Жайық өзенінің экологиясы


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:
Мамандығы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Жайық өзенінің экологиясы
Орындаған: Тексерген:
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ . . . 4
I ТАРАУ ЖАЙЫҚ ӨЗЕНІНІҢ ТАРИХЫ . . . 5
1. 1. Жайық өзеніне жалпы сипаттама . . . 6
1. 2. Жайық-Каспий су бассейнінің ахуалы . . . 8
1. 3. Жайық өзенінің су жүйелері және кеме қатынас жүйесі . . . 9
II ТАРАУ ЖАЙЫҚ ӨЗЕНІНІҢ ҚАЗІРГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ . . . 12
2. 1. Жайық өзеніндегі бекіре балықтардың азаюы . . . 17
2. 2. Жайық өзенінің кәсіпорындардың лас қалдықтарымен ластануы . . . 23
2. 3. Су деңгейінің төмендеу себептері және өзен суының сапалылығы . 29
III ҚОРЫТЫНДЫ
КІРІСПЕ
Облыстың солтүстігінен оңтүстігіне қарай кесіп өтетін басты су көзі- Жайық өзені. Жайық өзені бастауын Орал тауының 600 метр биіктегі оңтүстік-батыс сілемдерінің бірінен алады. Облыс аумағына Жайықтың төменгі сағасындағы 300 шақырымнан астам бөлігі ғана енеді. Өзеннің жалпы ұзындығы 2534 шақырым. Су жинайтын алабының көлемі 2 шаршы шақырым. Жылдық орташа су шығыны 330 текше метр. Арнасының ені 305-500 метр аралығында ауытқып отырады. Өзен суының деңгейі негізінен облыстан тыс жердегі су жинау алабы беретін суға тікелей байланысты болып келеді. Жайық өзенінің 500 шақырымы ғана облыс территориясымен өтеді. Ол Каспий маңы ойпатын кесіп өтіп, Каспий теңізіне құяды. Негізгі арнасына Батыс Қазақстан облысының жерінде бірнеше салалары қосылады. Оның оң жақ салаларына-Ембулатовка, Быковка, Рубежка, Шаған және Деркөл, ал сол жақ салаларын Елек, Шыңғырлау, Барбастау және Ащы өзендері жатады. Соңғысы басын Шалқар көлінен алады да, Жайық өзеніне су мол жылдары ғана қосылады. Жоғарғы ағысындағы басты салалары: Сакмара, Ор, Елек, Үлкен Қобда, Утва, Көшім, Бақсай және тағы басқалары.
Өзеннің орта бөлігінде көктемгі тасқын судың артығы қолдан қазылған Көшім каналы арқылы төрт су қоймасына құйылып, шабындық және жайылымдық жерлерді суаруға пайдаланылады. Көшім каналы осы облыс еңбеккерлерінің қажымас қайратының белгісі. Отызыншы жылдары елімізде техникалық құралдар жетпей жатқан кезде еңбекші бұқара бұл каналды қолмен қазған болатын.
Жайықтың бір жылғы орташа су шығыны секундына 320 текше метр. Соңғы жылдары құрғақшылық пен шаруашылық мақсатына алынатын су мөлшерінің артуы өзеннің орташа су көлемінің жылына 7-8 текше шақырымға дейін азаюына әкеліп соқтырады. Жайық өзенінің тағы бір ерекшелігі-оның төменгі ағысында салалары жоқ. Сондықтан су деңгейінің түсуі немесе көтерілуі жоғары жақтан келетін су мөлшеріне байланысты болады.
Өзеннің тасуы наурыздың соңы мен сәуірдің орта шамасында басталады да, сәуір айының соңында, мамыр айының орта шенінде өзінің жоғарғы деңгейіне жетеді. Өзеннің беті қарашаның соңынан сәуірдің басына дейін 120-130 күндей мұз құрсанады. Мұз қалыңдығы орташа 30-50 см шамасында болады. Жайық өзенінің бастауында жер бетінің деңгейі 637 метр биіктікте, ал оның Каспий теңізіне құяр жері теңіз деңгейінен 28 метр төмен жатыр. Жайық өзенінің құлау бұрышы әрбір шақырым сайын 30 см-ге тең. Өзен арнасының тереңдігі қайраңында 1 метр, негізгі арнасында 3 метр, ал иірімдерде 4-5 метрге жетеді. Каспий теңізіне құяр жерінде тарамдарға бөлініп кетеді. Облыс көлемінде Жайық өзені егістік жерлерді суаруға, кеме арқылы әр түрлі жүк және жолаушы тасымалдауға пайдаланылады, балық ауланады. Соңғы жылдары Жайық өзенінің көліктік қатынас қызметі азайып келеді
Жайық өзені Ресей жеріндегі Орал тауы сілемінің оңтүстік-шығыс етегіндегі бес мөлдір бұлақ көзінен басталады да, Башқұрстан жерімен ағып, Челябы, Орынбор облыстарын басып өтіп, Елек өзені сағасынан бастап қазақ еліне өтіп, Батыс Қазақстан облысы өңіріне нәрбелі келіп, Атырау облысы топырағынан өтеді. Оның жалпы ұзындығы 2428 шақырымды құраса, оның 1084 шақырымы Қазақстанға тиесілі. Жағасында 70 шақты қала мен елді-мекен бар. Бес миллионға жуық халық осы өзенмен тіршілігін байланыстырған.
I ТАРАУ ЖАЙЫҚ ӨЗЕНІНІҢ ТАРИХЫ
Атырау аймағына тұщы нәр беріп, тұрғындарының өміріне, тірлігіне негіз болып келген, талай тарихи оқиғаға куә болған су көзі - Жайық өзені ғана. Оңтүстік Орал тауы және Каспий ойпаты, Ресей Федерациясының Башқұртстан Республиксы, Челябі, Орынбор және Қазақстанның Батыс Қазақстан, Атырау облыстары жерінен ағып, Атырау қаласы тұсында Каспий теңізіне құяды. Су жинайтын алабының ауданы 237 мың км 3 , Қазақстан жеріндегі ұзындығы 1084 км. Орал тау жотасынан басталып, жоғарғы бөлігінде Оңтүстік Оралдың шығыс беткейін бойлай тар аңғармен ағып, Верхнеуральск қаласынан төмен қарай жазықпен ағады. Магнитогорск металлургия комбинатын сумен қамтамасыз ету үшін қала маңында бөген салынған. Бөгеннен төмен қарай өзеннің жағасы жарқабақ, арнасында қайраңдар бар. Ириклинск су электр станциясының салынуына байланысты Ириклинск су бөгені пайда болды. Ресей жеріндегі Орск қаласына дейінгі бөліктерде Жайыққа оң жағынан Таналық, сол жағынан Ор салалары құяды. Орск қаласынан төменде өзен батысқа бұрылып, Губерли шатқалымен(ұзындығы 45 км) өтеді.
Жазық даламен ағатын тұсында сол жағынан Елек өзені құяды. Жайыққа оң жағынан Кіші Қызыл, Үлкен Қызыл, Сакмар, Таналық, Шаған; сол жағынан Шыңғырлау(Утва), Гумбейка, Үлкен Қараған, Сүйіндік, Қомақ, Ор, Елек, Барбастау салалары құяды. Орал қаласынан төменгі бөлігінде Жайықтың аңғары тағы да кеңейіп, жайылмасы тармақталады. Қаладан өткеннен кейін өзенге Көшім бөгені салынып, Жайық-Каспий суару-суаландыру жүйесі тартылған. Жылдық орташа су ағыны Көшім аралы тұсында 322 м 3 /с; ең аз су шығыны жазда 6, 75 м/с 3 , қыста 1, 6 м 3 /с шамасында.
Жайық көбінесе қар суымен (80%) толығады. Су тасуы кезінде орта ағысы тұсында арнасы 10 км-ге, ал атырауында бірнеше ондаған км-ге жайылады. Өзеннің жоғарғы ағысында қарашаның басында, орта төменгі бөлігінде қарашаның аяғында қатып, мұзының еруі төменгі бөлігінде наурыздың аяғында басталып, жоғарғы бөлігінде сәуірдің ортасына дейін созылады. Өзеннен бекіре, шоқыр, майшабақ, көксерке, Каспий қаракөзі, табан балық, сазан, жайын ауланады. Жайықтың бойында орналасқан қалалар: Верхнеуральск, Магнитогорск, Орынбор, Орск, Новотройск, Орал (кеме қатынасы басталатын жер), Атырау Жайық өзені бойымен, Еуропа мен Азияның шартты шекарасы өтеді.
1977 жылы Жайық өзені бассейнінің табиғи ресурстарын қорғау, тиімді пайдалану және оны молайту жөнінде Республика аралық қоғамдық тұрақты комитет құрылды. Оның құрамында Ресей Федерациясы, Орал және Ақтөбе облыстарының өкілдері енгізілді. Жыл сайын комитет мүшелері бас қосып, Жайық өзені мәселелерін талқылайды. Ал мәселелер аз емес. Елдің халық шаруашылығы комплексінде Жайық бассейні маңызды орын алады. Бұл аймақта 4 миллионнан астам адам тұрады. Еліміздің балқытылған металдың әр он тоннасының бірі, әр он текше метр газдың бірі осында өндіріледі.
Жайық ерте кездерден бері бағалы қызыл балықтың өркендеген мекені болып табылады.
1. 1. Жайық өзеніне жалпы сипаттама
Екі мың шақырымға созылып жатқан Жайық өзені ұзындығы бойынша Еділ мен Дунайдан кейінгі үшінші орында. Ол Ресей Федерациясының Челябі, Орынбор
Сурет. 1. 1
облыстары және Башқұртстан Республикасы мен Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының аумағымен ағып өтеді.
Орал-Атырау облыстарына жылына 600 млн текше метр су келеді. Жалпы Жайықтағы су көлемі 5 миллиард 300 млн текше метрді құрайды. Сонда 4 миллиард700 млн текше метр су Каспий теңізіне құйылып отыр. Жалпы алғанда су көлемінің Атырау облысы 11 пайызын пайдаланып отыр. Ол ауыл шаруашылығына, ауыз суға, өндіріске, тағы басқаларға пайдаланылады. Аталған мөлшердегі судың 80 пайызы ауыл шаруашылығы саласына жұмсалады, яғни егістік, бау-бақша, жайылымдық жерлерді суаруға. Егер осы жұмыстарды тамшылатып суару сынды жаңа технологиялармен, тың әдістермен орындаса, су көлемі әлдеқайда мол үнемделеді. Ал тұрмыстық тұтынуға кетіп жатқан су көлемі онша көп емес, бірақ мұнда да ысырапшылдыққа ұрынбауды ойлау керек.
Қазір Жайық - бекіре тұқымдас балықтарды өсіруге қолайлы жалғыз су көзі. Оған Ресей мамандары да қызығып отыр. Өйткені, өзендеріндегі Дон, Кубан, Терек тәрізді өзендерде салынған. Олардың жұмысы бекіре ғана емес, тіпті жай балықтардың да өсіп-өнуіне кедергі келтіреді екен. Мұндай қондырғылардан аман тұрған әзірге Жайық өзені ғана.
Жайық өзенінің Каспийге құяр сағасынан Орал қаласына дейінгі аралық 60-жылдардың басынан мемлекеттік қорық зонасына айналды. Осының нәтижесінде төмен түсіп кеткен деңгейі 70-жылдары бірнеше есе өсті. Мысалы, 1977 жылы 10, 4 мың тонна қызыл балық ( бекіре, шоқыр, пілмай, т. б. ) ауланды. Бұл бүкіл дүние жүзі бойынша ауланған осы балықтардың 38 % -іне тең еді. Ал қазіргі кезде қызыл балықтың қоры тағы да азайып, 1996 жылы тек бір мың тонна мөлшерінде ғана ауланды. 2003 жылы 6 мың тонна балық ауланды. Балықтың осынша азаюының негізгі себебі - Жайық өзені суының төмендеуі және оның түрлі қоспалармен ластануының негізінде Жайық өзенін мекендейтін қызыл балықтардың арасында аурудың пайда болуы.
Шекарааумақтық Жайық өзені суға тапшы Қазақстан ғана емес, Ресейдің де ерекше мемлекеттік маңызды негізгі су күретамыры болып табылады. Тіпті, одақтық мемлекет кезінде де осылай болған. Қазақстан Республиксы Үкіметінің 21. 01. 2004 жылғы №159 қаулысымен «Ерекше мемлекеттік маңызы бар су нысандарының шаруашылық қызмет режимін құқықтық реттеу ерекшеліктері» бекітілген. Өкінішке орай, Жайық өзені осы аталған құжаттағы өлшемдерге сәйкес келсе де ерекше мемлекеттік маңызы бар су нысандарына жатқызылмаған. Осыған байланысты оған дәрежесінде көңіл бөлінбей келеді.
Жайықтың балық байлығы-Атырау өңірінің ғасырлар бойы негізгі табиғи қоры. Қызыл балықтың кейбір түрлері осы Каспий-Жайық-Еділ алабынан басқа жер шарының өзге еш жерінде кездеспейді. Сондықтан Атырау облысында су көзднрін қорғау балық қорының көбеюімен тығыз байланысты. Облыстың басқа да шағын өзен-көлдерінде сазан, табан, көксерке, жайын, шортан тағы басқа балық түрлері көп кездеседі.
1. 2. Жайық-Каспий су бассейнінің ахуалы
Облыстағы негізгі су қоры- Жайық өзені. Өзен негізінен қар және жер асты суымен қоректенеді. Көп жылдық деректер бойынша 19-20қарашада Жайық қатады, орташа есеппен өзен бетін жылына 121 күн мұз құрсап жатады.
«Сурет. 1. 2. »
Көктемде 7 наурыз бен 14 сәуір аралығында мұз еріп су беті ашылады. Жайықтың төменгі ағысында көкектің 2-жартысынан маусымға дейін су тасқыны болады. Өзен деңгейі бастауында 3-4 метр, орта және төменгі ағысында 9-10 метр, атырауында 3метрге жуық ауытқиды. Жайық өзенінің орташа көп жылдық ағын мөлшері Махамбет аулы тұсында (1985) 7, 92 текше км/жыл мөлшерінде, орташа су шығыны 51 мың текше метр секундына дейін. Адамдардың шаруашылық қажеттеріне байланысты өзен деңгейі жылдан-жылға төмендеп келеді: сондай факторлардың бірі-өзен суымен егістікті суару, шабындық пен жайылымды суландыру болып табылады.
Егістік суаруға Жайықтан жылына 0, 6 текше км, суландыруға 0, 2 текше км суы кетіп, арнаға қайтып оралмайды. 1972-1973 жылдары шаруашылықтың қажетіне 1, 8 текше км су жұмсалып өзен арнасына қайта құйылмаған. Жайық өзені суының кемуі жер асты су деңгейінің төмен түсуіне, сөйтіп гидрографиялық жүйенің жойылуына, өзен жайылмасының құрғауына және жағалаудағы ағаш пен бұталардың азаюына әкеліп соқтырады. Облыс аумағындағы кіші өзендерге дұрыс бақылау болмағандықтан өзен бойындағы кез келген шаруашылық жергілікті қажетке суды есепсіз шығындап, бөгет, тоғандар жасау арқылы көп жағдайда судың тартылып қалуына дейін жеткізеді.
Бұрындары жоғарыдан келетін көлемді судан өзен арнасынан тасып, егіс алқаптарын, елді мекендер мен мұнай шарушылығы ошақтарын басып кету жағдайы жиі болатын. Енді ластанып, лайланған өзен жайылмаларын өзгертіп, тіпті кей жерлерде су тартылып, арна кеуіп қалып жтыр. Жайылымдар соңғы жылдары жауынсыз жазды аса қиындықпен өткізуде. Нәтижесінде малға жем-шөп қоры күрт кеміп барады. Өзен бойын қуалай өскен жасыл белдеу-қалың тоғай қурап, жойылу алдында. Осы арада бассейннің өсімдік және жануарлар дүниесін сақтау мен қорғау мәселелерін де ұмыт қалдырмауымыз керек. Жоғарыда айтылған проблемалардың ушығуына өзен табанын тазалауға қажетті қаржының жоқтығы да себеп болып отыр. Жайық суын тазалауға көңіл бөлінбеу себебі-оның Үкімет қаулысымен бекітілген Қазақстанның «ерекше маңызды өзендер» қатарына кірмей қалуы. 2004 жылдың 21 қаңтарында № 59 Қазақстан Республикасының Үкіметінің «Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектілерінің тізбесін және ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектілеріндегі шаруашылық қызметті реттеу құқықтық режимінің ерекшеліктерін бекіту туралы» қаулысы жарық көрген. Ал, осы тізімге жағдайы Жайыққа қарағанда әлдеқайда тәуірлеу өзендер енгізілгенімен, бұл өзенге ондай атақ берілмеген.
Судың тайыздығынан өзендегі балықтың жүруі нашарлаған соң жергілікті атқарушы билік арнаны тереңдету жұмыстарына және табиғатты қорғау шараларын жүзеге асыруға жыл сайын біраз қаржы бөліп отыр. Дегенмен, бұл қаржы өте аз және облыстық деңгейде шешілетін мәселе емес. Ал, тиісті ведомстволар атқаратын жұмыстары өте нашар жүргізілуде. Тек 2007-2008 жылдары ғана «Водные пути» коммуналдық мекемесі Жайықта аз-мұз тазарту жұмыстарын іске асырды. Оның өзінде кеме жолдарына байланысты. Содан соң балық шаруашылығы комитеті там-тұмдап ақша бөліп, балық жүретін жолдарды тазартқандай болған. Облыста Жайық өзеніне бақылау жасайтын қаншама мекеме болғанымен жүргізілген жұмыс осымен ғана шектеледі.
Күні бүгінге дейін Жайықты қорғау мен сақтауға қатысты бағдарлама да қабылданбапты. Тіпті, бағдарлама түгілі облыс аумағындағы өзен кесіндісіне мемлекеттік қорғалған табиғи зона деген мәртебе де берілмеген. Жайық өзенінің арнайы мәртебесінің жоқтығы, ведомствоаралық бытыраңқылық мәселені түбегейлі шешуге кесел болып отыр.
Бүгінгі таңда біздің елде өзенді қорғау мәселесі үш министрлікке тәуелді. Олар-Қоршаған ортаны қорғау, Көлік және коммуникация мен Ауыл шаруашылығы министрліктері. Алайда, өзен мәселесіне қатысты салалас министрліктердің көптігінен пайда көріп отырғанымыз жоқ. Тіпті, жағдайды күрделендіріп отыр десек те болады.
Ерекше қорғалатын аймақтарға бақылау жасау, қоршаған ортаны қорғау, табиғат байлықтарын, орман және су шаруашылығы қорларын пайдалану және оған мемлекеттік қадағалау Ауыл шаруашылығы министрлігінің құзырына берілген. Сонда пайдаланушы да, қорғаушы да, бақылаушы да бір болып шығады. Кімнің болмасын өз қолын өзі қақпайтыны белгілі. Сондықтан, бұндай кереғар реттеу жүйесінің тиімділігі неде деген сұрақ туындайды. Сонымен бірге, бүгінгі таңда су қорлары көздеріне экологтар, бассейнді су шаруашылығы басқармасы, балық қорғау инспекциясы, мемлекеттік санэпиқадағалау қызметі мемлекеттік бақылау жүргізеді. Әркім жан-жаққа тартып, дербес жауапкершілік болмағандықтан бұл «қойшы көп болса, қой арам өледіге» соқтыру мүмкін. Сондықтан экологиялық қауіпсіздік Концепциясының талаптарына сай су қорларына бақылауды тек бір ғана мемлекеттік органға жүктеген жөн.
Облыстың экологиялық жағдайы жергілікті биліктің үнемі назарында. Бұл жөнінде бірнеше рет кеңес, бірлескен отырыстар болып, мәселе кеңінен талқыланды. Қолдан келер шаралардың барлығын алып жатыр. Соңғы жылдары облыс әкімдігі Жайық өзенінің проблемаларын Үкімет деңгейіне дейін көтеріп, ұсыныс берудің нәтижесінде Ел Премьер-министрлігінің маусым айындағы Атырауға сапары кезінде үлкен қолдауға ие болды. Оның ішінде Жайық өзенін суға толтыру мәселесі жөніндегі мемлекетаралық штабтың құрамына енді және өзеннің астын тазалап, тереңдетуге үлкен көмек болатын болды.
Сондай-ақ, мәселе шілде айының 22-сінде Орал қаласындағы Ресей мен Қазақстан елдері басшыларының қатысуымен өткен Үкіметаралық мәжілісте қаралды. Қорытындысымен нақты келісімдер дайындалып, қыркүйек айында екі мемлекет басшыларының кездесуінде бекітілген болады. Жайық трансшекаралық су объектісі болғандықтан, оны сақтау, қорғау- Қазақстан мен Ресей үшін ортақ міндет. Жайық өзенінің бассейндік экожүйесін оңалту, су артериясын түбегейлі жақсарту екі мемлекеттің бірлесе жасаған іс-қимылына тәуелді.
1. 3. Жайық өзенінің су жүйелері және кеме қатынас жүйесі
Жайық өзенінде кеме шаруашылығы 1925 жылы ұйымдастырылған болатын. 1927 жылдан бастап Жайық өзені арқылы Атырау-Орал аралығында жүк тасымалы жүргізілді. Жүктер қолмен тиеліп, тікелей палубада тасылды. Ұлы Отан соғысы жылдарында Ембімұнайы Каспий теңізі арқылы мұнай құятын баржалармен Астрахан қаласына жеткізіліп отырды. 1964 жылы Гурьев өзен порты құрылып, оны жабдықтау жүк көтеретін техникадан басталды, флот теплоходтармен, буксирлермен толықтырылды.
Жайық өзенімен жүк және жолаушы тасудың дамыған кезі 1977-1981 жылдар арасы болды. 1982 жылдан бастап жүк тасу көлемі төмендей бастады. Ол Жайық өзенінің бағалы балық қорын сақтау мақсатында оның мемлекеттік қорық аймағына айналуына байланысты болды. 1982 жылы өзен порты қайта жаңартылып, механикаландырылды. Мұнда үш порт краны қондырылып, темір жол тартылды. 1999 жылдан бастап Жайық-Каспий теңізі каналы арнасын тазарту, қазу жұмыстары басталды Каспий теңізі қайраңының игерілуіне байланысты су көлігін қарқынды дамыту, 2030 жылға дейін жүк тасымалдау көлемін 14 млн. тоннаға жеткізетін мұнай терминалдарын салу және портты қайта жөндеуден өткізу жоспарланып отыр. Теңіз және өзен портын, мұнай және дәнді терминал құрылысын жаңарту мұнай өнімдерін, құрал-жабдықтар мен дәнді әлемдік нарыққа өткізуге шығатын су жолы арқылы тасымалдауды реттеуге мүмкіндік береді.
Кезінде өзен бойымен кеме қозғалысы қарқынды болды. Ауыр жүк тасымалдайтын алып кемелер жүретін сирек өзеннің бірі болатын. Бүгін соңғы 15 жылда түбі тазаланбаған өзенмен шағын кемелердің қайраңдамай жүзіп өтуі проблемаға айналды. Мысал ретінде былтыр Солтүстік Каспий игеру жобасына қажетті «Барыс» кемесін суға түсірердегі әбігерді айтсақ та жеткілікті. Қазір өзендегі ірі кемелердің қозғалысы мүлдем жоқ деуге болады.
Жайық өзені Жайық-Каспий бассейнінде басты және өзгеше суат болып табылады және оның биоресурстарының қалыптасуында басты рөл атқарады. Жайық өзенінің сағасына жанасатын Солтүстік Каспий ауданы бекіре, шала өтпелі балықтар үшін маңызды потенциялды алмасу жолы шабақтардың шиыршықталып оралып щрғырланатын орны, оңалуға жоғарғы азық орны, бағалы балықтар тіршілік орны болып табылады. Суттың жағдайына және биологиялық ресурстарына әсер ететін маңызды факторлардың бірі болып гидрологиялық режимі табылады. Әрине, өзеннің сулылығы, тасқын құблыстардың өтуіндегі кейбір сипаттамалар, судың температуралық параметрі Жайық-Каспий бассейнінің биоресурстарының қалыптасуында белгілі рөл алады.
Жайық сулылығы жөнінде европа өзендерінің үшінші ондығында ғана орын алады. Жайықтың басты ерекшелігі ағуының аса біркелкі еместігінде. Мысалы, Жайықтың суы көп жылғы жалпы ағуы, аз сулы жылдан 10 есеге көп болуы мүмкін. Жайық ағуының жылдық жиынтық теңселу шегімен европалық рекордқа жатады. Жазғы, күзгі, қысқы кезде, яғни жылдың 9-10 айында Жайық қарағанда кішкене өзен, ал көктемде өзінің суын орта және төменгі ағыспен көптеген километрге құятын күшті өзен.
Көктемгі су тасуында Жайықта 60-80 %, ал кейде 96 % жылдық ағу болады. Атырауында тасқын судың жиектен асуы брлығы 2, 5 метрді құрайды, тек кейде 5 метрге жетеді. Бұдан Жайықтан төмен өзенге қарай басқа салалар құймауына, судың бөлігінің ағыстарда жойылуына байланысты тасқын созылады. Жайықтың орта ағысындағы тасынның тағы бір ерекшелігі - су деңгейінің шұғыл көтерілуі. Жайықтың орта ағысында судың көтерілуінің барынша көп жылдамдығы тәулігіне 3 метрге жетеді. Кейде деңгейінің бір түннің ішінде 0, 5 метр төмен түсетін кездері болатын. Жайықтың атырауы үшін өте аумалы деңгейлі режим тән.
Жайық өзені сғасы жанындағы теңіз кемелері қатта өзен ағуының аккумуляциясыы нәтижесінде пайда болды. Жайық өзеніне өлшенген заттар тайыз сулы қайраң жасап тұнады.
1-КЕСТЕ
Жайық өзенінің 2000-2004 жыдардағы кейбір гидрологиялық параметрлері:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz