Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясатты талдау


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ

АСПЕКТІЛЕРІ

1. 1 Инвестиция мәні, түсінігі және жіктелуі . . . 5

  1. 1. 2 Инвестициялық қызметті ұйымдастыру . . . 91. 3 Инвестициялық қызметтің шетелдік тәжірибес . . . 11

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫ ТАЛДАУ

2. 1 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясаттың негізгі бағыттары . . . 15

2. 2 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық климат жағдайын талдау . . . 18

2. 3 «Самұрық- Қазына» Ұлттық әл- ауқат қорының» дамуы . . . 24

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫ ЖЕТІЛДІРУ

3. 1 Инвестициялық саясатты мемлекеттік реттеу . . . 28

3. 2 Қазақстанға шетелдік инвестицияларды тартудың режимі . . . 31

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 36

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 39

КІРІСПЕ

1998ж. бастап Қазақстан экономикасында қалыпты экономикалық өсу көрініс алып отыр. Бұндай жағдайдың көрініс табуына жоспарлық - әкімшілдік жүйенінің түрленуі, экономикаға келесі нарықтық механизмдердің енуі: еркін бағалар, меншікті мемлекет иелігінен алу, экономиканы демонополияландыру, бәсекелестіктің дамуы, сыртқы экономикалық әрекеттің ырықтануы, банктік - қаржылық жүйенің реформалануы, қор нарығының пайда болуы және инвестициялық әрекеттің жоғарылауы күшті әсерін тигізді.

Тәуелсіздіктің бірінші кезеңінен бастап шетелдік инвестицияларды тартуға қолайлы жағдайлар туғызылады. 2000-2011 жылдар арасында республика тікелей инвестиция ретінде 68 млрд. АҚШ долларын тартты, адам басына шаққанда 4, 4 мың АҚШ долларын құрайды. Жан басына шаққандағы ТШИ көлемі бойынша Қазақстан ТМД елдерінің ішінде жоғарғы орындарға ие.

Дегемен, шетел инвестицияларын экономикаға тарту мәселесі әлі де өзекті. Бұған себепші келесі факторлар: Біріншіден, экономикалық жүйені реформалау кезеңінде ішкі қаржылық ресурстар азайып кетіп, экономика салалары өзінің өндірістік аппаратын жаңарта алмады. Екіншіден, өңдеуші саладағы инвестиция көлемі әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті өнім шығаруға жеткіліксіз.

Инвесторлардың көзқарастары экономиканың нақты қажеттеріне сай еместігінен инвестициялардың жеткіліксіздігі орын алып отыр. Өнеркәсіптің еркін қаржылары күнделікті қажеттіліктерге жұмсалып отыр. Сонымен қатар, коммерциялық банктер әлі де экономиканың нақты секторын қаржыландыру көзі болмай отыр.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, экономикалық өсу шетел капиталының әсерінен болады. Бірақ, шетел инвесторлары үшін шикізат өндіруші салалар, әсіресе, мұнай-газ салалары басымды болып отыр. Осындай жағдайда экономиканың қалыпты және қарқынды дамуы қолайлы инвестициялық саясатқа тәуелді. Экономикалық дамудың, құрылымдық қайта құруды ұтымды жүзеге асырудың, әлемдік нарықта бәсекелестік позицияларды бекітудің қажетті шарты болып инвестициялық ресурстар табылады. Оңтүстік-Шығыс Азияның “жаңа индустриалды елдері” экономикалық феноменінің пайда болуы, қазіргі заманғы ғылыми негіздегі салалардың кең бағытта дамуға көшуі бұл елдер экономикасындағы инвестицияның қарқындап өсуінің арқасында мүмкін болды.

Сондықтан мемлекет шетел инвестицияларын тартудың бағыттарының басымдылығын белгілеу керек. Шетел инвестициялары Қазақстан экономикасының бәсеке қабілеттілігін жоғарылататын факторға айналуы қажет. Шетелдік инвестицияларды мемлекеттік реттеу күшейген сайын Қазақстан шын мәнінде әлемдегі ең бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына кіреді. Оған дәлел 2007 жылдың ақпандағы Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Онда еліміздің 1990-жылдардың басындағы экономикалық ахуалынан неден басталғаны туралы айтылады. Қазақстанның ішкі өнімінің екі есе ұлғаюына, нарықтық экономиканың құрылуына инвестицияның тигізген әсері мол болды.

Инвестиция дегеніміз табыс табу және капиталды ұлғайту мақсатымен өндірістік және басқа да қызметтерге қаржы жұмсау болып табылады, яғни қаржы үнемі жұмыс істеуге, басқаша айтқанда, қандай да бір табыс түсетін жұмысты немесе іске жұмсалынуы тиіс.

Қазақстан экономикасына инвестиция тартудың қазіргі беталысы мен заңдылықтары отандық өндірістің мақсаттары мен міндеттеріне сай емес және оның күшті бәсекелестік ортада қарқынды дамуына әкеліп соқпайды. Экономиканы инвестицияландыру теориясының тәсілдері, ішкі инвестициялық қорларды пайдалануды жандандыру мәселелері, инвестицияландырудың басымды бағыттарын анықтау әлі де толықтай зерттелмеген. Сонымен, мәселенің өзектілігі, зерттеудің теориялық, тәжірибелік маңызы және бұл бағыттың толықтай зерттелмегендігі курстық жұмыс тақырыбын таңдауға себебші болды. Осыған байланысты жұмыстың келесі мақсаты мен міндеттері анықталды.

Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстан республикасының инвестициялық саясатын талдау жіне инвестициялық саясат ел экономикасы дамуының негізгі екендігін ашып көрсету.

Курстық жұмыс міндеттері:

-«инвестиция» терминінің мәні мен қызметін талдау;

-шет елдерінің инвестициялық саясатын зерттеу;

-Қазақстанның инвестициялық саясатының бағыттарын анықтау;

-шетел инвестицияларын тартудың қажеттілігін анықтау;

-шетел инвестицияларын тарту мақсатына арналған мемлекеттік шараларды сұрыптау.

Курстық жұмыстың құрылымы:

Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде жалпы инвестиция туралы түсінік және инвестициялық саясатты жүзеге асырудың негізі- инвестициялық қызмет туралы теориялық аспектілер қарастырылады.

Екінші бөлім Қазақстанның инвестициялық саясатының ерекшеліктерін анықтауға арналған, яғни инвестициялық саясаттың бағыттарын, еліміздегі инвестициялық климат туралы айтылады.

Курстық жұмыстың үшінші бөлімі экономикамыздың одан әрі дамуы үшін инвестициялық саясатты жетілдіру жолдары қарастырылады.

1. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

  1. 1. 1 Инвестиция мәні, түсінігі және жіктелуі

Нарықтық экономиканың қазіргі реформалау кезеңінде инвестициялық қызметті жүргізудің рөлі мен мүмкіндіктерін анықтау өзекті болып келеді. Инвестициялық қызметті іске асыру барысында инвестициялық ұдайы өндірістің ұйымдастырушылық- экономикалық механизмі мен құқықтық қамтамасыз ету негізінде жаңа салалар қалыптасады. Тарихи тұрғыдан инвестицияның маңызы мен генезисін анықтаудың жалпы теориялық мәселелерін зерттеу қажет, сонымен қатар, түрлі мектептер мен ағымдардың пайда болуы мен олардың жаңалануын да назардан тыс қалдырмау керек. Қалыптасып жатқан экономикалық жағдайлар мен экономикалық теорияның дамуына байланысты инвестиция ұғымының анықтамасы да өзгеріп отырады.

Инвестициялар категориясына берілген көптеген анықтамалардың нұсқаларын сараптай отырып, барлық ортақ ғылыми анықтамалар сияқты, олардың да толық болмайтынын айта кету керек. Сонымен бірге, атаулы ұғымның өзіне тән ерекшеліктерін бөліп айтуға болады.

Инвестицияларды шаруашылық қызметке әр түрлі формадағы капитал салымы ретінде қарастыра отырып, В. Д. Никифорова белгілі шаруашылық қызмет кезеңіндегі жинақталған және қолданылмаған қоғамдық өндіріске қайта салынатын табыс түрінде әр түрлі шаруашылық қызметіне салымының құралы. Бұл үрдіс ұдайы өндірістің барлық факторларын интеграциялап, заңды түрде қайталанып отырады, сонымен қатар, оған инвестициялық қаражатты өндіріске жұмсау тән болып келеді.

Отандық ғалымдар, мысалы, М. Т. Оспанова және Т. И. Мухамбетов инвестицияларды анықтау кезінде басты назарды мазмұндық сипаттамаға аударып қоймай, олардың мақсатты бағытталуын атап қтуді ұсынып отыр. Осы тұрғыдан инвестициялар тікелей қоғамдық құндылықтарға материалдық емес және материалдық байлықтарға, сондай- ақ жанама түрде қаржылық құралдар, инновациялық және әлеуметтік салалар арқылы салынатын ресурстарды түсінуге болады.

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтарындағы №373-11 «Инвестициялар туралы» Заңында келесі анықтама келтірілген: «Инвестициялар- заңды тұлғаның жарғылық капиталына немесе кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын бекітілген активтерді өсіру үшін инвесторлар құйған мүліктің барлық түрлері (жеке пайдалануға арналған тауарлардан басқа), ол лизинг келісім шартын жасаған сәттен бастап лизинг заттарын, сонымен қатар, оларға деген құқықтарды қамтиды».

Инвестиция ұғымын анықтағаннан кейін міндетті түрде оның жіктелуін қарастыру қажет. Инвестициялардың жіктелуі тиімді инвестициялық қызметті іске асыру үшін объективті ақпаратты ала отырып, оларды пайдалану деңгейін жан- жақты талдауға, сауатты есепке алуға жағдай жасайды. Инвестициялардың барлық түрлері қызметтің әртүрлілігіне қарамастан, елдің шаруашылығының дамуында үлкен маңызға ие.

Инвестиция өзінің арналымы немесе алынған мақсаты бойынша: қаржылық(портфелдік), тікелей, венчурлық, аннуиттік және кейбір әдебиеттерде интеллектуалдық болып бөлінеді (1- Сурет ) .

1- Сурет. Инвестициялардың түрлері

Нақты (тікелей) инвестициялар дегеніміз - бұл табыс алу мақсатында тауарлар өндірумен және қызметтер көрсетумен тікелей байланысты нақты активтерге салынған ақша қаражаттары. Нақты инвестициялар негізгі құралдарды қайта құру, кәсіпорындағаы өндірісті кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру немесе жаңаландыру арқылы жүзеге асады.

Портфельдік инвестиция - бұл өзінің портфелін құрап алумен байланысты және бағалы қағаздар мен басқадай активтерді сатып алу болады. Портфель - бұл әртүрлі инвестициялық құндылықтардың бірігіп жинақталғаны болады да, салым иесінің нақтылы инвестициялық мақсатқа жетуіне қызмет көрсететін құралы. Портфельге бағалы қағаздардың бір түрі немесе әртүрлі инвестициялық бағалы қағаздар: акциялар, облигациялар, жинақ және депозиттік сертификаттар, аманаттық куәліктер, сақтандыру полистері және басқалары кіреді.

Аннуитет - жеке адамның салған инвестициясы. Бұл зейнеткер болып кеткеннен кейін, кейбір аралықтарда оған үнемі белгілі кіріс әкеліп тұратын салымы. Бұл - негізінен сақтандыру және зейнетақы қорына салынатын қаржы.

Сақтандыру компаииялары және зейнетақы қоры қарыздық міндеттемелер шығарады да, оның иелері келешекте оны аяқ астынан болып қалған шығындарын жабуға пайдалана алады. Өзін-өзі сақтандыру арқылы, мезгілсіз қайтыс болған жағдайда, қаржылық қыйыншылыққа ұрынбайды. Зейнетақылық қор өз клиенттерін зейнеткерлікке шыққаннан кейін ақшалай қормен қамтамасыз етеді. Сақтандыру компаниялары өмірін қамсыздандырғандарға сақтандыру полисі бойынша бір уақытта алғысы келгендерге ақша немесе ануитетті беруі мүмкін

Венчурлық капитал - бұл тәуекелділік күрделі қаржыны салуды білдіруде қолданылатын термин. Венчурлық капитал үлкен тәуекелділікпен жаңа іс-әрекет саласына салынатын инвестиция. Мысалы, жаңа акцияларды шығару түрінде. Венчурлық капитал өзара байланыстары жоқ жобаларға салынады да, салынатын қаржының тез арада орнына келуіне есептеледі.

Күрделі қаржының жүзеге асуы, кәсіпорның клиенттердің акцияларының бір бөлігін сатып алу арқылы немесе оған қарыз беріп, оның ішінде ол қарыздарын акцияға айналдыруымен жүргізіледі. Капиталды тәуекелділікпен салу жаңа технологияны енгізген ұсақ инновациялық фирмаларды қаржыландыру қажеттілігінен туады. Тәуекелділік капиталға әртүрлі капитал түрлерін үйлестіре береді: қарыздық, акционерлік, кәсіпкерлік. Ол сондай-ақ ғылыми-өнертапқыштық фирмалардың-венчурлық деп аталатын құрылуына деддалдық жасайды.

Инвестицияларды жіктеудің келесі белгісі - инвестициялау мерзімі. Аталған белгі бойынша инвестициялар қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып жіктеледі.

Қысқа мерзімді инвестициялар - бұл бір жылға дейінгі мерзімге салынған ақша салымдары. Әдетте қаржылық инвестициялар қысқа мерзімді болып келеді.

Ұзақ мерзімді инвестицилар деп бір жылдан артық мерзімдер ішінде қалыпты табыс көзін қамтамасыз ететін жобаларды жүзеге асыруға салынған ақша қаражаттарын айтады.

Меншік түріне қарай жеке меншік инвестициялары және мемлекеттік инвестициялар деп бөлінеді.

Жеке меншік инвестициялары- жеке және заңды тұлғалар есебінен салынатын салымдар.

Мемлекеттік инвестициялар- бюджеттік, бюджеттік емес және несие қаражаттары есебінен орталық және жергілікті билік және басқару органдарымен, сонымен қатар, унитарлы кәсіпорындар, мекемелер және ұйымдардың жеке қаржылық көздерін мобильдендіру мақсатында салатын қаражаттары.

Аралас инвестициялар- мемлекет, аймақ, муниципалды білім беру сонымен қатар, заңды және жеке тұлғалардың қаражаттарын үлестік салу.

Шетелдік инвестиция дегеніміз - қабылдаушы елдегі компанияның қызметін бақылап, басқарып отыру үшін капиталдың мақсатты түрде ауысуы болып келеді. Шетелдік инвестициялардың елдер мен өнеркәсіп салалары арасында бөлінуі кәңіргі халықаралық экономиканың құрамына айтарлықтай әсер етеді.

Біріккен инвестициялар- өз мемлекеті субъектілері мен шетел мемлекетінің бірігіп салған инвестициясы.

Интеллектуалдық инвестициялар- ғылыми мекемелердегі мамандарды дайындауға, тәжірибе жинауына, қайта даярлануына және т. б. интеллектуалдық мүмкіндіктерге салынатын салымдар.

Өкінішке орай, Қазақстанда инветициялық қызмет статистикасы тек материалдық шығындарды есептейді, ғылыми зерттеуге, білімге деген интеллектуалдық салаларға инвестициялар ескерілмейді. тек материалдық компоненттерді есептеу инвестициялардың нақты көлемін көрсетпейді. Мысалы, дамыған мемлекеттерлің фирмалары мен корпорациялары кадрлармен жұмысты ғылым мен техниканың және экономиканың дамуының маңызды факторы ретінде қарастырады. АҚШ- тағы жеке меншік компанияларының мамандарды қайта даярлауға, персоналды оқытуға, квалификациясые көтеруге кететін шығындары жылына 5 млрд. доллаға жетеді екен.

Бөлінген инвестициялар және оны іс жүзінде игерудегі қызметтер жиынтығы инвестициялық қызметті білдіреді.

Қазақстанда инвестиция нақты және қаржылық түріндегі қысқа, орта және ұзақ мерзімді капитал салымы ретінде кең таралған, мұнда нақты инвестициялар материалды және материалды емес активтерге салынатын капиталды құраса, қаржылық инвестициялар қаржылық активтерге салынатын инвестицияларды құрайтынын анықтай келе инвестициялық нарық құрылымын талдауға болады.

Нақты инвестициялау объектілерінің нарығы инвестиция қызметінің болашағы бар және тиімді бағыты болып табылады. Нақты инвестициялау объектілерінің нарығының маңызды факторлары: жылжымайтын мүлік нарығы (ғимараттар, құрылыстар, жер телімдері, аяқталмаған құрылыс, көпжылдық егістер, тұрғын үйлер), тікелей капитал салымдарының нарығы (жаңа құрылыс, қайта өңдеу, техникалық қайта салу), нақты инвестициялаудың басқа да объектілерінің нарығы (көркем құндылықтар, бағалы металдар мен өнімдер, басқа да материалдық құндылықтар) .

Инвестициялық нарықтың маңызды құрамдас бөлігі қаржы инвестициялар нарығы болып табылады. Өз кезегінде ол несие және құнды қағаздар немесе қор нарықтарына, валюта және алтын нарықтарына бөлінеді.

Қазақстандық банктердің қаржылық қызметінің маңызды салалары мемлекеттік құнды қағаздар мен валюталық форвардтық келісім- шарттармен жүргізілетін операциялар болып табылады. Пайыз мөлшерлемелерінің өсуі нақты секторды теңгемен несиелеу механизмін үзіп, валюталық несиелер үлесі теңгелік несиелерден асып түсті де жеке банктерде 70% құрады.

1. 2 Инвестициялық қызметті ұйымдастыру

Мемлекеттің инвестициялық саясатының стратегиялық мақсаты- ұйымдастырушылық механизмді құру болып табылады. Ол экономикалық өсудің нақты, тұрақты, ұлғаюшы қарқынын, құрылымдық алға жылжуларды, өндірістің жаңалануын, әлеуметтік мәселелер мен экономикалық қауіпсіздік мәселелерін шешуді қамтамасыз ететін инвестициялық ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Теория жүзіне келетін болсақ, инвестициялық қызметті ұйымдастыру дегеніміз өңделген инвестициялық жобаларды және бағдарламаларды белгілеген мерзімде, ресурстар шектеулілігін ескере отырып, қарастыру, қабылдау және нәтижелі жүзеге асыруға бағытталған шаралар жиынтығы болып табылады.

Инвестициялық ақпаратты тарату: Инвестициялық ақпаратты тарату
:
Жобаны бағалау және талдау: Жобаны бағалау және талдау
:
:
Инвестицияға қажеттілікті анықтау: Инвестицияға қажеттілікті анықтау
:
Қаржыландыру схемасын құру: Қаржыландыру схемасын құру
Инвестициялық ақпаратты тарату:
:
Инвестициялық ақпаратты тарату:
:
Жобаны бағалау және талдау:
:
:
Инвестицияға қажеттілікті анықтау:
:
Қаржыландыру схемасын құру:
Инвестициялық ақпаратты тарату:
: Инвестициялық идея, ниет
Жобаны бағалау және талдау:
: Инвестициялық жоба
:
Инвестицияға қажеттілікті анықтау: Инвесторлар
:
Қаржыландыру схемасын құру: Инвестициялық ресурстар
Тапсырыс беруші
Орындаушы(мердігер)
Инвестициялық ақпаратты тарату:
: Пайда болу
Жобаны бағалау және талдау:
: өңдеу
:
Инвестицияға қажеттілікті анықтау: Тарту
:
Қаржыландыру схемасын құру: Қалыптастыру
Тағайындау
Іріктеу
Инвестициялық ақпаратты тарату:
:
Жобаны бағалау және талдау:
:
:
Инвестицияға қажеттілікті анықтау:
:
Қаржыландыру схемасын құру:
Инвестициялық ақпаратты тарату:
: Федералды, аймақтық, жергілікті органдар, кәсіпорындар және ұйымдар
Жобаны бағалау және талдау:
: Әріптестер, делдалдар
:
Инвестицияға қажеттілікті анықтау: Субмердігерлер
:
Инвестициялық ақпаратты тарату:
:
Жобаны бағалау және талдау:
:
:
Инвестицияға қажеттілікті анықтау:
:
Инвестициялық ақпаратты тарату:
: Тұтынушылар
Жобаны бағалау және талдау:
: Инвесторлар
:
Инвестицияға қажеттілікті анықтау: Пайдаланушылар
:
Қаржыландыру схемасын құру: Мердігер
Тапсырыс беруші
Орындаушы
Инвестициялық ақпаратты тарату:
: Соңғы нәтижеге қол жеткізу
Жобаны бағалау және талдау:
: Пайданы тарату
:
Инвестицияға қажеттілікті анықтау: Эксплуатацияға енгізу
:
Қаржыландыру схемасын құру: Дайын жобаны өткізу
Орындалуын бақылау
Жұмысты ұйымдастыру

2- Сурет. Инвестициялық қызметті ұйымдастыру

Жобалардың және бағдарламалардың мақсаттарына және мазмұнына қарамастан инвестициялық қызметті ұйымдастыру жалпы 2- суреттегідей түрде болып келеді.

Инвестициялық қызметті негізді және орнықты ұйымдастыру инвестициялық бағдарламалар мен жобалардың нәтижелі жүзеге асуына ықпал етеді.

Қазақстан экономикасын реформалау жағдайында инвестициялық саясаттың тиімділігіне екі деңгейден тұратыр органдардың реттеушілік құрылымы ықпал етеді. Бірінші деңгейде мемлекеттік биліктің жоғарғы органдары мемлекеттік инвестициялық саясаттың түрлі бағыттары бойынша ұсыныстарды заң деңгейіне жеткізетін шешімдерді қабылдайды. Сонымен бірге, олар үкіметтің де, халықаралық билік ұйымдарының да ұсыныстарын есепке алады. Екінші деңгейде реттеуші қызметтер мен Қазақстандағы экономиканың нақты секторына инвестициялық қызметті ұйымдастырудағы қолайлы жағдайлардың орындалуын Қазақстан Республикасының Экономика және бюджетік жоспарлау министрлігі, Қаржы министрлігі, Сыртқы істер министрлігі, Ұлттық банк және салалық министрліктер мен ведомостволар қарастырады.

1. 3 Инвестициялық қызметтің шетелдік тәжірибесі

Инвестицияны жүзеге асыруға әлемнің көптеген мемлекеттері қызығушылық танытады. Себебі олар:

  • өндірістің жаңа түрлерінің пайда болуына;
  • жаңа жұмыс орындарының ашылуына;
  • жаңа тауарлар мен қызметтердің шығарылуына және шығарылып жүрген тауарлар мен қызметтердің сапасының артуына;
  • мемлекет пен кәсіпорындардың қызметкерлері үшін жаңа кірістердің қалыптасуына жағдай жасайды.

Әлемдік инвестициялық тәжірибе көрсекендей, ауқымды инвестициялардың салымы экономикалық өсудің кепілі бола алмайды. Маңызды рөлді инвестициялардың құрылымы мен сапасы және адами капитал мен техникалық біліктілік алады. Тәжірибе жүзінде шетел капиталын тиімді пайдаланып отырған дамушы мемлекеттерге тоқтала кету керек. Олардың ішінде жоғары дәрежеде экономикалық өсуі тікелей шетел инвестицияларын тартуға байланысты болған, әлемде қысқа мерзім аралығында таң қаларлық нәтижеге жеткен Азияның жаңа индустриалдық елдерін қарастыруға болады.

Жалпы алғанда, бұл елдердегі инвестициялық климат жағымды деп айтуға болады. Шетел инвестицияларын тартуда бұл елдерде « ынталандыруды шектеулермен үйлестіру» қағидасы қолданылады. Бір жағынан шетел инвестициясын тартуда саяси- экономикалық жеңілдіктер мен шаралар жасалады, шетел инвесторларының заңды құқықтары мен көзқарастары қорғалады- бұл ынталандыру шаралары болса, екінші жағынан шетел инвестицияларына көпжақты шектеулер қойылады, яғни ұлттық өнеркәсіп және елдің экономикалық ресурстары қорғалады. Шетел капитfлына қатысты саясаттың нәтижелілігі бұл екі факторды тиімді үйлестіре білуде болып табылады.

Жеңілдікті салықтық саясаты шетел инвестициясын елдің экономикалық стратегиясы және салалық саясатты ескере отырып ынталандыру негізінде жүргізіледі.

Сингапур елінде шетел инвесторларының кәсіпорындары жаңа өнеркәсіптік және экспортқа бағытталған салаларда қызмет атқарса, қызмет мерзімінің алғашқы 5-10 жыл мерзімінде табыс салығынан босатылады. Сонымен қатар, жарғылық капиталдан алынатын дивидендтерге салынатын салықтан босатылады. Шетел инвестицияларын басқаруда бұл елде экономикалық даму бюросы жобаларды қарастыратын және қабылдайтын жалғыз орган болып табылады. Сингапур мемлекетінде үкімет кәсіпорын жұмысшыларының техникалық оқытылуын міндет етіп белгілейді және олардың оқуы үшін субсидия береді. Мемлекет шетел инвестицияларына белгілі бір аймақтарды қызмет атқаруын шектейді және тыйым салуы мүмкін. Мысалы қорғаныс өнеркәсібі және тағы басқа өмірлік маңызы бар салалар.

Таиландта шетел кәсіпорындары мемлекеттің көтермелеу шаралары жүргізілетін салаларында қызмет атқарса, заңды тұлға алғашқы 5- 8 жыл мерзімде табыс салығынан немесе тантьем салығынан босатылады. Мемлекетің арнайы аймақтарында қызмет ететін кәсіпорындар алғашқы қызмет мерзімінің 3- 8 жылы табыс салығынана босатылады екен. Мемлекетте шетел инвесторларына мемлекеттік монополиялық салаларда қызмет атқаруына тыйым салынады. Мысалы, табак өндірісі, теміржол транспорты, азаматтық авиация және тағы басқа салалар.

Филиппин аралдарында шетел инвестицияларын ауылшаруашылық саласына, орман шаруашылығы саласына, бұқаралық ақпарат агенттігінің банктеріне, астық өндіру саласына және жекелеп сатылатын саудаға тартылуына тыйым салынады.

Малайзияда жаңа өнеркәсіптік салаларда немесе жұмысбастылықты көбейтетін салаларда қызмет ететін шеел компаниялары қызмет мерзімінің алғашқы 2- 5 жылында табыс салығынан босатылады. Сонымен қатар өнімдері экспортқа бағытталған кәсіпорындарға бұл мемлекетте негізінен 3 жеңілдік түрі беріледі, олар: 1) табыс салығы табыстың белгілі бір бөлігінен ғана алынады; 2) амортизацияға жеңілдік (40 ٪ -ға дейін) ; 3) экспорттан алынатын табыстың бір бөлігі экспортты ынталандыруға бағытталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестициялық саясаттың модельдері
Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу
Инвестиция туралы ақпарат
Кәсіпорынның инвестициялық қызметі
Инвестициялық саясаттың мемлекеттік реттеу құралы
Инвестиция туралы жалпы түсінік
Инвестициялық қызметті ұйымдастыру
Мемлекеттің үдемелі-индустрияландыру саясаты аясында инвестициялық қызметті мемлекеттік қолдаудың құқықтық негіздері
Шағын кәсіпкерлік субъектісін мемлекеттік қолдау қағидаттары
Инвестициялық қызметтің объектілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz