Социология ( оқу құралы )



МАЗМҰНЫ

КIРIСПЕ 5
I бөлім. СОЦИОЛОГИЯНЫҢ ҰҒЫМДЫҚ АППАРАТЫ 10
1.тарау. СОЦИОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫ 10
Социологияның объектiсi мен пәнi 10
Социологиялық бiлiмнiң құрылымы 18
Социологияның функциялары 23
2.тарау. СОЦИОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ НЕГIЗГI КАТЕГОРИЯЛАРЫ
МЕН ҰҒЫМДАРЫ 27
Социологияның категориялары мен ұғымдарын жiктеу 27
Қоғам жүйе ретiнде 29
Әлеуметтiк iс.әрекеттер, өзара iс.қимылдар және
қарым.қатынастар 34
Қоғам құрылымындағы тұлға 37
Әлеуметтiк мәртебелер және рөлдер 42
Әлеуметтiк стратификация 47
Әлеуметтiк топтар 57
Әлеуметтiк институт 61
Әлеуметтiк ұйымдар 68
3.ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СОЦИОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫ 76
Қазақстанда социологиялық көзқарастардың қалыптасу негiздерi 76
Қазақстанда социология ғылымының қалыптасуы (ретроспективтiк шолу) 86
Қазақстанда қазiргi заманғы социология ғылымы дамуының негiзгi бағыттары 90
II бөлім. СОЦИОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ 110
1.тарау. КЛАССИКАЛЫІ ӘЛЕУМЕТТIК ТЕОРИЯ
ПРОТОСОЦИОЛОГИЯ РЕТIНДЕ 110
Әлеуметтiк бiлiм эволюциясы 110
Социологиялық ойдың дамуын кезеңге бөлу 110
Ежелгi Шығыс пен Ежелгi Греция мемлекеттерiндегi
әлеуметтiк iлiмдер 115
Орта ғасырлардағы әлеуметтiк таным 125
Жаңа дәуiрдiң социологиялық ойлары 133
Ағылшын ағартушылығы 136
Француз ағартушылығы 139
Немiс ағартушылығы 149
Қорытынды 153
2.тарау. КЛАССИКАЛЫҚ СОЦИОЛОГИЯ ТАРИХЫ: ИДЕЯЛАРЫ, ТЕОРИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ӨКIЛДЕРI 157
Огюст Конт 157
Джон Стюарт Милль 169
Карл Маркс 173
Герберт Спенсер 181
Вильфредо Парето 190
Фердинанд Теннис 201
Эмиль Дюркгейм 206
Гаэтано Моска 219
Георг Зиммель 226
Макс Вебер 233
3.тарау. ҚАЗIРГI ЗАМАН СОЦИОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛАРЫ
МЕН ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ 246
Жаһанданудың қазiргi теориялары 246
Рональд Робертсонның мәдени центристiк теориясы 249
Энтони Гидденстiң жаїандану теориясы 250
Эммануил Валлерстайнның әлем.жүйе теориясы 251
Мануэль Кастельс: ақпараттық экономика және жаһандану
процесi 253
“Қайраткер — құрылым” теориялары қазiргi қоғамды зерттеудiң құралы ретiнде 259
Маргарет Арчердiң морфогенез теориясы 260
Энтони Гидденстiң құрылымдық теориясы 264
Қызмет және құрылым: Джеффри Александердiң жаңа функционализмi 266
Жаңа институционализм теориясы 267
Нил Флигстайнның жаңа институционализм теориясының сараптамасы 268
ІІІ бөлім. ОРТА ДЕҢГЕЙ ТЕОРИЯСЫ 274
1.тарау. ЭКОНОМИКАЛЫҚ СОЦИОЛОГИЯ 278
Экономикалық социология пәнi 278
Экономикалық социологияның тарихи дамуы 281
Экономикалық социологияның негiзгi категориялары 285
Нарық социологиясы 290
Кәсiпкерлiк социологиясы 294
Шаруашылық ұйым социологиясы 299
Еңбек нарығы және жұмыспен қамту порблемасының
социологиясы 302
2.тарау. САЯСИ СОЦИОЛОГИЯ 313
Саяси социологияның пайда болуы мен дамуы 314
Саясаттану және саяси.әлеуметтiк пікір алысулардың
айырмашылығы 316
Саяси социологияның зерттеу объектiсi мен пәнi 317
Саяси социологияның субъектiсiн түсiну 318
Саяси социологияның әдiстерi және заңдылықтары 318
Институттар — саяси социологияның орталық категориясы
ретiнде 319
Билiкке түсiнiк беру 321
Саяси социологиядағы мемлекет категориясы 325
Азаматтық қоғам және оның институттары 326
Саяси социологияны анықтаудағы тұлғаның орны 331
Саяси жетекшiлiк 333
Қоғамдық пiкiрдiң саяси социологиясы 335
3.тарау. ҒЫЛЫМ, БIЛIМ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ
СОЦИОЛОГИЯСЫ 340
Ғылым социологиясы 340
Бiлiм беру социологиясы 346
Мәдениет социологиясы 351
4.тарау. ДIН СОЦИОЛОГИЯСЫ 358
Дiн социологиясының қалыптасуы мен дамуы 358
Дiн және қоғам. Дiннiң әлеуметтiк функциялары 362
Дiни ұйымдар мен дiни индивид типологиясы 372
5.тарау. ЭТНОСОЦИОЛОГИЯ 378
Этникалылықтың теориялық мәселелері 378
Этносаралық қатынастар 391
Қазақстандағы этносаралық қатынастарды социологиялық
зерттеу 395
Этносоциологиялық зерттеу методологиясы 398
6.тарау. ЖАНЖАЛДАР СОЦИОЛОГИЯСЫ 413
Әлеуметтiк жанжал табиғаты 413
Жанжалды жіктеу 419
Саяси жанжалдың өзіне тән ерекшелігі 420
Жанжалдар динамикасы және оларды реттеу әдiстерi 422
Жанжал қоғам мен тұлғаның әлеуметтiк әрекеттесуiнiң түрi
ретiнде 425
ІV бөлім. СОЦИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУДІҢ МЕТОДОЛОГИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕРІ 434
1.тарау. СОЦИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУДІі МЕТОДОЛОГИЯСЫ МЕН ЛОГИКАСЫ 434
Ғылыми және социологиялық зерттеудің методологиясы
мен логикасы 434
Социологиялық зерттеудің кезеңдері 441
Социологиялық зерттеудің бағдарламасы 442
Социологиялық зерттеудің іріктеуін құрау. Іріктеу жиынтығы 448
Сипатты есептеу 449
Квоталық және кездейсоқ зерттеу әдістері 449
Іріктеу жиынтығы элементтерінің құрылымы 450
2.тарау. СОЦИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ,
БАҒЫТТАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ 455
Социологиялық зерттеулерді жіктеу 455
Сандық және сапалық әдістер: бәсекелестік пен серіктестік 462
Формализмге негізделген сұрау 466
Формализмге негізделмеген сұхбат 471
Фокус.топ 473
Бақылау 474
Социологиялық және маркетингтік ақпарат жинаудың халықаралық ережелері 476

3.тарау. ЗЕРТТЕУДІҢ ҚҰРАЛДАРЫН ҚҰРАСТЫРУ 478
Формализмге негізделген сұрақнама 478
Фокус.топтың гайды 483
4.тарау. СОЦИОЛОГИЯЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ 486
10.0.5. нұсқасындағы SPSS статистикалық мәліметтер 486
жинаудың, талдаудың көпфункционалдық кешені 486
5.тарау. СОЦИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУДІҢ МӘЛІМЕТТЕРІН
ТАЛДАУ 495
Мәліметтерді талдау кезеңдері 495
Зерттеу нәтижелерін ұсыну 499
Зерттеу нәтижелерін жұртшылыққа жеткізу 501

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 318 бет
Таңдаулыға:   
СОЦИОЛОГИЯ

Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi жоғары оқу
орындарының студенттерiне арналған
оқу құралы ретiнде ұсынады

АСТАНА
2004
УДК
ББК

Пiкiр жазғандар:
ҚР ҰҒА академигi, философия ғылымдарының докторы Ж.М. Әбдiлдин,
ҚР ҰҒА мүше-корреспондентi, философия ғылымдарының докторы Ә.Н.
Нысанбаев

Жалпы редакциясын басқарған: Қазақстан социологтары ассоциациясының
президентi, социология ғылымдарының докторы, профессор М.М.Тәжин
Авторлар ұжымы: Әженов М.С., Әбдiкерова Г.О., Әбдiрайымова Г.С., Әбжалиева
А., Әйтiмбет И.А., Биекенов К.Ү., Ғабдуллина І.Г., Гуревич Л.Я.,
Жаманбалаева Ш.Е., Есiм Ғ., Жаназарова З.Ж., Забирова А.Т., Калмыков
С.К., Қожамқұлова Л.Т., Мельников Д., Нұрбекова Ж., Әмiрсейiтова А.Қ.,
Оспанов С.И., Пузиков М.Ф., Садырова М.С., Сейдуманов С.Т., Телебаев
Ғ.Т., Өтешов С.К., Шәукенова З.К., Шеденова Н.У., Царева Т.А.
Редакция алқасы:
Шәукенова З.К. (жауапты редактор), Жаманбалаева Ш.Е., Забирова А.Т.,
Сейдуманов С.Т.
Мемлекеттiк тiлдегi редакциясы: Аяған Б.Ғ., Манақбаев Б.Қ.

Социология: Оқулық Редакциясын басқарған проф. М.М.Тәжин. – Астана,
2004. – 506 бет.

ISBN

Оқулықты баспаға Қазақстан социологтары ассоциациясының кәсiби
бiрлестiгi мүшелерiнен құралған авторлар ұжымы дайындады. Мемлекеттiк бiлiм
беру стандартына сай, Қазақстандағы нақты жағдайды және шетелдерде шыққан
оқулықтарды ескере отырып жазылған бұл кiтап қазiргi заманғы социология
ғылымы туралы неғұрлым толық мағлұмат бередi. Оқулықта социологияның
негiзгi ұғымдары, орта деңгейдегi әлеуметтiк және социологиялық
теориялардың тарихы, сондай-ақ социологиялық зерттеулер жүргiзген кездегi
методологиялық тәсiлдер қарастырылады.
Жоғары оқу орындарының студенттерiне, аспиранттары мен оқытушыларына
арналған.

УДК
ББК

Мұқабаны безендiруге ... ... картинасының үзiгi пайдаланылды

ISBN © Баспа, 2004
© Тәжин М.М.
© Қазақстан социологтарының ассоциациясы
Қазақстан социологтары ассоциациясының
президенті, социология ғылымдарының докторы, профессор
М.ТӘЖИННІҢ АЛҒЫ СӨЗІ

Қалыптасып қалған санада социология түрлі сауалдамаларға келіп саяды.
Осы сияқты тұжырым бұл ғылымның орасан әлеуетін бүркеп қалады. Дегенмен де
социологияның екі жүз жылдық тарихы өз бастамасын О.Конт пен Э.Дюркгеймнен,
Т.Парсонс пен Р.Мертоннан, Г.Гарфинкель мен И.Гофманнан алатын ғылымның
тындырылған теориялық және әдістемелік жетістіктерінің таңғаларлық байлығын
паш етуге мүмкіндік береді.
Қазіргі заманның шешуші проблемасы – жаһандану мен қоғам дамуының жаңа
үрдістерінің пайда болуы жағдайындағы социумның күрт күрделеніп кетуі. Оған
жауап ретінде социология зерттеу өрісін күрт ұлғайтты. Соңғы онжылдықтарда
гендерлік социология, этносоциология, халықаралық қатынастар социологиясы
пайда болды, урбанистикалық және аймақтық социологияның екінші тынысы
ашылды, мәдениет социологиясы, девианттық мінез-құлық социологиясы, басқару
социологиясы және т.б. сапалық жағынан өзгерді.
Социология мұндай онтологиялық ұлғаюға анағұрлым дайын боп шықты. Бұл
жерде кездейсоқтық жоқ. Социологиялық білімнің мазмұндық дамуы үш
тұғырнамаға арқа сүйейді. Біріншіден, өткен ғасырда күшті және кескінді
жалпы модельдерді туғызған қарқынды теориялық пікірталас жүріп отырды.
Құрылымдық-функционалдық парадигманың, этноәдістеменің, нышандық
интерактивизмнің, құрылымдану теориясының, феноменологиялық социологияның
пайда болуын еске алса да жетіп жатыр. Мұның барлығы қазіргі заманғы
социумның өзін-өзі түсінуіне орасан резерв әзірледі. Екіншіден, ХХ ғасырда
орта деңгейдегі теорияның – әлеуметтік стратификацияның әртүрлі
тұжырымдамаларынан бастап отбасы социологиясына дейінгі егжей-тегжейлі
зерттемесі жүріп отырды. Өткен ғасырда социология әлеуметтік басқару мен
болжам жасаудың күшті құралына айналған социологиялық зерттеулер
әдістерінің егжей-тегжейлі дамуының арқасында қалыпты ғылым сипатына ие
болды.
Қазақстандағы социологияның дамуын бұл пәннің дамуының жалпы
контексінен тыс түсінуге болмайды. Қазақстандық социологияның қазіргі жай-
күйіне баға беруді және оның келешегін қарастыруды жалпыәлемдік үрдістермен
байланыстыра отырып жасау қажет.
Біздің еліміздегі социология дамуының ерекшелігі оның бастапқы
кезеңінде онымен негізінен әлеуметтік философия саласының мамандарының
шұғылғандығы болып табылады. Бұл бұрынғы КСРО-дағы социологияның жалпы жай-
күйін білдіретін еді. Бірақ социология ұғымдық деңгейде де, әдістемелік
деңгейде де басқаша жұмыс істейді – басқа верификация критерийлері,
зерттеудің басқа әдістері, жеке санаттық тор. Біртіндеп олардың
алшақтықтары айқындала бастады. Әдістемелік деңгейде ол игеріліп,
Қазақстанда жақсы өрістік зерттеулер жүріп жатқан болса, ал теориялық
социология, өкінішке орай, уақыт талабынан қалып келеді.
Жалпы алғанда біздің елімізде социологияның институционалдануы іске
асты. Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарында кафедралар ашылып,
жүздеген мамандар даярланды. Соңғы он жыл ішінде бірнеше ондаған докторлық
және кандидаттық диссертациялар қорғалды. Бірқатар жеке меншік зерттеу
құрылымдары ашылды. Салалар белгілі бір дифференцияға ұшырады.
Бұл оқулық – социология саласындағы қазақстандық алғашқы тың
басылымдардың бірі болып табылады. Мемлекеттік тілдегі cоциология
саласындағы осындай жиынтық жұмысқа деген сұраныс әлдеқашан пісіп-жетілген.

М.М.Тәжин

КІРІСПЕ

Социология - қызықты және іс жүзінде маңызды ғылым. Ол қоғамда және
адамдар арасында не болып жатқанын, әлеуметтік өзгерістердің қалай жүріп
жатқанын, өмірдің әр түрлі ағындарының нәтижесі қандай болатынын білуге
мүмкіндік береді. Социология ғылымы қоғамның қараңғыда қармаламай,
мақсаттары мен мүддесін, болжам нәтижелерін айқын түсіне отырып саналы
түрде алға басуына жәрдемдеседі. Ой-тұжырымдар ғылымы ретінде социология,
біріншіден, басқа қоғамдық ғылымдарда сәтті пайдаланатын күшті тәжірибелік
базаға сүйенеді, екіншіден, оның өзі әлеуметтік тәжірибенің сенімді
теориялық негізі болып табылады.
Қазіргі таңда еңбек рыногында экономистермен, заңгерлермен және
психологтармен қатар социологтарға да сұраным өсіп келеді. Егер де
экономика, заң және психология ғылымдары кеңестік дәуірдің өзінде жете
дамыған болса, қазіргі Қазақстан үшін социология - салыстырмалы түрде
алғанда жас ғылым. Ол ТМД-ның басқа елдеріне қарағанда бізде кеш қалыптасты
және қазір ол жаңа егемен мемлекеттің қаз тұруы жағдайында дамып келеді.
Қазақстанда социология ғылымының тәжірибелік талаптардан және әлемдік
стандарттардан кешеуілдеп тұрғанына, білікті кадрлардың, әлеуметтік-
экономикалық ақпараттың, оқулықтар мен оқу құралдарының тапшылығына
қарамастан Қазақстан Республикасында социологияның институттануы қарқынды
жүріп жатыр. Оның негізгі дәлелі социологияның тиісті кәсіби білім
алатындар үшін ғана емес, жоғары оқу орындарын бітіретін жүздеген мың жас
мамандардың да оқу пәніне айналғаны болып отыр. Болашақ Қазақстан қоғамында
ерекше позицияға ие болатын қазіргі студенттер таңдаған саласында ғана
кәсіби даярланып қоймай, әлеуметтік ұйымның, қоғамдық өзгерістердің даму
заңдарын білетін әлеуметтік жағынан білікті, қоғамды талдау дағдыларын
меңгерген адам болуға тиіс.
Соңғы жылдары қазақстандық оқырмандар батыстың социологиялық ойларының
белгілі авторларының негізгі еңбектерімен танысуға мүмкіндік алып отыр.
Ресейлік әріптестер Э.Дюркгеймнің, М.Вебердің, Т.Парсонстың, Н.Смелзердің,
Р.Аронның және басқалардың іргелі еңбектерін орыс тіліне аударып, басып
шығарды. Олардың тұжырымдамаларының әр түрлі қырлары ғылыми жарияланымдар
мен зерттеулерде көрініс тапқан. Сонымен қатар социологиялық проблемалар
отандық авторлардың еңбектерінде, оның ішінде қазақ тілінде басылатын
еңбектерде енді ғана көріне бастады. Іс жүзінде Қазақстанда төл оқулық,
мұндай жанрдағы кітап шығарудың қалыптасқан дәстүрі жоқ, басқа ғылымдармен
салыстырғанда тиісті бай тәжірибе де жоқ. Социологиялық білім беру
саласында: а) әлемдік социологияның классикалық мұрасын құрайтын жетекші
шет елдік теориялар мен парадигмаларды; б) ТМД елдері социологиясының алтын
қорын құрайтын кеңестік және одан кейінгі кезеңдегі үздік теориялық және
эмпирикалық жасалымдарды; в) ағымдағы қазақстандық шынайы жағдайды талдау,
бүгінгі болып жатқан әлеуметтік процестерді, олардың динамикасын, бастау
көздері мен салдарларын талдауды орайлы ұштастыратын осы заманға сай
оқулықтар басып шығаруға деген өткір қажеттілік бар екені айқын.
Қазіргі таңда мұндай оқулықтар жасауға қолайлы жағдай бар деп айтуға
әбден болады. Бір жағынан, олардың тұжырымдамалық өзегін кәсіби
социологиялық білім алу үшін міндетті түсініктер мен категориялардың ең кем
дегендегі қажетті жинақталымын беретін жоғары оқу орындарына арналған
социология бойынша мемлекеттік білім беру стандарты құрап отыр. Екінші
жағынан, қазіргі заманғы - әлемдік, ресейлік және белгілі бір дәрежеде
отандық социологияның жетістіктері қоғамымыздың әлеуметтік құрылым мен
бөлшектелу, қақтығыстар мен девианттық мінез-құлық, әлеуметтік институттар
мен процестер және т.б. іргелі проблемаларын неғұрлым толық және терең
қамтуға мүмкіндік береді.
Бұл оқулық - әлеуметтік проблемаларды шет елдік және отандық
әдебиеттегі кең ауқымды теориялық материалдардың негізінде тұжырымдау,
жүйелеу әрекеті жасалған социология курсы бойынша алғашқы іргелі
оқулықтардың бірі.
Социология - әлемге ерекше көзқарасты, қоршаған ортаны көре білудің
ерекше тәсілін туғызады. Социологтың дүниені қабылдауы әлеуметтік өзара
әрекеттестіктің нәзік материясын ұғынуды - интуицияның ерекше түрін
құрайтын социологиялық ойдың категориялық құрылымымен реттеледі. Оқулықтың
басты міндеті - социологияны тұтас және қарама-қайшылықсыз әдістемелік және
тұжырымдамалық аппараты бар және социологиялық фактілердің берік іргетасына
негізделген ғылым ретінде баяндау. Оқулықтың функциялары - студенттерге
ғылыми құралдарды, теорияларды және әдістерді пайдалану ережелерін үйретіп
қана қоймай, бұдан да маңызды нәрсе - қоршаған болмысты көре білуді,
студенттің талдамалық ойлауын, мәселенің маңызын өз бетінше тани білуін,
болашақ кәсіби қызметіне дайындалу қабілетін қалыптастыру.
Оқулықтың құрылымын жасаған кезде, сондай-ақ мәселелердің маңызын ашқан
кезде авторлар оны қазіргі отандық социологияның алдында тұрған міндеттер
тұрғысынан қарады. Бұл - әдістемелік-теориялық негіздемені және оларға
сәйкес келетін әдістеме мен техниканы игеру, әлемдік социологияның
қабылданған ортақ ғылыми стандарттары деңгейіне шығудың жолын іздестіру
және социология ғылымының жан-жақты тілін игеру. Сонымен қатар, авторлар
мемлекеттік стандарт талаптарының барлығын жүзеге асыруға, ал проблеманы
баяндаған кезде біржақты баға беру мен түсіндіруден аулақ болуға және
жетекші мамандардың позицияларын беруге барынша тырысты. Оқулық
социологияның төрт шешуші бөлімін - әдістемені, социология тарихын, арнайы
социологиялық теорияны және социологиялық зерттеулер жүргізу әдістемесі мен
техникасын қамтиды.
Ғылымның не екенін, теориялық білімнің құрамдас бөлігі ретіндегі
социологияның не екенін білмейінше олардың құрамдас бөліктері, олардың
мазмұны, социологияның басқа бөлімдері туралы білімді одан әрі дамыту
мүмкін емес. Социологияның іргелі білім екені оның пәнінен айқындалады,
онда негізгі ұғымдар мен категориялар өзара қисынды қарама-қайшылықсыз
тәсілдермен байланысқан. Пәнділік - ғылымды танымның басқа түрінен
ажырататын алғашқы белгі. Бұл деген сөз осы пәннің өзіндік, ерекше пәндік
саласы, яғни осы салаға кіретін және осы ғылым зерттейтін объектілердің
елеулі қасиеттері мен белгілерінің жиынтығы бар екенін білдіреді. Сондықтан
да кітаптың бірінші бөлімі социологияның объектісі мен пәні, оның ғылымдар
жүйесіндегі орны мен рөлін қарастырудан басталады.
Социология ғылымының тұжырымдамалық-ұғымдық аппаратының маңызы орасан
зор. Біз социологияның ұғымдық аппаратының қалай өзгеріп жатқанының, оның
жетіліп, байып жатқанының, түсініктердің қалай жаңа мазмұнмен толығып
жатқанының куәсіміз, бұлар зерделенетін шынайы өмір туралы біздің
ұғымымызды едәуір тереңдетіп, нақтылай түседі. Оқулықта социология
ғылымының маңызды категориялары мен түсініктері туралы ұғым тұжырымдалады,
онда зерделенетін әлеуметтік шынайы өмірдің елеулі қасиеттері, олардың бір-
бірімен байланысы және қарым-қатынасы, шынайы әлеуметтік процестер
қамтылады. Негізгі түсініктер шеңберін анықтап алу әлеуметтік процестерді
зерттеудің әдістемелік негізін жасауға, әлеуметтік байланыстар, қарым-
қатынастар, тәуелділіктер аясында түсіндірілуі керек объектілерді сипаттау
мен талдауға мүмкіндік береді.
Қазақстанда социологияның дербес ғылым болып қалыптасуының қиын да
күрделі жолы авторларды осы оқулықта социологияның тарихы, қазіргі жай-күйі
және тенденциялары туралы мәселелерді қамтуға зор көңіл бөлуге міндеттейді.
Оқулықтың екінші бөлімі социология тарихына арналған. Мұнда социология
білімін қалыптастырудың тарихи және әдістемелік алғышарттары берілген,
сондай-ақ қазіргі заманғы жаңа социологияның ғылыми базасын құрайтын шешуші
сәттер мен теориялық-әдістемелік принциптері баяндалған. Оқулық авторлары
өз міндеттерін: біріншіден, оқырманның жан-жақты баяндалған материалдарды
түсінуіне, мектептердің, бағыттар мен ағымдардың шексіз алмасуында өз
бағытын табуына көмектесу, екіншіден, оқырманға әлемдік социологиялық ойдың
жетістіктерін жеткізу, оның даму логикасын көрсету деп біледі. Оқырман
қандай да бір тұлғалармен және тұжырымдамалармен таныса отырып, өзінің
білім қорына жаңа нақыш қосады, сондай-ақ социология ғылымының мазмұнын әр
түрлі көзқарас тұрғысынан көре білуді үйренеді деп үміттенеміз. Социология
үшін оның тарихы туралы мәселе - қосалқы емес, мазмұнды да маңызды
проблема. Қоғам туралы ғылым ретінде социология ХІХ ғасырда пайда болды.
Бірақ одан ерте уақыттарда да адамдар қоғам дамуының логикасын, ондағы
өзінің рөлі мен орнын түсіне білген, өздерінің қоғам, өмірлік күш-жігері
туралы түсініктеріне қарай қоғамдық мінез-құлықтарын қалыптастырған.
Социология ғылымы ХІХ ғасырда бірден қалыптаса салған жоқ, қоғам туралы
көпқырлы ілімнің негізінде және әр түрлі көзқарастарды сын көзбен қайта
пайымдау, тұжырымдау процесінде қалыптасты. Бұл бөлімдегі ерекше маңызды
нәрсе әлемдік социологиялық ғылым генезисіне Шығыс елдеріндегі әлеуметтік
білім саласында орныққан тенденциялардың енгізілуі болып табылады. Шығыста
мифологиялық, діни және философиялық ілімдерден, әлеуметтік өмір мен мәдени
даму, адамның қоғаммен және табиғатпен қарым-қатынасы тәжірибесінен өрбіген
социологиялық ойдың туу тарихы мен эволюциясы бай, сан қырлы, көбіне
бірегей. Ұзақ жылдар бойы Шығыстың социологиялық ойларын елемей батыстық
әлеуметтік-мәдени дәстүрлер тәжірибесінің маңызын асыра бағалауға
байланысты бұл материалдар ресейлік, еуропалық, американдық социология
жөніндегі оқулықтарда жоқ. Бүгінгі күні социология тарихы мен оның қазіргі
заманғы жетістіктерін тек еуропалық, батыстық әлеуметтік-мәдени дәстүрлер
аясынан ғана іздеудің қате екендігі айқын болып отыр. Оқулықта авторлар
Шығыстағы жекелеген діни-философиялық, философиялық-этикалық ілімдердің,
сондай-ақ олардың өкілдерінің социологиялық ойлары дамуының үлесі мен
өзіндік ерекшеліктерін сипаттай отырып, социологиялық білім берудегі
ақтаңдақтарды жоюға тырысты.
Үшінші бөлім қазіргі кезде ғылыми тәжірибеге мықтап енген бірқатар
арнайы социологиялық теорияларға арналған. Бұл бөлімді жазарда авторлардың
көп жылдық экономикалық социология және саяси социология, ғылым, білім,
мәдениет социологиясы, этносоциология, жанжалдар социологиясы және дін
социологиясы сабақтарын оқыту тәжірибелері пайдаланылды. Бірқатар
тақырыптар - жастар социологиясы, отбасы социологиясы, басқару социологиясы
және басқалар оқулық көлемінің шектеулі екеніне байланысты оған енбей
қалды.
Соңғы төртінші бөлім эмпирикалық және социологиялық зерттеулердің
методологиясы мен әдістемесіне арналған. Бүгінгі күн тәртібінде
социологиялық зерттеу жүргізудің кәсіби әдістерін, дағдыларын және оны
жүргізуді қалыптастырудың тәжірибелік қырларын күшейту міндеті тұр.
Эмпирикалық базасыз социология жоқ. Социологтар әлеуметтік фактілер туралы
эмпирикалық мәліметтерді ең алдымен арнайы социологиялық әдістердің,
техниканың, рәсімнің көмегімен алады. Социология сенімді, дәл эмпирикалық
мәліметтер алуды қамтамасыз ететін және осы мәліметтер мен солардың
көмегімен алынатын әлеуметтік фактілерді тексеруге жол беретін әдістерді
пайдаланатындықтан да ғылым болып табылады. Социологияның басқа әлеуметтік
және гуманитарлық ғылымдарда да көп пайдаланылатын жан-жақты әдіс түрлерін
жасауға қосқан үлесін жұртшылық мойындаған. Оқулықта зерттеу жұмыстарын
орындау тәртіптері, әдістер мен құралдарды көрсету социологиялық зерттеу
бағдарламасын жасаудың логикалық құрылымы шеңберінде жүзеге асырылады.
Біріншіден, социологтың теориялық жұмысының үлгісін жасауға мүмкіндік
беретін социологиялық таным атқаратын тәртіптері, түйінді сәттері
көрсетіледі. Екіншіден, социологтың еңбегін нақты жағдайға жалғастыратын
және іс-қимылдың қатаң тізбектілігін жоспарлауға мүмкіндік беретін
социологиялық зерттеудің ұйымдық-техникалық қамтамасыз етілуі келтірілген.
Тұтас алғанда, жоғарыда аталған тақырыптарды жан-жақты қарау
авторлардың пікірінше студенттердің социологиялық білімдерінің деңгейін,
біліктілігін оларды социологиялық ақпараттың болашақ тұтынушылары мен
ықтимал тапсырысшылары мен әлеуметтік проблемаларды ғылыми зерттеуге
қатысушылар ретінде қарай отырып көтеруге бағытталған.
Қазақстан социологиясының жай-күйі айтарлықтай жылдам өзгеруде.
Социология қоғамның іргелі әлеуметтік проблемаларын зерделеуге еніп,
толыққанды әлеуметтік ғылым мәртебесін алуда. Социологияның алдында
бұрынғыдан да күрделі мәселелер тұр. Олардың ішінде - дағдарыстан шығу
жолдарын іздестіру, маңызды мақсаттарға - республиканың шынайы
тәуелсіздігіне, қоғамдық бастамалардың нығаюына, құқықтық мемлекет құруға,
жаңа технологиялық, құрылымдық, институционалдық негіздегі толыққанды
ұлттық нарықтың қалыптасуын қамтамасыз етуге, түбегейлі әлеуметтік-
экономикалық және құқықтық реформаларды және т.б. жүзеге асыруға қол
жеткізу проблемалары бар. Социологияның басты назарында жалпыұлттық
идеологиялық басымдықтарды жүзеге асыру - ұлтаралық келісімді қамтамасыз
ету, ұлт ішіндегі бірлікті нығайту, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу,
қоғамда жоғары тілдік мәдениетті, тұрақтылық ахуалын және азаматтық
келісімді берік орнату шарттарын зерттеу мәселесі тұр. Бұл кәсіби деңгей
мен азаматтық жауапкершілікке аса жоғары талаптар қояды.
Оқырмандар социология туралы қалыптасқан ғылым ретінде түсінік алады
және бұл кітап біздің ғылымымыз бен еліміздің болашағы байланысты болып
отырған кәсіби деңгейі жоғары еңбексүйгіш болашақ социологтарға және жоғары
кәсіби білім алатын барлық қазақстандықтарға пайдалы болады деген
үміттеміз.

Авторлар

І бөлім. СОЦИОЛОГИЯНЫҢ ҰҒЫМДЫҚ АППАРАТЫ

1-тарау. СОЦИОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫ

Социологияның объектісі мен пәні

Кез келген ғылымды зерделеу алдымен оның объектісін, пәнін, басқа
ғылымдар жүйесіндегі және қоғам өміріндегі орны мен рөлін айқындаудан
басталады. Социология ғылымының осынау белгілерін ол жайындағы түсініктің
қазіргі кездегі пікірталасына және социологиялық мектепке тәуелділігіне
назар аудара отырып қарастырамыз.
“Социология” термині - екі сөзден құралған: латынның socіetas - қоғам
және гректің logos - сөз, түсінік, ілім деген сөздерінен. Демек,
этимологиялық тұрғыдан алғанда социология “қоғам туралы ғылым” немесе
“қоғам туралы ілім” дегенді білдіреді. Бірақ бұл біршама абстрактілі ой,
өйткені адамзат қоғамы өзінің заңды көріністерімен көптеген қоғамдық
ғылымдардың пәні болып табылады. Сондықтан да социология пәнін қандай да
бір басқа қоғамдық ғылым пәнінен бөлек қарауға болмайды. Ол үшін ең алдымен
социологияның объектісі мен пәнінің ара жігін ажыратып алған жөн.
Ғылыми таным объектісіне зерттеу қызметі бағытталатын объективті
шынайылық ретіндегі нәрсенің бәрі жатады. Нақты ғылымның зерттеу объектісі
туралы әңгіме болғанда объективті шынайылықтың қандай да бір бөлігі тұтас
зерттелмейді, сол ғылымның ерекшелігімен анықталатын жағынан бастап қана
зерттеледі. Объективті шынайылықтың нақты бөлігінің басқа жақтары бұл
жағдайда қосалқы нәрсе ретінде немесе берілген объектінің міндетті шарты
ретінде қарастырылады.
Объект дегеніміз белгілі бір немесе ерекше қасиеті бар объективті
шынайылықтың жеке бір бөлігі немесе элементтерінің жиынтығы. Және де
объективті шынайылықтың бір саласының өзі көптеген ғылымның зерттеу
объектісі бола алады. Мысалы, физикалық шынайылық - көптеген жаратылыстану
және техникалық ғылымдардың, ал әлеуметтік шынайылық - қоғамдық және
гуманитарлық ғылымдардың зерттеу объектісі. Қоғам адамдардың өзара
әрекетінің өнімі ретінде саналы, күрделі құбылыс және барлық қоғамдық
ғылымдар үшін ортақ зерттеу объектісі болып табылады. Алайда осы
ғылымдардың әрқайсысының өзіндік ерекшеленген зерделеу объектісі бар.
Сондықтан көптеген қоғамдық ғылымдардың объектісі тұтас қоғам емес, оның
қандай да бір жағы немесе көрінісі. Экономика ғылымдарының ерекшеленген
объектісі – қоғамдық өмірдің материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, алмасу
және тұтыну сияқты өзіне тән жақтары. Қоғам өмірінің экономикалық саласынан
едәуір өзгеше жағы – саяси биліктің ұйымдастырылуына, қызмет етуіне және
дамуына байланысты саясат саласы болып табылады. Және де ол - саяси
ғылымдардың ерекшеленген объектісі болып табылады. Бірқатар ғылымдар -
мәдениеттану, әлеуметтік психология, педагогика және басқалар - қоғамның
рухани өмірін, рухани құндылықтарды өндіру және бөлу, адамдардың рухани
сұраныстарын қанағаттандыру жолдарын, нысандары мен әдістерін зерделеуге
арналған [1].
Ғылыми білімнің объектісі мен пәні бір-біріне дәл келе ме? Жоқ, дәл
келмейді, өйткені кез келген ғылымның объектісі таным процесінің
бағытталған нәрсесі болып табылады, ал пәні қызметін объектіні құрайтын
тікелей зерделеуге жататын жақтары, байланыстары, қарым-қатынастары
атқарады [2]. Егер де ғылым объектісі - объективті дүниенің қандай да бір
бөлігін танытатын шынайылық дейтін болса, ал ғылымның пәні - осы
шынайылықтың ғылыми және тәжірибелік көзқарас тұрғысынан неғұрлым маңызды
заңды байланыстары мен қарым-қатынастарын анықтау жолымен, сол шынайылықты
абстрактілі деңгейде қайта тудыру. Кез келген ғылымның пәні объективті
дүниенің жай ғана бір құбылысы немесе процесі емес, оның зерделенетін
объектісінің дамуы мен қызмет етуінің басқа ғылым емес, тек қана осы ғылым
үшін ерекшеленген белгілі бір заңдылықтарын бөліп қарауға мүмкіндік беретін
теориялық абстрактілеу нәтижесі болып табылады. Мұндай абстрактілеу
(зерделенетін объектінің үлгісін жасау) әлеуметтік шынайылылықтың
социологтың қызметі бағытталған “бөлігін”, “саласын”, “қырларын” анықтайды.
Сонымен, ғылымның пәні ол зерделейтін объектіге тепе-тең емес. Ғылымның
пәні тұрақты бола алмайды және таным процесінің өзі сияқты үнемі қозғалыс,
даму, қалыптасу үстінде болады. Ғылымның пәндік саласының қозғалысы екі
шешуші факторға: бір жағынан ғылыми білімнің прогресіне, екінші жағынан
қоғамның өзгермелі сұранысына, әлеуметтік сұранымға тәуелді [3].
Социологияның пәндік саласы аталған факторлардың ықпалымен
қалыптасқандықтан және қалыптасып жатқандықтан социология өз пәнін
анықтауда өзгеріске ұшырамай тұра алмайды. Енді біз социология тарихының
ішінен оның пәні туралы ұғымның қалай өзгергенін қарастырамыз.
Социологияның негізін қалаушы О.Конт социологияның пәнін жалпыға ортақ
келісім негізін құрайтын тұтас алынған қоғам деп түсінді. Бұл келісім өз
кезегінде адамзат тарихының және адамның өз табиғатының бірлігіне арқа
сүйейді. О.Конт оң социологиялық білімді табиғи-физикалық процестерге
ұқсатып құрды. Социологияны әлеуметтік физика деп түсіну, оның пәндік
саласын әлеуметтік статикаға және әлеуметтік динамикаға бөлу осыдан келіп
шыққан.
Ағылшын философы әрі ғалымы Г.Спенсер социологияны әлеуметтік
институттардың табиғи эволюциясы нәтижесінде ондағы жіктелу тұтасумен
ұштасатын әлеуметтік организм ретіндегі қоғам туралы ғылым деп білді.
Неміс кәсіби социологиясының атасы Ф.Теннис социологияның өзі жасаған
тұжырымдамасы шеңберінде теориялық және қолданбалы социологиямен қатар
салыстырмалы оқу пәні ретінде эмпирикалық социологияны бөліп қарайды. Ол
индуктивтік әдіске арқа сүйейді және жалпы ұстанымдар ретінде теориялық
социология ұғымдарын пайдаланады. Теннистің ойынша социология пәнін
әлеуметтіліктің, қоғамдастықтың барлық түрлері және олардың негізін
адамдардың өзара әрекеті құрайды.
Француз социологиялық мектебінің негізін қалаушы Э.Дюркгейм үшін дербес
және ерекшеленген ғылым ретіндегі социологияның пәні әлеуметтік фактілерді
зерделеу болды, оларды “заттар ретінде”, қоғамдық тұтастықты нығайтатын
наным, ұжымдық сана жүйесіне қатысты функционалдылық көзқарасы тұрғысынан
түсіндірілуге тиіс нәрсе ретінде қарастыру қажет. Осы тұжырымдамаға сәйкес
“егер де олардың мүшелері оқшауланған кездегі әрекетінен гөрі мүлде өзгеше
ойлайтын, әрекет ететін және сезінетін” [4] әлеуметтік топтарды зерделеуге
тиіс. Басқаша айтқанда, оның түсінігінде социология дегеніміз әлеуметтік
институттар, олардың генезисі және жұмыс істеуі туралы ғылым.
Неміс социологы М.Вебердің көзқарасы бойынша социологияның пәнін
анықтау әлеуметтік мінез-құлықты түсінумен тығыз байланысты. М.Вебер үшін
социологияның пәні дегеніміз әлеуметтік іс-әрекеттердің мән-мағынасының,
әлеуметтік қарым-қатынастар мәнінің және олардың әрекет субъектісіне
арналған құрылымдарының тұтас жиынтығы. Бұл позитивтік-баяндаушы емес,
түсінікті социология болуға тиіс.
Социология пәні туралы американ социологы П.Сорокиннің түсініктері
қызықты. Ол барлық ғылымдарды үш топқа - объективті нақты өмірдің
органикалық бөлігін зерделеумен шұғылданатын ғылымдарға, органикалық емес
бөлігі және “органика үстілік” немесе әлеуметтік мәдени бөлігін зерделейтін
ғылымдарға бөледі. Объективті шынайылықтағы органикалықтан тыс феномендер
саласын адамның ментальдік, ойлау қызметінде көрініс табатын әлеуметтік
феномендер құрайды. Бұл салаға тіл, ғылым мен техника, дін, философия,
өнер, құқық, этика, адамдардың әдет-ғұрыптары мен мінез-құлықтары жатады.
Социология ғылымдардың үшінші тобына кіреді және органикалықтан тыс
феномендер үшін ортақ нәрселерді зерделейді. Сонымен социология барлық
категориядағы әлеуметтік феномендерді, сондай-ақ оларды біріктіретін қарым-
қатынастар мен өзара байланыстар туралы жалпы ғылым болып табылады.
Американ социологиясының классигі Т.Парсонс социологияны мінез-
құлықтардың өзара іс-әрекеттері мен атқаратын рөлдерінен - құндылықтардың
жалпы иерархиясына бағытталған өзара іс-қимылдардан тұратын, мәдени
үлгілер, ережелер мен мәртебелердің институциялануына негізделетін
құрылымдарға сүйенетін, әлеуметтік жүйелерді зерделейтін ғылым деп біледі.
Символикалық интеракционизмнің негізін қалаушы Дж.Г. Мид социология
жануарлардың мінез-құлқынан принципті түрде өзгеше болатын адамның мінез-
құлқының механизмін түсінуге тырысуы тиіс деп есептейді. Әлеуметтік өзара
әрекет механизмін оның барлық деңгейлері мен ипостасьтарында барабар түсіну
міндеті жеке тұлғаның ішкі дүниесі мен оған себепші болатын факторларды
түсінген жағдайда ғана шешуге болады. А.Шюцтің пайымдауы бойынша
социологияның пәні “интерсубъективтіліктің”, яғни жеке адамдар бірін-бірі
қалай түсінетіндігінің, дүние туралы жалпы қабылдау мен жалпы түсінік қалай
қалыптасатындығының проблемасы болып табылады. Шюцтің интерсубъективтілікті
талдаулары кәдуілгі білімнің социологиялық іргетасын - феноменальді
социологияның бүгінгі таңдағы неғұрлым толық жасалған тұжырымдамаларының
бірінің іргетасын қалады.
Қазіргі заманғы ресейлік социолог-ғалымдар қалыптасқан дәстүрге сәйкес
социологиялық білім пәнін анықтаған кезде қандай да бір әлеуметтік
құбылысты шешуші нәрсе ретінде бөліп қарайды. Ондай құбылыстардың қатарына,
топтық өзара әрекет, әлеуметтік қатынастар, әлеуметтік ұйымдар, әлеуметтік
әрекет жүйелері, әлеуметтік мінез-құлық, әлеуметтік топтар, адамзат
қауымдастығының нысандары, әлеуметтік процестер, әлеуметтік өмір, қоғам,
әлеуметтік құрылымдар жатады.
Қазіргі көзқарастарды, тұжырымдамалар мен теорияларды талдау социология
пәні анықтамаларын үш негізгі топқа бөлуге мүмкіндік береді.
Социология пәні ретінде бірінші топты социология пәнінің қалай болған
күнде де қоғамды қарастыратын анықтамалары құрайды. Мысалы, Э.В.Тадевосян
жетекшілік еткен авторлар ұжымы мынадай анықтама береді: социология -
қоғамның ұйымдастырылуының, қызмет етуінің және дамуының жалпы және
ерекшеленген әлеуметтік заңдылықтары, адамдардың, олардың
қауымдастықтарының және жалпы қоғамның әрекеттері мен өзара іс-қимылдарында
жүзеге асуының жолдары, нысандары мен әдістері туралы ғылым [5].
Екінші топта - функционалдық анықтамалар, оларға сәйкес сан қырлы
әлеуметтік жүйелер, яғни адамдардың өзара қарым-қатынасының қандай да бір
реттелген жиынтықтары социология объектісі деп жарияланады.
Мәселен, В.А.Ядов социология пәнін былай тұжырымдайды: социология -
әлеуметтік қауымдастықтар мен олардың өзін-өзі ұйымдастыру нысандары:
әлеуметтік жүйелердің, әлеуметтік құрылымдар мен институттардың қалыптасуы,
дамуы және қызмет етуі туралы ғылым. Бұл әлеуметтік субъект -
қауымдастықтардың белсенділігінен болатын әлеуметтік өзгерістер туралы
ғылым; алуан түрлі әлеуметтік қауымдастықтардың арасындағы өзара байланыс
және өзара әрекет механизмдері ретіндегі әлеуметтік қарым-қатынастар туралы
ғылым; әлеуметтік іс-әрекеттер мен бұқаралық мінез-құлықтың заңдылықтары
туралы ғылым [6].
С.С.Фроловтың пікірінше, социология - қоғамның құрылымдарын, олардың
элементтері мен өмір сүру шарттарын, сондай-ақ сол құрылымдардағы
әлеуметтік процестерді зерделейтін ғылым [7].
Үшінші топтағы социология пәнін түсіндіруде антропоорталықтық көзқарас
жатыр, оған сәйкес адам компоненті социология пәнін анықтауда негізгі
компонент болады. Волков Ю.Г., Нечипуренко В.Н. және басқалар “социология -
адамдар арасындағы әлеуметтік қарым-қатынастар процесінде, жеке адамдар мен
топтар арасындағы өзара әрекет пен өзара байланыс процестерінде пайда
болатын себеп-салдар байланыстарын ашып көрсетуді алдына мақсат етіп қоятын
адамның мінез-құлқы туралы ғылымның саласы” деген қорытынды жасайды [8].
Адамтану аспектісі А.И. Кравченконың оқулықтарындағы зерттеу
проблемаларын талдаған кезде байқалады. Оның тұжырымдауынша, социологияның
негізгі пәні – мәртебесі мен рөлі болып табылады, мәртебесі пәннің
статистикалық бейнесін, ал рөлі - динамикалық бейнесін береді [9].
Ж.Т. Тощенконың анықтамасы бойынша социология - азаматтық қоғам
мүшелері ретіндегі адамдардың санасы мен мінез-құлықтарының қозғаушы
күштері туралы ғылым. Социология пәні мыналарды қамтиды: өзінің барлық
қарама-қайшы дамуындағы шынайы қоғамдық сана; санада қалыптасатын
білімдердің, ұстанымдардың, құндылық бағыт-бағдарлардың, сұраныстар мен
мүдделердің пәндік көрініс табуы (нысаны мен мазмұны бойынша) ретіндегі
адамдардың қызметі, шынайы мінез-құлқы; адамдардың шынайы санасы мен
қызметі, шынайы мінез-құлқы дамитын және жүзеге асатын жағдайлар [10].
Жоғарыда аталған анықтамаларға жасалған қысқаша шолу барлық
көзқарастардың макро- не микросоциологиялық парадигмалармен арақатынаста
болатынын көрсетеді. Макротеоретиктер қоғамның ғаламдық заңдарын ашып
көрсетуге талпына отырып қоғамның, мәдениеттЂ АлЀЀЀЁЀВааСраЂтЀт
ЀдЃЂ$ЙаеабтЀВа ЁиЄидЀ ааЍ ЋґЁВЋДдарРС Ѓа АЈаыИ бДЃДдЀЖкпЂЀесЂЁрдДР
ЁмЄаЀЋм иЀйЀР ЀЁаат(ИаЀр
АЀЀДр Втбр ЙЊ҃ аЂЀраЂы ИЋжЀдрАЈЊГ амЋЃ аЭ ааЁЂЀрР ЖртЀЁн жаЀаЀекеА аИдааЀС
ЀЭрЁт рЋеуР рЀД ЂЀГЀаЉГЀЀ аҁрдтедЖ,АбЙЀа оГаЀдың сЀб БтЂЁЀДЉЂ ЀБЀЁ ЀаЋдарЋ
, деЀе тҡЀГайарЀрАщЀдаБтСЀАЀа АЀбаеаЀЀаЉЀЃ АаЀтЉ аАЉ$ СарИа да ЍаЋЂмґЀд
СиДрДД е ЀаблаЁЈЁЉ шҡЀлЀан ЀЋ КрЃД аАЀЈдЁ ЄаКЁаЂЈбтАншВаБае Ђе деСЀбВрД Бй
ЀЬбЀЀа ГЁкд р ЂреАаараЀатЋ ЋЃадЁ[1]аДЀ )ЊнЀР аАЉ КІАаидЃИ ргаЁиеЀЀіТ
рЁЀаЁтЋЃЋгердеЂЀА ЀЉрЈд ДЀД ЀІаей$ЂЁрабтВЊ шЈ ЀбтВЉА ЂтРЀтЀДЂт аАЋЀЋЉдЀ
ЁЂЋрЀ, е(ЙЈДсД ѐк ЀадтЀтТ процестерм Ё баЂЀЀЀиЁЙ тЭЁЖ-ААЀуИЀа рЁЀ бЃБуиЁм
ЁЂцидб аиыЙтР[2] АтртмЀА аЩЃқ ЀаЁЀЀ рЊЄ( ЀвЀЈ адаиЃЀЀЀ ЇбрЂ саЖС ИаВЀЂЁИ
Ѐѐ д Ё щЀАЂЁЀтм аЀЀаЁ бЈаЀЁа ЁЀтЉВсВЉда ЙЀдЁиеЀЀВадс рдЈдаА
ЕибштаЁа$ ЀаарЂркЈЊйабЈЋЉЋЂ ЀЬрЋ ЙаЖрраД $ ИаеЃЈ тЀЖЀ ЏЀЊЂ сЂЄЀвб виснЀЀ Ћ
ЂЋЀЀаЈаА Ѐ ШааЀиотЈЀЋо ыЙЋР аЀуЀЁ жиЀааЀЋИ (КбЀайааЀы) раЂааЃмбибЀС
АаЋсЂт ЁрЊба ааЋааЁ дДдегей т.ЖЁт аАЀЁн аЁ бЀБ ЀЁЀтзе БаЀЁ ДЀРЋ ЀЊ ЈВ
дБЀЀдЀаАаЀЀ ЉИЀсБ деиЀиЋЀаатВа аИйд ааЀ" МЀЂЀкЀктИ иЖбаЅЀЀ Ѐ
ИиаЂсжцЀибдгАЊ да ЀддрИ
щЛ ЂИеЀфи аЀаааау де ГбЀ ЁЀраИЀдаЀЀКаЀЃ Ѐ(Ф$ЀтЀЀВе а( Д.БаЀЀР Рдйаас,Ђ
СЊЀдЊИ Ѐ*Ѐ( ЅР аЀаЊабЉЁдтидЂЂВиаЀИ еЀЂЀЁЃЋБраЀЉ ебрЀЀеабн щрЀЭ А
иаЂЀдрЂци ЛабтарарабЉ ЀмЄЀЀЂаЀ рТШжгдЀЀдеаЀеЀАЍрЃ Р АаабЀД ЀЀ"
ТдЊЀЎЂЈК)ЂаиыиЀЋЄЂЀициЀЀЀТ еегД АЁЀЀ ЀВЀи.
ВаЇВЀ В АаиЀЊ! дәнД аирТКЀЀЊлЊаЈ
ЃР дЀЛыЙЀару меЃЂ вАбаЂтрт ЀЁ еЙ те АаецЀЃВ ЀЀ, д ЂаЀЀымаЉ ҋсЖмЁ ЀтЙ ЀсЀ
ЈР ЂБдЁ АаЃдЀ҃нЀЀЀЁ аЀЊмЀе ЀераиЀеЀ дЀ ЀЀЀЀкт арбтиат Ѐ Ре ЀЀЂеащнЁ
АЛЀуиатЂА ЭЈЀАнЀДЊ аЀБаркЋдЀ ЀЀт богатЋЉЋ ЖЙДд ЂдВЀиЄЋА ЄаКЂЊ аЄаЈР
рЀЊЂ дДЀДгВбВ҃н аА рмЄа ад таЉЋ ЀЀУ аЁДЀтДр $ Й бЀЀЀЀтК
ЀЁЀЀАЃВЉЀЊСЙаЀЃЀа ЁЀ атрДЈС ҉ЀадЁДиде Дббай ащСдЄА. В"А
ЋР ЂЀЉЃ дтКрт аІиыЁш ЀаЃВаД гаиаеЂ ЁдЂа аЀЃЀыйЀР.АдАи ЀЀ АЀЃ Дс Ђң ѐйдЁ
еЂта АЀЀтЀ ЋР Ђа АЀЀЀЛтаЀ АДЀиЀВдЀе Й арЈеЂрЀаЀСтрЀарДР ЀЁЊЄЈ идб саЋАте
ЀасЛараТ ЀЀ тбрЁрЁиЀе оның жаһандануы бағытында (оның негізінде
жалпыадамзаттық проблемаларды шешу үшін барлық мектептердің, бағыттардың
социологтарының күш-жігерін, теориялық-әдістемелік көзқарастарын
біріктіруге ұмтылыс жатыр). Екіншіден, “әлеуметтіктің” өзге талдамалық
бірлігін іздеу тұрғысынан. Егер де классикалық социологияда мұндай бірлікті
қоғамдық тұтастықтың құрылымдық нысандары (әлеуметтік институттар,
қауымдастықтар, мәдениеттің нормативтік үлгілері және т.б.) деп түсінетін
болса, ал модернистік кейінгі көзқараста әлеуметтіктің бұл “клеткасы”
болатын нәрсе қоғамдық субъектінің немесе әлеуметтік агенттің іс-әрекеті
ретінде әлеуметтік өзара байланыстардың күрделі жүйесіне енген әрекетшіл,
шығармашыл бастамасы мағынасындағы құбылыс болып табылады [11].
Социология оқшауланбай, басқа қоғамдық ғылымдармен тығыз қарым-
қатынаста дамып келеді. Социология пәнінің анықтамасы ғылым ретінде оның
басқа қоғамдық ғылымдардан өзгешелігі неде екендігін көрсетіп қана қоймай,
қоғамдық ғылымдар жүйесіндегі орнын неғұрлым дәл анықтауға, сондай-ақ
олардың жеке түрлерімен қаншалықты тығыз байланысты екендігін айқындауға
мүмкіндік береді. Қоғамды зерделеуге деген социологиялық көзқарастың
ерекшелігін нақты анықтап алу үшін социологияның әлеуметтік философиямен,
тарихпен, саясаттанумен, экономикалық ғылыммен және басқа қоғамдық
ғылымдармен арақатынасын және өзара әрекетін қарастырудың маңызы зор.
Социология және әлеуметтік философия. Әлеуметтік философия дегеніміз
философияның қоғамның сапалық өзіндік ерекшеліктерін және оның табиғаттан
өзгешеліктерін ұғынуға арналған бөлімі. Ол қоғамның өмір сүруінің мәні мен
мақсатының, оның дамуының, тағдыры мен перспективаларының, бағыттылығының,
қозғаушы күштерінің және оның дамуының проблемаларын талдайды. Әлеуметтік-
философиялық ой-толғанымдардың пәндік саласы қоғам өмірін зерттеу, ең
алдымен олардың бел ортасында өмірдің маңызды проблемалары тұратын
дүниетанымдық проблемаларды шешу тұрғысынан зерттеу болып табылады.
Әлеуметтік философия мен социологияның зерттеу объектілерінің бір-
біріне дәл келетін тұстары өте көп. Әлеуметтік философия да, социология да
қоғамды тұтас, жүйелі түрде, оған енетін бірліктерін интегралдық құрылым
ретінде қарастырады. Бұл осы ғылымдардың бір-бірімен ерекше тығыз
байланысын анықтайтын ортақ сипаты. Алайда социологияның объектісі мен пәні
нақтылырақ, қоғамның дамуын аса жоғары деңгейдегі абстракциямен сипаттайтын
әлеуметтік философияның объектісімен және пәнімен салыстырғанда
абстрактілігі аз. Әлеуметтік философия қоғамдық проблемаларды логикалық ой-
толғаныс тізбегінде дамитын белгілі бір ұстанымдарды басшылыққа ала отырып
шешеді. Социология болса басқа қоғамдық ғылымдардың нәтижелерін пайдала
отырып эмпирикалық тексерілетін әлеуметтік фактілерді жинауға және
талдауға, осы ғылымның шеңберінде алынған тиісті эмпирикалық мәліметтерді
тұжырымдауға сүйенеді.
Неғұрлым көбірек тұжырымдалған заңдар мен категорияларды білу әрқашан
да азырақ тұжырымдалған заңдар мен категорияларды зерделеуге дұрыс жол
табудың қаншалықты қажетті алғышарты болса, әлеуметтік философия
социологияның соншалық жалпы теориялық және әдістемелік негізі болады.
Қоғамның әлеуметтік құрылымы да, оның жеке элементтері де тұтас нәрсенің
бір бөлігін сол нәрседен тыс түсінуге болмайтындығы сияқты, тұтас қоғамның
мәнін, оның әр түрлі салаларының өзара әрекетін және т.б. түсінуден тыс
терең әрі ойдағыдай зерделене алмайды. Екінші жағын алар болсақ, социология
қоғамдық өмірді оның бар күрделі сан қырлылығын нақты талдай отырып,
әлеуметтік философияның ұғымдық аппаратын және пәндік мазмұнын байытуға,
олардың шынайы өмірмен, тәжірибемен байланысын ұлғайту және тереңдету
негізінде оның ережелері мен қорытындыларын айқындауға және нақтылауға
ықпал етеді.
Социология және тарих. Тарих - ежелгі қоғамдық ғылымдардың бірі. Тарих
қоғамды хронологиялық түрде нақты зерттейді. Ол бұрынғы өткен әлеуметтік
оқиғаларды зерделеуге бағытталған, әр түрлі дәуірлер туралы олардың
оқиғаларын қадағалай және оларды кеңістіктік-уақыттық тұтастық ретінде
сипаттай отырып, мәліметтер жинайды. Осылайша ол әр түрлі әлеуметтік
құбылыстар мен қоғамның даму кезеңдері туралы нақты материал жинақтайды.
Бір айырмашылығы, ғылым ретінде социологиядағы ең басты нәрсе - өткен және
осы шақтағы әлеуметтік тәжірибені жалпыландыру, берілген әлеуметтік
құбылыстардың, оқиғалардың, процестердің осы қатарындағы қайталанатындарын,
тұрпаттыларын, мән-мағыналық заңдылықтарын бөліп қарау. Сонымен социология
тарихқа қарағанда неғұрлым жоғары абстракциялық деңгейдегі ғылым болып
табылады. Іс жүзінде социология тарих (сондай-ақ басқа ғылым да) беретін
мәліметтерді пайдаланады, әлеуметтік құбылыстардың жеке түрлерінің ортақ
қасиеттерін атап өтеді және олардың типологиялық бейнесін береді.
Егер тарих қоғамдық өмірдің барлық салаларын, жақтарын, пайда болу
нысандарын зерттейтін болса, ал социология қоғамдағы “әлеуметтікті” ғана
зерделейді. Тағы бір атап өтетініміз, тарих ғылымы тек болған және тарихқа
енгендерді ғана зерделейтін болса, социология өз ізденістерін қазіргі
заманға көбірек бұрады және өзіне қажетті элемент ретінде әлеуметтік болжам
жасауды қамтиды. Социология мен тарихтың өзара қарым-қатынасы ең алдымен
әлеуметтік ережелер мен қорытындылар тікелей тарихи фактілерді, тарихи
тәжірибені тұжырымдауға сүйенетіндігімен айқындалады. Екінші жағынан
алғанда, әлеуметтік философиямен бірге социология тарих ғылымының жалпы
теориялық және әдістемелік негізі болады.
Социология және саясаттану. Социология пәні мен саясаттану арасында
өзара тығыз байланыс бар. Олар:
әлеуметтік қауымдастықтар, әлеуметтік ұйымдар мен институттар саясаттың
маңызды субъектілері және объектілері болып табылады;
саяси қызмет жеке тұлғаның және олардың қауымдастығының өмірлік қызметінің
қоғамдағы өзгерістерге тікелей ықпал ететін негізгі нысандарының бірі болып
табылады;
саясат өте кең ауқымды, күрделі және көп қырлы құбылыс ретінде қоғамдық
өмірдің барлық салаларында көрініс табады және көбіне қоғамның жалпы дамуын
айқындайды.
Саясаттану ғаламдық қоғам құрылымының бір ғана саласын, яғни биліктің
ұйымдастырылуын зерттейді. Бірақ саясаттану бұл саланы қатаң ғылыми
әдістермен осы құрылымның басқа бөліктерімен байланыстыра қарастырғанда
ғана зерделей алады. Бұл саясаттанудың саяси құрылым мен саяси
институттарды, саяси биліктің құрылымдары мен ұйымдастырылуы сипаттамаларын
зерделегенде, социология ашатын ғаламдық қоғамның құрылымына жататын
заңдарды ескеруге тиіс екенін білдіреді. Социология да жеке топтар мен
жалпы қоғамның саяси қарым-қатынастарын және саяси құрылымын зерделей
алады, бірақ ол мұны олардың қоғамдық құбылыстар ретіндегі мән-мағынасын
айқындау мақсатында жасайды.
Азаматтық қоғамды зерттеуде саясаттануды қызықтыратыны ең алдымен
азаматтың құқықтары мен міндеттері, саяси жүйенің құрылымы мен саяси
билікке қатысты (саяси) қарым-қатынастар, саяси институттар мен ұйымдардың
орны, рөлі және қызметтері. Ал социология азаматтық қоғамға оның әлеуметтік
құрылымын талдау, жеке тұлғаның мәртебесі, таптар және басқа да әлеуметтік
топтар, ұлттар мен ұлыстар, олардың өзара әрекеті және т.б. тұрғысынан
қарайды.
Социология және психология. Егер социология өзінің пәні ретінде тұтас
қоғамды зерттеуге және оның неғұрлым жалпыға ортақ заңдарын ашуға тырысатын
болса, психология психикалық құбылыстарды, яғни мінез-құлықтың белгілі бір
түрі тудыратын ішкі субъективті күйзелісті зерделейді. Психологияның пәні
болып табылатындар - адамның мінез-құлқының ішкі қырлары, оның субъективті
күйзелістері. Дей тұрғанмен де, адамдар арасындағы қарым-қатынастарда,
олардың бір-біріне қатысты мінез-құлықтарында бұл қатынастардың құрамдас
бөлігі болып табылатын психологиялық элемент те бар. Сондықтан да
социология қоғамдық қатынастарды зерделей отырып, адамдардың себептерінің,
сезімдерінің және көңіл-күйлерінің психикалық элементтерін назарға алуы
тиіс. Бірақ та қоғамдық құбылыстарды тек қана психикалық құбылыстарға телу
дұрыс болмас еді. Сөйтіп, социология мен психологияның байланысы олардың
пәндерінің байланысынан туындайды. Ал олардың пәндерінің байланысы қоғамдық
құбылыстарды зерделеген кезде психикалық элементтерді назарға алу
қажеттігін ғана емес, психикалық құбылыстарды зерделеген кезде олардың
әлеуметтік шарттылықтарын, әлеуметтік ортамен байланысын ескеру қажеттігін
де көрсететіндігінде.
Социология да, психология да адамды және оның мінез-құлқын зерделейді.
Алайда олар мұны өз пәндерінің ерекшеліктері тұрғысынан әр түрлі жасайды.
Дегенмен де олар өз пәндерін зерделеген кезде үйлесімді бағыт ұстанады және
олардың арасында ынтымақтастық қарым-қатынасы бар деп айтуға болады.
Социология және экономика ғылымы. Экономика ғылымы өз күш-жігерін
материалдық өндірісті, адамдардың экономикалық қызметін зерттеуге
шоғырландырады, олардағы өзгерістер әлеуметтік процестерге әсерін тигізеді.
Сондықтан социология экономикалық теорияға сүйенбей, онымен өзара әрекетке
бармай тұра алмайды. Екінші жағынан алғанда, өмір көрсетіп отырғанындай,
экономикалық процестердің өзі өндірісте, бөлуде, алмасуда және тұтынуда
әлеуметтік шарттар мен факторлардың және оларды пайдаланудың ықпалына
барған сайын тәуелді бола түседі. Бұл да экономикалық және әлеуметтік
ғылымдардың өзара әрекетін нығайта түсуді талап етеді.
Егер де экономика ғылымы қоғамдық өмірдің бір ғана, мейлі өте маңызды
саласының заңдылықтарын зерттейтін болса, социология қоғамның тұтас
дамуының негізінде жататын және оның барлық, соның ішінде экономика
салаларында ерекше көрініс табатын неғұрлым жалпы және кең ауқымды
заңдылықтарын зерттейді.
Сонымен социология мен өзге қоғамдық ғылымдардың арақатынасы туралы
мәселеде, солардың өзара тығыз байланысы, қоғамдық өмірді шынайы зерттеуде
бұл ғылымдардың пәндік шекаралары сақталумен бірге, бір-бірімен қабысуы,
бірақ социологияның бұл ғылымдарды жұтып қоймайтыны сөз болуы керек және
солай болуға тиіс те.

Социологиялық білімнің құрылымы

Социологияның ғылым ретінде айтарлықтай күрделі, көп деңгейлі құрылымы
бар. Кез келген ғылымдағыдай оның негізгі құрамдас бөліктерін атауға болады
[12]:
Бірінші құрамдас бөлігі - білім - өзіне әдістемелік және дүниетанымдық
принциптерді; жалпы, арнайы және салалық теорияларды, іргелі және
қолданбалы теорияларды; социология пәні туралы ілімді, әдістер, оларды
жасау және қолдану туралы білімді; социологиялық білімнің нысандары,
тұрпаттары мен деңгейлері туралы ілімді, арнайы түзілген жіктелімдерді
немесе типологияларды; тұжырымдамалық үлгілер мен болжамдарды қамтиды.
Екінші құрамдас бөлігі - білім алу құралдары - бұл жеке әдістер мен
социологиялық зерттеулердің өзі.
Білімнің деңгейіне қарай социология теориялық және эмпирикалық болып
бөлінеді.
Ғылыми танымдағы теориялық пен эмпирикалықтың арақатынасының проблемасы
екі қырын қамтиды: функционалдық және генетикалық.
Функционалдық қыры ғылымның дамыған теориялық аппараты мен оның
эмпирикалық базисінің арақатынасына қатысты. Мәселені мұндай қырынан алып
қарау теорияның аппараты мен бақылаулардың және эксперименттердің
мәліметтері арасындағы байланыстырушы буындарды табуды, теориялық
ережелерді эмпирикалық тексеру әдістерін анықтауды көздейді, ол ғылыми
білімнің теориялық деңгейі қалыптасқан және мәселе оның эмпирикалық
деңгеймен арақатынасын негіздеу туралы болған жағдайда ғана мүмкін болады.
Бұл ретте теорияның эмпириямен “кері байланысы” ғылымның өзінің теориялық
аппаратының одан әрі жетілуі мен дамуының маңызды қозғаушы күшіне айналады.
Ғылымдағы теориялық және эмпирикалық білімнің арақатынасы проблемасының
генетикалық қыры теориялық аппаратты, оның ішінде ғылыми теорияны
қалыптастыруға, ғылымның эмпирикалық сатысынан оның теориялық сатысына
көшуіне қатысты.
Теориялық білім - бұл теориялық білімнің социологиялық теориялары,
болжамдары, типологиялары және т.б. нысандары.
Эмпирикалық білім - эмпирикалық білімнің статистикалық мәліметтері,
фактілері, жіктелуі және басқа да нысандары.
Егер де социологияны “теориялық” және “эмпирикалық” деп бөлу білімнің
деңгейімен (теориялық және эмпирикалық) байланысты болса, ал социологияны
“іргелі” және “қолданбалы” деп бөлу - социологияның өзінің ғылыми немесе
қолданбалы бағдарларына (функциясына) байланысты. Эмпирикалық зерттеу
іргелі социологияның да, қолданбалы социологияның да шеңберінде жүргізілуі
мүмкін. Егер оның мақсаты - теория жасау болса, онда ол іргелі социологияға
(бағыты бойынша) жатады. Егер де оның мақсаты - тәжірибелік ұсынымдар жасау
болса, онда ол қолданбалы социологияға жатады. Алатын білімнің деңгейіне
қарай эмпирикалық зерттеу шешетін есебінің сипаты бойынша қолданбалы болуы
мүмкін - шынайылықтың түрленуі. Бұл теориялық зерттеулерге (білім деңгейі
бойынша) қатысты. Сөйтіп қолданбалы зерттеулер ерекше деңгей жасамайды. Бұл
эмпирикалық және теориялық зерттеулердің өзі (білім деңгейі бойынша), бірақ
қолданбалы бағытта болады.
Социологиялық білім тұжырымдаудың түрлі деңгейдегі теорияларын қамтиды.

Ең алдымен тұтас қоғам өмірін сипаттауға және түсіндіруге тырысатын
жалпы социологиялық теорияларды бөліп қараған жөн. Социологияда өзара
бәсекелес болатын көптеген жалпы теориялар бар. Бұл - К.Маркстің қоғамдық
формациялар теориясы, М.Вебердің әлеуметтік іс-әрекет теориясы,
Т.Парсонстың құрылымдық-функционалдық теориясы, Дж.Александердің және басқа
социология классиктерінің “көп өлшемді” теориялары. Алайда бұрын-соңды
болған жалпы социологиялық теориялардың ешқайсысы да “үлкен” теорияның
талаптарына мейлінше сәйкес келеді деуге болмайды. Олардың барлығына тән
нәрсе - бірі көп, бірі аз дәрежеде әлеуметтік өмірді түсіндірудегі
біржақтылық, қандай да бір қырлары мен заңдылықтарын жете бағаламау. Бірақ
әлеуметтік материя туралы қолда бар барлық жалпы социологиялық теорияларды
зерделеген кезде толық түсінік алуға болады, өйткені олардың әрқайсысы
әлеуметтік өмірді қандай да бір қырынан түсіндіреді.
Бұдан әрі арнайы социологиялық теорияларды немесе орта деңгей
теорияларын бөліп қараған жөн. Олар өзінің жалпы түрінде байланыстардың екі
негізгі түрін: тұтас қоғамдық жүйе мен қоғамдық өмірдің осы саласы
арасындағы, сондай-ақ қоғамдық өмірге тән ішкі өзара байланыстарды ашып
көрсетеді. Демек, олардың жалпы социологиялық теориямен салыстырғандағы
қолданылу аясы неғұрлым тар, олардың пәндік саласы салыстырмалы дербес
құрамдас бөліктермен және тұтас қоғамдық процестермен шектелген.
Д.Марковичтің анықтамасы бойынша арнайы әлеуметтік теориялар - жеке
қоғамдық құбылыстарды өзінің зерделеу пәні ретінде алып қарайтын және
олардың құрылымын, дамуының ерекшелік заңдарын және басқа қоғамдық
құбылыстармен байланыстарының ерекшеліктерін зерттейтін теориялар [13].
Жалпы социологиялық теориядан өзгеше олар барлық қоғамдық құбылыстардың
өзара әрекеті емес, бірақ қандай да бір қоғамдық құбылыстың (социологияның
пәні болатын) және барлық өзге қоғамдық құбылыстардың ерекше байланыстарын
зерделейді.
Барлық арнайы социологиялық теорияларды (орта деңгей теорияларын)
шартты түрде үш топқа бөлуге болады [14]:
1) әлеуметтік институттар теориялары күрделі әлеуметтік өзара
байланыстар мен қарым-қатынастарды зерттейді (отбасы социологиясы, білім
беру социологиясы, ғылым социологиясы, дін социологиясы, өнер социологиясы,
әскер социологиясы, саясат социологиясы, еңбек социологиясы және т.б.);
2) әлеуметтік қауымдастықтар теориялары қоғамның кіші топтан бастап
әлеуметтік тапқа дейінгі құрылымдық бірліктерін зерттейді (кіші топтар
социологиясы, ұйымдар социологиясы, топтар, страталар, таптар социологиясы,
аумақтық принциптер бойынша қауымдастықтар социологиясы және т.б.);
3) мамандандырылған әлеуметтік процестер теориялары әлеуметтік
өзгерістер мен процестерді зерттейді (қоғамның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтану пәнінен дәрістер комплексі
Студентерге қазіргі қоғамның келбетін, әлеуметтік бейнесін, құрылымын түсіндіру
Әлеуметтанудың әдісі
Зерттеудің деңгейі
Білім беру әлеуметтануы
Әлеуметтану ғылымдар жүйесінде
Тұлға типологиясы
Жастар әлеуметтануы туралы
Неке - жұбайлық қатынастардың негізгі принцип қағидалары
Социологиялық зерттеу
Пәндер