Муаммар Каддафи


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Муаммар Каддафи
араб. معمر القذافي‎‎

Муаммар бен Мухаммед Абу Меньяр Абдель Салям бен Хамид аль-Каддафи (араб. معمر القذافي‎‎ - Mu‘ammar al-Qaḏḏāfī ) -Ливия лидері, 1969 ж 1 қыркүйектен бастап мемлекет басшысы.

Жастық шағы.

1942 ж Сирт қаласынан 30 км жерде бедуиндық шатырында, аль-каддаф тайпасына жататын бедуиндық отбасында дүниеге келген. Оның әкесі бір жерден екінші жерге көшіп отырды, түйе мен қозыларды бақты. Анасы үлкен ыздарымен үй шаруашылығымен айналысты. Өзінің балалық шағын есіне түсіре отырып, Каддафи :

«Мен таза ортада өстім. Мен халқымның қандай жағдайларда өмір сүргендігін көрдім, колониализмнің қасіретін бірге кештім. Жастар біздің кезімізде үлкендерді сыйлады. Біз жақсылық пен жамандыты айыра білдік. »

Оқушы болған кезде құпия саяси ұйымына қатысты, Италияға қарсы антиколониялық демонстрация жасады. 1961 ж Муаммар құпия ұйымды құрастырды, олар монархияны құлатуды көздеді. Сол жылғы қазанында Себха қаласында алжир революциясын қолдаған жастар демонстрациясы басталды. Ол сол сәтте антимонархиялық көтеріліске айналды. Оны құрастырушы және басқарушысы Каддафи болды. Сол үшін оны тұтқындап, қаладан шығарды. Оқуын Мисуратта жағастыруға мәжбүр болды. Сонда ол жергілікті лицейге түсіп, оны 1963 ж жақсы бітірді.

1963 ж Бенгазидағы әскери училищеге түсті. Оған өзінің айтуы бойынша Ливияға саяси өзгерістер енгізу үшін түсті. Сол жылы Толмейт жері теңіздің жағалауында Каддафи басшылығымен жас ливия офицерлерінің бірінші съезі болды. Олар 1952 жылғы египеттік революцияның лозунгтарымен шықты « Еркіндік, социализм, біртұтастық».

1965 ж Каддафи әскери училищені бітіріп, лейтенант атағын алды. 1966 ж оны квалификацияны көтеру үшін Ұлыбританияға жіберді. Ең алғашқы рет ол Насерге 1967 ж алтыкүндік соғыста көмек жіберіп, арабтарға атағы шықты.

Аль-Фатех революциясы.

1969 ж 1 қыркүйекте таңерте ОСОЮС отрядтарының өкілдері он екі офицер құрамымен капитан Каддафи басшылығымен Бенгази, Триполи және т. б қалаларда бір уақытта көтеріліс бастады. Олар аз уақыттың ішінде мемлекеттік және әскери объектерінің үстінен бақылауды өз қолдарына алды. Әскер мемлекеттік төңкерісті жүзеге асырды. Көп жылдар өткен соң Каддафи еске алып:

«Мүмкін, мен бұл қозғалыста доминантты роль атқарған болармын, бірақ бұл «икс» уақытына дейін ғана созылды. Кейін мен тек қатардағы төңкеріс қатысушысы ғана болдым. 31-і Беназидағы Гар Юней казармасында болдым. Көтеріліс басталуы таңертеңгі 2 сағат 30минутқа көзделді. Бүкіл әскери топтарға 4сағат 30минутқа дейін белгіленген объекттерді басып алуға тапсырыс берілді. Могарейф және Абдель Фаттах Бенгази радиостанциясын басып алып, сол жерден операцияны бақылауға көзделді. Мен эфирге біздің дайындаған бірінші коммюникені жіберуге мәжбүр едім.

Белгіленген уақытта екі солдатты алып, мен джиппен радиостанцияға аттандым. Менің соңымнан автомашиналарда жаулап алу тобы жүрді. Жолда белгісіз бір машиналар тобы юіздің жолымызды жауып тастады. Мен не болғанын білейін деп тоқтадым. Нәтижесінде Харруби Бирка казармаларын ұстап алып, сонда өз басшылығын орнатып, полициялық мектепке бет алған екен. Өйткені онда қарсы қозғалыс көтерілуі мүмкін еді. Біз енді еш үрейсіз жүре бердік және де кешіккен жоқпыз. Радиостанция таңғы сағат төртте жаулап алынды. Өзімнің объектімнің үстінен мен қалаға қарап, онда порттан Бенгази жаққа жүріп келе жатқан солдаттармен бірге жүк машиналарын көріп, біздің планымыз жүзеге асып атқанын көрдім. »

Таңертең эфирге «Коммюнике № 1» шықты, ол 27 жасар капитан Муаммар Каддафи сөзімен басталды:

«Ливия азаматтары! Сіздердің жүректеріңізді толтырып отырған армандарыңызға жауап ретінде, сіздердің өзгерістер енгізу тапсырыстарыңыз үшін және рухани көтерілу үшін, бұл идеалдар үшін көп уақыт бойы күрескен үшін, сіздердің көтеріліске шығу сұраныстарыңызға құлақ салып, сіздерге берілген әскери күштер өз бастарына бұл сұрақты алып, реакциялық және коррумпировтық тәртіптің көзін жойдық! »

Каддафи сонымен бірге елде жүрген шетелдік достарына өз қызметтерін жалғастыруға шақырды және оларға қарулы күштер жағынан қорғаныс жасауға уәде берді. Каддафи мемлекеттегі жағдайлар бұл Ливияның ішкі жұмыстары деп түсіндірді және бұл белгілі бір мемлекетте бағытталған емес, халықаралық келісімшарттарға тимейді деп айтты.

Мемлекет басында.

1970 ж қаңтарында каддафи өзіне полковник атағын қосып, премьер-министр және Ливияның қарулы күштерінің жоғарғы бас қолбасшысы болып саланды.

Жаңа басшылықтың ең бірінші шарасы шетелдік әскери базаларын эвакуациялау болды. Не шетелдік базалар біздің жерімізден кетеді, сол жағдайда революция жалғасады, немесе, егер базалар қалса, онда революция басылады. 1970 ж сәуірінде Тобрукта Англияның ВМС базасынан, маусымда-Триполида американдық әуе әскери базасы Уилус-Филдтан әскерді шығару аяқталды.

Муамар Каддафи және Мысыр

президенті Гамаль Абдель Насер, 1969 ж.

МуамМуаммар Каддафи және Сирия президенті Хафез Асад 1977 ж.

1970-1990 жылдардағы Каддафи режимі басқа постколониалды Африкадғы және Таяу Шығыстағы режимдармен ұқсас болды. Табиғи ресурстарға бай, бірақ кедей және артта қалған Ливияда Каддафидің басқаруының бірінші жылдарында батыс өмірдің атрибуттары алып тасталынып, ерекше дамыған мемлекет атанды.

2000-жылдарда бүкіл одақтастарын жоғалтып алуы және Каддафидің Батыс елдерімен ашық конфронтцияға барғысы келмеуі елдің алақыда экономикалық, кейін саяси либерализацияға алып келді. Ливияда шетелдік компаниялардың орнатылуына рұқсат етілді, Италияға газқұбырын өткізуге келісімшарт жасасты. Қорыта келе, Ливия көп қалып қойса да Мысырдың жолымен кетті. Экономикалық және саяси бағыттың өзгертілуі, Каддафиға Анвар Садат пен Саддам Хусейн сияқты емес, мемлекет басында қалуға мүмкіндік берді.

«Джамахирия» - Үшінші дүниежүзілік теория.

Муаммар Каддафи мысыр президенті Гамал Абдель Насермен жақсы қарым-қатынаста болды. Екеуі де исламга, моральға, патриоттыққа негізделген социалистік қоғам құрғысы келді. Бірақ Насер өлімінен кейін, оның мұрагері Садаттың АҚШ пен Израильмен жақындасуы, Мысырмен қарым-қатынасы нашарлап кетуі, Каддафиді 70-ж басында өзінің идеологиясын құруға итермелейді.

Қоғам дамуының өзіндік концепциясы Каддафидің басты еңбегі «Жасыл кітапта» көрсетілген. Онда ислам идеялары орыс анархистардың Кропоткин мен Бакуниннің теоретикалық ережелерімен араласады.

Джамахирия(Ливия мемлекеттік құрылымының ресми атауы) араб тілінен «халық бұқарасының билігі» деп аударылады.

1977 ж наурызында Себхада Бүкілхалықтық конгресс төтенше съезінде мемлекеттің жаңа атауы туралы «Социалистік Халықтық Ливия Арабтық Джамахирия» атты Декларация қабылданды. Оның заңшығаруы Құранға, ал саяси құрылысы халықтың тікелей билігіне негізделеді. Үкімет және революция басқару одағы таратылды. Олардың орнына джамахирияық жүйеге сәйкес жаңа институттар құрылды. Бүкілхалықтық конгресс жоғары заңшығаруы органы болып, ал олардан құралған Жоғары халықтық комитет - атқарушы билік болып саналды. Министрліктер халықтық секретариаттармен ауыстырылды, және олардың бақылауымен ұжымдық басқару органы-бюро құрылды. Ливияның шетелдегі посолдығы да халықтық бюроға ауыстырылды. Бірақ Бүкілхалықтық конгресс өз председателін сайлай алмады. Бүкілхалықтық конгресстің генерал секретариатына Каддафи және оның ең жақын төрт соратнигі майор Абдель Салам Ахмед Джеллуд, генералдар Абу Бакр Юнес Джабер, Мустафа аль-Харруби и Хувейлди аль-Хмейди.

Екі жылдан кейін бес лидер мемлекеттік посттардан кетіп, өз орындарын профессионалды басқарушыларға берді. Сол сәттен бастап Кадафи Ливия революциясының лидері болып, ал бүкіл бестік «Революциялық басқарма» болып аталды. Ливияның саяси құрылысында Революциялық комитеттер пайда болды.

Муаммар Каддафи ресми түрде тек ливия революциясының лидері болып табылады, ал шынайы түрде оның экономикалық, саяси және әскери шешімдерді қабылдауға ықпалы жоғары.

Муаммар Каддафи палестина-израиль конфликтінің демократиялық шешімін араб-еврей біріккен «Изратина» мемлекетін құру керектігінде көріп, соған бағытталады.

Оппозиционерлер.

Үлкен қайтақұруларға қарамастан, батыста Муаммар Каддафиді араб әлемінің тағы бір диктаторы етіп санады. Бірақ полковниктің алғашқы жеті жыл басқаруында елде ешқандай өлім жазалары болған жоқ. Жағдай тек 1980-ж басында ғана өзгерді. Каддафи оппозиционерлерді Ливияның территориясында ғана емес, басқа жерлерде де аңди бастады. Нәтижесінде бірнеше қылмыстық жағдайлар болды да, бұл халықаралық скандалға алып келді. Ливиялық спецслужбалар Ливия Араб Джамахирияның қарсыластарының барлығын қырып салды. Каддафи біруақыттарда былай деп айтты:

«Менің халқым қарсыластарды іште де, мемлекеттің сыртында да жоюға құқылы. . күндізгі уақытта да»

Басқа Шығыс басқарушыларға қарағанда ливия революциясының лидері диссиденттерге үлкен снисходитильностьпен қарады. 1988 ж Муммар Каддафи Триполидағы Фурнаш түрмесінің қақпасын бульдозермен сындырып, одан 400 тұтқынды шығаруға бұйрық берді. Бірнеше күннен кейін ол бүкілінің көзінше диссиденттер «қара тізімді» жыртып тастады.

Адамдарды қудалау.

Муаммар Каддафи бірнеше рет өзінің он мыңдаған жерлестері, негізінен мысырлықтарды, палестиналық арабтарды, сонымен бірге бірнеше мыңдаған негрлерді қуды. 1970ж 7 қазанда Ливиядан итальяндықтар қуылды. Бұл күн «кек алу күні» деп аталды.

2001 ж ливия лидері Африка тұрғындарын Қара континенттен ақтарды қууға шақырды. Оның ойынша, табиғи ресурстарды қолданған үшін ақтар Африка тұрғфндарына ақшалай компенсация төлеуге тиіс деп санады.

Каддафи өміріне қастандық жасағандар.

Муаммар Каддафи өміріне бірнеше рет өміріне қастандық жасады. Оның өмірі әрдайым қауіпте болып отырды. 1979 ж Каирдағы ислам фундаменталистерінің ұйымы Каддафи мен оның жақтастарын өлім жазасына тікті. Ливия оппозиционері Мухаммед Йоссеф Магариф «Ливияны құтқару ұлттық фронтын» құрды. Оның басты мақсаты Каддафиді өлтіру мен режимді алып тастау еді. Олардан басқа полковник Каддафиге сыртқы күштерден де қауіп төнді. Осылайша 1981 ж Муаммар Каддафи және Судан президенті Джафар Нимейри халық көзінше бір-бірін өлім жазасына кесті. Ең танымал қастандықтарға мыналарды жатқызуға болады:

1975 ж маусымда әскери парад кезінде революция лидері Муаммар Каддафи отырған трибунаны атқылады.

1975 ж шілдеде О. Мохейши басқаруымен реакцияондық офицерлер тобы әскери төңкеріс жасады, бірақ нәтижесіз болды.

1996 ж ақпанында Сирта қаласының жанында джиппен келе жатқан кезде Каддафиге британдық разведка Ми-6 тағы бір қастандық жасалды. Көліктердің біреуінде бомба жарылды, оны Исламдық күресу тобы орнатқан еді. Нәтижесінде каддафидің бірнеше телохранительдері қаза болды. Бірақ олар Каддафидің көлігін шатастырып, ол аман қалды.

Сыртқы саясат.

Африканың саясатындағы Ливия .

Ливия басқармасы әрқашан африканың саяси бағытын ең маңыздылардың бірі етіп санады.

Ливия әр түрлі уақытта Бенина, Гамбия, Буркина-Фасо, Либерия, Сомали, Эфиопия, Сьерра-Леон, ЦАР үкіметтеріне және повстандық топтарға әскери көмек көрсетті, оны Сенегал, Тунис, Того, Мавритания, Уганда, Суданға көмектесуіне жала жапты. Каддафи Ливияны Мысыр, Сирия, Марокко, Алжир, Тунис, Судан және Мальтамен біріктіргісі келді. Ол көптеген Африканың және басқа да әлем аудандарының диктаторларымен қатынас орнатып, оларға ұдайы көмек көрсетіп отырды. Муаммар Каддафи Израильдің Африкадағы ықпалын азайту үшін угандиялық диктатор Иди Аминге материялдық және әскери көмек көрсетуге уәде берді. Ливия әскері угандия-танзаниялық соғыста Иди Амин жағында болып күресті. Кампала құрлағаннан кейін Муамар Каддафи Аминды және оның жақтастарын өзіне қаратты. Алты ай өткеннен кейін Каддафи тағы бір диктатор, Орталық Африка республикасының императоры Жан-Бедель Бокассуды өзіне алады.

Чадтағы соғыс.

Каддафи билік басына келгеннен бастап, Чадпен Аузу ауданының территориясын қайтаруға талпынды. Негізінен, 1935 ж жасалған итальян-француз келісімі бойынша бұл жер Итальян иелегіне, яғни Ливияға берілуі тиіс болатын. Чадтағы азаматтық соғысты пайдаланып, Каддафи Аузуды өз бақылауына алды. Кейін Ливия бұл жерді заңды түрде өз әкімшілігінің астына кргізіп, екі мемлекетті бір жалау астына біріктіргісі келді. Бірақ азамат соғысынан үрейленген әлем ұйымдары бұған қарсылық білдірді. Осылай 80-ж ливия әскері бұл конфликке ашық қатысты. Хиссен Хабре бастаған Уэддей оппоненттерін Франция мен АҚШ қолдады. Соғыс Уэддей мен ливиялықтардың жеңілісімен аяқталды. 1989 ж Аузу мәселесі Гаагадағы Халықаралық сотқа берілді. Нәтижесінде 1994 ж сот Аузуды Чадқа беруді шешті. Ливия өз әскерін шығарды.

Мысыр-ливия соғысы.

Чадты қосып алу мақсатымен қатар, Ливия Тунис пен Алжирді біріктіргісі келді. Ливияның бұндай саясаты көрші елдерідің наразылығын тудырды. 1976 ж көктемде алдымен Мысыр, кейін Тунис пен Судан өз елдерінде оппозициялық топтардың құрылуы мен оларды қаржыландыруында Ливияны айыптады. 1967 ж шілдеде Каир мен Хартум Триполиге қарсы айып шығарды. Ал тамызда мысыр әскерлерін ливия шекарасына шоғырлай бастады. Мысырмен қатынасы нашарлағаннан кейін Ливиядағы тұратын мысырлықтар кетуге мәжбүр болды.

1977ж 20 шілдеде ливия артиллериясы алғашқы рет ас-Саллум және Хальфайя қасында мысырдың шекаралық постының үстінен оқ ашты. Бұған жауап ретінде Мысыр президенті Анвар Садат Ливияға басып кіріп, бомбалауға бұйрық берді. Әскери қимылдар 25 шілдеге дейін жүрді. Нәтижесінде бірін-бірі жеңе алмады. Ал 1979 ж Мысыр Израильмен бейбіт келісім орнатқаннан кейін, Ливия мен Мысыр арасында қатынастар мүлде жйып тастады. Ливия Садаттың бұл қылығын бүкіларабтық істі сатқандықпен теңеді. Бұл екі мемлекет арасында қарым-қатынас тек 1989 ж қарай орнына түсіп, жақсара бастайды.

Ливияны бомбалау.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси қақтығыстар
Халықаралық медиа нарықтағы ақпараттық биліктің рөлі
Гуманитарлық көмек пен әскери интервенцияның ара-жігі
Бизнес аңыздары туралы (Әлемнің бай адамдары)
«ЖАҢА ӘЛЕМДЕГІ ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН»
Аймақтық интеграция шеңберіндегі Араб Мағриб бірлестігі
Ең бай адамдар
Жапон халықтары
Сахара маңайы аймағындағы елдерге экономикалық-географиялық тұрғысыдан толық сипаттама
1 желтоқсан - Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz