Құстардың экологиялық жағдайы


КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: ҚҰСТАР-ТАБИҒАТ ТУЫНДЫСЫ

Жоспар

Кіріспе

I ТАРАУ ҚҰСТАР-ТАБИҒАТ ТУЫНДЫСЫ

1. 1. «Қызыл кітапқа» енген құстарға сипаттама

1. 2. Су құстары және тау құстары

1. 3. Шөл және шөлейт аймақтың құстары

II ТАРАУ ҚҰСТАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ. АДАМ БАЛАСЫНЫҢ ҚҰСТАР ДҮНИЕСІНЕ ӘСЕРІ.

2. 1. Құстар әлемінің көп түрлілігі. Бұталы-орман құстары.

2. 2. Атырау облысының сирек кездесетін құстары

2. 3. Құстар дүниесін қорғау және қалпына келтіру жолдары.

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
КІРІСПЕ

Атам заманнан-ақ адамзат табиғат тамашаларына еліктеп келеді. Сол еліктеу нәтижесінде үйрену шеңберін іскерлікпен нығайтып, өзіндік маңызды істерді рухани сүйіспеншілікпен үйлесімді реттеуде. Ежелгі мақсаты ізденіске негізделген табиғаттан адам тәлім алып, күнделікті тұрмысына қажеттісін пайдаланумен бірге, алақанға салып аялауды, оның асыл мұрасын қадір тұтып, мол байлығын қорғай білуді де естен шығарып көрген емес.

Адамзат табиғатты қашан да туған анасына балап, оның көрікті де көркем көріністерін масаттана жырлады. Бұл - табиғаттың адамға тигізген әсері мен адамның табиғатқа деген шексіз сүйіспеншілігінің айғағы. Бұдан шығатын қорытынды - адам да табиғат бөбегі. Демек, адамды табиғаттан, табиғатты адамнан бөліп қарастыруға мүлдем қақымыз жоқ.

Адам баласы көп уақытқа дейін планетамызды мекендейтін құстар әлемін табиғаттың таусылмас қоры деп қарады. Олар әсіресе саналы қоғам құра бастаған кезде «табиғатты бағындыру» дегенді желеу етіп, ормандағы ағашты балтамен шапты, құнарлы жерді темір тісті қарапайым құралдармен қопарып, жануарларды аяусыз қырды, табиғатқа бұдан басқа да сансыз көп қиянат жасады. Адам сәнді де жылы киіну үшін терісі бағлы аңдарды есепсіз ауласа, дәмді еті мен майын азық ету үшін сансыз көп аң-құстарды жер бетінен жойып жіберді. Көптееген елдер практикалық және ғылыми жағынан маңызды аң-құстардан айрылды. Қазіргі есепке қарағанда аңдар мен құстардың 600-ден астам түрі жер бетінен жойылып кету қаупінде, егер адам оларды қорғауға араласпаса келешек ұрпақ бұл хайуанаттардан мүлде дерексіз қалары сөзсіз.

Көптеген құстар тек қана браконьерлік салдарынан жойылып кеткен. Алайда табиғат әсемдігін өз қалпында сақтап, ондағы тіршілік атаулыға шашау шығарғысы келмейтін табиғаттың нағыз жанкүйер достары планетамыздағы құстарды қорғап қалудың барлық шараларын ойластырды. Сөйтіп, дүниеде «Қызыл кітап» деп аталатын өте құнды документ пайда болды. «Қызыл кітап» деген атауды ұсынған Англиядағы белгілі капитан Роберт Скоттың ұлы Питер Скотт еді. Питер Скотт қызыл казарка туралы құнды зерттеулер жүргізіп, құстар тіршілігімен шұғылданатын ғалым-суретші. Оның жойылып бара жатқан құстарға қамқорлық жасауы және оларға арнайы есеп жүргізіп «Қызыл кітапқа» тіркеу қажеттілігі туралы ұсынысы табиғатты аялаушы әрбір адамның көкейтесті пікірі еді.

Табиғатта жануарлар, өсімдіктер және құстар санының жылма-жыл сирей түсуі дүние жүзі ғалымдарын толғантты. Сондықтан әр түрлі елдерде «Табиғатты және табиғат ресурстарын қорғаудың халықаралық одағы» құрылып, жойылып кету қаупіндегі жануарлар мен өсімдіктерді арнаулы кітапқа тіркеуге қаулы алды. Ол- «Қызыл кітап» деп аталды. Алғашқы қызыл кітап 1966 жылы жарық көрді. Оның бірінші томы сүтқоректілерге, екінші томы құстарға, үшінші томы қосмекенділерге және бауырмен жорғалаушыларға арналған.

I ТАРАУ ҚҰСТАР-ТАБИҒАТ ТУЫНДЫСЫ

Омыртқалы жануарлар ішіндегі ең үлкен топ-құстар. Бүкіл дүние жүзінде олардың 10-12 мың түрлерінің тіршілік етуі де құстардың кең таралғанын көрсетеді. Қазақстан территориясы да қанаттыларға өте бай. Онда құстардың 481 түрі мекндеп, күз айларындағы саны шамамен 18-20 миллионға жетеді. Міне, бұл қаншама байлық десеңші! Оларды қорғап, пайдалана білуге тиіспіз.

Адам үшін қанаттылардың пайдасы өте зор. Бізде тіршілік ететін құстардың біразы аңшылық үшін ауланып, дәмді ет пен мамық қауырсын береді. Мәселен, қазір де Қазақстанда жылына 3, 2 миллион құс аңшылардың олжасы болады. Олар - үйрек, қаз, қасқалдақ, балшықты су құстары. Жасыл желек жамылған кең байтақ даламызда ұшып жүрген құстар (шымшық, торғай, тоқылдақ, ементұмсық және тағы басқалар) егістік, бау-бақша, орман зиянкестері - насекомдармен, кеміргіштермен қоректеніп, ауыл шаруашылығына айтарлықтай пайдасын тигізеді. Құстардың эстетикалық мәні өз алдына бір төбе. Бұлбұл үні мен торғайлардың ерекше құбылтып салған әндері талай композиторлардың шығармаларына арқау болып келе жатқан жоқпа! Сондай-ақ аспанға ұшу заңдылықтарын зерттеу Леонардо да Винчиден бастап күні бүгінге дейінгі авиаконструкторлар еңбектерінің негізіне алынып отыр емес пе? Бүгінде де бұл жұмыстар жалғасуда.

Соңғы жылдары құстардың тек Қазақстанда ғана емес бүкіл жер шарында кейбір түрлерінің саны азайып бара жатқаны байқалады. Сондықтан да ел-елде оларды қорғау шаралары жүзеге асуда. Сол сияқты қазірде біздің республикамызда да осындай жұмысты жүргізу кең қолға алынды. Саны күрт азайып кеткен аң-құстарды шұғыл зерттеу арқылы келешекте олардың таралған аймағы анықталып, сол жерлерде қорғау шаралары жүзеге асырылатын болады. Қазақстан ғалымдары осындай құстардың тізімін алып, табиғаттың «Қызыл кітабын» жасауға кірісті. «Қызыл кітап» - өз алдына ерекше кітап. Оның қызыл мұқабасы жанаурлар, құстар мен өсімдіктерге төніп келе жатқан апаттан сақтандыру дабылы іспеттес. «Қызыл кітап» парақтарының түсі де алуан түрлі-қызыл, ақ, жасыл және сары. Демек, оның қызыл түсті парақтарына арнайы шаралар қолданбаса, жер бетінен мүлде жойылып кету қаупі төнген аңдар мен құстардың түрлері; ал ақ түсті парақтарға тікелей жойылып кету қаупі төніп тұрмаса да саны азайған немесе белгілі бір шектеулі территорияда ғана сақталып қалған сирек кездесетін түрлер жазылады; сары түсті парақтарға әлі де тіршілік етуге мөлшері жеткілікті болғанымен саны күрт азайып бара жатқан аңдар мен құстардың түрлері жазылады; адамның аялап қорғауы нәтижесінде қайтадан қалпына келтірілген жануарлар түрлері «Қызыл кітаптың жасыл түсті парақтарына» жазылады.

Негізінен «Қызыл кітаптан» бұрын халықаралық қара кітаптың тізімі жасалған еді. Оған біржола құрып кеткен аңдар мен құстар енгізілген. 1963 жылы халықаралық «Қызыл кітаптың» алғашқы басылымы, одан 1966-1975 жылдар аралығында бес томы жарық көрді. 1978 жылы КСРО-ның «Қызыл кітабы» шықты. Бұл алғашқы қызыл кітап жануарларға арналған бөлігі болатын.

Ал 1981 жылы өсімдіктерге арналған бөлігі жарық көрді. Қазақстанның қызыл кітабы содан бері 1991 және 1996 жылдары өңделіп қайта басылып көпшілікке ұсынылды. Қызыл кітапты ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының бірнеше ғылыми-зерттеу институттарының конференциялары ұйымдастырылды. Қызыл кітапқа енетін әрбір түрге сипаттама беріліп талқыға салынды. Қызыл кітапқа белгілі бір түрді енгізу үшін ғалымдар әр жануарлардың немесе өсімдіктер мен құстардың 5 санатын анықтаған. Тек қана осы санатқа сәйкес келген жағдайда ған қызыл кітапқа енгізген. Ол санаттар төмендегідей:

1) Жойылып бара жатқандар. Мысалы, қызыл қасқыр, қабылан;

2) Саны азайып бара жатқандар:Балқаш алабұғасы, сарықұтан, жұпар құлан;

3) Сирек түрлері (қазір жойылып кету қаупі жоқ, бірақ сирек кездесетіндер) . Мысалы: барыс, сілеусін, жарқанат, қара ләйлек;

4) Белгісіздер, толық зерттелмеген түрлер. Мысалы: шұбаркесіртке, қарашұбар жылан;

5) Қалпына келгендер, қорғау жұмыстары нәтижесінде қайта көбейген түрлер. Мысалы: кіші аққу, көкқұс және тағы басқалары.

Атырау жерінде құстар алуан түрлі және кең таралған. Жалпы 280-дей түрлері бар. Тіршілік орындарының әрқилы болуларына қарай құстар облыс көлемінде біркелкі орналаспаған. Біздің жерімізде олардың ең басты тіршілік орындарының бірі су және оның жағалауы. Мысалы, нағыз су құстары ретінде сұқсырлар, гагарлар және ескекаяқтылардан 10-нан астам түрлері кездеседі. Бұлардың ішінен сұқсыр (чемга) және үлкен суқұзғын бізде тұрақты ұялайды. Ал кіші суқұзғын, бұйра және қызғылт бірқазандар көбею орындарында экологиялық жағдайлардың жыл сайынғы жарамсыз бағытта өзгеруі салдарынан, соңғы жылдарда облыс көлемінде ұяламайды. Қызылмойын сұқсыр, ала және қызыл жемсау гагарлар біздің өлкемізден қайту кездерінде ұшып өтеді. Аталған құстардың барлығы да балық қоректілер. Бірақ облыстың балық шаруашылығына айтарлықтай зиянын тигізбейді.

Облыс көлемінде жоғарыда аталғандардан басқа, тіршілігі азды-көпті болсада су және оның жағалауымен байланысты құстар көп. Солардың бірі дегелектер-мойны мен аяғы ұзын, суда жүзбейтін, орташа және біршама ірі құстар. Өзен, көл жиектері мен батпақты-шалшық жерлерді мекендеп, ондағы айқұлақтарды, көлбақаларды, балықтың шабақтарын және су бунақденелілерін қорек етеді. Біздің жерімізде таралған 10-нан астам дегелектердің ішінен жиі кездесетіндері көкқұтан, аққұтан, кіші аққұтан, қарабай және басқалары. Қазтәрізділер - мойны ұзын, құйрығы қысқа, суда жақсы жүзетін, ірі және орташа мөлшердегі су-жер құстары. Біздің жерімізде кездесетін 28 түрінің 15-ке жуығы ұялайды, қалғандары қайту мезгілдерінде болады. Облыс суларының маңында сарыала қазды, барылдауық, сұр, шүрегей үйректерді, сүңгуірлерді, бейнарықтарды (корхоль) тағы басқа түрлерін жиі кездестіруге болады. Қазтәрізділердің көпшілік түрлері кәсіптік аңшылықтың обьектілері. Бақташылардың 6 түрінің ішінен қасқалдақ және сутартар сияқтылары кең таралған және ұялайды. Батпақты шалшықтарда, қайраңдарда және сирек жағдайда шөлейт жерлерде тіршілік етуге бейімделген құстардың бірі балықшылар. Облыс бойынша белгілі 41 түрінің 13-і тұрақты ұялайды. Олардың жиі кездесетіндері қызғыш қарала, ұзын сирақ балшықшылар. Өзен, көл және жайылма сулардың маңында шағалалар ұдайы кездеседі.

Олардың бізде кездесетін 20 түрінің 9-ы тұрақты ұялайды және кең таралған. Мысалы, көптеген қарқылдақтар, қалың шағала, көл шағаласы тағы басқалары. Қалғандарының ішіне 6-ы кездейсоқ, ал 5-еуі қайту кезінде болады. Шағалалар ұсақ балықтармен, балық өлекселерімен, шаяндармен, су бунақденелілерімен, кейбіреулері ұсақ кемірушілермен қоректенеді. Аздап санитарллық маңызы бар. Облыс көлемінде ашық ландшафтыларды (тегістік және құм шөлейттер, дала белгілері бар жерлер) мекендейтін құстарда баршылық.

Атап айтқанда, тырналардан - ақбас тырна біздің жерімізде ұялайтын болса, сұр және ақ тырна (стерх) қайту кезінде ұшып өтеді. Дуадақтардан -дуадақ, жекдуадақ және безгелдек сияқты түрлері өте сирек кездесетін құстар болып есептелінеді. Көгершіндерден бары 5 түр, соның ішінде жиі кездесетіндері -түркендер, дыркептер, көккептер тағы басқалары. Бұлдырықтардан қарабауыр, бұлдырық және ұбақ кездеседі. Облыста тауықтәрізділер өте аз. Оның екі түрінің ішінен сұр шіл кең таралған, ал бөдене сирек кездеседі. Негізінен ашық жерлерде және су жағалаулары мен орман-тоғай алқаптарында күндізгі және түнгі жыртқыш құстар отрядтарының өкілдері кең таралған. Күндізгі жыртқыштардың облыстағы 23 түрінен 9-ы ұялайды, 11-і қайту кезінде болады, ал 3 түрі(тұрымтай, тазқара және тағы басқалары ) кездейсоқ ұшып келетіндер деп есептелінеді. Жиі кездесетіндері күйкентай, кезқұйрық, дала қыраны, қарақұс, кейбір құладындар тағы басқалары. Үкілердің 8 түрінің ішіндегі кең тараған байғыз және саз жапалағы. Қалған үкілер сирек кездеседі. Аталған жыртқыш құстар көбіне кемірушілермен жануар өлекселерімен қоректеніп, пайдасын тигізеді. Облыста көптеген құстардың тіршілігі ағаш-бұта өсімдіктерімен, адам тұрғындарымен(ауыл, қала) және басқада мәдени ландшафтармен тығыз байланысты екендігі сөзсіз. Атап айтқанда көкек тәрізділерден-кәдімгі көкек; ешкіемерлерден-кәдімгі тентекқұс; көкқарғалардан - көкқарға, сарыалқым және жасыл аражегіштер, бәбісек; тоқылдақтардан - шұбар тоқылдақ, ұзынқанаттылардан - сұр қарлығаш. Бұл отрядтар бойынша барлығы11 түрдің жетеуі тұрақты ұялайды. Ал зымыран, дүпілдек және қарабауыр сұр қарлығаш сияқты құстар Атырау жерінде тек қайту кезінде кездеседі. Жоғарыда аталған құстардың барлығыда бунақденелілермен қоректенеді. Сондықтан олардың ауыл және орман шаруашылықтарында пайдасы мол. Атырау құстарының ішіндегі түр саны жағынан ең көбі торғай тәрізділер. Облыс бойынша тіркелген 107 түрінің 56-сы ұялайды, 5-ін кездейсоқ ұшып келушілер деп есептейді, ал қалғандарын қайту уақыттарында кездестіруге болады. Облыста кең таралған торғай тәрізділерге қосрең, кент және жар қарлығаштарын бозторғай, айдарлы, құлақты және қара бозторғайлар, ақ шақшақай, үлкен және кіші тағанақтар, шөл тасшыбыжығы, қамыс айқабағы, кәдімгі құрқылтай, сарбауыр шымшық, қараторғай, сарғалдақ сұрлыкеш, жауторғай, торғай және қарға тұқымдастарының өкілдерін (ала қарға, шауқарға, ұзақ, сауысқан т. б. ) айтуға болады. Торғай тәрізділердің көпшілігі аралас, ал кейбіреулері жануар немесе өсімдік текті азықтармен қоректенетіндер. Бунақденелілермен қоректенетін торғай тәрізділер орман және ауыл шаруашылықтарына пайдасын тигізеді.

1. 1. «Қызыл кітапқа» енген құстарға сипаттама

Қоқиқаз. Сырт тұлғасы сымбатты, салмағы 3, 4-4 кг болатын ірі құс. Жамылғы қауырсыны аздап қызғылт болып келетіндіктен кейзе қоқиқазды қызылқаз депте атайды. Қоқиқаздың басы айтарлықтай үлкен болмайды, қайта тұмсығы бастан қомақты да ұзын. Тұмсықтың астыңғы бөлігі жалпақ, ал үстіңгі бөлімі жіңішке, олардың жиегін ұсақ мүйіз тісшелер көмкеріп жатады. Осы тісшелер арқылы су өткізгенде су ішіндегі ұсақ жәндіктер қоқиқаз аузында сүзіліп қалады. Қоқиқаздар су түбіндегі ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Ең бір қызығы қоқиқаз қоректену үшін басын суға батырып, төбесін су түбіне тигізсе, тұмсығының үстіңгі бөлігімен су астындағы лай тұнбаны қопарыстырады да аузына толтырып алған суды тісшелер арқылы сыртқа шығарады. Сонда судағы майда жәндіктер қоқиқаз аузында сүзіліп қалады.

Қоқиқаздар-момақан құстар. Олар көбінесе суларда қорегін іздеп немесе тынығып тұрады. Олардың ұшқанда жерден көтерілуі өте қиын. Алдымен қоқиқаздар таяз суды жалдай жүгіре жөнеледі де қағып, ұшу қамын жасайды. Тіпті денесі су бетінен көтерілген күнде де су бетімен жүгіріп бара жатқан тәрізді қамданғанын көруге болады. Олар бірте-бірте ауға көтерілгенде қанаттарын қаға түсіп, денесін созады. Бұл кезде аяқтары артқа, мойны алға қарай созылып, ауға ұшуға қалыптасып алады.

Қоқиқаздар жұбын жазбай, колония құрып тіршілік етеді. Бір колонияда жарты миллиондай қоқиқаздар болатын шақтар да кездеседі. Теңіз көлінде бір колонияда 40-50 қоқиқаз болатыны анықталды. Мамыр айында колониядағы қоқиқаздар таяз суға кішірек күбідей етіп балшық пен балдырдан ұя қалайды. Қоқиқаздар су деңгейі жоғарылайтын кезде алдын ала ұяларын биік етіп қалайды. Мұндай конус тәрізді ұяның биіктігі 10-32 см, табанының диаметрі 40-50 см болады. Осылай жасаған үйіндінің үстіңгі жағынан сәл шұңқыр қазады да ешқандай төсеніш төсеместен 2-3 жұмыртқа салады. Колониядағы бір ұямен екінші ұялардың арасы 80 сантиметрден қашық болмайды. Жұмыртқаны аталығы мен аналығы кезектесіп, 30-40 күн шайқайды, Балапандары жұмыртқадан жетілген қалпында шығады, ата-енесі балапандарын құсығымен қоректендіреді. Балапандарының тұмсығы алғашқы кезде түзу болады да, екі аптадан соң-ақ ересек қоқиқаздардікі тәрізденіп имектеледі. Ата-енесі қоректенуге кеткенде балапандар ұядан шығып, колониядағы басқа балапандармен топтасады. Оларды колонияда қалған «кезекші» қоқиқаздар қадағалайды. Бұл кезде балапандар өздіктерінен суда жүзе де алады. Ал кеш бола бастағанда (кешкі сағат 6 кезінде) қадағалаушы қоқиқаздар балапандарды ұяларына таратады. Сөйтіп қоқиқаздар қалыптасқан колонияда өте тату тіршілік етеді. Колониядағы құстар жылма-жыл жұптарын жазбауға тырысады.

Мәрмәр шүрегей. Қаз тәрізділер отрядының бір тұқымдас тармағы-үйрек тұқымдастар. Бұлардың денесі шағын, мойны қысқа келеді. Үйрек тұқымдастар түр тармағында үйректердің 112 түрі бар, солардың 41-і Қазақстанда кездеседі. Өте сирек кездесетін түрі - мәрмәр шүрегейі. Бұл өте шағын денелі су құсы, оның тірілей салмағы-400-600 грамм.

Аталықтары мен аналықтарының түр-түсін бір-бірінен ажырату қиын, екеуі де ашық дақты сұр түсті болып келеді. Суда жүзген кезде денесінің алдыңғы бөлігін тереңірек батырып, құйрығын көтеріңкі ұстайды. Мәрмәр шүрегейлер момақан ғана, баяу жылжитын аңқау құс. Су жағалығындағы бұталардың бұтағына қонақтап тынығатынын жиі көруге болады. Қазақстанда сирек кездеседі. Мәрмәр шүрегейлер көлдердің жағалауына, ағаш қуысына ұя жасап, аналығы 7-12 жұмыртқа салады. Негізгі қорегі - су жәндіктері мен су өсімдіктері, сондай-ақ құрлықта өсетін өсімдіктерді, олардың тұқымын, тамырсабағын жейді.

«Сурет. 1. 1»

Қара тұрпан. Суға өте жақсы сүңги алатын орташа денелі үйректің бір түрі қара тұрпан деп аталады. Оның тірілей салмағы 900 граммнан 1, 6 килограмға дейін болады. Қазақстанда Бурабай, Қорғалжын маңындағы көлдерде, Қарағандыдағы Саумакөлде, Солтүстік қазақстандағы көлдерде қара тұрпандар сирек те болса кездеседі. Суға сүңгіген кезде су астында 45 минуттай бола алады. Жерде өте ебедейсіз жүреді, аяқтары денесінің артқы жағына орналасқандықтан кеудесін тік көтеріп, солбыр жүреді. Кежегінің түсі қара, тек қанатында ақ дағы бар, аналығы қоңыр түсті, бауыры ақ. Қара тұрпан өте сақ құс. Ұяларын қамыс, құрғақ өскен су жағасына, кейде судан қашықтау құрлыққа жасайды. Аналығы 6-10 жұмыртқа тауып, одан балапан өргізеді. Қара тұрпандар әсіресе, моллюска, насекомдармен және тағы басқалармен қоректенеді. Аздап өсімдіктерді де жейді. Балапандары жұмыртқадан жетіліп туады. Қара тұрпандар топтанып жүреді. Республика аймағында олар сәуірдің ортасына таман ұшып келіп, қазанда жылы жаққа кетеді.

Балықшы тұйғын. Бұл жемін күндіз аулайтын жыртқыш құстардың ішіндегі өз алдына жеке тұқымдас болып табылады. Көбінесе су қоймаларының маңында тіршілік етеді. Балықшы тұйғынның Іле, Сырдария, Жайық, Ертіс өзендері мен Балқаш көлінің үстінде қалықтап жүргенін байқап қалуға болады. Негізгі қорегі балық болғандықтан тұйғын су бетінен 20-25 метр биіктіктен балықтарды аңдиды. Оның денесі шағын, салмағы 1-2 кг шамасында болады. Тұмсығы имек, тырнақтары өткір, қарулы. Балықшы тұйғын суда жүзіп жүрген балықтарды байқаса-ақ болды, қанаттарын қомдап, өткір тырнақтарын жазып, аяқтарын алға қарай созып жіберіп, суға шүйіледі. Ол су түбінен кейде салмағы 1-1, 5 кг балықты бұлғаңдатып алып шығады. Әрине балық аулау сәті үнемі түсе бермейді, сондықтан кейде ұсақ сүтқоректілермен-саршұнақтармен, тышқандармен, тіпті бақалар, құстармен де азықтанады. Балықшы тұйғындар-жыл құстары, қыркүйекте жылы жаққа ұшып кетеді.

Балықшы тұйғындар ағаш басына, жартастарға, кейде жерге ұя салады. Ұя жасауға ағаштардың қураған бұтақтарын пайдаланып, бір ұяда бірнеше жыл қатарынан мекендейді. Балапандары үшеу-ақ болады. Балықшы тұйғын оларды 2 ай бойы ұяда тәрбиелейді. Аналығы жұмыртқаларын 35 күндей басып, балапан шығарады

Бақалтақ қыран. Қырандар тобындағы шағын денелі құс. Оның салмағы 700 грамнан аспайды. Сондықтан өте кішкене қыран, яғни бақалтақ қыран деп аталған. Бақалтақ қырандар-күңгірт және ашық түсті болып келетін жыл құсы. Биік өскен жапырақты және аралас орманды жерлерде мекендейді. Бақалтақ қырандар көбінесе басқа жыртқыш құстардың, құтанның ұяларын паналайды. Кейде өздері де ұя жасайды. Бақалтақ қыран ағаштың кепкен бұтақтарынан көлденеңінен өлшегенде 60-70 см болатын тік, ешқандай төсенішсіз жайпақ ұя құрастырады. Бақалтақ қыранның ұяларын қарағай, емен, жөке, шаған және тағы басқа ағаштардың басынан көруге болады. Оның жерден биіктігі көбінесе 12-22 метр. Аналық қыран ұяға 2 жұмыртқа тауып, оны 35 күн басып, балапан шығарады. Балапандары 45-50 күнде ұядан өздігінен ұшуға жарайды. Олар күзге дейін ата-енелерімен бірге тіршілік етеді. Бақалтақ қырандардың негізгі қорегі - сүт қоректілер. Кейде кесірткелерді және тағы басқаларды да азық етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биосфералық қорықтар
Ауылшаруашылығы құстарының гигиенасы жайлы ақпарат
Наурызым қорығының экологиялық- географиялық жағдайы және биоалуантүрлілігі
Жануарлар дүниесін қорғау және қалпына келтіру жолдары
Орман,балық жане аңшылық шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы бұзушылықтарды жою бойынша міндетті түрдегі ұйғарым
БАҚЫЛАУ ЖҰМЫМЫ
Мұнаймен ластанудың қоршаған ортаға тигізетін әсері
Наурызым мемлекеттік табиғи қорығын экологиялық туризм мақсатында қолдану
Оқушыларға экологиялық білім берудің теориясы мен әдістері
ХIX ғасырда экологиямен айналысқан ғалымдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz