Қоғам дамуындағы экономикалық теорияның орны мен рөлі


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қоғам дамуындағы экономикалық теорияның орны мен рөлі

Экономикалық теорияның қалыптасу мен даму кезеңдері

Экономикалық теорияның мәселелері сонау көне замандағы ойшылдардың назарларында да болған. Мәселен, ертедегі грек философы Аристотель өз заманының экономикалық мәселелерімен айналысып, бірсыпыра елеулі пікірлер қалдырған. Мысалы, құл иеленуші қоғамдағы шаруашылықты ұйымдастыру мәселелерін зерттей келіп осы ғылымның атын экономия деп атаған. Экономия грек тілінде «ойкос» - үй, шаруашылық, «номос» - ілім, заң деген мағынада қолданған. Басқа сөзбен айтқанда экономика бұл үй шаруашылығын басқару өнері дегенді білдіретін көне грек сөзі. Осыдан келіп экономика жөнінде сөз болғанда, алдымен шаруашылықты - үй шаруашылығын, кәсіпорын, сала, аймақ, ел және дүние жүзі шаруашылықтарын көзге елестетеміз. Осы шаруашылықты зерттейтін ғылымдар жүйесі экономика деп аталады. Сондай-ақ, Аристотель өз заманындағы орын алған тауар-ақша қатынастарын зерттеп, шаруашылықпен тауар өндірісі арасындағы айырмашылықты байқай білген, қоғам байлығын: тұтыну құндарының жиынтығы деп түсінген. Байлықтың бірінші түрінің негізі, көзі - өндіріс - егіншілік пен кәсіпшілік, ал байлықтың екінші түрі - ақша қоры - табиғаттан тыс құбылыс деп есептеген. Өйткені, бұл айналыс процесінен туып отырады, онда тікелей тұтынатын еш нәрсе жоқ, оның мөлшерін ештеңемен өлшеп отыруға болмайды дейді. Мұның өзі ол заман үшін озық пікір еді. Сондықтан да ол өз заманында бірінші болып тауардың тұтыну құны мен құны арасындағы айырмашылықты айыра білген. Әрине, Аристотель заманындағы өндіргіш күштер дәрежесінің төмендігі, ғылым дамуының тапшылығы, жалпы алғанда қоғам дамуының төменгі сатыда болуы экономикалық құбылыстар мен заңдарды жете түсінуге ғылыми тұрғыдан шешуге мүкіндік бермеді.

Экономикалық ой пікірлердің ғылыми тұжырымдалып қалыптасуы сауда, өнеркәсіп капиталының дами бастауына байланысты болды. Бұл кезең негізінен Еуропада ХУІ-ХУІІ ғасырларды қамтыды. Ал Ресейде тауар-ақша қатынастары 1861 жылғы реформадан соң дамыды. Қазақ елінде ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы сауда капиталы, тауар-ақша айналымы, халықаралық нарық бірте-бірте жанданған кезеңді қамтыды.

Экономиканың теориялық мәселелерін ең бірінші болып меркантилистер (итальян тілінде - мерканте-саудагер) зерттеп бастаған. Меркантилистер қоғамдық байлықтың негізі ақша- алтын деп білді. Яғни, пайда атауының бәрі айналыстан, сату-сатып алудан өнеді деп есептеген, сондай-ақ, олар заң арқылы ел ішінде ақша байлығын молайту, ақшаны шетелге шығаруға тыйым салу, шетелдерден келген саудагерлерді сатудан өндірген ақшаны ел ішіндегі жергілікті бұйымдарды сатып алуға міндеттеу керектігін айтқан. Бұлармен қатар меркантилистер бір елден тауарды арзан сатып алып, екінші елге барып қымбатқа сату принципін қолданған, сауда капиталын шетелдерге шығарып отыруды, сауда-теңіз флотын дамытуды, отар елдермен жаңа жерлерді басып алуын жақтаған.

Қорыта айтқанда, сауда капиталы тұрғысынан меркантилистердің көзқарасы дұрыс деп айтуға болады. Себебі, сауда капиталы айырбас, айналыс процесін үздіксіз жүргізу арқылы экономиканы жандандыруға көмектеседі. Бірақта сауда капиталы өз алдына қоғам дамуын, адамдардың әл-ауқатын көтеретін күш емес. Оның себебі айналыс, айырбас саласында тек қана құн формасы ауысып тұрады, екінші сөзбен айтқанда тауар, оның құны бір қолдан екінші қолға өткенде ешбір жаңа тауар, жаңа құн жасалмайды. Демек, меркантилистер теориясы ғылыми дәлелденбеген, ол халық шаруашылығын толық қамтитын ілім болған жоқ.

Меркантилистердің осы осалдығын физиократтар байқаған. Олардың (Тюрго, Кенэ ) пікірінше, қоғам байлығының бірден бір көзі сауда емес өндіріс екенін дәлелдеді. Бірақ олар өндірісті тек ауыл шаруашылығымен шектеді. Олардың пікірінше, қоғам байлығының бірден бір көзі ауыл шаруашылығы өнімдері деп есептеді. Бірақ та олардың өндірісті тек қана ауыл шаруашылығымен шектеуі халық шаруашылығының басқа салаларын өнімсіз деп есептеуі дұрыс болмады.

Осы олқылықты тарихта классикалық буржуазиялық саяси экономияның көрнекті өкілдері У. Петти, А. Смит, Д. Рикардо өз еңбектерінде айқын көрсетті. Қоғам байлығы жалпы өндіріс салаларында қалыптасатындығын дәлелдеді. Ауыл шаруашылығымен қатар өнеркәсіптің түрлі салаларында материалдық игіліктерді өндіру, өңдеу процестерін жалғастыратын көлік, байланыс, халыққа қызмет көрсету салаларында да жаңа құн өндіріліп, қоғамдық байлық молаяды деген қағида берік қалыптасты.

Классикалық саяси экономия жаңа дамып келе жатқан капиталистік өндірістік қатынастарды дәріптеуші, өндіріс капиталының мүддесін қорғайтын экономикалық ой-пікірдің жаңа прогрессивті сатысы болды.

Классикалық саяси экономияның басты табысы еңбек құн теориясының негізін қалады. Сол кезеңдегі экономикалық теорияны дамытуға елеулі үлес қосқан А. Смит болды. Еңбек құн теориясына негізделе отырып, А. Смит тауардың екі жақты сипатын (құнын және тұтыну құнын) ашты, жұмыс күші құнының құрылу механизмін анықтай отырып, жұмысшы өзінің құнынан артық құн өндіретіндігін, күрделі және жәй еңбектің арасындағы айырмашылықтарды көрсетті. Бірақ та А. Смиттің экономикалық теорияны дамытудағы елеулі қосқан үлесі нарықтың әрекет ету механизмін, мемлекеттің экономикадағы рөлін, бәсекенің әсерімен сұраныс пен ұсынысқа байланысты қалыптасқан еркін бағалар негізіндегі нарықтың өздігінен реттелу механизмін жете зерттеуі болды. Бұл экономикалық реттігіштерді (бағалар, сұраныс, ұсыныс, бастысы- бәсеке) ол «көрінбейтін қол» деп атады.

Экономикалық ғылымның әрі қарай дамуы күрделі жолдардан өтті. ХІХ ғасырдың екінші жартысының басында саяси экономия терең дағдарысты басынан өткерді. Ол екі тармаққа марксизм және маржинализмге бөлініп кетті.

Марксизмнің негізін қалаушы К. Маркс (1818-1883) болды. К. Маркстің басты еңбегі «Капитал». Марксистер Рикардо және Петтидің еңбек құн теориясына негізделе отырып, құн теориясын, еңбектің екі жақтылығын, тауардың қайшылықтары туралы концепция жасады. Сондай-ақ, еңбек құн теориясын маркстік саяси экономия ілгері дамытып қосымша құн туралы ілімді жан-жақтаы талдады. К. Маркс еңбек құн теориясына сәйкес қосымша құн өндіру - капиталистердің пролетариатты қанауы арқылы өз байлығын арттырудың тұрақты көзі екендігін көрсетті. Әйтсе де марксизм ілімнің кейбір теориялық қорытындылары практика жүзінде, өмірде дәлелін таппады.

Маржинализм (француз тілі - шекті) марксизмнен айырмашылығы қанауға негізделген өндіріс әдісі ретінде капитализмнің мәнін зерттеуден бас тартып, шаруашылық қатынастарын зерттеуге бет бұрды.

Бұл бағыт ХІХ ғасырдың 70-жылдарында дүниеге келді. Оның өкілдері: Австрияда К. Менгер, Англияда У. Джевонс, Швейцарияда Л. Вальрас. Маржиналистер экономика ғылымының мақсаты шектеулі ресурстарды бөлудің тиімді әдістері мен шаруашылықты ұтымды жүргізудің жолдарын іздестіруде деп таныды.

Экономикалық теорияда неоклассикалық бағыттың пайда болуын Альфред Маршаллдың атымен байланыстыруға болады. Оның «Саяси экономиканың принциптері» деген еңбегінде құн теориясы емес, баға теориясы қарастырылды. Бағаның құрылу механизмін Маршалл сұраныс және ұсыныс ара қатынасы нәтижесі ретінде қарастырды. Оның сұраныс теориясының негізін Австрия мектебінің өкілдері жасаған шекті пайдалылық теориясы болса, ал ұсыныс теориясының негізін өндіріс факторлары туралы ілім және американ экономисі Кларктың шекті еңбек өнімділігі туралы теориясы құрды. Экономикалық теорияда ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы пайда болған Кейнсиан теориясын атауға болады. Бұл теорияның пайда болуына негізгі себеп болған ұлы дағдарысты (1929-1933 ж. ж. ) еске түсіруге болады. Кейнс макроэкономиканы талдаумен экономикалық теорияның пәнін толықтырды. Кейнстің негізгі идеясы бойынша еркін бәсекеге негізделген нарық экономикасының барлық мүмкіндіктері сарқылды, ол енді өзін-өзі реттей алмайды, сол себептен экономика мемлекет тарапынан реттелуі тиіс. Сондай-ақ, ол экономиканы мемлекеттік реттеудің нақты механизмін жетілдіру жолдарын ұсынды. Кейнстің ойынша, мемлекет жұмысбастылықты реттеу арқылы капиталистік экономикада әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етеді, несиеге көпшіліктің қолы жеткізілген болса, онда іскер адамдар нарықтың кейбір қиын жағдайларынан шығуларына көмектеседі, ақшаның тұрақтылығын қамтамасыз ету негізінде инфляцияның барлық қиыншылықтарын жеңуге жағдай жасайды, жалпы мемлекет экономиканы реттеп отырады.

Экономикалық теория пәні мен қызметтері.

Экономикалық заңдар мен категориялар.

Экономистердің барлығынан ерте заманғы ойшылдардан қазіргі заманғы ғалымдарға дейін бір жалпы сипат байқалады. Олардың көздеген мақсаттары- қоғам байлығын өсу жолдарын зерттеу. Мәселен меркантилистер экономика ғылымының зерттеу объектісі ретінде елдегі ақша капиталының (алтын, күміс) қорлануы және сыртқы саудамен байланысты тауар мен ақша айналыс процестерін қарастыру. Классикалық мектептің өкілдері экономикалық теорияны байлық туралы ғылым ретінде және сол байлықты көбейту жолдарын қарастырды, ал марксизмнің классиктері әр түрлі әлеуметтік топтардың арасындағы материалдық игіліктерді иемдену, айырбастау және бөлу туралы экономикалық қатынастарды зерттеу объектісі ретінде қарастырған. Қазіргі кейбір теориялар нарықтық экономика жағдайында шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану әдістерін (жолдарын) зерттеуді басшылыққа алған. Мысалы, экономикалық теорияның пәні ретінде адамдардың шексіз қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру мақсатындағы игіліктерді өндіру процесіндегі адамдардың іс-әрекеттерін қарастырады. Көріп отырғанымыздай қазіргі кезеңде экономикалық теорияның пәні бойынша әр түрлі пікірлер қалыптасқан. Сонымен, жоғарыда аталған көзқарастарды ескере отырып, экономикалық теорияның пәніне мынадай анықтама беруге болады. Экономикалық теория ресурстардың шектеулі жағдайында адамдардың қажеттіліктерін толық қамтамасыз ету үшін, олардың арасындағы өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну процестерінде пайда болатын экономикалық қатынастарды зерттейді.

Экономикалық теория бірқатар ғылымдардың салалық (сауда, өнеркәсіп, ауыл шаруашылық) экономикасы, салааралық (экономикалық география, статистика), функционалды (қаржы, несие, маркетинг) ғылымдардың методологиялық негізі болып табылады. Экономикалық теорияның зерттеу объектісі жағынан микро-, макроэкономика болып бөлінеді.

Экономикалық теория үш негізгі қызмет: танымдық, методологиялық және практикалық қызметтерді атқарады.

Экономикалық теорияның танымдық қызметі экономикалық процестер мен құбылыстарды түсіндіру және зерттеу негізінде көрінеді. Экономикалық теорияның методологиялық қызметі оның басқа экономикалық ғылымдар жүйесіндегі орнымен анықталады, яғни барлық экономикалық ғылымдардың зерттеу әдістерінің негіздерін құрайды. Экономикалық теорияның практикалық қызметі шаруашылықты тиімді жүргізу әдістері мен принциптерін дайындаумен байланысты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық теорияның қалыптасуы және дамуы
Экономикалық теория туралы ақпарат
Қоғамды басқаратын аппарат
Мемлекет және құқық теориясының пәні жайында
Экономикалық теорияның негізгі даму бағыттарына шолу
РЫНОКТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ ТАЛДАУДАҒЫ (ЗЕРЕТТЕУДЕГІ) ФОРМАЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӨРКЕНИЕТТІК БАҒЫТТАР
Экономикалық теория жайлы
Мемлекеттік құрылым формасы
Экономикалық заңдар, экономикалық категориялар
Экономикалық теорияның орны мен ролі, пәні және әдіс- тәсілдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz