Шaянтәpізділep класы



1 Кіріспе
2 Құрылысы мен физиологиясы
3 Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Шаянтәрізділердің 30000-ғa жуық түрі белгілі, негізінен тұщы су
қоймаларында, теңіздерде кең тараған. Олардың арасында бентосты (су түбінде
мекендейтін), планктонды, паразитті жене кұрлықта тіршілік ететін түрлері
бар. Кұрлықта тіршілік ететін шаянтәрізділер ылғалды жерлерде, дымқыл
ортада мекендейді және желбезекпен тыныс алады, осы белгілері оларды суда
тіршілік ететін формалардан шыққандығын дәлелдейді.
Денелерінің ұзындығы 1-2 мм-ден 80 см-re дейін. Шаянтәрізділер басқа
буынаяқтылардан аса айрықша белгілерімен ерекше. Біріншіден, оларда екі жұп
мұртшалары: акронның өсінділері - антеннулалары (antennula) және денесінің,
бірінші сегментінің түрі өзгерген аяқтары - антенналары (antenna) болады.
Соған орай оларды антенна I және антенна ІІ деп атайды. Екіншіден, тек
шаянтәрізділерде ғана аяқтарының қарапайым екі бұтақты құрылысы сақталған.
Мұндай аяқ екі буыннан протоподит (protopodit) пен базиподит (basipodit)
және екі буындалған бұтақтан - экзоподит (exopodit) және эндоподиттен
(endopodit) тұрады. Сонымен қатар, протоподитте тыныс алу қызметін
атқаратын ерекше өсінділері преэпиподиттері (epipodit) бар. Бірақ, эволюция
барысында аяқ құрылысының мұндай бастапқы типі елеулі өзгерістерге
ұшырағандықтан аяқтары көбінесе бір бұтақты.

Құрылысы мен физиологиясы.

Шаянтәрізділердің денесі негізінен бас (cephalon), кеуде (thorax)
және құрсақ (abdomen) бөлімдерінен тұрады, бірақ бас бөлімі келесі кеуде
бөлімімен бірігіп кетіп баскеуде (cephalothorax) бөліміне айналған.
Сондықтан шаянтәрізділердің басым көпшілігінде денесі нақты
дифференцияланған екі бөлімнен құралған: баскеуде және құрсақ.
Дене құрамына кіретін сегмент саны, басқа буынаяқтылармен салыстырғанда
алуан түрлі: 5-8-ден 50-ге дейін.
Бас бөліміндегі сегменттерінің саны тұрақты, яғни барлық шаянтәрізділердің
басы акрон және 4 сегменттен құралған. Акрон - болжам бойынша, арғы тегінің
(көпқылтанды буылтық құрттардың) простомиум бөлігі, ал оның өсіндісі -
антеннулалары немесе 1 антенналары пальпилерінің гомологы. Антеннула -
мұртшалардын бірінші жұбы басының алдыңғы бөлімінде, ауыз тесігінің алдында
орнала- сады, бірқатар буындардан тұрады және негізінен бір бұтақты. Тек
кейбір жоғарғы сатыдағы шаяндарда олар екіге (мысалы, өзен шаянында), кейде
тіптен үшке ажырайды.
Антеннулалар - сезу, әсіресе иіс сезу мүшелері, бірақ кейде жүзу үшін де
жұмсалады.
Акроннан кейінгі 4 сегменттердің әрқайсысында бір жұп түрі өзгерген аяқтары
болады. Солардың ішінде бірінші сегменттің аяғы ұзарып антенна деп аталатын
мұртшаға айналған. Бұлар мұртшалардың екінші жұбын құрайды және антенна II
деп аталады. Олар әр түрлі қызмет атқарады. Phyllopoda отрядына жататын су
бүргелерінде ол жүзу үшін қолданылады. Жоғарғы сатыдағы шаяндардың
көпшілігінде олар сезім мүшелері. Сондықтан олардың антеннасының эндоподиті
ұзын буындалған сезімтал “қамшы” түрінде болса, экзоподиты қысқа қорғаныш
тақта түрінде болады.
Бас аяқтарының екінші жұбы - мандибулалары - негізгі тамақ үгіту қызметін
атқарады. Көптеген шаянтәрізділердің личинкасы науплиуста ол екі бұтақты
және ерекше шайнағыш өсіндісі бар. Ересек түрлерінде мандибулалардың
осындай түрі сирек сакталады. Негізінен екі бұтағы редукцияға ұшырайды
(немесе эндоподит қысқа қармалауыш түрінде қалады), ал протоподит өзінің
шайнағыш өсіндісімен жуан, үшкірленген жоғарғы жақ аппаратын түзейді.
Мандибулалардан кейін бастың 3-ші және 4-ші сегменттерінде 2 жұп астыңғы
жақтары немесе бірінші және екінші максиллалары орналасқан. Олар негізінен
протоподит буындарындағы шайнағыш өсінділері бар нәзік жапырақ тәрізді
аяқтар түрінде болады.
Аяқтарының қызметіне және орналасуына карай бас сегменттері де антеннальды,
мандибулярлы, максиллярлы І-ІІ деп те аталады.
Шаянтәрізділердің басым көпшілігінде акрон және 4 сегменттері бір-
бірімен тұтасып бас қалқаншасына - гнатоцефалонға айналған.
Кейбіреулерінде бас қалқаншасы алдыңғы кеуде сегменттерімен тұтасқан.
Мысалы, өзен шаянында бас қалқаншасы үш кеуде сегментімен біріккен, соған
байланысты сол сегменттердің аяқтары қоректі үгіту процесіне қатысады да
жақаяқтары деп аталады.

Төменгі сатыдағы шаянтәрізділерде (мысалы, жапырақаяқты ларда) акрон
тек антеннальды (бірінші) сегментпен тұтас қосылып протоцефалон деп
аталатын алғашқы бас бөлімін құрайды. Қалған үш жақ сегменттері басымен
қозғалмалы түрде байланысқан, жігі айқын.
Шаянтәрізділердің әр түрлі формаларында кеуде және құрсақ сегментерінің
саны бірдей емес, тек жоғарғы сатыдағы шаяндарда (класс тармағы -
Malacostraca) сегменттер саны тұрақты: кеуде бөлі- мінде - 8, құрсақ
бөлімінде - 6. Бас сегменттерімен бірге санағанда жалпы саны 18-ге тең.
Кұрсақ бөлімінде аналь тесігімен аяқталатын аналь қалқаны немесе тельсоны
бар. Кейбіреулерінің тельсонында айырша немесе фурка жасайтын жұп
өсінділері орналасады.
Шаянтәрізділердің кеуде аяқтары негізінде қозғалыс (локомоторлық) мүшелері,
сондай-ақ қорегін ұстау, тыныс алу процесіне де қатысады. Аяқтарының
атқаратын қызметіне байланысты, олар түрліше құрылған. Мысалы, өзен
шаянында кеуде аяқтарыньщ үш жұбы жақаяққа, төртінші жұбы жемтігін қысып
ұстайтын күшті мүшеге - қысқышқа айналған, қалғандары жүру аяқтары.
Кұрсақ аяқтары тек жоғарғы сатыдағы шаянтәрізділерге ғана (класс тармағы -
Malacostraca) тән және олар екі бұтақты, аталықтарында түтікше тәрізді
шағылыс, ал аналықтарында жұмыртқаларын құрсағына жинап, бекітіп қоятын
мүшеге айналған. Онаяқты шаяндарда (Decapoda отряды) құрсақ аяқтарының
соңғы жұбы тельсонмен байланысты және артымен алға қарай қозғалыста маңызды
қызмет атқаратын күшті тақталы құйрық аяқтарына - уроподаларға айналған.
Жабыны. Шаянтәрізділердің бүкіл денесі сыртқы қаңқа түзетін хитинді
кутикуламен қапталған. Кутикуланың астында гиподермальды эпителий қабаты
және базальды мембрана жатады. Төменгі сатыдағы шаянтәрізділерде хитинді
кутикуласы жұмсақ әрі мөлдір, ал жоғарғыларында құрамында СаС03 тұзының
көптігінен ол калың, қатты және мықты. Суда тіршілік ететіндіктен
шаянтәрізділерде денеде ылғалды сақтап тұратын кутикуланың ең сыртқы кабаты
- эпикутикуласы дамымаған. Осы ерекшелігі құрлықта тіршілік ететін
шаянтәрізділерде де сақталған. Сондықтан олар ылғалы мол жерлерде ғана
тіршілік етеді.
Кутикула қабаты сырткы қаңқаның қызметін атқарады, жануарды сыртқы
әсерлерден сақтайды және әр түрлі бұлшықет тіреулерінің негізгі нүктелері
болып келеді.
Өзен шаянында басының желке және буйір шеттері бас қалқаны немесе
карапакс (сагарах) деп аталатын жалпақ өскіндерді береді. Ол дененің букіл
кеуде бөлімін арқа және бүйір жағынан қаптап жатады. Маңдайы өткір әрі
істік рострумга (rostrum) айналган. Ол мұртшаларды және сабақшалы,
қоқзғалғыш күрделі екі көзінің түбін бүркейді. Төменгі сатыдағы
шаянтәрізділердің карапаксы ұзарыңқы, бүкіл денені сыйғыза алатын
қосжақтаулы бақалшаққа айналған немесе барлық дене сегменттерімен қосылған.
Бұлшықеттері басқа буынаяқтылардағыдай көлденең жолақты талшықтардан
тұрады. Бұлар өзара қаңқаның әр түрлі нүктелерін байланыстырады. Олардың
бір ұшы дененің бір сегментіне немесе аяқ буынына жалғасса, екіншісі -
басқа сегменттің қабырғасына бекінеді. Қосжақтаулы бақалшағы бар шаяндарда
(Ostracoda класс тармағы) бір жақтаудан екіншіге көлденеңінен өтетін ерекше
тұйықтағыш бұлшықеті болады.
Ас қорыту жүйесі жақсы жетілген. Ішегі тік немесе аздан иілген түтік
түрінде болып, алдыңғы, ортаңғы және артқы ішектерден тұрады. Аналь тесігі
тельсонның құрсақ бөлімінде орналасқан.
Ішектің алдыңғы және артқы бөлімдері сыртқы хитинді кутикуланың жалғасымен
капталған, яғни эктодермальды. Түлеу кезінде осы кутикулалар да жаңарып
ауыз және аналь тесігі арқылы түтік түрінде шығады. Жоғарғы сатыдағы
шаянтәрізділердін (Decapoda - отряды) алдыңғы ішегі кеңейіп қарынға
айналған. Ол кардиальды немесе шайнағыш және пилорикалык бөлімдерге
ажыраған. Қарынның кардиальды бөлімінің арқа және бүйір қабырңаларындаңы
кутикуласы қалындап, ізбест сіңген шеті үшкірленген үш күшті шайнағыш
тақталарына айналған. Солар аркылы ас үгітіледі. Ал пилорикалық бөліміндегі
жіңішке кутикулярлы өсінділер ұсакталған қоректік заттарды нығыздап
(престеп) және сүзіп келесі ортаңғы ішекке шығарады.
Ортаңғы ішегі түтік тәрізді, оның екі жақ бүйірінде төмпешіктері
немесе өсінділері болады. Осы өсінділерден ас қорыту ферменттері бөлініп,
сұйық ас ботқасы қорытылады. Бұларды бауыр қосалқысы деп те атайды. Олар
түрлі дәрежеде тарамдалған немесе ұзын түтікті капшық түрінде болады
(Amphipoda және lsopoda отрядтарында). Өзен шаянының екі қалқанды бауыры
әрбір жақтан ортанғы ішекке ашылатын, бір өзекке құйылатын көптеген ұсак
түтікшелерінен құралған. Бауыр сөлі ортаңғы ішектен шайнағыш қарынға
барады.

ІІІаяндардың бауыр секреті органикалық заттарды: май, белок,
көмірсуларды ыдыратады. Безді кызметінен басқа, шаяндардың бауыры
фагоцитозға да қабілетті, яғни бауыр клеткалары ұсак қоректік заттарды
кармап алып клетка ішінде қорытады. Бауыр қосалқысы мен ортаңғы ішектің
арасындағы корреляцияны, яғни өзара байланысты, тіпті тәуелділікті байқауға
болады. Неғұрлым бауыр қосалқысы нашар дамыса, соғұрлым ортаңғы ішек
ұзынырақ болады және керісінше. Мысалы, өзен шаянының ортаңғы ішегі, букіл
ішектің 120 бөлігін ғана құрайды. Ортаңғы ішек артқы ішекке жалғасады, ол
түзу түтік тәрізді, аналь тесігімен аяқталады. Кейбір паразиттік тіршілік
ететін шаяндарда, мысалы, Sacculina-ның ішегі толығымен жойылған.
Шаянтәрізділер әр түрлі ұсақ организмдермен және өсімдіктер мен
жануарлардың қалдықтарымен қоректенеді.
Шаянтәрізділердің зәр шығару жүйесі екі жұп безді мүшеден тұрады:
антеннальды жене максиллярлы. Антеннальды бездер жоғарғы сатыдағы
(Malacostraca класс тармағы) шаяндарда болады, ал қалғандарында -
максиллярлы, тек Leptostraca отрядының өкілдерінде зәр шығару бездерінің
екеуі де болады. Безді мүшелер түрі өзгерген целомодукталар. Антеннальды
жене максиллярлы зәр шығару жүйесінің құрылысы ұқсас. Әр мүше капшықтан
және одан басталатын, безді қабырғалары бар, иілген түтікшеден тұрады.
Түтік бірнеше иірім жасап кеңейген қуысқа - қуыққа ашылады. Қуық қысқа
өзегімен антенналарының түбінде (антеннальды без) немесе ІІші
максиллаларының (максиллярлы без) түбінде ашылады.
Тыныс алу жүйесі Polychaeta класындағыдай аяқтарымен тығыз байланыста.
Көптеген ұсак шаянтәрізділерде арнайы тыныс алу мүшелері жоқ. (Ostracoda,
Maxillopoda класс тармағы) - олар бүкіл денесімен тыныс алады. Басқаларында
тыныс алу мүшесі желбезектер. Олар аяқтардың протоподиттерінеи басталатын
тақталы немесе бұтақталған жұқа қабырғалы өсінділері - эпиподиттер.
Негізінен олар (Amphipoda отряды) кеуде аяқтарында дамыған. Decapoda отряд
өкілдерінің желбезектері алдымен кеуде аяқтарының протоподиттерінде дамып,
соңында дененің бүйір қабырғасына ауысып, бас қалқаншасындағы бүйір
шеттерінің астында, ерекше желбезек қуысында орналасады. Сонда Decapoda-
ның желбезектері ұзына бойы қатарласып орналасады. Бірінші қатардағы
желбезектері аяқтардың протоподиттеріндегі алғашкы тәртібін сақтайды,
екінші қатардагы - протоподиттердін денемен байланысқан жерлерінде, ал
үшінші қатардағылары дененің бүйір қабырғасында орналасады.
Су желбезек қуысына бас қалқаны мен дене арасындағы саңылауы арқылы бір
жағынан кірсе, екініиі жағынан шығарылады және де осы бағыт өзгеруі мүмкін.
Суды желбезек куыстарына айдайтын, минутына 200 қозғалыс жасайтын, екінші
максилланың ерекше өсіндісі. Басқа жоғарғы сатыдағы шаяндарда (мысалы,
Isopoda отряды) желбезектері кеудесінде емес, құрсақ аяқтарында дамиды.
Желбезектерінің ішіне гемолимфа құйылатын дене қуығы жалгасады,
желбезектердің кутикуласы өте нәзік болғандықтан, газ алмасу оңай өтеді.
Қан айналу жүйесі ашық типті. Гемолимфа қан тамырларының ішінде
қозгалып, кейін арнайы қабырғалармен шектелмеген дене куысының бөлімдері -
синустарға құйылады.
Аса қарапайым формаларында жүрегінің құрылысы метамерлі: ол - әрбір
сегментінде жұп остиясы бар бүкіл дененің арқа жағымен ұзына бойы созылатын
түтік (кейбір желбезекаяқтыларда). Бірак Cladocera-да (Phyllopoda отряды)
жүректің қанды араластыруға ғана қабілеті бар, бір жұп остиясы бар, капшық
деңгейіне дейін қысқаруы байқалады. Жоғарғы сатыдағы шаяндарда да ұзын
түтікті жүрегі бар формалары болады (Amphipoda жене ауызаяқты шаяндар -
Stomatopoda отряды). Онаяқтылардың (Deeapoda отряды), мысалы, өзен шаянының
үш жұп остиясы бар қысқа жүрегі болады.
Қан айналу жүйесі тыныс алу мүшелерінің даму деңгейімен белгілі дәрежеде
байланыста. Егер, желбезек қызметін кеуде аяқтарының эпиподиттері атқарса,
онда жүрек түгелімен кеудеде жатады, ал тыныс алуға құрсақ аяқтарының
эпиподиттері жұмсалса, жүрек кұрсақта орналасады.

Жүректін алдыңғы, ал кейде артқы шетінен де алдыңғы және артқы аорталар деп
аталатын ірі кан тамырлары басталады. Қан айналудың тәсілдері алуан түрлі.
Солардан өзен шаянының қан айналу жүйесін карастырайык. Перикардия
қуысындағы жүректен бірнеше ірі қан тамырлары тарайды: алдыңғы орта
(колка); антеннальды артериялар; жоғарғы және төменгі құрсақ артериялары;
нерв асты артериясы. Осы қан тамырлары тарамдалып, кейін үзіледі де,
ішіндегі гемолимфа сұйықтығы миксоцель қуысына құйылып ішкі мүшелерінің
арасымен өтіп, оттегін таратады. Дене қуысынан веналық қан (көмірқышқыл
газына бай) венозды қан тамырлары арқылы желбезектерге барады, сол жерде
гемолимфа оттегіне қанығады да, желбезек қан тамырлары арқылы перикардийге,
одан әрі остий арқылы жүрекке құйылады.
Көп жағдайда шаянтәрізділердің гемолимфасы түссіз, бірақ кейбір кезде
плазмада ерітілген гемоглобиннің әсерінен қызыл түске боялған. Кейбір
онаяқты шаяндардың (крабтардың біразы) гемолимфасы көгілдір немесе ауа
тигенде көкке боялады, ол құрамында мыс және оттегінің тасымалдануын
реттейтін тыныс пигменті – гемоцианиннің болуына байланысты.
Шаянтәрізділердің нерв жүйесі көпқылтанды буылтық құрттардыкіне ұксас.
Ол жұп мидан, жұтқыншақ асты ганглиясынан, жұтқыншақ маңындағы сақина -
коннективадан және құрсақ нерв тізбегінен құралған. Төменгі сатыдағы
(желбезекаяқтылар - Branchiopoda класс тармағы) түрлерінің құрсағында екі
нерв бағанасы болады, олардың ганглиялары бір-бірімен көлденең комиссурамен
жалғасқан сатылы нерв тізбегін құрайды, ал жоғарғы сатыдағыларда екі нерв
бағаналары, сонымен қатар ганглиялары да бір-бірімен қосылып, құрсақ нерв
тізбегіне айналған, тек көрші ганглилердегі (сегменттердін, арасындағы)
ұзына бойы коннективтердің жұптығы сақталады да, құрсақ нерв тамырының
бастапқыда жұп екендігін көрсетеді. Шаянтәрізділердің әрбір тобында дене
сегменттерінің бір-бірімен бірігуіне байланысты жүйке ганглияларының
бірігуі және ұзынша келген бағаналардың қысқаруы да байқалады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АҚ - да бекіpе балығы уылдыpығы сапасының ноpмативтік құжаттаpға сәйкестігі
Хордалылар типіне жалпы сипаттама
Тізімдерді, бейнелеулерді, жиындарды құру кластары
Желілік технология енгізу пані бойынша электронды оқулық
Кластар иерархиясы
Дәнді дақылдардың тамыршірігі және дақ ауруы
Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы
Өлшеудің абсолюттік қателігі
Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер. Қырықбуынтәрізділер және қырықжапырақтәрізділер бөлімі
Қалыпты жұлдыздардың спектрлері және спектрлік классификациясы
Пәндер