Химиялық элементтер


Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі

Атырау мұнай және газ институты

logotip

Реферат

Тақырыбы:Химиялық элементтер

Қабылдаған: доцент Қалауова А. С

Орындаған: НГД 12-2 Баташев Дастан

Атырау 2012ж.

Жоспар:

1) Күкірт(ағылш. Sulfur) S

2) Күміс(латынша Argentum) Ag

3) Алюминий (лат. Aluminium) Al

4) Темір(лат. Ferrum) Fe

5) Алтын(лат. Aurum) Au

Күкірт (ағылш. Sulfur), S - элементтердің периодтық жүйесінің VІ тобындағы химиялық элемент; ат. н. 16, ат. м. 32, 06. Тұрақты 4 изотопы бар. Сондай-ақ жасанды жолмен алынған 6 изотопы белгілі. Күкірттің жер қыртысындағы салмақ мөлшері 0, 05%, теңіз суында 0, 08 - 0, 09%. Күкірт біздің заманымыздан 2000 жыл бұрын белгілі болған. Қалыпты жағдайда күкірт сары түсті, бейметалл. Табиғатта бос күйінде (саф К. ) және сульфидті (мыс., пирит, галенит, антимонит, т. б. ), сульфатты (гипс, ангидрит, барит, мирабилит, т. б. ), т. б. минералдар түрінде кездеседі. Күкірттің бірнеше кристалдық түрлері белгілі, оның ішіндегі орнықтылары ромбылық α-күкірт және моноклинді β-күкірт. Күкірттің тығыздығы 2, 07 г/см3 (α-түрі) және 1, 96 г/см3 (β-түрі), балқу t 112, 8°С, қайнау t 444, 6°С, жылу өткізгіштігі 0, 208 Вт/(м·град) . К. суда ерімейді, бензолда жақсы ериді, қыздырғанда молекуласындағы атом саны бірте-бірте кемиді: S8→ S6→ S4→ S2 соңында 2000°С-тан жоғары қыздырғанда К. буында жеке атомдар пайда болады. Салқындатқанда осы процесс кері айналып полимерлену құбылысы жүреді. К. қосылыстарында -2-ден +6-ға дейін тотығу дәрежелерін көрсетеді. Азот, йод, алтын, платина және инертті газдардан басқа элементтердің бәрімен әрекеттеседі. К. металдармен реакцияда болғанда өте көп жылу бөлініп шығады. Оттекпен бірнеше оксид түзеді. К. саф К., полиметалдық кендер, газ және мұнайды тазалау кезінде олардан қосымша өнім ретінде алынады. К. негізінен химия өнеркәсібінде күкірт қышқылын алу үшін пайдаланылады, сондай-ақ қағаз, резина, сіріңке жасауда, тоқыма өнеркәсібінде мата ағартуға, дәрі-дәрмек, косметик. препараттар дайындауда, пластмасса, қопарғыш заттар, тыңайтқыш, улы химикаттар алуда кеңінен қолданылады.

Периодттық жүйедегі орны

Күкірттің жануы

Күкірт III периодтың, VI топтың негізгі топшасының элементі, реттік нөмірі 16. Олай болса ядро заряды +16, протон саны 16, нейтроны да 16; электрондарының жалпы саны 16.

Электрондық құрылысы. Осы электрондар үш электрондық қабаттарда бөлініп орналасады, күкірттің электрондық формуласы: 1s22s22p63s23s4

Күкірт II, IV, VI - валентті бола алады, ал тотығу дәрежелері -2, 0, +4, +6 болып келеді.
Физикалық қасиеттері

Күкірт - сары түсті, суда нашар еритін, су жұктырмайтын, жылу мен тоқ өткізбейтін, морт келетін қатты зат. Балку температурасы 119°С. Күкірт атомының сыртқы валенттілік кабатында екі дара электроны болғандыктан,

1

олар өзара байланыса алады.

Табиғатта таралуы. Күкірттің табиғи қосылыстары

Балқаш, Шығыс Қазакстан облысында сульфидтер (ZnS, PbS, FeS2, т. б. ) күйінде болса, сульфаттары (CaS04 • 2Н20 - ғаныш (гипс), Na2S04 • • 10Н20 - мирабилит, FeS04 • 7Н20 - темір купоросы) т. б. болады. Күкірт қосылыстары мұнайда және тас көмірде де кездеседі.
Бос күйіндегі күкіртті тау жыныстарынан балқыту арқылы алады.

Вулкан атқылағанда газбен ілесе ұшқан күкірт сыртқа шығып кристалл түрінде қатаяды. Ондай күкіртті вулканмен байланысты арасан көздерден (фумаролдардан), тау жыныстарының жарықтарынан, қуыстарынан кездестіруге болады.

Сульфид минералдардың тотығуынан пайда болатын күкірт кендері көбінесе сульфид кендерінің үстіңгі қабатында болады. Бұл жағдайда пайда болатын күкірттің реакциясын мынадай түрде көрсетейік.

RS + Fe2(SО4) 3 = 2FeS0 4 + RS04 + S.

Қолданылуы

Күкірт каучукты резинаға айналдыру (вулканизация) үшін, медицинада, тұрмыста жертөлені және қоймаларды аластау үшін, оқ-дәрі жөне сіріңке өндірістерінде қолданылады.
Кен орны

СССР-де шөгінді күкірт кенінің ең көп жері - Орта Азияда (Қарақұм, Гаурдақ, Шорсу), Поволжьеде (Куйбышев қаласы маңында) .

Вулкандық күкірт кендері Кавказда, Камчаткада және Куриль аралдарында кездеседі. Шет мемлекеттердегі күкірт кені Италияда, Сицилияда бар. Техас және Луизиана штаттарындағы (АҚШ) күкірт кендері тау жыныстарының жарығында кездеседі. Вулкандық күкірт кендері Италияда, Жанонияда , Чилиде» т. б. жерлерде бар.

Күміс . Күмісті б. э. дейінгі IV мыңжылдықта Кіші Азияның шығыс аймағында өндірген. Кейінірек күміс кен орындарын Бактрияда өндірген. Б. э. дейінгі 500 жылдары Грецияда күміс-қорғасын кендерін өңдеген. XIII-XV ғғ Трансильвания (Румыния) мен Богемияда (Чехия) күмісті алған. Ресейде 1669 ж күміс туралы мәліметтер пайда болды. 1 Петр тұсында Орал және Карелияның мыс кен орындарында күміс табылды. Байкалдың жанындағы Аргунь өзенінің бассейніндегі қорғасын кенінен күміс табылды.

2

1704 жылдан Ресейде күмістен тиындар жасала бастады. 1726 жылдан құрамында күміс бар полиметалдық алтай кен орындарынын өндеу басталды. Күміс аффинажды мекемелерге, қара қорғасынды тазалау және мыс электролиті шламдарын өңдеу кезінде алынатын күміс-алтын құймалар (Доре металы) түрінде түседі.

Атомдық салмағы 107, 88, изотоптары Ag 107 және Ag 109 . Тор параметрлері а=4, 0774 А. Меншікті салмағы: 10, 5 (қт) ; 9, 4 (сұ) . Балқу температурасы 961 о ; қайнау температурасы 2000 о .

Күміс ылғал мен ауаға тұрақты. Жоғары температура кезінде де тотығуға қарсы тұратын қабілеті, күмістің тотығы үшін оттегінің парциальдық қысымы 300 о -де 20 ат жететіндігімен түсіндіріледі. Тотықталған күмістің қара түсі күмістің сульфидінің түзілумен түсіндіріледі. Құрамында галоидты қосылыстары бар булы ауада күміс галоидты тұздарының қабыршығымен қапталады. Күміс азот және күкірт қышқылында, патша арағында ериді; тұз, плавикті қышқылдармен әрекеттеспейді; сулы ерітінділерде және балқыған сілтілерде ақырын ериді; цианисті тұздарда ериді.

Күмістің негізгі бөлігі зергерлік өндіріске және фото-кино өндірісінде жұмсалады, күміс гальваникалық жабындыларға, айна дайындауға, медициналық және өндірістік құймаларға шығындалады

Алюминий (лат. Aluminium) , - ашудас, Al - элементтердің периодтық жүйесінің ІІІ тобындағы химиялық элемент, рет нөмірі 13, атомдық массасы 26, 9815. Бір тұрақты изотопы бар. Жер қыртысында таралуы бойынша элементтер арасында 4, металдар арасында 1-ші орында. Табиғатта жүздеген минералдары кездеседі, оның көпшілігі - алюмосиликаттар болып келеді. Алюминий латынша Alumіnіum; алюминий алу үшін пайдаланылатын негізгі шикізат - боксит. Алюминийді бос күйінде алғаш рет 1825 жылы даниялық физик Ханс Кристиан Эрстед алған. Алюминий - күміс түсті ақ металл, жылуды және электр тогын жақсы өткізеді, созуға, соғуға икемді, меншікті салмағы 2, 7 г/см3; балқу температурасы 660ӘС, қайнау температурасы 2500ӘС; коррозияға берік, қалыпты температурада тұрақты, себебі бетіндегі алминий оксидінен тұратын жұқа қабыршақ оны тотығудан қорғайды. Сондай-ақ ол амфотерлі элемент, сондықтан қышқылдармен де, сілтілермен де әрекеттеседі. Алюминий - практикалық маңызы зор металл. Ол негізінен жеңіл құймалар өндіру үшін пайдаланылады. Алюминий құймалары авиа, авто, кеме, ядролық реактор, химиялық аппараттар жасауда, құрылыста, т. б. салаларда, таза металл түрінде электртехникасында ток өткізгіш сымдар, тұрмысқа қажетті бұйымдар дайындау үшін қолданылады.

3

Темір (лат. Ferrum) Fe . Темір екі жағдайда кездеседі. Оның бірі - жердің өзінен пайда болған жерлік (теллурлық ) темір, екіншісі - аспаннаң метеорит түрінде жерге түскен космостық темір. Химиялық құрамы. Теллурлық темірдің қоспалары кебінесе Ni, Co, Cu; аздаған Mn, С, S, Р, Pt, As т. б. болады. Табиғатта химиялық құрамы өте күрделі болып кездесетін элементтердің бірі - темір. Бірақ кейін жүргізілген химиялық анализге қарағанда теллурлық темір көбінесе таза болып шыққан. Оның қоспасында орта есеппен 0, 6%-ке дейін Ni, 0, 4%-ке дейін Cu, 0, 3%-ке дейін Co болған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Периодтық жүйесінің құрылымы
Геохимиялық ортаның өсімдіктің өсуі мен химиялық құрамына әсері
Табиғатта аз тараған, бірақ тіршілікте және техникада көп қолданылатын элементтер
Биогенді макро және микро элементтер
Топырақтың химиялық құрамдары
Периодтық заң
Химиялық элементтердің периодтық жүйесінің ашылу тарихы
Периодтық жүйедегі орнына қарай элементті және оның қосылыстарын сипаттау
Ландшафт геохимиясы
Ерітінділер, жалпы түсінік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz