Қазақстанның экологиялық проблемалары. Экологиялық мәселелерді шешу жолдары



КІРІСПЕ: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

I ТАРАУ XXI ҒАСЫРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ...5
1.1. Қазақстанның экологиялық проблемалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.2. Қазақстанның су ресурстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
1.2.1. Каспий теңізінің экологиялық ахуалы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
1.2.2. Арал теңізінің экологиялық ахуалы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
1.3.3. Балқаш көлінің экологиялық ахуалы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
1.3. Қазақстан полигондары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
1.3.1. Қоршаған ортаның химиялық ластануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
1.3.2. Қоршаған ортаның радиациялық ластануы ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
1.3.3. Қоршаған ортаның биологиялық ластануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
1.4. Атмосфера ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

II ТАРАУ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... . ... ..25
2.1. Тіршілік және өндіріс қалдықтарының мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... 26
2.2. Қазақстан ормандарының экологиялық ахуалдары ... ... ... ... ... ... ... ..27
2.2.1. Өсімдіктер экологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
2.2.2. Жануарлар экологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
2.3. Топырақ экологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
2.4. Табиғатты қорғауға, тиімді пайдалануға ынталандыру ... ... ... ... ... ... .32

III ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36

Мамандығы:

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Қазақстанның экологиялық проблемалары. Табиғатты қорғау және
тиімді пайдалану.

Орындаған:

Тексерген;

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ:
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

I ТАРАУ XXI ҒАСЫРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ...5
1.1. Қазақстанның экологиялық проблемалары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.2. Қазақстанның су ресурстары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
1.2.1. Каспий теңізінің экологиялық
ахуалы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .14
1.2.2. Арал теңізінің экологиялық
ахуалы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 16
1.3.3. Балқаш көлінің экологиялық ахуалы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
1.3. Қазақстан полигондары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
19
1.3.1. Қоршаған ортаның химиялық ластануы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
1.3.2. Қоршаған ортаның радиациялық ластануы
... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
1.3.3. Қоршаған ортаның биологиялық
ластануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
1.4. Атмосфера
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 23

II ТАРАУ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... . ... ..25
2.1. Тіршілік және өндіріс қалдықтарының мәселелері
... ... ... ... ... ... ... ... 26
2.2. Қазақстан ормандарының экологиялық ахуалдары
... ... ... ... ... ... ... ..27
2.2.1. Өсімдіктер экологиясы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
2.2.2. Жануарлар экологиясы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
2.3. Топырақ
экологиясы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 30
2.4. Табиғатты қорғауға, тиімді пайдалануға ынталандыру
... ... ... ... ... ... .32

III ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 35

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..36

КІРІСПЕ

Халқымыз табиғатты анаға теңеген. Өйткені табиғатта тіршілік өсіп-
өнеді. Өзіндегі барды адамға, жан-жануарға, өсімдікке берген. Табиғатта
басы артық ештеңе жоқ. Табиғат сырын терең білмей, оған немқұрайлы қарау
үлкен апатқа соқтырады. Бір кездерде табиғатты бағындыруды мақсат тұтып,
ормандар аяусыз балталанды, аң-құстар шамадан тыс ауланды, жер жөн-жосықсыз
жыртылып, топырақта эрозия пайда болды. Соның салдарынан бүгінгі таңда адам
баласына ядролық апаттан гөрі экологиялық апат аса үлкен қауіп төндіріп
отыр.
Соңғы жылдары дүние жүзінде экологиялық жағдайлар шиеленісе түсуде.
Оның көптеген себептері бар, негізгі факторлар көбінесе адамның іс-
әрекетінен туындап отыр. Ең басты мәселенің бірі-жер шарындағы халық
санының артуы. Оның үстіне, ХХ ғасырда адам ғылым мен техниканы игеру
жағынан да бұрын соңды болмаған жетістіктерге жетіп отыр. Ғылыми-техникалық
прогрестің дамуы қоршаған орта жағдайын нашарлатып, адамдардың денсаулығына
орасан зор зиян келтіруде. Жер бетіндегі мұндай өзгерістер ірі дауылдар, су
тасқындары, жанартау атқылауы, жер сілкіну, теңіз мен мұхиттар деңгейінің
көтерілуі немесе төмендеуі, өрт сияқты апаттарға апарып соғуда. Сонымен
қатар соңғы жылдары қуаңшылық, шөлейттену, құрлықтағы су айдындарының
тартылуы сияқты құбылыстар көп болуда.
Мысалы, адам Қарабұғазы көлін Каспий теңізінен топырақ қамалы арқылы
бөліп, теңіз деңгейінің төмендеуін тоқтатқысы келді. Алайда, құрғап қалған
шығанақтың айналадағы ортаға, жалпы шаруашылық салаларына зиян келтіретіні
ескерілмеді, қазіргі кезде құрғап қалған шығанақ түбінен атмосфераға жыл
сайын 120-140 млн тонна натрий сульфатының щаңы көтеріліп, Қазақстан,
Ресей, Кавказ, Орта Азия, Түркия, Қытай, Монғолия мен Еуропа елдері
ластанып отыр. Әсіресе, Қазақстанға үлкен экономикалық зиян келтіріліп
отыр. Соның салдарынан егін мен мал шаруашылығының өнімділігі төмендеп,
халық арасында түрлі аурулар көбейіп кетті.
Қазақстанда соңғы жылдары су ресурстарының өнліріс қалдықтары мен
тұрмыстық лас сулармен, ауыр металдар, химиялық зиянды заттармен ластануы
жалпы ауа райына, фауна мен флораның қалыпты тіршілігіне зиян келтіруде. Ал
Каспий теңізінің мұнай өнімдерімен ластанғаны сонша, судағы балықтар мен
жағалаудағы құстардың, итбалықтардың жаппай қырылып қалу фактілері жиі
кездеседі.
Қоршаған ортаның ластануы дегенде –біз оған тән емес енуі немесе
бар заттардың шоғырлануының (химиялық, физикалық, биологиялық) артуын,
соның нәтижесінде қолайсыз әсерлер туғызуын түсінеміз. Ластандырушы
заттарға тек улы заттар ғана емес, зиянды емес немесе ағзаға қажетті
заттардың оптималды концентрациясының артық болуы да жатады.
Ластану әр түрлі белгілер бойынша жіктеледі:
- шығу тегі бойынша: табиғи және жасанды
- пайда болу көзіне байланысты:
а) өндірістік, ауылшаруашылық, транспорттық және т.б.
б) нүктелік (өнеркәсіп орнының құбыры), обьектілі (өнеркәсіп орны),
трансгрессивті (басқа аймақтар мен мемлекеттерден енетін)
- әсер ететін ауқымына байланысты: ғаламдық, аймақтық, жергілікті
- қоршаған ортаның элементтері бойынша: атмосфера, топырақ, гидросфера және
оның әртүрлі құрамдас бөліктері
- әсер ету сипаттарына байланысты: қала ортасы, ауыл шаруашылық ортасы,
өнеркәсіп орындарының ішінде, т.б.
- әсер ету сипатына байланысты: химиялық, физикалық радиоактивті,
радиациялық, жылулық, шу, электромагниттік, т.б.
- әсер етудің периодтылығына байланысты 1-ші ретті өнеркәсіп орындарының
қалдықтары, 2-ші ретті смогты құбылыстарының өнімдері
- тұрақтылық дәрежесі бойынша: өте тұрақты-100-1000 жыл тұратын (азот,
оттегі, аргон, т.б.), тұрақты-5-25 жыл (көмірқышқыл газы, метан, фреондар),
тұрақсыз (су буы, көміртегі, күкіртті газ, күкірт сутек, озон қабатындағы
фреон)
Неғұрлым ластаушы зат тұрақты болса, оның қоршаған ортаға жиналу
эффекті жоғары. Кез-келген ластаушы затты 3 параметрі бойынша бағалауға
болады: қоршаған ортаға түсетін көлеміне, улылығына және тұрақтылық
дәрежесіне қарай. Мысалы, көмірқышқыл газының қолайсыз эффектісін оның
қоршаған ортаға түсетін көлеміне және ұзақ сақталу уақытына, олай болса
оның жинақталуы осыған байланысты парниктік эффектінің пайда болуы
қамтамасыз етіледі.
Өндірілетін ресурстардың тек 2-3% ғана пайдалы өнім ретінде
қолданылады, ал қалғаны қалдықтар болып келеді.
Биосфераның жылулық балансының бұзылуын, атмосфераның шаңдануының
артуы, өсімдік, топырақ пен су қоймаларының бетінен ластануыны қамтамасыз
етеді. Мұнайлы қабықша булануды 20-30%-ға тежейді. Нәтижесінде ғалымдардың
болжауы бойынша орташа жылдық температура
1-3%-ға артады. Ал мұның өзі биосфераның термодинамикалық немесе жылулық
дағдарыс жағдайына өтуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.

I ТАРАУ XXI ҒАСЫРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
БҰҰ Бас ассамблеясы 1997 жылы маусымда Нью-Йоркте болған арнаулы
сессиясы қоршаған ортаны дамыту бойынша Рио-де-Жанейрода өткен БҰҰ 2-
конференциясынан кейінгі 5 жыл ішіндегі жұмыстың қорыиындысын шығарды.
Тұрақты даму түсінігінің әлі де болса тұтас анықталып, белгіленбегені
аталып өтті.
Әлеуметтік-экономикалық дамудың ғаламдық қорытындысын шығарған кезде
қайыршылықта тұратын адамдар үлесінің қысқаруына қарамастан көптеген
елдерде кедейленудің тамыры тереңдеп, экономикалық жағдайдың нашарлап,
қайыршылық белдеуіндегі адам санының артып отырғаны айтылды. Өткен бірнеше
ондаған жылдар ішінде жердегі алғашқы мәдениет пен әрбір экожүйенің
заңдылығы көп жағдайларда адам әрекетінен бүтіндей толық бұзылып отыр.
Сессияда ғаламдық экодинамиканы сипаттайтын келесі аспекті анықталды:
тұщы су, атмосфера, қалдық, радиоактивті қалдық, мұхит пен теңіздер, ауыл
және орман шаруашылығы, энергетика, көлік, шөлге айналу мен құрғақшылық,
биоәралуандық, туризм, шағын аралдардағы дамушы елдер, табиғи кедейлену,
техногенді апаттар. Осы проблемалар бойынша істің ахуалы төмендегідей:
Тұщы су-жоғары артықшылықтағы проблема. Ғаламдық көлемде су ресурстары
жеткілікті. Бірінші кезекте дамушы елдердегі судың сапасыздығы мен
жетімсіздігі асқынған проблемамен байланысты. 1950 жылдан бастап судың
әлемдік тұтынуы 1960 жылы екі есеге дейін көбейді. 1990 жылдан бастап судың
әлемдік тұтынуы 4138 км-кубқа жетті, суды ең көп тұтынатын Азия құрлығы
болып отыр. Оның артынан Солтүстік Америка мен Еуропа, Африканың 28 елінде
мекендейтін 338 млн адам судың тапшылығын көруде. Ғаламдық көлемде дамушы
елдердегі 1 млрд адам судың тапшылық жағдайында күн кешуде. Судың 70-90%
ауыл шаруашылығының қажетіне жұмсалады (дамушы елдерде 39%).
Батыс Азия мен Африканың бірқатар аймақтарында суды тиімді пайдалану
өте маңызды. Судың тапшылығымен орай бұл аймаққа тән сипат-оның көп
мөлшерде булануы болып отыр.
Көптеген мәселелердің ішінде үлкен қалаларды сумен қамтамасыз ету
трансшекаралық проблемалар мен мүмкін болатын даулы жағдайды шешу жолдары
тұр.
Жер асты мен үстіндегі су көздерін бейберекет пайдалану салдарынан су
деңгейінің түсіп кетуімен, су көздерінің тұзданып, бұзылуымен байланысты
қиындықтар туындап жатыр.
Мұхиттар мен теңіздер. Қоршаған теңіз ортасын қорғау мен балық қорының
сарқылуынан асқынған проблемалар жиналып отыр.
Теңіз кәсіпшілігінің экономикалық көрінісіне қажетті талдау жасайтын,
теңіз арасының ахуалы жайында ақпараттар керек.
Әлемдік мұхиттардың жағасындағы аймақтардың проблемалары артықшылықты
деп есептелуде, өйткені олар антропогенді ластану әсерлеріне үнемі ұшырап
отыр. Мамандардың бағалауы бойынша қазір шамамен жағалаудағы үш аймақ
жоғары дәрежелі тозу тәуекелдігіне ұшырауда.
Мәселен, Батыс Азия мен Кариб аймағында кеме қатынасынан ластанудың
қаупі төніп тұр. Балтық аймағында эвтрофикация қаупі бар.
Ауыл және орман шаруашылығы. Тыңайтқыштарды қолданған сайын әр
гектардан ғаламдық орташа түсім кеміп барады, әрине, азық-түлік
өндірісіндегі бұл жағдай үлкен алаңдатушылық тудырып отыр. Азық ресурстарын
теңдей бөлмеу сақталып отыр. Соған қарамастан жан басына шаққанда азық
тұтыну дамушы елдерде 13%, дамыған елдерде 10% өсіп, оның құнарлығы батыс
елдермен салыстырғанда 75%-құрайды.
Энергетика. Энергияға деген қажеттілік әлемде артып отыр. Энергияның
орташа жылдық дамуы 1970-1997 жж. 2,3% болды. Дамушы елдердің үлес салмағы
осы кезең ішінде 14-тен 30%-ға дейін артты. Жылдың орташа ғаламдыққа
қатысты энергияны тұтыну өсімі өнімнің бірлігіне шаққанда энергия шығысы
азайып отыр. 2010 жылы халықтың саны 10 млрд-қа дейін өсуін есепке ала
отырып, энергия өндіруді жоқ дегенде 4 есеге көбейту, ал дамушы елдерде-10
есеге арттыру керек.
Өсіп отырған тұтынуды орны толмайтын энергия көздері есебі арқылы
қанағаттандыруға тура келеді. Ал, бұл атмосфераға көміртегі диоксидінің
шығарындыларының көбеюіне әкеліп соқтырады.
Энергия үнемдеуші технологияны енгізу бойынша көшбасшылық дамыған
елдерде болады. Сондықтан жер қойнынан алынатын отындар энергияның басты
көзі болып отырады. Басты міндет-энергияны пайдалану мен экономикалық өсу
арсын әлсіздендіру, әлемдік энергия өндіруді декарбонизациялауға ұмтылу
және дамушы елдерге технологияны беру.
Көлік. Жол көлігінің ғаламдық орташа өсуі 1980-1993 жылдар аралығында
50%-ға жетті. Көлікті дамыту ісі энергияны жетілдіру мен үнемдеудегі
қозғағыштардың (двигатель) ықпалымен көліктің артуы мысал болады. 2015
жылға таяу көліктің ауаны ластауы атмосферада 3 есеге артады.
Атмосфера. Климат өзгерісін зерттеуде басты назар жылыжай газдарының
шығарындыларын қысқартудың өзекті проблемасында болып отыр. Баршаға мәлім
көміртегінің диоксиді, метан мен азот шала тотығының шоғырлануы өндірісті
дамытуға дейінгі кезеңмен салыстырғанда екі есеге өсіп отыр. 2012 жылға
дейін осы қарқын сақтала берсе ғаламшардағы температура 3°С жоғарылап,
әлемдік мұхит деңгейінің көтерілуін тудырады (түрлі бағамдар бойынша 0,3-1
метрге дейін)
Климаттың өзгеруі жөніндегі конвенцияға сәйкес(Рио-де-Жанейро,1992 ж)
200 жылы жылыжай газдарының антропогенді шығарындылардың эмиссиясын 1990
жылғы деңгейге 6 Гтжылда (оның ішінде көміртегі диоксиді-60%, метан-23%),
қалыптастыру қажет. Негізгі ластайтындар АҚШ (22%) пен КСРО (19%). 1995
жылы климат бойынша Берлиндегі конференцияға қатысушыларға бұл
міндеттемелердің жетімсіздігін мойындады, ал 1997 жылы климат бойынша
Киотода өткен конференцияда бұл мәселе қайта қаралды. Бүгінгі күнгеи дейін-
Буэнос-Айресте 1998 жылы өткен 3-конференцияда бұл мәселе түпкілікті
шешілген жоқ. АҚШ 2008 жылға дейін шығарындыларды қысқартып, 1990 жылғы
деңгейге жетпекші. Бірақта, шығарындылар күн санап артып отыр. 1996 жылы
(наурыз айында1 жылға есептегенде) Канадада шығарындылар 13%, Жапониядада
20% өсіп отыр. Оңтүстік елдері 1990 жылмен салыстырғанда 2005 жылы
шығарындыларды 20%-ға қысқартуды талап етуде. Назарда алынып отырған мәселе-
көмірқышқыл газы шығарындыларының мемлекеттер арасында бірдей бөлінбеуі
болып отыр. 1998 жылы жан басына шаққанда көмірқышқыл газы АҚШ-та 5,4 т,
Англияда-2,5 т, Аргентинада-1 т, Үндістанда-0,3 тоннадан келеді.
Осы проблеманы шешудің тағы бір жолдары нарықтық қатынасты енгізу
жүйесі болып отыр. Климат бойынша Киотода өткен (1995ж) 2-конференцияның
хаттамасында келесі мәселелер қаралды:
- көміртегі диоксидін елдер арасындағы эмиссиясын бөлу бойынша
бірлескен
жобаларды іске асыру;
- эмиссия квотасына сауда (резервтері бар елдері үшін);
- таза даму;
Токсиканттар. Химиялық қауіпсіздік бойынша мемлекетаралық Форум және
қоршаған ортаның ластану проблемасын шешу кезінде токсиканттарды ақыл-
парасатпен басқару бойынша ведомствоаралық бағдарлама құрылды.
Маңызды мәселелердің бірі-улы компоненттердің шығарындыларымен
атмосфераны ластайтын болса, сол заттектерді өндірушілер жауапты болып
табылады. Сонымен қатар, экологиялық жағынан қауіпсіз технологияларды беру
ісін жеделдету керек екендігі айтылды.
Қалдықтар. Муниципалды қалдықтар өсіп отыр. Экономикалық ынтымақтасу
және даму ұйымдарының (OECD) елдерінде 1980-1992 жж. Ішінде тамақ өнімдерін
салтын, орайтындарды енгізу-42%-ға артып отыр. Оның үстіне экономикалық өсу
мен халықтың жан басына шаққанда тұрғын үй алаңының өсуі айтарлықтай
себепші болуда.
Қауіпті қалдықтар назарға ерекше алынып отыр. Сонымен қатар,олардың
қайтадан өңделуі жағымды шаралардың бастамасы ғана. Ресейлік мамандардың
пікірі бойынша қалдықтардың ахуалдарына бірінші дәрежелі жағдай ретінде
көңіл бөлініп отыр. БҰҰ-ң сессиясында радиоактивті қалдықтардың қауіпсіз
жерде сақталуы мен оған жауапты елдердің жауапкершілігін арттыруға жеке
көңіл бөлінді.
Жер үсті және тұрақты ауыл шаруашылығы.Бұл саланың міндеті:
топырақтың өнімділігін сақтап, оның нашарлап тозуына жол бермеу және ауыл
шаруашылығына тұрақты жағдай жасау. Әсіресе, Африка мен Батыс Азия
аймақтарында осы мәселенің шешімі олардағы азық-түлік қауіпсіздігінің
бірден-бір кепілі болмақшы. Бұл мәселеені шешу үшін алдымен қаржылай көмек
керек.
Құрғақшылық және шөлге айналу. Шөлге айналу мен күрес бойынша
Конвенцияның және сессияның құжаттарында шаралар белгіленді (1997).
