Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатын талдау
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
1 ҰЛТТЫҚ БАНК . ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ БАНКІ 5
1.1 Ұлттық банктің мақсаты, міндеті және құрылымы 5
1.2 Ұлттық банктің негізгі қызметтері мен операциялары 9
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ АҚША.НЕСИЕ САЯСАТЫН ТАЛДАУ 11
2.1 Ұлттық Банктің ақша.несие саясаты 11
2.2 Қазақстан Республикасының 2011жылғы макроэкономикалық дамуы және ақша.несие саясаты 12
2.3 Қазақстан Республикасының 2012жылға арналған ақша.несие саясаты 17
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ АҚША.НЕСИЕ САЯСАТЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ 20
3.1 Ұлттық Банктің ақша.несие саясатының 2012.2014 жылға арналған болжамы 20
ҚОРЫТЫНДЫ 26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 27

1 ҰЛТТЫҚ БАНК - ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ БАНКІ 5

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫН ТАЛДАУ 11
2.1 Ұлттық Банктің ақша-несие саясаты 11
2.2 Қазақстан Республикасының 2011жылғы макроэкономикалық дамуы және ақша-несие саясаты 12
2.3 Қазақстан Республикасының 2012жылға арналған ақша-несие саясаты 17
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ 20
3.1 Ұлттық Банктің ақша-несие саясатының 2012-2014 жылға арналған болжамы 20
ҚОРЫТЫНДЫ 26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 27
КІРІСПЕ
Орталық банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас органның рөлін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың мемлекеттік органы болып табылады.Олардың басшылық рөлі мемлекет берген үлкен өкілеттіліктермен айқындалады.
Орталық банк елдің эмиссиялық кассалық орталығы, сондай-ақ норма шығару, басқару құқықтарына ие "банктердің банкі", "соңғы сатыдағы несие беруші" рөлін атқарады, ақша-несиелік және валюталық саясатты анықтайды, оның негізгі мақсаты пайда табу емес, ақша-несие саясатын жүзге асыру және елдің несилік жүйесін басқару болып табылады.
Әлемдік тәжірибеде көрсеткендей, мемлекеттің Орталық банкіге кең өкілеттілік беруі екінші деңгейлі банк жүйсінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Орталық банк мемлекет берген эммисиялық құқығы негізінде эканомиканы жалпы мемлекеттік тұрақтандыру саясатын, тауар-ақша қолма-қолсыз ақша массасы тепе-теңдік саясатын жүргізеді.
Орталық банк тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі объектісіне эканомикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады, оның динамикасына төлеуге қабілетті сұраныстың әр түрлі компоненттерінің өзгерісі тәуелді болады. Қазіргі даму сатысында ақша-несиелік сипат алады, яғни ақша массасы негізінен банктердің несие-депозиттік қызметіне байланысты пайда болады, сондықтан Орталық банк ақша айналымының құрылымын және көлемін екінші деңгейлі банктердің опрацияларын басқару арқылы реттейді.
Ақша - несие саясаты мемлекеттің экономикалық саясатының маңызды құраушысы болады. Қазақстан Республикасында ол ҚР-ның Ұлттық Банкімен атқарылады. Банктердің қызметтеріне пайыздық ставкаларды, валюталық бағамды, ликвидтілікті, төлеу қабілеттілікті және т.б. экономикалық өсімнің тұрақтылығын, жұмыссыздық деңгейінің төмен болуын, инфляциялық төмен болуын қамтамасыз ету мақсатында. Бұдан басқа бұл мақсат ақша-массасының көлемін ұлғайту (несиелік экспансия) немесе қысқартуы (несиелік рестрикция) мүмкін.
Ақша - несиелік саясатты жүзеге асырған кезде экономикалық өсіммен, инфляциямен күрес арасында маневр жасаудың қажеттілігі туады. Бұл екі тапсырмаларды бір уақытта ақша - несиелік саясаттың негізінде шешуі мүмкін емес, себебі экономикалық өсімді ынталандыру үшін несиелік экспансия қажет (арзан, мүмкінді несие, төмен пайыздық қойылымдар және т.б.), ал инфляцияны ұстап тұру үшін керісінше - жалпы ақша массасын шектейтін несиелік рестрикция қажет. Сол себепті ақша - несиелік реттеу икемді бюджеттік және салықтық саясатымен сәйкес болуы керек.
Ақша - несиелік реттеудің нақты құралы, бұлар нарықтық экономикадағы мемлекеттерде әртүрлі және көп санды қолданылады. Қазақстан Республикасына кіретіндер: несиелер бойынша қайта қаржыландыру (есептік қойылымдар) арқылы анықтау; банктер үшін экономикалық нормативтерді бекіту; ашық нарықтағы бағалы қағаздармен операцияларды жүргізу; міндетті резервтер нормаларын анықтау және т.б.
Несие - бұл ақшалық ресурстардың үлкен сұранысын қанағаттандырудың негізгі көзі. Егер де шаруашылық субъектінің өзін-өзі қаржыландыруы жоғарғы деңгейде болса да, инвестицияны және ағымдағы өндірістік қызметті атқару үшін өзіндік құралдардың жетпеуі. Ақшалық құралдардың қажеттілігі аса сезімді болады, техникалық қайта орналасуымен, реконструкциямен, ірі капиталдық салу қажетімен байланысты.
Осы курстық жұмыста Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша - несиелік саясаты бойынша негізгі бағыттары көрсетілген. Бірінші бөлімінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, оның мақсаты, міндеті мен құрылымы, сонымен қатар оның қызметтері мен операциялары қарастырылады. Яғни, Ұлттық Банктің атқаратын рөлі мен оның статусы айқындалады.
Екінші бөлімде ақша-несиелік саясаттың концепциялық мақсатының теориясы, 2011 мен қазіргі 2012жылғы ҚР Ұлттық Банкінің ақша-несиелік саясатына талдау және макроэкономикалық дамуы қарастырылған. қарастырылады.
Үшінші бөлімде ҚР Ұлттық банкінің ақша-несие саясатын жетілдіру жолдары, сонын ішінде 2011-2014жылдарға арналған ақша-несие саясатының көрсеткіштері мен болжамдары қарастырылады.
1 ҰЛТТЫҚ БАНК - ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ БАНКІ
1.1 Ұлттық банктің мақсаты, міндеті және құрылымы
Көпшілік нарықтық, экономикалық мемлекеттерде, орталық банктерде атқарушы органдардан белгілі тәуелсіздіктері бар, бұл олардың эффективті қызмет ету кепілі ретінде қарастырылады. Бірақ орталық банктің тәуелсіздік үкіметтік құрылым шеңберінде Орталық банк мемлекеттік экономикалық саясаттың құрушысы және тексерушісі ретінде қарастырылады, ол жалпы мемлекеттік басқару механизміне қосылған. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қазіргі статусы ҚР-ның Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі туралы редакциясы 1995 жылы, 30 наурыз №2155, заңмен анықталған, бұл республикалық орталық банктің тарихындағы алғашқы тәуелсіздігнң бекітілуі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (Қазақстанның Ұлттық Банкі) Қазақстан Республикасының орталық банкі болады және Қазақстан Республикасының банктік жүйеде жоғарғы (бірінші) деңгейінде ұсынады.
Қазақстанның Ұлттық Банкі өзінің өкілеттігі шегінде Қазақстан Республикасының мүдделерін мемлекеттердің орталық банктермен және басқа банктермен, халықаралық банктерде және басқа қаржы - несиелік ұйымдармен қатынасында ұсынады.
Қазақстанның Ұлттық Банкі өзінің тапсырмаларын атқарған кезде табыс алу мақсатын басқаруын қолданбау керек. Қазақстан Республикасының заңдарымен және банктік заңымен екінші деңгейлі банктердің түрлері, құқықтық статусы, құру ережесі, қызмет етуі және қайтарымы анықталады.
ҚР-ның Үкіметі мемлекеттік қарыз алушылық саясатын, бюджеттік саясатты қалыптастыруды мемлекеттің ақша-несиелік саясатымен байланысты сұрақтарды жасау және атқаруда Қазақстан Ұлттық Банкі қаржылық кеңесші ретінде ұсынылады және ҚР Үкіметінің агенті ретінде де ҚР Ұлттық Банкінің және ҚР Үкіметінің арасындағы келісу шарты арқылы.
Қазақстан Ұлттық Банкі ҚР Үкіметінің агенті ретінде онымен келісілген ҚР Үкіметінің мемлекеттік қарыздарына қызмет көрсетеді.
Қазақстан Республикасының екі деңгейлік банк жүйесі бар. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - Ұлттық Банк) Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, барлық өзге банктер банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін білдіреді.
Ұлттық Банк өзінің құзыреті шегінде басқа елдердің орталық банктерімен және банктерімен қарым-қатынастарда, халықаралық банктерде және өзге қаржы-несиелік ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді. Ұлттық Банк өзінің міндеттерін орындау кезінде пайда алу мақсатын басшылыққа алмауы тиіс.
Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Президентіне бағынышты, бірақ өз қызметін жүзеге асыруда оған заңнамада берілген өкілеттіктер шегінде тәуелсіз. Ұлттық Банк өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметімен үйлестіреді, өзінің қызметінде Үкіметтің экономикалық саясатын ескеріп отырады және егер өзінің негізгі функцияларын орындауға және ақша-несие саясатын жүзеге асыруға қайшы келмейтін болса, оны іске асыруға жәрдемдеседі.
Ұлттық Банк сатылап бағыну схемасы бар біртұтас орталықтандырылған құрылымнан тұрады. Ұлттық Банктің жоғары органы Басқарма, ал жедел басқару органы Директорлар кеңесі болып табылады.
Ұлттық Банктің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Негізгі мақсатын іске асыру үшін Ұлттық Банкке мынадай міндеттер жүктеледі:
+ мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу;
+ төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
+ валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;
+ қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету және қаржы нарығын және
+ қаржы ұйымдарын одан әрі дамыту, сондай-ақ тұтастай алғанда қаржы жүйесіне деген сенімге қолдау көрсету;
+ қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін тиісті деңгейде қорғауды қамтамасыз ету.
Ұлттық Банк өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай негiзгi функцияларды орындайды:
+ Қазақстан Республикасында мемлекеттiк ақша-кредит саясатын жүргiзедi;
+ Қазақстан Республикасының аумағында банкноталар мен монеталардың эмиссиясын жүзеге асырады;
+ Қазақстан Республикасының Yкiметі және келісімдері бойынша басқа да мемлекеттiк органдар үшін банк, қаржы жөнiндегi кеңесшi және
+ төлем жүйелерінің жұмыс істеуін ұйымдастырады;
+ Қазақстан Республикасында валюталық реттеудi және валюталық бақылауды жүзеге асырады;
+ қаржы нарығының, қаржы ұйымдарының және құзыреті шегінде өзге де тұлғалардың қызметiн, оның ішінде олардың қызметінің Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестігін тексеру және байқау жөнінде бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
+ қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау мақсатында қаржы нарығының және қаржы ұйымдарының мониторингін жүргізеді;
+ қаржы ұйымдары қызметінің стандарттарын белгілеп, қаржы ұйымдарын корпоративтік басқаруды жақсарту үшін ынталандыру жасайды;
+ Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығының (бұдан әрі - қаржы орталығы) қызметін реттейді және дамытады;
+ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік баcқаруды жүзеге асырады.
Ұлттық Банктің құрылымына мыналар кіреді:17 департамент(1 департамент Астана қаласында; 6 дербес басқармадан тұратын орталық аппарат;), 16 аумақтық филиал және Алматы қаласындағы бір филиал , Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы,Ұлттық Банктің Ресей Федерациясындағы өкілдігі, 2 ведомство (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығын дамыту комитеті). 4 есеп беретін ұйым:
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банктік сервис бюросы шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Ационерлік қоғамдар:
- Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Q-BRO Резервтік Орталығы;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы;
- Проблемалық кредиттер қоры ;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы ;
- Ұлттық Банк "ГНПФ" жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамының жалғыз акционерi болып табылады.[1,3]
(схема-1)
1.2 Ұлттық банктің негізгі қызметтері мен операциялары
Ұлттық банк "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы" Заңға сәйкес мынадай қызметтер мен операцияларды орындайды:
oo айналыстағы ақша массасының көлемінің реттеу жолымен Қазақстан Республикасында мемлекеттік ақша несие саясатын жүргізеді, Қазақстан Республикасы аумағында банкноталар мен монеталарды айналысқа шығарушы жалғыз эмитент болып табылады;
oo кепіл берушісі үкімет болып табылатын Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы қарызына қызмет көрсетуге қатысады;
oo Қазақстан Республикасы аумағында еншілес банк ашуға рұқсат береді;
oo Қазақстан Республикасы аумағында, одан тыс жерлерде банк филиалдарын өкілдерін ашуға келісімін және банк операцияларын жүргізуге лицензия береді;
oo Банктердің бағалы қағаздар эмиссиясы жобасын оның тіркелуіне дейін өзі белгілеген тәртіппен міндетті сараптауын жүргізеді;
oo ол банктерге несие беруге, банктердің пайда капиталы нарығындағы ашық позициясына бақылау жасауға құқылы. Банктерге соңғы сатыдағы несие беруші болады, қайта қаржыландыру саясатын жүргізеді;
oo банктердің жұмысына және шетелдік валютаны сатып алу, сату және айырбастау ұйымдарына бақылау мен қадағалау жүргізеді әрі пруденциалдық нормативтер белгілейді;
oo Қазақстан Республикасы ресми мөлшемелерді өзгерту арқылы банктік пайыз мөлшемелерінің деңгейін реттеуді жүргізеді;
oo Қазақстан Республикасында информациялық процестерді ақша-несие реттеуді әдістерімен бәсеңдете алмаған жағдайда Ұлттық банк банктердің операциялары бойынша несиелік салымдарды шектеу және пайыз мөлшемелерін өзгертуге құқықтар береді;
oo Қазақстан Республикасы есеп айырысу тәртібін, жүйесін және нысандарын анықтайды, қазақстандық теңгемен банкаралық есеп айырысулардың мезгілінде және үзіліссіз жүргізілуін қамтамасыз ететін жүйенің жұмыс істеуін ұйымдастыруы тиіс;
oo Қазақстан Республикасында валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асырады және валюталық операциялардың барлыќ түрін жүргізуге құқылы;
oo Банк ісі, есеп, есеп айырысу, валюталық операциялар жүргізу бойынша банктерге, валютаны сатып алу, сату жєне айырбастау операцияларын жүзеге асыратын мекемелерге жєне олардың клиенттеріне орындауға міндетті нормативтік актілер шығарады, сонымен қатар, олардың орындалуын бақылайды;
oo Бақылау және қадағалау функцияларын қамтамасыз ету үшін банктерге, шетелдік валютаны сатып алу, сату, айырбастаумен айналысатын ұйымдарға бухгалтерлік, статистикалық, тағы басқа есеп берудің тізімін, формасын және мерзімін бекітеді;
oo Егер заңды актілермен басқалары қарастырылмаса, Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісіп, банктердің және басқа шаруашылық субъектілерімен жүзеге асырылатын есеп айырысу, ағымдағы бюджеттік және басқа да шоттардан төлем жүргізу кезегін, есеп айырсуларды реттеу мақсатында бекіте алады;
oo Ұлттық банкіге жүктелген функцияларды жүзеге асыруға көмектесетін ұйымдарды құруға жєне оларды басқаруға қатысуға құқылы;
oo Қолма-қол банкноттар мен монеталарды есепке алу, сақтандыру, тасу және инкассакциялау ережелерін бекітеді, банкноттар мен монеталарды тасуды, сақтандыруды және инкассациялауды қамтамасыз етуге қатысады, банкноттар мен монеталардың мемлекеттік резервін қорларын құрады;
oo Қазақстан Республикасы банктерінің жиынтық балансын құрады жєне тұрақты түрде жариялайды;
oo Ішкі жєне сыртқы активтер бойынша болжамды есептер шығарады;
oo Ақшалай қаражаттарды есепке алуда қате кеткенде немесе қолдан жасалған құжаттар бойынша есепке алынған қаражаттар анықталған жағдайда клиенттердің және банктердің шоттарынан ақша қаражаттарын сөзсіз шегеру құқығына ие;
oo Қазақстан Республикасындағы банктер жүйесіне кадрларды дайындауға қатысады; Сирек жағдайларда мемлекеттік бюджеттің қаражаттары арқылы қаржыландырылатын несиелік-есеп айырысу және ұйымдардың кассалық қызмет көрсетуімен байланысты операциялар жүргізеді.Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес болатын басқа да қызметтер атқарады.
Ұлттық банк - заңды төлем құралын, яғни банкноталарды шығаруға эмиссиондық құқығы бар жалғыз мемлекеттік орган. Олар Ұлттық банктің эмиссиялануында шығарылады және банктерге сатьп, қолма- қолсыз эквивалент алу формасында болады. Қазақстан Республикасының ресми ақша бірлігі - теңге болып табылады. Ұлттық банк банкоталар мен монеталардың қажетті мөлшерін анықтайды, олардың жасалуын қамтамасыз етеді, сақталу, жою және қолма-қол ақшаны инкассациялау тәртібін орнатады. Қазақстан Республикасында шығарылған банкноталар мен монеталардың номиналдық құрылымы, айшықталған пішіні болуы керек. Банкноталар мен монеталардың көрсетілген сипаттамалары баспасөзде жариялануы тиіс.Валютаны өзгертуге тек қана Қазақстан Республикасының Парламентінің құқығы бар. Ұлттық валютаның қызмет ету шарттарын, мерзімін, тәртібін анықтау құқығы Қазақстан Республикасының Президентіне жүктеледі.
Ұлттық банк Қазақстан Республикасының валютасын шет ел мемлекеттерінің ақша бірліктеріне айырбастау бағамын анықтау тәртібін белгілейді. Қолма-қол ақшаның айналымы, олардың банкінің кассасына үздіксіз оралып отыру жолымен жүзеге асады. [1,9]
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫН ТАЛДАУ.
2.1 Ұлттық Банктің ақша-несие саясаты
Ақша-несиелік саясат - бұл экономиканы мемлекеттік реттеу саясатындағы бағытының бірі. Ақшалық нарықтағы сұраныс және ұсыныс реттеу объекті ретінде ұсынылады, бұл банктік биліктердің, жеке банктердің және банктік емес ұйымдардың іс-қимылдары нәтижесінде өзгереді. Мемлекеттің ақша-несиелік саясаттың тексерушісі ретінде орталық банк немесе банктердің банкі болады. Ол ақшалық эмиссия, ақшалық айналымын, несиені және валюталық бағымды реттеу монапольді құқығы берілген. Сирек емес орталық банк үкіметтің мемлекеттік бюджетке қызмет көрсетуде және банктік жүйенің қадағалау органының агенті ретінде ұсынылады. Әр түрлі мемлекеттерде оны ұлттық, эмиссионды немесе резервті банкпен атайды.
Ақша-несиелік саясат келесідей принциптерге негізделеді, яғни орталық банктің саясатты атқарудың принциптері:
oo ақша-несиелік саясаттың нақты бағытын таңдау;
oo орталық банктің экономикалық және саяси тәуелсіздігі;
oo орталық банктің қоғамның алдында есеп беруі;
oo ақша-несиелік саясаттаның жоғарғы транспоренттілігі және ашықтығы.
Мемлекеттің бағалық тұрақтылығын сақтау үшін ақша-несие саясаттың экспериментирлеу, бұл орталық банктің кезектік мақсаты болды. Ақша-несиелік саясаттың осы мақсаты ішкі ақшалардың құнын өзіндік шектеуі болды. Ол келесідей функцияларды атқарады. Біріншіден осы мақсат ақша-несиелік саясаттың дисциплинасын қамтамасыз етеді, мұның нәтижесінде уақытша келіспеушілік мәселесі жойылады. Бұл мәселе ақшалық биліктердің экономикадағы қысқа мерзімді тапсырмаларды орындауын істейді және ұзақ мерзімді мақсаттарды орындамайды. Екіншіден бағалардың тұрақтылығын ұстап тұрады, осыған байланысты инфляциялық күтімдер бекітіледі.
Ақша-несиелік саясаты Қазақстан Ұлттық Банкімен бағалардың тұрақтандыруың қамтамасыз етуін атқару. Ақша-несиелік саясаты төмендегі жолдары бекітуі арқылы атқарылады:
oo ресми қаржыландыру үлесі;
oo ақша-несиелік саясатының негізгі операциялары бойынша сыйақы қойылымдарының деңгейі
oo минималды резервтер талабының нормативтері;
oo ерекше жағдайларда жеке опреациялардың түрлерінің көлемі және деңгейіне сандық шектеулер.
Ақша-несие саясатының атқару мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкі келесідей операцияларды атқарады:
1) қарыздарды ұсыну;
2) депозиттерді қабылдау;
3) валюталық интервенциялар;
4) Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарды шығаруы;
5) мемлекеттік және басқа да бағалы қағаздарды сату және сатып алуы, соның ішінде қайта сатып алу құқығымен;
6) коммерциялық вексельдерді қайта есепке алу;
7) ҚР Ұлттық Банкінің Правлениясымен қабылданған басқа да операциялар.
Жалпы ақша-несиелік саясаттың шеңберінде Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік және басқа да бағалы қағаздарды сату және сатып алуын атқарады. Қазақстан Ұлттық Банкі:
- Ақша-несие саясаты шеңберінде қаржылық нарықтағы сыйақының нарықтық ставкасына әсер ету мақсатында ақша-несиелік саясатының негізгі операциялары бойынша сыйақы ставкаларын бекітеді;
- Ақша-несиелік саясатының қабылданған аринетиріне сәйкес банктердің жалпы қарыз алушылық көлемді реттейді. Қазақстан Ұлттық банкі банктерге ұсынылатын қарыздардың ережесін, төлеу және ұсыну шартын, түрлерді, мерзім және элементтерін анықтайды.
- Қарыздарды жоғарғы ликвидті және тәуелсіз бағалы қағаздардың және басқа активтердің қамтамасыз етуімен ұсынады, сонымен бірге бір жылдан артық емес мерзімде қамтамасыз етпей. Бұл мерзім Қазақстан Ұлттық банкінің Правлениясымен ұзартылуы мүмкін. Қазақстан Ұлттық Банкінің Правлениясы бекітілген ережесі, шарты және мерзімдері бойынша, Қазақстан Ұлттық Банкі банктерге қарыздарды соңғы қарыз беруші инстанция ретінде ұсынуға құқығы бар. Қазақстан Ұлттық Банкінің қарыздары бойынша міндеттілікті атқарудың қамтамасыз етуі үшін залог пәні Қазақстан Ұлттық банкінің нормативті құқықтық актілерімен қарастырылған, бұл мүлік болуы мүмкін. Қазақстандық теңгенің бағамына әсер ету мақсатында банк аралық немесе биржалық нарықтағы шетел валютасын сату-сатып алуы және басқа валюталық келісімдердің түрлері арқылы Қазақстан Ұлттық Банк валюталық интервенцияларды жүргізеді. Осы операциялар жалпы ақша-несиелік саясатының шеңберінде атқарылады.[4,5]
2.2 Қазақстан Республикасының 2011жылғы макроэкономикалық дамуы және ақша-несие саясаты.
2010 жылдан бастап Қазақстан экономикасы жоғары өсу қарқынын көрсетіп отыр. Оралымды деректер бойынша ЖІӨ-нің 2011 жылғы нақты өсуі 7,5% құрады. Бұл ретте ауыл шаруашылығы, сауда, байланыс сияқты салалардың нақты көлемінің өсуі көлемдер өсімінің қарқындары бойынша 2011 жылы көш бастады.
Қазақстан экспортының негізгі баптарының қолайлы баға конъюнктурасы сыртқы сауда көлемінің ұлғаюына себепші болды. Алдын ала деректер бойынша 2011 жылы төлем балансының ағымдағы операцияларының шоты 13,6 млрд. АҚШ долл. (немесе ЖІӨ-нің 7,3%-ы) мөлшеріндегі профицитпен қалыптасты. Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың әкелінуі жалғасуда, олардың көлемі 2011 жылдың қорытындылары бойынша 13,1 млрд. АҚШ долл. құрады.
2011 жылы инфляциялық үдерістердің дамуы 2011 жылдың 1-жартыжылдығында инфляцияның аздап жылдамдауымен сипатталды. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі іс-қимылдарының үйлесімділігі мен тиімділігі 2011 жылға белгіленген мақсатты дәліздің шектеріне 6-8%-ға қайта оралуға мүмкіндік берді. 2011 жылдың қорытындылары бойынша жылдық инфляция 7,4% (2010 жылғы желтоқсанда 7,8%) деңгейінде қалыптасты.
2011 жылы инфляция өсуінің негізгі факторлары бірқатар құрылымдық проблемалар мен факторларға байланысты болды, олардың ішінде әлемдік тауар нарықтарындағы тұрақсыз ахуал, шикізат пен азық-түліктің әлемдік бағаларының өсуі, баға қалыптастыру тетігінің тиімсіздігі, тауарлар мен қызметтердің жекелеген нарықтарындағы төмен бәсекелестік олардың ішіндегі ең маңыздылары болды.
Бұдан басқа Кеден одағының ағымдағы кезеңде жұмыс істеуі де Қазақстанның ішінде баға қалыптастыруға қысым көрсетеді. Бұл ретте егер өзара сауда көлемінің айтарлықтай болмауына байланысты Беларусияның тұтыну нарығындағы ахуал Қазақстанға айтарлықтай әсер етпегенмен, Ресейдің тұтыну нарығы Қазақстандағы инфляцияға белгілі бір дәрежеде ықпал етеді.
Белгіленген бағдарларға қол жеткізу шеңберінде Қазақстан Республикасының ақша-несие саясаты теңдестірілген сипатта болды. Бұл ақша ұсынысын төмен деңгейде ұстаумен қатар жүрді. 2011 жылдың қорытындылары бойынша ақша базасы 10,3%-ға кеңейді, ақша массасының өсу қарқыны 15,0% құрады, бұл экономиканың нақты өсу қарқынынан төмен.
Банк секторының дамуының оң динамикасы байқалады, бұл банктердің кредиттік белсенділігінің біртіндеп қалпына келуімен қатар жүреді. Банктер сыртқы қарыздарының көп бөлігін өтеді. Олардың ресурстық базасы ағымдағы сәтте сыртқы борыштың қалған бөлігін дербес төлеуіне мүмкіндік береді. Соған байланысты отандық банктер кредиттік ресурстардың сыртқы экономикалық қаржы көздеріне қатты тәуелді емес.
Банктердің несиелік белсенділігінің үш жылдық стагнациясынан кейін 2011 жылы кредиттеудің аздап өсуі байқалады. Мәселен, 2011 жылдың қорытындылары бойынша несиелердің көлемі 15,7%-ға ұлғая отырып, 8,8 трлн. теңгеге жетті. Бұл ретте ұлттық валютамен несиелеу 29,6%-ға 5681,6 млрд. теңгеге дейін ұлғайды, ал шетел валютасымен несиелеу 3,4%-ға 3099,7 млрд. теңгеге дейін төмендеді.
2011 жылы резиденттердің оң динамика көрсеткен депозиттері банктердің іс жүзіндегі жалғыз қорландыру көзі болып табылды. Мәселен, резиденттер депозиттерінің көлемі 2011 жылы 14,3%-ға 8385,4 млрд. теңгеге дейін ұлғайды, бұл ретте заңды тұлғалардың депозиттері 10,2%-ға, жеке тұлғалардікі 24,1%-ға өсті. 2011 жылы шетел валютасындағы депозиттер 2,8%-ға 2629,7 млрд. теңгеге дейін, ұлттық валютадағы 20,5%-ға 5755,7 млрд. теңгеге дейін ұлғайды.
Банктерді қорландыру базасын қалыптастыру кезінде ішкі қаржы көздерінің орнықтылығын көтеру, қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету және депозиторлардың мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2011 жылы Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры АҚ капиталдандыруды 10%-ға 133,1 млрд. теңгеге дейін ұлғайтты. Халықтың қаржы секторына сенімін көтеруге бұдан кейін қаржы ұйымдарының тәуекелдерін барынша азайту мәселелері бойынша заңның қабылдануы ықпал ететін болады. Бұл заң 2012 жылға дейін қолданылған жеке тұлғалардың депозиттері бойынша 5 млн. теңге мөлшеріндегі кепілдікті өтеу сомасының тұрақты негізде сақталуын көздейді.
2011 жылы елде баға тұрақтылығын қамтамасыз ету және жылдық инфляцияны 6-8% шегінде ұстап тұру Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің негізгі мақсаты болды.
Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатының шаралары елдің тұтыну нарығында тұрақтылықты сақтап қалуға мүмкіндік берді. 2011 жылдың қорытындылары бойынша жылдық инфляция мақсатты дәліз шегінде 7,4% деңгейінде қалыптасты.
2010 жылдың соңынан басталған ұлттық валютаны нығайту үрдісі 2011 жылдың басында да жалғасты. Бұл ретте нарықта теңге бағамының ауытқу диапазоны айтарлықтай тар болды және оның мәндері 2010 жылғы ақпанда кеңейген валюталық дәліздің шекті мәндеріне жақындаған жоқ. Тиісінше, 2010 жылы валюталық дәліздің болуы айтарлықтай рөл атқарған жоқ. Осыған байланысты 2011 жылғы ақпанның соңында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталық дәлізді алып тастай отырып, теңгенің басқарылатын өзгермелі айырбастау бағамының режиміне өтуді жүзеге асырды.
2011 жылдың ортасында әлемдік нарықтағы ахуалдың аздап тұрақсыздануынан және мұнай бағасының төмендеуінен болған бағам құбылмалылығы ұлғайды. 2011 жылғы мамырдан бастап теңге бағамының әлсіреу үрдісі байқалды, ол 2011 жылғы тамызда және қыркүйекте күшейді.
Бағамның айтарлықтай дүмпуіне жол бермеу және валюта нарығындағы тұрақтылыққа қолдау көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі нарыққа жағдайға қарай шетел валютасын сатып алушы ретінде де, сатушы ретінде де қатысты.
2011 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің пайыздық ставкаларының дәлізі өзгерді. Өзгерістер дәліздің жоғарғы шегі - ресми қайта қаржыландыруда да ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz