Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлардың қызметін жүзеге асыруы мен оның маңызды мәселелері
Кіріспе
1. Инвестициялық қорлар түсінігі және оның теориялық негізі
1.1. Инвестиция және инвестициялық қорлардың түсінігі
1.2. Инвестициялық қорлардың қызметі және олардың жүргізетін операциялары
1.3. Қазақстанда инвестициялық саясаттың қалыптасуындағы инвестициялық қорлардың рөлі
2. Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлардың
қызметін жүзеге асыруы мен оның маңызды мәселелері
2.1. ҚР.ның инвестициялық қызметті қаржыландырудағы инвестициялық қорлардың рөлі
2.2. «Самрұқ.Қазына» ұлттық әл.ауқат қорының құрылымы және қаржылық қызметі
2.3. Инвестициялық қорлардың мүмкіндіктері, активтерінің
құрамы мен басқарылуы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Жоспар
Кіріспе
1. Инвестициялық қорлар түсінігі және оның теориялық негізі
1. Инвестиция және инвестициялық қорлардың түсінігі
2. Инвестициялық қорлардың қызметі және олардың жүргізетін
операциялары
3. Қазақстанда инвестициялық саясаттың қалыптасуындағы инвестициялық
қорлардың рөлі

1. ҚР-ның инвестициялық қызметті қаржыландырудағы инвестициялық
қорлардың рөлі
2. Самрұқ-Қазына ұлттық әл-ауқат қорының құрылымы және қаржылық
қызметі
3. Инвестициялық қорлардың мүмкіндіктері, активтерінің
құрамы мен басқарылуы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Бұл тақырыпты алғандағы мақсат елімізде инвестициялық қорлардың
экономиканы дамытудағы рөлін, яғни алатын орнын, маңыздылығын, тәуелсіз
елімізге қажеттілігін атап көрсету .
Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс
әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып,
еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр.
Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры
болып саналады.
Оған дәлел 2005 жылдың 18-ақпандағы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан
халқына Жолдауы. Онда еліміздің 1990- жылдардың басындағы экономикалық
ахуалынан неден басталғаны туралы айтылады. Қазақстанның іщкі өнімінің екі
есе ұлғаюына, нарықтық экономиканың құрылуына инвестицияның тигізген әсері
мол болды. Жолдауда Экономикаға 30 миллиард АҚШ долларындай тікелей шетел
инвестициясы тартылды. Бұл бүгінгі Қазақстанның тұрақты, тиімді әрі сенімді
әріптес екенін барша инвесторларға көрсетеді деп айтылуы инвесторлармен
қатар еліміздің экономикасының даму жолына түскендігін, әлем Қазақстанға өз
қаржысын салғысы келетінін көрсетеді. Өйткені инвестиция дегеніміз табыс
табу және капиталды ұлғайту мақсатымен өндірістік және басқа да қызметтерге
қаржы жұмсау болып табылады, яғни қаржы үнемі жұмыс істеуге басқаша
айтқанда, қандай да бір табыс түсетін жұмысты немесе іске жұмсалынуы тиіс.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ең алғашқы, яғни 1997 жылы 10-қазанда Алматы
қаласында өткен Республика белсенділерінің жиналысындағы Қазақстан – 2030
барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының
артуы Жолдауында шетел инвестициясы тоқталды.
Еліміздің инвестициялық аспектісі ірі салымдары қаржыландыру үшін
жағдайлар жасауға, тауар өндіру және қызмет етуді жоғары тиімділікпен нарық
қатынастары субъектілерінің сұраныстарына сәйкес ұлғайтуға бағытталуы тиіс.
Қазақстан экономикасын тұрақтандыру және дамытудың маңызды
жолдарының бірі – инвестициялық қызметті ұлғайту, ең алдымен еліміздің ішкі
резервтерін жұмылдыру және көбірек тиімді пайдалану болып табылады.
Президент Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасына Жолдауында
өтпелі кезеңнің қиындығын және XXI ғасырдағы республиканың бет бейнесі
айқын көрсетілді. Болашақта Орталық Азиядағы Барыс болу үшін, халықтың әл-
ауқатын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін экономикалық күш-қуатты
арттыру керек. Осы мақсатқа байланысты жеті стратегиялық басым бағыттарды
жүзеге асырудың бір көзі – шетел инвестициясын пайдалану. Әрине
Қазақстанның халықаралық байланыстары осы кезеңде де алдымен жақын
көршілеріміз – Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және басқа да ТМД елдерін
қамтиды. Бірақ ірі трансұлттық капиталды, ҚХР, Батыс және Шығыс елдері,
Мұсылман әлемімен де экономикалық қтынастар ұлғаяды. Мұны біздің
республиканың геосаяси, геоэкономикалық, географиялық жағдайлары талап
етеді.
Қазақстан – 2030 стратегиясында Н. Ә. Назарбаев халықаралық
қатынастардың мынадай маңызды бағыттары мен факторларын атады:
- қуатты сыртқы күштер келешегімізді айқындауға сөзсіз елеулі рөл атқаратын
күннен-күнге өсе түскен ауқымдану мен ұлғайып келе жатқан өзара тәуелділік
дәуірде өмір сүріп отырмыз; - шетел
инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық
экономикаға негізделген экономикалық өсу; - Ұлттық
қауіпсіздікке Ресей, ҚХР, Орта Азия, Таяу және Орта шығыс елдерінің, АҚШ,
БҰҰ, Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік Азия, Еуропа, Ислам даму
банктерінің, халықаралық институттардың қолдауларын барынша пайдалану.
Кәсіпорын – түрлі
өндірістерден және шаруашылықтардан (негізгі, көмекші, қосымша, қосалқы
және эксперименттік) тұратын күрделі механизм.
Мұның бәрі де экономикалық өрлеудің жоғары қарқынын қамтамасыз
етеді және демеп отырады.
1. Инвестициялық қорлар түсінігі және оның теориялық негізі.
1.1 Инвестиция және инвестициялық қорлардың түсінігі.
Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және
өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай
сондай-ақ ақша қаражаты түрінде , яғни капитал түрінде салынып ол
шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың
жиынтығын айтады.
Инвестиция дегеніміз - бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және
басқа да заттарды , яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін
жұмсап, сол арқылы клешекте , яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе
басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады.
Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі фактор байланысты болып келеді.
Оның біріншісі – уақыт, ал екіншісі – тәуекелдік . Сонымен қатар инвестиция
экономикалық өсудің негізі бола отырып , елдің әлеуметтік дамуына жағдай
жасайды. Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы
және тұрақты қарқынын қалыптастырудың , ғылыми- техникалық прогресс
жетістіктерін өсірудің , инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып
саналады.
Нақтылық инвестиция дегеніміз – шаруашылық субъектісіндегі белгілі бір
материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің (жер, жабдық , құрылыс)
өсуіне , дамуы жұмсалану үшін салынатын салымдар болып табылады.
Қаржылық инвестиция дегеніміз – акционерлік қоғамдар немесе мемлекет
шығарған акцияларға , облигациялар және басқадай құнды қағаздарға
банктердің депозиттерін салынған салымдар болып табылады.
Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай мынадай категорияларға
жіктеледі:
а) қысқа мерзімдік иелену- иелену мерзімі бір жылға дейін;
ә) ұзақ мерзімдік – иелену мерзімі бір жылдан артық;
Инвестор – қор нарығында құнды қағаздарды сатып алушылар болып
табылады.
Ұлттық инвестор дегеніміз- Қазақстан Республикасында инвестицияны
жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Заңды тұлғасы.
Инвестиция дегеніміз – табыс табу және капиталды ұлғайту мақсатымен
өндірістік және басқа да қызметтерге қаржы жұмсау болып табылады , яғни
қаржы үнемі жұмыс істеуге басқаша айтқанда, қандай да бір табыс түсетін
жұмысқа немесе іске жұмсалынуы тиіс. Инвестор өз алдына дербес екі топқа
бөлінеді:
- жеке инвесторлар (жеке адамдар).
- инстиуттандырылған инвесторлар (банктер , инвестициялық қорлар ,
зейнетақы қорлары , тағы басқалары).
Инвестициялық саясат дегеніміз – халық шаруашылығының әр түрлі
салаларында пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімді капитал жұмсау саясаты.
Күрделі қаржыны тиімді пайдаланудың , оларды шешуші бағыттарға
шоғырландырудың , қоғамдық өндірісте тепе- теңдікті қамтамасыз етудің
жолдарын көрсететін шаруашылық шешімдерінің жиынтығы. Егер инвестициялық
саясат дұрыс шешілсе, әрбір шығындалған теңгеге келетін ұлттық табыстың
мөлшері өседі, өнім молаяды. Инвестициялық саясат күрделі қаржыны, қорларды
өндіретін , өндейтін және ол өнімдерді пайдаланатын салалар арасында дұрыс
пайдалануды қамтамасыз етуі керек. Қазіргі кезде күрделі қаржыны жаңа
өндіріс орындарын тұрғызудан гөрі оларды техникалық жағынан қайта
жарақтандыруға, қайта құруға бағытталып, одан әрі өндіріске жұмсалған
күрделі қаржының ара салмағын өсіре беру көзделіп отыр. Нарықты экономикаға
көшу кезінде инвестициялық саясат сұранысты қанағаттандыруға бағытталуға
тиіс.
Тікелей инвестиция дегеніміз- капиталды экспорттаушының қабылдаушы ел
территориясында өндірісті ұйымдастыруын айтады. Тікелей инвестициялар
арқылы халықаралық корпорациялар дүниежүзілік нарықта өз бөліктерін
жүргізеді.
Қорды басқару және қызмет етуге келесі ұйымдар қатысады:
• компанияны басқарушылар қор мүліктерін басқарады, инвестициялық
шешімдер қабылдайды, инвестицияларға әкімшілік қызмет етеді; бас-қарушылар
сату процесін ұйымдастыру үшін (кері сатып алу) орналастыру бойынша
агенттерді қатыстырады;
• қор активтерін сақтаушы (қор типтеріне және елге (мемлекетке)
байланысты — қамқоршы депозитаршы, кастодиан) мүлкіне қатысты қор
бойынша компанияларды басқарушылардың іс-әрекеттерінің заңдылық
функцияларын бақылауды жүзеге асыра отырып, қор мүліктерінің есебін
жүргізеді және сақтайды; қор активтерінің номиналды ұстаушысы
болып табылады, қор мүлкімен басқарушының нұсқау ережесі бойынша мәмілелер
жасалады;
• тіркеуші — қордың бағалы қағаздар иелерінің реестрін жүргізеді, кейде
тіркеу функцияларын компанияның басқарушысы жүзеге асырады;
• аудитор — есептің дұрыс жүргізілуін және өздеріне сәйкес елдегі
(мемлекеттегі) сектордың есеп беруін тексереді, бірақ олардың мақсаты
барлық жерде бірдей.
Қорларды негізгі екі параметр бойынша ажыратады - заңды және
операционды құрылым. Қорлар құрылымы бойынша корпаративті, трасталық және
келісім-шартты болып бөлінеді.
Корпоративті қорлар. Ең кең тараған Қорлардың типі — корпоративті, ол
акционерлік қоғам тәріздес құралады, басқа компаниялардың облигацияларын
өздерінің акционерлерінің атынан инвестициялауды жузеге асырады; бұл
инвестициялардан түскен табыс, қор акционерлерінің арасында дивидендтер
түрінде бөлінеді ал олардың акция пакеттерінің құны қор инвестициясының
құнындағы өзгерістерге сәйкес өседі (немесе төмендейді). Корпоративті
қордың иесі акционерлер болып табылады, оны компанияның директоры олардың
атынан басқарады. Қордың инвестициялық портфельдік басқаруын компанияның
тәуелсіз басқарушысы жүзеге асырады.
Трасталық қорлар. Трасталық қордың қызметінің негізінде қор
активтерінің және қордың жариялаған қызметінің мақсаттарының аман
сақталуына жауап беретін, қамқоршысы мен қордың басқарушы компаниясы
арасындағы нақты бөлініс жатыр. Қамқоршымен келісім-шарт бойынша басқарушы
компания қордың инвестициялық портфелін басқарады, тәртіп бойынша,
әкімшілік процедураларды жүзеге асырады. Мұндай функциялардың бөлінісі қор
мен оның инвесторлары үшін қорға жетекшілік етудің қосымша қорғау құралы
болып табылады. Трасталық типті қорлар Ұлыбританияда және Ұлыбританияның
бұрынғы колониялары мен Австралия сияқты, британдық жалпы құқығы бар
елдерге кеңінен тараған; бұл нысан сирек болса да Америка Құрама
Штаттарында пайдаланылады.
Келісім-шарттық қорлар. Кейбір елдердің заңдары бойынша ұжымдық
активтерді басқару үшін трасталарды жасауға рұқсат етілмейді, бұл
мемлекеттерде (негізінен романо-германдық құқық немесе азаматтық кодекс
жүйесімен) ол үшін қордың келісім-шарттық нысаны жасалынған. Мұндай нысан
кезінде қор активтерінің заңды иеленушісі болып не басқарушы, не ұйымдасқан
инвесторлар болып табылады. Активтердің сақталуына жауап беретін көбінесе
банк немесе басқа кредиттік институт, еншілес құрылымы немесе оның
бөлімшесі басқарушы болып табылады. Активтерді сақтау функциясымен қордың
басқару функцияларын бөлу кредиттік институттардың жоғары репутациясымен
және реттеушілер жағынан олардың үстінен қатаң бақылау арқылы жүзеге
асырылады.
Инвесторлардың өздері - акционерлер емес, дивидендтермен және
капиталдың өсуін алуға құқықтары бар қатысушылар, бірақ дауыс беру
құқықтары жоқ. Олар пайдалана алатын жалғыз құқық — ол өздерінің активтерін
сату құқығы, егер оларға ол қорды басқару ұнамаса, одан шығып кете алады.
Қорлардың бұл типі Германия және Францияда қолданылады. Операциондық
көзқарас бойынша жабық және ашық типтегі қорлар болып бөлінеді.
Жабық типтегі қорлар. Мұнда акциялардың нақты белгіленген саны болады,
акционерлік қоғамдағы сияқты акциялардың саны, заңдасқан нысанда құрылады.
Сондықтан, қордың акцияларын қаңдай да бір тұлға алатын болса, олардың
осыған сәйкес саны басқа тұлға арқылы сатылуы керек және бұл операция қор
биржасында акцияларды жай қолдан-қолға беру ретінде жүргізіледі. Қосымша
акцияларды жасау және шығару немесе акцияларды жою үшін сатып алу, әдетте
акционерлердің келісімін талап етеді.
Ашық типтегі қорлар нақтылы белгіленген капиталы бар жабық типтегі
қорға қарағанда олардың капиталы өзгермелі болады. Акциялар сатушылар және
сатып алушыларға байланысты әрдайым шығарылып және жойылып отырады. Осындай
тәсілмен қор капиталының өсуі немесе төмендеуіне акционерлер жиналысын
ұйымдастырмай-ақ уақытымен азая немесе кеңейе алады. Ашық типтегі қордың
акцияларын қорлардан сатып алуға болады немесе тұрақты түрде көбінесе күн
сайын сатуға ұсына алады.
Инвестициялық қорлар қызметісіне қатысы бар ең негізгі көрсеткіштердің
бірі болып қордың барлық таза активтері - қордың нарықтық бағамен
бағаланған барлық активтерінің белгіленген процедуралары мең қордың барлық
міндеттемелері болып табылады. Қор-дың бір акциясына (жарнапұл)
есептегендегі таза активтердің құнын акция құны (жарнапұл) деп атау
қабылданған. Бұл көрсеткіштер келесі түрде есептелінеді:
Қордың таза активтерінің құны (ТАҚ) = Қордың барлық активтері - Қордың
барлық міндеттемелері; Акция құны (жарнапұл) = Таза активтер құны
айналымдағы акциялар (жарнапұл) саны

Инвестиция ұғымы кең мағынасында ел экономикасын қажетті қаражатпен
қамтамасыз етудің механизмін білдіреді. Бұл мәселені шешу үшін тиісті қаржы
институттары құрылады, оның ішінде инвестициялық қорларды бөліп көрсетуге
болады.
Ол қаржы нарығында инвесторлардың мүддесін қорғау мақсатында және ақша
қаражаттарын тартудың есебінен әрі осы ақша қаражаттарын әртараптандыруды
ескере отырып, бағалы қағаздарға кейін инвестициялаудың есебінен қауіпті
азайту мақсатында жұмыс істейді. Бұл қорлардың маңызы жоғары, өйткені ол өз
қолына түпкі есебінде өндірістің дамуына жұмсалатын ұсақ салымшылардың
қаражатын шоғырландырады, сондай-ақ бұл қорлар инвесторлар үшін ақша
қаражаттарының салудың көздері болып табылады. Оны олар кәсіпорынның
акциясына, облигациясына тікелей бағыттай алады, банк депозиттеріне салады
және т.б.
Инвестициялық қор өзіндік акцияларды шығару әрі ашық орналастыру
жолымен және тартылған қаражаттың есебіне бағалы қағаздардың инвестициялық
портфелін қалыптастыру арқылы ақша қаражаттарын тарту бойынша қызметті
жүзеге асыратын заңды тұлғаны білдіреді. Қазақстанда ол акционерлік қоғам
формасында құрылады, кез келген заңды және жеке тұлға оның акционері бола
алады.
Бұл қордың барлық қызметі әр түрлі бағалы қағаздарға инвестициялық
салымдарды тартуға және тиісті табыс алу мақсатында портфельді
қалыптастыруға негізделеді. Олар бұдан өзге қызмет түрлерімен айналыспайды.
Қор негізінен ұсақ, жеке инвесторлардың есебінен акцияларды айналымға
шығару арқылы ақша қаражаттарын тартады. Қор түскен қаражатқа кәсіпорындар
мен банктердің бағалы қағаздарын сатып алады және өз салымшыларын акция
бойынша белгілі бір табыспен қамтамасыз етеді.
Инвестициялық қор өз қызметінде нақты қағидаларды басшылыққа алады:
• инвестициялық салымдарды әртараптандыру;
• бағалы қағаздармен аса қауіпті операцияларды жүзеге асыруға тыйым
салу;
• бағалы қағаздарды сатып алуда кәсіби тәсілдемені қолдану;
• жеке инвесторға қарағанда мол қаржыға ие болу.
Инвестициялық қор өндіріспен және сауда-саттықпен айналыспайды (бағалы
қағаздар мен қаржыық құралдардан өзге), кез келген кепілдік түрін бермейді,
басқа инвестициялық қорлардың, сондай-ақ кастодианның, тіркеушінің және
бірлескен тұлғалардың эмиссиялық емес бағалы қағаздарын, акцияларын сатып
алмайды; 6 айдан көп болмайтын мерзімге банктерден қарыз қаражатын тартады,
бағалы қағаздармен кепілдікті мәмілелерді орындайды, қарызды кез келген
тәсілмен береді, сонымен бірге опциондық және фьючерстік шарт
мәмілелерімен, маржа, ықшамдап сату мәмілелерімен айналысады.
Инвестициялық қордың ұйымдық құрылымын былайша көрсетуге болады:
акционерлердің жалпы жиналысы басқарма инвестициялық қордың
басқарушысы.
Кез келген акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысының
құзыреттілігіндегі негізгі мәселелерден басқа инвестициялық қорда олар
мынадай мәселелерді шешеді:
• инвестициялық қордың типін қайта құру туралы;
• инвестициялық декларацияға өзгертулер мен толықтыруларды енгізу
туралы;
• бағалы қағаздар портфелінің басқарушысымен, сондай –ақ тіркеушілері
және кастодиандармен келісімшартқа отыру туралы.
Қордың атқарушы органдарына басқарма жатады. Басқарманың заңда
қарастырылған құзыреттілігінен өзге де өз құзыреттілігі болады, мысалы, ол
бұқаралық ақпарат құралдарында басқарушының қызмет нәтижесін және қордың
қызметі мен қаржылық жағдайына қатысты нәтижелерді ұдайы жариялап отырады.
Басқарманың мүшелері лауазымды тұлғалардың, осы қорды басқаратын
басқарушының, брокердің функцияларымен айналыспайды.
Инвестициялық қордың басқарушысы – бағалы қағаздардың портфелін басқару
бойынша кәсіби қызметті орындайтын және инвестициялық қормен бекітілген
келісімшарттың негізінде әрекет ететін заңды тұлға. Мұндағы міндетті шарт –
тиісті лицензиясының болуы. Басқарушы бағалы қағаздардың портфелін басқару
жөніндегі келісімшартты бір мезгілде бір немесе бірнеше инвестициялық
қормен бекіте алады, алайда бұл арада инвестициялық декларацияның мазмұны
әр түрлі болуы керек.
Инвестициялық қордың қызметі Қазақстан Республикасының қолданысындағы
заңдар жиі бұрмаланған жағдайда, басқарушының лицензиясы қайтарылып алынған
жағдайда және қорлар өзіндік акцияларды өзара сатып алуға қабілетсіз
болғанда тоқтатылады.

Инвестициялық саясаттың әлеуметтік-экономикалық салдарын ескере отырып
Қазақстан экономиканың қаржылық тұрақтануы сатысына ену кезеңінде қатаң
әдістерді қолдана бастады, бұл әдістер төмендегі бағыттарды қамтиды:
• үкіметтік несиелер мен кепілдемелерді шектеу (өйткені
үкіметтік несие алдын-ала ақы төлеуді; кепілдемелерді ұсынуды
және белгілі сомалардың процентімен қайтарылуын талап етеді).
Мұндай жағдайда елге келіп жатқан шетел инвесторларын көбейтуге арналған
мүмкіндіктер кеңейіп жатыр. Капиталды тартудың мұндай формасының
басымдылығы әртүрлі түсіндіріледі:
• тікелей шетел инвесторлары донордың ұзақ мерзімдік
мүдделерінің жүзеге асуына мүмкіндік береді;
донордың өндірістік процесті басқаруға қатысу мүмкіндігі
болуы тиіс;
елеулі көлемде қаржылық ресурстардың ағылып келуін
қамтамасыз етеді, ол сыртқы қарыздардың төлену проблемасына
әсер етпейді;
тікелей шетел инвестициялары іскерлік және шаруашылык
белсенділікті қамтамасыз ете отырып, өндірістік және ғылыми-
техникалық ынтымақтастықтың әртүрлі формаларының кең
түрде таралуына ықпал етеді.
Мұның барлығы Үкіметтің орта мерзімдік инвестициялық бағдарламасын
қабылдау және жүзеге асыру үшін бағыт-бағдар беруге мүмкіндік жасады.
Объектілерді салу және сатып алумен шетел капиталын салу бағыттарына
мыналар жатады:
* біріккен және төл кәсіпорындарды құру;
* шетел компанияларының басқаруына объектілерді беру;
• акционерлеу жолы арқылы кәсіпорындарды жекешелендіру процесіне
донорлардың қатысуын кеңейту;
• банктік мекемелерді инвестициялау.
Қолданылатын бағыттар сипатында елеулі өзгерістер болуда:
• Біріккен кәсіпорындардың делдалдық-өткізу және сатып
алу кызметі салаларында емес, өндірістік, банктік, құрылыстық
қызметте, аграрлық секторда ұлғаюы.
1997 жылы қызмет етіп жатқан біріккен кәсіпорындардың жалпы саны 1388, ал
шетел инвесторларының басқаруына берілген кәсіпорындар саны 100-ден астам
болды.
Бір кеңістіктегі серіктестердің мүдделері, өндірістік міндеттер сияқты,
өнімді өткізудің белгілі бір нарығында тоғысады.
• Қазақстан Республикасы экономикасына тартылатын айналым капиталының
ұлғаюы жеке жобалар бойынша жекешелендіру процесінде көрініс тапты.
Оның өрістеуі белгілі мөлшерде төлем төлемеу дағдарысы сияқты түйінді
мәселені жеңілдетті, өндірістердің іскерлік белсенділігін көтеруге және
озық технологияларға өту процесін жеделдетуге мүмкіндік береді.
Қазақстандағы объектілер басқаруға өте тиімді жагдайларда беріледі:
әлеуметтік объектілерді қамтамасыз етілуден босатылады, жұмыскерлер санын
кысқартуда еркіндік беріледі және экспортқа бағытталған өндірістер құнға
үстеме салықтан босатылады.
Сонымен бірге, белгілі бір өндіріске салынған инвестициялар кейінгі
жылдары едәуір көлемде коммерциялық несиелеу құнынан асып кетті.
Барлық елдердегі сияқты, Қазақстандағы инвестициялық процестің гүлденуі
макроэкономикалық параметрдің, төмендегі факторларымен тежеліп отыр.
Олардың біріншісіне мынаны жатқызуға болады: яғни жинақталатын
ресурстардың төмен тиімділікте сіңірілуі, оларды қаржыландыру механизмінің
жоқ болуы (сақтандыру, зейнетақымен қамтамасыз ету және инвестициялаудың
нарықтық институттарының қалыптасуының, сонымен бірге жинақтаулардың
салымдарға айналуы механизмінің аяқталмағандығы).
Бұл жағдайды ұлттық банктік жүйенің жеткілікті түрде дамымауы
шиеленістіріп отыр. Қазіргі кезде ұлттық банктік жүйе жинақтарды салудың
және оларды инвестициялаудың шынайы активтерге айналуының тартымдылығын
қамтамасыз етуге қабілеті жоқ.
Екіншіден, Республика көлемінде тиімді инвестициялық жобалар түріндегі
төлем алушылар ұсыныстарының мәліметтер банкінің құрылмағандығы. Көптеген
жобалар жабық жағдайларда қарастырылған, осының әсерінен жеткіліксіз
дәрежедегі жоғары тиімді жобалар өмірге енгізілген.
Үшіншіден, банктердің, клиенттердің қаржылық жағдайының төмен
деңгейі; мемлекеттік бағалы қағаздардың жоғары табыстылықпен қамтамасыз
етілмеуі; кәсіпорындардың қаржылық жағдайының қажетті деңгейде
болмауы себебінен инвестициялаудың жоғары тәуекелділіктерін
компенсациялайды.
Төртіншіден, төлемдер дағдарысы жағдайындағы қарыздардың
сақталуы бұрынғысынша айналым капиталын толтыру үшін ақшаға деген жоғары
сұранысты сақтап отыр, ол қаржылық ресурстарды инвестицияландыру
мақсаттарына емес, айналым қорларын қаржыландыруға бағыттайды.
Бесінші - жүктемеленбеу жағдайында тұрған өндірістік саланың негізгі
капиталы өзін сақтауға жоғары шығындарды талап етеді, сол арқылы қаржылық
ресурстардың елеулі бөлігі шығындалады.
Алтыншы - тиісті әдістердің болмауы негізгі капиталдың теңбе-теңсіз
қайта бағалануына әкеліп соқты.
Осының салдарынан амортизациялық төлемдер мен ішкі жалпы өнім (ІЖӨ)
арасындағы арақатынас шектен тыс жоғары болып отыр. Нәтижесінде, жоғарыда
аталған себептер әсерінен Қазақстан экономикасында өндірістік шығындардың
бұзылған құрылысы, өндірістердің төмен шынайы пайдалылығы, бюджетке
төлемдердің жинақталмауы, мүліктік активтер негізінде кәсіпорындар
қаржыларының жоғарылауы көрініс алып отыр.
КСРО кезінде де көрініс тапқан техника мен құрал-
жабдықтарды қолданылудың жоғары мерзімі, инвестициялық сұраныс қысымының
нәтижесінде негізгі қорлардың бұзылуы күшейді, ал негізгі қордың моральдық
емес, табиғи тозуы 40% шегінде өзгеріп отырды. Кәсіпорындардың өзіндік
қаржылары инвестицияға деген сұранысты 25-40% деңгейінде қанағаттандыра
алды.
Елдегі қаржылық, несиелік жүйелер мен оның институттарының дұрыс
қалыптасуы шетелдік капиталдың жаппай өктемдік жүргізуі үшін қолайлы
жағдайлар жасады.
Мемлекеттік меншікті жекешелендіру процестерінің кезеңдері іс жүзінде
меншік формаларының ұдайы өндіріс процестеріне әсер ете алмайды. 1993-1996
жылдарда Қазақстанға шетел Инвестициялары 6,2 млрд. доллар көлемінде
тартылды.
Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатын дамытушы елдер
тәжірибесімен салыстыра отырып, Аргентина саясатымен белгілі бір
ортақтықтың бар екендігін атап өтуге болады.
Тиімді инвестициялық саясаттың жоқ болуы "өсу нүктесі" болып табылатын
белгілі бір салаларды анықтауға мүмкіндік бермеді; ол сыртқы экономикалық
саясатты "өсу локомотивінен" "тежеу локомотивіне" айналдыруды, әлеуметтік
реформаларды ұстап тұру, халықтың ағымдық табысының төмен деңгейі, сонымен
бірге тұтынушылық несиенің болмауы республика халқын инвестициялық
саясаттың белсенді субъектілерінің біріне айналдырды.
Бұл кездегі тауар өндірушілердің жаппай банкротқа ұшырауы шетел
инвесторларының баюы жағдайында жүріп жатыр және ұлттық валютаны жоюда.
Қазақстандағы саны 1300-ден астам біріккен кәсіпорындар жаңа, яғни 20 мың
жұмыс орны бар кәсіпорындардың құрылуына ықпал етті, осы кезде кішкентай
Сингапурде алғашқы кезеңдерде жұмысшы орындарының саны 70 мыңға жеткен еді.

2.1. ҚР-ның инвестициялық қызметті қаржыландырудағы инвестициялық
қорлардың рөлі
Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген күннен бастап экономикалық
жағдайда тұрақтандару, ішкі экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және
инвестициялар тарту жөніндегі саясатты белсенді жүргізе бастады. Қазіргі
уақытта жүргізілген нарықтық экономиканың оң нәтижелерін айқын көруге
болады. Мәселен, Халықаралық валюта қорының мәліметтері бойынша 2001 жылы
Қазақстан жан басына инвестиция тару көрсеткіші бойынша ТМД елдері ішінде
алғашқы орындардың бірін иеленді. Еліміздің инвестициялық
аспектісі ірі салымдарын қаржыландыру үшін жағдайлар жасауға отандық және
шетелдік қаражаттарды келтіруге, тауар өндіру және қызмет көрсетуді үлкен
тиімділікпен нарық қатынастары субъектілерінің сұраныстарына сәйкес
ұлғайтуға бағытталуы тиіс. Жеке инвесторлар Мемлекеттік
инвесторларға қарағанда коммерциялық табысты көбейтуге өте құштар. Олар
тауарларды және қызмет көрсетуді сұраныстарымен ұштастыра отырып арттыруға,
өндірістің түрлі жобаларымен нағыз тиімділерін пайдалануға тырысады. Міне,
сондықтан да, жеке инвесторлардың өндірісті дамыту белсенділігін қолдай
отырып, мемлекет тарапынан оларға қолайлы жағдайлар жасауға, атап айтқанда,
салық салу, несие беру, кедендік пошлиндер жағынан едәуір жеңілдіктер
беруге тиіс.
Қазақстан үкіметі 1996 жылы 1996-1998 жылдарға арналған мемлекеттік
инвестициялық бағдарлама қабылдады. Бұл бағдарламаға қаржылық секторды,
құқықтық реформаны, мұнай және газ өнеркәсібін, су ресурстарын, энергетика,
көлік, ауыл шаруашылығын, құрылысты, коммуналдық шаруашылықты, шұағын және
орта бизнесті қолдауды дамытудың жобалары енгізілді.
Республиканың әлеуметтік – экономикалық дамуын басқарудың түпкілікті
жаңа жүйесіне көшу осы процестің басты мәселелерін анықтауға себепші
болады. Олардың бірі болып инвестициялық қамсыздандыру мәселесі табылады.
Көшудің алғашқы кезеңінде заң шығаратын негіздер мен ұйымдық құрлымдарды
құру, сондай-ақ, республиканың қаржылық ресурстарын пайдалану мен шетел
инвестицияларын тарту жөніндегі өзіндік саясатты құру қажет болды.
Қазақстандағы мемлекеттік инвестициялар жүйесін оңтайландыру мақсатымен
инвестицияларды басқарудың заң шығаратын негізі мен органдары құрылды. Осы
мәселе бойынша шаралардың біртұтас кешені қабылдануда. Соның ішінде, “Шетел
инвестициялары туралы ”Заң (1991ж.);
“Инвестициялық жекешелендіру қорлары жөніндегі Ереже” (1993ж.)
;”Қазақстан Республикасының шетел инвестициялары бойынша ұлттық агенттігін
құру туралы ” ҚР Президентінің Жарлығы (маусым 1992ж.); “Инвестициялар
бойынша ҚР Мемлекеттік комитетін құру жөніндегі ” ҚР Президентінің Жарлығы
(қараша 1996ж.); “ Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы
”ҚР-ның Заңы (наурыз 1997ж.) және жекеленген жылдарға арналған
инвестициялық бағдарламалар қабылданды.
Бұл құжаттар елдегі инвестициялық процесті басқарудың негізін қалады;
жұмыс орындарын құру, инфрақұрылымды дамыту , елдің өнеркәсіптік және
техникалық потенциалын дамытудың өсу қарқыны мен әртараптандыру саласында
мемлекеттік инвестициялық саясатты жүзеге асыру мен көптеген экономикалық
мәселелерді шешудегі органдардың дұрыс жүйесін , олардың функциялары мен
міндеттерін анықтады.
2000 жылға дейінгі кезеңнің индикативті жоспарының жорамалы бойынша
отандық пен шетел инвесторларының жеке капиталын салудың басым бағыттарына
төмендегілерді жатқызу мақсатқа сай болады: жеңіл өнеркәсіптің ,
агроөнеркәсіптік кешеннің өңдеуші салаларының , машина жасаудың , құрылыс
материалдары өнеркәсібі мен мұнай , химия өнеркәсібінің жаңа
кәсіпорындарын салу мен реформалар жүргізу.
Орталықтандырылған капитал салымдары есебінен әлеуметтік сала
объектілерінің құрылысын мақсатты республикалық бағдарламалар шеңберінде
жүзеге асыру қарастырылады.
Мемлекеттік инвестицияларды басқару 4 жеке кезеңде жүзеге асырылуы
қажет: Жоспарлау;Бағдарламалау; Бюджетті дайындау; Орындау;
Жоспарлау кезеңінде әлеуметтік – экономикалық дамудың орта мерзімді
бағдарламасы мен оны макроэкономикалық деңгейде, сондай-ақ ,әрбір секторға
қатысты алғанда да жүзеге асырудың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz