Табиғат пайдалану төлемдері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

I ТАРАУ ТӨЛЕМ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ СҰРЫПТАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1. Табиғат пайдалану төлемдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2. Су қорын пайдаланумен байланысты төлем түрлері ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.3. Жер қорын пайдаланумен байланысты төлем түрлері ... ... ... ... ... ... .11
1.4. Минералдық ресурстарға төлемдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
1.5. Орман ағаштарын пайдалану төлемдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14

II ТАРАУ ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ АШЫҚТЫҒЫ: МӘНІ, ҚАЖЕТТІГІ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.1. Сақтандыру ұйымдары мен ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілердің ынтымақтастығы туралы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.2. Құқықтық экономикалық заңдылықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: Табиғат пайдалану экономикасы негіздері

Тақырыбы: Табиғат пайдалану төлемдері

Орындаған:

Тексерген:

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

I ТАРАУ ТӨЛЕМ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ
СҰРЫПТАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

1.1. Табиғат пайдалану
төлемдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 6

1.2. Су қорын пайдаланумен байланысты төлем
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ..9

1.3. Жер қорын пайдаланумен байланысты төлем
түрлері ... ... ... ... ... ... .11

1.4. Минералдық ресурстарға
төлемдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13

1.5. Орман ағаштарын пайдалану
төлемдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 14

II ТАРАУ ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ АШЫҚТЫҒЫ: МӘНІ, ҚАЖЕТТІГІ ЖӘНЕ
МАҢЫЗЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 15

2.1. Сақтандыру ұйымдары мен ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілердің
ынтымақтастығы
туралы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 17

2.2. Құқықтық экономикалық
заңдылықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..32

КІРІСПЕ

Қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру соның нәтижесінде халықтың әл-
аухатын, тұрмысын жақсарту, өндірістің еңбек материалдық және табиғи
қорларын тиімді пайдаланумен тікелей байланысты. Қазіргі кезде және
болашақта өндіріс қорларының барлық түрін кешенді үнемді пайдалану
мәселесін шешкенде экономиканың даму қарқынын арттыруға болады. Өндірістің
даму қарқыны артқан сайын табиғат байлығын пайдаланудың да мөлшері өсіп
келеді. Соған байланысты қалпына келмейтін табиғат байлығының тиімді
қорының азайуы, сапасының төмендеуі, қоғамның өндіріске жұмсалатын
шығынының артуы кері әсер етуде. Сондықтан табиғат байлығын кешенді үнемді
пайдалану кезек күттірмейтін, шешімін табуға тиіс мәселе. Табиғатты қорғау,
тиімді пайдалануды басқару, жоспарлау, экономикалық ынталандыру, табиғат
байлығын игеру, табиғи ортаны қорғауға жұмсалған шығындардың тиімділігін
анықтау, қоғамдық қажеттілікті қамтамасыз етудің тиімді жақтарын белгілеу –
бұл экономика ғылымының тікелей атқаратын қызметі. Бұл адамзат дамуының
тарихы, табиғат пен адамзаттың өмір сүру ортасы, материалдық көзі болып
келеді. Қоғамның өндірістік дамуына байланысты адамзаттың екі сипатта
табиғи ортаға әсері бар:
1) Ғылыми-техникалық жетістіктің арқасында табиғи орта
жақсартылады. Оның қоры молайып, ұқыпты пайдалануға мүмкіндік туады.
Мысалы, шөлді-шөлейтті жерді суландыру, ормандар отырғызу, жерді
көгалдандыру, өсімдіктердің құнды түрін көбейту. Жалпы табиғи ортаны
қорғау. Өсімдік, жануарлар дүниесін қорғау болып табылады.
2) Кері әсері. Табиғат байлығының таусылуы, ауаның, жердің,
судың ластануы. Орманның жойылуы, тың жерлердің қазба жұмыстарын жүргізуге,
құрылыстар салуға бөлінуі болып табылады.
Үстіміздегі ғасырдың басында жер бетінде 1571 милиард адам өмір сүрсе,
2000 жылы 6 миллиардтан болады деп есептеледі. Табиғат байлығын
пайдаланудың экономикалық мәні қоғамдық өндіріс кезінде қалыптасатын
қоғаммен табиғат арасындағы экологиялық экономикасы болып табылады.
Табиғат пайдалану экономикасы мынадай бағыттарды зерттейді:
1) Халық шаруашылығын табиғат ресурстарымен қамтамасыз ету жағдайларын
зерттейді.
2) Табиғат байлығын экономикалық бағалау әдістерін, табиғи ортаны
бүлдіруден, табиғат байлығын ысырап етуден келетін зиянның мөлшерін
есептеу.
3) Табиғат байлығын неғұрлым тиімді пайдалану табиғи ортаны қорғау
мүмкіндіктерін, тиімділігін айқындау жлодарын есептейді.
4) Табиғат байлығын тиімді пайдалануды, табиғи ортаны қорғауды,
басқарудың экономикалық механизмін жақсартудың, оны жетілдіру бағыттары мен
жолдарын зерттейді.
Табиғи орта деп өндіріске тікелей қатыспаса да, адамзатпен
жануарлардың тіршілік етуіне мүмкіндік беретін табиғи күштер мен табиғи
заттарды айтамыз.
Табиғат байлығы дегеніміз – адамзат пайдасын пайдаландыру мүмкіндігі
бар табиғи заттар мен күштер.
Табиғи ортаны қорғау деп табиғи ортаны сақтауға, оның болашағын
молайтуға бағытталған заңдылықтар, шаруашылықтар, ұйымдастыру шаралар
жүйесін айтамыз.
Ал табиғат байлығын қорғау оны ұқыпты, тиімді пайдалану болып
табылады. Қазіргі кезде табиғи ортаны қорғау, табиғатты пайдалану қоғамдық
өндірістің ерекше саласы ретінде табиғат байлығын кешенді үнемдеп пайдалану
арқылы қоғамдық материалдық қаржысын өтеуге және табиғи ортаға өндірістің
зиянды әсерін болдырмауға бағытталады. Өндіріске қатысты табиғат
байлықтары, пайдалы қазба байлықтары, су, ауа, орман, жер, шикізат емес
өндіріс құралдары болып табылады. Өндірістік қатынасқа қосылмаған табиғат
байлығын ұлттық байлық ретінде қарап, оның табиғи қалпының сақталуын,
сапасын қамтамасыз ету керек. Табиғат байлығын тиімді пайдаландыру
өндірістің дамуын қамтамасыз етіп қана қоймай, табиғи ортаның тазалығын,
оның қалпына келетін қорын молайту және табиғи ортаның тепе-теңдігін сақтау
болып табылады. Сондықтан өндірістің даму тепе-теңдігі табиғи ортаның
байлығын қорғау, халықтық материалдың рухани-әлеуметтік мұқтажын үздіксіз
өтеу.

ТӨЛЕМ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ СҰРЫПТАУ

Нарық қатынастарына негізделген экономиканың негізін тауар айналымы
құрайды. Бұл жағдайда қоғамдық қарым-қатынасқа қатысатын табиғат
ресурстары, оның ішінде табиғи ортаның сыйымдылығы, өндіріске, тіршілікке,
қолайлылығы тауарға айналады.
Табиғат ресурстарын тиімді пайдаланудың ең басты шарты оларды ақылы
пайдалану. Өйткені табиғат ресурстарын пацдалану тегін болса, оларды
үнемдеп, ұтымды пайдалануға табиғатты қорғауға, қорын молайтуға
жұмылдыратын экономикалық механизм тудырмайды, мүдде арқылы
ынталандырмайды. Ол табиғат ресурстарының ысырабына әкеп соғады.
Табиғат ресурстары жалпыхалықтық (мемлекеттік) меншікте болып,
пайдаланушыларға тегін берілген жағдайда үнемдеу нормалары болуына, олардың
мемлекет тарапынан үнемі қадағалауына қарамастан, ысырапшылыққа жол
беріледі. Мысалы, жалпыхалықтық меншікті қолдайтын бұрыңғы Кеңес Одағында
жалпы өнімнің бір өлшеміне әлемде ең көп мөлшерде табиғат ресурстары
жұмсалады.
Сондықтан, төлемдерді табиғат ресурстарын ұтымды үнемдеп пайдалануға,
табиғат қорғауға оның байлықтарын сақтауға, молайтуға жұмылдыратын ең басты
экономикалық басқару тетігі деп қарастырады. Соған қарамастан, төлемдердің
қызметін әр түрлі мағынада түсінушілік кездеседі:
1) табиғат пайдалану арендалық (жалақы), дифференциалдық төлем;
2) табиғат ресурстарының орнын толтыру шығындары;
3) айып төлемдер;
4) табиғат ресурстарын қалпына келтіру шығындары және дифференциалдық
рента;
5) кендерді іріктеп өндіргенде, бос жыныстар аралыстырғанда төленетін
айып;
6) пайдалы компоненттерді толық өндірмегені, жоғалтқаны үшін штраф;
7) кендерді өндіру ұқсату технологиясын орындаманда төленетін айып;
8) табиғат қорғау шығындарын қайтару;
9) табиғи ортаны ластағаны үшін төлем;
10) табиғат ортаға келтірілген зиянның орнын толтыру;
11) табиғат ресурстарын пайдалану салығы деп атайды.
Енді біреулер төлемдерді бюджетке қаржы жинау көзі деп ұғынады.
Осындай әр түрлі көзқарастың болуына байланысты төлемдердің мағынасын,
атқаратын қызметтерін қарастырып, сұрыптау қажет болады.

1. Табиғат пайдалану төлемдері

Табиғат пайдалану төлемдері негізінен табиғат қорғау, тиімді пайдалану
мақсатында экономикалық ынталандыру үшін қолданылатын басқару тетігі болып
табылады. Олар табиғат қорғау заңдарының іске асырылуын қамтамасыз етеді
және халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға көмегін тинізеді. Ал ең
негізгі қызметі табиғат қорғау, тиімді пайдалану шараларына ынталандыру,
жауапкершілікті арттыру болып табылады.
Табиғат ресурстарының түріне байланысты әмбебап пайдаланатын, арнайы
пайдаланатын ресурстарға төлемдер ерекшеленеді. Әмбебап пайдаланатын
ресурстарға жер, су, ауа, т.б. ресурстар жатады, арнайы пайдаланатындар –
орман, биоресурстар, минералдық шикізаттар.
Экономикалық мағынасына, атқаратын қызметіне қарап төлемдерді:
1. табиғат ресурстарын пайдалану құқығы;
2. табиғат ресурстарын пайдалану;
3. табиғат ресурстарын қорғау, қалпына келтіру, жаңғырту, өсірту;
4. табиғат ресурстарын пайдалануды шектегені үшін;
5. табиғи ортаны қорғау;
6. табиғат қорғау заңдарын бұзғаны үшін төлемдер деп сұрыптауға
болады.
Табиғат ресурстарын пайдалану құқығы үшін төлемнің негізі табиғат
ресурстарына меншік, иелік құқығы болып табылады. Меншік құқығы осы төлем
арқылы көрініс табады. Меншік иесі өзінің құқығын басқа табиғат
пайдаланушыларға жалға немесе иелікке беру арқылы олардан төлем ақы алады.
Табиғат ресурстары жалпы халықтық иелікте болғанда, иелік құқығын, олардың
атынан мемлекет атқарады. Табиғат пайдалану құқығын алушылар мемлекеттік
бюджетке ақы төлейді. Төлемдердің бұл түрінің мөлшері шығындарға немесе
табысқа онша байланысты емес, негізінен екі жақтың келісімі бойынша
анықталады. Теориялық тұрғыдан меншік иелері төлемдер арқылы өздерінің
(жалпыхалықтық меншік болғанда халықтың) әлеуметтік жағдайларын
қаржыландыруға тырысады. Сондыктан төлем негізі әлеуметтік шығындар деп
алуға болады. Екінші жағынан төлем шамасы табиғат ресурстарын пайдалану
құқығын алушылар өздерінің табыстарының қаншасымен бөлісуге келісетінін
көрсетеді. Олар үшін табиғат ресурсын пайдалану құқығы үшін төлем алғашқы
өндіріс шығындары болып табылады. Сондықтан алынатын өнімнің өзіндік құнына
қосылады. Сөйтіп, ең алғашқы төлем төлеуші өнімді тұтынушылар болады. Осы
тұрғыдан алғанда, табиғат пайдалану құқығы үшін төлемнің ең басты қызметі
табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды ынталандыру. Осы мақсатта қоғам
табиғат ресурстарынан алынатын өнімдердің бағасын біраз қымбаттатуға мәжбүр
болады және ол табиғат ресурстарын тегін пайдаланудан әлдеқайда тиімді
болады. Мәселен, қосымша шығындар тұрғысынан қарайтын болсақ, төлем
мөлшерін алмастыру шығындарымен анықтауға болады. Егер табиғат
пайдаланушылар табиғат ресурсының нақты түріне пайдалану құқығы үшін
төлемнен бас тартса, онда ол оны басқа ресурспен алмастыруына тура келеді.
Осы жаңа ресурсқа жұмсайтын шығын төлемнің баламасы бола алады. Төлем
шамасы балама шығыннан аз болғанда табиғат пайдаланушы, әрине төлем төлеуге
келіседі. Төлемнің шамасына сонымен қатар, елдегі рента, т.б. әсер етеді.
Табиғат ресурстарын пайдалану төлемдерінің мөлшері оның құндылығына,
экономикалық бағалану шамасына байланысты болады. Ал экономикалық бағалану
шамасы дифференциалдық рентаға тікелей тәуелді екенін білеміз.
Дифференциалдық рента өз кезегінде табиғат ресурстарының табиғи
өнімділігін, пайдалану тиімділігінен туындайды.
Табиғат пайдалану төлемдерінің негізгі бөлігі болып табылатын ренталық
табиғат ресурстарын пайдаланушылардың қосымша табысының есебінен төленеді.
Сондықтан төлемнің бұл түрі ынталандыру қызметімен қатар, табиғат ресурсын
пайдаланушыларға біркелкі бәсекелестік жағдай туғызу қызметін де атқарады.
Төлемнің құрамына дифференциалдық рентамен қатар табиғат ресурсын пайдалану
төлемі кіреді. Ол абсолютті рента негізінде анықталуы мүмкін.
Табиғат ресурстарын пайдалану төлемі ресурстың түрлері бойынша оның
әрбірөлшеміне белгіленеді.
Табиғат ресурстарын қорғау, қалпына келтіру, жаңғырту, өсіру төлемдері
осы мақсаттарға жұмсалған шығындар бойынша анықталады және негізгі қызметі
шығындарды қайтару болып табылады. Төлем шамасы қоғамдық қажетті
шығындармен анықталады. Табиғат ресурстарын қорғау, қалпына келтіру,
жаңғырту, өсіру және өндіріске даярлау шығындары өндірістік шығындардың
құрамды бөлігі болып табылады. Сондықтан олар өнімнің өзіндік құнына және
бағасына қосылады.
Төлемдердің келесі тобы табиғатқа келтірілген зиянның орнын толтыру
қызметін атқарады. Табиғатқа зиян келтірушілер: жеке азаматтар немесе заңды
тұлғалар зиянның орнын толтыруға, зардабын жоюға міндетті. Осы төлемдер
арқылы ластаушы – төлейді принципі жүзеге асырылады. Бұл төлемдерді кейде
экологиялық төлемдер деп те атайды. Зиянның шамасы нормалы шамадан
аспағанда төлем зиянның орнын толтырады немесе зиянды болдырмау үшін
жұмсалатын шығындарды қайтарады. Нормадан (шектен) артық шамада айып
төлемдері алынады. Нормадағы шамадағы төлемдер өнімдердің өзіндік құнына
қосылады, ал одан артық шамада тазва табыстан алынады.
Төлемдер атмосфераға ластаушы заттар шығарғаны, суға ластаушы заттар
төккені және жерге қалдықтарды орналастырғаны үшін алынады. Төлем нормативі
ластауды болдырмау және ластану зардаптарын жою шығындары бойынша ластаушы
заттардың әрбір шартты өлшеміне белгіленеді.
Төлемнің келесі түрі табиғат ресурстарын пайдалану (тиімді пайлалану)
шектелген жағдайда алынбаған (жоғалтқан) табыстың орнын толтыру қызметін
атқарады. Төлем табиғат ресурстарын шектеуші заңды тұлғалардың немесе жеке
азаматтардың шаруашылық пайдасынан алынады. Шектеудің сипатына қарай
төлемдер бір мерзімдік немесе ағымдағы болуы мүмкін. Төлемдердің бұл түрін
қолдану әсіресе әмбебап ресурстар (жер, су) үшін аса маңызды. Ресурстардың
шектеулілігі оларды бір мақсатқа пайдалануды шектейді (болдырмайды).
Мысалы, ауыл шаруашылық жерге құрылыс салынғанда, ауыл шаруашылық өнімдер
өндіру мүмкіндігі шектеледі.
Табиғат қорғау заңдары, ережелері, тәртіптері бұзылғанда алынатын
төлемдер айып салу сипатында болады және келтірілген зияннан артық мөлшерде
белгіленеді.
Аталған төлемдерден басқа жер қойнауын кен өндіруден басқа мақсатқа
пайдалану, техногендік минералдық ресурстарды пайдалану, т.б. төлемдер
алынады.
Экономикалық бағытына қарап табиғат пайдалану төлемдерін: орнын
толтыру, қайтару, алмастыру, компенсациялық, ренталық, айып, сыйлық
төлемдері деп бөлуге болады.

Табиғат пайдалану төлемдерін топтастыру

Төлем тобыТөлем қызметіАнықтау Төлем көзіТөлем негізгі Қаржы
көрсеткіші түрлері аудару
1 2 3 4 5 6
Алмастыру Табиғат Алмастыру Өнімнің Табиғат Әр
ресурсына шығындары өзіндік ресурстарының деңгей-
меншік(иелік)капитал құны шектеулілігі дегі
құқын іске проценті үшін төлемдер бюд-жетт
асыру, монополиялық ер
пайдалануға рента
ынталандыру
Қайтару Табиғат Өсіру қалпына Өнімнің Геологиялық Табиғатқ
ресурстарын келтіру өзіндік барлауға, жердіорғау
қалпына шығындары құны қалпына қоры
келтіру келтіру, орман
(өсіру) өсіру, сумен
қамтамасыз ету,
табиғат қорғау
төлемдері
Ренталық Біркелкі Дифферен-циалдҚосымша Ерекше тиімді Бюджет
бәсекелестік ық рента табыс табиғат немесе
жағдай туғызу (пайда) ресурстарын рента
пайдаланғаны қоры
үшін төлем
Орнын Зиянның орнынХалық Өнімнің Табиғи ортаны Табиғат
толтыру толтыру шаруашылық өзіндік ластағаны үшін қорғау
(компен-са зиян, құны, төлемдер қоры
ция) алынбаған табиғат
табыспен пайдала-ну
қайтару шылар-дың
шығындары пайдасы
Айып Табиғи ортаныХалық Табиғат Табиғи ортаны Табиғат
ластаудың, шаруашылық пайдала-нуластағаны, қорғау
табиғат зияндарды шылар-дың табиғат қоры
ресурстарын еселеп қайтарутаза ресурстарын
ысыраптаудың пайдасы нормадан артық
алдын алу ысырап еткені,
табиғат қорғау
зияндарын
бұзғаны үшін
төлемдер

2. Су қорын пайдалану төлемдері

Су қорын пайдаланумен байланысты төлем түрлері бірнеше жылдан бері
қолданылып келеді. 1920-1930 жылдары салық сипатындағы төлемдер қолданылды.
1937-1957 жылдары жер бетіндегі су көздеріне ақаба су төккені үшін,
төлемдер айыппұлдар бюджетке алынатын.
Өнеркәсіп қажетіне жер бетіндегі су көздерінен су алынғаны үшін
төленетін төлем 1982 жылдың 1 қаңтарынан бастап, ал жер асты су көздерін
пайдаланғаны үшін 1984 жылдың 1 қаңтарынан алына бастады. Бұл төлемдердің
негізгі қызметі суды үнемдеуге ынталандыру және сумен қамтамасыз ету
шығындарын қайтару болды. Төлемге алынатын су тарифы су шаруашылық
жүйелерінің 1979-1980 жылдардағы шығындарының негізінде анықталды.
Сондықтан жер асты сулары үшін тариф жер беті суларының тарифынан бірнеше
есе артық болды. Шекті шамадан артық су пайдаланғанда осы шамаға төлем бес
еселенген тарифпен анықталды. 1991 жылдан келтірілген зиянның орнын толтыру
төлемі алына бастады.
Су ресурстарына төлемдерді анықтау туралы әдістемелік нұсқаулар
бойынша (Алматы, 1991) төлемдердің екі құрамдас бөлігін ажыратады: су
ресурстарын пайдалану құқығы үшін; су қорын қорғау(қалпына келтіру)
төлемдері. Су тарифы дегеніміз – суға белгіленген төлемдердің бағалық құны.

Су тарифы негізінен су қорғау, сумен қамтамасыз ету шығындарын қайтарады,
суды үнемдеп пайдалануға жұмылдырады.
Қазақстан Республикасының Су кодексіне сәйкес суды жалпы пайдалану
тегін,ал арнайы пайдалану төлемді. Жалпы су пайдалану – су ресурстарының
жекелеген азаматтарға бекітіп бермей және судың жай-күйіне әсер ететін
құрылыстарды немесе техникалық құрылғыларды қолданбай, халықтың ауыз су
және өзге де мұқтажын қанағаттандыру үшін жүзеге асырылады. Арнайы су
пайдалануға халықтың ауыз суға және тұрмыстық мұқтажын, ауыл
шаруашылығының, өнеркәсіптің, энергетиканың, су көлігінің суға деген
қажетін қанағаттандыру үшін, өзге қажеттер үшін, сондай-ақ өнеркәсіпті,
коммуналдық-тұрмыстық, кәріз және басқа да пайдаланылған ақаба суды төгу
үшін пайдалану жатады. Аталған су пайдалану су құрылыстары мен техникалық
құрылғыларды қолдану арқылы жүргізіледі.
Су ресурстарын пайдалану төлемдерін анықтау тәсілдерінде оның
ерекшеліктері ескеріледі. Олар: судың орналасуының, оны пайдаланудың
аймақтық сипаты; су бассейніндегі судың сапасы біркелкі деуге болады; су
өнімдерінің заттық құрамына кірмейді; су әмбебап пайдаланылатын табиғат
байлығы. Осы ерекшеліктеріне байланысты төлемдер құрамында суды қорғау,
қалпына келтіру, жұмсалған шығындарды қайтару қызметі басты рөл атқарады,
ал сапасына байланысты төлем қызметі екінші кезекте тұрады және онша
ескерілмейді.
Су ресурстарын пайдалану төлемдерін – су қорын пайдаланғаны үшін және
су қорын қорғау (қалпына келтіру) төлемдері деп ажыратуға болады және
соңғысы ең негізгісі болып табылады.
Су қорының түріне және пайдалану бағытына байланысты:
- жер бетіндегі суларды пайдалану;
- жер асты суларын пайдалану;
- көл,теңіз суларын пайдалану;
- суармалы егістікте су пайдалану – төлемдері белгіленеді.
Бұлардан басқа су ресурстарын ластағаны үшін, су қорғау заңдарын
бұзғаны үшін (айып) төлемдер зиянның орнын толтыру , зиянды болдырмау
мақсатында қолданылады.
Су пайдаланудың көп бағыттылығына байланысты төлемдерді анықтау
әдістеріне олардың ерекшеліктерін ескеретін толықтырулар мен өзгертулер
қолданылады. Ондай ерекшеліктерді есептеу мүмкін болмаған жағдайларда
қарапайым проценттік немесе белгіленген нормалар қолданылады.
Мысалы, су ресурстарын гидроэнергетикада, транспорт үшін, бағалы балық
түрлерін өсіру үшін, тауарлардың, өсімдіктердің түрлерін қорғау үшін, т.б.
бағытта пайдалануы мүмкін. Әрине, олардың ерекщеліктеріне байланысты
төлемдерді анықтау әдістерін де өзгертіп отыруға тура келеді. Оның үстіне
су пайдалану тек тұщы сулармен ғана шектелмейді, тұзды, минералды, теңіз
сулары да пайдаланылады. Барлық ерекшеліктерді түгелдей ескеру мүмкін емес
және ол әдістемені қиындатады, қолдануға жарамсыз етеді. Сондықтан,
оңайлатылған қарапайым әдістерді қолдану ұсынылады. Мысалы,
гидроэнергетикада, су транспортында, балық шаруашылығында су төлемдерінің
ставкаларын су қорғау және қалпына келтіру шығындарның 12%-ы шамасында
алып, төлемді осы суды пайдаланушы салаларға өндіретін өнімдердің құнына
сәйкес бөлу ұсынылады.
Жоғарыда қарастырылған төлемдердің құрамында рента жоқ. Бірақ
теориялық тұрғыдан судың сапасына және орналасу тиімділігіне байланысты
ренталық табыс болуы керек. Осы тұрғыдан алғанда рента шамасын су сапасы
бірдей болғанда су тұтынушылардың әр түрлі су көздерінен 1 метр куб су
алуға жұмсайтын шығындарының айырмасы ретінде анықтауға болады. Дәлірек
айтсақ, аймақтағы 1 метр куб суға қоғамдық қажетті шығындар алынады. Судың
сапасын ір түрлі болған жағдайда су рентасын анықтау үшін баға
көрсеткіштерін қолдануға болады. Сондай-ақ су рентасын сусыз және сулы
технологиялардың көрсеткіштерін немесе су пайдаланып алынған өнімдердің
бағасын салыстырып анықта туралы ұсыныстар бар. Бірақ бұл әдістер қиындау
және нәтижесіз. Өйткені су рентасын рентаның басқа түрлерінен бөліп алу
қиын (тіпті мүмкін емес).

1.3. Жер қорын пайдалану үшін төленетін төлемдер түрлері

20-шы жылдардан бастап Кеңес үкіметі жер, су, орман ресурстарын
пайдаланудың төлемдерін салық түрінде енгізді (жер ресурсының төлемі
патшалық үкімет кезінде де болған). Тек 1967 жылдан бастап минералды
ресурс бойынша геологиялық барлау жұмысына (ГБЖ) аударымдардың
мөлшерлемесі анықталды. Оның үстіне, бұл мөлшерлемелер жер қойнауындағы
өнімдердің тек бірнеше түріне ғана есептелді, әрі ГБЖ шығынын толық өтей
алмайды. Геологиялық барлау жұмыстарының мөлшерлемелері іздестіру мен
алдын ала барлауға бағытталған қормен өтеуге жатқызылған қаражаттың
мөлшеріне қарай белгіленеді. Геологиялық барлау жұмыстары шығынының бұл
мөлшерлемелері шығынды – жер қойнауындағы өнім түріне қарай 40-70% шегінде
– толық өтей алмағандықтан, 1991 жылы енгізілген мөлшерлемелер шығарылған
өнімнің өзіндік құнына және еркін жіберілетін көтерме сауда бағасына
оларды қосу жолымен шығынды 90-100% шегінде өтейді. 1992 жылы
Қазақстандағы ГБЖ-ның мөлшерлемелері сатылатын шикізаттың өтелетін қор
тоннасындағы құннан түсетін проценттермен белгіленетін болды. Олардың
үлесі кең ауқымда ауытқып тұрады: мысалы, 1 тонна көмір үшін – 0,9%,
темір – 2,4%, ал мұнай мен газ 8%-ке дейін ауытқиды. Ресурстарды ұтымды
пайдалану бойынша төлемдердің ынталандырушы рөлі төлемдер өтелетін қорға
жатқызылса да, соншалықты елеулі бола қойған жоқ. Олар көбінесе шығынның
орнын толтыру сипатында болды, әрі ресурстарды ұдайы өндірудің төлемдері
болып табылады. Төлемнің бұл түрі пайдалы қазбалардың барланған қорларының
бағасы ретінде алға шықты.
1991 жылы Қазақстан Республикасының Экология және табиғатты пайдалану
жөніндегі мемлекеттік комитеті жер қойнауын пайдаланудың нормативті
төлемдерін анықтау бойынша әдістемелік ұсыныстарды әзірлеп, төлемдерді
өндіріп алудың бірыңғай тәртібін анықтады:
- пайдалы қазбалардың кен орнын әзірлеу құқығы үшін төлем;
- табиғатты қорғуадың, табиғи-ресурстық әлеуеииі ұдайы өндірудің
төлемдері, геологиялық барлау жұмыстарына аударымдар;
- минералдық ресурстардың ұқыпсыз пайдаланғаны үшін салынатын айыппұл
төлемдері.
Кен орнын әзірлеу құқығы үшін төлем мемлекеттің жер қойнауы меншігін
экономикалық тұрғыдан жүзеге асырудың формасы болып табылады. Кен орнын
әзірлеу құқығы үшін төлем сомалары осы кен орны орналасқан территорияның
әлеуметтік дамуы үшін пайдаланылады. Әр түрлі пайдалы компоненттердің кен
орындарын әзірлеу құқығы үшін төлем белгілі бір мерзімге (3-5 жыл) осы
пайдалы қазбадан алынатын түпкілікті өнім бірлігі үшін белгіленеді.
Жергілікті мәні бар, жалпылама тараған пайдалы қазбалар (құм,саз
балшық, жал және т.б.) бойынша базалық мөлшерлемелердің деңгейін табиғатты
қорғау органдарының ұсынуымен облыстық әкімшілік белгілейді, ол тиісті
шикізат тауарларының бағасынан 3% аспауы қажет. Нақты пайдалы қазба
түрінің кен орнын әзірлеу құқығы төлемінің базалық мөлшерлемесі осы
пайдалы қазбаның немесе кәсіпорын оны қайта өңдеп өткізетін тауарлық
өнімнің әлемдік бағасында тіркелген үлесімен анықталады. Төлемнің бұл түрі
роялти деп аталады.
Роялтидің шамасы,яғни жер қойнауының меншік иесі – мемлекетке тікелей
түсетін құндағы үлес немесе алынатын шикізат тауарының мөлшері көптеген
пайдалы қазба түрлері бойынша осы заманғы кезеңге қарай 5-10%-ке
бағаланады. Айрықша құнды немесе сирек кездесетін минералдық шикізат
түрлері бойынша ол 20%-ке дейін арттырылуы ықтимал. Әлемдік бағаның
деңгейі әлемнің жетекші тауар биржаларының жариялаған материалдары бойынша
немесе компаниялардың анықтамалық бағасы бойынша анықталады. Бірінші
кезеңде кен орындарын әзірлеуге төленетін төлем алдын ала баға бойынша
қара металл кені үшін 2%, ал түрлі-түсті металл кені үшін ішкі баға
құнынан 2-5% ұсынылады.
Әзірлеу құқығы үшін төленетін төлемнің базалық мөлшерлемелерін анықтау
барысында шикізат тауары құнындағы роялтидің үлесі және сараланбалы
ренталық табысы назарға алынады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде
роялтидің үлесі сараланбалы табыстың шамасына көбейтіледі. Өз кезегінде
роялтидің мөлшері өткізілген өнімдердің құнынан болатын процентте немесе
кәсіпорын пайдасының баланстық құнының процентінде белгіленеді. Пайдалану
құқығы үшін шекті шама табиғатты пайдаланудан түскен табыстан 12,5%
мөлшерінде, ал шекті мөлшерлеме баланстық пайдадан 15% мөлшерінде
белгіленген.
Минералдық ресурстардың ұқыпсыз пайдаланғаны үшін салынатын айыппұл
төлемі пайдалы қазбаларды немесе жер қойнауының өнімдерін өндіру, өңдеу,
сақтау және тасымалдау процестерінде жер қойнауын қорғаудың нормасы мен
ережесінің сақталмау нәтижесіндеорын алатын пайдалы қазбалар мен
өнімдердің шектен тыс ысырап болмауы үшін белгіленеді. Әдістемелік
ұсыныстарда минералдық ресурстардың ұқыпсыз пайдаланылғаны үшін салынатын
айыппұл төлемдері пайдалы қазба бірліктерінің ысырап болуы нәтижесінде
алынбаған кәсіпорынның түпкілікті өнімдер құнының бір жарым мөлшерінде
немесе олардың өнімдерін қайта өңдеуге пайдалы бірліктерінен алынуы тиіс
жоғалған құндылықтардың мөлшерінде анықталады. Сонымен қатар, айыппұл
төлемдері кен орындарын іріктеп өңдегені үшін де белгіленеді.
Ресурстардың нормадан артық пайдаланылуы және кешенді түрде
пайдаланылмағаны үшін алынатын төлемдер табиғатты қорғаудың бюджеттен тыс
жергілікті қорларына аударылады.
Кен өндіруші кәсіпорындар өндірістің қалдықтарын орналастырғаны үшін
және ластаушы заттарды нормадан артық тастағаны үшін төлемдер төлейді.
1993 жылдың 15 қазанындағы ҚР Министрлер Кабинетінің қаулысымен
Республикалық және жергілікті табиғат қорғау қорлары туралы ереже,
Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдерді өндіріп алудың тәртібі
бекітілді.
Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігіне қарасты Бас салық
инспекциясының Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдері мен
салықтарын енгізу тәртібі туралы нұсқауында мынадай төлемдер бар:
1) қол қойылатын бонус, коммерциялық табу бонусы, өндіру бонусы;
2) роялти;
3) үстеме пайдаға салынатын салықтар.
Қол қойылатын бонус – жер қойнауын геологиялық зерделеу және кейін
кенді, өндіруші құқығы үшін алынатын бір жолғы тіркелген төлем, өндіруші
оны өзара шарттың бекітілуі барысында тараптардың келісімімен анықталған
мөлшерде және мерзімде төлейді.
Коммерциалық табу бонусы территорияларда игеруге жарамды, сол бойынша
өзара шартта бекітілген кен орнын табуды білдіреді. Оны жер қойнауын
пайдаланушы өзара шартта белгіленген мерзімде және мөлшерде төлейді.
Өндіру бонусы – бұл өзара шарта белгіленген кен өндірудің нақты кезеңі
үшін жер қойнауын пайдаланушының төлейтін тіркелген төлемі. Қол қойылатын
бонустың мөлшерін арнайы өкілетті органдар анықтайды.

1.4. Минералдық ресурстар үшін төлемдер

Минералдық ресурстарға төлемдер мәселесі әдістемелік тұрғыдан
күрделілігімен және қолдану ерекшеліктерімен ерекшеленеді. Таяу уақытқа
дейін төлем туралы ұғым тіпті қолданылмай келді. 1967 жылы кен өндіру
саласында кенніңөзіндік құнына кіретін геологиялық барлауға қаржы аудару
төлемдері қолданылады. Төлем нормасы кеннің нақты түріне жұмсалған
геологиялық барлау және зерттеу шығындарын оның өндірілген баланстық
қорының шамасына бөлу арқылы анықталады. Төлем алғашқы кеннің кейбір
түрлері бойынша ғана белгіленеді және әдістемелік кемшілігі болғандықтан
ауық-ауық қайта қайтарылып отыратын. Ең негізгі кемшілігі барлық
геологиялық шығындарды қайтармайтын. Ол алғашқы жылдары барлық геологиялық
барлау шығындарын 60%-ына дейін қайтарса, 1991 жылдан 90%-ға жетті.
Әйткенмен, осы төлем арқылы жинастырылған қаржы минералдық шикізат базасын
өндіріске дайындауға жеткіліксіз болды.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында геологиялық барлауға төлем
аудару нормасы 1 тонна өндірілетін кенге шикізаттың бағасына процент
есебімен белгіленеді.Мысалы, 1 тонна темір кеніндегі темірге – 2,4%,
марганец концентратындағы марганецке – 2,3%, қорғасын-мырыш кеніндегі
қорғасын мен мырышқа – 6,7%, хром кеніндегі хромға – 2,4%, көмірге – 0,9%,
т.б.
Аталған төлем кен орнын геологиялық барлауға жұмсалатын шығындарды
қайтаруы тиіс және мағынасы бойынша табиғат ресурстарын қалпына келтіру
төлемі болып табылады. Былайша айтканда, кен өндірушілерге ол кен туралы
геологиялық мәліметтер сатылады.
Ренталық төлемдер тау-кен өндірісінің жеке салаларында (мұнай, газ,
бағалы металлдар, т.б.) белгіленген төлемдер ретінде қолданылып келеді.
Мысалы, 1991 жылы 1 тонна мұнайға – 12,45 сом, 1000 метр куб газға – 6,46
сом ренталық төлемдер белгіленген болатын. Соңыра төлем нормативтері
бірнеше қайтара өзгертілді. Ренталық төлем ретінде, негізінен, қосымша
нормадан артық табыс (пайда) алынады. Теориялық тұрғыдан бұл онша орынды
емес. Біріншіден, рента толық есептелмейді, екіншіден – рентамен қоса
кәсіпорынның өз шаруашылық әрекетінің нәтижесінде алынған қосымша табыс
алынады.
Минералдық шикізатты пайдалану құқығы үшін төлемдер Республикамыз үшін
нарық қатынасына өтуге байланысты туындаған жаңа мәселе. Оның шешімінің
негізгі екі түрі қолданыла бастады. Біріншісі – төлем минералдық шикізаттың
әр түрі бойынша оның сатылу бағасынан процент есебімен алынады. Екіншісі –
роялти төлемімен байланысты, яғни минералдық шикізатты пайдалану құқығы
үшін төлем роялтимен алмастырылады.
Кен өндіргенде нормадан артық ысырапқа, бос жыныстың араласуына жол
берілгені үшін төлем көптен қолданылып келеді. Оның мағынасы кенішті
пайдалану ережелерін, тәртіптерін, нормаларын орындамағаны үшін айып төлем
болып табылады және ол алынбаған өнімнің құнынан бір жарым есе шамасында
белгіленетін. Сондай-ақ кен орнын таңдап өндіргенде де айып төлем
белгіленеді. Бұл төлемдер халық шаруашылығына минералдық шикізатты тиімді
пайдаланбай келтірілген зиянды еселеп қайтару болып табылады.
Минералдық ресурстарды пайдаланушылар шикізатқа төлемдерден басқа
табиғи ортаны нормадағы шамада ластағаны үшін төлемдер және нормадан артық
шамада айып төлемдер төлейді.
Қазіргі кезде минералдық ресурстарды пайдаланғаны үшін төлемдер Жер
қойнауының байлықтарын пайдалану төлемдерінің нормативтерін анықтауға
туралы әдістемелік ұсыныстарға сәйкес алынады.
Әдістеме: пайдалы қазбалардыпайдалану құқығы үшін; табиғат қорғау және
табиғат ресурсы потенциалын қалпына келтіру (геологиялық барлауға қаржы
аудару); минералдық ресурстарды тиімсіз пайдаланғаны үшін айып төлемдерді
анықтаудың және алудың бірыңғай тәртібін белгілейді.
Әдістемеге сәйкес пайдалы қазбаларды пайдалану құқығы үшін төлем тау-
кен қатынастарының шеңберінде кен орналасқан аймақтың халқының табиғат
ресурстарына иелік құқығының экономикалық көрінісі болып табылады. Кеніштің
әрбір бөлімшесіне, пайдалы қазбалардың әрбір түріне (элементтерге) үлгілік
төлем нормасы белгілі мерзімге бекітіледі.

1.5. Орман қорына төлемдер

Орман ағаштарын пайдалану төлемдері ертеден қолданылып келеді. Олар әр
түрлі аттармен тарихтан белгілі. 1930 жылға дейін барлық ағаш
пайдаланушылардан түбірақы алынатын. Кейін индустриализациялау кезінде
өнеркәсіпте ағаш пайдаланушыларға жеңілдік беру үшін төлем алынбайтын
болды. Барлық орман шаруашылық шығындары мемлекеттік бюджеттен
қаржыландырылды.
Түбірақы 1949 жылы қайта алына бастады.оның шамасы құн заңына сәйкес
анықталады, яғни орман шарушылық шығындарын қайтаруы тиіс.
Орман қорына төленетін төлем ақыны орман таксасы деп атайды. Бұл төлем
орман щаруашылық шығындарын қайтару, орман шарушылығына қажетті қор
жинақтау және дифференциялық табыс болып табылады. Нақты өсіп тұрған,
кесуге берілетін ағаш қоры орман таксасы бойынша анықталады, оның орташа
шамасы түбірақы шамасына тең, бірақ халық шаруашылық мақсаттарға
байланысты одан артық не кем болуы мүмкін.
Орман таксасы орман белдеулері және топтары, ағаш түрі, сорты және
сипаттары бойынша әр түрлі болады. Сорттық коэффиценттер ағаштың сүрегінің
ұзындығы, диаметрі, түзулігі, ағаштың түрі, іске жарамдылығы бойынша
анықталады.
Орман таксасы орман шаруашылық шығындарын қайтарумен қатар бірқатар
экономикалық қызметтер атқарады. Ең бірінші орман қорын тиімді пайдалануға
ынталандыру, орманда құнды ағаштардың жойылып кетпеуіне жол бермей, орман
қорын кешенді, оның құндылығы төмен ағаш қорларын, жанама өнімдерді
пайдалануға ынталандыру.
Осы мақсаттарда құнды ағаштарға орташа таксадан анағұрлым артық такса
белгіленеді, ал құнсыз ағаштарды пайдалануды ынталандыру мақсатында оларға
өзіндік құнынан төмен такса тағайындалады. Екінші қызметі – табиғи
жағдайларға байланысты пайда болатын дифференциалдық рентаның бюджетке
алынуын қамтамасыз етеді. Үшінші – ағаш даярлаушылардың бәсекелестік
мүмкіншіліктерін теңестіреді.
Қазақстан Республикасының Орман кодексіне сәйкес азаматтардың
ормандарда тынығу, жабайы жемістерді, жаңғақтарды, саңырауқұлақтар мен
жидектерді белгіленген норма шегінде пайдаланудан басқа жағдайларда орман
қорын пайдаланылуы ақылы болып табылады. Орман қорын пайдаланғаны үшін ақы
орман өніміне қолданылып жүрген бағаларға сәйкес, бірақ кесімді таксадан
кем емес шамада алынады.

ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ АШЫҚТЫҒЫ:
МӘНІ, ҚАЖЕТТІЛІГІ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ

Қазақстанның барынша бәсекеге қабілетті және серпінді дамып келе
жатқан мемлекеттер қатарына енудің бірінші басымдылығы ретінде елдің
экономикалық дамуындағы сапалы серпілісінің негізі болып табылатын
бағдарлама әлемдік экономикаға Қазақстанның ойдағыдай кіруі деп аталады.
Елбасының 2006 жылғы Жолдауындағы осы басымдылықты жүзеге асыру жобасының
он бағыты анықталды. Осындай бағыттардың бірі ретінде табиғи ресурстарды
пайдаланудың ашық саясатын жүзеге асыру қарастырылады. Қазақстанның
өндіруші саладағы ашықтық мәселесі біздің еліміздің негізгі мәселелерінің
бірі болып табылады.
2002 жылдың қыркүйек айында Йоханнесбургте өткен халықаралық тұрақты
даму саметінде Ұлыбританияның бұрынғы Премьер-министрі Тони Блэр өндіруші
өнеркәсіптегі Ашықтық Бастамасын алға тартып, табиғи ресурстарға бай
елдерді ерікті түрде осы бастамаға қосылуға шақырды. Бұл Бастаманың
мақсаты – өндіруші компаниялардың бюджетке жасайтын төлемдерімен қатар,
табиғи ресурстарға бай елдер үкіметтерінің алынатын табыстар туралы
ақпараттарды жариялауы болып табылады. Осы бастама шеңберіне өндіруші
компаниялар өздері жұмыс жасап жатқан елдерінің үкіметімен мемлекеттік
компанияларына төлейтін салықтық емес төлемдері туралы ақпараттарды ашуы
керек, ал бұл елдердің үкіметі алған табыстары туралы есептерін жариялауы
керек. Ашықтықты қамтамасыз ету Бастамасы әлемнің дамыған елдерімен
қатар, дамушы елдерінен де қолдау тапты. Бастаманы жүзеге асыру қолға
алына бастаған кезде, алғаш қосылған немесе оған қолдау көрсетуге шешім
қабылдаған елдер: Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Франция, Норвегия,
Нидерланды, Белгия, Жапония, Индонезия, Конго, Нигерия, Гана, Әзірбайжан,
Қырғызстан.
Қазақстан Республикасының Президенті 2005 жылдың 14-15 маусымында
Алматыда өткен Азия қауымдастығының халықаралық конференциясында сөз
сөйлеп, Қазақстанның өндіруші саласының ашықтығы бойынша Британиялық
бастаманы қолдайтынын айтты.
Ашықтық Бастамасын жұзеге асырудың нақты механизмдерді мынадай: әрбір
өндіруші компания қазынаға салынатын төлемдері толық көрсетілген
диклорацияны толтырады.
Бастаманы сәтті енгізу үшін, қажетті шарттар төмендегідей болады:
- барлығына толық және түсінікті түрде компаниялар төлеген барлық
төлемдер және үкіметтің алған барлық табыстары жөнінде мәліметтерді
жариялау;
- төлемдер мен шығындар сенімді әрі тәуелсіз ресми тұлғамен
салыстырылуы керек;
- елімізде жұмыс істейтін барлық жеке, сонымен қатар, мемлекеттік
компаниялардың осы процеске қатысуын қамтамасыз ету;
- жоғарыда берілген іс-әрекеттердің тұрақты және орындалуын
қамтамасыз ету үшін, жұмыс жоспарын жасау.
Қазақстанның осы бастамаға қосылу қажеттілігі мен маңыздылығы келесі
негізге себептерге байланысты. Біріншіден, республика экономикасының
шикізат секторының жағдайы жалпыға мәлім. Экономиканың ашықтық жаһандыру
жағдайында Қазақстан әлемдік шаруашылық байланыстарында көбіне дамыған
елдердің шикізат жөніндегі көмекшісі ретінде көрініс табады. Осы жағдайда
өндіруші саланың ашық болуы алдымен елге және халыққа тиімді болып келеді,
өйткені ол шикізатты өндіруден түскен түсімдердің шынайы көлемінің табыстың
бөлінуімен пайдалануының ашықтығын қамтамасыз етеді. Екіншіден, объективті
және субъективті себептерге байланысты республика экономикасының шикізат
секторы шетелдік инвесторлардың қолында. Бұл Қазақстан тәуелсіздігінің
алғашқы жылдарында шикізат секторында пайда болған мұнай жәнеде басқада
компанияларға, сонымен қатар, бұрыннан жұмыс жасаған, бәрақ мемлекеттік
меншікті жекешелендіру барысында шетелдік инвесторлардың қолына өтіп кеткен
тау-кен өнеркәсібінің компанияларына да қатысты. Мұндай жекешелендірудің
салдарынан өндіруші саланың негізгі кәсіпорындары шетелдік иелерінің қолына
өтіп кетті. Осылайша, қазіргі таңда кеәбір экономистердің есептері бойынша,
елдің мұнай-газ саласындағы кәсіпорындардың 8-10 пайызы ғана Қазақстандық
меншік иелерінің қолында, соның ішінде мемлекет меншігінде. Олар 2007 жылы
елдегі мұнай мен газдың 15 пайызын ғана өндірген.

2.1. Сақтандыру ұйымдары мен ауыл шарушылық тауарларын
өндірушілердің ынтымақтастығы туралы

Қазақстанның аргументтер және фактілер газеті.

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу
мен қадағалау агенттігінің Қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың
құқықтарын қорғау басқарамсының бас маманы А.К.Сабурова.

Ауыл шаруашылығы тәуекелдерінің қомақты бөлігі біршама зиян әкелуге
қабілетті және кәсіпкердің бақылау аясынан тыс болатын, тіпті кәсіпорынды
банкроттық шекке қоятын бизнестің түрі болып табылады.
Жалпы республикада ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жерлердің 70%
қатерлі жер аймақтарында орналасқан. Табиғат апаттарының, табиғи-климаттық
факторлардың ықпал етуі – өсімдік шарушалығын, ауыл шаруашылығы тауар
өндірушілерін тікелей қаржылық зиянға, сондай-ақ өндірістің түпкілікті
тоқтап қалуымен байланысты жанама жоғалтуларға әкелетін қомақты
жоғалтуларға душар етуі мүмкін.
Шетелдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, бұл жағдайларда табиғи
тәуекелдерді басқару және табиғаттың астаң-кестең өзгеріс кезіндегі
қаржылық жоғалтуды кемітуді басқарудың мүмкін құралдарының бірі сақтандыру
болып табылады.
Республикадағы ауыл шарушылығы өндірісінің табиғи-климаттық жағдайға
айырықша бағыныштылығын және ел экономикасындағы аграрлық сектордың мән-
маңызын ескеріп, 2004 жылғы 10 наурызда Өсімдік шаруашылығындағы міндетті
сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының Заңы қабылданып, ол сол жылдың
1 сәуірінен бастап қолданысқа енгізілді. Оның негізгі мақсаты егіс және
майлы дақылдарды, мақта және қант қызылшасының белгілі бір түрлерін
өсірумен айналысатын ауыл шаруашылығ өндірушілерінің мүліктік мүдделерін
қорғауды қамтамасыз ету болып табылады. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің осы
түрлерін сақтандыру туралы шешім олардың тәуекелдерге мейлінше душар
болуына байланысты қабылданып отыр. Сондай-ақ бұл дақылдар ірі
шаруашылықтардың көпшілігінде өсіріледі. Қазір Заңға сәйкес құрғақшылық,
үсік, жылудың жетімсізддігі, шектен тыс ылғалдылық, бұршақ, нөсер жауын,
боран, дауыл, су тасқыны және сел сияқты жағымсыз табиғат құбылыстарының
салдарларынан сақтандырылатын болады.
Сақтандырудың осы түрін енгізу көптеген мүдделі бөлімшелердің жан-
жақты және тер төге жұмыс істеуін қажет етіп отыр, өйткені осының алдында
жұмыс істеген ауыл шаруашылығы өндірісін міндетті сақтандыру тиесінше дами
алған жоқ. Бұның негізгі себебі ауыл шарушылығы өндіріс иелерінің негізгі
бөлігінің сақтандыру сыйлықақыларын төлеу үшін қаражаттарының болмауы және
мемлекет тарапынан қолдаудың жеткіліксіздігі болып табылады.
Егер Заңның негізгі мәні және тұжырымдамалық негізі туралы ойлансақ,
астықтың өзін емес, оны өсіруге кеткен шығын – жанар-жағар май
материалдары, тұқым, жалақының сақтандырылуы тиіс екендігі түсінікті. Астық
жинау кезінде шаруалар дәстүрлі жай ретінде жанар-жағар майлардың
жетіспеушілігін қатты сезінеді. Күзгі науқан басталысымен-ақ тиімсіз ауа
райы ғана емес, сонымен бірге жана жағар май материалдарымен уақытылы
жабдықтамау астықты кәдімгідей жоғалтуларға душар етеді.
Қарағанды облысында өткен жылы болған жағдай оның мысалы бола алады.
Онда астықты аудандардың бірінде ылғалдың болмауына байланысты астық шықпай
қалды, ал келесісінде құрғақшылықтың болуына байланысты егілген
алқаптардың жартысына дерлігі күйіп кетті, ал Батыс Қазақстан облысында
іс жүзінде барлық егіс алқаптарын күнмен зиянкестер жойып жіберді. Осыған
ұқсас табиғат апаты Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола және Шығыс
Қазақстан облыстарында да болды.
Сонымен қатар, жыл сайынғы материалдық-техникалық ресурстардың, атап
айтқанда жанар-жағар майлардың қымбаттауы көптеген аграршыларға қаражаттың,
сонымен бірге сақтандыруға бөліну проблемасын тудыруда. Сондықтан тек
жеткілікті түрде қаржылық жағынан мықты ауыл шаруашылығының өндіріс
иелерінің ғана сақтандырылуға мүмкіншіліктері бар.
Өсімдік шаруашылығында міндетті сақтандыруға мемлекеттік қолдау
көрсету қолайсыз табиғат жағдайының нәтижесінде пайда болған сақтандыру
жағдайлары бойынша сақтандырушыларға сақтандыру төлемдерінің 50 пайызын
өтеу үшін, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрлігі атынан
өсімдік саласындағы уәкілетті мемелекеттік органға тиісті қаржы жылына
арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген бюджеттік
қаражатты бөлу жолымен жүзеге асырылады.
2005 жылы республикада сақтандыру ұйымының өсімдік шаруашылығында
міндетті сақтандыруды жүзеге асыруға құқығы барлары тек қана төртеу болды –
Астық сақтандыру компаниясы АҚ, Трансойл СК ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғат ресурстарын пайдалану төлемдері
Табиғат ресурстарын төлемді пайдаланау
Минералдық шикізат қорын экономикалық бағалау
Жер қойнауын пайдаланушылар мүдделерін қорғау
Табиғатты пайдалану экономикасы туралы ақпарат
Жердің экономикалық бағалануы
Табиғат ресурстарын тиімді пайдалануға ынталандыратын, жауапкершілігін артыратын экономикалық механизм мен тетіктер жүйесі
«Жер қойнауының құқықтық режимі»
Қарағанды-Теміртау өндіріс ауданының қазіргі кездегі экологиялық жағдайы және дамуы
Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу ұйымдық-құқықтық нысандары. Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігінің құқықтық негіздері
Пәндер