Халықаралық қаржылық-несиелік қаржы институттарының даму жағдайы


Халықаралық қаржылық-несиелік қаржы институттары
КІРІСПЕ
- ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ-НЕСИЕЛІК ҚАРЖЫ ИНСТИТУТТАРЫНЫҢ МӘН-МАҒЫНАСЫ
1. 1. Халықаралық қаржылық-несиелік қаржы институттарының пайда болуы және құрылымы
1. 2. Халықаралық қаржылық-несиелік қаржы институттарының мақсаты және қызметтері
- ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ-НЕСИЕЛІК ҚАРЖЫ ИНСТИТУТТАРЫНЫҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ
2. 1. Халықаралық Валюталық Қор
2. 2. Дүниежүзілік Банктер Тобы
2. 3. Халықаралық Есеп банкі
ІІІ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ-НЕСИЕЛІК ҚАРЖЫ ИНСТИТУТТАР БАҒЫТЫ
3. 1. Халықаралық қаржылық-несиелік қаржы институттарының әлемдік нарықтағы рөлі
3. 2. Халықаралық қаржылық-несиелік қаржы институттарымен Қазақстан байланысы
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Кіріспе
Қазіргі нарықтық жағдайда әлемдік экономикада халықаралық қаржылық ұйымдар маңызды рөл ойнайды. Олардың қызметтері негізінен әлемшаруашылық байланыстарды нығайтуға және валюта несие қатынастарына қатысушы мемлекеттерді белсендіруге бағытталған. ХҚҰ- халықаралық қаржы жүйесінің ең маңызды элементі немесе кілті деп айтуға болады. Қомақты қаржы ресурстарын ұстай отырып, олар көптеген мемлекеттері мен әлем аймақтарының экономикалық дамуына көзге көрінерлік әсер береді.
Қазіргі кезде барлық дерлік мемлекеттер халықаралық экономикалық және валюта қаржылық ұйымдармен байланыс орнатуға қызығушылық білдіруде. Кейбір елдер бұл ұйымдарды өзінің стратегиясын жүзеге асыру делдалдары ретінде, басқалары оларға өздерін донор ретінде қатыстыру үшін, ал үшіншілері - реципиенттер - инвестициялық жобалар және бюджеттік қаржыландырудағы дефицит мәселелерінің шешімін табу мақсатында несиелерді тарту үшін пайдаланады. Төртіншілері, ең жаманы, оларсыз өз бетінше өмір сүре алмайды да, солардың алдында қарыздар болып тұрады. Осы ұйымдардың барлығын бір мақсат ортақтастырады бірлестіктердің дамуы және біртұтастықты қамтамасыз ету және әлемдік шаруашылықтың қиын жағдайын тұрақтандыру. Олардың арасында ең негізгі орындарын БҰҰ-ның ұйымдары алады: Халықаралық валюталық қор (ХВҚ) және Әлемдік банк тобы - Халықаралық қайта құру және даму банкі (ХҚДБ) және оның үш филиалы - Халықаралық даму ассоциациясы (ХДА), Халықаралық қаржы корпорациясы (ХҚК) және Көпжақты кепілді инвестициялық агенттігі (ККИА), сонымен қатар үкіметтік емес ұйымдар - Париж және Лондон клубтары.
Халықаралық қаржылық ұйымдар халықаралық экономикалық байланыстар жүйесінде маңызды орын ала отырып, Қазақстанның экономикасының дамуына елеулі әсерін тигізуде. Соңғы онжылдықта Қазақстанның халықаралық қаржылық ұйымдармен тікелей мүшелік ету статусы немесе келісімшарт негізінде қатынастары белсене түскедігін аңғаруға болады. Осындай ұйымдарға мүшелік экономикамыздың дамуы мен қайта жаңғыртуын жүзеге асыруға үлкен мүмкіндік береді. Сонымен қатар, осындай халықаралық қаржылық және несиелік ұйымдарға мүшелік ету арқылы Қазақстан әлемдік бірлестіктермен жинақталған валюталық, несиелік, қаржы сфераларын реттеудегі тәжірибені меңгеруі өте маңызды екенін атап өткен жөн. Бұл қарастырып отырған тақырыбымыздың өзекетілігі болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты - Қазақстанның халықаралық қаржылық ұйымдармен байланыстарының мәселелерін талқылап, даму перспективасын анықтау. Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді орындау керек:
- халықаралық қаржылық ұйымдардың классификациясын қарастырып, қызметтерінің мәнін ашу;
- халықаралық қаржылық ұйымдардың негізгі түрлерін қарастыру;
- халықаралық қаржылық ұйымдардың Қазақстандағы қызмет ету жағдайын Ислам банктерімен байланысы мысалында талдау;
Курстық жұмыстың зерттеу пәні - Қазақстанның ірі халықаралық экономикалық және қаржылық ұйымдарымен, соның ішінде Исламдық банктермен байланысы мен олардың қызметтері және даму перспективасы.
Курстық жұмыстың объектісі - қазіргі замандағы халықаралық валюталық ұйымдар мен олардың қызметі .
Зерттеудің методологиялық негізі болып, Қазақстан экономисттерінің жұмыстары мен ғалымдардың халықаралық қаржылық ұйымдар туралы еңбектері болып табылады. Тақырыппен жұмыстану барысында шетелдік және отандық әдебиеттер, мерзімді басылымдағы мәліметер, статистикалық ақпарат көздері, интернет желісінен алынған ақпараттар мен нормативті актілер қолданылды.
- ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ-НЕСИЕЛІК ҚАРЖЫ ИНСТИТУТТАРЫНЫҢ МӘН-МАҒЫНАСЫХалықаралық қаржылық-несиелік қаржы институттарының пайда болуы және құрылымы
Халықаралық ұйымдардың дамуы мен қалыптасуы - шаруашылық өмірді көшірудің глобалды бағытын көрсету және халықтар арасындағы экономикалық жақындасудың объективті процесі.
Халықаралық ұйымдардың пайда болып, дамуы халықаралық қатынастардың ұзақ мерзімді және табанды саяси және экономикалық іс-қимылдарына байланысты. Көне замандарда, құл иеленуші мемлекеттер кезеңінің өзінде халықаралық келісім-шарттар, халықаралық арбитраждар туындап, халықаралық құқықтың классикалық институттары - конгрестер мен конференциялар пайда бола бастаған. Уақыт жылжыған сайын халықаралық бас қосулар кездейсоқ емес, оқтын-оқтын жүзеге асырылып және мұндай конференцияларды дайындап, шақыру үшін тұрақты органда құрылып өз қызметтерін дәйекті түрде жүзеге асырған. Міне, дәл осындай органдар болашақ халықаралық ұйымдардың қайнар көзі, бастауы болды.
Халықаралық ұйымдардың пайда болып дамуына дүниежүзілік сауда, сондай-ақ, діни конфессиялар да әсер етті. Ал халықаралық ұйымдар өздерінің қазіргі мағынасында бұдан жүз жылдай бұрын қалыптаса бастады. Олардың құрылуы халықаралық қатынастардың кеңейіп, күрделенуімен, әсіресе халықаралық экономикалық рыноктың қалыптасуымен тікелей байланысты.
Халықаралық ұйымдарды құрудағы жеңілдіктер қатарына сол уақыттың өзінде халықаралық құқықтың бірқатар нормалары мен институттары қызметінің қалыптаса бастағаны да әсер етті. Ең алғашқы ірі халықаралық ұйымдардың қатарына: жер өлшеуші халықаралық одақ (1864ж. ), халықаралық телеграф одағы (1865ж. ), Дүниежүзілік почта Одағы (1874ж. ), Халықаралық өлшем және салмақ Комитеті (1875ж. ), әдебиет және өнер шығармаларына меншікті қорғау Халықаралық Одағы (1886ж. ), Құлдыққа қарсы Халықаралық Одақ (1890ж. ), Халықаралық Темір жолы, тауар қатынасы Одағы (1890ж. ) жатады.
Кейінгі жылдары халықаралық ұйымдардың саны жедел қарқынмен арта түсіп, үстіміздегі ғасырдың 80-жылдары олардың саны 2 мыңға жуықтады.
Соңғы уақыттағы Халықаралық ұйымдар санының күрт өсуі халықаралық қатынастардың орасан жандануымен және олардың күрделене түсуімен түсіндіріледі. Саяси, экономикалық қатынастардың қарқынды дамуына ХХ ғасырдағы ғылыми-техникалық прогрестің елеулі жетістіктері де өз әсерін тигізді. Халықаралық ынтымақтастықтың жаңа, маңызды түрлері пайда болды.
Жекелеген елдер саясатындағы түсініспеушіліктер, қайшылықтар халықаралық ұйымдардың бір қалыпты қызмет атқаруына кедергі бола алмайды. Қайта мұндай түсініспеушіліктер мен қайшылықтар олардың позицияларын келісіедер арқылы анықтап, бейбіт жолмен шешу үшін халықаралық ұйымдардың таптырмас құрал екендігін дәлелдейді. Олардың беделін арттыра түседі.
Халықаралық жағдайдың өзгеруіне байланысты халықаралық ұйымдар да өзгерістерге ұшырайды: біреулері өздерінің бағыт-бағдарын қайта құруға ұмтылса, басқа біреулері өз қызметтерін доғарады.
Халықаралық ұйымдар халықаралық қатынастар жүйесінің ажырамас бір бөлігі. Бұл жүйенің ең басты және негізгі элементі - мемлекет. Мемлекеттер халықаралық құқықтың басты субъектілері. Сондықтан халықаралық ұйымдары халықаралық қатынастар жүйесінің екінші деңгейдегі элементі деп қарастыру қажет. Халықаралық ұйым халықаралық келісім-шарттарды негізге ала отырып, басқа ұйымдармен белгілі байланыс нысандары арқылы арақатынастарын жөнге келтіре береді.
Енді халықаралық ұйымдар түсінігінің негізгі бес белгісін қарастыруға болады.
- Келісімдік негіз. Мұның мәні халықаралық ұйымдарды құру актісі, жарғысы ретінде көпжақты халықаралық келісім-шарт есептеледі.
- Белгілі мақсаттардың болуы. Белгілі бір мақсатта құрылуы олардың заңдылығын, ұйымдық құрылымын, қызмет бабын анықтайды.
- Өзіне сай ұйымдық құрылымы, яғни ынтымақтастық механизмін құрайтын тұрақты органдар жүйесінің болуы.
- Ұйымдардың дербес халықаралық құқықтары және міндеттері болуы, олардың құқықтық еркі бар заңды тұлға ретінде қалыптасуы.
- Халықаралық құқық талаптарына сай құрылуы, яғни өз қызметін халықаралық құқықтың жалпыға бірдей принциптері мен нормалары шеңберінде жүргізуі.
Халықаралық ұйым дегеніміз - халықаралық құқық субъектісі болуға мүмкіндігі және тұрақты түрде қызмет атқаратын мекемелері бар, халықаралық құқық талаптарына сай белгілі мақсаттарды орындау үшін келісім негізінде құрылған мемлекеттердің халықаралық бірлестігі.
- Халықаралық қаржылық-несиелік қаржы институттарының мақсаты және қызметтері
Халықаралық ұйымдардың қызметтері дегеніміз - өздерінің алға қойған мақсаттары мен міндеттерін орындауға бағытталған іс-қимылдар жиынтығы.
Халықаралық ұйымдардың қалыптасқан және дәстүрлі аспектілерінің бірі - олардың дипломатия құралы екендігінде. Соңғы уақыттарда олардың қызметі ақпаратты-жүйелеу шектерінен асып, көпшіліктің мүдделеріне сай жаңа сфераларды қамтитын өзіндік, дербес оперативті функцияларды иемдене бастады.
Халықаралық ұйымдардың ежелден келе жатқан дәстүрлі функцияларының бірі - ақпараттық қызмет. Сонымен қатар бақылау қызметі де олардың дәстүрлі функцияларына жатады. Бұлардың қатарына жарғылар, көпжақты конвенциялар, пактілер және бақылауды жүзеге асыруды қарастыратын әр түрлі нысандағы құжаттар топтамасы жатады. Оперативтік қызмет халықаралық ұйымдардың жаңа функцияларының бірі. Бұл қызметті Біріккен Ұлттар Ұйымы, оның мамандандырылған мекемелері және басқа да бірқатар халықаралық ұйымдар атқарады.
Халықаралық ұйымдардың әр түрлі нысандағы қызметтері халықаралық қатынастар дамуының қажеттіліктеріне байланысты. Сондықтан болашақта да халықаралық ұйымдардың қызметтері дами береді.
Дамыған капиталистік елдердің ұйымдары сауда, валюта, төлем балансы, өндірістік қиындықтарды, сондай-ақ трансұлттық корпорациялардың қызметін кеңейту мәселелерін шешеді. Халықаралық экономикалық ұйымдардың маңызы қазіргі әлемде үлкейіп келеді. Бұл ұйымдардың қызметі әр түрлі әлеуметтік құрылымдағы елдердің арасындағы күрделі мәселелерді шешуге бағытталған.
Халықаралық қаржы ұйымдары ретінде мынадай халықаралық қаржы ұйымдары түсіндіріледі:
- Халықаралық валюталық қор;
- Халықаралық қайта құру және даму банкі;
- Халықаралық қаржы корпорациясы;
- Еуропалық қайта құру және даму банкі;
- Азиялық даму банкі;
- Ислам даму банкі;
Әлемдік аренада бұл ұйымдардың пайда болуна XX ғасырдың 60- жылдарында дүниежүзілік отарлау жүйесі күйреуінің жеделдеуі мен дамушы елдердің аймактық ынтымақтастығы мен экономикалык интеграциясының кеңеуі әсер етті. Аймактық банктерге жататындар:
- 1956 ж. Кұрылған Америка аралық даму банкі /АаДБ-МаБР/; Вашингтонда орналасқан;
- 1964 ж. құрылған Африкалық даму банкі /АфДБ-АфБР/; Абиджанда орналасқан;
- 1966 ж. кұрылған Азиялык даму банкі /АзДБ-АзБР/; Манилада орналаскан;
- Бұл банктердің құруға осы аймақтардағы дамушы елдерден басқаБатыс Еуропаның кйбір дамыған мемлекеттерді және АКДП. Жапония қатысты, олардың саны банк мүшелерінін 1/3 бөлігі, банктердің капиталының көп бөлігі де солардікі. Ол банктердің мақсаты бір-біріне үқсас, сол аймақтарды дамыту жобаларын үзак мерзімді несиелеу; аймақтық бірлестіктерді несиелеу.
- Батыс Еуропа ынтымақтастығындағы аймақтык валюта- несие үйымдарының мақсаты -1993 ж. Маастрихт шартна сай Еуропалық одақка /ЕО/ косылған елдердің біріккен экономикалық, валюталық және саяси іс-шараларын нығайту.
- ЕО негізгі аймактық үйымдарына жататындар
- Еуропалык инвестициялық банк /ЕИБ-ЕИБ/Люксембургте орналасқан, 1958 ж. Қүрылған. Несиені 7 жылдан 12 жылға дейін, ал дамушы елдерге 30-40 жылға дейін бередІ. ЕИБ мақсаты -ЕО аймақтарындағы артгар калған елдерді дамыту, кәсіпорындарды кайта күру, біріккен шарушылык объектілерін алу, приоритетті салаларды дамыту.
Банктін жарғылық капиталында оған мүше- дамыған мемлекеттердің үлесі мол, мысалы ГФР, Франция, Англия және Италия сияқты елдердің үлесі 15 млрд. ЭКЮ құрайды.
Банк қаражатын негізінен энегетиканы, көлІкті, телебайланысты дамытуға бағытгалған жобаларға береді.
ЕО-ның және Еуропалық валюта жүйесінің шеңберінде іс-шаралар жүргізетін ЕИБ- тен басқа да кіші масштабты несие- каржы үйымдары бар. Еуропалык даму коры /ЕДҚ-ЕФР/1958 ж дамушы елдерге екі жақты ресми көмек көрсету бағдарламасын қолдау үшін күрьылған.
Еуропалық валюта институты /ЕВИ-ЕВИ/. Ол 1973 ж. құрылған Еуропалық валюта ынтымактастьщ корының орнына 1994 ж кұрылған, Орналаскан жерІ Франкфкрт - на Майне. Оның кұрамында он екі орталық банктердің басқарушылары бар. Осы банктердің жүйесін кұруға және біртектес валюта енгізуге мүмкіндік туғызатын үлтаралық орган. Бұл институттың міндеті- ЭКЮ эмиссиясы және мүше елдердің балансының жетіспеушілігінен несие беру. 1998 жүлдесінен бастап бұл институт еуро шығаратын Еуропалык орталык банк деп аталады.
Аймақтык валюта- несие үйымдарының арасында ерекше орынды Еуропалық кайта құру және даму банкі /ЕҚКДБ-ЕБРР/ алады. Ол 1990 ж құрылған, орналасқан жері-Лондон. ЕҚҚДБ-ың басты мақсаты - Орталық және Шығыс Еуропа елдерІне, оның ішінде ТМД елдеріне, нарықтық экономиканы қалыптастыруға көмек беру.
ЕҚҚДБ-нің ресурастары ХҚҚДБ ресурстарына сай калыптасады. Бұл банк өндірісті несиелеуге маманданған, сонымең бірге өндірісті қайта құруға және инфрақүрылымды дамытуға техникалык көмек көрсетуді несиелейді. Банктің айырыкша кызмет көрсететін ортақ- қаржылық банктік сектор, энергетика, көлік, телебайланыстық инфракұрылым, ауыл шаруашылығы. ЕҚҚДБ стратегиялық мақсатының бірі- кәсіпорындарды жекеменшіктендіру мен беймемлекеттендіруге, олардың құрылымдық кайта кұрылуына және жаңартылуына көмек көрсету, сонымен бірге осы мәселелер бойынша кеңес беру.
1997 ж 143 жаңа жобаларды жүзеге асыру үшін Банк 2, 3 млрд. ЭКЮ бөлген. Өзінің құрылғаннан бері 1998 ж. Дейін Банк 600 жобаны бекітіп, оларға 14 млрд ЭКЮ берген.
Қазакстан Республикасы нарыктық экономикаға өту барысында 1992 жылдан бастап ӘБ тобына және одан кейінгі жылдарда бірсыпыра аймақтык несие -қаржы институттарына мүше болып кіруде. Қазіргі кезде олардың тең құқыкты әріптесі ретінде өзінің нарықтық даму жобаларын іске асыруда қолдау табуда. Мысалы, ҚР ЕҚҚДБ мүше болып кіріп, жалпы соммасы 3 млн. долларға тең техникалык көмек алды, сонымен бірге Банк Қазакстанға «¥сақ және орта кәсіпорындарды дамыту» жобасын жүзеге асыруға 100 млн ЭКЮ көлеміңде заем ұсынды. Олар кадр дайындау, менеджментті жақсарту жобаларын, Алматы ауа бассейнінің экологиясын жақсаріу, банк ісін дамыту және т. б. жобаларды қамтиды.
Екінші дүниежүзілік соғыста Еуропа мемлекеттерінің қираған экономикасын калпына келтіру және тұрақтандыру мәселелерін шешу мақсатында 1944 ж. Бреттон-Вудсте (АҚШ) өткен халықаралық валюта-қаржылық конференциясында екі үйым: Халықаралык валюта қорын (ХБҚ) және халықаралық қайта құру және даму банкін (ХҚҚДБ) құру туралы Қаулы қабылданды. Қор әлемдік валюта жүйесінІң тұрақтылығын қолдау үшін, ал Банк оған қатысушы елдердің үзақ мерзімді экономикалық дамуын ынталандыру үшін күрылған.
ХВҚ Біріккен Ұлттар ¥йьшының (Б¥¥ -- ООН) маманданған органы ретінде өз жүмысын 1947 ж. наурызында бастады. Оның штабпәтері Нью-Йоркте орналасқан, басқарушы органы - басқармалар Кеңесі қатысушы елдердің қаржы министрлерінен немесе орталық банктердің басқармаларынан тұрады, Кеңес жыл сайын шақырылады. Атқарушы органы - директорат, ол Қорда капиталының ең көп үлесі бар елдердің 6 өкілін және географиялык белгілеріне байланысты сайланған басқа елдердің 16 өкілін біріктіреді.
Алғашқы кезде Қорға 49 ел мүше болып кіріп, оның капиталы 8 млрд. доллардан кұралды. Қазіргі кезде мүшелерінІң саны төрт есе көбейіп, ал капиталы шамамен 16 есе өсті. Капиталының үштен екісі өркенделген мемлекеттердің шектеулі контингентІне, ал қалған бөлігі көптеген дамушы елдерге тиесілІ. Қордың баскарушы органдарындағы әрбір мемлекеттін дауыс саны оның капиталдағы үлесіне сай бекітіледі.
Қорда ең көп дауыс саны бар - АҚШ және Еуропа одағының мемлекеттері. Соңғы жылдары дамушы елдердің - мүнай экспортшыларының - квоталық үлесі және соған сәйкес олардын дауыс саны да көбеюде. ХБҚ-ың маңызды шешІмдерін кабылдау үшін қатысушылардың 85% дауысы қажет болса, кейбір жағдайларда 70%дауыс жеткІлікті болады.
ХВҚ-ың негізгі қызметтері төмендегілер:
халықаралық сауданың және валюталық ынтымақтастықтың дамуына көмек көрсету;
валюталық паритеттің тұрақтылығын сақтау және валюталык шектеудІ жою;
төлем балансының теңелуі үшін кез-келген қатысушы елге несие ресурстарын беру.
Қатысушы елдер ХВҚ-ны үнемі өздерінің алтын валюта резервтері туралы, экономикасының телем балансының жағдайы және т. б. жағдайлар туралы хабарлап тұруы міндетті.
Қорға мүше болып кіру - мемлекеттің ХҚҚДБ-ге және оған туыстас басқа да валюта несие үйымдарына кіруінің міндетті жағдайы. 1944 ж. Бреттон-Вудс конференциясына КСРО катысьш, ХВҚ мен ХҚҚДБ құру жөніндегі құжаттарға қол қойғанымен, сол кездегі Шығыс пен Батыстың арасында больш жатқан «салқын соғысқа« байланысты оларға мүше болып кІргенін өз келісімімен бекіткен жок болатын. 1991 ж. КСРО Президенті осы үйымдарға кіру үшін ресми арыз бергеннен кейін, тек 1992 ж. ортасынан бастап бүрынғы Кеңес Одағы Республикаларының барлығы осы халықаралық үйымдарға тең құқылы қатысушылар болып кірді.
Халықаралық қайта кұру және даму банкі (ХҚҚДБ-МБРР) БҰҰ-ның маманданған және оның шешімдеріне тәуелсіз орган ретінде өз жұмысын 1946 ж. маусымында бастады. Банктің өз жүмысын кеңейту барысында туыстас төрт бөлімшелер үйымдастырылды: Халықаралық қаржы корпорациясы (ХҚК), Халықаралық даму ассосациясы (ХДА), Халықаралық инвестициялық талаптарды реттеу орталығы (ХИТРО) және Инвестицияларды қорғау жөніндегі көпжақты агенттік (ИҚКА) . Қазіргі кезде осы үйымдар бірігіп әлемдік банк тобын (ӘБ) құрайды, оның штаб-пәтері Вашинктонда орналасқан, ал ХҚҚДБ - осы топтың орталық буыны - оны әлемдік банк деп атайды. Бұл топ дамушы елдердің нарық құруына, экономикалық потенциалын көбейтуіне серІктес болып, халқының өмірлік деңгейін көтеруге жәрдемдеседі.
Банктің күнделікті қызметін атқарушы директорлар КеңесІ басқарады, Кеңес штаб-пэтерде орналасқан, ол жеті сайын отырыс өткізеді. Банктің Президенті атқарушы директорлар Кеңесінің басқармасы болып саналады. Кеңес 24 адамнан тұрады, олар - ірі акционерлердің бір-бір өкілі және 19 аймақтан өкілдер. Аймақтық өкілдер бір немесе бірнеше елдерден сайланады. Басқарма заемдар бөлу, қаржылық сметаны бекіту, қызметкерлерді қабылдау және қызметтен босату сол сияқты басқа мәселелерді қарауға үсынады.
ӘБ-тің атқаратын негізгі қызметтері:
■ кең спектірлі бағытта, яғни денсаулық сақтау, білім беру және қоршаған сақтаудан бастап инфрақүрылым және экономикалық саясат реформасына дейін дамушы елдерге көрсетілетін инвестициялық іс-шаралар;
■ экономикалық мәселелер бойынша талдау және кеңес беру іс-шаралары;
■ көрсетілетін қызметтердің, сондай-ақ жүргізілетін жобалардың мазмұны мен құрамын үнемі түзету;
■ бай және кедей елдерге ресурстарды қайта бөлудегі делдалдық қызметі.
Банк жылма-жыл үнемі пайда тауып, оны өз кажетіне жүмсайды, ал акционерлерге дивиденд төлемейді.
50-жылдардың орта шеніне дейін ӘБ қызметінің басты бағыты соғыстан зардап шеккен Батыс Еуропа елдері экономикасының дамуын ынталандыру болды . Алғашқы заемды 1947 ж. Франдияға берді. Біртіндеп оның несие саясаты өзгерІп, қазір ресурстарының негІзгі бөлігі Азия, Африка, Латын Америкасы және Шығыс Еуропаның дамушы елдеріне бөлінеді.
ӘБ өз облигациялары мен баска да бағалы қағаздарын әр түрлі елдердің зейнетақы қорларына, сақтандыру компаыияларына, корпорацияларына, басқа банктеріне, срндай-ақ жеке тұлғаларға сатып, аса пайдалы жағдайда ресурстар тартумен шүғылданады. Себебі оның қарыз міндеттемелерІ әлемдегі ең бір өтімді және сенімді бағалы қағаздар болып есептеледі. Сондай-ақ оның акционерлік капиталы мен бөлінбеген пайдасы да ресурстар көзі болып қызмет етеді.
Банк өзі қызмет еткен 50 жылда 6000-нан астам бағдарламаны іске асыру үшІн 300 млрд. долл. асатын займды әлемнің 140 мемлекетіне берді. Бұл ХВҚ-ның масштабынан екі есе көп. Оған катысушылар саны әлем елдерінің барлығы дерлік болғандықтан, ол жалпы масштабта әрекет етуге мүмкіндік береді. Олар әріптестер жэне бірін-бірі өзара толықтырушылар. ӘБ тобының басқа бөлімшелерінің әркайсысы өздеріне тән қызмет атқарады.
Халықаралық қаржы корпорациясы (ХКҚ - МФК) 1956 ж. мемлекеттік кепілдік алмай-ақ дамушы елдердің экономикасындағы жеке сектордың жүмысын ынталандыру үшін қүрылған. Ол әлемдік нарықта өте жоғары рейтингісі бар өзінің облигацияларын шығарады, қажетті тартылған ресурстардың тек бестен бір бөлігІн ғана ӘБ қарызы есебінен толтырады.
Корпорацияның кәсіпорындардың акционерлік капиталына инвестициялық қаржы салуға құқығы бар. ол жаңа кәсіпорындар ашуға және бұрынғыларын қайта құруға қаржы береді.
ХҚК-ның негізгі принциптерІ мыналар: -
- жоба бойынша жалпы шығындар сомасының 25%-ін қаржыландыру;
■ кәсіпорын акцияларының тек 35%-не дейінгісін сатып алу;
■ кәсіпорынды басқаруға қатынаспау.
Қарыз 3 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Корпорация жылма-жыл 200 жоба бойьшша 3 млрд. доллар сомасындағы займ береді. Оған 170 ел мүше.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz