Қорықтардың қоршаған ортаны қорғаудағы рөлі



1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім. ТАБИҒАТ ҚОРЫН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДАҒЫ «ҚЫЗЫЛ КІТАПТЫҢ »РӨЛІ
2.1.Ерекше қорғалатын аймақтарға сипаттама және олардың түрлері.
2.2. Атырау облысының сирек кездесетін жануарлары, оларды қорғау
2.3. Қазақстан қорықтарының бүгіні мен ертеңі.
2.4 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚОРЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
2.5.Алматы мемлекеттік табиғи қорығы . Алатаудың ажары.
2.6.Қорғалжын қорығы.ғасырлар мұрасы.
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Қорықтар. Қорықтардың қоршаған ортаны қорғаудағы
рөлі

Жоспар:
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім. ТАБИҒАТ ҚОРЫН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДАҒЫ
ҚЫЗЫЛ КІТАПТЫҢ РӨЛІ
2.1.Ерекше қорғалатын аймақтарға сипаттама және олардың түрлері.
2.2. Атырау облысының сирек кездесетін жануарлары, оларды қорғау
2.3. Қазақстан қорықтарының бүгіні мен ертеңі.
2.4 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚОРЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
2.5.Алматы мемлекеттік табиғи қорығы – Алатаудың ажары.
2.6.Қорғалжын қорығы-ғасырлар мұрасы.
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
КІРІСПЕ
Біздің елімізде табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мен
қоршаған ортаны қорғауға ерекше көңіл аударылып отыр.

Елімізде табиғатты қорғау ісіне жасалып отырған қамқорлық
бұрынғы КСРО Конституциясынан да айқын көрініс тапқан. Негізгі Заңның 67 –
статьясында: СССР азаматтары табиғатты аялауға, оның байлықтарын қорғауға
міндетті - делінген.

1.Табиғатты қорғау барысындағы игі шаралар Кеңес өкіметінің алғашқы
жылдарында-ақ қолға алынып, В.И.Лениннің қолы қойылған бірқатар Декреттер
қабылданғаны белгілі. Коммунистік партия мен Кеңес өкіметі қазіргі жағдайда
табиғатты қорғауға және оны тиімді пайдалануға үлкен мән берген-ді. Оның
айқын айғағы ретінде кейінгі жылдары жарық көрген жер, су, орман туралы
заңдардың негіздері және табиғатты қорғау, табиғи ресурстарды тиімді
пайдалану жөнінде нақты жасалынған істерді айтуға болады. Ал 1980 жылы КСРО
Жоғарғы Советінің үшінші сессиясында Атмосфералық ауаны қорғау туралы
және Жануарлар дүниесін қорғау мен пайдалану туралы заңдарының қабылдануы
- кеңестік нұсқаулардың тікелей жалғасы, оның нақты жүзеге асырылуының
белгісі.

2. Табиғат адамдардың барлығына ортақ. Ол бір үлкен көрікті музей
іспеттес. Сондықтан да табиғат музейінің қойын-қонышы мұра ескерткіштерге
толы. Табиғат сүюші адамдар ескерткіш деген сөзді естігенде әркімнің көз
алдына халық тарихына, оның аңыз-әңгімелеріне байланысты туған ескерткіштер
келеді. Мысалы, Түркістандағы атақты Ахмед Иассауи мавзолейі, Тараз
қаласының маңындағы Айша бибі мазары, Аякөздегі Қозы-Көрпеш пен Баян-Сұлу
бейіті және тағы басқалар.

Табиғаттың осы бір мол тарту сыйына мөп-мөлдір 38 мыңнан астам көлдер
мен су қоймаларын, 11 мың өзенді, 21,6 миллион гектар жасыл жапырақты ну
орманды, өсімдіктердің 5 мыңнан астам түрін және қосмекенділердің 12,
бауырымен жорғалаушылардың 52, балықтың 150, құстың 485, сүтқоректілердің
158 түрін атауға болады.

Қазақстанда сұлу Көкше, Баянауыл, Қарқаралы Қызыларай, Кент таулары,
Бурабай, Жасыбай көлдері, Алтай ормандары, жер жанаты аталған, тау-тасына
дейін жасыл желекті, бау-бақшалы Жетісу жерлері бар. Қай жерге барсақ та
табиғаттың қайталанбас сұлу көркін, баға жетпес байлығын көреміз.

Бірақ табиғаттың бұл қазынасы сарқылмайтын қор емес, оның
өміршеңдігі, өсіп-өнуі, жасанып-жандануы аялы алақан қамқорлығын күтеді.
Ғылым мен техниканың шарықтап өсуі, ауыр индустрияның және алып
құрылыстардың қанат жаюы, халықтың көбеюі, тың және тыңайған жерлерді
игеру, міне, осылардың бәрі табиғатқа өз әсерін тигізеді. Сондықтан
табиғаттың қайталанбас сұлулығы мен байлығын сол қалпында сақтаумен қатар
дамытып жетілдіруде, сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктерді қорғап,
санын қалпына келтіруде мемлекеттік қорықтардың ролін айтып жеткізу өте
қиын. Бұл мәселе КПСС Орталық Комитетінің XXVI съезінде СССР-дің
экономикалық және әлеуметтік дамуының 1981-1985 жылдарға және 1990 жылға
дейінгі кезеңге арналған негізгі бағыттарында жақсы атап көрсетілген.
Мысалы, Табиғат қорғау бөлімінде Қорықты аумақтар мен ұлттық парктердің
ғылыми негізделген жүйелерін қалыптастыру ісі одан әрі жүргізілсін және
табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатымен
солардың негізінде табиғат жүйелері мен объектілеріне зерттеу жүргізілсін
делінген.

Мемлекеттік қорықтардың негізгі мақсаты – қорғап отырған табиғи
комплексті сақтап, табиғи процестердің даму заңдылығын ғылыми тұрғыдан
кеңінен зерттеу. Бұл мәселені шешу қорықтардағы ғылыми қызметкерлерге
тікелей байланысты іс.

Қазақстан қорықтарында белгілі бір географиялық аудандардағы
жануарлар мен өсімдіктер дүниесі, оның ішінде бірте-бірте саны азайып бара
жатқан және сирек кездесетін өсімдіктер мен аң-құстар сақталуда.

Қазір республикамызда табиғатты және оның хайуанаттарын қорғауға
бағытталған жер көлемі 576,4 мың гектар алты үлкен қорық бар. Бұлардың
ішінде бес қорық – Ақсу - Жабағылы, Алматы, Қорғалжын, Барсакелмес,
Марқакөл тағы басқалары бар. Республикамыздағы қорықтардың жері
шаруашылықтың пайдалануынан босатылған.

1972 жылғы Қазақ ССР Министрлер Советінің қаулысы бойынша бекітілген
қорықтардың ережесіне сәйкес қорық жерінде мал жаюға, шөп шабуға,
ормандарына кіріп ағаш кесуге, дәрі-дәрмектік шөптер жинауға, жеміс-жидек,
өсімдік тұқымдарын дайындауға, балық аулауға, аңшылық құруға, су қоймаларын
шаруашылыққа пайдалануға, пайдалы қазбаларды өндіруге, жер қопару және
басқа да шаруашылық жұмыстарын жүргізуге үзілді-кесілді тыйым салынған.

Қорық жері жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне бай. Осыған байланысты
түз жануарлары – аңдар мен құстарды өлтіруге және аулауға, олардың ұяларын,
індерін және басқа да паналайтын жерлерін бұзуға рұқсат жоқ. Қорық жерінде
өсіп тұрған ағаштарды, бұталарды сындыруға, шөптерді шабуға, мүктерді
топтауға, сол сияқты химиялық препараттарды қолдануға болмайды.

Қорық аумағында өндірістік және ауыл шаруашылық құрылыстарын салуға,
туристік базаларды, демалыс үйлерін, санаторийларды орналастыруға рұқсат
етілмейді. Өйткені бұлардың бәрі қорық ережесіне сәйкес келмейді және онда
тіршілік ететін аңдар мен құстардың мазасын алып, тыныштығын бұзады,
өлкеміздің даңққа бөленген көрікті орындарын бұрынғы тамаша қалпында
сақтауға кедергі жасайды.

Қорықтар кешенді зерттеулер жүргізетін ғылыми мекемелер. Қазіргі
жоспар бойынша мұнда – зоология, ботаника, география сияқты отыздан астам
тақырыпта ғылыми – зерттеу жұмыстары және әр жыл сайын Табиғат шежіресі
жүргізіледі.

XI ғасырда өмір сүрген атақты ғұлама – ғалым Махмуд Қашқари Түркі
тілдерінің сөздігі деген еңбегінде Қорық – әмірлердің мал жаятын көк
майса жері. Кейде қоршалған әр жерді де қорық деп атайды деп жазды. Сондай-
ақ қорықшы деген сөзге берген түсініктемесінде қорықтарды қадағалап,
қамқорлық жасайтын адам мағынасында қолданылатынын ескертті.

Қазақстанда қорықтың болғандығын аңғартатын басқа да жер су аттары
кездеседі. Мысалы, Зайсан өңіріндегі Сарышоқы, Сыр бойындағы Кең Семейдегі
Жиделібайсын қорықтары осы ойымыздың айқын дәлелі.

Қазақстан тарихына келетін болсақ, Ұлы Октябрь революциясынан бұрын
өз алдына белгілі бір мемлекет болмай, патшалық Россияның отары болып
келген елде табиғат қорғау туралы ешқандай ереже болған емес. Бірақ жыл
мерзімдеріне қарай көшпелі халықтың көшіп-қонуы қалыптасқан қағидаға,
кәсіпке айналған, ал негізгі кәсіп – мал өсіру болғандықтан ең алдымен
жайылымдар мен шабындықтарды және суды дұрыс пайдалану керек болды. Арнаулы
қаулы-қарарлар шығарылмаса да, әр ауыл өз алдына көктеу, жайлау, қыстау,
күздеу таңдап алып, оларды ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдырып отырды.

Негізгі бөлім.

ТАБИҒАТ ҚОРЫН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДАҒЫ ҚЫЗЫЛ КІТАПТЫҢ РӨЛІ

Адам баласы жануарлар мен өсімдіктер туралы мәліметтерді, ғылыми
фактілерді саралап келіп, ендігі кезекте оларды қорғау қажеттілігі туралы
тоқтамға келді. Кейбір дамыған өркениетті елдерде жануарларды,
өсімдіктерді, ормандарды, өзен – көлдерді қорғау туралы мемлекет деңгейінде
құжаттар қабылдана бастады. Орыс патшасы I Петр Мәскеу маңындағы ормандар
мен оның қойнауындағы табиғат байлықтарының бәрін патша қазынасы деп
жариялап, жарлық шығарған. Тіптен өзен бойынан 3 км жерге дейін ағаш
кескендерді қатаң жазалаған. Осындай көзқарастан кейін басқа елдерде қолдау
тауып, Ресей, Европа, Қытай, Үндістан, Жапон елдері табиғат қорғауға көп
көңіл бөлген. Кейбір мемлекеттерде қорықтар мен ұлттық саябақтар құрылған.
Осындай шаралардың бірі халықтық табиғат қорғау ұйымы, ол 1998 жылы
құрылды. Бұл ұйымның жалпы мақсаты дүние жүзінде сирек құрып бара жатқан аң-
құстардың, өсімдіктердің Қызыл кітабын ұйымдастыру болды. Бұған дейін
халықтық қара кітап тізімі жасалған еді. Оған жер бетінен біржола құрып
кеткен аңдар мен құстар енгізілді. Қызыл кітап туралы пікірді алғаш рет
ағылшын табиғат зерттеушісі Питер Скотт айтқан болатын.

1963 жылы халық арасында Қызыл кітаптың алғашқы басылымы, одан 1966-
1975 жылдары Қызыл кітаптың 5-томы жарық көрді. 1978 жылы КСРО Қызыл
кітапбы шықты. Бұл алғашқы Қызыл кітап жануарларға арналған бөлігі еді.
Ал 1981 жылы өсімдіктерге арналған бөлігі жарық көрді.Қазақстан
Республикасының Қызыл кітабы содан бері 1991 және 1996 жылы өңделіп қайта
басылып, көпшілікке ұсынылды.

Қызыл кітапты ұйымдастыру үшін Қазақстан республикасының Ұлттық
Ғылым академиясының бірнеше ғылыми-зерттеу институттарының конференциялары
ұйымдастырылды. Қызыл кітапқа енетін әрбір түрге ғылыми сипаттама беріліп,
талқыға салынды. Қызыл кітапқа белгілі бір түрді енгізу үшін ғаымдар әр
жануарлардың немесе өсімдіктердің 5 санатын анықтаған. Тек қана осы санатқа
сәйкес келген жағдайда ғана қызыл кітапқа енгізген. Ол санаттар
төмендегідей:

1 санат.Жойылып бара жатқандар. Мысалы: қызыл қасқыр, қобылан,т.б.

2 санат.Саны азайып бара жатқандар. Мысалы: Балқаш алабұғысы, сарықұтан,
жұпар, құлан, т.б.

3 санат. Сирек түрлері (қазір жойылып кету қаупі жоқ, бірақ сирек
кездесетіндер). Мысалы: барыс, сілеусін, жарқанат, қара ләйлек, т.б.

4 санат.Белгісіздер, толық зерттелмеген түрлер. Мысалы: шұбаркесіртке,
қарашұбар жылан, т.б.

5 санат. Қалпына келгендер, қорғау жұмыстары нәтижесінде қайта көбейген
түрлер. Мысалы: кіші аққу, көкқұс, т.б.

2.1.Ерекше қорғалатын аймақтарға сипаттама және олардың
түрлері.

Халқы көп қалалар мен аудандар маңайында табиғи ортаны өзгертпей,
бұрынғы қалпында ұстап тұру, ондағы жануарларды қорғауды ұйыидастыру өте
қиын шаруа. Сондықтан мұндайжерлерде ерекше қорғауға алынған территориялар
– қорықтар, ұлттық парктер, ботаникалық баулар, биосфералық қорықтар тағы
басқалар ұйымдастырылады. Олардың ішінде қорықтардың орны бөлек. Олар жер
беті бейнесін ескере отырып, өте қымбат немесе сирек кездесетін өсімдіктер
мен жануарлар үшін құрылады. Онда ғылыми зерттеулер мен мәдени-ағарту
жұмыстары жүргізіледі. Қорыққа бөлінген жерді әуелі қалпынан өзгертуге,
шаруашылық қажеттерге пайдалануға рұқсат етілмейді. Сонда ғана табиғатта
болатын құбылыстардың жануарлар дүниесіне әсерін зерттеуге мүмкіндік туады.
Дүние жүзінде қорықтар ерте заманнан бар. 1541 жылы Польша және Литва
князьдары Беловек орманында зубраларды қорғайтын қорық ұйымдастырды.

Қорықтар жер көлемі жөнінен бірнеше гектардан (Ресейде Липецк
облысында Голигья) миллион гектарға (Таймыр қорығы) дейін болады. Киік,
бұлан, қабан, басқа да жануарлардың жоғалып кетпей сақталуы қорықтардың
арқасында болды. 20-шы жылдары олардың жойылып кету қаупі төнгенде қорықтар
құрылып аман қалды.

Қазақстанда бірінші қорық (Ақсу-Жабағылы) 1927 жылы Оңтүстік
Қазақстан облысында құрылды. Онда қоян, қарсақ, борсық, түлкі, қасқыр,
елік, үкі, бөдене, құр, ішінара арқар,сондай-ақ Қызыл кітапқа енген қара
құтан мен бүркіт кездеседі. Бұл табиғат байлығының жоғалмай тұрған кезде
қорғап, олардың өсіп-өнуіне жасалған қамқорлық болып табылады.

Қазақстанның жер беті бейнелерінің, табиғаты мен климатының
ерекшеліктерін ескере отырып, қымбат және сирек кездесетін өсімдіктер мен
жануарларды сақтау үшін қосымша 10-12 қорық ашуға болады. Табиғат байлығын
қорғаудың негізгі көзі – оны тиімді пайдалану, қоршаған ортаға адамның
тигізетін әсерін белгілі бір дәрежеде шектеу және табиғат жағдайларын
қалпына келтіру жөніндегі шараларды ұйымдастыру болып табылады.

Табиғи ландшафтыны қорғай отырып, планетамыздағы генафондыны
сақтауда, әр түрлі экологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуге табиғат
зертханасына айналған ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың маңызы зор.

Қазіргі таңда экономикада экологиялық тепе-теңдіктің қалыптасуына,
қоршаған орта сапасының жақсаруына алып келеді. Олай болса, экологияның бір
бөлігі болып табылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтар экологиялық
бағытта дамытушы фактор ғана емес, қоғамның әлуметтік-экономикалық тұрғыдан
дамуына жағдай жасайтын бірден-бір көрсеткіш болып табылады.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтары болып ерекше құқықтық қорғау
режимі бар не мемлекеттік табиғи қорық қорын сақтау мен қалпына келтіруді
қамтамасыз ететін шаруашылық қызметі режимімен реттелетін жер, су, орман
және жер қойнауы участкелері болып табылады. Ерекше қорғауға алынған
табиғат объектісі – бұл шаруашылықтың барық түрлеріне жол бермеу, адам
қызметінің теріс әсерін тигізбеу және табиғи қалпында сақтау мақсатында
мемлекет қарамағындағы кешенді немесе жеке түрде құқықтық қорғауға алынған
айналадағы табиғи ортаның бір бөлігі. Бұл анықтама бойынша ерекше
қорғалатын аумақтар, біріншіден, табиғат үшін қажетті болуы керек,
екіншіден, олар шаруашылық объектілері болмауға тиіс, үшіншіден, кешенді
немесе жеке болуы мүмкін, төртіншіден, мемлекет қарамағында болуы,
бесіншіден, олар жөнінде өз алдына ерекше қорғау ережелері болуы қажет.

Ерекше қорғалуға алынған табиғи аумақтарға: қорықтар, ұлттық, тарихи-
табиғи және мемориалдық парктер, заказниктер, табиғат ескерткіштері, қорық
аймақтары, ботаникалық және зоологиялық бақтар, дендрарийлер, сондай-ақ
Қызыл кітапқа енгізілген түрлерге жататын жануарлар мен өсімдіктер
жатады.

Қазақстан Республикасында мақсатына, қорғалу режиміне және
пайдаланылу ерекшеіктеріне қарай ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың
мынадай түрлері бөліп көрсетіледі:

-биоөрістік аумақтарды қоса алғанда, мемлекеттік табиғи қорықтар;

-мемлекеттік ұлттық табиғи парктер;

-мемлекеттік табиғат ескерткіштері;

-мемлекеттік қорық өңірлері;

-мемлекеттік табиғи заказниктер;

-мемлекеттік зоологиялық парктер;

-мемлекеттік ботаникалық;

-ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ормандары;

-ерекше мемлекеттік маңызы бар немесе ғылыми жағынан ерекше құнды су
қоймалары;

-халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптар;

-жер қойнауының экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де жағынан
ерекше құнды учаскелері.

Қазіргі уақытта Қазақстандағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында
жоғарғы сортты өсімдіктедің 49%, республикадағы барлық өсімдіктердің 78,6%,
Қазақстанда мекендейтін құстардың 87,4%, бауырмен жорғалаушылардың 63,2%
енгізілген. Ерекше қорғалатын табиғат объектілерін құру тәртібі олардың
қорғалу айырмашылықтарына байланысты.

Қорықтарды, ұлттық парктерді Министрлер Кабинетінің, Ұлттық
Академияның және басқа ғылыми мекемелердің ұсынысы бойынша Қазақстан
Республикасының Жоғарғы Кеңесі құрады. Қорық аймақтарын экология және
биоресурстар жөніндегі министрлік пен облыстық өкілді органның ұсынуы
бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті құрады. Тарихи-табиғи
және мемориалдық парктерді экология және биоресурстар жөніндегі
министрліктің органдары мен Мәдениет министрлігінің ұсынуы бойынша облыстық
өкілді органдар құрады. Заказниктерді, табиғи ескерткіштерді, ботаникалық
бақтарды, зоологиялық парктерді, дендрологиялық парктерді, курорттарды,
рекреациялық аймақтарды экология және биоресурстар жөніндегі министрлік
органдарының, Ұлттық Академияның және басқа ғылыми мекемелердің үсынысы
бойынша облыстық өкімет органдары құрады.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесін дамыту мен орналастырудың
облыстық және республикалық схемалары қорашаған ортаның әлеуметтік-
экономикалық жағдайлары мен жай-күйін ескере отырып, оларды құрудың
болашақтағы қажеттілігін айқындайды. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды
дамыту мен орналастыру схемалары бірыңғай жүйе бойынша жасалады. Сонымен
қатар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға арналып, белгіленген
жерлердің резерві жаслады.

1-КЕСТЕ

Табиғат аймақтары бойынша ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды
орналастыру

ЕҚТА түрі Табиғат аймағы Көлемі, мың га
Қорықтар Орманда дала 200,0
Дала 700,0
Шөлейт 600,0
Шөл 1500,0
Таулы аудан 500,0
Жиыны 3500,0
Ұлттық парктер Дала 500,0
Шөл 1200,0
Таулы аудан 1500,0
Жиыны 3200,0
Барлығы 6700,0
Мемлекеттік табиғи Дла 1100,0
аумақтар және табиғат Шөл 1800,0
ескерткіштері Таулы аудан 500,0
Жиыны 3400,0
Барлығы 10100,0

2.2. Атырау облысының сирек кездесетін жануарлары, оларды қорғау

Облыс көлемінде ашық ландшафтыны мекендейтін құстарда баршылық. Атап
айтқанда тырналардан ақбас тырна біздің жерімізде ұялайтын болса, сұр және
ақ тырна қайту кезінде ұшып өтеді. Дуадақтардан дуадақ, жекдуадақ және
безгелдек сияқты түрлері өте сирек кездесетін құстар болып есептелінеді.
Көгершіндерден бары 5 түр, соның ішінде сирек кездесетіндері түркелдер,
дыркептер, көккептер және тағы басқалары. Бұлдырықтардан қарабауыр бұлдырық
және ұбақ кездеседі. Облыста тауықтәрізділер өте аз. Оның екі түрінің
ішінен сұр шіл кең таралған, ал бөдене сирек кездеседі.

Негізінен ашық жерлерде және су жағалаулары мен орман-тоғай
алқаптарында күндізгі және түнгі жыртқыш құстар отрядтарының өкілдері кең
таралған. Күндізгі жыртқыштардың обыстағы 23 түрінен 9-ы ұялайды, 11-і
қайту кезінде болады. Ал 3 түрі кездейсоқ ұшып келетіндер деп есептелінеді.
Жиі кездесетіндері күйкентай, кезқұйрық, қарақұс, дала қыраны, кейбір
құладындар, т.б. Үкілердің 8 түрінің ішіндегі кең тараған байғыз және саз
жапалағы. Қалған үкілер сирек кездеседі. Аталған жыртқыш құстар көбіне
кемірушілермен, жануар өлекселерімен қоректеніп, пайдасын тигізеді.

Териофауна. Атырау облысында аңдар айтарлықтай көп түрлі емес. Жалпы
ауылшаруашылық малдары мен үй хайуанаттарын қоспағанда, аңдардың 55-ке жуық
түрлері бар. Олардың басты отрядтарының 5 түрінің ішінде кең таралғаны
құлақты кірпі. Ал кәдімгі кірпі және басқа түрлері сирек кездеседі. Атырау
өңірінде қолқанаттылардың 6-7 түрі бар деп есептелінеді. Солардың ішінде:
түнторғай, кәдімгі және екі түсті жарқанаттар жиі кездеседі.

Атырау облысында жыртқыш аңдардан 12-ге жуық түрлері бар. Кең таралған
өкілдеріне: қасқырды, түлкіні, қарсақты және теңіз жағалауында болатын
жанат тәрізді иттері жатады. Ал сирек кездесетіндерге борсық, аққалақ,
күзендер және жабайы мысықтар жатады. Облыс бойынша көбінің сан мөлшері
кәсіптік деңгейге жетпейтіндіктен ауланбайды. Бірақ бұл аңдарды заңсыз
браконерлік жолмен аулаушылық байқалады. Ескек аяқтылардан Каспий түлені
теңізде тіршілік ететін аң. Оның негізгі көбейетін орны Каспий теңізінің
солтүстік-шығыс және шығыс жақ жағалауы. Сан мөлшері аз, сондықтан кәсіптік
мақсатта ауланбайды.

Облыс көлемінде жұпаяқтылардың жабайы түрлерінен қабан және киік кең
таралған. Қабанның саны аз, ауланбайды. Ал киік күз айларында, белгілі
мөлшерде заңды түрде ауланады. Облыста қабан мен киікті заңсыз, жылдың кез-
келген уақытында браконерьік қала берді жауыздық жолдар мен аулау кең өріс
алып келеді. Мысалы, киіктің аталығын оның мүйізі үшін көп мөлшерде атып
өлтірушілік орын алуда. Бұндай жауыздық әрекеттерге үзілді-кесілді тыйым
салып, оларға қарсы тиісті күрес шараларын жүйелі ұйымдастыру қажет.

Қазақстан мемлекеті бойынша Атырау облысы табиғи байлықтарды игеру
негізінде қоршаған ортаға антропогендік әрекеттердің әсері мол тиіп отырған
аймақтардың бірі. Соның салдарынан облыста табиғи орталардың өндірістік
және тұрмыстық қажетсіз заттар мен ластаушылығы байқалуда. Бұның өзі тірі
организмдерге, соның ішінде омыртқалы жануарларға зиянды әсерін тигізуде.
Қазірдің өзінде облыс көлемінде көптеген омыртқалылардың көбею орындарының
жарамсыздануы, өрістер тарылып, қоректік заттардың жетіспеушілігі әр түрлі
ауруларға ұшыраушылығы және басқа да себептердің салдарынан олардың сандары
азаюы байқалуда.

Атырау облысы бойынша омыртқалы жануарлардың 35-ке жуық түрлері
қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.Бірақ бұл сан
облыстағы қорғауды қажет ететін жануарларды толық қамтиды деп айтуға
болмайды.

Ақбөкен Қазақстанның шөл және шөлейт жерлерінде көп тараған, сирек
кездесетін жануарлардың бірі – ақбөкен. Бұлар ашық далаға тән жануарлар.
Ақбөкендер үйір-үйір болып топтанып жүреді. Ақбөкендер қарақұйрық тәрізді
қорек және су іздеп ұзақ сапар шегіп отырады. Былайша қарағанда, жазық
жерде үйірімен ондап, жүздеп жүруден гөрі жалғыз-жалғыз бытырап жүрсе
байқалмай қалуы мүмкін тәрізді. Дегенмен ақбөкендер не себепті топтанып,
үйір құрайды? Мысалы, ақбөкен өсіимдіктерді көп мөлшерде жеп қоректенетін
жануар болғандықтан оны жеуге де біраз уақытын кетіреді. Жайылып жүргенде
ақбөкендердің әрі отауын, әрі жан-жағын шолуы қиын. Бұл кезде оларды аңдып
жүрген жыртқыштар сап ете түсуі мүмкін. Ал ақбөкен үйірімен жайылып
жүргенде, бірі болмаса бірі сақтанып, құлақ тігіп жан-жақты шолып жүреді.
Сөйтіп төнген қауіпті дер кезінде сезеді.

Ақбөкендердің тұмсығы икемдеу – дөңес, танау түрлері қатпарланып
жатады. Жүгіргенде танауы дамып еркін тыныс алуына мүмкіндік береді.
Текелерінің басында іші қуыс жылтыр мүйізі болады. Ұрғашыларында мүйіз
болмайды. Ақбөкендер аша тұяқты болады. Ақбөкен жусан, сораң жейді. Таң
сәріден суаттан сусынын қандырып алып, шөлде ыстық түскенге дейін жайылады.
Күннін ыстығы қайтқаннан бастап қараңғы түскенше қайта жайылады. Көктемде
ақбөкендер жаздың ыстық кезінде шөбі сақталатын солтүстікке қарай ауысады.
Ал күзде оңтүстікке қарай бет алып, қары жұқа, шөп тауып жейтін жерге қайта
келеді.

Ақбөкендер жалқы да, егіз де туады. Үш-төрт күндік құралай жауыннан
қашып құтыла алмайды. Қатер туған кезде олар тыпыр етпей жата қалады.
Аяқтанып буыны бекігеннен кейін кейін құралайы анаарына еріп жүреді. Олар
екі айдай емшек емеді. Екінші айда-ақ шөп жеп, отыға бастайды.

Ертеде ақбөкендер бүкіл Европға таралған, қазір бұлар Волга өзенінің
шығыс жағындағы шөлдерде ғана кездеседі. XIX ғасырда есепсіз қырудың
салдарынан бұлардың саны өте азайып кетті, мүлдем құрып кету қаупі төніп
тұр. Ақбөкендердің дәмді еті және терісімен қатар медицина өнеркәсібі үшін
өте бағалы шикізет болатын мүйізі де пайдаланылды. Қоқиқаз. Алалда үлкен
аққұтан және жалбағайлар, көлдің кермек суы айдындарында оңтүстік
табиғаттың ғажайыбы-қызғылт қанатты қоқиқаз кездеседі. Аққұтандікіндей
серейген ұзын аяқты, мойны сала құлаш, екі бөлініп сынып майысқандай, имек
тұмсықты ғажайып жабайы қазды көз алдымызға елестетуге болады. Мұндай
тұмсық қоқиқазға қолайлы, судың тұнба лайынан жемін табуға икемді. Қоқиқаз
таяз суды кешіп жүріп басын суға тығып, тұмсығымен су түбіндегі тұнбаны
тіміскілейді. Тұмсығына іліккен құрттарды, насекомдардың личинкаларын,
шаяндарды теріп сүзіп жеп жүреді. Бұлардың да тұмсығында үйректікіндей
сүзгіш пластинка болады. Қоқиқаз 1900 жылы Теңіз көлі мен Қорғалжың маңында
1 рет табылды. Осыдан бірнеше жыл бұрын ғана қоқиқаз тұзды Теңіз көлінің
аралдарында ұялайтындығы анықталды. Ғалымдар қоқиқаздың бірнеше тобын
тапты. Солардың бір тобының ғана балапандары 10 мыңнан астам болған.
Қоқиқаздың ұялары дақызық болып келеді. Олар ұяны қатқан тұнбадан жасайды,
ұясы конус тәрізді, биіктігі 50 см. Олардың мекиені ұясына 2-3 жұмыртқа
салып, ұзын аяғын бауырына жинап алып отырып басады. Қораздары да жұмыртқа
басады. Жұмыртқалардан жетілген балапандар шығады. Олар жұмыртқаны жарып
шығысымен-ақ суға жүзіп, өзіне қоректі жемін іздей бастайды.

Арқар. Өте ірі жануарлардың бірі-арқар. Кексе құлжалардың салмағы 160-
180 кг тартады. Олардың артқа қарай иіріле ширатылған шаңырақтай үлкен
мүйіздері болады. Арқар биік таулардың ашық жазығында мекендейді. Ол түнде
таудың мұз жатқан жеріне дейін өрлеп барып, қаннен-қаперсіз дем алып түнеп
шығады. Арқардың көнбістігі, салмағы, жыл бойы биік тау жайылымында жайылып
шығуы мал маманы ғалымдарының зейінін еріксіз аударған болатын. Ғалымдар
меринос қойымен арқарды будандастырып, қойдың арқар мериносдеп аталатын
жаңа тұқымын шығрды. Қойдың бұл түрі көнбісті, биік тау басындағы
шалғындарда жайылып тіршілік етеді. Бұлардың жүні сапалы, салмағы ауыр.

Қарақұйрық. Сазды, тастақты, құмды шөлдерде киік туысына жататын,
кішілеу келген, тұяқты жануар қарақұйрық мекендейді. Қарақұйрық тамақ, су
іздеп, ұзақ жол жүріп отырады. Бұлар жауыннан үркіп қашқанда, сағатына 60
км-дей жылдамдықпен жүгіреді. Қарақұйрықтың қас жауы-қасқыр. Бұлардың жас
лақтарын түлкі, бүркіт, дала қара құстары да аулайды. Қарақұйрықты аулау
аяусыз қырудың нәтижесінде оның саны кеміп кетеді. Соңғы кезде қарақұйрықты
аулауға қатал тиым салынды, осы кезде қарақұйрық өте сирек кездеседі.

Марал. Алтайдағы ең сұлу, әрі ең ірі аң-марал. Маралдардың мүйізі-
панта, өте құнды болады. Одан бағалы дәрі жасалады. Марал өсіретін
шаруашылықтарда еркек маралдың жас мүйізін кесіп алып, фармацевтика
өнеркәсібінде жіберіледі. Маралдар биік шаррбақпен қоршалған кең алқапты
орманды және жайылымды жерде бағылады.

2. 3. Қазақстан қорықтарының бүгіні мен ертеңі.

Табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, оларды қорғау мен байыта беру
мәселесіне қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап дамыған кезінде айрықша
мән беріліп отыр. Болашақ ұрпаққа оларды кемеліне келтіріп табыс етуде
қорықтардың алатын орны ерекше. Табиғат лабораториясы атанған бұл
қорықтарда тек саны азайып, жойылып кетуге жақын тұрған хайуанаттар мен аса
бағалы өсімдіктер ғана қамқорлыққа алынып қоймай, сонымен қатар өлкеміздің
көрікті орындарыда қалпында сақталады.

Республикамызда табиғат ресурстарының игерілуі, ауыл шаруашылығы мен
өндірістің дамуы жануарлар мен табиғатқа елеулі кері әсерін тигізді. Соның
нәтижесінде көптеген жануарлар түрі өзгерген ортаға бейімделе алмай саны
сиреп кетті, ал кейбір табиғат ескерткіштерінің ғылыми маңызы мен құндылығы
төмендеді.

Бүгінгі таңда Қазақстан зоолог-ғалымдарының есебі бойынша
республикамызда қазір аңның 31, құстың 43, бауырмен жорғалаушылардың 8
түрі, қос мекенділердің бір түрі және балықтардың сирек кездесетін төрт
түрі күрт азайып өмірден мүлдем құрып кету қаупінде. Сондықтан қайткен
күнде де оларды қорғап қалу жайында үлкен мәселе қойылып отыр. Соңғы
кедердегі республика қорықтарының тиянақты жұмыстарының нәтижесінде
көптеген аңдар мен құстардың саны өсе түсуі қажет және табиғаттың өзі
салған ескерткіштері сол қалпында толық сақталуда. Қазақстан қорықтары
жайында бірнеше документальдық фильмдер түсірілген.

Республикада сирек кездесетін сүтқоректілер мен құстарды қорғауда
Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының ғалымдары біраз маңызды жұмыстар
жүргізіп келеді. Сол жұмыстың бірі-республикамызда сирек кездесетін аңдар
мен құстарды, балық пен қосмекенділер, бауырмен жорғалаушыларды қорғау
мақсатында Қазақстанның табиғат қорғау Қызыл кітабының шығуы.
Қазақстанның Қызыл кітабына енген үстірт қойын (муфлон), қарақұйрықты,
қара кірпіні қорғау мқсатында ұйымдастырылған жұмыстар алда тұр. Алдағы
уақытта үш қорық ұйымдастырылмақ. Кент қорығында (Қарқаралы ауданы,
Қарағанды облысы) арқар,елік, сілеусін, марал жерсіндірілмек. Сонымен қатар
сирек кездесетін өсімдіктер қорғалды. Бұл қорыққа Қазақстанның оңтүстік
бөлігіндегі Қарағайлы орманның кең алқабы қосылады. Ал Қаратау қорығында
(Созақ ауданы, Шымкент облысы) 100-ден артық эндемикалық өсімдіктер
кездеседі, оларды қорғаумен бірге жергілікті жердегі бағалы аңдар мен
құстардың санын көбейтуге де мол көңіл аударылады. Сондай-ақ Бетпақдала
қорығы(Мойынқұм ауданы, Жамбыл облысы) құрамына Аңдысай қыраты, Байғара
және Жамбыл таулары енеді. Онда шөл далада тіршілік етуге бейімделген
қарақұйрық, жел дуадағы, бұлдырық және тауларды м екендеген арқарлар
қорғалатын болады. Қорық жерінде Шу-Іле тауларының солтүстік батысында
құрып кетуге жақын тұрған эндемикалық өсімдіктер де қорғалады.

Міне, мемлекеттік қорықтар жүйесін кеңейту мақсатындағы осындай
жұмыстар іс жүзіне толық асырылған жағдайда бұл саладағы игілікті істер жыл
өткен сайын күшейте беру есе қажет.

2.4. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚОРЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ

Дүние жүзінің түрлі елдерінде орналасқан қорықтарды қорғау тәртібі,
атқаратын ғаламшарымыздағы генофонды сақтауда, әр түрлі экологиялық зерттеу
жұмыстарын жүргізуде табиғат лабораториясына айналған қорықтардың маңызы
өте зор. Қазір дүние жүзіндегі 124 елде 2600-ден артық ірі қорықтар бар.

Ланшафтарды қорғаудың ең жоғарғы формасы – қорықтар ұйымдастыру. Бүкіл
дүниежүзілік тәжірибелерге сүйенсек жер шарын жекелеген елдерде қорық
ұйымдастыру ХIX ғасырдың бас кездерінен бастап жүзеге аса бастағанын
көрсетеді. Ал, оның алғашқы нәтижелерінің бірі тіптен 1872 жылы Америка
жерінде орналасқан алғашқы ұлттық парктер.

Адамдардың іс-әрекеттерінің салдарынан бұзылмаған табиғи, белгілі бір
географиялық аймақтың қасиеті бар жерлерді табиғат эталоны деп атайды.
Қорықтардың өз міндеттерін дұрыс атқаруы үшін сол жерге тән табиғи
жағдайлары болуы керек. Қорықтарға адамдардың іс-әрекеті әсер ете қоймайтын
жердің аумақтары кіреді. Ең алдымен, жойылып кету қаупі ланшафтылар
эталоны, жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлемі қорғауға алынады.
Қорықтардың негізгі маңызды қасиеттері – табиғат эталонын қорғауда қорық
аумағындағы өзгерістердің адамның қатынасынсыз өзімен-өзі жүруі. Егер
қорықтар антропогендік ландшафтылардың ортасында орналасса оған өнеркәсіп,
құрылыс және ауыл шаруашылығы жұмыстарының әсері тимеуі үшін 2 километрлік
қорғаныс аймағын жасайды.

Қорық осы ауданға тән барлық табиғи ландшафтыны табиғи күйінде
қорғауға алынатын жоғары санаттағы табиғат аумағы. Қорықта ерекше қорғауды
қажет ететін, жойылып бара жатқан өсімдік пен жануарлардың түрлері және өлі
табиғаттың бөлшектері сақталып, қорғалады. Өсімдіктер мен жануарлардың
генофондын сақтаудың нәтижесінде биогеоценоздың қасиеті мен құрылысы
жайында хабар алынып отырады. Қорықта саны белгілі бір дәрежеде көбейген,
қорғалған жануардың түрі басқа көршілес жерлерге таралады.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында маңызды 9 мемлекеттік қорық,
атап айтқанда: Алматы, Ақсу-Жабағылы, Барсакелмес, Батыс Алтай, Марқакөл,
Қорғалжын, Наурызым, Үстірт және Алакөл қорықтары.

Қорықтар-бұл табиғат объектілерін қорғаудың ең жоғарғы формасы.
Қорықтардың басты мақсаты-табиғат ландшафтылар эталонын мұндағы тіршілік
ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен қоса сақтау, табиғат
кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау. Қазақстан қорықтар саны
жөнінен ТМД-ға кіретін республикалар арасында 16-орын алады. Қорық аймағы
шаруашылық айналымынан босатылып, онда кен өндіру мен құрылыс жұмыстарын
жүргізу аң-құс атып, балық аулау, шөп шабу мен мал жаю және ағаш кесу
сияқты табиғат байлықтарына нұқсан келтіретін әрекеттерге тыйым салынған.

Ақсу-Жабағылы қорығы. Орта Азия мен Қазақстандағы ертеден келе жатқан
мемлекеттік табиғи қорық. 1920 жылы атақты А.Л.Бродский бірінші болып
Жабағылы мен Ақсу өзендерінің жоғарғы жағына барды. Екі жылдан кейін
Ташкенит университетінің профессорлары – Д.К. Кашкаров, Е.П.Коровин,
М.В.Культиасов, М.Г.Попов осы аймақты қорыққа айналдыру бағалы екенін
айтып, ұсынды. Талас Алатауының солтүстік-батыс сілемдерін және оған
іргелес жатқан Өгем жоталарын қамтыған Ақсу-Жабағылы қорығы 1926 жылдың 14
маусымында ұйымдастырылды.

Бұл қорықты ұйымдастырудағы басты мақсат- Батыс Тянь-Шань тауының
өзіндік ерекшеліктері бар табиғат ландшафтарын, табиғат комплекстерінің
даму заңдылығын жан-жақты зерттеу үшін сақтап қалу еді. Қазіргі уақытта
Ақсу-Жабағылының жер көлемі 128118 га жерді оңтүстік Қазақстан облысының
Талас Алатауы мен Жамбыл облысының Өзбекстан мен Қырғыстан шекарасымен
шектесетін жерде орналасқан. Бұл қорықтың негізгі аймағынан басқа, оның екі
филиалы-Әулие және Қарабастау полеонтологиялық участкелері бар. Осыдан 150
миллион жыл бұрын тіршілік еткен жануарлар мен өсімдіктердің тасқа айналған
қалдықтары көп шоғырланған Қасқабұлақта атақты тасты галерия бар. Қатты
тастардың беттерінде ертедегі адамдардың тұрмыс-тіршілігін көрсететін
суреттер, жабайы аңдардың, маралдың, ешкінің суреттері салынған.

Қорықтыың тау жоталары бірнеше белдеулерге бөлінген. Ең жоғарғы белдеу
биік таулы қарлы және мұзды шыңдар. Бұлардан аңғарларға құлап ағып жататтын
көбікті сарқырамалы тау өзендері басталады. Орталық белдеуде Бұғылытор
сарқырамасы бар. Оңтүстік белдеу құрғақ, тік құздардан тұрады.

Басты өзендері Жабағылы, Ақсу, Балдарбек батысқа қарай бағыт алып
жатыр. Ақсу өзеніндегі шатқалдың тереңдігі 400 метр, ұзындығы 200 км.
Қорықтың климаты континентальді. Жауын-шашын жыл мезгілінде әр түрлі
түседі. Қыста 30 %, жазда 10% болады. Ең суық ай – қаңтар, орташа
температурасы – 5,40С, ең жылы ай – шілде, температурасы – 17,50С. Ақсу-
Жабағылы қорығының басым бөлігі 1000-4000 метрлік биіктік аралығын қамтиды.

Алматы қорығы. Іле Алатауының төрінен орын тепкен Алматы мемлекеттік
қорығы қаламыздан небәрі 25 шақырым қашықтықта жатыр. Бұл қорық 1934 жылы 6
мамырда құрылды. Бастапқыда қорық ұйымдастырған жердің көлемі 15 мың ғана
гектар алқапты қамтыса, кейіннен оған көптеген жерлерді қосуға байланысты
40-шы жылдардың басында Алматы қорығының жалпы аймағы 857 мың гектарға
жетіп, ол ерекше маңызы бар қорықтар қатарына енді. Сол кезде оның қамтыған
аймағы бүкіл Іле Алатауын, сонау Сөгеті жазығынан Қаскелең өзені аңғарына
дейінгі аралықты алып жатқан болатын. Оның құрамына Іле өзенінің жағалауы
да кірген еді. Алайда, соғыстан кейінгі жылдары түрлі себептерге байланысты
қорықтың көлемі бірнеше рет өзгеріп, тіпті кейіннен жабылып та қалды.
Содан, Алматы қорығы 1960 жылдың 11 қаңтарында Іле Алатауының орталық
бөлігіндегі таулы аймақта қайта құрылды. Қорықтың таулы бөлігінің алып
жатқан жер көлемі 71681 гектар. Оның ең төменгі нүктесі 1000 метрлік
биіктіктен басталып 5017 метрлік Талғар шыңына дейінгі аралықты қамтиды.
Бұл негізгі бөліктің батыс шекарасы сол жағы Талғар өзенінің арнасымен
өтсе, солтүстіктегі оң жағы Талғар өзенінің арнасымен және Есік көлі қазан
шұңқырымен шектеледі. Ал шығысында Есік өзенімен бойлай барып, Шелек
өзенінің бастауына, Қырғыз елінің шекарасына барып тіреледі.

Сонымен қатар, қорық аймағына Іле өзенінің оң жақ жағалауындағы шөл
далада жатқан Үлкен және Кіші Қалқан таулары да кіреді. Қорықтың бұл
бөлігінің аймағы 17850 гектар. Аталған екі тау аралығында орналасқан, аты
әлемге әйгілі Әнші құмда қорықтың осы бөлігінде.

Қорық жерінде табиғаттың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан қорықтары жайлы
Саябақ - елдiң сәнi
Биологиялық әртүрлілік ұғымы және оларды сақтау
Орман,балық жане аңшылық шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы бұзушылықтарды жою бойынша міндетті түрдегі ұйғарым
Қазақстан Республикасының қорықтары және олардың туризмдегі рөлі (Қорғалжын қорығы мысалында)
Ерекше қорғаныстан табиғи аумақтардың түсінігі жалпы сипаттамасы
Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдардың қалыптасуы мен даму тарихы
Экологиялық бiлiм берудiң мазмұны
Қызыл кітап және Қазақстан қорықтары
Табиғи ресурстарды пайдалануды және қорғауды мемлекеттік қорғау
Пәндер