Жер ресурстарын қорғау және тиімді пайдалану



Топырақ . жер беті организмдері мен тау қыртыстарының әр түрлі климатта, аймақ рельефі мен адамның шаруашылық әрекетінің қарым.қатынасының ерекше полифункциональды жүйесі.
Бүгінгі күні адам баласы 98%.н астам азық.түлікті жер пайдалану арқылы алады. 21 ғасырдан бастап топырақ, табиғи және антропогендік факторлардың қарым.қатынасының ерекше жүйесі ретінде, қоғам және табиғат өмірінде .үлкен орын алады.
Азық.түліктік, экологиялық қауіпсіздік және тұрақты даму жерді тиімді пайдаланусыз мүмкін емес.
Азық.түліктік қауіпсіздікті орындаудағы басты шарт топырақ құнарлығын көтеру және ауыл шаруашылық мәдениеттер мен жануарлардың өнімділігін арттыру болып табылады.
Өткен ғасырдан басталған топырақтың антропогендік деградациялануы топырақты қорғау, құнарлығын көтеру және ұдайы өндірісті жаңарту өзекті проблема болып отыр. БҰҰ қоршаған орта және тұрақты даму конференциясының (Рио.де.Жанейро, 1992) құжаттарында жер аумағының топырақ қабатының деградациялануы дәрежесі бойынша келесі мәліметтер берілген: деградацияның шеткі дәрежесі.1%, күшті.15%, орташа.46% және жеңіл.36%. Топырақтың деградациялану процесі әлемдегі гумидті және аридті зоналарда кеңінен таралған.

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Жер ресурстарын қорғау және тиімді пайдалану



Топырақ - жер беті организмдері мен тау қыртыстарының әр түрлі климатта, аймақ рельефі мен адамның шаруашылық әрекетінің қарым-қатынасының ерекше полифункциональды жүйесі.
Бүгінгі күні адам баласы 98%-н астам азық-түлікті жер пайдалану арқылы алады. 21 ғасырдан бастап топырақ, табиғи және антропогендік факторлардың қарым-қатынасының ерекше жүйесі ретінде, қоғам және табиғат өмірінде .үлкен орын алады.
Азық-түліктік, экологиялық қауіпсіздік және тұрақты даму жерді тиімді пайдаланусыз мүмкін емес.
Азық-түліктік қауіпсіздікті орындаудағы басты шарт топырақ құнарлығын көтеру және ауыл шаруашылық мәдениеттер мен жануарлардың өнімділігін арттыру болып табылады.
Өткен ғасырдан басталған топырақтың антропогендік деградациялануы топырақты қорғау, құнарлығын көтеру және ұдайы өндірісті жаңарту өзекті проблема болып отыр. БҰҰ қоршаған орта және тұрақты даму конференциясының (Рио-де-Жанейро, 1992) құжаттарында жер аумағының топырақ қабатының деградациялануы дәрежесі бойынша келесі мәліметтер берілген: деградацияның шеткі дәрежесі-1%, күшті-15%, орташа-46% және жеңіл-36%. Топырақтың деградациялану процесі әлемдегі гумидті және аридті зоналарда кеңінен таралған. ФАО халықаралық ұйымының бағалауы бойынша, жер шарының 70%-й аумағы рельефтік және шаруашылық, топырақтық-климаттық жағдайларға байланысты өнімділігі төмен жерлер. Сонымен қатар әлемде өнімділігі жоғары топырақтың жоғалуы көбейіп отыр. Соңғы 50 жылда өнімділігі жоғары топырақтың жалпы аумағы 300 млн га-ға ттөмендеп, ал дегумификация процесстері нәтижесінде жойылған органикалық көміртектің көлемі 38 млрд т (Г.В. Добровольский, 2000) құрайды.
Топырақ қабатының масштабты антропогендік деградациясын ескере отырып, топырақтың, оның бағалы қасиеттерін - құрылымы, топырақ қарашірігінің құрамы, микробты ортасын, жоятын процесстерден қорғау және зиянды, токсикальды заттардың түсуі мен жинақталуын болдырмау қажет.
Деградацияланған топырақты нәтижелі пайдалану үшін, агротехникалық, фитоормантехникалық және мелиоративті шаралар, дербес немесе биологиялық және химимялық әдістермен бірлесіп жүргізіледі.
Топырақты деградациялануын болдырмау және жою үшін жасалған әдістер, тәсілдер және технологиялардың ішінде ең бастысы бұл адаптивті-ландшафты жерді пайдалану принциптеріне негізделіп, табиғатты тиімді пайдалану.
В.В.Докучаетің анықтамасы бойынша, топырақ бұл алты фактор жиынтығының қарым-қатынасы-климат, топырақ түзуші фактор, аймақ рельефі, тірі организмдер және адамның қызметі нәтижесінде түзілген, топырақ олармен уақыт және кеңістік бойынша байланысты болып келеді. Бұл факторлардың біреуінің өзгеруі топырақ қасиетінің өзгеруіне әкеледі. В.В.Докучаетің идеялары ғылымдардың: В.И.Вернадскийдің бисофера туралы, В.И.Сукачевтің биогеоценология еңбектерінде зерттелген болатын.
Бұл теориялық позицияларды қорытындылай келе топырақты қорғау сұрақтарына ұқыпты қарау керек. Топырақ қорғау-өзіндік мақсат емес. Топырақты қорғау оның өнімділігін көбейту мен сақтауда біріктіріп пайдалану үшін қажет. Бірақта, өнімділік табиғатты, биосфераны қорғаудағы жалғыз аспект емес. Сонымен қатар осы кезде топырақтың экологиялық рөлі, оның санитарлық қасиеті, энергия аккумуляторы мен трансформаторы ретіндегі рөлі және биосфераның компоненті ретінде мағына беріп, маңызға ие болады.
Топырақтың экологиялық функцияларының ішінде; топырақтың өсімдік тіршілігіне қажетті биофильды химиялық элементтермен аккумуляциясы және қоршаған ортаны ластайтын антропогенді химимялық заттектердің трансформациясы маңызды болып келеді. Бірінші орынға топырақтың және бүкіл экосистеманың тұрақты дамуын қамтамасыз ететін, буферлігі мен сыйымдылығы шығады.
Экосистеманың тұрақты дамуында тірі организмдер басты роль атқарады, бұл жерде топырақ олардың тұрақтылығының негізгі функциясын атқарады, 98%-н астам тірі организмдер топырақпен тығыз байланысты. Сонымен қатар биота зат және энергия айналымында негізгі роль атқарады, сондықтан топырақ деградациясы биофильды элементтер циклінің бұзылуына, топырақтың өздігінен тазару қабілетінің азаюына әкеліп соқтырады.
Топырақ қорғауды-елдегі және бүкіл планетадағы жер қорын тиімді пайдалану және сапалық жақсартуға, қорғауға бағытталған біртекті шаралар жүйесі ретінде қарастыру қажет.
. Көп ғасырлық тәжірибелер көрсеткендей, барлық елдердің дамуы мен өмірге икемділігінің басты көздері оған тиесілі жер қорлары мен онда тұратын адамдар. Сонымен қатар жер ресурстарына, елдің территориясы ғана емес, жер үсті және жер астында орналасқан барлық кеңістік жатады. Елдің жер ресурстарымен қамтамасыз етілуі-қоғамдық өндірістегі дамуда, маңызды экономикалық және саясаттық фактор. Жер ресурстарының болуы-әлемдегі аймақтардың экономикалық дамуына мүкіндік береді.
Жер ресурстары-адам тұрмысы мен барлық шаруашылық қызметке пайдалануға жарамды, жер беті. Жер ресурстары аумақ үлкендігі және оның сапалығымен; рельеф, топырақ қабаты және табиғат жағдайларының көптеген комплексімен сипатталады.
Әлемдегі аумақ ауданы бойынша үлкен елдер: (млн.км2)
1. Ресей-17,1
2. Канада-10,0
3. Қытай-9,6
4. АҚШ-9,4
5, Бразилия-8,5
Әлемдегі жер ресурстары. Жерді дұрыс емес және бақылаусыз пайдалану жер ресурстарының өнімділігінің азаюы мен деградациясының негізгі себебі болып табылады. Қазіргі кезде тәжірибелік жер ресурстарын пайдалануда, оның потенциальды мүмкіндіктері, өнімділігі, шектеуші факторлар мен аумақтың әртүрлілігі ескерілмейді. Қазіргі уақыттағы5,4 млрд жер беті тұрғындарының саны ғасырдың соңынан дейін 6,25 млрд-қа жетеді деп болжанып отыр. Қажеттіліктерді қанағаттандыру азық-түліктік өндірісті көбейту қажет етеді, ал бұл өз кезегінде табиғат ресурстарына, соның ішінде жер ресурстарына түсетін жүктеменің көлемін ұлғайтады.
Адамзаттың жер ресурстарымен қамтамасыз етілуі әлемдік жер қорымен анықталады, ол 13,4 млрд. га құрайды. Ірі аймақтардағы үлкен жер қоры Африка (30 млн.км2) және Азияға (27,7 млн,км2), ал ең кіші-Европаға (5,1 млн.км2) мен Австралияға (8,4 млн.км2) тиесілі. Алайда, аймақтардың жер ресурстарын халықтың бір санына есептегенде, нәтижесі қарама-қарсы болады: халық аз орналасқан Австралияда бір адамға 37 га жер келсе (максимальды көрсеткіш), ал Азия тұрғынына тек 1,1 га ғана, Европада шамамен осындай көрсеткіш.
Әлемдік жер қорының 11% - ғана аса бағалы өңделетін жер құрайды. Мұндай көрсеткіш Африка, ТМД және Солтүстік Америка елдеріне тән, ал Европа (29%), Австралия және Оңтүстік Америкада біршама жоғары. Әлемдегі жерді өңдеу көлемі бойынша-АҚШ, Үндістан, Ресей, Қытай және Канада. Бүткіл әлем бойынша жайылым үшін 23%-н астам жер пайдаланады.
Әлемдегі жер қорының құрылымы- екі қарама-қарсы процестер нәтижесінде өзгеріп отырады. Бірінші процесс- адам баласының тұрмысына жарамды және ауыл шаруышылыққа пайдалы (мелиорация, кептіру) жерлерді кеңейту үшін күресі. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғатты пайдалану экономикасы туралы ақпарат
Табиғатты пайдалану экономикасы дәрістер тізімі
Жер ресурстарын қорғау
Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану
Табиғат ресурстарын пайдалану төлемдері
Ресурстар мен жер қойнауын қорғау әрі оңтайлы пайдалану
Жер ресурстары – ел байлығының негізі
Орман шаруашылығы жайлы
Табиғат пайдалану төлемдері
Жерге орналастыру органдарының жер ресурстарын басқару саласында
Пәндер