Радиэкология және биосфера


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: Өсімдік және жануарлар әлемін қорғау
Тақырыбы: Азғыр, Тайсойған полигондарының жануарлар мен
өсімдіктер дүниесіне әсері.
Дайындаған:
Тексерген:
ЖОСПАРЫ:
І КІРІСПЕ . . . 3
1, 1, Әскери полигондарының биосфераға әсері . . . 5
1. 2. Радиоэкология және қоршаған орта . . . 6
1. 3. Радиация дегеніміз не? . . . 16
1. 4. Қазақстандағы радиациялық жағдай . . . 17
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ Радиэкология және биосфера . . . 22
2. 1. Атырау облысы аумағының әскери өндірістік байланыс жағдайы . . . 23
2. 2. Ақиқаты аңызға айналған Азғыр . . . 28
2. 3. Тайсойған әскери полигоны . . . 29
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ . . . 30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 31
I. КІРІСПЕ
Республикамыздың аумағында ядролық қарудың сыналғаны әлемге әйгілі. Полигондар аймағы ұзақ жылдар бойы құпия сақталынды. Тек Семей полигоны ғана көпшіліктің назарында болып, қалған сынақ аймақтарынан жұрт беймәлім еді. Шын мәнінде, қазақ даласыеың 19 млн. га жері 40 жыл бойы ядролық сынақтың полигоны болды. Ол Семей, Азғыр, Нарын, Тайсойған, т. б. полигондары алып жатқан табиғаты әсем, шұрайлы жайылымдар еді. Осы жерлерде 1949-1989 жылдар аралығында болған ядролық сынақтардың 27-сі атмосферада, 183-і жер бетінде, қалғаны жер астында жасалды. Атом қаруы сыналған елдермен Ресейде-225, АҚШ-та -1032, Қазақстанда-500-ден астам жарылыс жасалған. Бұдан біз, Қазақстан жерінің қаншалықты зардап шеккенін көреміз. Атом қаруы сол сияқты Ұлыбритания, Қытай, Франция, Үндістан және Пәкістанда сыналғанын білгеніміз жөн. Оның үстіне дүние жүзіне танымал ядролық сынақтың орталықтары Капустин Яр (Ресей) мен Лобнор (Қытай) Қазақстанға шекаралас жатқан аймақтар.
Ядролық қаруды сынау алғашында ғылым мен техниканы дамуту бағытында сипат алғанымен, кейіннен атом бомбасы соғыс мақсатында қолданылды. Атом бомбасын алғаш рет АҚШ 1945 жылы Хиросима мен Нагасаки қаласына тастады. Адмзат тарихындағы бұл қасіреттің ізі бүгінге дейін жапондықтарды зардап шектіріп отырғаны әлемге белгілі. Ал Қазақстан жерінде сыналған 500-ден астам атом бомбасының зардабы айтпаса да түсінікті болар.
Қазақстанда ядролық қаруларды сынау кең көлемде жүргізілді. 1990 жылғы мәліметтер бойынша сынақ жасалған жерлердің көлемі облыстар бойынша 16686, 1 мың га жерді қамтыған.
Ядролық қарудан тек атом бомбаларын сынаумен шектелмей полигондарда соғыс ракеталарын, т. б. техникаларды да сынақтан қатар өткізіп отырған. Батыс Қазақстан аумағында 1966-1979 жылдар аралығында 24 рет ядролық қару сыналған. Соның ішінде Азғыр полигоны ғана 6, 1 мың га жерді алып жатыр. Осы аймақтарда радиактивті заттардың шекті рауалы мөлшері (кадмий, стронций, қорғасын) бірнеше есеге көбейіп кеткені анықталған. Мұндай сынақтар Үстірттеде 1968-1970 жылдары жасалған. Сол сияқты ірі полигондар қатарына Атырау облысының Тайсойған, Балқаш көлі маңында Сарышаған, Ташкент-4 сынақ алаңдары мен Байқоңыр ғарыш айлағы да жатады. Сынақтар кезінде апатқа ұшыраған ракеталар, соғыс техникалары қоршаған ортаға өте қауіпті.
Полигондардың ішінде Семей өңірі ең көп зардап шеккен аймақ. Мұнда атом қаруын сынаудың ғылыми орталығы орналасқан. Ол-Курчатов қаласы. Семей облысының Абай, Бесқарағай, Жаңасемей, Абыралы аудандарының аумақтары атом сынақтарының ордасы аталып, ең көп зардап шеккен экологиялық апатты аймаққа айналды.
Қазақстан жерінде атом қаруларын сынау 40 жылға созылып, табиғи экожүйелерді бүлдіріп, жарамсыз етті. Жалпы полигондардың көлемі 33, 6 млн. гектарға жетті. Полигондарға пайдаланылған жерлердің ауа, су, топырақ құрамы радионуклидтермен ластанып, ауа және жер асты сулары арқылы мыңдаған километр жерге тарайтыны белгілі. Қазірдің өзінде Қазақстанда 2, 6 млн. адам мутагенез ауруымен есепте тұр. Оның басым бөлігі Семей өңірінің тұрғындары. Сол сияқты қатерлі ісік, қан аурулары, сәулелік ауруымен ауырғандар санының көрсеткіштері бұл аймақта республика бойынша жоғары.
Полигондар аймағындағы жер ресурстары техногендік ластанудың әсерінен бүлініп, жарамсызданған. Ең далада еркін жүрген ақбөкен, қарақұйрық, елік, сілеусін, қабылан, қарақал сияқты аңдар мен дуадақ, безгелдек, бұлдырық, т. б. дала мен шөлді жерлердің құстары сиреп немесе жойылып кетуге жақын. Өсімдіктері селдіреп, сайраған құстарынан, шырылдаған жәндіктерінен айырылған дала тыныштық құшағына енген. Тіршіліктің қайта қалпына келуі жүздеген, тіптен мыңдаған жылдарға созылатыны анық. Өйткені тіршілік атаулы сынақтың құрбаны болған. Ендігі жерде табиғаттың жарасын жазу адамның ғана қолынан келеді.
1991 жылы 20 тамызда елбасының бұйрығымен Қазақстан жерінде атом қаруын сынау біржола тоқтатылды. Бұл оқиғаны дүние жүзінің қауымдастығы қуана қарсы алды. Халықаралық деңгейдегі бұл шешім «Семей-Невада» қоғамдық қозғалысының жемісі болды.
Полигондар зардабын шешу проблемасы күн тәртібінде тұр. Осы тұрғыда «Семей полигоны аймағындағы тұрғындардың денсаулығын зерттеу және сауықтыру шараларын ұйымдастыру» (1992, 1995) туралы маңызды құжаттар қабылданды. Ал полигондардың қоршаған табиғи ортаға тигізген зардабын және радиактивті заттарды жою проблемасы халықаралық, мемлекеттік деңгейде жүргізілуде. Болашақта полигондар аймағындағы бүлінген жерлердің қалпына келіп, табиғат тыныштығы орнайтынына сеніміміз зор.
1. 1. Әскери полигондарының биосфераға әсері
Әскери полигон (гректің polygonos-көп бұрышты) қару жарақ пен әскери техниканы сынау, әскерлердің жауынгерлік даярлығын тексеру және соғыс өнерін дамыту мақсатында сынақтар өткізу үшін арнайы бөлінген және жабдықталған құрлықтағы немесе теңіздегі телім. Әскери полигонның тұрақты және уақытша түрлері болады. Алдына қойған мақсаттарына байланысты ғылыми зерттеу әскери полигоны және оқып үйрену әскери полигоны, ал сынақтан өтетін құралдар түрлеріне қарай ракеталық әскери полигоны, артиллериялық әскери полигоны, авиациялық әскери полигоны, теңіздік әскери полигоны болып бөлінеді.
Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының бірсыпыра жерлері 50 жылға жуық «Капустин Яр» атты әскери полигоны болғаны кейінгі кезде ғана халыққа белгілі болды. Батыс Қазақстан облысының Орда, Жаңғалы аудандарында 24 мың зымыран ұшырылып, 177 әскери жаппай қырып жоятын қару-жарақ сыналғаны бүгінгі күні ғана баспасөз беттерінде ашық жарияланып келді. 1988-1991 жылдары аралығында осы аймақта 619 СС-20 зымыраны ұшырылып айналаны қоршаған сыртқы ортаға 30 мың тоннадай өте улы химиялық заттар шығарылған. Жоғарыда көрсетілген жылдарда жер астында-18, ал атмосферада-11, қуатты Хиросима және Нагасаки (Жапония) қалаларының үстінде жарылған атом бомбаларының қуатынан бірде-бір кем емес керісінше күші пара-пар келетін термоядролық жарылыстар өткізілген. Батыс Қазақстан облысының Орда ауданында «Капустин Яр», Атырау облысының Теңіз ауданындағы «Атырау», «Азғыр» әскери полигондары болған. Оларда 1966 жылдан 1979 жылға дейін жер астында кем дегенде 17 ядролық жарылыс өткізілгені туралы ғылыми деректер бар.
«Сурет 1. 1. 1. »
Осыған байланысты Батыс Қазақстан облысының көптеген жерлері радиактивті және химиялық улы заттармен ластанған. Қазіргі кезде бұлақ, өзен, не шаруашылыққа, не жуынып-шайынуға жарамай қалған. Өйткені ондағы улы қосылыстардың (нитраттардың) көлемі 2, 6 есе ден 800 есеге дейін өскен. Мысалы, қорғасынның мөлшері 206 есе, стронций-90-ның мөлшері 150 есе, темірдің улы қосылыстарының көлемі 5 есе белгіленген деңгейден асып кеткен. Кадмий мен мыс Бисен қалашығының тұрғындарының ішетін ауыз суларында өте жоғары деңгейде болғаны анықталды. Бұл суларды адамның және жан-жануарлардың ішуіне болмайтынын арнаулы түрде жүргізілген ғылыми-зерттеулер анықтады. Қорғасын, стронций мен темірдің деңгейі Елқонды қалашығының тұрғындарының, Орда ауданының басқа ауылдары сияқты ішетін ауыз суларында көп мөлшерде екені тәжірибе жүзінде толығымен дәлелденді. Бұл ауданның биосферасындағы қорғасын, стронций-90, темір деңгейлері көрсетілген мөлшерден 6-7 ден 11 есеге дейін өсіп кеткен. С. Д. Асфендияров атындағы Алматы мемлекеттік медициналық университтеттің ғалымдары арнаулы түрде Батыс Қазақстан облысының Орда, Жәнібек, Қазтал қалаларының радиоэкологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізген. Олар топырақтың, судың құрамындағы радиактивті элементтер стронций-90, цезий-137 анықтаған еді. Зерттеу жұмыстарының қорытындыларына қарағанда, зерттеуге алынған обьектілердің құрамында радиактивті қосылыстар үш еседен артық екені анықталған.
Жануарлар денесінен, судан, жерден алынған үлгілерді лабораториялық анализдерден өткізгенде, оларда радиактаивті калий-40, торий-232, радий-236 бар екені анықталды.
Медиктер мен биологтардың соңғы кезде жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындылары баспасөз беттерінде халыққа жарияланып отырды. Әскери полигондарда неше түрлі сынақтар өткізген кездерде зымырандар жиі апатқа ұшырады. Ондай кездерде олардың жанармайлары (отындары) топырақ пен су көздеріне шашылады да, оларды улайды. Әсіресе нитрозодиметиламин және гептилмен (симетриялы емес радиактивті диметилгидразин) зақымданатыны анықталды. Сонымен бірге мұнай (жанармай) құрамындағы қалдықтар-бензипирин жерді және суды уландыратыны анықталды. Бензипирин жанармайдың құрамында көп болады. Ол канцерогенді қосылыс. Адамдарда аса қауіпті дерт-рак ауруын тудырады.
Кейбір жағдайларды зымырандар кенеттен апатқа ұшырап жататынын жоғарыда айтылды, мұның негізгі себебі техника ғой. Оның үздіксіз (апатсыз) жұмыс істеуіне ешкімде кепілдік бере алмайды. Апатқа ұшыраған зымырандардың бактарында қисапсыө көп жанармайлардың қоры болады. Зымырандар апатқа ұшыраған кезде түгелдей жанып болмағандары жерге, ауаға, суға төгіледі.
Кейбір әскери мамандардың айтуына қарағанда зымыран отындары ауада түгелімен жанып кетеді де, жерге және онда тұратын халықтарға ешқандай зиян келтірмейді деп есептейді. Мұның бәрі бос сөз екенін өмірдің өзі көрсетіп келеді. Өйткені зымыран апатқа ұшырыаған кезде аймақтағы гептильдің мөлшері 158 есе өсіп кеткенінің арнаулы түрде жүргізілген зерттеулердің қорытындылары дәлелдеп отыр. Ал, топырақты зақымдаған мұнай өнімдері қалдықтары 1, 2-тен 32, 6 есеге дейін артып кеткені арнаулы түрде жүргізілген зерттеулер анықтап берді.
1. 2. Радиоэкология және қоршаған орта
Радиоэкология - радиус - сәуле деген латынның бір сөзі, ойкос - үй, айналаны қоршаған орта және логос - ілім деген гректің екі сөзінен алынған биология ғылымдарының ғылыми терминдерінің бірі. Ол табиғаттағы радиоактивті элементтердің олардың радионуклидтерінің таралуын, концентрациясын, иондалған сәуленің организмге, экологиялық жүйеге, популяцияларға және бүтін табиғатқа тигізетін әсерін зерттейтін биология ғылымдарының көрнекті салаларының ең бастысы.
Оның негізін 1930 жылы радиоактивті заттардың биогеохимиясы деген әлемге әйгілі еңбегінде академик В. И. Вернадский құрды.
Басқа ғылымдар сияқты радиоэкологияның пайда болу жолдары, даму кезеңдері, басқаша айтқанда өзінің даму тарихы бар. Олар үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезең - иондалатын сәулеленудің биологиялық обьектілерге тигізетін әсерін зерттеу 1895 жылдан басталып, 1930 жылдарға дейін созылады. Бұл кезде рентген сәулесі ашылған болатын. 1896 жылы орыс физиологы И. Р. Тарханов рентген сәулесінің «Тіршілік әрекетіне әсері» деген ғылыми еңбегін жариялады. А. Беккерель 1896 жылы уран тұздарының өткір сәуле тарататындығын байқады. Ерлі - зайыпты М. Складовская - Кюри мен П. Кюри полоний мен радийдің радиоактивті сәуле тарататындығын анықтады. Олар радиоактивтілік деген терминді ғылымға енгізді. 1913 жылы К. Фаянс пен Ф. Содди бір - біріне тәуелсіз ығысу ережесін тұжырымдады. 1911 жылы Е. С. Лондон «Радий в биологии и медицине» деген ірі ғылыми еңбегін жариялады. Ол бұл еңбегінде иондалатын сәулеленудің тірі организмдерге тигізетін әсерін анықтаған болатын.
Ұлы ғалым-физик А. Эйнштейн - «Радиоактивтілік құбылысы тарихи дәуірге дейінгі адамзат баласының отты ойлап тапқаннан кейінгі ең үлкен революциялық күші» - деп жазды. Иә, радиоактивтіліктің ашылуы көптеген көкейкесті мәселелерді шешуге мүмкіндік туғызды.
Атом және оның ядросы қалай құрылғанын толығырақ түсіндіруге мүмкіншілік туды. Радиоактивті сәулеленудің көздері мен радионуклидтердің қалай пайда болатыны анықталды.
Радионуклидтер дегеніміз - атом ядросының зарядтарының өзгерген түрі. Өте қауіпті құбылыс. Радиоэкологияның бірінші кезеңінде атом туралы адамзат баласының білімі мен тәжірибесі жинақталды.
Атом - затың химиялық қасиеттері толық сақталынатын кіші бөлігі. Ол оң зардтталған атом ядросынан және оны айнала қозғалатын теріс зарядты электрондардан тұрады. Атом энергиясы үнемі берік тұрмайды. Ол дүркін - дүркін энергия бөліп шығарады.
Атом ядросы дегеніміз - нуклондардан тұратын атомның ең ауыр және орталық бөлімі.
Радиоактивті элементтердің изотоптары альфа, бэта және гамма сәулелерін таратады да, басқа элементтерге айналады. Бұл радиоактивтілік құбылыс. Ал изотоптар дегеніміз - гректің: isos - біркелкі, topos - орын деген екі сөзінен алынған. Изотоп атомдарында протондар мен электрондар саны әртүрлі келеді. Сондықтан да изотоптардың химиялық қасиеттері бірдей болады да, ал атомдық массасы алуан түрлі болып келеді.
1930 жылы радиоэкологиялық зерттеулер жүргізіліп, неше түрлі маңызды жаңалықтар ашылды. Иондалынатын сәулеленудің организмге мутациялық өзгерістер жасайтынын радиогенетиктер жан - жақты зерттеп, радиоэкология табиғи генетикалық фактор ретінде анықталды.
1930 жылдары ядролық физика және техниканың жедел дамуы, сонымен қатар ядролық энергияны алудың және пайдаланудың жолдары кең көлемде зерттеліне бастады. Ядролық энергияның тірі организмдерге тигізетін әсері туралы алғашқы ғылыми деректер алына бастады. Мұның өзі радиоэкологияның дамуына үлкен әсер етті.
Екінші кезең - 1930 жылдардан басталып 1950 жылдарға дейінгі мерзімді қамтыды. Бұл уақытта радиоэкологиялық зерттеулер жүргізілді. Иондалатын сәулеленудің нәтижесінде радиобиология қалыптаса түсті. Табиғаттың радиоактивтік заттармен ластануына байланысты иондалатын сәулеленудің биологиялық әсерін зерттеуге көп көңіл бөлінді. Радиобиология және радиоэкология ғылымдарының жеке дербес ғылым саласы деп аталуына байланысты көптеген ғылыми зерттеулер жүргізілінді. Осы кезде атом өндірісі дамуының, атом және сутек бомбаларын жасаудың алғашқы кезеңдері басталды. Олар лабораториялық сынаулардан өткізілді. Эксперименттік сынау барысында стронйий, цезий, плутонийдің және олардың радионуклидтерінің ауаға, суға тарап, табиғатты ластайтыны анықталды. Сонымен бірге көптеген өсімдік, жануарлардың органдары мен тканьдерінде радионуклидтер жиналып, организмнің ішкі органдары сәуле ауруына шалдығатыны анықталды. Бұл құбылыстың негізгі заңдылығын ашу халық шарашылығына үлкен пайда келтіретіндігі анықталды. Радиоэкологиялық зерттеулер нәтижесінде атом қаруын сынауды шектеу, соғыс жағдайында оны пайдаланбау, өндірісте ядролық реакторларды суытуда жабық циклді қолдану, радиоактивті қалдықтарды айналадағы сыртқы қоршаған ортаға таратуда залалсыздандыру шараларына мүмкіншілік туды. Осы кезеңде радиоэкологияның негізгі әрекетіне жан -жақты сипаттама берілді. Сәуле шығару дозасына зерттеулер жүргізілді. Радиоэкологияның тиімділігін түсіндіретін тәжірибелер жасалынып, нағыз ғылыми деректер алынды. Сондай -ақ, алғашқы теориялар ғылымға келді. Радиоэкологияға сапалық баға берілді.
Радиоактивтік сәулеленудің клеткалардың генетикалық аппаратына қалай әсер ететіндігіне жан-жақты зерттеулер жүргізілді. Атом ядросын игерудің жолдары ашылды. Әсіресе бейбіт мақсатта атом энергиясын пайдаланудың тәсілдері белгіленді. Бірақ өкінішке орай атом энергиясын пайдаланып, халықты жаппай қырып жоятын атом бомбасы Херосима мен Нагасаки қалаларында сыналды. Ол биология ғылымына Хиросима және Нагасаки трагедиясы деген атпен қалыптасты. Өйткені атом бомбасы жарылғаннан кейін көптеген радиоактивті сәулелер бөлініп шығып, мыңдаған адамдарды емдеу әдісін табу және сәулеге қарсы қорғану тәсілдерін жетілдіру міндеті қойылды.
Үшінші кезең - 1950 жылдан басталып, күні бүгінге дейін созылып келеді. Бұл уақытта радиоактивтік сәулеленудің биологиялық обьектілерге тигізетін әсері жайында толық ғылыми информациялар жинақталады. Иондалатын сәулелену шығару әсерінің заңдылықтарын және механизмдерін зерттеу дами түсті. Олардың физикалық-химиялық қасиеттерінің ерекшеліктері биообьектілерге қалай әрекет ететінің теориялық және эксперименталдық зерттеулері кең өріс алды. Сонымен бірге радиоэкология саласын қалыптастыру жөнінде міндеттер қойылды. Радиоэкологияны зерттеулердің жаңа тәсілдері жасалынып, атом ядросының энергиясын (иондалатын сәулелену) тірі организмдерге немесе биогендік шикізатқа байланысты адамзат баласы өмірінің түрлі сфераларында қолданудың көптеген жаңа жолдары ашылды.
Иондалатын сәулеленудің күшін өсімдік шаруашылығында пайдаланып өсімдіктердің жаңадан 200 түрі алынды. Мал шаруашылығында және басқа да салалрды жеделдету құрал ретінде пайдалануға болатыны анықталды.
Радиоэкологияның пайда болуынынң өзі радиактивтік сәулеленудің табиғатта мөлшерден тыс көбеюіне байланысты екенін ұмытпауымыз керек.
Табиғатта радиактивті элементтердің екі түрі кездеседі. Олар: табиғи радиактивті элементтер және жасанды радиактивті изотоптар. Табиғи радиактивті элементтердің ең бастысы - уран, торий, плутоний және басқалар. Жасанды радиактивті изотоптар-күрделі физикалық қондырғыда ядролық реакциялар жасалыну нәтижесінде алынады. Қазіргі кезде ғалым-биологтар жасанды радиактивтік элементтердің 2000-ға жуық түрін біледі.
Стабильді ядроларда протондар мен нейтрондар саны арасында белгілі қарым - қатынас болады. Осы қарым-қатынастан сәл ғана ауытқыса ядро тұрақсызданып өздігінен ыдырай бастайды. Олар ыдыраған кезде бір түрден екінші түрге өзгереді.
Элементтердің ыдырау мерзімі мыңдаған және миллиондаған жылдар бойына созылады. Ал жасанды радиоактивтік изотоптардың ыдырау мерзімі бір - екі күн немесе сағат ішінде өте шығады.
Табиғи радиоактивті элемент - көміртек, оның ыдырау мерзімі 14 мың жыл бойына созылады. Осы уақыт ішінде ол альфа сәулесін таратып отырады. Егер тірі организмге бір жағдайлар мен радиоактивтік көміртектің сәл ғана мөлшерін сіңетін болса, ол организмді 14 мың жыл бойына талқандайды. Тіпті адам баласы немесе тірі организм тіршілік қабілеттілігін жойғаннан кейін де өзінің ыдырау процесін бір мезгілде тоқтатпайды. Радиоактивтік сәулелену организмге қалай тарайды деген сұраққа келетін болсақ, олар ішетін су, жейтін тағамдар, шаң-тозаңдар арқылы организмге түседі. Ауадағы шаң-тозаңдардың құрамындағы радиоактивтік элементтер жауған жаңбыр және қармен жерге оралады. Сөйтіп, табиғатта айналым жасайды да жер көкті ластайды.
Радиоактивтік ыдыраудың ең басты түрлері: альфа ыдырау, бэта ыдырау, электрондық қармау және ядроның өздігінен бөлінуі.
Альфа ыдырау өздігінен болатын радиоактивтік ыдырау. Ол кейде атом ядросының альфа бөлшектері бөлініп шығады. Альфа ыдырау процесінің нәтижесінде бастапқы ядродан электр заряды 2-ге, ал массалық саны 4-ке кеміген ядро, яғни жаңа химиялық элемент пайда болады.
Сутек ядросының гелий ядросына айналуы термоядролық реакция болып есептеледі. Термоядролық реакциялар жүрген кезде қисапсыз көп энергия шығады. Бір кезде аса қатерлі әскери қаруы ретінде сыналған сутек бомбасында осы альфа ыдырау процесінің термоядролық реакцияларының іс жүзіндегі қолтаңбасының бір көрінісі. Сутек бомбасы тұңғыш рет 1953 жылы шілденің 13 жұлдызында Семей ядролық полигонында сыналған болатын. Ол туралы қолымызда толық деректер бар.
Термоядролық реакция дегеніміз - жеңіл атом ядросының жоғары температурада қосылуы нәтижесінде өтетін ядролық реакциялар. Жеңіл термоядролық реакцияда өте көп энергия бөлінеді.
Альфа бөлшектерінің атом ядросымен клондық әсерлесуінің потенциалдық энергиясы бөлшектің меншікті энергиясынан әлдеқайда жоғары болады. Альфа бөлшектердің ұзақ әсері нәтижесінде тірі организм сәуле ауруына шалдығады.
Бэта ыдырау - радиоактивтік ыдырау кезінде атом ядросынан электронның не позитронның бөлініп шығуы. Бұл процестің нәтижесінде бастапқы ядродан заряды 1-ге тең санға өзгерген жаңа ядро, яғни жаңа химиялық элемент пайда болады. Альфа және бета ыдыраудың нәтижесінде иондалатын сәулелену пайда болады. Альфа, бета және гамма сәуле шығару кезінде атомнан соншалықты көп энергия алынады. Бұл энергияны халық шаруашылығына пайдалануға болады. Бірақ оларды жалпы қырып - жоятын әскери қаруларға қолданып келеді.
Альфа, бета және гамма сәулелеріне табиғатта қарсы тұратын құдіретті күш жоқ. Олар тереңдігі 27 см судан, қалыңдығы 17, 4 см темірбетоннан, қалыңдығы 76 см қорғасыннан өтіп кетеді. Олардың не иісі не дәмі болмайды. Адамның көзіне де көрінбейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz