Тарих сабағында көркем әдебиеттер және мазмұндаудың түрлерін ашып көрсету



Кіріспе

1. Көркем шығарма . тарихи кезеңнің әдеби дерегі.
1.1. Көркем шығармалармен жұмыс істеу әдістері.
1.2. Басты тарихи деректерді мазмұндау тәсілдері
1.3.Бейнелеу тәсілдері

2. Оқулықпен жұмыс істеудің дағдылары және оны қалыптастырудың жолдары.
2.2 Баланы жаңа технологияға бағыттаудағы ойын түрлері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе

Тарих сабағында көркем әдебиеттер және мазмұндаудың түрлерін ашып көрсету. Көрем әдебиетті оқи отырып өмірді бақылау, тану, үйрену. Пайдаланылатын көркем әдебиет қоғамның даму заңдылықтарын, тарихи тұрғыдан нақты түсінуге терең ұғынуға мүмкіндік береді. Тарих пәні бойынша оқушыларға беретін білім мен тәрбие ісін жетілдіре түсуге игі ықпал жасап, оның сапаларын арттыруға көмектеседі. Тарихи құжаттарға сүйене отырып тарихты оқытуда пайдаланалған көркем әдебиет оқушылардың эстетикалық таным түсінігін жетілдіру мен қатар тарихи мәсәлені образды түрде түсіндіру. Көркем әдебиет қоғамның өмірдегі құбылыстарға ғылыми талдау жасау үшін материал есебінде пайдаланылса қорытындылар мен тұжырымдарды қиыстыру мақсатында түсінікті болу үшін алынған. Әлеуметтік, экономикалық, саяси мәселелерді дәл жеткізіп, оны дәлелдеп, дәйектеу үшін алынған. Тарихи көркем әдебиеттің атқаратын маңызын ерекше бағалап оның тарихпен ұштасып жататын бірлігі ретінде қарастырған.
1. Жұмыстың өзектілігі:
Тарих сабағын жандандыру мақсатында көркем әдебиетті пайдаланудың маңызы мен мақсаты айқындау. Тарих сабағында көркем әдебиетті пайдалануда оқушылардың ой танымы мен білімін пайдалану.
2. Жұмыстың мақсаты:
Тарих сабағында көркем әдебиетті және мазмұндаудың түрлерін ашып көрсету. Сабақ барысында оқулықты қолдану арқылы пәнге деген қызығушылығын пікірсайыс ұйымдастырып, жан – жақты ақпаратын қамтамассыз ету. Ол үшін оқытушы көрнекті ақпаратын қамтамассыз алдын - ала зерттеп, көбейтіп алу қажет
3. Жұмыстың міндеті:
- Мазмұндау әдістерін, түрлерін ашып көрсету.
- Жаңа замандағы жаңа әдістерді де көрсету.
- Ойындарды түсіндіру
4. Тарихнамасы. Курстық жұмысты жазу барысында көркем әдебиет және оқулықпен жұмыс негізге алынды. Сондай – ақ Тұрлығұлов Т Қазақстан тарихының оқыту әдістемесінің кейбір мәселелері, Алтынсариннің таңдамалы педагогикалық мұралары Құрастырған: Қалиев С т.б, Қазақ тарихы журналы 1995 ж №1 т.б әдебиеттер қолданылды. Бабаев Д Қазақ ССР тарихы 8 класқа арналған оқу құралы т.б әдебиеттер қолданылды.
5. Жұмыстың құрылымы: Тақырып екі тараудан, қаралатын мәселелер, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Тұрлығұлов.Т Қазақстан тарихының оқыту әдістемесінің кейбір мәселелері А. Рауан2005ж 92 бет
2. Тұрлығұлов.Т Қазақстан тарихының оқыту әдістемесінің кейбір мәселелері. А. Рауан2005ж 94 бет
3. Қалиев. С Алтынсариннің таңдамалы педагогикалық мұралары. А Рауан 1991ж 21 бет.
4. Асылбеков М. Тарих оқулықтарына әдіс сын болсын Қазақ тарихы1995ж №1 78 бет
5. Әбдіғалиев Қ. Осы заманғы педагогикалық технология. Қазақстан мектебі 2001 №2
6. Әл – Фараби. Философиялық трактаттар. Алматы, Ғылым -1973, 52 бет
7. Тұрлығұлов.Т Қазақстан тарихының оқыту әдістемесінің кейбір мәселелері. А. Рауан2005ж 29 бет
8. Дабаев Д. Қазақ ССР тарихы 8 – класқа арналған оқу құралы. А. Рауан 1990ж 48 бет
9. Бущик Л. П. Очерк развитя школьного исторического образования в СССР. М. Издательство АПН СССР. 1961г 122бет
10. Вагин А.А. Обучения истории в средней школе. М: Проевещение, 1972г 241 бет
11. Вендровская Р.Б. Проблема Наука – учебный предмет в советской дидактике. Советская педагогика. 1985 г 213 бет
12. Бекмаханов Е. Қазақ ССР тарихы VII- VIII кл арналған оқу құралы. А. Мектеп 1967ж 213 ет
13. Воронянская О.В. Жүйелік құрылымдық тәсіл қалай қолданылады. Қазақ тарихы 2001 №3 62 бет

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Тарих сабағында көркем әдебиеттер және мазмұндаудың түрлерін ашып көрсету
Кіріспе
1. Көркем шығарма - тарихи кезеңнің әдеби дерегі.
1.1. Көркем шығармалармен жұмыс істеу әдістері.
1.2. Басты тарихи деректерді мазмұндау тәсілдері
1.3.Бейнелеу тәсілдері

2. Оқулықпен жұмыс істеудің дағдылары және оны қалыптастырудың жолдары.
2.2 Баланы жаңа технологияға бағыттаудағы ойын түрлері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Тарих сабағында көркем әдебиеттер және мазмұндаудың түрлерін ашып көрсету.
Көрем әдебиетті оқи отырып өмірді бақылау, тану, үйрену. Пайдаланылатын
көркем әдебиет қоғамның даму заңдылықтарын, тарихи тұрғыдан нақты түсінуге
терең ұғынуға мүмкіндік береді. Тарих пәні бойынша оқушыларға беретін білім
мен тәрбие ісін жетілдіре түсуге игі ықпал жасап, оның сапаларын арттыруға
көмектеседі. Тарихи құжаттарға сүйене отырып тарихты оқытуда пайдаланалған
көркем әдебиет оқушылардың эстетикалық таным түсінігін жетілдіру мен қатар
тарихи мәсәлені образды түрде түсіндіру. Көркем әдебиет қоғамның өмірдегі
құбылыстарға ғылыми талдау жасау үшін материал есебінде пайдаланылса
қорытындылар мен тұжырымдарды қиыстыру мақсатында түсінікті болу үшін
алынған. Әлеуметтік, экономикалық, саяси мәселелерді дәл жеткізіп, оны
дәлелдеп, дәйектеу үшін алынған. Тарихи көркем әдебиеттің атқаратын маңызын
ерекше бағалап оның тарихпен ұштасып жататын бірлігі ретінде қарастырған.
1. Жұмыстың өзектілігі:
Тарих сабағын жандандыру мақсатында көркем әдебиетті пайдаланудың маңызы
мен мақсаты айқындау. Тарих сабағында көркем әдебиетті пайдалануда
оқушылардың ой танымы мен білімін пайдалану.
2. Жұмыстың мақсаты:
Тарих сабағында көркем әдебиетті және мазмұндаудың түрлерін ашып көрсету.
Сабақ барысында оқулықты қолдану арқылы пәнге деген қызығушылығын
пікірсайыс ұйымдастырып, жан – жақты ақпаратын қамтамассыз ету. Ол үшін
оқытушы көрнекті ақпаратын қамтамассыз алдын - ала зерттеп, көбейтіп
алу қажет
3. Жұмыстың міндеті:
- Мазмұндау әдістерін, түрлерін ашып көрсету.
- Жаңа замандағы жаңа әдістерді де көрсету.
- Ойындарды түсіндіру
4. Тарихнамасы. Курстық жұмысты жазу барысында көркем әдебиет және
оқулықпен жұмыс негізге алынды. Сондай – ақ Тұрлығұлов Т Қазақстан
тарихының оқыту әдістемесінің кейбір мәселелері, Алтынсариннің таңдамалы
педагогикалық мұралары Құрастырған: Қалиев С т.б, Қазақ тарихы журналы
1995 ж №1 т.б әдебиеттер қолданылды. Бабаев Д Қазақ ССР тарихы 8 класқа
арналған оқу құралы т.б әдебиеттер қолданылды.
5. Жұмыстың құрылымы: Тақырып екі тараудан, қаралатын мәселелер, қорытынды
және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

1. Көркем шығарма - тарихи кезеңнің әдеби дерегі.

Тарихшылар өз шығармаларында сан алуан көркем әдістерімен бейнелеу
шеберліктерін, мақал-мәтелдерді, шешендік сөздерді, халық жырларын мен
өлеңдерінің үзінділерін кеңінен қолданды. Көркем әдебиеттің қоғам
өміріндегі түрлі оқиғалар мен әрекеттерді, әлеуметтік қозғалыстарды
бейнелеп, образ арқылы танытуда ғылыммен теңдес түсетін. Әлеуметтік
құбылыстарды сипаттауда көркем әдебиеттегі тиісті оқиғалар мен
кейіпкерлердің әрекеттерін, сөзін, мінезін келтіру арқылы ойын әрі көркем,
әрі ұғынықты етіп жеткізеді. Біз шығармаларда пайдаланылған көркем әдебиет
үзінділері мақсатты түрде алынып отырғанын көреміз.
Н.К.Крупская өзінің М.Горкиймен көбірек кездесеиік деген мақаласында
көркем әдебиетті пайдаланудың маңызын және оны ынталана оқығаны
жөнінде:көркем әдебиетті ермек үшін оқымайды, сол көркем әдебиетті оқи
отырып, өмірді бақылап тануды үйретеді-деп жазды. Біз шығармаларды
пайдаланылған көркем әдебиет үзінділері мақсатты түрде алынып отырғаны
көрінеді. Олардың заңдылықтарына көңіл қойсақ, мына бір ерекшеліктерді
айқын аңғаруға болады:
1. Көркем әдебиет қоғамның өмірдегі құбылыстарға ғылыми талдау жасау үшін
материал есебінде пайдаланылса, қорытындылар мен тұжырымдарды қиыстыру
мақсатында оқушыға түсінікті болу үшін алынған.
2. Әлеуметтік, экономикалық, саяси мәселелерді дәл жеткізіп, оны дәлелдеп
келтіру.
3. Жұмысшы табының мүддесіне опасыздық жасаған екі жүзділерді,
жалтақтушыларды әшкерелеудің құралы ретінде алынған.
4. Әдебиеттің мәдени тарихында алатын орны қоғамның әлеуметтік өмірінде
атқаратын қызметі туралы пікірлері мен ойларын жеткізу үшін келтірілген.
5. Тарихи көркем әдебиеттің атқаратын маңызын ерекше бағалап оның тарихпен
ұштасып жататын бірлігі ретінде қарастырған.
Тарихи мәселелерді терең айқындай түсуде пайдаланылатын көркем әдебиет
қоғамның даму заңдылықтарын тарихи тұрғыдан нақты түсінуге, терең ұғынуға
мүмкіндік береді. Қоғамның дамуына белгілі дәрежеде тиісті ықпалын жасап
отырған. Сондықтан әдебиеттің: оқушылардың көркемдік этикалық танымын
дамытады, оның жетілуіне ықпал етеді, Демек, көркем әдебиеттің
тәрбиелік рөлі сонда, ол тарихи шындықты көре білуге, таптық
езгіні мейлінше жек көруге, өзінің азаттығы үшін күресуші халықтың
ерлік істеріне сүйсіне қарауға үйетеді. Тарихи құжаттарға сүйене
отырып тарихты оқытуда орынды пайдаланылған тарихи көркем әдебиет
оқушылардың эстетикалық таным түсінігін жетілдірумен қатар, тарихи
мәселені образды түрде терең түсінуде мүмкіндігін арттырады. Тарихты
оқыту барысында әдебиеттерден келтірілген идеялық ұстанымды
көркемдік жағынан бейне үзінділермен суреттер оқушыларға терең бәләм
беріп, идеялық жағынан шынықтырып, моралдық сапаларының жоғары
болуына көмектеседі. Бұл бір жағынан әдеби саласына қойып отврған
талаптарын жүзеге асырудың көрінісі, екінші жағынан тарихи көркем
әдебиет саласында қол жеткен тобын жүзеге асыру және оның
игіліні пайдалану жолы болып табылады. Мұның өзі тарих пәні
бойыынша оқушыларға берілетін білім мен тәрбие ісін жетілдіре түсуге
ықпал жасап. Оның спаларын арттыруға көмектеседі.
Көнекті ағартушылармен педагогтар білім берудегі атрих пен
әдебиеттің байланыстары туралы айтып өткен. В.Г. Белинский қоғамның
тарихи дамуының негізгі мәселесін шешуге ұмтылып, оның заңдылықтары
туралы айтады. В.Г. Белинский тарих пен көркем өнер тарихи
шындықтың бейнелі суретін образды сипатын жан-жақты дәлелдеді. В.Г.
Белинскийдің мына пікірі күні бүгінге дейін өз мәнін жойған жоқ:
Тарихи роман тарихтың ғылым ретінде өнер мен ұштасатын белгісі
сияқты, ал тарихтың қосымша тарихпен екінші жағы.
Көркемнің негізгі мақсаты - өмірді табиғат пен әлеуметтік тарихи
шындықты суреттеу. Әдебиеттің ықпалды, қоғамдық өмірде әсерлі
болуының басты шарты - шындық пен көркемдік қасиеттердің ұштасып
келуі. Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев т.б. халыққа білім
беру мәселесінде ерекше ден қойды. Ғалым озық ойлы Шоқан өзінің
ғылыми зертеуінде тарих пен әдебиеттің байланысына көңіл аударып,
оған анайы тоқталады. Ы. Алтынсарин алдыңғы қаарлы орыса
мәдениетінің өол жеткен педагогикалық ойларын шығармашылық жағынан
игере отырып, халыққа мектептер ұйымдастырудың, оқытудың прогресшіл
әдістерін ұсынып сол талаптарға лайық оқулықтармен әдістемелік
нұсқалар жазды. А. Құнанбаев оқцлу мәселесімен тікелей
айналаспағанымен өзінің бүкіл ғұмырын тәрбие ісіне арнап халыққа
өнер білім алуға шақырған, надандықпен күрескен көрнекті ағартушы
болды.

1.1. Көркем шығармалармен жұмыс істеу әдістері.

XIX ғасырда әдіскер ғалымдар оқушылардың тарихи мазмұндағы кітаптарды
оқуына баса мән берген.Олардың пікірінше тарих ғылым ретінде оқушыларға
тірі бейне сияқты барлық сипатты белгілері және бөліктері арқылы көрінгенде
ғана толық танылады. Тарихи әдебиеттерді оқу оқушыларды осындай сипатты
белгілермен қамтамасыз етеді.
Көркем әдебиетті сабақта қолдану оқушылардың тарихи түсініктерінің
құрамды бөлігі болып табылатын өтксн кезең туралы тарихи білімдерін
нақтыландыра түседі. Сонымен бірге көркем әдебиет оқушылардың пәнге деген
қызығушылығын арттырып, зейінін аударуға көмектеседі. Мұғалім шығарма
үзіндісін таңдағанда едәуір тынысын, тарихи жағдайды немесе портреттік
бейнені қалпына келтіру міндетін басшылыққа алады
Көркем әдебиетті шартты түрде үлкен екі топқа бөлуге болады. (2) Ол оқып-
үйренетін кезеңнің әдеби дерегі және тарихи беллетристика. Тарихи білім
көздері авторы жазылған оқиғаның тікелей қатысушысы немесе куәгері болған
шығарма. Олар өткен күнді тануға көмектесетін дәуірдің өзіндік құжаттарын
құрайды. Ондай дерек көздерінің бәрі бірдей оқушыларға түсінікті бола
бермейді, сондықтан да сабақта олардың мұғалім таңдап алған үзінділері
пайдаланылады. Әдеби ескерткіштердің қатарына Күлтегін, Тоныкөк жырларын,
Жүсіп Баласағұнның "Құтадғу білік" еңбегін, С.Ссйфуллиннің "Тар жол тайғақ
кешу" романын, М. Шоқайдың "Қеңестер билігіндегі Түркістан" еңбектерін
атауға болады.
Тарихи беллетристикаға зерттелген кезең туралы кейінгі дәуір жазушыларының
жазған шығармаларын қосамыз. Тарихи беллетристика тарихи шындықты қалпына
келтіруде түпнұсқа дерек көздері, ғылыми зерттеулер мен монографиялардың
қорытындыларына негізделген. Тарихи білімдермен қаруланған автор өткен
күнді тарихи шығарма түрінде жаңғыртады.
Тарихи беллетристика (1) қатарында мынадай еңбектерді атаймыз.
І. Есемберлиннің Алтын Орда, Көшпенділері, Б. Жандарбековтың
Сақтары, М. Мағауиннің Аласапыраны, Д. Досжанның Жібек жолы
шығармалары. Осындай еңбектердің қатарында В.С Пикульдің сериялы тарихы
романдарын атауға болады.
1.1 Мұғалім жазда тақырыптық жоспар жасау кезінде-ақ мектеп
кітапханасының қоры негізінде сыныптан тыс оқу үшін курс бойынша көркем
әдебиет шығармаларының тізімін жасайды. Таңдау кезінде кітаптың ғылыми,
тарихи құндылығы мен көркемдік деңгейі басты өлшем болып табылады. Сонымен
бірге кітаптың оқушы жасына сай келуі, оқуға жеңілдігі және тәрбиелік
маңызы да ескерілуі тиіс.
Мұғалім оқушыларды ұсынылған көркем әдебиеттің тізімімен таныстырып,
кейбіріне қысқаша түсінік береді. Сосын барып тізімді тарих кабинетіне іліп
қоюға болады.
Мұғалімнің сабақта көркем әдеби шығарманы қолдануының тәсідері көп. Мұғалім
көркем әдебиеттен үзінді жасайды немесе жеке өзінің кітабы болса, шетіне
белгі соғады. 5-6 сынып оқушылары үшін сюжеттік және картиналық, тарихи
тұлғаға сипаттама беретін үзінділер таңдалып, оқиғаларды шиеленістіру және
тұлғаландыру мақсатында қолданылады. Шығарманың игеруге қиындығы және
көлеінің молдығы кедергі болған жағдайда мұғалім одан үзінділер алып, өз
әңгімесінде таңдалуы мүмкін.
Көркем шығарманың мәтінін сабақта қолдануға дайындағанда қандай
қысқартулар жасау, қалай байланыстыру қажеттігі үнемі ойда болуы тиіс.
Көркем шығарманың үзіндісін оқу немесе әңгімелеу тым ұзаққа созылып кетсе,
ол оқушыларды негізгі идеядан ауытқытады. Сондықтан үзінділер барынша қысқа
болғаны жөн.
Оқушыларға әдебиет пәні сабағынан белгілі кітаптарды қолданудың да маңызы
зор. Мысалы, Шоқанның Қашқарияға сапарын әңгімеде мұғалім . Мұқановтың
"Аққан жұлдыз" диалогиясынан үзінділер келтіруі сабақты қызықты ете түседі.
Сол сияқты "Ежеллгі Үндістан" тақырыбында Р. Киплингтың
"Маугли" повесіндегі табиғат көріністерін қолдануға болады.
Мұғалім сабақ үстіндс көркем кітапты дәйексөз келтіруге немесе жеке
үзінділерін әңгімелеп беруге пайдаланады (әдеби безендіру ретнде). Кітап
сюжетіне тоқталмас бұрын мұғалім кітап авторын таныстырып, қажет болған
жағдайда кітаптың қысқаша мазмұнын баяндайды. Содан соңғы кезекте
оқушыларға сұраулар мен тапсырмалар беріп, әңгіме жүргізеді. Одан әрі қарай
көркем шығарма үзіндісін қайталау және оқушылар білімін тексеру жүйесінс
өтеді.
Көркем сөз ескерткіштерінің қатарында аңыз, ертегі, шешендік сөздер, мақал-
мәтел, жаңылтпаш, жұмбақтар сияқты ауыз әдебиеті жанрлармын да атауға
болады. Алтау ала болса, ауызлағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі
келеді, Абысын тату болса, ас коп, ағайын тату болса, ат көп дегеп
мақалдардын ынтымаққа шақырған идеясын оқушылар аңғара білуі керек.
Оқушылардың тарих сабағында кітаптарды қолдануының да тәсілдері көп. Ол ең
алдымен кітап үзінділерін тарихи білім көзі ретінде пайдаланудан туындайды.
Сабақ үстінде оқушылардың кітап үзінділерін пайдалануына қойылатын талап,
мәтінді дауыс ырғағын реттеп, көркем оқи алу, оқығанда асықпай, дауыстап
(бірақ бақырмай) оқу керек. Дауыс қуаты сыныптың көлемімеи үйлескені жөн.
Оқу барысында бірыңғай ырғақта есе, дыбыс жиілігін өзгертіп, үзіліспен,
әрбір тыныс белгісіне мән беріп оқу керек. Әрине, үзілісте қисынды
бөлшектеу және тыңдаушылардың материалды игеруі үшін жасалатындығы ордайым
естен шықпауы тиіс.
Оқушылар тарихи шығарманы тарих ғылымы позициясы тұрғысынан (1) таңдайды;
пікір жазады, кітап мәтінімен дербес жұмыс жүргізеді, мысалдар таңдап,
аңдатпа құрастырады. Аңдатпада мыналар ескерілуі тиіс. Шығармада көрініс
тапқан дәуір, құбылыс.
2. Шығармадағы ең маңызды және жарқын оқиға.
3. Тарихи және типтік кейіпкерлер, олардың арасындағы қарама-қайшылықтар.
4. Автордың суреттеген оқиғаға және кейіпкерлерге көзқарасы.
5. Кітап туралы жеке өз пікірің? Сенің ойыңша кітаптың басты көркемдік
құндылығы неде?
6. Оқырман шығармадан не біледі?
Сол сияқты кітаппен жұмыс істеуге арналған арнайы жарнамалардың бірі
мынадай:
1. Кітап сенің жеке меншігің болса, онда оны қолыңа карандаш алып оқы.
Қызықты немесе күмәнданған тұсқа ұқыпты түрді белгі сал.
2. Жылдам, бірақ ыждаһатпен оқы.
3. Кітапты оқып болып, оның негізгі идеясы, онда жазылған оқиғалар,
деректер туралы ойла.
4. Оқыған кітаптың маңызы, артықшылығы мен кемшілігі туралы жазбаша белгі
жаса.
Оқушылар барлық кезде бірдей көсемсөздік және көркем әдебиетке сын көзімен
қарай бермейді. Сондықтан сабақ барысында I. Есенберлиннің "Қаһар" романы
мен С. Бекмахановтың монографиясыидағы Кенесары Қасымұлы бейнесін салыстыру
сияқты тәсілдері де қолданудың маңызы зор.

1.2. Басты тарихи деректерді мазмұндау тәсілдері

Әңгімелеу тәсілдері. Басты тарихи фактілерді оқып-үйренуде әңгімелеу және
бейнелеу тәсілдері жиі қолданылады. Сабаққа дайындық барысында мұғалім оқу
материалын мазмұндаудың тәсілін айқындайды, Тандау барысында мұғалімнің
алға қойған міндеті, оқушылардың дайындығы мен құрамы ескеріледі. Сонымен
бірге тәсіл таңдағанда деректердің мазмұны мен оқытудың көрнекі құралдары
да ескерілуі тиіс. Сабақ барысында мазмұндаудың бірнеше әдістері мен
тәсілдері қолданылуы мүмкін.
Сондай мазмұндау тәсілдерінің бірі — әңгімелеу, Тарихты оқытудағы әңгімелеу
— тарихи оқиға туралы әңгіме немесе қысқа хабарлама. Әңгімеге қойылатын
талаптардың бірі — әрбір тарихи дерекке тән ерекшеліктер туралы ұғым
қалыптастыруға көмектесетін уақыт, кеңістік және адамдардың тарихи
сипаттамасының бейнеленуі. Мысалы, Атилла (Еділ) туралы әңгіме (6 - сынып.
70-бет)
Сюжетпен баяңдалған әңгіме — драматизммен ерекшеленетін белгілі бір тарихи
сюжетке құрылған эмоциялық баяндау. Онда басты тарихи деректер көркем
әңгімедегі сияқты бейнелі, қарқынды, қызықты етіп жаңғыртылады. Әңгіме
негізіне оқиғаның сюжетті схемасы мен кейіпкерлердің әрекеті арқылы дамитын
шиеленісті ахуал алынады. Бұндай әдісті Спартак кетерілісі сияқты ірі
тарихи оқиғаларды баяндағанда қолданған тиімді. Оған тарихи оқиғаның жарқын
эпизодтары, бөлшектер, қатысушылардың мінездемелерін енгізуге болады.
Мұғалім әңгімелеу барысында оқиғалы картиналар, аппликациялар, әскери-
қимылдардың сұлбасын қолданады.
Сюжетті әңгіме шынайы болуы тиіс. Кей жағдайда оған ойдан шығарылған
желілер қосылуы мүмкін. Мысалы, Марафон шайқасы туралы әңгімелегенде ойдан
шығарылған жауынгер шынайы тарихи оқиғаға сәйкес әрекет етеді.
Сюжетті әдгімелеу (1) толығымен ойдан шығарылуы мүмкін, ол жағдайда адамды
ойдан шығаруды тұлғалаңдыру (персонификация) деп атаймыз. Оның мәнісі —
ойдан шығарылған тұлға, оның тағдыры, әрекеті, тұрмыс жағдайын еркін
қиялмен баяндау. Бұл жағдай қоғамдық өмірдегі типтік құбылыстарды тануға
мүмкіндік береді.
Кейде сюжетті әңгімелеу б.д.д. Ү ғасырдағы Ежелгі Грециядағы құлдықтың
қалыптасуы туралы күрдслі тарихи құбылысты түсіндіру тәсілі ретінде
қолданылады. Мұғалім(2) оны түсіндіру үшін тұлғаландыру әдісін қолданады.
Бірнеше құл қалай құлдыққа түскендігін әңгімелейді. Бұл жағдайда оқушы
әңгіменің сюжеті емес, құлдардың жағдайы мен олардың еңбегінде қандай
мақсатта пайдаланылғандығын есте сақтауы тиіс. Осындай әңгімелеуден кейін
мұғалімнің сұрақтары бойынша әңгіме өткізіледі. Оқушы өз әңгімесін
суреттермен, диафильмдермен талықтырады.
Сюжетгі әдгімелеудің келесі нысаны — шиеленістіру. Бұл жерде әңгімелеу
жанжалды жағдайды шешуге тырысқан екі тұлғаның диалогы түрінде өрбиді.
Диалог барысында типтік әлеуметтік құбылыстың мәні ашылады. Сабақ барысында
оқушылар бұндай диалогқа жиі тартылады.
Бейнелі әңгімелеу. Нақты фабулаға негізделген сюжетті әңгімелеуге қарағанда
бейнелі әңгімелеудің мазмұнында теориялық мағлұматтар мол қамтылады және
басты тарихи фактілер байыппен, шиеленіссіз баяндалады. Бұл тәсіл көбіне
қоғамның экономикалық процестері мен құбылыстарын баяндауда қолданылады да
оның барысында графикалық көрнекілік пайдаланылады.
Бейнелі әңгімелеуде педагогикалық суреттер, аппликациялар ("Ортағасырлық
қалалардың пайда болуы"), оқу тұрпатты картиналары ("Ортағасырлық қару
жасаушының шеберханасында") қолданылғанда оқушылардың оқу материалын игеруі
оңайлана түседі.
Мазмұндық әдгімелеу және ақпараттық хабарламаны мұғалім сабақ
барысында елеусіз фактілерді баяндағанда қолданады. Мазмұндық әдгімелеуде
фактілер тізбегі кеңістік, уақыт және сандық санатынсыз баяндалады.
Деректердің бұлайша қысқа баяндалуы оқиға туралы біртұтас түсінік
қалыптастыру үшін негізгі (3) фактілер арасында байланыс орнатуға
қызмет етеді. Карта, сұлба, кескіндеме арқылы саяси өмір, әскери тарих,
халықтық оқиғалары мазмұндық әңгімеленеді. Төменгі оқушыларына мазмұндық
әңгімелеу қызығушылық тудырмайтын болғандықтан олардың таным қызметін
арттыру үшін, мұғалім хронологиялық кесте құрастыру, оқиғаның күнтізбесін
жасау сияқты тапсырыс береді.
Ақпаратгық хабарлама сабақтағы басты фактімен тығыз байланысты фактілер,
даталар, есімдер мсн географиялық орындарды түгелдеп шығуда қолданылады.
Оны баяндау барысында оқушылар оқиғаның күнтізбесін жасайды.

1.3.Бейнелеу тәсілдері

Картиналық бейнелеу. Бейнелеу маңызды белгілер, бөлшектер мен оқиғаның
жай-күйінің мәнін ашуға көмектеседі. Онда нысан бар, бірақ сюжет жоқ,?
Бейнелеу немесе суреттеу картиналық және таңдамалық болып бөлінеді.
Картиналық бейнелеу деп материалды ауызша баяндау тәсілін айтамыз осы
тәсіл арқылы (4) сөздің көмегімен көркем-эмоциялы түрде деректің бейнесі
қалыптасады, яғни тұтас картина түрінде деректің бейнесі жаңғыртылады.
Бейнелеудің бұл түрі табиғаттың, адамдар тұрмысының, географиялық ортаның,
сол сияқты мәдени, қоғамдық, шаруашылық өмірдің (мысалы, құлдардың еңбегін
бейнелеу) типтік құбылыстарын жаңғыртуда қолданылады. Бейнелеу тәсілі
сабақта құжатгарды, тарихи-көркем шығармаларды қолдануға мүмкіндік береді.
Талдамалық бейнелеу картиналық бейнелеуден біршама ерекше болады.
Әңгімелеудің бұл тәсілі тұтас деректің құрамды бөліктері, бөліктері,
олардың қолданылу мақсатын баяңдайды. Бұл тәсіл еңбек құралын, қару-жарақ,
архитектуралық ескерткіш немесе мемлекет құрылысьн сипаттғанда
қалданылады. Әңгімелеу бормен салынған сурет, сұлба, сызба, макеттер мен
үлгілерді көрсетумен ұштастарылады. Талдамалық бейнелеуге мынадай мысал
келтіруге болады.
"Компастың пайда болуы, оның авторы туралы нақты дерек жоқ. Теңізшілер
XIII ғасырдың басында-ақ магниттелген иненің көмегіне сүйенген. Инені
қамысқа орналастырып, оны ыдыстағы суға жібергенде ол қажетті бағытты
көрсетіп тұрды. Осы ғасырдың екінші жартысында теңізші Флавио Джойа
магниттелген инені арнайы құрылғыға орнатып, бұл компастың алғашқы түрі
еді".
Бейнелі сипаттама - бейнелеудің бір түрі. Нақты кезеңдегі қоғамның типтік
өкілдерінің сипаттамасын бейнелі деп атаймыз. Ол өкілдер: көпес, помещик,
жұмысшы, бай, сұлтан. Мысалы, Сақ сарбаздарының сипаттамасы. Бейнелі
сипаттама (5) оқушыларға берілетін тапсырмаға ұштастарылады.
Тарихи тұлғаның сипаттамасы. Тарих сабағында бейнелі сипаттама қолданылады.
Ол үшін мынадай арнайы жаднаманы қолдануға болады
1. Тарихи қайраткердің сыртқы бейнесін суретте (реңі, өзін ұстауы, сөзі,
киімі).
2. Тұлғалық белгілерін сипатта (ақыл, ой, мінез).
3. Өмірінің ең жарқын маңызды фактілерін ата.
4. Тұлғаның тарихқа қосқан үлесіне баға бер.
Көрнекті тарихи тұлғалардың типтік ерекшеліктеріне сипаттама берілгенде
көбіне құжаттық материалдар, портреттер, көркем әдебиеттер пайдаланылады.
Қайраткер тұлғалардың іске асырған ерекше әрекеттері оқушының есінде ұзақ
сақталады. Мысалы, Македоп патшасы III - Александр 33 жасқа жетпей қайтыс
болды. 13 жыл патшалық құрғанда гиркандықтарды некеге тұруға, жер өңдеуге
үйретті; арохилер мен соғдыларды ата-анасын қартайғанша өлтірмей, (6) бағып
қағуға; парсыларды анасын құрметтеп, олармен некелеспеуге үйретті.
Бұндай фактілсрді ғылыми, көркем әдсбиеттерден алу орынды.

2. Оқулықпен жұмыс істеудің дағдылары және оны қалыптастырудың жолдары.

Мектеп оқулығының сипаттамасы оқушылардың жас ерекшелігі мен дайындық
деңгейіне сәйкес ғылым негіздерін ашуға қойылатын маңызды талаптарды
қамтиды. Дидактикада мектеп оқулығына мынадай анықтама беріледі ол білім
мазмұнын баяндайтын, оқушылардың жас ерекшелігі және басқа да
ерекшеліктерін ескеріп, міндетті білім алудың әрекет түрлерін айқындайтын
көпшілік қолданатын кітап.
Көбінесе оқулық сабақ құрылымының негізі ретінде танылады. Дегенмен оқулық
көмеші рөл атқаратын немесе керек болмайтын сабақтар да бар. Кейде оқу
процесіне оқулықты қолданудың мүлдем керегі жоқ деген пікірлер де
кездеседі. Тіпті Н. В. Гоголь тәрбиеленушіге кітаптың керегі жоқ өйткені ол
қиялды "тұсап" тастайды деген.
Қазіргі кезде дәстүрлі оқулықтан бас тартуға шақырған пікірлерде кездесіп
қалады (мысалы, Ю. Троицкий. К К Умбрашко).
Дегенмен де педагогтар, әдіскерлер мен мұғалімдердің басым бөлігі оқулық
қажет және пайдалы деп есептейді. Ғалымдар мектеп оқулығының мынадай
қызметтерін бөліп көрсетеді:
- ақпараттық (білім беру мазмұнын ашады, оқушылардың жасын ескеріп, әр
сабақтағы материалдың көлемін белгілейді
- жүйелеушілік (мазмұнды баяндаудың бірізділігін қамтамассыз етеді және
жүйелейді
- оқытушылық білімді меңгертіп, бекітуді жеңілдетеді
Тәрбиелік (тарихты оқытудың тәрбиелік мақсаттарын іске асыруға ықпал
жасайды.
Оқулық құрауыштары. Құрылымы әртүрлі көптеген мектеп оқулықтары бар.
Оқытуды жіктеуге сәйкес көн денгейлі оқулықтар жасалу үстінде.
Оқулықтың әрбір тарауы қисындық конспект сияқты жоспар-схемамен басталуы
мүмкін. Кітап мәтінінде ұғымдар, терминдер, тірек сөздер ерекшеленеді және
түсіндіріледі. Негізгі мәтінде құжаттардың үзінділері, анықтамалық аппарат
үлгісі және күрдеділік деңгейімен ерекшеленетін сұрақтар меп тапсырмалар
қамтылады, Сұрақтар қисынды түрде мазмұнды жалғастырады және нақтыландыра
түседі. Оқулық соңында жоғары сынып оқушыларына алдыңғы тақырыптан нені
еске алу, тапсырманы қалай. орындау жөнінде ұсыныстар беріледі. Жинақтау
сұрақтары, қосымша мәтіндік материал бөлімнің соңына орналасады да бұл
материал оқу кітабының немесе семинарға дайындалуға негіз болатын қызмет
атқарады.
Оқулықтар бір-бірінен қанша ерекшеленгенімен олардың ұқсастықтары да көп.
Оқулықта деректерді тандау жүйесі арқылы айқындалған мағынады тұрады. Оның
мазмұны тараулар, бөлімдер және параграфтардан құралады. Параграфтарды
көлемі біртекті, мазмұны тұжырымдалған, тұтас сипатта болады және олардың
саны ненің оқу жоспарына сай келуі тиіс.
Оқулықтың, мазмұны негізгі (теориялық және деректік материал) толықтырушы
(анықтамалық), түсіндіруші (үлгі, түсініктеме) болып белінеді. Негізгі
мәтіннің өзегін маңызды идеялар мән ұғымдар, әрекет тәсілдері мен теориясы
туралы ақпараттар құрайды. Мұғалім сабаққа дайындық кезінде оқулық мазмұнын
ал негізгі, базалық білімді таба алуы тиіс. Ол оқу мазмұнының үштен бір
белігін қамтиды. Қалған белігі сабақты түсіндіруге қосымша материалдарды
құрайды.
Мектеп курсында барлық материал бірдей баяндала бермеуі мүмкін. Кеңейтілген
баяндау конспектілік баяндауға ұштасады. Негізгі деректер бұлжытпай
баяндалады және құжаттармен, безендірумен толықтырылады. Негізгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Басты тарихи деректерді мазмұндау тәсілдері
Тарихты оқыту әдістемесі пәні, оның мақсаты мен міндеттері
Мектепте тарихты оқыту әдiстемесi. ТАРИХТЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДIСТЕРI, ТӘСIЛДЕРI МЕН ҚҰРАЛДАРЫ
Аралас сабақ және оның бөлімдері
Тарихты оқытуда әңгімелеу және бейнелеу тәсілдерінің қолданылуы
Тарих пәнін мектептерде оқыту
Бастауыш сыныпта жазба жұмыстарын ұйымдастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері
Оқушыларға жаңа материалдарды оқыту арқылы оқу белсенділіктерін дамыту
Теориялық оқу материалын оқып-үйренудің әдістері
Мектепте тарихты оқыту әдістемесі пәні. Лекция сабақтары
Пәндер