан жанрына жиі қалам тартуына да осы насихат сарынына бейімділігі әсер есте керек. Пішіндік тұрғыдағы С.Бақырғани жаңалығы - түркі жазба әдебиетіндегі айтыс үлгілерінде бұрын-сонды қолданылмаған өлшеммен - аааб ұйқасына құралған 12 буынды төрт тармақты үлгімен Рух пен нәпсі айтысын жазып қалдыруы болып табылады.
Хикмет жанрында қалам тартқан екінші бір автор рухани сабақтастық шежіресі Қожа Ахмет Йассауидің өзінен бастау алатын Камалиддин Иқани былап табылады. Хикмет дәстүрімен жырлаған ақындар шығармашылығын тілдік тұрғыдан зерттеген А.Боровков ортағасырлық автор Муфти Зинда Алидің Самарат әл-машаих атты еңбегіне сүйене отырып, Иқанидің рухани ұстаздары жайлы бірқатар мәлімет береді. Иқани хикметтерінде лиризмнен гөрі дидактизм айқын басым. Тілі өзге хикметшілерге қарағанда анғұрлым жеңіл, Йассауидің Көздің жасы, жүректің қанымен жырлаған жан сезімдерін Иқани парасатпен көмкеріп жеткізген.
Йассауи орнықтырған редиф-ұйқастар мен редиф-тармақтар хикмет жанрын дамытқан өзге авторлармен қатар Иқани поэзиясында да айрықша жиі қолданылған. Синтаксистік құрылымы ұқсас жолдардың біркелкі аяқталуы әлсіз ұйқас түзетіндіктен, бірқатар тармақтары өзара үйлесіп келген хикметті транскрипциялаушылар төрттармақ түрінде қабылдаған тәрізді.
Шағатай әдебиетінің біршама қалыптасқан кезеңінде дүниеге келген Құл Убайди хикметтерінің көркемдік қолданыстары мен бейнелік жүйесінде өзіне дейінгі хикметші ақындармен салыстырғанда едәуір өзгерістер байқалады. Автордың парсы поэзиясының әсері аңғарылатын қолданыстары бертінгі шағатай әдебиетінде кеңінен дамытылған. Далалық дәстүрден де іргесі ажырай қоймаған Убайди хикметтерінде, сондай-ақ, жыраулық поэзия ықпалы да біршама сезіледі. Өлең жолдарында тақырыптық-сарындық аясы, теңеулік табиғаты, көркемдік әдістері, құрылымдық ерекшеліктері жөнінен жыраулық үрдіспен ұштасады.
Қазан хандығы тұсында өмір сүрген көрнекті шайыр, мемлекет қайраткері Құл Шариф (Мұхаммед Шариф) хикметтері жоғарыда айтылған басқа да авторлар туындыларына тән тақырыптық-мазмұндық ерекшеліктерді түгелдей дерлік қамтиды. Тілі және белсенді сөздік қоры жөнінен Йассауи дәуіріндегі шығармалардан айтарлықтай ажыратыла бермейді. Өлең құрылысы анағұрлым жатығып, ширай түскен. Башың көтәр ғафлатдин хикметі 14 буынды тармақтар түрінде берілгенімен, ішқі ұйқасы мен бунақ ырғағы тұрақты сақталғандықтан, абвб гггб ддб түріндегі төрттармақ өлеңдер ретінде қабылдауға болады. Аталған ұйқас түрінің жазба әдебиетімізде ең алғаш Йассауи хикметтері арқылы орныққаны белгілі.[6]

Әмір Темір дәуірінде жүргізілген құрылыстар

Темірдің тұсында салынған көптеген құрылыстарды саралап қарағанда XIV-XV ғасырлардағы сәулетшілердің ІХ-ХІІІ ғасырларда пайда болған және іс жүзінде қолданылған архитектуралық формаларды тұрғызу әдістерін әлі де болса қолданып келгендігін көруге болады.
Монғол дәуіріне дейінгі мәдениеттің өркен жаюы архитектура мен қолөнерден де көрініс табады. Сыртына түрлі жыланкөз жалатылған керамикалық бұйамдар өндірісі қанат жая бастайды. Көпшілік құрылыстарға құйма кірпіштер мен пахсамен қатар терракоталық және тыстама тақталар кеңінен қолданылады. Монғол дәуіріне дейінгі озық ескерткіштер қатарында Бұхарадағы Исмаил Самани мавзолейін, Жамбыл қаласы маңындағы Айша бибі, Бабаджа қатын мавзолейлерін, Рабат - Мәлік қорғаныстық керуен - сарайын, Бұхара мен Бабакенттегі мұнараларды, Санжар сұлтанның Мервтегі күмбезді мавзолейін атауға болады.
Қала тұрмысына монғолдар шапқыншылығы келтірген қисапсыз зиянға қарамастан, Орта Азия мен Қазақстан территориясындағы мәдени өмір тоқырап қалған жоқ. Керісінше, бір орталыққа бағындырылған мемлекеттер жағдайында ХІІІ-ХІV ғасырларда архитектура одан әрі өрістей түсуіне қолайлы мүмкініктер туды. Қазақстан территориясындағы порталдық - күмбездің мавзолейлер түрлері дамыды. Бұл кезеңдегі ескерткіштер ірілігімен, асқан шеберлігімен көзге түседі. Сәулетшілер күйдірілген кірпішті құрылыс сапасы мен сәнін арттыруға мейлінше тиімді пайдалану жолдарын талмай іздестіреді, кең қанатты залдардың төбесін жабудың күрделі жүйелері жасалады.
Кесене құрылысы жайлы Шериф ад-дин былай деп жазады: Әзірбайжан, Парсы, Үнді және т.б. елдерден әкелінген 200-ге жуық тас қалаушылар жұмыс істеп, тауда 500 адам тас өндірді. Тасты жеткізуге Үндіден әкелінген 95 піл пайдаланылды. Құрылыс барысына жиі қатысқан Темір жұмыс сапасына көңілі толмаған жағдайда кінәлілерді қатаң жазалап отырды. Темір заманында Қожа Ахмет Ясауи кесенесі сияқты құрылыс жоқтың қасы еді. Кесененің әрбір кірпіші қолдан жасалып, сапасы өте жоғары болды. Жол шығыны есептелместен оның шикізаты жүздеген километрден жеткізілді. Халық арасында мынадай да аңыз сақталған. Темір Ауғаныстан мен Иран елінен биелер әкелдіріп, олардың сүтімен батпақ илеуді бұйырған. Мықтылық үшін баптаққа құс жұмыртқасын да қосқан деп айтылады. Ұсталар өз ісінің сапалылығына өз бастарымен жауап берген. Кесененің кіре берісінің биіктігі ұнамаған Темір оны тұрғызған шеберлер Махмуда-Давуд пен оның жолдасы Мухаммед-Джелданы өлім жазасына бұйырып, мешіттің осы бөлігін түгелімен қайта тұрғызуды тапсырды.
Кесене құрылысына пайдаланылған құрылыс матералдарын дайындау жолдары да қызықты. Кесене кірпіштерін дайындаудың ерекше технологиясы болды. Бірінші кезекте өсімдік тамыры мен сабақтары жоқ, тазаланған алаңға шұңқыр қазылып, пайдаланған топыраққа су құйып кетпенмен араластырып, аяқпен езген. Лай бетіндегі суды жиі жаңартып, топырақ құрамындағы тұзды әбден шайған. Соңғы сатысында кірпіштің жарылуына жол бермеу мақсатында дайын массаға майдаланған сабан, аттың жалы, жүн, қамыс үпелектері, тауық жұмыртқасы мен май қосылған. Дайын балшықты қыстай жатқызып, көктем басталысымен кірпіш құю әрекеті басталған.
Жұмыс алаңында қызу қарқынды қарбалас басталған. Шеберлердің қатаң бақылауы мен дайындау технологиясы сақталған. Бір топ жұмыскерлер ағаш қалыпқа дайын лайды құйып, артығын алып, беті тегіс болуы үшін алақанымен тегістеп жатса, екінші топ шикі кірпіштерді дайындалған алаңқайға жинаумен айналысып жатты. Тәжірибелілері батпақты алақанмен ұра отырып тегістеп, пышақпен қажетті өлшемдегі формаларды құюмен айналысса, кейбірі кепкен кірпіш беттеріне түрлі бейнелер мен ою-өрнек бөлшектерін салды. Бұлар негізінен салмағы 7 кг жететін, қалыңдығы 5-6 см, өлшемі 24-тен 46 см-ға дейінгі төртбұрышты плиталар. Бүгінгі күндері көптеген кірпіш беттерінен алақан мен саусақ іздерін айқын көруге болады. Кептірілген кірпіштерді төңкерілген қазан бейнесіндегі аузы үстіне қараған арнайы пеште күйдірген. Пешке арнайы отын пайдаланған. Аңыздарда тамырымен қоса алынып жағылған ағаш жанған кезде 1000-1100 С қызу берген деп айтылады. Кейбір әңгімелерде қаланған шикі кірпіштер бірнеше күн бойы құрғақ ағашпен күйдірілген деп те айтылады. Кірпіш отта қайнаған кезде құрамындағы қоспалар күйіп, бойына ылғалды тартып кірпіш ішінде қуыстар пайда болып, оның жеңілділігі мен төзімділігі арта түскен.[8]

Қожа Ахмет Йассауи кесенесі

Кесененің тұрғызылуы жөнінде халық аузында аңыз бар. Онда салынып жатқан кесенені бір көк өгіз келіп, қайта-қайта қирата береді. Мұның себебін түсінбей, мән-жайды білмей жүрген кезде әмір Темір түс көреді. Түсінде Ясауи бірінші ұстазы Арыстан бапқа, сонан соң ғана өзіне кесене тұрғызуға аян береді. Осылайша кең дала төсінде, үлкен жол жанында ғажайып зәулім архитектуралық ансамбль пайда болады. Содан бері Қожа Ахмет Ясауи мен оның ұстазы Арыстанбап басына мінәжат етушілер толассыз ағылып жатыр.
Бүкіл Орта Азияға билігін жүргізген Темірдің зор көлемді құрылыс ісін алуы монументтәк сән - салтанат стилінің туындауына себепші болды. Көп порталды, биік күмбезді, түрлі - түсті жыланкөз мозаикамен әдемі айшықталған зәулім ғимараттар әкім абыройын аспандатып, ол құрған әскери - феодалдық мемлекеттің ұлылығын паш ететін.[3]
Өткен дәуірлерде құрылыс саласында қол жеткен табыстардың көпшілігін өз бойына жинақтаған осындай ғимараттардың бірі - Түркістан қаласындағы біздің заманымызға дейін жақсы сақталып қалған Қожа Ахмет Йассауи мавзолейі. Ол 1166-1167 жылдардың бірінде дүние салды, халықтың аса көп жиылуымен өзіне арнап соғылған кішкене мавзолейге жерленген. Кейін бұл мавзолей мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орнына айналды.[8]
Қожа Ахмет Йассауи мавзодейінің қасиетті орын ретінде атағы жайылуына ХІV ғасырдың 30-жылдарындағы монғол шапқыншылығы қатты күйретіп кетуі, Сыр бойы қалаларының, әсіресе Түркістан қаласының гүлденуі ықпал етті.
1389, 1391, 1394 және 1395 жылдардағ қантөгіс ұрыстарда Темір Алтын Орданың өктемдігін жойып, астанасы - Сарай - Беркені өртеп жібереді. Міне, осы жеңістің құрметіне Қожа Ахмет Йассауидің сол кезедегі тозығы жеткені ескі мавзолейді жаңа, зор мемориалдық комплексқа айналдыруды ұйғарады. Деректерге қарасақ, ХІІ ғасырда салынған мавзолейді арала көрген Темір мұны бұзып, орнына жаңасын салуға әмір етеді. Темірдің ұсақ - түйекке дейін есептеп барып берген нұсқауында мавзолейдің негіздері алдын ала анықталып көрсетілген. Жамағатхана күмбезінің 41 кезге, ал аналысы 130 кезге жетуі қажет болатын. Бас фасады қос мұнарлы биік порталмен көкерілуі керек еді. Пештақтың мұнараларға дейінгі ені - 60 кезге, пештақ арқасының биіктігі 30 кезге жетуі қажет болатын. Бұдан әрі қабырғаларының ұзындығы - 30 кезге тең, бірнше металдың қоспасынан құйылған қазан орнатылатын төрт бұрышты, күмбезді бөлме - жамағатқана орналаспақ еді. Оған қабырғалары 12 кезге тең, әр қабырғасында төрт қуысы бар, төбесі қосарлы күмбезбен көмкерілген төрт бұрышты бөлме - көрхана жайғасуы керек-тін. Бұл бөлменің еденіне тавриз мәрмәрі төселуі керек еді. Көрхананың оң және сол жағынан көлемі 16,5x13,5 кез бөлмелер салынуы қажет болатын. Бұлардан да басқа бөлмелер бщлуға тиіс тұғын. Олардың күмбездері мен қабырғалары шыны таспен қапталып, қабір қоршауы тастан қашалуы қажет-ті.
Құрылысты жүргізуді Темір өз дуанында игілікті істермен шұғылданатын Мәулен Убадуйлла Садырға жүктеді. Мавзолейді салу жедел қолға алынып, сол заманғы деңгейден қарағанда, аса қарқынды жүргізілді. Негізгі және қосалқы бөлмелерді салу кезенінде құрылысшылар қолдарындағы архитектуралық сызбалар мен ғимарат жобаларына сүйеніп отырды. Архитектуралық көлемдер мен олардың бөлшектерінің асқан шеберлікпен салғандығының себебін тек осылай ғана түсіндіруге болады. Темірдің болашақ мавзолей жобасын жасауға тікелей қатысып, құрылысшыларға нақтылы нұсқау бергендігін әр түрлі жазба деректер де дәлелдейді.
Жобаны әзірлеу барысында олар белгілі бір модульді пайдаланды, оның жартысы да, ширегі де өлшем ретінде жүре беретін. Сондай - ақ, композициялық негіз етіп алынған модульдік жүйе де қолданылатын. Осы жүйе бойынша архитектуралық көлемдердің мөлшері, ішкі және сыртқы тарамдардың, қуыстардың түрлері, қанаттарының ұзындығы, терезе және есік ойықтарының, арқаларының, қуыстардың, күмбездердің сталактиттердің және т.б. тепе-теңдіктері белгіленіп отыратын. Ғимараттың жеке бөліктерінің жобадағы және кеңістіктегі үйлесімділігі, негізінен алғанда, шаршы келген қабырға ұзындықтарының бас бөлменің көлденеңіне қаншалық сәйкесуіне байланысты белгіленетін.
Осы әдіс Қожа Ахмет Йассауи мавзолейін салу кезінде де кеңінен қолданылды. Жобаны өлшеу нәтижесі мавзолейдің 60,6 сантиметрлік тең қабырғалы модульдік-көлемдік торға дәл келіп тұрғанын көрсетті. Ал 60,6 сантиметр - орта ғасырлық бір кезге тең.
Қытайға қарсы жорығын жүзеге асыра алмаған Темір 1405 жылы ақпанда Отырар шаһарында дүние салды. Ол қайтыс болған соң мавзолей құрылысы тоқтап қалды.
Қожа Ахмет Йассауи комплексі - аса түрлі порталды-күмбезді құрылыс. Оның ені - 46,5 метр, ұзындығы - 65 метр. Ғимараттың орасан зор порталы (ені - 50 метрге жуық, порталдық арқасының ұзындығы - 18,2 метр) және бірнеше күмбезі бар. Оның орталық залының төрінде түрлі мақсатқа арналған 35 бөлме салынған.
Жамағатхана (мұнда қола қазан тұруы себепті қазандық деп аталған) күмбезінің ұшар басына дейін есептелгендегі ғимараттың биіктігі - 37,5 метр. Қазандық бөлмесіне тікелей қомақты пештақ-портал арқасы арқылы өтуге болады. Сыртқы қабырғалардың қалыңдығы - 1,8-2 метр, қазандық қабырғаларының қалыңдығы - 3 метр.
Жалпы тұрқы симметриялы, жеке бөлшектері - ассиметриялы боп келетін бұл зәлім мазар сегіз түрлі бөлмелер тобынан тұрады. Ол порталы оңтүстік шығысқа, ал бүйір беттері тиісінше оңтүстік батыс пен солтүстік шығысқа қарайтын етіп алынған. Келген адам орталық залға бас порталдың сәнді есігі арқылы кіреді. Қазандық Қазақстан мен Орта Азиядағы кірпіштен өрген күмбездердің ішіндегі ең үлкен, диаметрі - 18,3 метрлік күмбез бен көмкерілген. Бұл бөлмеден өткен соң оюмен өрнектелген ағаш есігі арқылы Қожа Ахмет Йассауи жатқан бөлмеге кіруге болады.
Көрханның қос қабат күмбезін кейде Мұхаммед Ханафия порталы деп те атайды. Қазандықтан өзге бөлмелерге қарай қос қатарлы 8 дәліз тарайды. Бұл дәліздер ғимаратты 8 дара блокқа бөледі. Әр блокта архиеткурасы да, пойдаланатын мақсаты да әр қилы бөлмелер бар. Оңтүстік батыс блока мешіт орналасқан, ал оңтүстік шығыс блокта халимхана бар. Халимханада дәстүрлі тағам - халим әзірленетін болған. Халим - бидай мен еттен 20 сағатқа жуық қайталанып пісірілетін тағам.
Өзінің ауқымы жағынан мавзолей Самарқандтағы Бибі ханымның мешітіне,Шахрисябздағы Ақсарай мен Доруссиадат көріханасына тең.
Ахмет Йассауи мавзолейінің прототиптері ретінде біздің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Диуани Хикмет туралы ақпарат
Қожа Ахмет Яссауидің өмірі жайлы
Қожа Ахмет Йассауи ілімі
Қожа Ахмет Йассауи өмірі
Ислам дінінен хабары бар жанға Хикмет тілі өте жеңіл
Қожа Ахмет Йассауи ислам дінін дәріптеуші
Қожа Ахмет Иассауидің туған жері - қазіргі Қазақстандағы Сайрам қаласы
Қожа Ахмет Яссауи өмірбаяны
Қожа Ахмет Яссауи ілімі және сопылықты қазіргі кезде талдау
Қожа Ахмет Йассауидың бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы - Диуани хикмет
Пәндер