Дамыта оқытудың ерекшеліктері мен қолдану тәсілдері



Мазмұны:
І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І.бөлім. Дамыта оқыту теориясының маңызы мен тарихы
1.1. Дамыта оқыту туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Дамыта оқыту әдістерін топтастыру ... ... ... ... ... ... ... ... 10

ІІ.бөлім. Дамыта оқытудың ерекшеліктері мен қолдану тәсілдері
2.1. Дамыта оқытудың келелі мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.2. Дамыта оқыту технологиясының ерекшеліктері және
оқу ісінде қолдану тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

І. Кіріспе ----------------------------------- -------------------------
------------3

І-бөлім. Дамыта оқыту теориясының маңызы мен тарихы
1.1. Дамыта оқыту туралы түсінік ----------------------------------- -----
5
1.2. Дамыта оқыту әдістерін топтастыру --------------------------------10

ІІ-бөлім. Дамыта оқытудың ерекшеліктері мен қолдану тәсілдері
2.1. Дамыта оқытудың келелі мәселелері -------------------------------18
2.2. Дамыта оқыту технологиясының ерекшеліктері және
оқу ісінде қолдану тәсілдері ----------------------------------- ------
------21

Қорытынды ----------------------------------- -----------------------------
---27

Қолданылған әдебиеттер ----------------------------------- ---------------
30

Кiрiспе

Жұмыстың өзектiлiгi: Қазақстан Республикасындағы туындап жатқан
әлеуметтiк –экономикалық өзгерiстер, елiмiздiң әлемдiк бiлiм деңгейiне енуi
жағдайында, жалпы орта бiлiм берудiң мемлекеттiк стандартына сәйкес бiлiм
беру жүйесi мазмұны мен оқытудың әдiстемелiк жүйесiн қайта қарау мәселесiн
талап еткен едi. Қазiргi кезде бiлiм беру жүйесiнде бiлiм мазмұнын жаңарту,
жетiлдiру мәселелерi өзектi мәселелердiң бiрi болып саналады.
Бiлiм мазмұнын жаңарту оқу материалының теориялық негiздерiн жан-
жақты терең қарастыруды талап етедi. Кезiнде бастауыш бiлiм жүйесiнiң
өзгерiске ұшырауына Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, С.М.Языков, А.А.Люблинская
т.б ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесi себеп болған.
Дамыту кезiнде оқушыларды бiлiммен қаруландыру, дағдыны меңгерту,
бiлiмге құштарлықты қатар жүргiзу керек. Бiлiм жоқ бала ойлай да алмайды.
Дамыта оқыту барысында бiлiм көлемi де күрделенуге, кеңеюге тиiс деп
есептелген. Елiмiздiң егемендiк алып, қоғамдық өмiрдiң барлық салаларында
соның iшiнде, бiлiм беру саласында жүрiп жатқан демократияландыру мектептi
қазiргi кезеңдегi дағдарыстан шығатын қуатты талпыныстарға жол ашты.
Білімнің айырықша басымдылық алуы қазіргі қоғамдық прогрестік
заңдылықтарынна туындайды.
Жаңаша білім құрылымы, негізгі әдістері, формалары, оқу құралдары,
дамыта оқытудың әдістемелік жүйелері сияқты маңызды мәселелер білім
беру орталықтарының құнды құралы.
Ғасырлар тоғысында өзінің жаңа даму жолы мен болмысын айқындап алған
Қазақстан Республикасы ХХІ ғасырда болашақ буын ұрпаққа білім беру мен
тәрбиелеудің жаңа парадигмаларын қалыптастыруды алдыңғы кезектегі міндет
етіп қойып отыр.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде
мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетің ғылыми-педагогикалық неіздерін
меңгеуі-маңызды мәселелердің бірі болып саналады. Ал ғылым мен техниканың
жедел дамыған мәліметтер ағыны күшейген ХХІ ғасырда жан-жақты дамыған
шығармашылық жеке ұлғаны қалыптастыру- оқытушының басты міндеті болып
саналады.
Курс жұмысының мақсаты: Оқу-тәрбие процесiнде мектеп оқушыларына
Дамыта оқыту жүйесiнде ғылымдар тәжiрибесiне сүйене отырып оқушылардың
дамытушылық қабiлетiн қалыптастырып педагогикалық жаңа әдiстердiң
тиiмдiлiгiмен жетiстiктерiне тоқталу.
Курстық жұмыстың мiндеттерi:
- дамыта оқыту теориясының маңызы мен тарихын түсіндіру;
- дамыта оқыту әдістерін топтастыру жән оның көптүрлілігін саралау;
- дамыта оқытудың келелі мәселелерін айқынлау.
Курс жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан,
қолданылған әдебиеттерден тұрады.

І. Дамыта оқыту теориясының маңызы мен тарихы
1.1. Дамыта оқыту туралы түсінік

Оқу – адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген
оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады.
Оқыту - оқушыны білімдендіру, тәрбиелеу, дамыту мақсатына
бағытталған алдын-ала жоспарланған іс -әрекет.
Оқыту мазмұны - өкімет арнайы таңдап анықтаған белгілі салада жұмыс
істеу үшін қажетті адамзат тәжірибесінің бөлшегі. Ол - оқытудың нәтижесі
болатын білім, білік, дағды, тұлғалық қасиеттер жиынтығы.
Оқыту барысында оқушыларға білім беру, оларды тәрбиелеу негізінде
тұлғаның ақыл-ойы, сана-сезімі, шығармашылық қабілеті т.б. көптеген
тұлғалық қасиеттерінің дамуына,біліктіктері ықдалып, қабілеттерінің
артуына оң әсерін тигізеді. Демек, тұлға жан-жақты қалыптасып
дамиды(байқағыштығы, ойы, есі, қиялы секілді психологиялық процестері де
қарастырады).
Даму ұғымының психологиялық анықтамасы-жаңарту процесі, жаңаның
өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны береді. Барлық табиғат
құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып,
өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады.
Даму қызметінің ерекшелігі сол, ол өз алдына жеке өмір
сүрмейді, керісінше оқытудың білім берумен тәрбиелеу қызметінің жалғасы
боп есептеледі. Сондықтан, дамудың қарқынды, жан-жақтыәрі, терең білім
беру мен тәрбиенің қандай дәрежеде іске асырылуына байланысты. Оқытудың
білім беру мен тәрбиелеу қызметінің негізі болып саналса, даму өзалдына
олардың қызметінің нәтижелі болуына қолайлы ықпал етеді.
Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге
жағдай жасау. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы
арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді
түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын
ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің
көзін ашып, шығармашылығын дамытады.
Қазіргі кездегі дамыта оқыту қағидасы кезінде шығыстың ұлы
ғұламалары Әбу-Насыр әл-Фараби, Абдуалы ибн Синаның да шығармаларында
көрініс тапқан. Әл-Фараби Философиялық трактаттарында интеллект, тұлға
ұғымдарына түсініктеме береді.
Баланың жеке тұлға, азамат ретінде қалыптасу мәселесіне қазақтың
педагог-ағартушылары Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Ш.Уәлихановтар өз
еңбектерінде көп көңіл бөлген. Олардың бала тәрбиесі, болашақ ұрпақ
тәрбиесі туралы айтқан құнды пікірлері дамыта оқытуды зерттеуші ғалымдардың
қағидасымен үндес келеді.
Дамыта оқыту деген термин психология ғылымының қойнауында туып,
баланың дамуын қарастырған (Ж.Пиаже), ойлаудың әртүрлі деңгейін, типтерін (
Л.В.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн) және басқа да психиканың
функциясын зерттеген (Б.Г.Ананьев, Г.С.Костюк, А.А.Люблинская,
Н.А.Менчинская) және т.б. іс-әрекет теориясының психологиясын жасаған
(А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин) еңбектерінде жан-жақты талданды. Нәтижеде
дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның
бірін Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, ал екіншісін Л.В.Занков басқарады.
Кейінгі жылдары дамыта оқыту психология мен педагогика ғылымдарының
келелі мәселесіне айналды. Жүйенің авторлары дамыта оқыту деп – оқыту
мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері баланың даму заңдылықтарына
сәйкестендірілген оқытуды атайды. Оқыту арқылы баланың психикасында жаңа
құрылымдар пайда болуы, яғни жаңа сапалық өзгерістер болуы тиіс деп
есептейді. Жүйенің басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып жалпы
дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға
дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай
ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау.
Дамыта оқыту – дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе
деп қарастырылды. Оның нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі өзгертуші субъект
дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған оқыту барысында лайықты жағдайлар
жасау үлкен нәтиже берді.
Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология
ғылыми жеткілікті дәрежеде дәләлдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені
түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған
көрнекті психолог Л.С. Выготский.
Ол дамуды оқытумен тең, керісінше оқу мен даму екі бөлек процесс
деген көзқарастарды қатты сынға алды. Ең алғаш рет бала дамуының
төмендегідей екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды.
1.Бала дамуының жақын аймағы – баланың тек үлкендердің көмегі арқылы
атқара алатын істері.
2.Бала дамуының қол жеткен аймағы – баланың үлкендердің көмегінсіз
істей алатын істері.
Баланың дамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады. Дамудың
қол жеткен аймағы жақын аймақпен өзара қызметтесе отырып, оны игерген кезде
дамуға өріс ашылады.
И.Я.Лернер даму деген ұғымды педагогикалық заңдылықтарға негіздей
отырып, адамның әртүрлі қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы
деп түсіндіреді. Мұндай анықтама интеллектуалдық іс-әрекетті жоғары орынға
шығарады. Мәселе қаншалықты күрделі болса, оны шешуге жұмсалатын ақыл-ой
қызметі де соншалықты кең, аумақты, демек даму деңгейі де жоғары болады.
Л.В.Занков ақыл-ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды
іске асырады деп есептейді. Олар байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу,
практикалық іс-әрекеттер атқара білу.
В.В.Давыдов ақыл-ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай,
қорытындылай алу дағдысын есептейді.
Тұтас алғанда барлық авторлардың даму туралы ойлары оқыту
барысында баланың психикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуі дегенге
келіп саяды және оның басты шарты ретінде әрекет алынады.
Мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі
факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге,
баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл-ой жұмысының тәсілдерін
қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады.
Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері
арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп
біледі.
Дамыта оқыту үдерісінде оқушы оқу әрекетімен шұғылданып, теориялық
ойлауға икемделеді, білімді өзі меңгеруге мүмкіндік алады.Дамыта оқытуда
баланың іздегушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда
болады. Ол үшін бала өзінің осы кезге дейінгі білетін тәсілдерінің жаңа
мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезініп, содан барып оның білім алуға
деген ынтасы артып, білімалауғ әрекеттеннді. Қазіргі жаңа буын оқулықтары
дамыта оқыту үдерісіне сай құрылған.
Қазіргі мақсат дамыта оқыту болғандықтан мұғалім мен оқушы арасындағы
қарым-қатынас жаңа қағидаларға негізделеді. Олар- ынтымақтастық, өзара
силастық, түсіністік сияқты қасиеттер болып танылады.
Дамыта оқыту- жеке тұлғаның барлық сапаларын тұтас сәйкестікке
дамытуға бағытталған. Дамыта оқытудың басты мақсаты- баланы оқыта отырып
дамыту.ХХ ғасырдың 30 жылдарының басында Л.С.Выготский оқыту идеясын
қозғады.
Оқытудың гипотезасы бойынша білім- оқушының даму құралы. 1960-1990
жылдар арасында Л.В.Занковтың басшылығымен зерттеулер жүргізіп, дамыта
оқытудың тұжырымдамасы жасалды. Зенков жасаған жаңа жүйенің негізі -өсіп
келе жатқан дара тұлға.
  Дамыта оқыту оқушылардың танымдық әрекетін қалыптастыруға,
шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын арттыруға, білімге құштарлығын
оятуға баулиды. Оқушылардың оқуға сапалы және жауапты көзқарасын
тәрбиелеуге, өз бетімен білім алуға, қосымша әдебиеттерді оқып, ізденуге,
оқу еңбегін тиімді ұйымдастыруға, алған білімдерін өмірде тиімді
пайдаануға үйретеді.
Жаңа буын оқулықтарын оқытуда дамыта оқыту технологиясын қолдану
дегеніміз- келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан- жақты білім алуына,
белсенді, шығармашық болуына жағдай жасау, жеке тұлғаны дамыту.
     Жеке тұлғаның бойындағы қабілетін ашу- одан әрі жетілдіру дамыта
оқытудың негізінде зерттеушілік білігін және оңтайлы шешімін қабылдауға
ынталандыру арқылы баланың бойына еркіндік, мақсаткерлік, ар- намыс,
мақтаныш- сезім, дербестік, адамгершілік, еңбек сүйгіштік, белсенділік, өз
пікірін сапалы, шебер ортаға сала білу сияқты оқыта отырып, жалпы дамытуды
үнемі сабақта жүйелі жүзеге асырғанда жан-жақты гармониялық даму үшін негіз
жасалды.
Жас ұрпақты қоғамдық маңызды істерді сапалылықпен игеретін бұған
дейінгі адамзат жасаған игіліктерді жалғастыра алатын жан- жақты дамыған
тұлға ретінде қалыптастырудың негізі мектеп жасында қаланатыны белгілі.
Білім беру мазмұнын жаңарту, оқыту әдістерін жетілдіру оқушылар мен
мұғалімдердің өзара қарым- қатынасын жоғары деңгейде ұйымдастыру секілді
міндеттердің қай- қайсысы да әрекетсіз іске аспайды. Оқу- адамның саналы
өміріндегі басты әрекет. Оқу әрекеті мұғалімнің басшылығы арқылы оқушының
сана- сезімін дамытуға бағытталады.
    Рубинштейн оқытудың мақсаты оқушыға белгілі бір білім туралы мағлұмат
беру емес, ең бастысы, оқушылардың бойындағы қабілеттерді дамыту, балаға
қандай материал ұсыну емес, оны бақылауға, ойлауға үйрету деп көрсетеді.
Психолог- ғалым Д.Б.Эльконин Оқу әрекетінің басқа әрекет түрлерінен
аса бір ерекшелігі бар,- деп көрсетті. Онда бала мұғалімнің басшылығы
арқылы ғылыми түсініктерді ұсынып меңгерді. Бірақ бұл әрекет арқылы ол
ғылымға ешқандай өзгеріс әкелмейді. Сол түсініктерді меңгеру арқылы баланың
ойы, түсінігі туып санасы дамиды, ол ғылыми ұғымдармен жұмыс істеудің жаңа
тәсілдерін үйренеді. Оқу әрекеті - баланың өзгеру, өсу әрекеті.
    Оқу әрекетінде оқушының субъект ретінде қалыптасу жолдарын баланың
жас кезеңдеріне байланыстыра келе Г.И.Шукина былай дейді: Оқу әрекеті
дамуы оқушының сипатының өзгеруіне қарай оқушының жеке басының дамуына
үлкен әсер етеді. Мысалы: бастауыш сыныптарда оқушы негізінен, тапсырманы
орындаушы болса, орта сыныптарда ол жай орындаушы емес, белсенді орындаушы
деңгейіне көтеріледі, осы кезеңде оның шығармашылық ізденісінің алғы
шарттары қалыптаса бастайды да, жоғары сыныптарда оқушы өз бетінше
шығармашылықпен жұмыс істей білетін, әрекет иесі ретінде танылуы тиіс.
    Оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуы, бір жағынан оқу үрдісіндегі
оқушының белсенділігінің, өздік ізденіс жасай білуінің, қызығушылығының
т.б. өзгеруіне байланысты болса, екінші жағынан айналасындағы адамдармен
қарым- қатынасына байланысты болады. Сондықтан мұғалім оқушы бойындағы
өзгерісті назардан тыс қалдырмай нақтылы ситуацияларда оқушы белсенділігін,
өз бетінше жұмыс істей білу қабілетін, танымдық қызығушылығын, шығармашылық
қабілетін дамытуға қажетті жағдай туғызыпотыру керек.
Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік,
адамгершілік рухани, азаматтық, басқа да көптеген адами келбетінің
қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Өзін- өзі дамытып, оқу- тәрбие үрдісін
тиімді ұйымдастыруға көмектеседі.
Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге
жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал,
мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда
дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті
ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы, фасолисатор. Тек осындай оқыту
ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.
Дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның
бірін Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, ал екіншісін Л.В.Занков басқарған
болатын..
Жүйенің басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып жалпы
дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға
дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай
ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау.
Білім берудің қазіргі жаңа құрылымымен оқу- әдістемелік мазмұнының
өзгеруі- мұғалімнің өз кәсіби шеберліктерін шыңдауды, жаңартуды талап
етеді. Ел президенті Н.Назарбаев Қазіргі заманда жастарға ақпаратты
техникамен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте
қажет деп атап көрсеткеніндей инновациялық әдіс- тәсілдерді кеңінен
қолдану жаңаша білім берудің бір шарты.

2. Дамыта оқыту әдістерін топтастыру

Оқыту әдісі дидактиканың негізгі бір құрамды бөлігі болып табылады.
Себебі, оқыту процесі оның мақсаты, мазмұнының әдістері және ұйымдастыру
формаларының біртұтастығы болып табылады.
Әдіс деген сөз гректің metodos деген сөзінен шыққан. Метод
деген ұғым белгілі бір ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудің жолдары деген
мағынаны білдіреді.
Оқыту әдістері-оқушыларға білім беру және оларды дамыту мақсатында
мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жасайтын қызметі мен қарым-қатынасының
тәсіл-амалдары, соның арқасында білім,іскерлік,дағды қалыптасып,
оқушылардың дүние танымдығы мен қабілеттілігі артады.
Оқыту әдістері- оқытушы мен оқушылардың жұмыс істеу әдісі, оның
арқасында білім, іскерлік, дағды қалыптасып, оқушылардың дүниетанымдылығы
мен қабілеттілігі артады.
Оқыту әдістері - мұғалім мен оқушылардың бірлесе дасайтын әрекеті.
Оқыту процесі – мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің негізінде
білім, тәрбие және таным процесін жетілдіру.
Оқыту әдістері - оқытудың мақсат-міндеттеріне сай оның
мазмұнын оқушыларға меңгертуге мұғалім мен оқушылардың қолданылатын амал-
тәсілдері мен құралдарының жиынтығы болып табылады.
Оқыту әдістері - оқытудың мақсат-міндеттеріне сай оның
мазмұнын оқушыларға меңгертуге мұғалім мен оқушылардың қолданылатын амал-
тәсілдері мен құралдарының жиынтығы болып табылады. Мұғалім оқыту
әдістерінің көмегімен оқушыларға білім беріп, олардың тәжірибелік
әрекетін ұйымдастыруда өзінің іс-әрекетін оқушылардың таным
әрекетінебасшылық етумен байланыстырады.
Мұғалім оқытудың нәтижесін арттыруда оқыту әдістеріне қатысты амал-
тәсілдермен қатар оның құралдарын да пайдаланады.
Дәстүрлі оқыту әдісі негізінде метафизикалық (сандық, мазмұндық)
әдіснама, ал дамыта оқыту технологиясының негізінде диалектикалық
(интенсивті, сапалық, мәнділік) әдіснамасы жатыр деп айтуға болады.
Дәстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп
есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа, ал дамыта
оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді, ойлауды, жаңа белестерге көтеруді
мақсат тұтатын принциптерге негізделген. Дәстүрлі оқыту жаттауға, есте
сақтауға, ал дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана
білуге үйретеді.
Дамыта оқыту- бұл дәстүрлік білім беруге қарама-қарсы әдіс.
Дәстүрлі оқыту мұғалімнің жеке түсіндіру, қойылған сұраққа жауап
беру, оқушылардың үлгі бойынша жаттығу жұмычтарын орытндату, яғни, дайын
білім алуға негізделсе, дамыта оқыту оқушыларға сұрақ қоя білуге және
олардың көз қарастарымен санасатын, жалпы пікірлесе отырып қортынды
шығаруға ойлануын, танымын дамытуға бағытталған түрі болып табылады.
Дамыта оқытуда Д.Эльконин, В.Давыдов жүйесінің көздеген мақсаттарына
жету тек оқушының өзінің белсенділігіне байланысты болады. Дамыта оқыту
оқушылардың ізденгіштік-зерттеушілік іс-әрекетіне тән. Оған тән сипаттар:
- оқушының алдына ізденуді жүзеге асыру қажеттілігін тудыру керек,
- іс-әрекеттің бастапқы кезеңі – оқушылардың алдына олардың әрекет жағдайын
жаңаша талдап, оны жаңаша түсінуді талап ететін оқу міндеттерін қою,
- осы міндеттерді шешуді, яғни іздену іс-әркетін ұйымдастыру, мұнда үлгі
көрсетуге болмайды, сондықтан мұғалім оқушыларды іздену іс-әрекетіне
таратуы қажет ол үшін екі шартты орындау керек.
1) Мұғалім өзара ізденуге басқарушы болмай, шын мәнінде қатынасушы болу
керек.
2) Ол оқушылар жүргізіліп жатқан ізденуді шын мәнінде жүзеге асыру керек,
оларға дұрыс шешім көрсету керек.
3) Оқу міндеті шешілгеннен кейін мұғалім табылған шешімнің бағасын
ұйымдастырып оның басқа міндеттрді шешу үшін қаншалықта пайдалануға
болатынын түсіндіреді.
оқушылардың ізденгіштік-зерттеушілік іс-әрекетіне тән. Оған тән
сипаттар:
- оқушының алдына ізденуді жүзеге асыру қажеттілігін тудыру керек,
- іс-әрекеттің бастапқы кезеңі – оқушылардың алдына олардың әрекет жағдайын
жаңаша талдап, оны жаңаша түсінуді талап ететін оқу міндеттерін қою,
- осы міндеттерді шешуді, яғни іздену іс-әркетін ұйымдастыру, мұнда үлгі
көрсетуге болмайды, сондықтан мұғалім оқушыларды іздену іс-әрекетіне
таратуы қажет ол үшін екі шартты орындау керек.
1) Мұғалім өзара ізденуге басқарушы болмай, шын мәнінде қатынасушы болу
керек.
2) Ол оқушылар жүргізіліп жатқан ізденуді шын мәнінде жүзеге асыру керек,
оларға дұрыс шешім көрсету керек.
3) Оқу міндеті шешілгеннен кейін мұғалім табылған шешімнің бағасын
ұйымдастырып оның басқа міндеттрді шешу үшін қаншалықта пайдалануға
болатынын түсіндіреді.
Дамыта оқытуда баланың ізденушілік – ойлау әрекетін
ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі
білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін
сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-
ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда мынандай 3
құрамдас бөліктерден тұратын болады.

1. Оқу мақсаттарының қойылуы.
2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.
3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
Бұл – үшеуі дамыта оқытудың Д.Б.Элконин – В.В.Давыдов
жасаған жүйесінің негізгі компоненттері.
Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі
берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге
асады. Мұғалім сабақ процесін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам ролінде шешім
табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр
оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкііндік беріледі, жауаптар тыңдалады.
Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен әр бала жасаған
еңбегінің нәтижесімен бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке
тәжірибесін қорытындылауға үйренеді.
Мұндай көзқарасты ұлы Абай да уағыздап кеткендігіне
тоқталған жөн. Қоршаған ортаның шындығын мойындай отырып, Абай ақыл мен
сана еңбек барысында қалыптасатындығын айтады. Ол адамның ішкі сезімді
қуаттарын біртұтас етіп алады. Оның он жетінші сөзіндегі қайрат, ақыл,
жүректің сөз таластыруында тек бірлесіп ынтымақтасқан жағдайда ғана күш
алатын үш түрлі жан құбылысын әдеби-публицистикалық тұрғыдан көрсеткенін
байқаймыз. Бұдан бұл мәселенің ұлттық психологиямыз бен философиямызда да
ежелден көтеріліп келе жатқандығын көруге болады.
Кезінде өз бетіндік жұмыстың бала дамуындағы рөлін жете көре білген
және ол жөнінде еңбек жазған ағартушы – ғалым Ахмет Байтұрсынұлы бала
білімді тәжірибе арқылы өз бетімен алуы керектігін айтқан. Ал мұғалімнің
міндеті - балаға орындалатын жұмыс түрлерін шағындап беру және қойылған
мақсатқа жету үшін бағыт-бағдар беріп отыру.
Бұдан Ахмет Байтұрсынұлы 20-30 жылдардың өзінде-ақ дамта оқыту
теориясы негіз болған өз бетіндік танымдық әрекеттің рөлін көре отырып,
оның бала дамуындағы маңызын өз кезінде өоқғағандығын байқауға болады.

Дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың ойларын жетілдірудің маңызы зор.
Біріншіден – дамыта оқытуда білім даяр күйінде берілмейді,
оған оқушы өз оқу әрекеті арқылы қол жеткізеді. Сабақтың алғашқы ізденіс
кезеңінде жаңа ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға салып, мәселені өз
беттерінше шешуге талпынады. Сөйтіп олар осы мәселе туралы өз білімдерінің
жеткіліксіз, таяз екенін сезіну арқылы сабаққа деген қызығушылықтары
оянады, ішкі түрткілері пайда болады.
Екіншіден – дамыта оқытуда оқушы жоғары қиындықтағы
мәселелерді шеше отырып өзінің санасының саңылауларын ашады. Әр оқушының
өзінің деңгейіне дейін дамуға қол жеткізе алады. "Жақсы оқушы”, "Жаман
оқушы” ұғымының болмауы, балаларды танымдық әрекеттерге ұмтылдырады,
құштарлығын арттырады.
Үшіншіден – оқушының жеке басын дамытатын басты құрал – ол
өзінің әрекеті. Сол себепті дамыта оқытудағы оқыту әдістері оқушыны
белсенді жұмыс жағдайына қоя отырып, мәселелерді, қайшылықтарды шешу
мақсатын қояды.
Төртіншіден – дамыта оқыту жүйесінің нәтижелі болуы оқушы
мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-қатынасы арқасында ғана өз жемісін
береді. Сол себепті дәстүрлі жүйедегі әміршілдік стиль бұл жерде тиімсіз,
оқушы – "орындаушы”, "мұғалімнің тасасындағы” объект емес. Ол өз пікірін
ашық айта, ойын дәлелдей, дәйектей алатын, сонымен қатар басқаның да ойын
тыңдап, көзқарасын құрметтей біледі.
Давыдовтың 4 қырлы дамыта оқыту идеясының негізгізгі ұстанымы
–оқушылардың теориялық ойлауына жол ашу. Ол үшін білім мазмұнын оқушы
жасына лайықтап, тек тұрмысдеңгейдегітүсініктер түрінде ғана емес,
белгілі бір ұғымдар жүйесі деңгейінде құру қажет. Бұл оқушының нақтылы,
бейнелі ойлауын жоғары деңгейге көтеріп, теориялық ойлауына база,тірек
болып дамытатындығын дәлелденді. Сондықтан дамыта оқыту әдістерін
пайдалана отырып қазіргі талапқа сай білім беруге қол жеткізу керек.

Оқушыға кішкентай бала деп қарамай оның пікірімен санасу, көзқарасын
құрметтеу оның дамуына үлкен әсер етеді.
Оқушының дамуы негізгі үш факторға сай жүзеге асады.
1.Биологиялық фактор.
2. Әлеуметтік орта немесе қоршаған орта.
3. Тәрбие, оқу тәрбие үрдісі.

Оқу тәрбие үдерісі негізінде дамыту мәселесінде ең алдымен оқушының
өз бетімен жұмыс істеу әрекеті, белсенділігі артады. Сабақ қаншалықты
сапалы, білімді, шеберлікпен өтседе, ал оқушы тарапына өзіндік белсенділік,
әрекет болмаса жұмыстың нәтижелі, сапалы орындалуы мүмкін емес.
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін,
қызығушылықтарын арттыру, дамыту үшін мынадай 3 жұмыс түрі ұсынылады.
1.Логикалық дамытушы ойындармен берілген тапсырмалар (құрастырмалы
ойындар, сөзжұмбақ, анаграмма), өз бетінше жұмыс түрлері.
2. Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс түрлері (кері
есеп құру, мәтіннің мазмұнын өңдеу т.б.).
3.Өз ойынан еркін тақырыпқа құрастыруға берілген әдеби шығармашылық
бағыттағы жұмыстар (өлең құрастыру, әңгіме, шығарма жазу, т.б.).
Бұл жұмыстардың барлығынан көретін нәтижелер:

дамыта оқыту технологиясы оқушы құзыреттілігін дамытуда аса маңызы
бар технология.
Дамыта оқыту тұжырымдамасының негізігі идеясы: Бастауыш сынып
жасында арнайы ұйымдастырылған оқыту арқылы (теориялық білім және ойлау
негізінде) балада өзіндік жетілу, өзіндік тану бағытында нақты қабілеттер
қалыптастыру.
Дамыта оқыту деп (В.Давыдов, В.Репкиннің, Элькониннің
трактовкасы бойынша) мазмұны, әдіс- тәсілдері, ұйымдастыру формалары
баланың заңдылықтарына тікелей негізделген оқытуды айтады.
Оқушыларды дамытудың негізі – оқудың субъектісі ретінде
өзін- өзі өзгертуге бағытталған, бала белсенділігінің ерекше бір формасы
ретінде түсіндірілетін оқу әрекеті.
Мақсаты: Балада өзін жетілдіруге , өзін- өзі өзгертуге ,
өзін- өзі түсінуге, өзін - өзі тәрбиелеуге бағытталған белгілі бір танымдық
қабілеттерін қалыптастыру.Оқушыда құзіреттілік қалыптастырып қана қоймай,
оны жалпы қойылған мақсатқа жету жолындағы құрал деп қарау. Оқыту баланың
жақын даму аймағына негізделген: Оқыту- дамыту- қабілет(оқу әрекеті арқылы
теориялық ойлаудан жаңа білімге)
Оқу мазмұны жалпыдан жалқыға, дерексізден – нақтыға
бағытталған ғылыми- теориялық ұғымдар жүйесін көрсетеді.
Оқытудың ең басты әдісі- танымдық – ізденімпаздық оқу

әрекеті. Оқу
әрекеті барысында мұғалім оқушылардың өздеріне оқу мақсатын анықтауға
басшылық жасайды. Дамыта оқыту идеясы бойынша оқу мақсатын қоюда ешқандай
дайын үлгі берілмейді.Оқушы ғылыми зеттеудің жолын қайталап өткендей
юолады.Ол өзі жаңалық ашатын кішкентай ғалымға айналады.Осы арқылы оқушының
танымдық құзіреттілігін қалыптастыруға алғашқы жол қаланады.Бүкіл теориялық
білім, білік дағдыны меңгеру бірнеше танымдық тапсырмаларды орындау арқылы
жүзеге асырылады.
Дамыта оқыту белгілері:
1. Педагогикадағы түсіндірмелі-иллюстративті әдісі алмастырады. Бұл әдіс
тұлға дамуы – тығыз байланыста.
2. Дамытудың барлық заңдылықтарын ескереді, жеке бастың өзіндік деңгейі
мен ерекшелігіне сәйкестендіріледі.
3. Балаға іс - әрекеттің толыққанды субъектісі болып табылады.
4. Балаға қоршаған ортамен өзара қатынасқа түсетін дербес субъект рөлі
беріледі.
5. Тұлғаның барлық қасиетін тұтас дамытуға негізделген.
6. Баланың жақын даму аймағында жүзеге асады.
Аталған сабақ түрлері оқушылардың құзыреттіліктерін қалыптастыруға
өз септігін тигізеді. Заман талабына сай 12 жылдық орта білім беру мазмұны
Стандартпен анықталатын келесідей түйінді құзыреттіліктер ретіндегі білім
беру нәтижелеріне әрбір білім алушының қол жеткізуіне бағытталған:
- проблемалардың шешімін табу;
- ақпараттық;
- коммуникативтік құзыреттіліктер.
Құзыреттілік – оқушылардың іс -әрекеттің әмбебап тәсілдерін
меңгеруінен көрінетін білім нәтижесі деп Қазақстан республикасы Жалпыға
міндетті мемлекеттік стандарттың жобасында анықтама берілген.
Олай болса, бастауыш сыныптардан бастап дамыта оқыту
технологиясын оқушының түйінді құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағыттай
жұмыс істеу талап етіліп отыр.
Оқушы құзыреттіліктерін мүмкіндік беру саласы:

Проблеманы шешу ақпараттық Коммуникативтік
Түрлі жағдайларда сыни тұрғыдан ұсынылған қазақ және басқа
проблеманы анықтауға,ақпараттар негізінде шешім тілдердегі жазбаша
шешім қабылдауға қабылдауға коммуникация түрлерін
Өз әрекетіне мақсат ақпараттардаы өзбетімен қолдануға
қоюға табуға, талдауға, іріктеуге, тілдік қатынастық
өзін - өзі бағалауға түрлендіруге, тасымалдауға стилдерімен жанрларын
өз әрекетін басқамен коммуникациялық қолдануға
салыстыруға технологияларды қолдануға әдептілік нормаларына
қойылған міндетке ақпаратты өңдеп, қолдануға сәйкес пікір білдіруге
сәйкес әдістерін басқа мәдениет
таңдауға өкілдерімен, түрлі
көзқарастағы адамдармен
сұхбат жүргізіп,
шиеленіскен ахуалды
шешуге
мүмкіндік береді

Оқушының құзыреттіліктерін қалыптастырудағы дамыта оқыту
технологиясының қолданыс табуын төмендегідей көрсетуге болады.
Оқу мәтінін қою сабағында
І. Табыс ситуациясын тудыру кезеңінде оқушылар өз жетістіктеріне көз
жеткізеді, яғни білетіндері сараланады. Осы кезеңде оқушылардың
ақпараттық, коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту көрініс береді.
ІІ. Интеллектуалдық шиеленіс кезеңінде оқушылардың ізденіс зерттеу
әрекеттерін ұйымдастыруда салыстырады, топтардың жауаптары тыңдалып,
шешімдері тыңдалады. Осылайша сабақ мақсатын оқушылар өздері айтады. Бұл
кезеңде оқушылар алдарына қойылған проблемаларды анықтап, топтың шешімі
арқылы мақсат қояды. Яғни, проблеманы шешу құзыреттіліктері қалыптасады.
ІІІ. Оқу міндетін қою кезеңінде жеткіліксіз білімдерін өздері
меңгереді. Оқулықтан тиісті ақпаратты тауып, қажеттісін сызба арқылы
береді.
ІҮ. Оқу міндетін шешу амалдарын іздестіруде практикалық жұмыстарды
топ өздері орындайды, қиындықтарды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқытудың дәстүрлі технологиялары
Қазіргі педагогикалық технология. Дәрістер
Оқытуды ұйымдастырудың қосымша формалары
Оқытудың заңдылықтарымен принциптері
Проблемалық оқыту технологиясы. Деңгейлеп оқыту технологиясы
аңа технологиялардың түрлері мен мазмұнын сипаттап, жоғары оқу орындарында мемлекеттік тілді меңгертудің жаңа технологиялық әдістерін көрсету
Математика сабақтарында дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстар
Оқыту технологияларының түрлері мен мазмұны
Жалпы білім беретін мектеп оқу үдерісінде жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың теориялық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларына үйге берілген тапсырмаларды қолданылатын көрнекілік әдістер
Пәндер