Биоәралуандылық. Конвенцияның әр алуандылық бойынша басты мақсаты
белгіленді: биоәралуандылықты сақтау және тең құқықты түрде пайдалану.
Туризм. Экологиялық және заңды түрдегі шаралардың маңызымен дамушы
елдерге туристік өндіріс саласын дамытуға халықаралық тұрғыда көмек
көрсету. Сонымен қатар, туризмнің қоршаған ортаға тигізетін келеңсіз
жағдайларын шектеу.
Табиғат апаттары. Дүниежүзілік табиғат апаты бойынша (1994)
конференцияның құжаттарында шаралар қарастырылған. Табиғат апаттарының
қиратып, бүлдіру салдарынан және оның зардаптарынан болатын жағдайға дамушы
елдердің назарын аудару. Алдын ала хабар беретін құралдары жоқ елдердің бұл
істе мұқият болғандары жөн.
Техногенді апаттар. Басты міндет-зардаптарды жою бойынша халықаралық
ынтымақтастықты кеңейту.
Ормансыздандыру. ҚОДК-92 (қоршаған орта және даму бойынша
конференция) арнаулы құжаттарында ғаламдық көлемде жер бетіндегі ормандарды
қалпына келтірудің қажеттілігі аталған.
Орман жөніндегі конвенция әлі қабылданған жоқ. Әзірге Халықаралық
хаттама ғана бар. Онда ормандарды тиімді пайдалану мен қорғауды қамтамасыз
ету бойынша шаралар қарастырылған. 1980-1990 жж. Ішінде дамушы елдердегі
орман алқаптары анағұрлым қысқарып кетті. Шамадан тыс қысқарған тропикалық
ормандар көлемі Латын Америкасында, Кариб бассейінінде, Африка, Азия және
Тынық мұхит аймағында тіркеліп отыр. Батыс Азияда ормандарды отау
топырақтың тозуына, Африкада-су тасқынына әкеліп отыр. Соның салдарынан
атмосферадағы оттегі шоғырлануының кемуіне көптеген мамандар түсіністікпен
қарамайды. Айтуына қарағанда тіршілік биосферасында атмосферадағы оттегінің
мөлшері кемімейді-деген тұжырым жасайды. Егер барлық өсімдіктер жер бетінен
кенет жойылып кетсе, онда 10 мың жылда бірнеше есе азайып кеткен болар еді.
Ағаштарды кесу мен орман өрттері оттегінің шоғырлануына ғаламдық көлемде
және оның азаюына әсер етпеуде. Батыс Еуропада, Солтүстік Америкадағы өткен
ғасырлардағы, қышқылды жауынның жиі жауатынын айтпағанда орман көлемі сол
қалпында сақталып тұр, ал Ресейде орман көлемі қысқаруда.
Өндіріс құрылымы және тұтыну. Бұл саланың өзгеру мақсаттары XXI
ғасырдағы күн тәртібі құжатында қалыптастырылған. Басты міндет-тұрақты
түрдегі тұтыну өндірісін құру болып табылады.
Бұл құрылымның ғаламдасуына байланысты үкімет маңызды рөл атқаруы
тиіс. Атап айтқанда, нарықтық экономикаға байланысты сәтсіз жақтарды,
өндіріс пен тұтынуды заман талабына сай үлестіре реттеп, халықаралық
ынтымақтастықты дамытып отыру абзал. Осы екі аспектінің аясындағы тұтынудың
қалыпты негізін түсіну өте маңызды. Мәліметтерді жинауды үйлестіре отырып
жақсарту, экологиялық маркетингті жылдамдату. Сонымен қатар, аудит пен
сертификацияны дамытудың да маңызы бар. Іс-тәжірибедегі шаралары үшін
өндірістің тұрақты тұтыну стратегиясын меңгеруге ауысу маңызды. Мәселен,
экономиканың мына салалары: энергетика, ауыл және орман шаруашылығы,
қалдықтар, су шаруашылығы. Бұл үшін энергияны өндірісте тиімді тұтынудың
міндетті стандарттарын қабылдау қажет. Түрлі өнім өндірісіне, энергия
немесе көміртегі бар түрлі жанармайларға экология салығын енгізу, экология
лық таза өнім өндірісіне экологиялық субсидиялар қолдану, шығарындылардың
қосындыларын қысқарту мақсатымен бірлескен әрекеттерді пайдалану, т.б.
ҚОДК-92 (1992 ж) қабылданған XXI ғасырдағы күн тәртібі маңызды
құжаты 100-ден астам ғаламдық әр алуан бағдарламаны қамтиды: қайыршылық пен
аштықты жоюдан бастап, табиғатты қорғау проблемасын шешудегі қоғамның рөлін
күшейтуге дейін қарастырылған.
Күн тәртібі ... . тұрақты дамудың жетістіктері бойынша әрекет
бағдарламасының негізін салушы ретінде көрінеді. Онда барлық елдердің
тұрақты дамуы үшін қажетті жағдайдың барлығы қалыптасқан және ең бастысы-
табиғи қорлар мен табиғатқа деген аялы қатынас. Өте тиімді және әдәл
экономиканы халықаралық жағымды жағдайды жасау құралы ретінде қалыптастыру
қажет. Әлемнің кейбір бөліктерінде тұтыну деңгейінің өте жоғары екендігі
белгілі. Ал, бұл қоршаған ортаға ауыр салмақ салады. Осы жағдайда
адамзаттың көп бөлігінің, тұтынушылардың негізгі қажеттіліктері
қанағаттандырылмаған күйде қалып отыр.
XXI ғасырдағы күн тәртібі 2000 жылы дамушы елдерге экологиялық
бағыттағы көмек көрсету үшін БҰҰ-ныңалға қойған жалпы ұлттық өнімнің 0,7%
бөлу мәселесін шешуге дамыған елдерді шақырды.
Тұтыну мен өндірістің құрылымдарын өзгертудің түрлі тұжырымдамасы
ұсынылды. Сондай біреуінің мәні-экотиімділікте-яғни, (оның ішінде
экономикалық) тұтыну қорларын және қоршаған ортаны ластау мен қалдықтарды
кеміту мақсатымен-энергетикалық және шикізат қорларын пайдаланудың ең
жоғарғы шамадағы тиімділігінде. Басқа-экокеңістік тұжырымдамасының
негізіне-қажетті мөлшерде салынған энергия, су, аймақтары және орны
толмайтын табиғи қорлар, міне осылар қалыпты дамуды бұзбай пайдалануы
мүмкін болатындарға жатқызылады. Қоршаған орта бір жағынан шайынды
қалдықтар, өзге жағынан қорлардың қайнар көздері іспетті. Осы функцияларды
орындау қоршаған ортаның ластануы мен нашарлауына байланысты шектеу қояды.
Экокеңістік тұжырымдамасы мына мағынада динамикалы болып табылады: өндіріс
пен тұтыну жүйесін реструктуризациялау және тиімді технологияны пайдалану
кезінде оларды іске асыру жағдайы оңтайлы болады. Экокеңістік ұғымын енгізу
адамдардың қажеттілігімен және қоршаған ортаның функцияларына әсер етумен,
тіпті тұтыну мен ластауға құқықты бөлудің негізін салумен байланысты
әлемдік тұтыну мен өндірістің жоғарғы шегі мен параметрлерін анықтауға
мүмкіндік береді. Осы тұжырымдаманың жақтаушылары экологиялық салықты
қолдап жиі шығуда және ластанудың деңгейі туралы шарт жүйесінің қатынасы
жағында. Қаліпті дамудың жетістіктері үшін стратегиялық жағынан келу әр
түрлі болуы керек және қоршаған ортаның шынайы құрылымы мен адамдардың
өзара әрекетінің күрделілігіне сәйкес болғаны жөн. Сонымен қатар,
стратегиялық дамудың үш түрін ұсынады, олар бір мезгілде бірдей іске
асырылуы қажет.
Бірінші-шаруашылықпен айналысатын адамның жердің жаратылыс
биоталарымен және табиғи тепе-тең жүйесімен өзара әрекет стратегиясы. Оның
соңғы мақсаты өз ортасында мекендейтін биологиялық әр алуандылықтың
түрлерін сақтап қалу болып табылады. Экологиялық қауіпсіздіктің түсінігі
табиғи экожүйенің дамуына қолайлы жағдайды туғызуды қамтамасыз ету керек.
Экологиялық қауіпсіздікті мынадай жағдайда қамтамасыз етуге болады-табиғи
биоталардың мүмкін болатын ауытқу зонасының шамасын шектеу кезінде ғана.
Осы стратегияның қабылдануы осы шамада тұтынудың өсуін, өзін-өзі шектеуге
алып келеді. Ол жаңа жерді игеру және табиғи биотаның қалғанын қысқарту
есебінен қандай өсімнің болатындығымен анықталады.
Екінші-шаруашылықпен айналысатын адамның оның қоректік қажетін
қамтамасыз ететін жасанды тепе-теңдіктің антропогенді экожүйемен өзара
әрекет стратегиясы. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен қоректік азық өндіру
бойынша басқа қызмет түрлері де бар. Жердің табиғи биотасының сақталуының
дәрежесі адамды қоректік азықпен қамтамасыз ету мақсатымен қолданатын
тиімді технологияның стратегиясына толықтай тәуелді.
Үшінші-шаруашылықпен айналысатын адамның (өндірістің) жасанды ортаның
экожүйесімен өзара әрекет стратегиясы. Соңғысы-бұл қала мен басқа елді
мекендер, осы жерлерге тұрмыстық, демалыс және инфрақұрылымды обьектілер
орналасқан. Биоәралуандылықты сақтау міндеті мұндай жүйеде қарастырылмаған,
маңыздысы-адамның тіршілік етуі үшін маңызы бар түрлі ортаны,
коммуникациялар мен құрылысты, ғимараттарды сақтау және адамдардың
денсаулығын қамтамасыз ету.
БҰҰ (Нью-Йорк, 1997) Бас ассамблеясының сессиясында тұрақты даму
стратегиясын жүзеге асырудың нақты талдануы көрсеткендей, әзірге басты
мәселені шешуге мүмкіндік бар. Келесі жүз жылдықта шынайы тұрақты дамуды
қамтамасыз етудің басты мәселелері шешілді:
-аштық пен қайыршылықты жою бойынша іс-тәжірибелік шараларды жүзеге
асыру;
-дамыған және дамушы елдердегі өмір сүру деңгейінің алшақтығын
жақындастыру;
-ғаламдық көлемде қоршаған ортаға антропогенді қысымда әлсірету үшін
қаржы мен оның жолын табу.
Басқа сөзбен айтқанда, әлемнің ғаламнық экологиялық апатқа қарай
жылжуын болдырмау мүмкіндігі әзірге болмай тұр.
XXI ғасырдағы күн тәртібінде ары қарай жүзеге асыру бойынша әрекет
бағдарламасы қабылданды.

1.1. Қазақстанның экологиялық проблемалары
Қазақстанның табиғат жағдайлары алуан түрлі. Қазақстан терреториясы
кең-байтақ жерді алып жатыр, Батыстан Шығысқа қарай-2,925 км (Каспий теңізі
мен Орал ойпаттарынан Алтайға дейін). Солтүстіктен Оңтүстікке қарай – 1,600
км. Батыс Сібір жазығы мен Орал тауларының жоталарынан Тянь-Шань таулары
мен Қызылқұм шөліне дейін. Қазақстанның жалпы ауданы (2,7 млн.шаршы км)
Франциядан бес есе артық. Бірнеше ландшафтық белдеулер мен белдеу
тармақтары бір-бірін алмастырады: орманды дала (6%), дала (28%)
шөлейт (18%), шөлді (40%). Қазақстанның Оңтүстік және Шығыс шекараларын
биік таулар көмкеріп жатыр. Қазақстан халқы 16-млн-нан астам адамды
құрайды. Қазақстандағы қалыптасқан экологиялық жағдайды қанағаттанарлық деп
айта алмаймыз. Қазақстандағы қазіргі кездегі экологиялық мәселелерге
байланысты бірнеше экологиялық аймақтарын көрсетуге болады:
А аймағы-Каспий маңы, мұнай өндіру мен өңдеу салаларына мамандаған
облыстар кіреді. Бұл аймақтағы приоритетті мәселе-табиғи ортаның мұнаймен
ластануы.
А аймағына Қазақстанның негізгі мұнай өндірушілері болып табылатын
Атырау және Маңғыстау облыстары жатады. Халқының саны 1,47 млн.адам немесе
халықтың 5%-нан кем бөлігін құрайды. Ал ұлттық өнімнің шамамаен 16%-н
береді. Каспий маңы аймағында мұнай-газ өнеркәсібінің айтарлықтай дамуы
жоспарланып отыр. Каспий теңізінің солтүстігінде мұнай қоры-3-3,5
млрд.тонна және газдың-2-2,3 м куб. Ағымдағы мұнай өндіру барлық қордың 1%
құрайды. 1996 жылы елдің мұнай өндіру саласын қаржыландыру жүргізілді,
жақын жылдары одан да артады.
Каспий теңізінде бекіре мекен етеді. Ол ең жоғары сапалы уылдырықтың
95%-н береді де, оның беретін табысы 10 млн.долларды құрайды. Шектен тыс
аулаумен қатар, теңіз суының мұнаймен ластануы оның санын кемітеді.
Сондықтан, биокөптүрлілікті сақтау мәселесіне көңіл аударылуы керек.
Қазақстанда мұнай өндіру 100 жылдан ьері жүргізіліп келеді. Ескірген
технологияларды қолдану орасан зор экономикалық шығындар мен қоршаған
ортаның бұзылуына әкеліп соқтырды. Топырақтың деградациясы, судың мұнаймен
ластануы адамның денсаулығына және экожүйелерге әсер етіп, шөлдену
процестерінің жүруіне, юиокөптүрліліктің жойылуына әкеледі. Тыныс алу
жолдарының қабыну аурулары мұнай өндіретін аудандардағы орташа саны
облыспен салыстырғанда жоғары. Канцерогенді көмірсутектердің
концентрациясының жоғары болуы бұл зонадағы қатерлі ісіктен болатын өнімнің
басқа аймақтармен салыстырғанда 2-4 есе жоғары болуына әкелді. Жас
балалрдың өлімі мың адамға шаққанда 37 адамды құрайды. Бұл көрсеткіш еліміз
бойынша ең жоғарғы көрсеткіш.
Мұнай өндірілген жылдары 5 млн.тоннаға жуық мұнай төгілген. Бұл грунт
пен беттік судың ластануына, өсімдіктердің жойылуы мен қоршаған ортаның
органикалық қосылыстармен ластануына әкелді. Жыл сайын шамамен 740 млн.
метр куб серіктес газдар шығарылады. Бұл тек бағалы шикізаттың жойылуына
ғана әкеліп соқтырмайды, сонымен қатар атмосфераның азот және күкірт
тотықтарымен, парниктік жанбайтын көмірсутектермен ластануы мен осы маңдағы
температураның жоғарылануына әкеледі.
В аймағына еліміздің шығыс облыстары жатады. Қазақстан
Республикасының өнеркәсібі жоғары дамыған аймағы. Ірі түсті және қара
металлургия, энергетикалық комплекс шоғырланған. Бұл аймақтағы мәселелер-
қоршаған ортада өндірістік қалдықтардың жиналуы, урбанизацияланған
терреториядағы атмосфералық ауаның ластануы, ормандардың дегдарадациясы,
ерекше қорғауға алынған терреториялардың жеткіліксіздігі.
В аймағына солтүстік-шығыс облыстар-Шығыс Қазақстан, Павлодар,
Қарағанды, Ақмола жатады. Халқының жалпы саны 7 млн.-нан астам. Аймақ тау-
кен өндіру, көмір өнеркәсібі мен жылу энергиясын өндіретін орталық болып
табылады. Аймақтың экономикасында ауыр өнеркәсіп, мұнай өңдеу, азық-түлік
және жеңіл өнеркәсіп маңызды орын алады. Терреторияның басым бөлігін
(4млн.га) ормандар алып жатыр, бұл бүкіл Қазақстанның орман ресурстарының
50%-н құрайды. Ресурстардың көп бөлігі Шығыс Қазақстан облысына келеді.
Ертіс-Нұра-Есіл өзендерінің бассейндерінің су ресурстары-негізгі су
көзі. Республикамыздың астанаса Астана қаласы осы мәселелер аймағында
жатыр. Шығыс Қазвқстан облысында Семей ядролық полигоны орналасқан.
Аймақтың экономикасының дамуына ресурстардың күйі әсер етеді Ертіс
және Нұраның өзен бассейндері 4,1 млн. халықты сумен қамтамасыз етеді және
ішкі өнеркәсіптік қажеттілік үшін 1700 Мвт энергия өндіреді. Бассейнаралық
су беруді жоспарлау, Қара Ертістен суды Қытай халық республикасына беру
мәселені шиеленістіру мүмкін.
Тек бір Шығыс Қазақстан облысында 1,5 млрд. Тонна улы өнеркәсіп
қалдықтары (елге жиналғанның 90 %) сақталған. Олар 32 мың га жерді алып
жатыр. Бірнеше жыл бұрын Нұра өзенінің суын пайдалану, 25 жылдан бері
сынаптың жиналуы себепті тоқтатылған. Су түбінде ластану мөлшері 200 мгкг
құраған.
Ертіс өзеніне жалпы ластану және Шығыс Қазақстан мен Павлодардағы
керосиннің төгілуі қауіп төндіруде.
Өнеркәсіптік қызмет нәтижесінде ауа күкірт тотықтарымен, фенолдармен,
формальдегидтермен, қатты бөлшектермен және қорғасынмен ластанған.
Семей яролық полигонында 1989 жылға дейін 470 ядролық жарылыс
жасалып, 300 мың га терреторияда радиоактивті жауын-шашын түскен.
1997 жылы бағалы қылқанжапырақты ормандардың үлкен терреториясы
(елдің ормандарының 10%-дан астам) өрттер әсерінен жойылды. Бұл
биоалуантүрліліктің кемуіне әкеліп соқтырды. Экологиялық мәселердің
халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен денсаулығына әсері орасан зор:
жыл сайын улы қалдықтардан келетін шығын 300 млн.доллар, ауаның ластануы-
226 млн.доллар. Аймақта қатерлі ісіктермен ауыру деңгейі ең жоғары.
С аймағына оңтүстік аймақтар жатады. Тұрақты сумен қамтамасыз етуді
қажет ететін ауыл шаруашылық бағытымен сипатталады. Оңтүстік аудандардағы
негізгі экономикалық мәселелер-су ресурстарының жетіспеуі, су көздерінің
шайынды сулармен ластануы, жайылымдардың деградациясы, табиғи және мәдени
ескерткіштердің бұзылуы. С аймағына Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және
Қызылорда облыстары жатады. Халық саны шамамен 5 млн., негізгі қызметі-ауыл
шаруашылығы. Оны суару үшін Арал және Алакөл-Балқаш бассейнінің өзендерінің
суын пайдаланады. Аймақтың біраз бөлігі ауа райы күрт континенталды шөл
аймағында жатыр.
Ауыл шаруашылығының ұлттық өнімдегі үлесі 12%. 1990 жылы мал
шаруашылығы ауыл шаруашылығы өнімінің 61%-ын құраса, ал 1996 жылы бұл
көрсеткіш 38%-ға дейін кеміп кеткен. Суармалы жерлер 17 млн.га жерді алып
жатыр (Қазақстандағы суармалы жерлердің 70%-сы). Бірақ оның көлемі тұздану
мен өнімділігін жоғалту нәтижесінде үнемі кеміп келеді.
Аймақтық экология мәселелері негізін су ресурстарын тиімсіз
пайдаланумен, ластанумен байланысты. 1990-1996 жылдар аралығында 10 млн га-
дан астам жайылымдық жерлер өнімділігін жоғалтып, 17 млн га егістік жерлер
өндірістен шығарылды.
Кеңінен белгілі аймақтық экологиялық мәселе-Арал теңізі. Арал
теңізінің кеуіп қалған түбінен сарапшылардың мәліметтері бойынша 50-70 мың
тоннадан астам тұз көтерілуде. Ауыз судың сапасының нашарлығы балалар
арасындағы инфекциялық аурулары жоғары болуына әкеліп соқтыруда.
Су ресурстарын тиімсіз пайдалану, Қытайға судың көптеп берілуіне
байланысты Балқаш көліне де Арал тағдыры тууы мүмкін. Қазір су ресурстарына
деген қажеттілік 50% ғана орындалып отыр.
Аймақтың әлеуметтік және экономикалық дамуы экологиялық мәселелермен
тығыз байланысты. Халықтың ішкі және сыртқы миграциясы байқалуда. Халықтың
ауруға шалдығу деңгейі соңғы жылдарда 2-3 есе артқан. Халықтың өсуі мыңға
шаққанда 15;3-ке кеміген. Балалар өлімінің деңгейі мыңға шаққанда 30,4
құрайды. Негізгі себеп-суға байланысты аурулар. Экстремалды жағдайлар
аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына кедергі келтіреді.
Қазақстандағы қоршаған ортаның жағдайы туралы ақпараттарды сараптай
және қорытындылай келе ұлттық деңгейде ең алдымен шешуді талап ететін
маңызды экологиялық мәселелерге мыналар жатады:
1) су ресурстарының тапшылығы;
2) жайылымдар мен егіс территорияларының атмосфералық ауасының ластануы;
3) мұнай өндіретін аймақтардағы қоршаған ортаның ластануы;
4) қоршаған ортаның өндірістік және тұрмыстық және тұрмыстық қалдықтармен
ластануы;
5) ормандар мен ерекше қорғауға алынған территорияларының жетіспеуі;
6) су қорларының шайынды сулармен ластануы;
7) радиациялық ластануы;

1.2. Қазақстанның су ресурстары
Дүниежүзілік су қорларының ластануы бүкіл адамзат қауымын алаңдатып
отыр. Бұл мәселе Қазақстанға да тән. Судың ластануы көп түрлі, әрі ең
соңында су экожүйесін бүлдірумен аяқталады.
Су айдындарының ластануын былайша топтастырады:
- биологиялық ластану: өсімдік, жануар, микроорганизмдер және аш бейімді
заттар;
- химиялық ластану: уытты және су ортасының табиғи ортасын бүлдіретіндер
химиялық заттар;
- физикалық ластану: жылу-қызу, электромагнитті өріс, радиоактивті заттар;
Судың сапасы, ластану деңгейі үнемі бақылауға алынып отырады. Судың
құрамындағы химиялық қоспалар, тұздың құрамы, еріген бөлшектер, температура
әр түрлі болуы мүмкін.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауыз судың 100-ден астам сапалық
көрсеткішін ұсынған. Ал, Қазақстанда ауыз су сапасы МемСТ-287482 бойынша 30
түрлі міндетті көрсеткішпен анықталады.
Су бассейнінің ластануының негізгі себептері-тазартылмаған ағын
суларды өзен-көлдерге жіберу. Бұған жол беретіндері:
--тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықтар;
-өнеркәсіп орындары;
-ауыл шаруашылығын химияландыру;
-халық шаруашылығының басқа да салалары.
Ағын суларға құйылатны лас сулар да бірнеше топқа бөлінеді. Оларды
қоспалар (ерімейтін, коллоидты, еритіндер), лас сулар (минералдық,
органикалық, бактериалдық, биологиялық) деп жіктейді.
Лас сулардың ішінде тұрмыстық сарқынды суларда органикалық заттар
58%, минералдық заттар 42%-тей болады. Өнеркәсіпте пайдаланатын сулар мен
синтетикалық жуатын заттармен судың ластануы өте қауіпті. Бұл заттар-
химиялық ластану көздері. Соның ішінде сулы экожүйелердің пестицид,
гербицид және басқа да химиялық препараттармен ластануы Қазақстанда кең
етек алған. Мәселен, мақта мен күріш, жеміс-жидек, бау-бақша, теплица (жылы
жай) зиянкестеріне қарсы бұрынғы Кеңес өкіметінде өте көп химиялық заттар
қолданылған. Нәтижесінде, су ластанып, оның сапасы мен микрофлорасы және
микрофаунасы, жануарлар, өсімдіктер, құстар зардап шеккен. Өз кезегінде
химиялық заттардың зиянды қосылыстары азық-түлікпен адам организміне кері
әсерін тигізеді.
Қазіргі кезде ашық өзен, көл суларымен қатар жер асты сулары да
сарқынды, шайынды сулармен және еріген заттармен ластанып отыр. Негізгі
ластаушы көздер мыналар:
- өнеркәсіп өнімдерін сақтайтын қоймалар;
- химиялық заттар және тыңайтқыштар;
- тұрмыстық қалдықтар;
- жер асты суымен жалғанатын құбырлар;
- ірі құрылыс учаскелері;
- сүзгі алаңдар, бұрғы скважиналар орындары болып табылады.
Жер асты суларында әр түрлі жұқпалы ауру тарататын микробтар,
вирустар кездеседі. Қазақстан жағдайында өзен-көлдердің ластануы көбінесе
өнеркәсіп шоғырланған аймақтарда, полигондар мен мұнай-газ өндіретін
жерлерде жаппай сипат алуда.
Өзендердің ішінде Ертіс су алабы Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты,
Лениногор қорғасын зауыты, Березов кені, Зырьян зауыты секілді өндіріс
орындарының сарқынды лас суларымен ластануда. Су құрамында қорғасын, мырыш,
сынап, т.б. ауыр металдар шекті мөлшерден асып кетуі жиі байқалады.
Іле-Балқаш бассейіні суының сапасы да мәз емес. Мұндағы ластағыш
заттар-ауыр металдар, мұнай өнімдері мен фенолдар. Әсіресе, Балқашмыс
өндірістік бірлестігі, Балық балық өнеркәсібі, Сарышаған ракета
полигондары, т.б. кен рудаларын байыту комбинаттары Балқаш көліне мыңдаған
тонна зиянды заттарды төгуде. Іле өзенінің ортаңғы ағысы, жалпы өзен
экожүйесі, күріш алқаптары Ақдала, Шарын массивтері және Шеңгелді
массивтерін игеруге байланысты минералды тыңайтқыштар мен химиялық
препараттар өте көп қолданылуына байланысты сапалық құрамы өте төмен. Оның
үстіне Іле өзені арқылы мұнай тасымалдау, Қапшағай су қоймасы, Қытай
жеріндегі судың ластануы ондағы экологиялық жағдайды ұшықтыра түсіруде.
Сырдария, Шу, Талас, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Көксу өзендерінің сулары
біршама таза деп есептелінеді. Соның ішінде Сырдария, Шу, Талас өзендері
ауыл шаруашылығын химияландыру мен дренажды сулармен ластануда. Әсіресе,
Арыс, Келес өзендері күріш пен мақта егісінде жиі қолданылатын
пестицидтермен ластанып отыр.
Соңғы жылдары Каспий теңізінде мұнай өндіруге байланысты және теңіз
деңгейінің табиғи көтерілуі аймақтың экологиялық тыныс-тіршілігін
шиеленістіріп отыр.Теңіздің көтерілуі жүздеген мұнай бұрғы-скважиналарын,
мұнай қоймалары мен өңдеу обьектілерін істен шығарды. Қазір бұл жерлерде 6
мұнай газ кені, жүздеген елдімекендер, коммуникациялар, өнеркәсіп орындары
су астында қалды. Нәтижесінде, теңізге көптеген мөлшерде лас заттар, мұнай
өнімдері, органикалық қосылыстар, ауыр металдар суға араласуда, Оның үстіне
Еділ және Жайық өзендерінің лас улары теңіз суын уландыра түсуде. Мәселен,
1995-2000 жылдар аралығындағы кәсіптік балықтар мен бағалы қара уылдырық
және ет беретін бекіре тұқымдас балықтардың азайып кетуі тіркеді. Ал, 1999
жылы қырылып қалған 20-30 мың итбалықтың және жүздеген мың құстардың өлуі
теңіз суының бүгінгі сапасының көрсеткіші-биоиндикаторы болса керек. Қазір
Каспий мұнайын игеру бүкіл әлемді дүрліктіріп, шетелдік инвестрлер теңіз
қара алтынын игеруге ұмтылуда. Ал, олардың судың спапасы мен ластануын
акөңіл бөлуі, экологиялық нормаларды сақтауы күмән туғызып отыр.
Атырау, Маңғыстау аймақтарында техниканың ескілігінен бұрғы-
скважиналарының бүлінуі, жерге мұнайдың жерге, суға төгілуі қоршаған ортаға
зиянын тигізуде. Жерге сіңген мұнайдың қалыңдығы 10 метрге жетіп жер асты
суына қосылуда. Қазір мұнаймен ластану аймағы 200 мың га алып жатыр.
Қоймаларда 200 мың тонна мұнай қалдығы, 40 мың тонна көмірсутегі
жинақталған.
Ақтөбе облысындағы су айдындарының да экологиялық жайы нашар.
Мәселен, Елек өзені амин өнеркәсібі есебіне және бормен ластануда.
Қорғалжың, Наурызым, Марқакөл, Алакөл, Зайсан көлдерінің экологиялық
жағдайы біршама тәуірлеу деп есептелінеді. Десе де, су айдындары Орталық,
Солтүстік, Шығыс Қазақстандағы өнеркәсіп орындары, полигондар есебінен
ластануда. Қарағанды металлургия комбинатының және Теміртау қаласындағы
Карбид өндірістік бірлестігінен шыққан сулар Нұра өзенін барынша
ластауда. Жамбыл фосфор зауытының сарқынды лас сулары Талас, Асы өзендері
мен оның алқаптарын фтор және сары фосформен ластап отыр. Оңтүстік
Қазақстан облысында ең көп ластану Бадам, Сайрам кен орындарында байқалуда.
Әсіресе, Бадам өзені бойындағы қорғасын, фосфор, химия өнеркәсіптерінен
бөлінетін қорғасын, мырыш, сынап кей жерлерде шекті мөлшерден 50 есеге асып
кететіні тіркелген. Су ресурстарының биологиялық ластануы Арал аймағы мен
Батыс Қазақстанда жиірек ұшырасуда.
Қазақстанның су ресурстарының сапасын жақсарту және қорғау шараларын
жүзеге асыру бағытында мемлекет тарапынан көптеген игі істер жүргізілуде.

1.2.1. Каспий теңізінің экологиялық проблемалары
Каспий теңізі-жер шарындағы бірден-бір тұйық су айдыны. Оның көлемі-
380 шаршы км. Каспий теңізі солтүстіктен оңтүстікке дейін 1030 км, батыстан
шығысқа дейін 196-435 км аралықты қамтиды. Солтүстік-шығыс бөлігінің
климаты континенталды, ал оңтүстік-батысы субтропикалық климатты құрайды.
Каспийдің солтүстік жағалауы таяз, көбіне қайрандардан тұрады.
Каспий теңізі Еуропа мен Азия континенттерінің түйіскен жерінде
орналасқан. Каспий қайраңы өте ерекше табиғат туындысы әрі өсімдіктер мен
жануарлардың қолайлы ортасы. Мұнда Қызыл кітапқа енген өсімдіктер мен
жануарлар көптеп кездеседі. Тұйық су айдыны болғандықтан мұндағы
организмдердің басымы эндимиктер. Теңіздің құнды байлықтарының бірі-бекіре
тұқымдас балықтар. Олардың 5-түрі кездеседі. Бекіре тұқымдастарының
дүниежүзілік қорының 70%-ы осы теңіздің үлесіне тиетінін мақтанышпен айтуға
болады. Қызыл балық тұқымдарына жататын бекіре (осетр), шоқыр (севрюга),
қорытпа (белуга) балықтарының 90 пайызы Каспий мен Азау теңіздерінде
шоғырланған. Оның табиғи түрлері тек осы екі теңіз бен аймағындағы өзен су
қоймаларында ғана кездеседі. Тарих парақтарынан сыр тартсақ, жергілікті
халық XIII ғасырдан бастап бекіре балықтарын тағам ретінде пайдалана
бастағанын білеміз. Ата – бабаларымыз ерекше құнарлы тағамды түрліше
дайындап, сақтау әдістерін тез меңгеріп алған. Ал, Кеңес Одағы тұсында
кәсіби балық аулау шаруашылықтары құрылды. Тауарлы балық өнімдерін
дайындайтын ірі кәсіпорындар да осы кезеңде өз жұмыстарын бастаған.
Балық аулау – Қазақстан Республикасы үшін дәстүрлі сала және
экономикамыздың негізінің бірі деп айтуға болады. Жергілікті жерде балық
ресурстарының жағдайына үлкен маңыз беріліп отыр. Себебі еліміздегі
балықтың 60% осы жерде ауланып, өңделеді. Осы саланың кәсіпорындары 70
мыңнан астам халқы бар жағалаудағы ауылдар үшін негізгі жұмыс беруші болып
табылады. Алайда, бүгінгі таңда балық шаруашылығына қатысты көптеген
мәселелер өзінің шешімін күтіп тұр, әсіресе, бекіре тұқымдас балықтарға
қатысты. Ащы шындық мынадай: дәмді деликатес, теңдессіз тағам болып
табылатын бекіре тұқымдас балықтар қоры соңғы 20 жылда күрт азайды, қазір
құрып кетудің аз-ақ алдында тұр. Кезінде облыс халқын асыраған, атымызды
әлемге әйгілі еткен балық шаруашылығының қазіргі күйі өздеріңізге мәлім.
Осыған дейін тонналап аулағаннан басқа, балықты сақтау, көбейту, қорын
өсіру туралы мәселе ешкімді толғантқан жоқ. Сарқылмайтын тай қазандай
көрінді, бұндай ысырапшылдықтың зардабын енді шегудеміз.
Каспий ойпаты өзінің табиғат ескерткіштерімен, фаунасы және флорасының
көптүрлілігімен ерекешеленеді. Мұнда өсімдіктердің-945, балдырлардың-64,
фитопланктондардың-414, зоопланктандардың-100-ден астам түрі тіршілік
етеді.
Каспий теңізі кәсіптік балықтарға да бай. Теңізде балықтың 76 түрі
кездеседі. Каспий теңізі жыл құстарының да сүйікті мекені. Теңіз
жағалауларында 3-3,5 млн. құстар қыстап қалса, ал жыл құстарының саны 10-12
млн-ға жетеді.
Каспий теңізінің экологиялық жағдайы соңғы деңгейінің көтерілуімен
байланысты. Каспий теңізінің бірде көтеріліп, бірде тартылуы жердің табиғи-
тарихи эволюциясына байланысты. Тарихи деректер бойынша 1820-1930 жылдар
аралығында Каспий теңізінің су деңгейі көтерілген. Оның себептерін ауа
райының құбылысымен және антропогендік факторлармен түсіндіруге болады.
Еділ өзені теңізге құятын барлық судың 80%-ын құрайды. Сондықтан теңіз
суының толысуы Еділ өзенімен тығыз байланыста болды. Соңғы жылдары теңізден
Қарабұғазкөл шығанағын бірде бөліп, бірде қосу адам баласының Каспий
экожүйесіне батыл араласуы еді. Осы әрекеттердің бәрі Каспий теңізінің
байырғы қалыптасқан табиғи тепе-теңдігін бұзған адамның теріс іс-әрекеттері
ретінде қабылданды. Теңіз суының ырғақты ауытқуы табиғаттың заңдылығы
екенін адам баласы кейін түсінді. Мәселен, 1940-1950 жылдардағы теңіз
деңгейінің төмен түсуін антропогендік факторларға жатқызады. Оның да себебі
бар еді. Өйткені, осы жылдары теңізгі құятын су мөлшері Еділден 12%-ға,
Жайықтан 24%-ға, ал Теректен 60%-ға төмендеген. Осы факторларды ескеріп,
теңіз суы деңгейінің азаюын тежеу мақсатымен 1980 жылдары Қарабұғазкөлді
теңізден бөлу үшін ұзындығы 100 метр табиғи бөгет салынды. Бөгет салынған
бұғаздың суы небәрі 3-ақ жылдың ішінде кеуіп кетіп, айналасына теңіз тұзы
аралас шаң-тозаңдар тарады. Әсіресе теңіздің түбінен тұз өндірушілерге
қиындық туды, тұздың спапасы төмендеп кетті. Өйткені, Қарабұғазкөл елімізде
тұз өндіретін бірден-бір ірі Қарабұғазсульфат комбинатымен әлемге әйгілі
еді. 1978 жылдан бастап деңгейі өздігінен көтеріле бастады. Ғасырдың
аяғында оның деңгейі 3 метрге жуық көтерілді. Судың көтерілуінен жүзден
астам мұнай бұрғылары, ондағы мұнай қоймалары, 6 мұнай-газ кешені, жүздеген
елді мекендер коммуникациялық желілер, өнеркәсіп орындары су астында қалды.
Барлық ластағыш заттар мен мұнай теңіз суына араласып, оның аймағы 300 мың
гектарға жетті. Кейінгі жылдары теңіз суының көтерілуінің табиғи процесс
екендігі дәлелденді.
Каспий теңізінің көтерілуі оның маңындағы мемлекеттерге көптеген
проблемалар туғызып отыр. Оның бастысы-экологиялық жағдайлар.
Біріншіден, су деңгейінің көтерілуі теңіз жағалауындағы табиғи
жайылымдардың көлемін тарылтып, құстар мен жануарлардың мекенін басып
қалды. Суға тосқауыл үшін соғылған бөгеттер жағалаудың фаунасы мен
флорасына зор шығын келтірді. Балықтардың уылдырық шашу аясы мен құстардың
ұя салу тығыздығы кеміп, биокөптүрліліктің азайып кету проблемасын туғызып
отыр.
Сурет 1.2.1.1

Екіншіден, теңіз деңгейінің көтерілуі судың, ауа мен топырақтың
ластануына, одан әрі экологиялық апатқа апарады. Судың мұнай өнімдерімен
ластануы 1980 жылдан бастап күшейе түсті. Су құрамында пестицид және ауыр
металдардың көбеюі бекіре сияқты бағалы балықтар, теңіз мысығы, құстардың
жаппай ауруларға ұшырап, қырылып қалу фактілерін жиілетті. Соңғы мәліметтер
бойынша бекіре балықтарын аулау 40%-ға азайтты.
Үшіншіден, су деңгейінің көтерілуі теңіз жағалауларындағы мұнай
ұңғыларын, мұнай қоймаларын, мұнай өңдейтін өнеркәсіп орындарын, балық
комбинаттарын, елді мекендерді су басып, орсан зор шығын келтіре бастады.
Төртіншіден, мұнай игеруге шетелдік инвесторларыд тарту Каспий
теңізінің экологиясын одан әрі шиеленістіре түсуде. Мұнай өндірумен бірге
шығатын ілеспе газдардың көтерілуі аймақтың ауа ағынында зиянды газдар
үлесін көбейтіп отыр. Теңіз жағалауларының тозуы техногендік процестерді
жылдамтып, аумақтың шөлге айналуына себепші болып отыр.
Каспий проблемасы бүгінгі таңда күрделі аймақтық экологиялық
проблемаға айналды. Каспий мұнайын игеру жоғары қарқынмен жүргізіліп, ұзақ
жылдарға жоспарлануда. Бұл проблема тек Қазақстан ғана емес Ресей,
Әзірбайжан, Түркменстан және Иран республикаларына да тән ортақ іс. Ең
бастысы Каспий теңізінің фаунасы мен флорасының әр түрлілігін сақтап қалу.
Каспий проблемасы БҰҰ деңгейінде көтерілуде. Соның бірі 199 жылы Көкшетау
қаласында Каспий теңізінің биокөптүрлілігін сақтаудың белсенділігін
бағалау тақырыбында өткен бірінші аймақтық семинар болды. Мемлекетаралық
деңгейде өткен кеңестік мақсаты-Каспий жағалауларындағы мемлекеттермен
біріге отырып, Каспий теңізінің экологиялық проблемаларын шешудің ең тиімді
жолдарын қарастыру. Теңіз экожүйесінде туындап отырған проблемаларды
саралап және баға бере отырып, экологиялық апаттарға жол бермеуге және оны
тез арада шешуге мақсат қойылды. Бұл игі істер адам баласының дүниежүзілік
маңызы бар Каспий сияқты су айдынын сақтап қалу шараларының бастамасы.

1.2.2. Арал теңізінің экологиялық ахуалы
Арал теңізі-Қазақстанның інжу-маржаны, шөл белдеміндегі бірден-бір
көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі-1066 шаршы
км, тереңдігі-30-60 метр, тұздылығы 10-12% болған. Қойнауы кәсіптік бағалы
балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездеріжылына 50-150
мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген.
Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік+экономикалық
тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік кешті. Теңіз өңіріндегі
елдімекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық
комбинаты тұрақты жұмыс істеген.
1960 жылдардан бастап Арал өңірін игенру қолға алынды. Осы аймақтағы
игерілетін жер көлемі бұрынғыдан Өзбекстан мен Тәжікстанда 1,5,
Түрікменстанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Әмудария мен Сырдария
бойындағы халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық
санының өсуіне орай суға деген қажеттілікте артты. Осыған орай, 1970-1970
жылдар аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі
себептері-антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет
ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқындап дамыды (Шардара).(Сурет 1.2.2.1)
Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен
бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Аралға
1960-1965 жылдар арасында 44 мың метр куб су құйылса, бұл көрсеткіш 1974-
1978 жылдары 13 мың метр куб, ал 1990 жылдары екі есеге қысқарды.
Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су
айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40%-ға дейін артты.
Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық
препараттарды қолдану бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті.
Тыңайтқыштарды қолдану 10-15 есеге өскен. Осындай антропогендік факторлар
Арал өңірін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігінің жай-күйі мен проблемалары
Экология ғылымының дамуы
Қазақстанның жекелеген аймақтар мысалында қоршаған орта сапасын жақсартуға арналған іс - шаралар.
Экология ғылымы және оның міндеттері
Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдаланудың экономикалық механизмін қалыптастыру
Экологиялық апат
Семей ядролық полигонының экологиялық проблемалары
Мұхиттарды қорғау
Қазақстандағы ауаның ластануы
Сібір өзендерін Қазақстанға бұру
Пәндер