Мұғалжар тауына физикалық – географиялық сипаттама



Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2

І Тарау Мұғалжар тауына физикалық . географиялық сипаттама.
1.1.Мұғалжар тауының жер бедерінің ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2. Мұғалжар тауының геологиялық құрылымы және пайдалы
қазбалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 6

ІІ Тарау Мұғалжар тауының топырағы, өсімдік және жануарлар
дүниесі
2.1. Мұғалжар тауының климаты және ішкі сулары ... ... ... ... ... ... ... .10
2.2. Мұғалжар тауының табиғат зоналары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
Кіріспе
Мұғалжар тауы - Оралдың оңтүстік жалғасы, Ақтөбе облысы аумағында. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 400 км-ге созылып жатыр. Ені 200 км-дей. Орташа биіктігі 300 м, ең биік жері — Үлкен Боқтыбай тауы (657 м). Солтүстігінде жіңішке бұйрат түрінде басталып, әрі қарай бір-біріне жарыса орналасқан екі қатар тізбекке бөлінеді. Олардын арасын беті сәл белесті ойыс бөледі (ені 15 — 20 км). Жоталар кей жерлерде бір-бірімен төбелер жүйесі арқылы жалғасады. Аралық өңірде девон мен тас көмір дәуірінің құмтас пен әктас жыныстары таралған. Жоталар кембрийге дейінгі және палеозойлық кварцит, кристалдық тақтатас, гнейс, гранит, т.б. жыныстардан құралған. Батыс Мұғалжар, немесе Бас жота бір-бірімен тіркесіп, меридиан бағытында созылатын жеке қырқалар тізбегін түзеді. Онтүстік бөлігі биік жөне қатты тілімденген. Шығыс Мұғалжар тауы аласа, төбесі тегіс шоқылар тізбегі түрінде. Солтүстік бөлігі айқын тау сипатында, оңтүстікке қарай бірте-бірте аласара береді де маңайындағы жазықтан аз-ақ көтеріліп тұратын аласа төбеге айналып кетеді. Мұғалжар тауының 48° с. е. маңында аяқталады, одан оңтүстікте абстракциялық биіктігі 250 м-ден аспайды. Мұғалжар тауының Ырғыз өзені салалары арасындағы суайрықты құрайды. Солтүстікке қарай Ор өзені ағып шығады. Климаты тым континентті, кысы суық, қар жамылғысы жұқа. Қаңтардың ортасында температурасы -15 — 18°С. Жазы
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.В. П. Горощенко., И.А. Степанов «Табиғаттанудан сабақ беру методикасы» Алматы, 1981жыл.
2. «СССР физикалық географиясы» Алматы, 1986ж
3.Б. Асубаев, Г. Сулейменова, К, Ысқақова., С. Көбенкулова «Қазақстанның физикалық географиясы оқыту әдістемесі» А - 2004ж
4. Власова Т.В. «Материктердің физикалық географиясы» А, 1984.
5. Бейсенова Ә «Қазақстан табиғатын зерттеу және физикалық географиялық идеяларының дамуы» Алматы, 1990ж.
6. «География және табиғат» 2003 №6
7. В.П. Максаковский «География» Алматы 1997 жыл.
8. «Қазақ Совет Энциклопедиясы» Алматы 1974 жыл.
9. «Материктермен елдерде» Алматы 1983 жыл.
10. «Материктер» Ақназаров Х. Алматы 1989 жыл.
11. Колесник С.В. «Жалпы жертанудың негіздері» Алматы – 1952ж.
12. Мұқашев Ж.М. « Жалпы жертану» Алматы – 2002ж.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
І Тарау Мұғалжар тауына физикалық – географиялық сипаттама.
1.1.Мұғалжар тауының жер бедерінің
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ..4
1.2. Мұғалжар тауының геологиялық құрылымы және пайдалы

қазбалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. 6

ІІ Тарау Мұғалжар тауының топырағы, өсімдік және жануарлар
дүниесі
2.1. Мұғалжар тауының климаты және ішкі
сулары ... ... ... ... ... ... ... . 10
2.2. Мұғалжар тауының табиғат
зоналары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .15
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 16

Кіріспе
Мұғалжар тауы - Оралдың оңтүстік жалғасы, Ақтөбе облысы аумағында.
Солтүстіктен оңтүстікке қарай 400 км-ге созылып жатыр. Ені 200 км-дей.
Орташа биіктігі 300 м, ең биік жері — Үлкен Боқтыбай тауы (657 м).
Солтүстігінде жіңішке бұйрат түрінде басталып, әрі қарай бір-біріне жарыса
орналасқан екі қатар тізбекке бөлінеді. Олардын арасын беті сәл белесті
ойыс бөледі (ені 15 — 20 км). Жоталар кей жерлерде бір-бірімен төбелер
жүйесі арқылы жалғасады. Аралық өңірде девон мен тас көмір дәуірінің құмтас
пен әктас жыныстары таралған. Жоталар кембрийге дейінгі және палеозойлық
кварцит, кристалдық тақтатас, гнейс, гранит, т.б. жыныстардан құралған.
Батыс Мұғалжар, немесе Бас жота бір-бірімен тіркесіп, меридиан бағытында
созылатын жеке қырқалар тізбегін түзеді. Онтүстік бөлігі биік жөне қатты
тілімденген. Шығыс Мұғалжар тауы аласа, төбесі тегіс шоқылар тізбегі
түрінде. Солтүстік бөлігі айқын тау сипатында, оңтүстікке қарай бірте-бірте
аласара береді де маңайындағы жазықтан аз-ақ көтеріліп тұратын аласа төбеге
айналып кетеді. Мұғалжар тауының 48° с. е. маңында аяқталады, одан
оңтүстікте абстракциялық биіктігі 250 м-ден аспайды. Мұғалжар тауының
Ырғыз өзені салалары арасындағы суайрықты құрайды. Солтүстікке қарай Ор
өзені ағып шығады. Климаты тым континентті, кысы суық, қар жамылғысы жұқа.
Қаңтардың ортасында температурасы -15 — 18°С. Жазы ыстық, құрғақ, шідденің
орташа температурасы 21 — 25°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 200 — 250 мм.
Солтүстік бөлігінің қиыршықты тастақ даласында боз, бетеге, сұлыбас өскен.
Оңтүстікке қарай астық тұқымдасты жусанды шөлейтке ауысады (бетеге, жусан,
т.б.). Жыраларда анда-санда қайың, көктерек, тал, мойыл кездеседі. Қатты
тау жыныстары жер бетіне шығып жататындықтан өңір егін егуге қолайсыз.
Егіншілікке пайдалануға жарамды жерлер тек аңғарларда ғана кездеседі. Жер
асты суының қоры мол. Мұғалжар тауының қойнауында мыс, никель, марганец,
сирек металдардың, фосфорит және тас көмірдің кен орындары барланған.
Олардың кейбіреулері (никель, фосфорит, т.б.) өндірілуде.

І Тарау Мұғалжар тауына физикалық – географиялық сипаттама.
1.1.Мұғалжар тауының жер бедерінің ерекшелігі

Мұғалжар тауларында шикізаттың мол кездесуі ежелгі адамдарға түрлі еңбек
құралдарын жасауына, ал плейстоцендегі табиғи жағдайлар тұз андарын көп
аулауына мол мүмкіндік туғызды. Мұалжар тауында ашель заманына тән
шапқылар, тасбақа пішіндес өзектастар, қырғыштар жиі кездеседі. Бұл
Мұғалжар тауының басқа өңірдегі палеолиттік кешендерден өзгеше екендігін
көрсетеді. Сондай-ақ олардың Қаратау, Маңғыстау мен Сарыарқа өңірлеріндегі
палеолиттік ескерткіштермен техникалық және типологиялық жағынан аз да
болса байланысы бар екендігі аңғарылады. Әсіресе мұндағы Мұғалжар 3 - 6
ескерткіштерінен алынған, ашель дәуірінен бастап кейінгі (жоғары)
палеолитке дейінгі аралықты камтитын тас құралдар Қазақстандагы палеолиттік
ескерткіштердің хронологиясын, кезеңдестірілуін және корреляциясын
анықтауда негізгі мағлұмат көздерінің бірі болып табылады.
Мұғалжар тауының жер бедерінің ерекшелігі қазіргі жер бедері жердің ішкі
және сыртқы күштерінің әрекеті нәтижесінде қалыптасып отыр. Ішкі, сыртқы
күштер әрекеті әлі тоқтаған жоқ. Ішкі күштердің әрекеті кейінгі тау түзілу
процестері, биік таулы аудандардың шетінде болатын көтерілулер мен төмен
түсулерден байқалады. Жер қойнауында тоқтаусыз жүріп жатқан қозғалыстарды
тектоникалық қозғалыстар деп атайды. Жаңа тектоникалық қозғалыстар кайнозой
эрасының неоген және төрттік (антропоген) дәуірлерін қамтиды. Бұл
қозғалыстардың нәтижесінде Қазақстанның таулары жаңғырып, қатпарлы-жақпарлы
тауларға айналды. Тау жасалу процесі қазір де жүріп жатыр. Бұған тау
бөктерлерін терең тілімделген жас өзен аңғарларының болуы айғақ, сондай-ақ
Қазақстанның биік таулы жүйелеріне тән ірілі-ұсақты жер сілкінулер де
тектоникалық қозғалыстардың болып жатқанын дәлелдейді. Жер сілкіну
процестерін сейсмология ғылымы зерттейді. Жер сілкіну - аса қауіпті апат
әкелетін табиғат құбылыстарының бірі. Жер шарындағы сейсмикалық аспаптардың
(сейсмограф) тіркеуі бойынша тәулік сайын орта есеппен 200-ден астам, ал
бір жылда 100 мыңға жуық жер сілкінісі болып тұрады. Бірақ олардың бәрі
апатты емес. Жер сілкіну - жер асты дүмпу күштерінің әсерінен жер беті
қыртысының тербелуі. Жер сілкіну жер бетіндегі біліну, сезілу күшіне сәйкес
халықаралық кесте (МЗК-64) бойынша 12 балға ажыратылады. 1964 жылы үш
сейсмолог ғалым фамилияларының бас әріптерінен құралған кесте
қабылданды. ТМД аумағында қолданылатын осы кесте бойынша 1 балл мен 4 балға
дейінгі аралықта жер сілкіну күшін жан-жануарлар мен адамдар сезеді. Ал 4
пен 9 балға дейінгі аралықта құрылыс орындарының қирауы байқалады.

1.2 Мұғалжар тауының геологиялық құрылымы және пайдалы
қазбалары
Мұғалжар металлогения аймағы - Мұғалжар өңірінде кентасты және
бейкентасты кендер орналасқан аймақ. Ақтөбе облысы жерінде Орал металлоген
белдеудің оңтүстік жалғасы болып саналады. Соңғы геологиялық - геофизикалық
деректер бойыніпа байкал қатпарлығы кезіндс Орталық Орал терең жарылысы
Орал тауын батыс және шығыс бөліктерге бөлген. Кембрийге дейінгі кезеңнен
бастап осы бөліктердің әрқайсысы түрліше геотектоникалық режимде дамыған.
Оралдың миогеосин – клинальдық батыс бөлігі Шығыс Еуропа платформасымен
байланысты болып, онымен бірге архей-том протерозойлық іргетас құрады.
Оралдың эвгеосинклинальдык шығыс бөлігі байкал, каледон, герцин
қатпарлықтарына ұшырады. Бұл қатпарлықтар күшті магматизмнің дамуына және
көптеген эндогендік кентастардың қалыптасу процестеріне қолайлы әсерін
тигізді. Нәтижесінде Мұғалжардың эигеосинклинальдық бөлігі батыстан шығысқа
қарай синклино-рийлік Сакмар, антиклинорийлік Ор-Елек, синклинорийлік Жасыл
тасты, антиклинорийлік Шығыс Мұғалжар, синклинорийлік Ырғыз құрылымдық
формацияларына (металден, белдемдерге) бөлінді. Аталған белдемдер бір-
бірімен терең жарылыстар арқылы ұштасады. Антиклинорийлік және
синклинорийлік белдемдерде байқалған алмасулар жер қыртысының жақпарлы-
блокты құрылысының тікелей көрсеткіші ретінде танылады. Синклинорийлік
белдемдерде қара металдар, мыс, алтын; антиклинорийлік белдемдерде сирек
металдар мен алтын кендері басым келеді. Шығыс Мұғалжар белдемінің
кембрийге дейінгі метаморфтық кешендерінде кездесетін ан тофиллит-асбестің,
фафиттің, мускониттің, тау хрусталінің кендері амсолиболиттік фацияның
аймақтық метаморфизмімен байланысады.
Мұғалжар мыс кенді белдеуі – Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданыңда
орналасқан кенді өңір. Мұғалжар атырабында көптеген мыс кентастар
белгілерінің бар екендігі ертеден белгілі. Аралша, Авангард, т.б. мыс-
колчеданды кентастар кендерінің ашылуы Мұғалжарды жаңа мысты аймиқ қатарына
жатқызды. Ең басты кендер негізінен Тагил-Магнитогор белдемінің (Оралдың
бас мыс-колчедан белдеуі) оңтүстік жалғасы саналатын жасыл тасты
синклинорийлік белдемнің солтүстігінде орналаскан. Колчедандық кендер мен
кентастар белгілері, базальтоидтық вулканизмнің бастапқы сатылары кеңінен
тараған және олардың әр түрлі жынысгары бір-бірінен күрт өзгеше келетін
немесе тетелес жіктелген формациялар құрайтын геосинклинальдық ойпңдарда
(синклинорийлерде) орналасқан. Жанартау-тектік формациялар ішіндегі кендер
субмеридиандық және көлденең жарылыстар белдемдерінің қиылысқан немесе бір-
біріне түйіскен жеке телімдерінде (кентас түйіндерінде) шоғырланған. Мұндай
түйіндер вулканиттердің көмейлік және субжанартаулық фациялардың дамуымен
сипатталады. Синклинорийлік құрылымдардың геотектоникалық дамуымен
байланысты эффузиялық магматизмнің солтүстіктен оңтүстікке, батыстан
шығысқа қарай жылжуы силурдан (Сакмара белдемі) карбонға (Ырғыз белдемі)
дейін, жасы әр түрлі колчедандык кендердің пайда болуына қолайлы жағдай
жасады. Колчедандық кентас жаралуымен тығыз байланысты аймақтық жасыл
тастық метаморфизм күшінің төмендеуі де осы бағытта байқалады. Осы белдемді
солтүстікке қарай Ортаңғы Ор, Біршоғыр, Сакмара белдемін Кеңтоғай,
Қосестек, Қарғалы, Ырғыз белдемін Қиялыкөл-Қарақұм, Бақсай сияқты кенді
аудандарға бөлуге болады.
Мұғалжар сирек металдар белдеуі - Актөбе облысының Мұғалжар тауындағы
сирек металдардың кендері орналасқан алқап. Сирек металдардың кентастануы
негізінен кембрийге дейінгі ме-таморфтық кешендерінен (гнейс, амфиболит,
кристалдық тақтатас) құралған және Шығыс Мұғалжар металлоген, белдемінде
шоғырланған. Мұнда кембрийге дейінгі ультраметаморфизмімен палеозойдың
орогендік граниттік магматизмімен байланысты мигматиттер, граниттік 597
гнейстер, граниттер кең тараған. Сирек жер элементтерінің акцессорлық
кентастануы (монацит, циркон, ру-тил, т.б.) кембрийге дейінгі
гранитоидтармен бір кеңістікте топтасқан. Бұл кентастанудан қорымды кендер,
кентас белгілері қалыптасады. Бұлардың ішіңде герциннің екі сатылы
фанитоидтық магматизмімен генетикалық байланыста болатын сирек металл және
сирек жер элементтерінің кентастануы ерекше орын алады. Лейкократтық
граниттердің ірі батолит интрузиялары герцин магматизмінің бірінші
сатысымен байланыста келеді. Молибден-вольфрам-висмут кентастануы
(Итастыбұлақ, Ақпан, Борлы, т.б.) осы интрузияларда орналасқан. Сирек
металл кентастануының пегматиттік және пневматолиттік-гидротермальдық
типтері бар. Ырғыз бойының сирек металды пегматиттері танталит-колумбиттік
формацияға жатады. Пегматитті аландар Талдысай массивінің фаниттерімен
қиылған, амфиболиттер мен гнейстерден құралған ан-тиклинальдық құрылымдарда
орналасқан. Пневматолиттік-гидротермальдық тип фейзендік (Шығыс),
альбититтік (Борсықбай, Әйке, Қарасып, т.б.), циркон-монациттік (Шідер,
Отешәлі, Белқопа), кварц-молибденит-серицитгік кентасты формацияларды
Итасты-бұлақ, Қарабұлақ біріктіреді.
Мұғалжар шыңы құмдарының кені. - Батыс Мұғалжар бойында, Ор-Елек (Сакмара-
Оралтау) көтерілімінің оңтүстік пен Ор ойпаңында кездесетін құмды алқап.
Құм кендері палеоген мен миоценнің континентгік шөгінділеріңде шоғырланған.
Ірілері — Батыс Мұғалжар алды ойпаңындағы Мұғалжар мен Айрық арасында саз
қабатшалары мен линалары бар ақ түсті кварц құмының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Урал тауының физикалық географиялық сипаттамасы
Орал тауы
Н.А.Северцовтің Қазақстан табиғатын зерттеуі
Қазақстан территориясын физикалық-географиялық аудандастыру
ҚАЗАҚСТАН ТАУЛАРЫН ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ МЕКТЕП ГЕОГРАФИЯСЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ
Мұғалжар тауы
Географиядан проблемалық оқытудың белгілері
Қазақстандағы ірі физикалық – географиялық аудандар
Орал тауы туралы мағлұмат
Қазақстан Республикасы туралы жалпы мағлұмат
Пәндер