Естелік жайлы шығармалардың табиғаты мен ерекшеліктері



Мазмұны

1.Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

2. Бірінші тарау
Естелік жайлы шығармалардың табиғаты мен ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1 Естеліктабиғаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
2.2 Эссе. Көркем әңгіме ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
2.3 Мемуар. «Ұшқан ұя» ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7

3. Екінші тарау
Танымдық тәрбиелік көріністер.
3.1 Естеліктер поэзия жанрында ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3.2 Естеліктер проза жанрында ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.2.1 «Арпалыс» Александр Бек ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.2.2 «Шуақты күндер» Зейнеп Ахметова ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3.2.3 «Ақиқат пен Аңыз» Әзілхан Нұршайықов ... ... ... ... ... ... ... ... ...

5. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
. Бірінші тарау.


Естелік жайлы шығармалардың табиғаты мен
ерекшелігі.
Қазақ әдебиеті тарихында жеке тұлғалардың (адамдардың) қасиеті жайлы жазылған шығармалар баршылық. Әдебиеттің қоғамдық мәнін айтқанда, ең алдымен, оның таным тарапындағы маңызын атау шарт. Қандай бір көркем бір шығарма болсын,ол оқырманға бұрын беймәлім өмірді, шындықты, бейтаныс заманды, адамды танытады. Көркем шығарма адамды тәрбиелейді, өмірге деген көзқарасын қалыптастырады, мінез құлқына ықпал етеді, бүкіл тұрмыс тіршілігіне әсер етеді. Көркем әдебиеттің құдіретті күшін, оның өмірін таныту, күллі қоғамдық өзгертушілік қасиетін түсіну үшін, оның эстетикалық табиғатын тану қажет. Осының бәрі көркем әдебиеттің тәрбиелік мәнін дәлелдейді. Ол көркем әдебиеттің эстетикалық мәні. Әдеби шығарма адамның бүкіл ой- қиялын, сыр- мінезін түгел баурайды: қуандырады, сүйіндіреді, таңдандырады, күйіндіреді, жылатады, күлдіреді... Қысқасы адамның көңіл күйінде сан-сапа құбылыстар туғызып, із қалдырады. Әдебиеттің әлеуметтік мәнін, оның қоғамдық өзгертушілік күшін осы тұрғыдан түсіну шарт.
Естелік -әдебиет жанры. Онда да мемуарлық әдебиеттің –бір үлгісі. Естелік, көзбен көрген шынай шындыққа құрылса игі. Ол бұл ретте «бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» дерлік шыншыл жанр жанрдың қалыпты формасы жоқ. Етелік-еске алып отырған адамның шын табиғатынан тууға, еске алып отыпған адамның шын болмысына ғана ұқсауға керек. Көрнекті мемуарист Корней Чуковскийдің өз естеліктерін « ойдан шығарылмаған әңгімелер» деп аталуының сыры да осында! Адам баласының бірін -бірі қайталамайтыны, көбіне көп, адам бойындағы қызықты сипат, бағалы қасиеттерді ол өлген соң ғана біліп, бағалап еске алатынымыз бар. Естеліктің негізінен дүниеде озған жанр жайлы жазхылу сырын да осы пікір еске салдғандай. Расында -да,
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

1. М. Мырзахметов, Р.Сатаев «Б.Момышұлы туралы естеліктер» Алматы. Білім баспасы 2006жыл.
2. Ә. Нұршайықов «Ақиқат пен Аңыз» Алматы. Атамұра 2004жыл.
3. М. Мырзахметов «Бауыржан батыр» Алматы. Жалын 1991 жыл.
4. З. Ахметова «Шуақты күндер» Алматы. Жалын 1987 жыл.
5. Ж. Егембердиева «Өмірінің өзі дастан» Алматы. Жазушы 1990 жыл.
6. М.Қалдыбаев «Ұмытылмас кездесулер» Алматы. Қазақстан 1989 жыл.
7. Б. Момышұлы I том Алматы баспасы 2001 жыл.
8. Б. Момышұлы II том Алматы баспасы 2001 жыл.
9. Ж. Ыбыраев «Майдан жыры мен сыры» Алматы. Қазақстан 1993жыл
10. Б. Момышұлы II томдық « шығармалар жинағы.» Алматы. Жазушы 2000 жыл.
11. Б. Момышұлы «Ұшқан ұя» Алматы. Жазушы 2000жыл.
12. Б. Момышұлы «шығармалар жинағы.» ҚМ көркем әдебиет баспасы. Алматы 1960.
13. С. Мауленов. «Алыс кетіп барамын» өлеңдер жинағы Алматы. Атамұра 2003жыл.
14. Қ. Жұмалиев. «Әдебиет теориясы» Алматы Мектеп 1969 жыл.
15. Қ. Ергөбек 1-том «Арыстар мен ағыстар» Алматы Өркениет 2003
16. Қ. Ергөбек 2-том «Арыстар мен ағыстар» Алматы Өркениет 2003
17. З. Қабдолов «Сөз өнері» Алматы. Қазақ университеті 1992
18. А. Бек «Арпалыс» орысшадан аударылған 1 кітап А. Жалын 1980
19. А. Бек «Арпалыс» орысшадан аударылған 2 кітап А. Жалын 1980
20. Қ. Аманжолов «Дауыл» өлеңдер жинағы. А. Жазушы 2001
21. Қазақ Совет энциклопедиясы А. 1972-1972жж
22. «Бауыржан мен Әзілхан» Қазақ Әдебиеті газеті № 18 (2648) 5.05.2000
23. «Баукеңнің Университеті» Егемен Қазақстан 23.02.2008
24. «Адам не үшін өмір сүреді?» Түркістан 30.10.2003
25. «Қараман қарақшы» Түркістан 23.01.2003.
26. «Кенен мен Бауыржан» Егемен Қазақстан 15.12.2008
27. «Бауыржан Момышұлы туралы» Қазақ Әдебиеті газеті 22.04.1983
28. «Баукеңді іздеп» Қазақ Әдебиеті газеті 14.03.1986
29. «Катюшаның командирі» Қазақ Әдебиеті газеті 21.06.1991
30. «Бауыржан оқыған лекция» Қазақ Әдебиеті газеті 19.12.1986
31. «Батыр Бауыржан 80жаста» Қазақ Әдебиеті газеті 21.12.1990
32. «Оқырмандардан келген хат» Қазақ Әдебиеті газеті 23.11.1990
33. «Менің тәжірибем о дүниеде ешкімге керек болиайды»Қазақ Әдебиеті газеті 4.05.1990
34. «Б.Момышұлы ескерткен бір мәселе» Қазақ Әдебиеті газеті 11.04.2003
35. «Мәңгі тірі Момышұлы» Қазақ Әдебиеті газеті 26.11.1986
36. «Менің Бауыржаным» Қазақ Әдебиеті газеті 21.12.1990
37. «Батырған қалған өсиет» Егемен Қазақстан 22.03.2007
38. «Басқа жазушылар сиямен жазса, біз қанмен жазамыз депті Баукең» Жас Алаш №69 28.08.2007
39. «Қазақстан даму институты» А.Құдабаев,Е.Әбден, Е.Дүйсенбайұлы, И.Тасмағанбетов. 2001жыл
40 «Әдебиет тану» «Бауыржан Момышұлы Түркі халықтары әскери әдебиетінің негізін салушы. Жұлдыз журналы №3 03.2007

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

1.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2. Бірінші тарау
Естелік жайлы шығармалардың табиғаты мен
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1
Естеліктабиғаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 5
2.2 Эссе. Көркем
әңгіме ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... .6
2.3 Мемуар. Ұшқан
ұя ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... .7
3. Екінші тарау
Танымдық тәрбиелік көріністер.
3.1 Естеліктер поэзия
жанрында ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.2 Естеліктер проза
жанрында ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3.2.1 Арпалыс Александр
Бек ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.2.2 Шуақты күндер Зейнеп
Ахметова ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.2.3 Ақиқат пен Аңыз Әзілхан
Нұршайықов ... ... ... ... ... ... . ... ... ...
5. Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

1. Бірінші тарау.

Естелік жайлы шығармалардың табиғаты мен
ерекшелігі.
Қазақ әдебиеті тарихында жеке тұлғалардың (адамдардың) қасиеті
жайлы жазылған шығармалар баршылық. Әдебиеттің қоғамдық мәнін айтқанда,
ең алдымен, оның таным тарапындағы маңызын атау шарт. Қандай бір көркем
бір шығарма болсын,ол оқырманға бұрын беймәлім өмірді, шындықты, бейтаныс
заманды, адамды танытады. Көркем шығарма адамды тәрбиелейді, өмірге
деген көзқарасын қалыптастырады, мінез құлқына ықпал етеді, бүкіл тұрмыс
тіршілігіне әсер етеді. Көркем әдебиеттің құдіретті күшін, оның өмірін
таныту, күллі қоғамдық өзгертушілік қасиетін түсіну үшін, оның
эстетикалық табиғатын тану қажет. Осының бәрі көркем әдебиеттің тәрбиелік
мәнін дәлелдейді. Ол көркем әдебиеттің эстетикалық мәні. Әдеби шығарма
адамның бүкіл ой- қиялын, сыр- мінезін түгел баурайды: қуандырады,
сүйіндіреді, таңдандырады, күйіндіреді, жылатады, күлдіреді... Қысқасы
адамның көңіл күйінде сан-сапа құбылыстар туғызып, із қалдырады.
Әдебиеттің әлеуметтік мәнін, оның қоғамдық өзгертушілік күшін осы тұрғыдан
түсіну шарт.
Естелік -әдебиет жанры. Онда да мемуарлық әдебиеттің –бір үлгісі.
Естелік, көзбен көрген шынай шындыққа құрылса игі. Ол бұл ретте бас
кеспек болса да, тіл кеспек жоқ дерлік шыншыл жанр жанрдың қалыпты
формасы жоқ. Етелік-еске алып отырған адамның шын табиғатынан тууға, еске
алып отыпған адамның шын болмысына ғана ұқсауға керек. Көрнекті
мемуарист Корней Чуковскийдің өз естеліктерін ойдан шығарылмаған
әңгімелер деп аталуының сыры да осында! Адам баласының бірін -бірі
қайталамайтыны, көбіне көп, адам бойындағы қызықты сипат, бағалы
қасиеттерді ол өлген соң ғана біліп, бағалап еске алатынымыз бар.
Естеліктің негізінен дүниеде озған жанр жайлы жазхылу сырын да осы пікір
еске салдғандай. Расында -да, естелік –тіршіліктің қызығында,
қиындығында замандастары мен кейінгі ұрпаққа аманат етіп қалдырып, фәни
жалғаннан өткен жандар жайында жазылады.
Егер естелік шыншыл болмаса-оқушылар үшін қадірлі болмайды.
Жыр алыбы Жамбыл, қызыл сұңқар Сәкен, дана Мұхтар, халықшыл Сәбит,
батыр Бауыржан бір-біріне ұқсай ма? Жоқ ұқсамайды. Ұқсамайтындықтан да
қадау-қадау қайраткерге айналып, қазақ әдебиетін әр қилы, алуан сырлы
туындылармен байытып тұр ғой олар. Демек, олар жайлы естеліктерден де
дара-дара дарындылардың ерекшелік -өзгешеліктерін, жеке, мінез,
қасиеттеріне қанығуға тиістіміз. Естелікті талдап- таратып айтсақ, ұзақ
сонар әңгімеге арқау болуы ықтимал. Әр кезеңде жарық көрген естелік
кітаптардың ұқсас сипаты, ортақ жетістік, ортақ кемшілігін жинақтай
баяндасақ дұрыс болары абзал.
Ортақ ұқсас сипаты деген де айтар бірсыпыра әңгіме бар.
Естелік -әдебиеттің бір қызықты жанры дедік. Демек, оның да әрбір
әдебинтте көріну орнығу сәті, содан сабақталар тарихы болады. Жалпы
мемуар мәдениеті секілді естелік айту, жазу –бар көрген –білгенін кейінге
ауызша айтумен шектелетін қазақ халқы үшін бірден әдемі қалыптаса алған
жоқ. Басқаны қоя тұрып, әр кезеңде жарық көрген осы естелік кітаптарды
өзара салыстырып қарауға да болады. Соңғы кезде естелік мәдениеті
түзіліп ішкі мазмұн байлығымен де, сыртқы кескін –келбетімен де тәп –тәуір
ілгеріледі жетістікке жетеді.
Естелік кітаптарынан ең алдымен қалам қайраткерлерінің шыр
етіп жарық дүниеге келген сәтінен халқының қабырғасын қайыстырып, көзін
қаралы жасқа толтырып бұл фәниден біржола аттануына дейінгі өмір жолын
әр қырынан елестетерлік мәлімет аламыз.
Эссе –тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап,
өзінше толғап, әрі дағдыдан, әдеттен, көне соқпақтардан бөлек тың
болжамдар мен түйіндеулерге құрылатын философияның , этетиканың әднби
сынның публицистиканың , көркем әдебиеттің жанры.
Әдебиеттегі эссе –соны пікірлерге көбірек мән беріліп, оқырманды ой
–теңізінде жүздіретін таңдай қақтыратын, өзінше ойлап –сезіну қажеттілігін
туғызатын, қаныңды қыздырып рухани әлеміңе азық сыйлайтын, дүние
Құбылыстарын өткір қабылдаумен ерекшеленетін көркем туынды.
Эссе табиғаты сыршыл сезімге, тіл бояуларының айрықша салтанатына,
әшекейлі композицияға құрылады. өзгеше бітімді бұл өнер туындысында
эссеист интелектуалдық байлығын, аңғарымпаздығын, жарқын, тапқыр
ойлығын өмір саяхатындағы көрген –білгенін, сезінген – түйінген,
тәжірибелерін жомарттықпен жайып салады.
Эссе сипатында туған туындыларға батыл болжамдар мен өткір
ұсыныстар пікір жарыстырулар мен талас тудыратын жорамалдар, ойлар,
көкейге қонымды, таным көкжиегін кеңетуге қозғау саларлық байламдар тән
Эссе жанрының негізін салушы –XVI ғасырдың жартысында өмір сүрген
француз философы М.Монтень. Орыс әдебиетіндегі үлгісі –Ф . Достоевскийдің
Жазушы күгделігі! Шығармасы.
Әдебиеттанушы ғалымдардың анықтавуына ден қойсақ, олардың қай
–қайсысыда эссе деген жанрлық атауға тоқтағандай. Этимологисына дендеп
барып түптесек эссе алғаш француз әдебиетінде өнер табиғатын саралайтын
очерк райында пайда болған. әрбір әдебиетке жанрлық атау ретінде еркін
ене бастаған бұл сөздің қазіргі кезеңде қолдану аясы барынша кең, мән
–мағынасы мейлінше кең тереңдеген. Эссе –көбіне қалам қайраткерлерінің ой-
тоғанысы деген аяда қолданылып жүр кейде притча, деректі шығарма,
философиялық минатюра, формасы шағын мемуарды да эссе атау ерсі болмай
қалды. Оны айтасыз, сңғы кездері роман-эссе, эссе –повесть аталатын
қосанжараласқан жанрлық ұғымдар төбе көрсетіп жүр. Эссе –сын –зерттеу
еңбекктерінен де қылаң бере бастады.
Әдебиет тарихында жеке тұлғалар жайлы жазылған шығармалар бар.
Олар сонау Ыбырай, Абай шығармаларынан бастау алады. Сол кезеңнен
бүгінге дейін қыруар еңбектер, шығармалар,мемуарлар, естеліктер жазылып
келеді. Мемуар, естеліктер өткен оқиғалар туралы өзі қатысқан, я сол
заманда болған адамның естелігі түрінде жазылған әдеби шығарма.
Әлем әдебиетінің бір қызықты саласы –мемуарлық шығармалар.
Мемуар, Естелік (фран.memories –еске алу) , автордың өз көзімен
көрген, қатысып араласқан оқиғалар жайындағы жазбалары өмірбаян түрінде
кездеседі. Қандай үлгіде жазылса да, әдеби шығарма жай естелік болып
қалмайды. Естелік немесе өмірбаян, күнделік түрлерін пайдалану көркемдік
тәсіл ретінде қолданылады, шығарманың өмірдегі болған уақиғаларға,
нақтылы деректерге сүйеніп жазылғанын көрсетеді. Сонымен бірге мемуарлық
көркем шығармаларда белгілі тарихи кезеңнің айтарлықтай мәні бар
уақиғалары іріктеліп алынып, жинақталып бейнеленеді. Жазушы өзі көрген
уақиғаларды әр түрлі адамдардың мінезін, іс -әрекетін, сол кездегі
алған әсерін сақтай отырып, сондағы көңіл күйі әуенімен суреттейді.
Бірақ , жазушының сол өткен шындықты еске алып, қорытып, өзінше бағалап
бейнелеуіне шығарманы жазған кездегі уақыт тынысының да ықпалы болмай
қалмайды. Мемуарлық шығармада автордың өзі көріп білген жайларды, әртүрлі
адамдардың әрекетін анықтап, айқақтап айтатыны –бұл жанрдың өзгешелігі
және артықшылығы. Баяндалған оқиғалардың нақтылығы да, әсерлілігі де
осыдан туады. Бірақ, шығармаларда деректі материялдар, нақтылы
фактілер неғұрлым көбірек болса, онда өмір шындығы солғұрлым терең
ашылады деу дұрыс болмайды. Мемуарлық шығармада деректілік, нақтылық,
көзімен көрген, басы –қасында болған адамның баяндауына тән айғақты сол
адамның өз түсінігі, өз пікірі тұрғысынан қарап, өзінше бағалауға
да мүмкіндік туады. Сондықтан мемуарлық шығарманың көркемдік,
қуаттылығы, өміртанытқыштық қасиеті, байқағығыштық, алғыр ойлылық
сезімталдылықпен бірге, өмір құбылыстарын терең талдап, қорытындылай
білуге, жинақтап бейнелеу қабілетіне де тығыз байланысты. Осындай
қасиеттердің біте қайнасып, бірін –бірі толықтырып келуі мемуарлық
шығарманың мазмұндылығын, көркемдік сапасын арттырады. Мұны Л. Толстой, С.
Сейфуллиннің мемуарлық туындыларынан айқын аңғаруға болады. С.
Мұқановтың өмір, әдебиет тарихы, ақын –жазушылар туралы ой толғайтын
Өсу жолдарымыз атты шығармасы да оқырманға беретін мағлұматы мол
шығарма.
Дүние жүзі әдебиетінде мемуаристиканың нелер ғажап үлгілері бар.
Бір ғажабы –мемуарлардың авторы біріңғай жазушы емес, тарихшы,
экономист, қоғам қайраткері, дәрігер, спорт сайыпқыраны секілді болып
келеді. Әдебиеттің өзге жанрларына қарағанда мемуардың тарихи –бұқаралық
сипаты басым болатыны да осыдан. Мемуарда дәуір бедері, уақыт мінезі
айқынырақ тәпсірленеді.
Осы мемуар жанрынан қазақ әдебиетіне қатысының өзі қызықты.
Алдымен атап айтар жәй –қазақта мемуар көп емес. Тіпті саусақпен
санарлықтай аз десек те болады. Сөйте тұра, қазақ халқының азаматтық
тарихында мемуардың рөлі орасан зор. Ол қазақ сахарасын кешіп өткен
ертедегі тарихшылар, айтулы ғалым, құлан аяғы күйетін құла түзді
ерінбей-жалықпай кеше жүріп осы халықтың азаматтық тарихына, адамгершілік
болмысына үңіле білген жиһанкез саяхатшылар қалдырған мемуарлық жазбалар.
Ол жазбалар бұл күнде тарихи дерек, қайталанбас шежіре болып архивтерден
сөйлейді. Мемуарлық жазбаларға қарап отырып қазақ халықының азаматтық
тарихында дүние жүзінің талай ойшылдарын таң қалдырған дархан мінезі
қайталанбас өнері мол болғанын пайымдаймыз. Марко Поло, Бабур, А.С.Пушкин,
В.Даль, Г. Корленко, А.Янушкеевич, Барборо және Контарини, Массагетов
секілді ғалым, саяхатшы, ақын, революционер, жазушы, дәрігерлер мемуарлық
жазбаларында қазақ халқына қатысты қаншама қызықты деректер бар
десеңізші!? Айтылған жайлар –қазақ халқының азаматтық тарихы да, рухани,
мәдени тарихыда үзіліп- жалғанып келе жатқан ерте кездегі шежіре дерек
көздеріне саналады. Осы жайларға бір жағынан қуана отырып, қынжылатының
да бар. Қазақ халқының өз ұлдары жазып қалдырса қайтер еді осындай
мемуарлық шығармаларды деп ойлайсың. Ертелі кеш өмір сүрген қазақ
зиялылары мемуарларды көптеп жазып, қалдырса –тарих, әдебиетке қатысты,
халқымыздың тұрмысына әл-ауқатына байланысты қызғылықты деректерді біз
солардан таппас па едік? Демек, қазақ өнерінің өзге салалары секілді
мемуар жазуға да енжарлау болған екен-ау деп ойлайсың ондайда! Амал
қанша? Тек , ендігі ұрпақтың есінде болғанда осы жайлар.
Бүгінде өкініш орнын толтырар қуаныш көп. Мемуар- әдебиеттің
іргелі, көшпелі бір бай жанрына айналып қалыптасты. Әр ел, әр елде
мемуарлық жүйелі дәстүрлер қалыптасқан. Әрбір отбасы, ошақ бұтының-
әулеттің өз мемуарлық жазбалары болатынын қайтерсің! Шынында кісі
қызыққандай емес пе!? өзге халықтарға тән осындай әдеби, жанрлық марқаю
түп-түгелімен болмаса да ептеп қазақ әдебиетіне де келіп, байырқаланып
жатқан жайы бар. Бұл күнде қазақ мемуары өз алдына бір жүйе қызықты
әдебиет болып қалыптасты. Әсіресе, жазушылар жазған мемуарлық
шығармалар бір жүйе бізде. Айталық С.Сейфуллин, С.Мұқанов, Ғ.Мұстафин,
Ә.Тәжібаев, Т.Әлімқұлов, С.Шаймерденов, М.Әлімбаев, Т.Кәкішев, З.Қабдолов
жазған мемуарлық роман, повесть, эссе бір жүйе! Бұл күнде мемуар
эпикалық тыныс алып қана қойған жоқ, ол іштей байып, марқайып алды.
Айталық, бұл күнде қазақ әдебиетінде шеберханлық сырын ашатын эссе
секілді ішкі жанрлық бұтақтары өсіп жетілді. Мұның өзі уақытылы назар
аударып, жинақтап зерттеп жүргеніміз болмаса, өз алдына үлкен бір
әдеби процеске айналып үлгерді деген деген сөз. Мемуардың осы сан-алуан
формада, ішкі жанрлық жүйелер боййынша сала –сала болып дамуына
атсалысып жүрген жазушы, ғалымдарымыз бірсыпыра.
Мемуар жазу үшін кісіге қызық та, мағыналы өмірбаян, үлкен тағдыр
керек. Қиын тағдырлы жаннан ғана ғана қызықты мемуарлық шығарма тумақ.
Жоғарыда айтқанымыздай, мемуарист өз өмірбаянын баяндап отырып,
өзін -өзі қызықтаудан сақтанғандықтан да тым тартыныңқырап сипаттайды
өсу жолдарын. Соның әсерінен де мейлінше созымды, бояу араластыра
көркем жеткізуге мүмкіңдігі бола тұра қысқа қайырып отырады. Соның
өзіңде автордың бұл жазбаларында көркем детальдар, қазақ сахарасының
қилы-қилы суреттері, уақыт бедері бар. Бауыржан Момышұлының
мемуарлық шығармасы Ұшқан ұясын оқи отырып автордың өзгеге
ұқсамас, өзгені қаиталамас әрі ауыр, әрі қызықты өмірбаян
белестеріне куә боламыз. Сол үшінде оқушылық пейілмен авторға дән
риза боламыз.
Автордың өмір жолында бірі ұстаз, бірі тұстас, келесісі қанаттас,
дос болып тағдыры тоғысқан аяулы жандар, қазақ әдебиеті мен өнерінің,
қазақ ғылымының біртуар нар тұлғалары хақында. Жанрлық жағынан алғанда,
бұлар – естеліктер. Қазақ әдебиетінде мемуардың естелік ормасы аз емес.
Әйтседе, Баукеңнің өзінің көргені, өзінің түйгені олардың ешқайсысын
қайталамайды. Басып айтар, батып айтар бір жай –қай естелікте де автор
өзінен бұрын өзіне ықпалы болған аяулы адамдар жөнінде, олардың ауыр
да, ғибратты ғұмыры жөнінде баяндауға тырысып бағады. Бұл орайда
мемуарист мәдениетіне қызығып қарайсың, мерейленіп қарайсың.
Естеліктер бірін бірі қайталамайды, қайта толықтыра түседі.
Сонымен қатар бұл естеліктер автор өмірбаянымен қабыса баяндалып
отырады. Естеліктер сериясын қызықты етіп тұрған бір жай -оның мол
дерекке құрылатыны.

Қазақ жазушысы Сәбит Мұқановтың Өмір мектебі атты кітабы
мемуар болғандықтан, автордың өз басының, жанұя жайының күйлері
жазылған. Бұлай болуы да заңды. Тағы бір мәселе, Сакен Сейфуллиннің
Тар жол, тайғақ кешу романы мазмұн жағынан да, көркемдік жағынан да
мәнді жазылған мемуар. Тар жол, тайғақ кешу қазақ даласына октябрьден
келген өткендерінің тарихи шежіресі, көркем естелігі дейміз. Қазіргі
кезде мемуар деп көбіне автордың өзі жөнінде жазғандарын айтамыз.
Әдебиетіміздегі шын мәніндегі тұңғыш биографиялық мемуарлық шығарма
жазған Т. Омаровтың Шабыт шығармасы болатын. Ал қазақ актерлерінің
ішінде мемуарлық еңбек жазып жүрген бірен-саран ғана. Қазақстанның халық
жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың Ескірмеген естелік деп аталатын,
Амангелді Ормантай Домбырадағы қолтаңба, Сейфолла Оспан Менің мәңгі
айбынды айбарым, Амангелді Ормантай ағаның Бауыржанның Сталинмен
кездесуі. Мыңбай Рәштің Ерлік дастаны деп аталатын Бауыржан
Момышұлымен қатарлас, сырлас, достары жазған естелік дастандарын
айтамыз. Бауыржанның ерлігі мен батырлығына сүйенген ақын, жазушылар өз
шығармаларына арқау еткені де баршамызға аян.

2. Екінші тарау.
Танымдық тәрбиелік көріністер.

Қазақ халқының даңқын шығарып, абыройын асырған айтулы ұлдарының
бірі –гвардия полковнигі, жазушы, Совет Одағының Батыры Бауыржан
Момышұлының көптеген нақыл сөздері, ұтқыр афоризмдері, қанатты сөздері,
мақал-мәтелдері халық қолданысында. Оған дәлел :
Тәрбиелі -тәртіптің құлы.
Тәртіпті –елдің ұлы.
Тәртіпке бас иген құл болмайды,
Тәртіпсіз ер болмайды,
-дей келе,
Ана үшін аянба –ант ұрады,
Бала үшін аянба –бетің күйеді.
Ел үшін аянба –жігіттігіңе сын.
Ел дегенде -езіліп, жұрт дегенде –жұмылып істе,-
сынды мақал –мәтелдерінің елімізге берерлік танымы мен тәрбиелік маңызы
ауыз толтырып айтарлықтай. Бауыржан Момышұлының қанатты сөздері,
нақылдары ұлттық патриотизмге, отансүйгіштікке, адамгершілікке,
шыншылдыққа, ерлікке, батырлыққа бүгінгі ұрпақты жетелейді.(
Бауыржан Момышұлы жайлы естелік, эссе, поэмаларда батырдың
ерлігін оқи отырып, болашақ азаматтарымыздың оған еліктейтіні, бас иетіні
анық. Қазақ ақын жазушыларының Бауыржан Момышұлы жайлы проза, поэзия
жанрында жазған эссе, естеліктері баршылық.
Ең алдымен поэзия жанрына тоқталсақ. Мыңбай Рәштің Бауыржаным
атты өлеңінде:
Айқастың асқан талай ауыр жолын,
Ағындап ақ боз атпен Бауыржаным.
Қиында қырандардай қайыспас ер
Қашанда риза саған бауырларың
Басқарып отызында полкті өзі,
Жау жүрек Жуковқа да жолықты өзі.
Бес рет құрсауды да бұзып Баукең
Бес рет Крюкованы алыпты өзі.(1.204)
Қасым Аманжоловтың Бауыржан атты өлеңінің алғашқы шумағында да:
Бір дауыл сыпырды кеп өрт теңізін,
Теңселіп темір топан дүние жүзін.
Бетіңе туған жердің өшпестей ғып,
Ер жазды өз қанымен жүрген ізін.(20. 38)
Мұнда қазақтың ұлы батырын алып дауылға теңеп, өзінің
ержүректілігімен әлемге танылған Бауыржанды жақсы таныта білген. Бауыржан
Момышұлы өшпес ерлігін өз жүрегімен салғандығын сол үшін де қазақ халқы
ұмытпақ емес, оның ерлігі ел есінде мәңгі сақталады.
Сырбай Мәуленов Бауыржан зираты басында өлеңінде батырдың
қазасын халықпен бөліскен жолдарын былайша өрбітеді:
Қойылымды тауға тал түсте,
Өзі де таудай нар тұлғаң.
Арыңа кіршік шаң түспей,
Айрылмай кеттің даңқыңнан.
Ақын өлеңі батырдың болмысын бүкіл адалдықтың символындай жыр
етеді.
Ардақтай берер сүйікті ел,
Ардақтау сені парыз боп.
Батырлық тұлғаң биіктер,
Бұрыннан бетер аңыз боп.(13. 42)
Ия, батыр тұлғасы шынында ардақтауға да, мадақтауға да тұрарлық.
Оны Сырбай Мауленовтің жоғарыдағы жыр жолдары дәлелдейді.
Осындай поэзия жанрынан Бауыржан бейнесін көрсетуде бір топ
ақындарды атап өтуге болады. Өзінің балалық шақтағы жақын досы, Әбділда
Тәжібаевтың Бауыржан Момышұлы өлеңі, Жұмекен Нәжімеденовтың Қыран қия
поэмасы, Жаркен Бөдешовтың Қасиет пен өсиет, Күләш Ахметованың Болашақ
үшін, Жақсылық Сәтібековтың Домбыра мен қылыш, Тұрар Молдабаевтың
Бауыржан дастан атты поэмаларын айтамыз. Сондай-ақ халық жазушысы
Қалижан Бекқожиннің Бауыржан Момышұлына арнаған Атыңды мен естідім деп
аталатын өлеңі, Қол бастаған батыр деген поэмалары бар. Халық жазушысы
Хамит Ерғалиевтің Сардар дос атты өлеңі, арнаулары бар. Сондай-ақ Ғафу
Қайырбековтың Жуалы, Мұқағали Мақатаевтың Ақ тұлпарым бар еді саған
деген.
Аға.
Саған білмеймін не айтарымды,
Қай қырыңнан білмеймін байқарымды,
Көңілдегі ой көмекейге кептелді де,
Түрмесіне кеудемнің қайтарылды.
Қайтерімді білмеймін не айтарымды.(1.89)
Қадыр Мырзалиевтың Панфилов пен Бауыржан өлеңінде екеуінің
айырылмас достығы, Бауыржанның әскери және өмірлік ұстазы Панфилов
арасындағы достық қатынасы, бір- біріне деген құрметі және олардың
ерлігін, батырлығын жыр етеді. Бауыржанның әкесіндей болған Панфиловтың
өлімі ауыр соққы болғандығы жайлы сыр шертеді.
Ал проза жанрына келсек, Зейнеп Ахметованың Шуақты күндер,
Александр Бектің Арпалысы, Әзілхан Нұршайықовтың Ақиқат пен аңызы. Қай-
қайсысы болмасын шынайы Бауыржанның өз өмірінен алынған туындылар.
Арпалыс романында сонау сұрапыл соғыста жүрген кезінде орыстың
көрнекті жазушысы Александр Бек Бауыржанның батырлығын естіп, сол шығарма
дүниеге әкелмекке бел буады. Бірақ, жазушы көптеген кедергілерге кездессе
де өз мақсатына жетеді. Бұған дәлел Бауыржанның Александр Бекке өтірік
жазсаң алдымен сол қолыңды, одан кейін оң қолыңды шауып тастаймын дегені
куә. Бұл романның ерекшелігі сонда жазушы мен кейіпкер (прототип)
арасындағы келісім-шарт жасасып, кейіпкердің, яғни Бауыржанның
баяндауымен жазылған роман.
Тіпті осы романға байланысты кино да түсірілгені аян. Бұл кітап
Буыржанды бар әлемге танытқан тұңғыш шығарма. Александр Бек повесті
адам жанын тебіретерлік етіп жазған. Кейіпкер атынан сүйіспеншіліктің де,
өшпенділіктің де соғыста, ұрыс барысында айрықша қуатты күшпен көрінетінін
айқын дәлелдейді. Осыған сәкес повестің психологиялық тақырыбы-солдат
жаны кітаптың ерлікті, отаншылдықты халықтар достығын тәрбиелеуде
қажетті көркемдік негізін қалайды. Кейіпкер ойы өмірден ажырамастай
тұтасып кетеді. Александр Бек мұздай темір құрсанып анталаған жауға
төтеп берген батырлардың арпалыс, іс –қимылын көз алдымызға елестетеді.
Елімізге ентелеп енген жау тұсығын кімдер бұзды, кімдер сол басқыншыларды
тойтарып тастады, соны бір батальонның ерлік әрекеттері арқылы көрсетеді.
Генерал Панфилов, комбат Момышұлы есімдері халық арасында кең тарап,
ұмытылмас аңызға айналды.
Зейнеп Ахметованың Шуақты күндер романына келетін болсақ, бұл
романның үлкен ерекшелігі және жаңашылдығы көзге түседі. Зейнеп қайын
атасы Бауыржанмен бірге өткізген күндерінен естелік ретінде күнделікке
жазып жүрді. Міне, сол күнделіктен алынған роман. Бірақ осы күнделіктің
жазылуына да Бауыржанның өзі себепші. Бауыржанның сүікті немересі
Ержанның күнделікті іс-әрекеттерімен, айтатын әңгімелерін жазып отыруға
келіні Зейнепке тапсырады. Кейін Зейнептің өзі : Мен атамның жаңағы
тапсырмасынан кейін неге өзі туралы қағазға түсіре бермеске деген ойға
қалдым,-дейді. Бауыржанның Зейнептің күнделікті жазылып жүрген
жазбаларына, яғни күнделіне берген бағасы да бар.
Шүкіршілік, мен туралы көп жазылды, бірақ олар мені Момышұлы
келінінің көзімен көрген жоқ. Ал келіні жазғанды өз басым әлі
кездестіргенім жоқ,- деп Бауыржанның өзі мойындағандай қазақ
әдебиетіндегі жаңашыл сипатта жазылған өзіндік орны бар шығарма.
Бұл романның тағы бір ерекшелігі үлкенді силау, кішіні құрметтеу
салтын берік ұстанған Зейнептің атасына деген сый құрметі, шексіз
келіндік борышын, өзінің көргендерімен ойға түйгендерін атасымен бірге
өткізген шуақты кндерін еске ала отырып жазады.
Зейнеп Ахметованың атасы жайлы жазған бір естелігінде: Атам
қандай тақырыпты бастамасын мәресіне жеткізіп, тиянақтамай қоймайтын. Кеше
басталған сәлем жайлы әңгіменің де аяғы сұйылмай жалғасатынына күмән жоқ
еді. Тек күндіз жайбарақат көсіліп отырып сөз тыңдауға мұрша бола
бермейді. Келімді –кетімді кісі бар, дайындайтын ас-суың бар, арасында
дүкенге жүгіресің, әкелі-балалы Момышұлының апарып беретін, алып келетін
жұмыстары да менің үлесімде дегендей, әйтеуір күндіз тыным аз. Сондықтан
түнді асыға күтіп жүрем. Онда да ата өз көңілінің қалауымен сені
шақырып сөз бастамайды, әншейін кіріп барсаң: мен сені шақырғамм жоқ
дейтіні бар. өткен жолы жұбаймның артынан ілесе кіргенімде баласына қарап:
Нөкеріңді ертіп неғып жүрсің?-дегенде бөлмеден ытқып шыққам.
...Атам бүгін өзі қасына шақырып бір қалыпты қоңыр дауыспен
әңігіме тиегін ағытты.
- Саған сәлемнің ең ұлысын айтып берейін. Ол-шаңырақ сәлемі. Кісі
үйіне келген адам үйде біреу болсын, болмасын амандасып кіреді. Үй
иелерімен сыртта ұшырасып , есік алдында есен-саулық сұрасып алсада,
табалдырықтан аттай бере, сол үдің шаңырағына, отының басына сәлем
беріп кіреді. Қазақ халқы шаңырақ пен табалдырықты, бесікті қасиетті
санайды. Үй табалдырықтан басталады, шаңырақпен еңсе көтеріледі, бесікпен
ұрпағы өседі. Әркімнің от жаққан, ұрпақ өсірген үйі өзіне құтхана.
Сондықтан келген адамның кісі үйін сыйлауы шаңыраққа сәһлем беруден
басталады. Алда-жалда сәлем бермей кіріп келуді қазақтар надандық,
менмендік көреді, немесе ниет- пиғылы бұзық дұшпандар, әдейі бәле іздеп
келгендер сәлем бермейді. Қазақтар әдептен аспай кісі шаңырағын сыйлай
білетін адамнан сәлемін де, ықылас- пейілін де аямаған. Бұл ғасырдан
ғасыр асып келе жатқан дала этикасы. Осы қонаққа байланысты ырымдарды
білесіңбе?- деп сұрады аяқ астынан сөзін ишұғызл өзгертіп. Құлағым
қалқиып тыңқдаушы болып, бейқам отырғанда тосыннан қойылған саулға сасып
қалдым. Жылдам жауап қайтаруға есіме жарытымды ештеңе түсе қоймай, бөгеле
бердім. Дегенмен жауап беруім керек.
- Қонаққа ас әкелгенде үй иесі тамақтың дәмін өзі татуы керек.
Ол, адал ас дегені, -дедім ойыма алғаш оралғанды айтып.
Осымен құтылдым ба десем, менен көзін алмай тағы не дейсің
дегендей салмақ сала тікірейіп қарап отыр.
-Келген қонақ бірдеңе жеп, аузы шайнаңдап үйге кірмейді.
Керісінше, қайтар кезінде бір түйір құрт па, ірімшік пе, мейіз бе жеп,
есіктен аузы қимылдап шығуы жөн дейді. Дәм тартып және жүздесуге жазсын
дегені екен,- дедім. Атада үн жоқ. Қапияда адамды тұқыртып тастайды да
осылай үнсіз бақылайды. Атаның отты жанарынан жасқанып өлермендікпен
тағы сөйледім.
- Қонақты қарсы алғанда үй иесі есігін өзі ашады, қонақты үйге
алдымен кіргізеді. Қонақ кетерінде есікті қонаққа ашқызады. Өйткені, үй
иесі өзі есік ашса, қонағын қуғандай, қонағынан құтылғанша асыққанмен
бірдей саналады дейді.
Мәнерлеп, сүзгіден өткізіп сөйлеуге шама қайда?
Ойыма түскенін әупірімдеп айтып шыққаныма шүкір.
-Ы -ы-м, -деді ата. Қоштағаны ма, ұнатпағаны ма, ажырату қиын.
Қонақтың түр-түрі бар, -деді сәлден кейін. Сөзін өзі демдеп мені жайыма
қалдырғанына қуандым.
- Қазақтың қонағын Төле би бабамыз төртке бөліпті.
Арнайы қонақ,
Құдайы қонақ,
Қыдырма қонақ,
Қылғыма қонақ.
Арнайы қонақ- ат арылтып шалғайдан арнай келетіәе бауыр- туыс,
нағашы,жиен, құда-құдағи, қимас дос, жақсы жолдас секілді жақындар. Бұлар
сыйлы қонақтар.
Құдайы қонақ- жолаущыдап жүріп ат басын тіреген кездейсоқ қонақ.
Үй иесі оны танымайды, бұрын көрмеген. Бірақ Қырықтың бірі Қыдыр деп
есігіне келген соң құрмет көрсетеді. Бұл -сауап болатын қонақ.
Қыдырма қонақ- ауыл –ауылды аралап, езуі көпіріп, бір жердің сөзін бір
жерге тасып, ет пен қымыз ішу үшін сабылып жүретін далбаса қонақ.
Қылғыма қонақ- қайсы үйдің түтіні шықса, сол жерден табыла кететін
адам. Қолына ілінгенді жейді, аузына түскенді қылғиды. Тамақ аңдып,
толымды дастархан іздейтін сұғанақ қонақ. Міне, қасиетіңнен айналайын
Төле би жарықтық қонақтарын осылай жіліктепті, -деп ата мүштегіне
темекі тигізді.
Біздің үйде де қонақ көп келеді, бәрі атаны іздеп арнайы келеді.
Өйіткені ата ай мен күн секілді көпке ортақ адам. Аймен күннің мейірім-
шапағаты баршаға ортақ болғанымен жерде қыбырлап жүрген пенделер сан
алуан. Біреу тойып жүреді, біреу тоңып жүреді, енді біреу озып жүреді,
біреу азып жүреді. Әркімнің өмір дейтін ұлы көшке ілесуі әр деңгейде,
басып өтер сүрлеу- соқпағы да әр қилы. Сондай бір-біріне ұқсамайтын
адамдардың ата алдына келулері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ҒҰМЫРНАМА ЖАНРЫ ТУРАЛЫ
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ МЕМУАРЛЫҚ РОМАН ЖАНРЫ
Қадыр Мырза Әлі
Қадыр Мырза Әлидің поэзиясының поэтика туындылары
Қабдеш Жұмаділовтің «Таңғажайып дүние» романының жанрлық сипаты
Лирикалық проза жайлы ақпарат
Қазақ әдебиетіндегі мемуарлық шығармалардың басым бөлігі - романдар
Қазақ әдебиеті тарихындағы мемуарлық шығармалар - ұлттық тарихтың көркем шежіресі
Қазіргі қазақ поэмаларының көркемдік философиялық мәні. Мемуарлық шығармалар. Лирикалық проза
Драманың өзіндік ерекшеліктері мен сипаттамасы
Пәндер