Өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің экологиялық жағдайы


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: Өсімдік және жануарлар әлемін қорғау
Тақырыбы: Өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің экологиялық
жағдайы
Дайындаған:
Тексерген:
Мазмұны
І КІРІСПЕ . . . 3
1. 1. Кәсіптік маңызы бар хайуанаттар . . . 6
1. 2. Ғылым үшін маңызы бар аңдар . . . 9
1. 3. Өсімдіктердің көптүрлілігі . . . 11
1. 3. 1. Қызыл Кітапқа енген өсімдіктер . . . 12
1. 3. 2. Дәрілік өсімдіктер . . . 15
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ Сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктерді қорғау . . . 21
2. 1. Атырау облысының өсімдіктері мен жануарлары . . . 21
2. 2. Жануарлар мен өсімдіктерді қорғаудағы қорықтардың рөлі . . . 25
2. 3. Жануарлар мен өсімдіктерді қорғаудағы Қызыл Кітаптың маңызы . . . 30
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ . . . 32
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 33
І. КІРІСПЕ
Жер шарында өсімдіктердің 500 млн. астам түрі бар. Жыл сайын ғылыми лабораторияларда олардың бірнеше жаңа түрлерін өсіріп шығарады. Өсімдік жер шарының «өкпесі» деп бекер айтылмаған. Тіршілік атаулыны өсімдіксіз елестетуге болмайды. Жер шарында өсімдіктер жамылғысы біркелкі таралмаған.
Қазақстанда орман қоры 21, 8 млн. га жерді алып жатыр. Яғни, республикамыздың барлық жерінің 3, 35 % - ын құрайды. Біздің жеріміздегі ормандар жүйесі, негізінен, солтүстік және шығыс аймақтарда шоғырланған. Ормандардың бірнеше типтері бар. Олар: сексеуіл, қарағай, шырша, самырсын, қайың ормандары, тоғайлар мен бұталар.
Орман қоры жер шары бойынша жылдан - жылға азая түсуде. Құрлықтың 62 млн. км шаршы жерін өсімдіктер мен ормандар алып жатыр. Республикамызда ормандар аз және олардың жағдайы мәз емес. Оның негізгі себептері - адам факторы, өрт, ауа райының бұзылуы және айнала қоршаған ортаның ластануы.
Орманды қорғау біздің міндетіміз. Орманның адам мен жалпы биосфера үшін маңызы зор.
Орман топырақтағы ылғалды сақтай отырып, су балансын тұрақтандырады. Ылғалды жер өсімдік жамылғысы мен жан - жануарлардың көбейе түсуіне ықпал етеді. Орманды алқаптардағы жер асты сулары өзен мен көлдерді қоректендіреді. Орман аң мен құстың мекені, дәрі - дәрмектік өсімдіктер мен жеміс - жидектердің панасы әрі қолайлы тіршілік ортасы болып табылады.
Ормандардың егістік алқаптарын қорғауда да рөлі зор. Орманды жерде топырақ, су және жел эрозиясы болмайды. Ал ормансыз жердің топырағы кеуіп, шөлге айналады. Ағаштарды қар тоқтату үшін де отырғызады.
Орманның ауаны тазартатын да қасиеті бар. Мысалы, 1 га орман бір күнде 220-280 кг көмірқышқыл газын сіңіріп, 180-200 кг оттек бөліп шығарады. Яғни, ауаның құрамын толықтырып отырады.
Орман сонымен бірге денсаулық сақтау ортасы. Сондықтан курорт пен сауықтыру кешендері, т. б. демалыс орындарының тек қана орманды жерде салынуы тектен - тек емес.
Қазақстанда орманға қарағанда табиғи жайылымдар басым. Өсімдіктің біздің жерімізде 57000 түрі өседі. Оның 506 түрі қорғауды қажет етіп отыр. Жойылып бара жатқан өсімдіктерді сақтап қалу мақсатымен 1981 жылы «Қызыл Кітап шығарылды. Оның мақсаты құрып бара жатқан өсімдіктерді есепке алып, оларды сақтап қалу. Ол үшін көптеген мемлекеттік шаралар жүргізіледі. Солардың бірі - сиреп бара жатқан өсімдіктер өскен жерлерді адам қамқорлығына алып қорықтар ұйымдастыру.
Қорық ұйымдастыру ісіне біздің республикамызда соңғы жылдары көп көңіл бөліне бастады. Қазірдің өзінде 9 мемлекеттік қорық, 5 ұлттық парк, 17 ботаникалық, 40 зоологиялық, 2 ботаникалық - геологиялық қорыққорлар құрылған. Алматы, Шымкент, Қарағанды, т. б. ірі қалаларда ботаникалық бақтар жұмыс істейді. Осының бәрі сиреп бара жатқан өсімдіктерді қалпына келтіру жұмыстарымен айналысады. Орман мен өсімдіктерді қорғау ересектермен қатар мектеп оқушыларының да міндеттері. Көптеген аймақтарда жастардың белсенділігін арттыру мақсатымен «Жас орманшылар», «Жасыл патрульшілер» «Жас экологтар», «Жас натуралистер атты үйірмелер ұйымдастырылған. Олар - еліміздегі орман шаруашылығының белді көмекшелері.
Сирек және дәрілік өсімдіктерді де қорғау баршаның ісі. Біздің жеріміз дәрілік өсімдіктерге өте бай. Олар көбінесе Іле Алатауы, Жоңғар Алатауы, Алтай таулары мен Қаратау тау жоталарында көп шоғырланған. Әсіресе, алтын тамыр, марал оты, дәрмене, жусан, қылша, таңқурай, щайқурай, жалбыз, бәйшешек, тартар жапырақ, түймедақ, мыңжапырақ, тау жуасы, сарымсақ, тасжарған, алтай жауғашы, қызылжидек, сасыр, т. б. өсімдіктер медицинада кеңінен қолданылады. Мәселен, Шымкент қаласында осындай дәрілік өсімдіктерден дәрі - дәрмек жасайтын формацевтік зауыт жұмыс істейді.
Қазақстанда дәрілік өсімдіктермен қатар сирек кездесетін, сәндік үшін өсірілетін өсімдік түрлері де бар. Олардың саны азайып барады. Мысалы, Қаратау аймағында өсімдіктердің 1500 түрі өседі. Сондықтан болар Қаратау өсімдіктердің «Меккесі» деп аталады. Табиғаттың әсем көріністері табиғи ортаның ластануынан, жайылымдардың тозу салдарынан, сирек кездесетін өсімдіктердің азаюынан бүлінуде. Қазір кең - байтақ даламыздан қызғалдақтың көптеген түрлері, қызыл адыраспан, сөгеті сасыры, іле бөріқарақаты, іле ұшқаты, жатаған шырша, алтай қасқыр жидегі, кәдімгі пісте, жіңішке көкнәр, алмұртшөп, сарытұңғиық, шықшөп, меруертгүл, жабайы жүзім т. б. бірте -бірте жойылып барады. Оларды қорғау біздің міндетіміз.
Республикамыздың шөл - шөлейтті белдемдерінде орналасқан Мойынқұм, Тауқұм, Сарыесікатырау, Жалпаққұм, қызылқұм сияқты ерекшк құм жоталары бар. Олардың бәрі біріншіден, тұнып тұрған өсімдіктер ортасы болса, екіншіден, жайылым қоры болып саналады. Бірақ елімізде полигондар мен жел эрозиясына ұшыраған жердің көлемі 25 млн. гектарға жетіп отыр.
Жануарлар - табиғат туындысы. Өсімдіктер тәрізді жануарлар дүниесінің де маңызы зор. Жануарлардың ерекшелігі - олар жер шарында қозғалып, кең таралады. Жануарлар мен құстардың ішінде алыптары да кездеседі. Дүние жүзінде жан - жануарлардың 1, 5 млн. түрі бар деп есептелген. Бірақ жыл сайын ғылымға жаңа түрлер белгілі болып отыр.
Жануарлардың тіршілік үшін қызметі сан алуан. Оларды адам баласы қолға үйретіп, өзінің материалдық игілігі үшін пайдаланып келеді. Жануарлардың жүні, терісі, еті, сүті өте бағалы. Адам баласы ерте кезден бастап - ақ жабайы аң мен құстарды қолға үйреткен. Қолға үйретілген жануарлар мен құстар бүгінге дейін оларға қызмет етіп келеді. Сондықтан адамдар жануарлар экологиясын оқып үйрене отырып, оларды қорғай да білуі тиіс. Саналы адам бүгінгі күнге дейін жануарларды пайдаланумен бірге олардың кейбір түрлерінің жойылуына себепші болып отыр. Мысалы, Д. Фишердің мәліметі бойынша 1600-ші жылдан бері қарай сүтқоректілердің 36, құстардың 94 түрінің жер бетінен біржола жойылып кетуіне тікелей адамдардың қатысы бар.
Қазақстан жерінде де өткен ғасырларда жабайы бір өркешті түйелер, құлан, қабылан, тарпан, жабайы түр, арыстан, жолбарыс, керік, т. б. аңдардың тіршілік еткені белгілі. Тіптен, Іле тоғайынан жолбарыстың соңғысын 1947 жылы қазақ аңшысы атып алған. Бұдан шығатын қорытынды адамның іс -әрекетінің жануарлар үшін қаншалықты қауіпті екендігі белгілі. Шын мәнінде, қазақ жерінің кең даласында аң мен құстардың тіршілік етуіне қолайлы аймақтар көп - ақ. Сондықтан да болар біздің республикамызда сүтқоректілердің - 155, құстардың - 481, бауырымен жорғалаушылардың - 48, қосмекенділердің - 33, балықтардың - 140 түрі тіршілік етеді. Бұлар біздің байлығымыз. Барлығының да табиғат үшін, адам өмірі үшін маңызы зор.
Десек те, соңғы 100 жыл ішінде Қазақстанда жануарлар дүниесі саны мен сапасы жағынан көп өзгерістерге ұшырады. Оған тікелей әсер етіп отырған - антропогендік факторлар.
Кең - байтақ жерімізде жүйткіп жүрген түз тағыларын бейберекет аулау олардың табиғаттағы санын күрт азайтып жіберді. Кейбір жануарлар саны біртіндеп құрып бара жатыр. Айталық, қазақтың кең даласында қаптап жүрген құландар қазір жоқтың қасы. Оның басты себебі есепсіз аулау.
Қазақстанда біраз аң мен құстар біржлола құрып кетудің аз - ақ алдында тұр. Олардың қатарына - қар барысы, құдыр, қызыл қасқыр, арқар, үстірт қойы, тауешкі, қабылан, дала мысығы, көк суыр, камшат, сілеусін, қарақұйрық, күзен, қоңыр аю, сусар, арқар, құндыз, қаракөл, сабаншы, т. б. жатады. Ал құстардан ұлар, дуадақ, безгелдек, саңырау құр, бұлдырық, аққу, дегелек, қоқиқаз, реликті шағала, сарыала қаз, шалшықшы, т. б. атауға болады.
Сирек кездесетін өсімдіктер қатарына ағаштар да жатады. Оларды кесіп отын, құрылыс материалдары үшін пайдалануды азайту керек. Қазірдің өзінде Іле шыршасы, самырсын, шетен, ырғай, тораңғыл, долана, шырғанақ, емен, т. б. ағаштарды қорғауды қажет етіп отыр.
1. 1. Кәсіптік маңызы бар хайуанаттар
Жұпартышқан - құйрығы ұзын, тұмсығы созылыңқы және аяқтары қысқа, орташа мөлшерлі келген аң. Денесінің ұзындығы 18 - 22, құйрығы 12 - 20 см-дей, салмағы 320 - 480 грамдай. Дене құрылысы суда тіршілік етуге бейімделген. Құлақ қалқаны болмайды, көзі өте кішкентай келеді. Аяқтарында, башайларының арасында жүзу жарғақтары бар. Құйрығының үстті мүйіз тәрізді қабыршақтармен жабылған. Жүні тығыз, жылтыр, жібектей жұмсақ, сұр бурыл, күміс тәрізді немесе ақшыл болады, терісінен су өтпейді. Арқасының түсі шым қоңыр, өте жылтыр келеді.
Біздің республикамызда жұпартышқан негізінен Батыс Қазақстанда таралған. Бұл өңірде ол Жайық өзенінің бойын мекендейді. Осы өзеннің солтүстік жағасынан Атырау облысының шекарасына дейін кездеседі. Атырау облысында Каспий теңізінің бойына орналасқан Есбол, Бақсай, Теңіз аудандарындағы өзендер жағасынан аздап көрінеді. Жалпы біздің өңірде жұпардың саны мардымсыз. Бұл аңның қоры әсіресе Ресейде едәуір. Ресейдің, Белоруссияның, Украинаның көптеген аймақтарында жерсіндірілген жұпарлар мекендейді. Осы аудандарға соңғы 38 жылдың ішінде шамамен 10 мың жұпартышқан жіберілген. Сондай - ақ бұл аң Батыс Сібірге де жіберілген, бірақ бұл жерге оның толық жерсіндірілінуі жөнінде әлі толық мәлімет жоқ.
«Сурет 1. 1. 1»
Жұпартышқан ымырт жамылған және түнгі мезгілдерде тіршілік етеді. Ол - талғаусыз қоректенетін аң. Суда кездесетін жәндіктер мен өсімдіктердің 90 түрімен азықтанады. Бұларға инеліктің, масаның, шыбынның личинкалары, құрт, көбелек, сүлік, шаян, өрмекші, ұлу сияқты жәндіктер және қамыс, құрақ, қоға секілді өсімдіктер жатады. Сондай - ақ бақаны да жақсы жейді. Кейде ұсақ балықтармен, әсіресе, судың жағасына шығып қалған өлекселермен қоректенеді. Жұпартышқан жылына 1 -2 рет балалайды, әр жолы 1-ден 5-ке дейін, ал орта есеппен 3 -4-тен өсім береді.
Кәмшат - біздің елімізде кездесетін ең ірі кеміргіш. Дене тұрқы 75-120 см, салмағы 20-30 кг. Суда тіршілік етуге жақсы бейімделген. Көзі және құлағы кішкентай, алдыңғы аяғы артқысына қарағанда қысқа. Құйрығы жалпақ, күрек тәрізді мүйіз секілді қабақтармен және сиректеу түктермен жабылған.
Кәмшат Еуропада, Азияда және Солтүстік Америкада таралған. Қазақстан территориясында соңғы жылдары кәмшат Жайық өзенінің жағасындағы жапырақты ормандарда кездесе бастады.
Кәмшат онша күй таңдамайтын аң, сондықтан да әр уақытта сумен байланысты неше түрлі қоныстарда мекендейді. Тек оған қажет жағдай - сол мекендейтін сулар қыста қатпайтын және қоректенетін өсімдіктер болуы қажет. Ол, әсіресе орманды алқаптарда, жәй ағатын өзендердің, көлдердің, тоғандардың жағаларында жиі қоныстанады. Ал ормансыз аймақтарда сулардың жағасында қалың бұта мен ағаш өсімдіктері бар жерлерде жүреді. Ал тайыз сулар ол үшін жарамайды. Ол көбіне түнде тіршілік ететін аң. Бір жатағында 4 - 6-дан кәмшат қыстайды. Қыста жер бетіне бірнеше айға дейін шықпайды. Бұл кезде мұз астындағы, қатпаған қабатындағы табиғи қоректермен немесе қоймаларындағы азықтармен тамақтанады. Ол қыста ұзақ ұйқыға кетпейді. Олар үнемі жұптасып тұрады, жылына бір - ақ рет өсіп - өнуге, көбеюге қатысады. Бұл кеміргіштің орман шаруашылығына келтіретін зияны тіпті мардымсыз және мұның өзі де кездейсоқ жағдайда болады. Ол көбінесе құны аз ағаштарды кеседі.
Орман сусары - денесі сымбатты, икемді, құйрығы ұзын, жұмсақ жүнді, аяқтары қысқа, тұмсығы жалпақ және қысқа келген жыртқыш. Ол Батыс Еуропада кең таралған. Бұрынғы Кеңес одағының Еуропалық бөлігінде кездеседі. Орал тауынан бастап Обьқа және Ертіске дейінгі аралықта таралған. Орман сусуры Қазақстанда тек Жайық, өзеннің жапырақты ормандарында және осы өзенге құятын Бөрілі, Елек өзендерінің бойында ғана кездеседі.
«Сурет 1. 1. 2»
Орман сусары өзінің аты айтып тұрғандай, бірыңғай ормандарда мекендейді. Ол тайгада, аралас және жапырақты ормандарда қоныстанады. Әрбір сусар өзіне тән қорек іздейтін жерлерді иемденеді. Орман сусары көбінесе кеміргіштермен қоректенеді. Оның ішінде бірінші орынды тышқан тәрізді кеміргіштер алса, екінші орынды құстар алады. Терісі бағалы аңдардан ол ақ тиінді жейді. Сондай -ақ оңтүстікте тарлған сусарлар тышқаннан басқа жабайы жемістерді, жидектерді қорек етеді. Бұл жыртқыштың қорегі маусымға байланысты өзгеріп отырады. Орман сусары - отырықшы аң. Үйірінен бөлінгеннен кейін күшіктері ғана жаңа жерлерге қоныс аудара алады. Ересектері көп жылға дейін бір жерде тіршілік ете алады.
Орман сусары - терісіне бола ауланатын кәсіптік маңызы бар аңның бірі. Қазіргі кезде біздің еліміздің солтүстік аудандарында лицензия бойынша жыл сайын 30-40 мың сусар терісі дайындалады. Біздің республикамызда ол өте аз болғандықтан, бұл аңды аулауға рұқсат етілмейді.
Құндыз - организмі суда аңшылық жасауға бейімделген, денесі созылыңқы, құйрығы ұзын келеді. Ол жерде маң - маң басып, теңселіп ауыр қозғалса, суда балықша жүзіп, сүңгиді. Құндыздың суда жүзгенін көрген адам таң қалады. Бұл аңның өмірі үшін су мен орман қажет. Көбіне жағасында бұта ағаштары бар өзендер бойын мекендейді. Қыс айларында оны қатпайтын бұлақ, жылға бойында жиі көруге болады. Құндыздың қалыпты тіршілігі мекндейтін қонысына байланысты болады. Су жағасындағы бұта, ағаш кесілген болса, онда ол жерде құндыз тұрақтамайды. Бұл аң адам көп жүрген, мал жайылатын өзен - көл маңына тоқтамай, өзіне қолайлы қоныс іздеп, басқа жерге кетіп отырады. Өзен - көлдер төңірегіне қала, селолардың көптеп орнауы оны бұрынғы мекендеген қоныстарынан айырды.
Құндыздың басты азығы - балық. Оның рационында ұсақ шабақтар мен жыртқыш балықтар басым. Бірақ саны бізге болымсыз болғандықтан құндыздың балық шаруашылығына келтіретін зияны жоқ. Балықтан басқа ол өзен шаянын, бақаны, су маңында тіршілік ететіе кеміпгіштер мен ұсақ торғайларды қорек етеді. Ормандағы әр түрлі жеміс - жидектерді де қорек етеді.
Құндыз - сондай батыл, күшті, өте төзімді хайуанат екендігін жоғарыды айттық. Ол ешбір қорықпай - ақ аңшы иттермен алыса кеткенде, жеңіс көбіне құндыз жағына болады. Оған зұлымдық, құмарлық, тән қасиет емес. Бұл аң көбіне тік жарлы жағасынан ін қазып, сонда паналайды. Іннің аузы су астына қарай ашылады. Тұрақты жатақ үйін баспана үшін басқа су хайуанаттарының індерін де пайдаланады.
Барыс - мөлшері жағынан біздің еліміздегі мысықтардың үшіншісі, ал жүнінің әдемілігі жағынан алдыңғы орынның бірін алады. Бұл денесі ұзынша, құйрығы ұзын, қалың жүнді келген мысық. Дене тұрқы 130, бойы 130, құйрығы 90 сантиметрдей, салмағы 25-30 кг шамасында. Қыстағы түсі көк сұр және теңбіл шұбар, сақина тәрізді дөңгелек дақтары болады. Жүні ұзын әрі қалың болып келеді.
Барыс - Орта Азияда және Қазақстан тауларында, Алтайда, Саянда таралған. Одан тыс ол Батыс Монғолияда, Қытайда, Үндістанда, Пәкістанда, Ауғаныстанда кездеседі.
Барысты көптеген республикада атуға тыйым салынған. Тек Тәжікстанда ғана оны жыл бойына, ал Өзбекстанда 1 қыркүйектен 1 желтоқсанға дейін атуға рұқсат етілген. Барыстың ең көп жүретін жері қой тасты тік беткейлер мен тік қиялар. Ол көбінесе таудың мәңгі қар мен мұз жамылған аймағында мекендейді. Қыста қар қалың түскенде барыс таудың орманды белдеуіне дейін төмендейді, яғни жемтігін аулау үшін төмен түседі. Барыс көбіне ымырт жабылған кезден және түнгі мезгілден бастап қорегін іздеуге кіріседі. Кейде күндіз қорек іздеуге шығады. Барыс негізінде тұяқты аңдармен, әсіресе таутеке, тауешкілермен қоректенеді.
«Сурет 1. 1. 3»
Сонымен қатар ұлар, суыр және ұсақ кеміргіштерді ұстап жейді. Ол үй малдарына және адамға тимейді, көбінесе барыс адамнан және елді жерден қашық жүреді.
Қызыл қасқыр - мөлшері көкжал қасқырдан кішірек, қыр түлкісінен ірірек келген жыртқыш аң. Дене тұрқы 76-103, құйрығы 20-48 сантиметрдей, салмағы 14-21 килограмдай болады. Жүнінің түсі көбіне жирен келеді. Бұл қасқырдың бір өзгешелігі - басының формасы қысқа, сүйір тұмсықты, құлағының сыртында сақал секілді жалы бар. Сондай - ақ құйрығы ұзын, қалың және біршама жұмсақ жүнді келеді.
Қызыл қасқырдың негізгі қорегі - таутеке, арқар, елік, қабан сияқты жабайы жануарлар. Үй малдарына тимейді, адамға қауіпті емес. Қызыл қасқыр көбіне тұяқты аңдармен қоректенетін болғандықтан, ол өсіп - өну, көбею кезінде басқа уақытта бір жерден екінші жерге қоныс аударып отырады.
Қызыл қасқыр тек біздің елімізде ғана емес, басқа да елдерде өте сирек кездесетін және аз зерттелген аң, сол себептен де ол «Қықыл Кітапқа» бекер кірмеген.
Қарақұйрық қазір жер шарында сирек кездесетін және құрып бара жатқан хайуанат есебінде «Қызыл Кітапқа» енгізіліп отыр. Бұл 30-40 килограмға дейін сапалы ет беретін, қуыс мүйізді тұяқты жануар. Иран, Ауғанстан, Батыс Пакистан, Оңтүстік Монғолия және солтүстік - батыс Қытайдың шөлді аймақтарында таралған. Шөлді аймақтың сәні - қарақұйрық топырағы сазды, ұсақ тасты, құмды жерлерді мекендей береді. Ол астық тұқымдас шөптер, жусан, сораң өскен далаларда қоныстануды сүйеді
.
1. 2. Ғылым үшін маңызы бар аңдар
Қалқанқұлақ немесе жалман . Дене тұрқы 7, 5-9, 5 см-дей келген бұл кеміргіш туралы толығырақ айту керек болып отыр. Өйткені бұл аң бүкіл дүние жүзінде тек біздің республикамызда ғана ұшырасады. Қалқанқұлақ Бетпақдала шөлінде, Балқаш көлінің шығысында және Алакол төңірегінде бірен - саран кездеседі. Оның ғылым үшін үлкен маңызы бар.
Мекені тек қазақ жері болып отырған қалқанқұлақ - өте сирек кездесетін және өзіне тән ерекшелігі бар хайуанат. Көбіне жасырын өмір сүреді. Бақылаушылар оны іздегенде көбіне кешкілік кездейсоқ кездесіп қалады.
Жалман тек боялғыш өскен жерде ғана мекендейді. Ол маңда аздап жусан, көкпек өседі. Қауіпті жағдай туа қалса ло басқа кеміргіштер сияқты інге тығылуға ұмтылмай, көбінесе баялғыш бұтасының астына жасырынуға тырысады. Осы бұта қалқанқұлақты жауларынан жақсы қорғайтын бекініс. Ол күге қарай қысқы ұйқыға кетеді.
Жайра - орманды, бұталы - тоғайлы жерлерді қоныстанатын, дене пішіні 90 сантиметрге, салмағы 12-15 килограмдай келетін біздегі ең ірі кеміргіш. Оның дене бітісі де қызық. Жайраның денесінде орта есеппен 30-35 мыңға жуық ине бар. Олар бұл аңды жауларынан қорғайтын негізгі «қарулары». Мәселен, оған түлкі немесе бүркіт шабуыл жасаса, онда ол осы инелерін жыртқыштардың денесіне дарытып, оларда едәуір жарақат қалдырады.
Сабаншы. Саны шамалы болғанмен Қазақстанда едәуір кең таралған жабайы мысық түрі. Ол Оңтүстік Алтай, Тарбағатай тауларында, Шыңғыстауда, Жоңғар Алатауында, Іле Алатауында және Қырғыз Алатауларында мекендейді. Сондай-ақ сабаншы Орталық Қазақстанның шоқылы қыраттарында, батыста Ембі өзенінің бойында, Үстірт пен Маңғыстау аймағында қоныс тепкен. Сабаншының дене тұрқы үй мысығының мөлшеріндей, жүнінің түсі сұр немесе жирен келеді де, онда құйрығының ұшына дейін созылатын қара теңбіл жолақтары болады. Жүні тығыз, жұмсақ келеді. Бұл мысық көбіне таулы, қыратты жерлерді қоныс етеді. Тауда оны 3000 м биіктікке дейін кездестіруге болады. Ол таудың ағаш өспеген беткейлерін мекендеуді ұнатады. Тау етектерінде ол шие, итмұрын, бүлдірген, өскен бұталы жерлерде ұшырасады. Сабаншы - ұсақ кеміргіштермен қоректенетін жабайы мысық. Оның азықтары - тоқалтістер, шиқылдақ, кейде майда құстар. Сабаншы біздің өңірде өте сирек кездесетін хайуанатқа айналып отыр. Қазіргі кезде оны халықаралық «Қызыл Кітапқа» енгізбекші.
Ергежейлі қосаяқ. Күні бүгінге дейін біздің республика өңірінде сүтқоректі жануарлардың 155 түрі тіршілік ететіндігі белгілі еді.
«Сурет 1. 2. 1»
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz