Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесі


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Курстық жұмыс

Тақырыбы: 1930-1932 жж. Ақша реформасы

Астана, 2012

Мазмұны

Кірспе
3
Кірспе: І
3: АҚША РЕФОРМАСЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
4
Кірспе:
3: 1. 1. Ақша реформасын жүргізудің қажеттілігі
4
Кірспе:
3: 1. 2. 1930 - 1932 ж. несие реформасының мазмұны
Кірспе:
3: 1. 3. Ақша реформасын жүргізудің маңыздылығы
Кірспе: ІІ
3:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АҚША ЖҮЙЕСІ

2. 1. Ақша жүйесі жөнінде түсінік

Кірспе:
3: 2. 2. Ақша қызметінің эволюциясы.
Кірспе:
3: 2. 3. ҚР банк жүйесінің құрылымы
Кірспе: ІІІ
3:

ҚР БАНК ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ РЕФОРМАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БАРЫСЫ

3. 1. ҚР банк жүйесін дамыту жолындағы реформалар

Кірспе:
3: 3. 2. Қазақстандағы 1991 жылдан бергі банк реформасы және 1995 жылғы банк жүйесін реформалау
Кірспе:
3: 3. 3 ҚР банктік реформаладың нәтижелері
Кірспе: Қорытынды
3:
Кірспе: Қолданылған әдебиеттер тізімі
3:

Кіріспе

Ақша ежелгі заманда пайда болған. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден бір шарт және өнім болып табылады. Тауар - бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегңнің өнімі (зат), оны өндірушілердің белгілі қоғамдыққатынастарын тудыра отырып, таур формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды.

Ақшаның өмір сүруіндегі объективті қажеттілік ол тауар өндірісі және тауар айналысының болуына негізделеді. Кез келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар мен ақша бір бірінен бөлінбейді. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.

Алғашқы қағаз ақша 1260 жылдары Қытайда пайда болды. Капитализм кезінде қағаз ақшаның алғашқы партиясы 1690 жылы Англияның Солтүстік Америкадағы Массачусетс колониясында шығарылған болатын және ол алғашқыда солдаттарға жалақы төуге арналған. Россияда алғашқы қағаз ақшалар (ассигнация) 1767 жылы шығарыла бастады. Банк жүйесін реформалау және ақша банкнотасын өндіруге байланысты өзінің меншікті қуатын енгізуді, Қазақстандағы қолма - қол ақшамен байланысты жағдайды түбірімен өзгертті.

Бұл курстық жұмыс кіріспеден, І бөлімде Ақша реформасын жүргізудің қажеттілігі мен маңызы және ІІ бөлім Қазақстандағы ақша реформаларынан тұрады.

Курстық жұмыстың тақырыбының негізгі мақсаты - ақша реформасы, оның алғышарттары мен мазмұнына, Қазақстанда өткізілген ақша реформасына және ұлттық валюта теңгенің енгізілуіне тоқталып, алып көрсету.

І АҚША РЕФОРМАСЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

1. 1 Ақша реформасын жүргізудің қажеттілігі

Революцияға дейінгі Қазақстанда жүргізілген 1895-1807 жылдары ақша реформаларын нәтижесінде алтын монета айналысы бар алтын монометаллизм жүйесі енгізілді. Айналыста алтын күміс және мыс монеталар жүрді. Негізгі ақша белгілеріне 92 пайыз алтынмен қамтамасыз етілген мемлекеттік банктың несиелік билеттері жатады. Ақша массасының басты бөлігін алтын монеталарға ауыстырылатын айналыс құралдары құрады, сондықтан да оларға деген халықтың сенімі болды.

1917 жылы жазда Уақытша үкімет 20 және 40 рубльдік ақша белгілерін шығарды олар шынының бетіне жабыстырылған этикеткаларға ұқсас, бұны халық арасында «керенки» деп те атайды. Несиелік ақшалар мен керенкилерден басқа Уақытша үкімет айналысқа сурогаттың әр түрін енгізді: мемлекеттік қазынаның қысқа мерзімді міндеттемесі, займ купондары.

Мемлекеттік шығыстарды жабу мақсатында үкімет ірі купюрада қағаз ақшаларды шығарды. Ұсақ ақшалар рөлін чектер, бондар, маркалар және басқа да ақшалай сурогаттар атқарды. Ресейде ақша жүйесінің жалпы құлдырауы басталып, оның Қазақстанға да өзіндік ықпалы болды. Қазан революциясынан кейін ақша айналысының жағдайы біршама нашарлай түсті. Үш жыл ішінде (1913-1920) айналыстағы қағаз ақшалардың массасы 48 есеге дейін өсіп кетті. Ақша он мың есеге құнсызданды. 1919 жылы алғаш рет кеңестік мемлекеттік билеттер, кейіннен РСФСР-дің есеп айырысу белгілері айналысқа шығарылды. Түркістанда, Солтүстік Кавказда, Кавказда, Қиыр Шығыста және басқа да жерлерде жергілікті ақша бірліктерін шығаруға рұқсат берілді. Ақша массасы сан алуан түрлі болды. Жергілікті ақша белгілері Жетісуда, Верный қаласында шығарылды.

Ақшаның қатты құнсыздануының нәтижесі: шаруашылық қатынстардың натуралдануы мен ақшаның айналыстан шығарылуы болып табылады. 1920 жылдардың соңынан бастап «еңбек паегін» ақысыз беру басталды. 1921 жылы наурызды болған РКП (б) - ның х съезінде жаңа экономикалық саясат (ЖЭС) қабылданды. Шаруалар өнім салықтарын мемлекетке төменнен ейін, артық өнімдерін базарға сатуға мүмкіндік туды.

Біртіндеп еңбекақыны ақшамен төлеу қалпына келтірілді. Егер 1921 жылдың көктемінде ақшалай еңбекақыны төлеу тек 10 пайызы ғана құраса, онда 1923 жылы бірінші желтоқсанында ол 800 пайыздан астамын құрады. Бұл ақша реформасының арқасында ғана мүмкін болды.

1921 жылы қазанда Ресей Кеңестік Федеративтік Социалистік Республикасында Мемлекеттік банкі ұйымдастырылып, ол елдің басты эмиссиялық орталығы болып саналады. Мемлекеттік банктің басты міндеті ақша реформасын жүргізуге дайындық жасау болды.

Ақша реформасын өткізудің экономикалық алғышарттарына ЖЭС жүргізудің нәтижесіндегі шаруашылық жағдайдың біршама жақсаруы әртүрлі өнеркәсіп салаларындағы өнімдерінің көлемінің өсуі (бидай, мақта және т. б) тауар айналымының артуы жатады.

Тауар шаруашылығындағы ақша айналысының бірқалыпты болуының екінші бір алғышарты - бұл ақшаның алтынмен қамтамасыз етілуі. 1922 жылдың бірінші қаңтарынан бастап 1923 жылдың бірінші қаңтарына дейінгі жылдар аралығында Мемлекеттік банктің алтын валюта резерві 6, 7 млннан 31 млн рубльге дейін жетті. 1922 жылы сәуірде бағалы металдарды жән тастарды еркін түрде иеленуге рұқсат берілді, оған дейін халық оларды мемлекетке тапсыруға міндетті болатын. Бағалы металдардан жасалған монеталар мен шетел валюталарын сатып алу мен сатуды Мемлекеттік банктің өзі ғана жүргізуге монополиялық құқығы болды.

Ақша айналысын қалыпқа келтірудің басты бір қадамына 1922 жылы мемлекеттік ақша белгілерін шығару жатты. Мұндағы 1 рубль бұрын шығарылған 10 мың рубльге теңесті. Ақшаларды қайта есептеу олардың төрт нөлін сызып тастау арқылы жүргізілді. 1922 жылдың 1 мамырынан бастап барлық есептеулер жаңа ақшалармен жүзеге асты. Айналыстағы ескі ақша белгілерін 1923 жылдың бірінші қаңтарына дейін кассаларда қабылдады. Екінші рет деноинациялау барысында 1923 жылғы үлгідегі 1 рубль 1922 жылы 100 рубльге немесе бұрынғы кеңестік ақша белгілерінің 1 миллионына теңесті.

Деноминациялар ақшаны есепке алуды оайлатты, ақша айналысын бірқалыпқа келтіру жөніндегі ұмтылыстарды куәландырды. Әйтсе де рубльді тұрақтандыру мүмкін болмады. Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы жағдайында жаңа ақшалар үсі үстіне шығарыла бергендіктен де, олар тезірек құнсыздануға ұшырады.

1. 2. 1930 - 1932 ж. несие реформасының мазмұны

1930 - 1932 ж. жүргізген несие реформасы елдегі банк жүйесінің дамуындағы жаңа кезеңнің басталуы еді және соның нәтижесінде жаңа қағидаға енгізделген салалық банктер қатары ұйымдастырылады. Несие реформасын жүргізу үшін елде біраз алғы шаралар жүргізілді.
Бріншіден, бұл кездері экономика салаларында біраз жетістіктерге қол жетті және олардан жеке капитал ығыстырылды. Сөйтіп, 1930 ж. мемлекеттік сектордың өнеркәсіптегі үлес салмағы 99, 1%-ке, көтерме саудада 97, 2%-ке, ал бөлшек саудада 86, 5%-ке жетті. Ауыл шаруашылығында 55 % тауарлы астықты мемлекеттік және ұжымдық шаруашылықтар өндірді.

Екіншіден, халық шаруашылығын тікелей мемлекеттік жоспарлы басқару жүзеге аса бастады. 1928 ж. халық шаруашылығын өркендетудің бірінші бес жылдық жоспары дайындалып, олар шаруашылықтың әрбір буынына жеткізілді. Жоспар кәсіпорынның өндірістік және қаржылық іс-әрекеттерін қамтыды.
Үшіншіден, шаруашылықтың негізгі буыны - өнеркәсіп мемкемесі шаруашылық есепке көшірілді.

Төртіншіден, коммерциялық вексельді айналыснан шығарып, оның орнына есеп айырысуды тек банк арқылы жүргізудің және қысқа мерзімді несиені тек банктерде жинақтау нәтижесінде 1929 ж. 1 қарашасында халық шаруашылығына берген қысқа мерзімді несиенің 80%-ке жуығы банктер үлесіне тиді [7; 171] .

Барлық салалық банктер саланы қаржыландыру және ұзақ мерзімді несиелендірумен айналысты. КСРО мембанкінде халық шаруашылығына барлық салаларын қысқа мерзімді несиелендіру шоғырландырылды. КСРО мембанкінің барлық несие жүйесінің орталық және жетекші бөлімі ретіндегі ролі одан әрі арта түсті. Одақтас республиканың барлығында, соның ішінде, Қазақстанда барлық банктердің республикалық мекемелері ұйымдастыратын. Бұның өзінде банк ісінің ұйымдастырылған принципі банктердің жоғарғы билік органдарына бағынуы, қандай да бір жергілікті ережелердің бекітілуіне жол бермеу сақталды. Сонымен қатар, тәжірибеде берілген банктерде ақша айналымын шоғырландыру қағидасы жүзеге асырылды, соның ішінде, әр бір кәсіпорын, ұйым немесе мекеме тек бір банкте ғана есеп айырысу немесе ағымда шот ұстай алды. Осы банкте олар өз ақшалай қаражаттарын сақтады, несеи және қолма-қол ақшалар алды, ол арқылы барлық қолма-қол емес есеп айырысу операцияларын жүргізді. Сонымен, несие реформасын жүргізу үшін алғы шаралар жасалып, 1930 жылдың қаңтарында несие реформасы жүргізіле басталды.
Несие реформасының мақсаты - несиелеу мен несие-есеп жұмыстарының жаңа түрлерін енгізу.

1930 - 1932 ж. несие реформасын жүргізудің басты себептері.
1929 ж. қабылданған бірінші бес жылдық жоспар бойынша өнеркәсіп, транспорт, сауда және ауыл шаруашылығының көп бөлігі мемлекеттік жоспар бойынша өркендеуі қажет болды. Ол көптеген ресурстарды қаржылық банк жүйесіне жинақтап, орталықтандырып, одан соң жоспарлы түрде халық шаруашылығына бөліп беру қажет. Бірақ бұл міндеттерді айналым қаражатын жоспарсыз бөлумен шұғылданған коммерциялық несие орындай алмады. Онымен қоса өнеркәсіп орындары бірін-бірі несиелеумен шұғылданып, есепті вексельдермен жүргізіп банк бақылауынан тыс қалды. Іс жүзінде бұл кезде банктың несие алушымен байланысы болмады. Нәтижесінде, шаруашылық орындарының бірін-бірі несиелеуі, яғни коммерциялық несие тікелей мемлекеттік жоспарлы басқарумен қайшылыққа келіп елдегі несие қатынастарын түбегейлі өзгерту қажеттілігі туындады.
Несие реформасын кезеңде өткізіліп негізі мына мәселелер шешіледі:
1. шаруашылық орындарының бірін-бірі коммерциялық несиелеуін жою және оны тура банктік несиемен өзгерту;

2. мемлекеттің банктың бағытын нығайтатын есеп жұмысының жаңа түрін, яғни шаруашылық есепті енгізу қажет;

3. халық шаруашылығының қысқа мерзімді несиелеу процесін мемлекеттік банкте шоғырлау. өндіріс мекемелерінің өзінің және қарызға алған қаражаттарының қызмет аясын анықтау, шаруашылық орындарын несиелеудің принциптерін бекіту;

4. несие жүйесін қайта құру, яғни мемлекеттік банкпен ұзақ мерзімді несие беретін арнаулы қызметін ажырату.

Сонымен, несие реформасының алғашқы кезеңінің негізгі мақсаты коммерциялық несие тікелей банктік несиемен алмастырылды.
Банк несиесі - несие алушыға, жоғары басқару органының жоспары бойынша тікелей банк беретін несие. Бұл оны коммерцмялық несиеден негізгі айырмашылығы. Бірақ банктік несиенің бұл артықшылығы халық шаруашылығына бірден өзгеріс енгізе қойған жоқ. Банктің жіберген қаталері төмендегідей:
• есептеуге автомотизм (санасыз, тек бұрын қалыптасқан дағды бойынша істелетін әрекет) жабдықтаушының банкісі сатып алушыға жіберілген барлық тауарлар үшін ақшаны дағдылы автоматты түрде аударса, ал сатып алушының банкісі де дәл солай автоматты түрді оның шотынан түскен тауарлар құнын шығарып отырды; жіберген жүктің дұрыстығы және шаруашылық органдардың арасындағы келісімнің орындалуы бақыланған жоқ;
• несие берудегі автомотизм (немесе жоспармен несие беру) : жоспардың нақты орындалуын тексермей-ақ, банк шаруашылық мекемелеріне жоспарплы түрде несие береді; несиенің мөлшері жоспарды орындау үшін қажетті айналым қаражатының жалпы жетіспеуіне қарай анықталып, оның пайдалану мақсаты мен қайтарылу мерзімі көрсетілмей-ақ беріледі;
• шаруашылықтардың өзінің және қарызға алған айналым қаражаттарын ажыратпауы (араластырылуы) : әрбір шаруашылық мекемелеріне банкте бір шот ашылып, онда өз қаражатының да, банктік несиенің да барлық кірісі де, шығыны да есептеледі, олардың арасындағы ерекшеліктер көрсетілмейді;
• банктің несиелеу және есеп айырысу реформасын жүргізуге техникалық дайынсыздығы: ережелер, нұсқаулар, құжаттардың түрлері алдын ала дайын болған жоқ, содай-ақ банктің төлем жүргізуге қабылдайтын құжаттары саны жағынан да қарастырылмады.

Несие реформасының келесі кезеңдері осы жіберілген кемшіліктерді жойып мемлекеттік банктың халық шаруашылығына қысқа мерзімді несие берудің бірыңғай орталығы және мемлекеттің есеп касса орталығы болуына арналды. Қорыта келе 1930 - 1932 ж. жүргізілген несие реформасының нәтижесіндежоспарлы социолисттік шаруашылыққа сай елде ақша несие жүйесі құрылып, мемлекеттік банк біріңғай өндіріспен тауар айнылымын есептейтін және бақылайтын ақпаратқа айналды [7; 171 - 1736] .

1. 3. Ақша реформасын жүргізудің маңыздылығы.

Ақша реформасы екі кезеңде жүргізілді. 1922 жылы 25 шілдеде және 11 қазанда Кеңхалком декретімен Мемлекеттік банкке 1, 2, 3, 4, 5, 10, 25 және 50 червонец тұрғысындағы банктік билеттерді шығару туралы құқық берілді. Бір червонец соғысқа дейінгі алтын монетадағы (7, 74234г) 10 рублге теңесті. Мемлекеттік банк червонецтерді кәсіпорындарда векселдік және тауармен қамтамасыз етілген қарыздар беру арқылы шығарылып отырды. Бұл тауар айналысының қажеттілігмен байланысты червонецтерді шығаруға мүмкіндік берді.

Червонецтерді эмиссиялаудың несиелік сипаты олардың қарызды өтеу барысында банкке қайтарылуына қызмет етті. Вексельдер мен тауарлы материалдық бағалылықтардан басқа да червонецтер эмиссия саласынан 25 пайыз алтынмен және шетел валютасымен қамтамасыз етілді. Банктік билеттер алтынға айырбасталмады, бірақ банк червонецтердің алтын рубльдегі бағамының сақталуын бақылап отырды. Кеңес мемлекетінің барлық тарихында червонец жалғыз ғана тұрақты валюта болып табылады.

Сауда саттықтың жән банктік несиелердің ұлғаюына қарай червонецтер де айналыста қолданыла бастады. Олар айналыстағы барлық ақша массасының нақты құнының 1. 04. 1923 жылы - 15%, 1. 07. 1923ж - 37% және 1. 10. 1923ж - 74 % құрады. Кәсіпорындар арасында барлық ақшалай есеп айырысулар, мемлекеттің кірістері мен шығыстары және басқа да төлемдер червонецтермен бейнелене бастады.

Червонецтер ірі ақша болғандықтан да олар көбіне көтерме шаруашылық айналымына қызмет етті. Кеңестік ақша белгілері өздерінің ұсақ құндылығына қарамай олар ұсақ бөлшек сауда және базар айналысында қызмет ете берді. Шын мәнісінде елде екі валютаның қосарлы айналысының жүйесі қалыптасты: Мемлекеттік банктің несиелеу барысында шығарған червонецтерді және халықаралық қажы комитетінің бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарған кеңес ақшасының белгілері.

1924 жылдың бірінші мамырында айналыстағы ақша массасы астрономиялық санға - 762, 3 квадрильон рубльге жетті. Бұл ақша массасының нақты құны 15, 2 млн рубльді құрады.

Кеңестік ақша бірліктерінің құнсыздану қарқыны орташа және ұсақ купюрадағы ақшалардың жетіспеушілігіне әкеліп соқтырды. Сөйтіп ұсақ ақшалар ретінде әртүрлі ақшалар, әсіресе, тұрақты валюталарда бейнеленген сурогаттарды шығарды.

Кеңестік ақша бірліктерінің құнсыздануы шаруаларға үлкен зиян келтірді. Червонецтер қаланың валютасы болды, іс жүзінде олар ауылдарға жетпеді. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауарлығы төмендей бастады. Мұның бәрі ақша реформасын тезірек аяқтауды талап етті. Бұған деген өзіндік экономикалық алғышарттары болды: бюджет тапшылығы 15%-ға дейін қысқарды, өндіріс пен ауар айналымының өсуі байқалды, алтын қоры ұлғайды ( 1. 01. 1923ж 10, 9 млн рубльден, 1. 02. 1924 ж 153, 6 млн рубльге дейін)

1924 жылдың бесінші ақпанында Орталық атқару комитеті және Халық Комиссарлар кеңесі декретіне байланысты ақша реформасы тоқтатылды. Айналысқа 1, 3 және 5 рубльдегі қазыналық билеттершығарылды, мұндағы 10 қазыналық рубльдің құны 1 червонецке теңесті. Кеңес ақша белгілеріншығару тоқтатылды.

1888 жылы дүниеге келген Григорий Яковлевич Сокольков (Бриллиант) 1922-1924 жылдар арасында ақша реформасын ұйымдастырушы және теоретигі болды. Ол 1922 жылдың басынан бастап валютаның тұрақтылығы елдің экономиклық өрлеуінің қажетті шарты деп дәлелдеді. Осы уақыттарда көптеген шаруашылық иелері құнсыз кеңестік ақша белгілерінің эмиссиялануы - ұлттық табысты бірінші кезектегі мемлекеттік қажеттілікке қайта бөлудің мүмкін болар тәсілі деп санады. Бұл көзқарасқа қарсы болған Г. Я. Сокольников барлық тауарлық шаруашылықта ақша тек қана айналыс және төлем құралы болып табылмай, сондай-ақ құн өлшемі және қорлану құралы болып табылады деп санаған.

Қорлану құралы ретіндегі ақшаға деген қажеттілік алтынның, тұрақты валютаның келуін талап етті. Алтынға валютаның еркін ауыстырылуын жақтаушы ретінде ғана емес, сонымен қатар Г. Я. Сокольников алтын резервтерін жинақтау қажет деп санады.

Алтын қорының үш рөлі болды:

  1. халықаралық есеп айырысуларда резервтік қор ретінде;
  2. Ішкі нарықта червонец бағамын реттеуші (Мемлекеттік банк алтынды шетел валютасымен бірге ішкі нарықтан сатып алынып отырады) ;
  3. Көзге көрінбейтін жағдайларға арналған сақтандыру резерві

Червонец тарихқа «алтын» деген атпен кірді, бұл жерде оның мазмұны патшалық он рубльдің алтын мазмұнына сәйкес келуінің қатысы болғандықтан емес.

Мемлекеттік банк валюталық бағамды өзгеріссіз қалыпта ұстау мақсатында «еркін нарықта» алтынды және шетел валютасын сатып және сатып алып отырды. Мемлекеттің нарықтағы алтын және шетел валютасына деген сұраныс пен ұсыны қатынасына араласуын валюталық интервенция деп атай отырып, ол өз кезегінде червонец позициясын ныңайтға, оның бағамын арттыруға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар червонецтер кеден баждарын төлеуге де қабылданды. Червонецке тұрақты бағамда валюта лаумүмкіндігі, сондай ақ червонецтегі бағалардың тұрақтылығының қамтамасыз етілуін оған деген сенімді арттырып қоймай, оның пайдалану аясын кеңейте түсті. 1923 жылдың бірінші шілдесінде червонецтер елдегі ақша массасының 45пайызын құрайды. Ең басты червонецтер тұрақты қорлану құралы болып табылады. Валюталық нарыққа алтынның және шетел валюталарының қатты құйылымы басталды.

1922-1924 жылдары ақша реформасында көптеген адамдар құнсыз ақшалардың орнына мыс монеталардың келуі таңғажайып нәрсе деп баға берді.

Ақша айналысын реттеуді, ақша белгілерін эмиссиялауды қатаң орталықтандырып Ұлы Отан соғысында тұрақты ақша жүйесімен қадам басуға мүмкіндік жасады.

II ҚАЗАКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АҚША ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ БАНКТІК ЖҮЙЕНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ

2. 1. Ақша жүйесі жөнінде түсінік

Жалпы мемлекеттік заңдармен реттелген елдегі ақша ай налысын ұйымдастыру ақша жүйесі болып табылады. Әр бір мемлекеттің өзінің ұлттық ақша жүйесі бар. Ақша жүйесі - бұл тарихи түрде қалыптасқан және ұлттық заңдылықтармен бекітілген ақша айналысын ұйымдастыру формасы.

Ақша жүйесінің өзіне тән типтері және элементтері болады. Ақша жүйесінің типі бұл ақшаның қандай формада болуын сипаттайды. Ақша жүйесі келесі элементтерден тұрады: ақша бірлігі, эмиссиялық жүйе және ақша түрлері .

Ақша бірлігінің - барлық тауарлардың бағаларын бейнелеуге қызмет ететін, заңды түрде бекітілген ақша белгісі. ҚР-дың ақша бірлігі ретінде 100 тиыннан құралған 1 теңге болып табылады.

Ақша бірліктерінің түрлері. Егер 1991 ж. 1 қаңтарына дейін айналыста қазыналық билеттер болса, онда қазіргі кезде ҚР ақша белгілері болып олардың өсу құны бойынша төлемнің барлық түрлеріне қабылданатын банкноттар мен монеталардан құралады. Олар Ұлттық банктің міндеттемесе болып табылады және барлық активтермен қамтамасыз етіледі.

Эмиссия тәртібі - бұл әр елдің орталық банктерінің айналысқа ақша шығаруын білдіреді. Қолма-қол ақшаларды шығарып, олардың айналысын ұйымдастыру және айналыстан шығаруды Ұлттық банктің қолма-қолсыз ақша эквивалентін алумен банкнота мен монеталарды сату формасында жүзеге асырады.

Ақша түрлері заңды төлем құралы болып табылатын: несиелік және қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) жатады. Мысалға, АҚШ-та айналыста: 100, 50, 20, 10, 5, 2 және 1долларлық бнак билеттері; 100 долларлық қазыналық билеттер; 1 долларлық, 50, 20, 10, 1 центтік күміс-мыс және мыс-никельдік монеталар жүреді.

Валюталық бағам дегенміз - бұл басқа бір елдің ақша бірлігіне қатысты бейнеленген сол елдің ақша бірлігінің бағасы.

Ақша жүйесінің мынадай типтері болады:

- металл ақша айналысы, яғни мұндай ақша тауарды тікелей бола отырып, ақшаның барлық қызметтерін атқарады, ал несиелік ақшалар металға ауыстырылады;

- несиелік және қағаз ақшалар айналысы, яғни алтын айналыстан алынып тасталып, оның орнына несиелік және қағаз ақшалар айналысқа түседі. Металл ақша жүйесі екіге бөлінеді:

Биметаллизм - жалпыға балама рөлі екі бағалы металға (алтын және күміс) негізделген ақша жүйесі.

Биметаллизмнің үш түрі болады:

- қос валюталы жүйе, яғни мұнда алтын мен күмістің арасындағы шекті қатынас, металдардың нарықтық құндарына байланысты белгіленген;

- қатар жүретін валюталар жүйесі, яғни мұнда бұл қатынас мемлекет тарапынан белгіленген;

- ақсақ валюта жүйесі, яғни мұнда алтын және күміс монеталары заңды төлем құралы қызметін атқарады, бірақ бірдей негізде емес, себебі күміс монеталарды жасау жабық түрде жүзеге асырылып, алтын монеталар жасауға ерік берілді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы және қаржы жүйесінің экономикалық мәні
Қазақстан Республикасының банктік заңнамасы және банктік құқықтық қатынастар
Қазақстан Республикасының банкілік қызметін мемлекеттік реттеу
Банк жүйесінің дамуының теориялық негізі
Банктік құқық – банк жүйесіндегі кешенді құқық ролі
Ұлттық банк: оның мақсаттары, міндеттері мен қызметтері
Қазаөстан Республикасының ұлттық валюта жүйесінің дамуының пайда болуы мен проблемалары
Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі және банктік құқықтық қатынастар
Төлем жүйесінің теориялық аспектілері
Банктік құқық кешенді құқық саласы ретінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz