Эмоция туралы қазіргі шет ел концепциялары
Кіріспе
І. ЭМОЦИЯ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ
1.1. Эмоция туралы түсінік
1.2. Эмоция теориялары
1.3. Эмоцияның функциялары
1.4. Сезім мен эмоция
ІІ. ЭМОЦИЯ ТУРАЛЫ ҚАЗІРГІ ШЕТ ЕЛ КОНЦЕПЦИЯЛАРЫ
2.1. Шетел ғалымдарының эмоция жайындағы ғылыми көзқарастары.
ІІІ ЭМОЦИЯ ЖӘНЕ АДАМНЫҢ ЖЕКЕ БАСЫ
3. 1. Жеке адам дамуындағы эмоцияның алатын орны
3. 2. Жалпы эмоционалды сферасының ерекшеліктері
3. 3. Әрекет.қылықтық эмоциялық реттелуі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Курстық жұмыс
Тақырыбы:
Эмоция туралы қазіргі шет ел концепциялары
Астана
2012
Жоспар
Кіріспе
І. ЭМОЦИЯ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ
0.1. Эмоция туралы түсінік
0.2. Эмоция теориялары
0.3. Эмоцияның функциялары
0.4. Сезім мен эмоция
ІІ. ЭМОЦИЯ ТУРАЛЫ ҚАЗІРГІ ШЕТ ЕЛ КОНЦЕПЦИЯЛАРЫ
2.1. Шетел ғалымдарының эмоция жайындағы ғылыми көзқарастары.
ІІІ ЭМОЦИЯ ЖӘНЕ АДАМНЫҢ ЖЕКЕ БАСЫ
3. 1. Жеке адам дамуындағы эмоцияның алатын орны
3. 2. Жалпы эмоционалды сферасының ерекшеліктері
3. 3. Әрекет-қылықтық эмоциялық реттелуі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Курстық жұмыстың тақырыбы Эмоция туралы қазіргі шет ел концепциялары.
Эмоция деп айналадағы заттардың құбылыстарға жағымды, я жағымсыз сәулеленуін айтамыз. Эмоциялар шындықтық жүйеде сәулеленуінің айрықша бір түрі.
Эмоциялар өзіне іс-әрекетті босандырмайды, ол оның қозғалысының механизмі және нәтижесі болып табылады.
Эмоциялар ішкі белгілердің функциясын атқарады, ал олар заттық іс-әрекеттің тікелей психикалық бейнесі болып табылмайды. Мотивтер және жетістіктер арасындағы қатынастарды бейнелеу эмоциялардың ерекшелігінен тұрады. Сонымен қатар бұл жерде осы қатынастардың рефлекциясы жайлы емес, олардың тікелей сезімдік бейнеленуі, күйзелістері жайлы сөз болып тұр. Сөйтіп, олар мотивтің актуалдануынан есебін және субьектінің өзінің іс-әрекетін ұсынады бағалауына дейін пайда болды.
Мұнда тұрмыс және міндеттердің арасындағы қатынастың эмоциялық тәуелділік фактісін білдіретін түрлі болжамдарды талдауға тоқтала алмаймыз. Тек эмоцияларды жүзеге асыратын әрекеттерге немесе операцияларға емес, ол әрекеттердің релеванттылығына назар аудару керек. Сондықтан түрлі әрекетті жүзеге асыратын процестер әр түрлі, сондай-ақ қарама-қарсы эмоциялардың түсін жоя алады. Басқаша айтқан да, жағымды немесе жағымсыз санкциялаудың ролі мотивпен берілген күшті әсерге байланысты эмоциялармен жасалады. Қандай да бір әрекеттің сәтті жасалуы әрқашан жағымды эмоцияларға жеке бермейді, ол сондай-ақ тұлға үшін жетекші мотивтің жоғынан жеткен табысқа психологиялық ұмтылу болып табылатындай белгі беретін жағымсыз эмоцияны да туғызуы мүмкін. Бұл қарапайым бейімделуші реакцияларға да қатысты.
Эмоционалды күйлердің көптігі және күрделілікті, танымдық және аффективті мотивтері бірлескен алғашқы сезгіштіктің бөлінінің нәтижесі болып табылады. Бұл бөлінуде эмоцияланады күйлер дүниедегі заттардан тәуелсіз тіршілік етеді деп ойлауға болмайды. Заттың жағдайларда пайдалы болып, олар осы жағдайларда және обьектілерді белгілейді. Заттың өзіне келмесе жеке адамдарға эмоцияланады белгілі аффиктивті жинақтар деп аталатын қарапайым құблысқа көз тастау жеткілікті. Сөз басқа туралы, ал нақтырақ айтқанда оның заттың мазмұнның бейнесінде өзгешіліктің болуы және оның эмоциялды реңі туралы және адаміс-әрекетінің күрделі жанамалау жағдайларында обьектілердің аффектенді өзгеру мүмкіндігі туралы. Ал ең маңыздысы адамда эмоцияналды процестердің және күйлердің зіне тән жағымды дамуы бар.
Адамның эмоциялдық күйлерінің өзіндік тарихи, дамуы бар. Сонымен қатар олардың функциялары мен жіктелуі өзгереді, сөйтіп олар әр түрлі деңгейлермен салыстыра да қалыптастырады. Бұл кездейсоқ және еріксіз пайда болатын аффектілер, әрі қарай бұл күй эмоцияларға - индеаторлық және жағдайға орай болды, яғни тұрақты затта кристалданған заттық сезімдер. Стендальдің көңіл-күйлер - өзінің тұлғалық функциясы бойынша, өте маңызды субьективті құблыстар.
Эмоциялдық құблыстардың әртүрлілігі, олардың өзара байланыстары-нан және нәтижелерінің күрделігі субьективті түде өте жақсы алынады. Бірақ психология феноменкологияны жоғалтқан кезде, оның тек ең дөрекі күйлерді ғана зерттеуге қолы жетеді.Дәл осындай периферриялық идеялар да болды, сондай-ақ қазіргі психологиялық тұжырымдамаларда да кездеседі.
Эмоция мәселесіндегі тағы бір бағыт тұлға құрылысын сипаттайтын мотиватцияаралық қатнаста зерттеуден және жанамалайтын эмоционалдық қайғыру аймағынан тұрады.
Адам іс-әрекеті үшін техникалық бастыаманы - бұл мотивтер мен мақсаттардың сәйкес келмеуі болып табылады. Ал, керісінше олар сәйкестенсе, нәтижесінде еркін түрткі болатын күші бар мақсатқа ие болу немесе оларды мотив-мақсатқа айналдыратын, мотивтерді саналы түсіндірудегі екінші ретті құблыс пайда болады.
Мотивтердің мақсатын ерекшілігі - оларды субьекті жете түсінбейді.
Мұндай қосарлану іс-әрекет міндетті түрде көп мотивті болғанда, яғни бір уақытта бір немесе бірнеше мотивтерге жауап бергенде, пайда болады. Адам әрекеті әрқашан бірнеше қатнас жиынтығын обьективті орындайды, мысалы, дүниедегі заттарға қоршаған адамдарға, өз-өзіне, қоғамға деген қатнастар. Сонымен еңбектік іс-әрекет қоғамдық мотивтелген, бірақ олар матиралдық мадақталған мотивтермен басқарылады. Осы екі мотив бар болса, олар әр түрлі жауықтықтарда жатар. Әлеуметтік қатнастар жағдайында еңбек мәні жұмысшы үшін қоғамдық мотив болып табылады. Материалдық мадақтауға келсек, адам үшін іс-әрекеттің орнам басса да, ол ықпал ету функциясын ақтарады, бірақ ол негізгі мағына құрастырушы функциясынан айырылған болып саналады.
Сонымен, бір мотивтер іс-әрекеттерді тудырып, оларға тұлғалық мағына береді. Біз оларды мағына құрушы деп атаймыз. Бұдан басқалар, мысалы: эмоцианалдылық, аффиктивтілік, мағына құрастырушы функциялдан айырылған тудырушы фактор қызметін атқарады. Біз оларды шартты түрде стимул - мотивтер деп айтамыз. Олардан тән қосшеттер: адам үшін тұлғалық мәнді іс-әрекетжүзеге асуы барысында күшті эмоционалды болатын кешірулерді тудыратын жағымсыз әсерлер мен кездесе, онда оның тұлғалық мағынасы бұдан өзгермейді ; көбінесе басқаша болады, яғни туындаған эмоцияның психологиялық сенімсіздігі тең өседі. Бұл белгі эмоционалды бастан кешірулердің тұлғалық мағынаға қатынасы туралы ойлаңдар.
Эмоция деп айналадағы заттар мен құбылыстарға жағымды жағымсыз қатынастын сәулеленуін айтамыз. Эмоциялар шындықтын жүйкеде сәулеленуін айрықша бір түрі.
Сыртқы дүниенің әсері адамның миында тек қана сәулеленіп қоймай, оған толғанып тебіреніп, өзінің қатысын білдіреді. Бұдан адамға жағымды не жағымсыз сезімдер туып отырады. Эмоция адамның сыртқы келбеті, бет әжімі қимылдары, дауысы арқылы айқын көрінеді. Эмоция үшін адам организімің ішкі мүшелері әрекетінің әсері зор. Мысалы қанның жүруі тамырлардың жүрекке ерекше соғуы, бездер әрекетіне Физиологиялық әрекеттерге эмоция үлкен әсер етеді.
Эмоция хайуанаттарда да бар олардың эмоциясы, инстикт деп аталады. Олар мұқтаждықтарын биологиялық қанағаттандырумен байланысты, мысалы мысық пен иттің еркеленуі, олардың үйреленіп бір нәрседен қорқуы, олардың сыртқы келбетінен жақсы көрініп тұрады. Адам эмоциялары хайуанат эмоцияларына қарағанда өте бай болып келеді, әрине адамдардың эмоциялары біркелкі болмайды, өйткені олардың айналадағы нәрселерге қатынасы бірдей емес.
Әрбір адамның темпераментіне, мінезіне олардың басынан кешкен тәрбиесіне қарай сыртқы дүние әсеріне жауап қайтару түрліше болады. Адам эмоцияларынын бір бірінен айырмашылығы сезімдердің күш жағынан, әрекет ету мерзімінің уақыт мөлшері жағынан, олардың сыртқы қимылдары, бет әжімі арқылы білініп көрініп тұрады. Эмоция адамның тұрмысында үлкен орын алады, олар адамға адамдық сипат беріп, оның әрекетін жылытып көрік беріп отырады.
Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. ЭМОЦИЯ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ
0.1. Эмоция туралы түсінік
Эмоция (фр. emotion, лат. enoveo -- толғану) -- адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі тітіркендіргіштер әсеріне реакциясы; қоршаған ортамен қарым-қатынас негізінде пайда болатын көңіл-күй.
Эмоция организмнің әр түрлі қажетсінулерге қанағаттануына (ұнамды эмоция) немесе қанағаттанбауына (ұнамсыз эмоция) байланысты. Адамның жоғары әлеуметтік қажетсінулері негізінде пайда болатын тұрақты эмоция. Эмоция жоғары түрі адамның іс-әрекетінің өнімді болуына мүмкіндік туғызады. Оларға қуаныш, сүйіспеншілік және т.б. эмоциялар жатады. Жағымсыз эмоция адамның іс-әрекетіне азды-көпті зиян келтіреді. Оларға қорқыныш, қайғы, абыржу, үмітсіздену, үрейлену және т.с.с. эмоциялар жатады.
Көңіл -- адамның бойын билеп алатын эмоциялық жағдай. Көңілді болу адамның іс-әрекетінің сәтті, нәтижелі болуына байланысты. Адамның эмоциясын, оның мимикасынан, пантомимикасынан да байқаймыз. Эмоциялық үрдістердің пайда болуы вегетативтік жүйке жүйесінің қызметіне байланысты. Эмоциялар қатарластығы -- бірін-бірі итермелеуші эмоциялық кемелденген екі бағдар. Олардың біреуі ұғынымсыздыққа қарай ығыстырылып, индивид мінез-құлқына санадан тыс әсер етеді.
Адам мен жануарлар психикасының ерекше көріністерінің бірі - эмоция. Ол мінезді бағыттау және жүзеге асыру амалдарын жасайтың мотивацияның құрамында маңызды орын алады.
Эмоцияның бірнеше түрі бар. Олар:
Биологиялық эмоция -- әртүрлі тіршілік (ашығу, шөлдеу т.б.) мұқтаждықтарын қанағаттандыру немесе қанағаттандырмау әрекеттерімен байланысты болады.
Жоғары эмоция -- әр алуан рухани (әлеуметтік, танымдық, әсемдік) әрекеттерінен туады.
Кідірген эмоция -- жеке адамның кейбір себептерімен, эмоциялық көріністерін тежеуі нәтижесінде байқалады.
Жағымсыз эмоция -- қандай болса да бір мұқтаждық қанағаттандырыл-маған жағдайда ұнамсыз күйзеліс түрінде кездеседі.
Жағымды эмоция -- мұқтаждық қанағаттандырылған кезде болатын сүйкімді әсерленушілік.
Эмоция кұбылыстары аффект (долданыс), нағыз эмоция сезім түрінде кездеседі. Аффект -- айқын қимылдар ағза көріністерімен қоса жүретін күшті және біршама қысқа мерзімді эмоциялық күйзеліс күйі. Ол жүріп жатқан тіршілік немесе әлеуметтік жағдайда кездеседі. Нағыз эмоция ұзақ уақыт және әлсіз түрде білінеді. Ол бастан кешкен немесе болашақты елестету арқылы туады. Эмоцияның үшінші түрі -- заттық сезімдер. Олар кейбір белгілі немесе дәйексіз нәрселерді (мәселен, махаббат), отанды сүю, өшпенділік т.б. елестету немесе ойлау арқылы пайда бола - ды. Заттық сезімдер тиянақты эмоциялық қатынасты көрсетеді. Эмоциялық көтеріңкілік сәтте адамды шабыт, нұрлану, жаңалық ашу, шығармашылық қуанышы билейді. Яғни, сезініс күйі -- адамның рухани және дене күшінің ең жоғары көтеріңкі сатысы.
Организмнің эмоциялық күйі эмоциялық күйзеліс және эмоциялық көрініс іспетті әсерленістерден тұрады. Эмоциялық күйзеліс деп организмнің өзін және қоршаған әлемді бейнелейтін субъективтік сезінісін айтады. Организмнің дене сезу және ағза жүйелерінде байқалатын өзгерістерді эмоциялық көрініс деп атайды. Эмоциялық көрініс әртүрлі. Симпатикалық жүйке қатты қозғағандықтан жүректің қызметі жеделдейді, қанның қысымы көтеріледі, газ алмасу өседі, тыныс кеңейеді, организмде тотығу және энергия құбылыстарыньң қарқыны артады. Қанда, сілекейде, несепте катехоламиндер, пептидтер және глюкоза мөлшері көбейеді.
Бұлшық ет тонусы өсіп, көз қимылы жиіленеді, терінің түктері үрпиеді, эмоциялық қозу кезінде организмнің бүкіл қосалқы мүмкіндіктері жедел жұмылдырылады. Сонымен қатар түпті қарқынды іс-әрекеттің өзінде, оның әлі де зор пәрменді мүмкіншіліктері сақталады. Бұлар тек төтенше жағдайларда, эмоциялық зорлану кезінде тұтынылады.
Эмоция кезінде адамның субъективтік күйі өзгереді. Оның парасаттық қабілеті, зердесі сезімтал, қоршаған орта әсерлерін жетік қабылдайды.
Эмоциялық күйзелістің тіршіліктегі негізгі мәні адам мен жануарларға өзінің ішкі жағдайын, пайда болған мұқтаждығын, тез бағалауға, оны толық қанағаттандыруға мүмкіндік жасайды. Сөйтіп, ол организмдегі бейнелеуші (бағалаушы) ізденуші, нығайтушы, реттеуші, байланыстырушы әрекеттерді ұйымдастырады.
Эмоцияның бейнелеуші әрекеті оқиғаларға жалпы баға береді. Организм өзінің бүкіл іс әрекетін бірлестіру арқасында, оған әсер етуші тітіркендіргіш-тің жағымды немесе жағымсыз жақтарын тез анықтайды. Адамның сезініс қабілеті дара күйзеліспен қатар, өзара қоса әсерленушілік арқылы қалыптасады.
Эмоцияның ізденуші түрі мақсат пен ниетке байланысты білінеді. Ол жетекші және жағдайлық болып екіге бөлінеді. Жетекші эмоциялық күйзеліс -- мұқтаждықты қанағаттандыратын мінездік мақсатқа бағытталады. Жағдайлық эмоциялық күйзеліс мінездің кейбір кезеңдерін бағалаудан туады. Ол нәтижеге қарай мақсатқа жету үшін мінезді не жалғастырады не өзгертеді.
Эмоция нығайтушы әрекеті арқылы тәлім және зерде процестеріне қатысады. Эмоциялық әсерленістер тудыратын маңызды қағидалар тез және ұзақ уақытқа зерде де сақталады. Мұны әрбір шартты рефлекс қалыптасар кезде байқауға болады. Оның алғашқы жалпылама сатысын -- эмоциялық сатысы дейді. Дәл осы кезде организмнің вегетативтік саласы ерекше жұмылдырылады. Өйткені белгісіз жайларда үстемді әсерлену тиімді келеді.
Эмоцияның реттеуші немесе аударақосушы әрекеті үстемді мұқтаждықты анықтайтын себептердің бәсекесінде айқын көрінеді. Ол үрей мен міндет, үрей мен ұяттың сезімдер таласында байқалады. Мұның ақыры ниеттің күшіне адамның тілегіне және еркіне байланысты болады.
Эмоцияның байланыстырушы әрекеті ымдау, қол сермеу, дене қимылы, кейпі, мәнерлі күрсіну, дауыс ырғағын өзгерту арқылы, серіктеріне сезініс түрін білдіреді. Мұның айғағын эмоциялық күйлердің арасындағы қарама - қарсылықтан байқауға болады. Мәселен, куаныш пен қайғы, ашу мен үрей, ынта мен жеркену, ұят пен жек көру, сүйсіну мен күйіну сезімдері белгілі сипаттармен айқындалады.
Эмоцияның пайда болу механизімін теориялар арқылы ұғынуға болады. Эмоцияның алғашқы теориясы Ч. Дарвин ұсынған биологиялық қағида болатын. Ол жануарлардың эмоциялық көрнекті қимылдарын салыстырып, белгілі бір биологиялық сигналдық мәні барлығын анықтады. Мұндай көрнекі қимылдар (ашу, үрей, қуаныш т.с.с.) және ымдау әсерленістері эмоциялық туа біткен көріністерге жатады.
П.K. Анохиннің айтуынша, эмоция тарихи даму сатысында сыртқы жайларға сәйкес мұқтаждықты тез бағалау және қанағаттандыру амалы ретінде қалыптасты. Әдетте, әрбір мұқтаждық жағымсыз күйзеліспен қатар жүреді. Сондықтан ол адам мен жануарларды белсеңді іс-әрекетке демеп отырады. Ал әрбір мұқтаждық мақсат орындалса қанағаттық сезімі туады. Содан нәтижелі қимыл-әрекетпен ұласқан жағымды эмоция зердеде сақталып, әр уақытта мақсатты мінезді ұйымдастырады.
В.В. Симонов ұсынған ақпараттық қағида эмоцияны адам мен жануарлар миының пайда болған мұқтаждықтың сапасын және мөлшерін, оны қанағаттандыру ықтималдығын бейнелеу қасиеті деп санайды. Мұны олардың әрқайсысы ырықсыз генетикалық және жеке жүре пайда болған тәжірибе негізінде бағалайды. Яғни, эмоция мұқтаждық мотивациялық және ақпараттық түрткілерден туады. Оның пайда болу ережесі ретінде төмендегі теңдеуді қолданады:
Э=М- (Aк-A1) ,
мұнда Э -- эмоция, оның дәрежесі, сапасы және белгісі; M -- маңызды мұқтаждықтың сапасы мен күші; (Ақ-A1) - туа біткен және жүре болған тәжірибе негізінде бағалау; Ак - мұқтаждықты қанағаттандыру үшін қажетті амалдар туралы ақпарат, A1, субъект қолданып отырған нақтылы амалдар туралы ақпарат.
Келтірілген көрсеткіштер кейбір эмоция пайда болуы үшін қажетті және жеткілікті түрткілер болып есептеледі. Алайда бұлармен қатар субъектің дара типологиялық ерекшеліктері, эмоция тудыратын уақыт түрткісі және мұқтаждықтың сапасы ескерілуі тиіс. Осыған орай әлеуметтік және рухани мұқтждықтан шыққан эмоцияны сезімдер деп атайды.
Осы эмоция теңдеуі бойынша, амалы ықтималдылық (Ақ -- Ah) жағымсыз эмоциялар тудырады. Ал болжамды мақсатқа жету ықтималдылы-ғы (Ан -- Ақ) артқа жағдайда жағымды сезініс пайда болады.
Физиологиялық тұрғыдан алғанда, эмоция - арнайы ми құрылымдарының белсенді күйі, ол осы жағдайды өсіруге немесе азайтуға бағыттап, мінезді өзгертуге мәжбүр етеді.
Эмоциялық күйдің қалыптасуына мидың әртүрлі құрылымдары қатысады. У. Кеннон ұсынған таламустың теория бойынша эмоциялық әсерленіс алғашқыда таламус орталықтарында пайда болып, ми қыртысына ықпалын тигізеді. Сөйтіп, ол түйсікті түрлендіріп, көрнекті қимылдарды тудырады.
Эмоцияны ұғынуда лимбиялық теория жетекші орын алады. Дж. Пейпец клиникалық байқаулардың нәтижесінде, ми қыртысының маңдай бөлігі, гипокамп, күмбез, бадамша, таламус, гипоталамус эмоциялық әсерленісті ұйымдастырады деп тұжырымдады. Д. Линслей электроэнцефалография әдісін қолданып, бұл құрылымдарды ми бағанының торлы құрылымы белсендіретіндігін дәлелдеді. Сөйтіп, ол эмоцияның белсендіріліс теориясын ұсынды.
B.P. Гес тітіркендіру әдісі арқылы гипоталамустың алдыңғы және қапталдас ядроларының жағымды эмоцияға, ал артқы және ішкерілес (медиальды) ядроларының жағымсыз эмоцияға жауапты екендігін көрсетті. Сол сияқты Д. Олдз жануарлар миына енгізілген электродтар арқылы, олардың өзін-өзі тоқпен тітіркендіру әдісін пайдаланып, мидың жағымды және жағымсыз нығайтушы құрылымдары болатындығын анықтады. Жағымды нығайтушы құрылымдар жүйесіне қапталдас гипоталамус, перде, мидың ішкерілес будасы жатады. Жағымсыз орталық солғын зат, ішкерілес гипоталамус, бадамшадан құралады. Бұл құрылымдар мидың эмоциогендік жүйелері құрамына кіреді.
Эмоция саласында үлкен ми сыңарларының әрекетінің асимметриясы байқалады. Мидың оң жарты шарының эмоциогендік мәні зор, көбінесе дағдыланудың алғашқы кезеңінде іске қосылады. Адамның жағымды эмоциясы негізінен сол жарты шармен, ал жағымсызы оң жарты шармен жүзеге асады. Осыған сәйкес әртүрлі психосоматикалық көріністер тұлғаның, сол жақ жартысынан жиі білінеді. Адамның сол жақ беті көбінесе жағымсыз, ал оң жақ беті жағымды эмоцияны бейнелейді. Мұндай айырмашылық тіпті жаңа туғандарда байқалады. Олардың тәтті немесе ащы дәмді түйсінуі бет әлпетінен анық көрінеді.
Алайда A.B. Вальдман эмоцияның белгілі түрлері мен мидың нақты құрылымдары арасында мызғымас байланыс болатынына күмән келтіреді. Өйткені, эмоция психикалық әрекет болғандықтан белгілі ми құрылымына тұрақты бекітілмейді. Ол туа біткен және жүре болған механизмдерге негізделген мінездің түрі. Расында, клиникалық байқауларда, мидың әртүрлі құрылымдарын емдеу мақсатымен тітіркендіргенде, олардың әрқайсысы әрі жағымды, әрі жағымсыз эмоциялық күйлерге сәйкес келетіндігі анықталды.
Эмоциялық күйдің пайда болу негізі орталық жүйке жүйесінің нейромедиаторлық механизмдерінен құралады. Жануарларға жасалған тәжірибелер бойынша, норадреналин жағымды сезініс, ал cepотон мен холинергиялық жүйелер жағымсыз эмоция тудырады. Сонымен қатар жағымды эмоциялық күйді қалыптастыруға ішкі апиындар қатысатындығын дәлелдейді. Бір жағынан осы эндорфиндер мидағы серотонин сезгіш жүйелердің әсерін өзгерте алады.
Кейбір зерттеулерде эмоцияның нығайтушы әрекетінің дофамин -- және серотонинергиялық жүйелерден, ал мотивация норадренергиялық жүйелерден тәуелді екендігі анықталды. Сөйтіп: әртүрлі эмоциялық күйді жүзеге асыруға мидың бүкіл нейромедиаторлық жүйесінің қатысатындығын болжауға болады. Шынында, олардың балансы өзгергенде эмоция бұзылады. Мәселен, мания немесе депрессия жағдайларында мидың әртүрлі бөлімінде дофамин, норадреналин және серотонин құрамасы өзгереді.
Эмоцияның екі түрлі ауытқуы байқалады. Гипотимия -- абыржу, үрей, торығу, жабырқау күйі. Мұндай жағдайда мотивация әлсірейді, адам жүдеп, ішкі ағзалардың қызметі бұзылады. Гипертимия -- көңіл шалқып, қимыл күшейеді, желік пайда болады. Адамдарда эмоция ауытқулары өте күрделі. Мұндай күйлер эмоциялық ышқынуда (стресс) жиі кездеседі. Ол мұқтаждық пен оны өтеу мүмкіндігі сәйкес келмеген жағдайда туады. Яғни эмоциялық ышқыну осындай кақтығысуларды жоюға арналған организмнің барлық қорғаныш күшін жұмылдыратын маңызды икемделу әсерленісі. Ол жойылмаған күнде эмоциялық қозу ұзақ уақыт іркіліп, адамның мотивация сезініс саласы бұзылып, әртүрлі аурулар пайда болады.
Эмоциялык стресс -- жүрек ишемиясы, гипертензия, асқазан жарасы, эндокрин жүйесінің ауруларына әкеліп соғады. Мұнда орталық жүйке жүйесіндегі нейромедиаторлар мен пептидтердің мөлшері көп өзгереді.
Адамдарда мұндай ауытқулар көбінесе әлеуметтік қақтығысуларда өте жиі кездеседі.
Эмоциялық стресті зерттеу невроздарды емдеу істеріне көмектеседі. Сондықтан ұзақ және тиімді психофармакологиялық емдеу психиканы зақымдаушы әсерлердің эмоциялық зерде, із жазбасын өшіріп, толық немесе жартылай психикалық іс-әрекетті қалпына келтіреді. Сонымен бірге нәтижелі емгерліктің алғы шартты -- мидың өзінің етеміс механизмдерін белсендіріп, дерттену сәттерін жою немесе шектеу.
1. 2. Эмоция теориялары
Эмоция -- (латын сөзі -- еmоvега қозу, толқу) деген мағына береді. Қуаныш сезімі. И.П. Павлов, эмоция ми қыртысында болатын жасушалардың күш-қуаты. Сондықтан да эмоцияның белгілі түрде биологиялық және әлеуметтік мәні бар. Эмоция ағзаның ішкі эндокринді бездеріне байланысты болады.
Адреналин эмоцияны реттеуші фактордың бірі болып есетелінеді. Ол бауырдағы гликогеннің ыдырауына әсерін тигізеді. Адам эмоциялық жағдайда болған да, қандағы қанттардың мөлшері азайып кететінін медиктер анықтаған болатын.
Эмоция тудыратын стрестің пайда болу ағымында биологиялық танымдықтың 3 буыны болатыны белгілі болды.
1) Күйзеліс тудыратын бағалар; күйзелістің анық қаталдылығы, онша үлкен мөлшерде болмағанымен проблема оны адамның өз-өзіне, біліміне және түсінігіне қарай бағалануында. Бағасына қарай ағзада физиологиялық-биохимиялық үрдістер өтіп, бірнеше пайдалы және пайдасыз өзгерістер туады.
2) Оқиғаның өзіне немесе оның бағасына деген физио-логиялық-биохимиялық, биологиялық жауабы. Адреналогиялық-биохимиялық әсер етеді.
3) Алдағы уақыттарда күйзелісті болдырмайтын, оның неше түрлі себептерін жоюға арналған іс-әрекет (мінез-құлық). Жұмсалатын биологиялық күш өлшемі оқиғаның салдары әрқашан да есепке алынуы тиіс. Осының нәтижесіне ағзада тізбекті күйзеліс пайда болады.
Әйгiлi психолог Изард (1982) нәресте бет-әлпетiнiң қысқа мерзiмдi өзгерiстердi өлшеу мақсатындағы шарттанған сызбанұсқаны жарыққа шығарған. Мұны қолдана отырып, таңғалу мен қорқыныш көрiнiсi 5-7 айынан бастап; ал ұяңдық пен ұялшақтық белгiлерi 6-8 айында басталады. Кiнәлiлiк пен жағымсыздықты бiлдiру екi жасында көрiнедi [23].
Эмоционалды сфера - бұл адам өмiрiндегi күрделi психикалық феномен. Ғылымда эмоционалды сфера терминiнiң анықтамасы әлi толық анықталмаған.
Эмоционалды сферасының онтогенезiне жанама өтетiн эксперименталды мәлiметтерiне сүйенейiк. Бұл аумақтың пионерi болып биховиоризмнің негiзiн салушы Дж. Уотсон болды. Ол эмоцияны ағзаның ең алғаш онтогенез кезеңiнде табылатын, тұқым қуалаушылықтың стреотиптi реакциясы ретiнде: қорқыныш, ашу-ыза, махаббат сезiмдерiн жағдайдағы терминi арқылы қолдануды сынды. Мысалы, қорқыныш төменгi реакцияларда байқалады:
1) аяқ астынан дем алуды тоқтату;
2) орынсыз қолмен басып салу;
3) қабақтың аяқ астынан жұмылуы;
4) ерiндi алдыға жылжыту, кейiн жылау, кейбiреуiнде - қашу, безу және тығылу.
Қорқыныш келесi стимулдармен шақырылады:
а) қорғаныстан аяқ астынан айырылу;
б) қатты дауыстау;
в) ұйықтап жатып селк ете түсу;
с) ұйықтап жатып көрпенi тартып алу.
1927 жылы М. Шерман киносъемка арқылы 4 стимулға (сәл биiктен құлау, түйреуiшпен пiсiп алу, бас қозғалыстарына шек қою, ашыққандық жағдайы) жауап қайтару реакцияларын ұсынды, дегенмен бұл реакциялар дифференциалды болмағандықтан, 3 тәуелсiз ұжым тек қана нақты реакцияларды сипаттай алды.
Кейiн К. Бриджес жалпы қозудың алғашқы күнiнде негiзделген эмоцияның онтогенездiк дамуын ұсынды. Мұндай көңiл-күйден 3 айлық балада ренжу мен рахаттану байқалады, одан кейiн ренiштен ызалану; 4 айлық балада бас тарту; 5 айда - қорқыныш көрiне бастайды. Рахаттанудан 1-шi жылы қуаныш және бауырмалдылық - яғни, 9-11 айда байқала бастайды.
Р.Спитц және К.Вулер, американдық психологтар, жымиюдың онтогенездегi даму сатысын көрсеттi. Сонымен шешесiнiң магнитафондағы дауысы, балада бұрынғыдай жымию реакциясына әкелмейдi
Балада алғашқы ұнату сезiмдерi пайда болуынан кейiн синтония, яғни басқа адамның эмоционалды көңiл-күйiне назар аудару қабiлетi ретiнде қалыптаса бастайды. Жоғарыда айтылғандай бiреу үшiн әуре болу, уайымдау қабiлеттерi балада мектеп жасына дейiнгi кезеңде байқалады.
З.Фрейдттен бастап, психикалық денсаулықтың критерийi ретiнде махаббат пен бауырмалдылық қабiлетi адамның нормальдi жетiлiп, дамуының фундаментальдi мiнездемесi екенiн барлық iрi психологтар мен психиатрлар мойындайды. Әрқашан да баланың тәрбиесiн қолға алып, оны бағып-қағып отыратын негiзгi фигураның жоқтығы, жетiм балалар мекемелерiндегi тұрақсыздық пен қоршаған ортаның әлеуметтiк көптiлiгi, бала бойындағы тұрақтылық пен қорғаныс сезiмiне әкелiп соқтырады, бұл оның эмоционалды дамуына және бауырмалдылықтың қалыптасуына керi әсерiн тигiзедi, оған қоса баланың жақындаушылық пен махаббатқа қарапайым ынтасын шорт сындыруға мүмкiншiлiгi бар. Мұндай балаларда келешекте психикалық дамудың басты сезiмi, әлемге сенiмдiлiк көзқараспен қарау қоры мүлдем болмайды. Бүкiл дүние жүзi олар үшiн оқыс, сенiмсiз болып көрiнедi. Бауырмалдылық сезiмiнен кейiн пайда болатын қайта оралмас сәттерi, жан-жақтарынан қорғай алатын сезiмсiздiк-қорғаныс механизмiнiң қалыптасуына әкеледi [9]. Ресейлік зерттеу мекемелердегi тәрбиеленушiлердiң жеке тұлғалықтың ерекше түрiнiң қалыптасуы жайлы идея айтылады. Өз-өзiн реттеу механизмiнiң дамымауы әр түрлi қорғаныс реакциялардың қалыптасуымен кәмпескеленедi. Сөйтiп, шығармашылық ойдың орнына шаблонды ой, мiнез-құлық жүрiс-тұрыстың орнына сыртқы бақылауға деген бағыттылығын, еркiндiлiгi қиын жағдайлардан өз бетiмен шығу қабiлетiнiң орнына - ренiшке шеттен шығаратын аса толқынды эмоционалдылыққа жауап қайтару тенденциясы. Қарым-қатынастың адекватты дефицитi баланың басқа адамдарға агрессивтi-негативтi көзқарас позициясына әкеліп соқтырады. Бұл сибстарда да байқалады. Мұндай балаларда өзiнiң бауыр-қарындастарына да туысқандық сезiмi айқындалмайды, және де қоршаған ортадағы адамдармен эмоционалды адекватты, конструктивтi қарым-қатынасты орнатуға қабiлетi болмайды.
В.Н. Ослон, А.Б. Холмогоров өздерi жүргiзген зерттеулерiнде жетiмдер үйiнен шыққан балалардың дискотекадағы мiнез-құлық, жүрiс-тұрысына бақылау жасаған. Нәтижесiнде 18-21 жас аралықтағы ер жеткендер мен бойжеткендер тек қана өз тобында билеп, өзiнiң құрамына ешкiмдi кiргiзбеуге, ал егер ондайлар табылатын болса, оларға физикалық және вербалды агрессияны көрсетедi. Жетiмдер үйiнiң түлектерiнде өзiндiк құндылықтар мен бағдар принциптерi қалыптаспайды, бiрақ та өмiрде соншалықты тұрақталынған конформдылық пен басқаларға тәуелдiлiк қасиеттерi криминалды структураның құрамына баланың жеңiл батып кетуiне үлес қосады .
Мемлекеттiк статистика бойынша жетiмдер үйлерi мен интернат түлектерiнiң 80%-i криминалды ортаға түседi. Өкiнiшке орай мемлекеттiң жетiм балаларды тәрбиелеуге арналған материалды қаржысы контингенттiң криминалды структурасы мен түзету мекемелерiне даярлау үшiн бөлiнетiнiн сеземiз.
1.2. Эмоцияның функциялары
Эмоционалды уайымдаудың басты биологиялық мағынасына заттай түсінік берсек, тек эмоция адамдар мен жануарларға тез арада өзінің ішкі күйін түсінуге, бір нәрсеге мұқтаждығын көрсете алады, сонымен қатар жасалатын іс-әрекет кезінде қанағаттанарлық жағдайға жету мүмкіндік көрсете алады. Мұқтаждыққа қанағаттану эмоцияда бағаланып, көрініс табады. Мысалы, өзіңді тоқ сезіну. Бір нәрсемен шұғылданғанда эмоционалды уайымдар заңдылық бойынша бір-бірін алмастырып тұрады.
Зерттеушілер эмоцияның функцияларының бірнеше түрін бөліп көрсетеді: көрініс табатын (бағалайтын), лепті, бекітетін, ауысатын, коммуникативті.
Көрініс беретін эмоцияның функциясы жиынтық жағдайды бағалауда көрінеді. Эмоция бүкіл ағзаны билеп алып, сол арқылы лездік шоғырлануды береді. Эмоциямен орындалатын барлық іс-әрекет түрлерінің жиынтығы ең алдымен оның факторларына пайдалы немесе пайдасыз әрекет етуін анықтауға және оның алдын алуына мүмкіндік береді. Онымен пайдасыз әрекет етудің орны анықталады.
Эмоционалды құбылыстардың жеке классына бағалайтын функция бірдей дәрежеде тән емес. Ол келесі уайымдауларға анығырақ болады: ашу, ыза, кек, жек көру, ұят. Олар келесі реакциялармен міндетті түрде байланыста болады: ләззат алу, қайғыру, қуаныш, зерігу. Бұларға оның себептерін анықтау мүмкіндігі әрдайым бола бермейді.
Адамның эмоционалды бағалау қабілеті тек басқа адамдармен араласу кезінде туатын жеке уайымдау тәжірибесінде ғана құрылмайды, сонымен қатар өнер туындыларын қабылдау кезінде, бұқаралық ақпараттардан да болады. Яғни адамның эмоционалды тәжірибесі оның жеке уайымдау тәжірибесінен әлдеқайда жоғары болады. Және бұл адамның эмоционалды ортасының дамуының бір факторы болып табылады. Эмоцияның бағалау немесе көрініс табу функциясы оның лепті функциясымен міндетті түрде байланыста болады. Оксфордтық ағылшын тілінің сөздігіне сәйкес, эмоция сөзі mouvoir француз глаголынан туындаған. Ол әрекетке келтіру дегенді білдіреді. Оны алғаш ХVII ғасырда қолдана бастаған. Ойға қарағанда сезімдерді көп айтқан (қуаныш, көңіл, ауру және т.б.). С.Л.Рубинштейн Эмоция өзіне еліктеу, көңіл, талпыныс, затқа қарай бағыттау немесе одан алшақтауды қосады деп жазып кеткен. Эмоция қажеттіліктерді қанағаттандыру, тапсырманың шешімі табылатын ізденіс шегін басып ашады. Эмоционалды уайымдаулар адамды әрекетке итермелейтін қажаттіліктерді қанағаттандыратын және оған деген алақолдық қатынасты көрсететін пәннің бейнесін қамтиды. В.К.Вилюнес бойынша эмоцияның екі классы ажыратылады: басты және ситуациялы (немесе туынды). Олар қызметті атқаруға түрткі болады. Қажеттілікті қанағаттандыратын, бағыттандыру мақсаты - затқа бағыттандырылған басты эмоционалды уайымдаулар, өзінің басты адаптивті жүрісін көрсетеді. Жеке тәртіп этаптарын бағалаудан туындайтын ситациялы эмоционалды уайымдар субъектті бұрынғы бағыты бойынша әрекет етуге немесе тәртіп тактикасын өзгертуге, тәртіптің өзін өзгертуге бағыттайтын мақсатқа жету тәсілі.
1. 3. Сезім мен эмоция
Ғылым тілінде адам бойындағы түрлі психикалық құбылыстарды сезім деп атайды. Күнделікті тұрмыс-тіршілікте ақыл-парасат иесінің бойында кездесетін сезімдер әрқилы. Олар-дың ең бастылары: торығу мен жайдарылану, ашығу мен тоқмейілсу, шөлдеу мен шаршау, ауырсыну мен рахаттану, сырқаттану мен сауығу, ұнату мен жеккөру, шошу мен ұялу, таңдану мен тамсану және т.б. Сезімдердің ұзақтығы мен қарқыны, деңгейі мен сипаты, табиғаты мен мазмұныда сан алуан. Оның бір сәттік тебіреністен күнделікті құштарлыққа, үстірт эмоциядан терең де тұрақты сезімге де ұласуы ғажап емес.
Эмоция да адамның айналасындағы өмір шындығына және өз басына деген қарым-қатынасы болып табылады. Және оның жүзеге асуына сезімдей әсер етеді. Жалпы, осы эмоция мен сезім ұғымдарының өзіндік айыр-машылықтары бар. Психолог Қ.Жарықбаевтың пікірінше: Эмоция адамның түрлі органикалық қажеттеріне байланысты туып отыратын шағын, ситуациялы көңіл-күйлері, адам қуанғаннан, қамыққаннан көзіне жас алса, не болмаса бір нәрсеге мәз болып, ішек-сілесі қатып күлсе, мұндай жағдайдың ұзаққа созылмайтындығы белгілі. Эмоцияда мәнерлі қозғалыстар (адамның сырт пішінінен байқалатын ым-ишаралар) көбірек байқалады. Мұнда адам өзін тек ағза тұрғысынан көрсете алады.
Сезімдер - адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау қажетінен туатын және біртіндеп дамып отыратын процесс. Достық, адалдық сезімдері адамдарда бірден қалыптаса қоймайтындығы белгілі. Сезімдерде мәнерлі қозғалыстар жөнді байқалмайды. Тұрақты, терең әсерлі сезім жеке адам психологиясының басты белгілерінің бірі.
Адамның сезім мүшелері Тіршілік иелері - адамдар мен жан-жануар-лардың ағзасында ішкі және сыртқы ортаның сан алуан әсерлерін қабылдайтын, оны мидың сезімтал орталықтарына жеткізетін тал-дағыштардың шеткі бөлімі бар. Мұны - рецепторлар деп атайды. Олар денеге әсер етуші тітіркендіргіштердің белгілі бір нақты түрін ғана қабылдауға бейім. Олар өздерінің орналасу орнына сәйкес экстерорецепторлар және интерорецепторлар болып екіге бөлінеді, дейді ғалымдар. Экстерорецепторлар - қоршаған ортадан келетін тітіркендіргіш әсерлерді (дәм, иіс, жанасу сезімі, көру, есту) қабылдаушы. Интерорецепторлар - ішкі органдарда, қан және лимфа тамырларындағы қабырғаларда орналасқан, осы органдардағы тітіркеністерді қабылдаушы. Олар: ішкі органдардағы барорецепторлар мен олардың кілегейлі қабықтарындағы бос сезімтал рецепторлар, тамырлар қабырғаларындағы аншорецепторлар, тірекқимыл аппараты органдарындағы, проприорецепторлар. Тірек-қимыл аппараты дегеніміз - сүйек бұлшық ет, буын.
Біздің өмірімізде болып жатқан әр түрлі өзгерістер эмоциялар мен сезімдердің қайнар көзі екені мәлім. Тек, бір жағдайдың, бір заттың әр адамға әрқилы әсер ететін де кездер болады. Біз олардың кейбіріне тоқталсақ: шөлдегенде ішкен бір стақан су адамның жанын рахат сезіміне бөлейді. Ал енді шөлдемеген кісіге зорлап ішкізсе, оның бойында ашу, наразылық сезімін туғызады. Әрбір адам музыканы тыңдағанда сүйсініп, етжүрегі елжірегенімен, жақсы сезімдер құшағында болғанымен, барған концерті тым ұзаққа созылып кетсе, қалжырап, жалығып кететіні өтірік пе? Яғни, эмоция мен сезімнің өзіндік ерекшеліктері бар. Ол адамның еркімен, ниетімен, мінезінің ерекшелігімен, талап-тілегімен әр түрлі көріністе, сипатта анықталады. Олай болса, эмоция мен сезім әлемі өте күрделі, алуан түрлі, таңғажайып сырларға толы. Зерттеуші мамандардың пайымдауынша, адамның эмоциясы мен сезімі қоғамдық-тарихи сипатта болса, жануарлардың эмоциясы биологиялық күйде, тек есте болатын бір жағдай, адам сезімдеріне лайықты көріністер жануарлар психикасында ұшыраспайды. Оның сәл ұшқыны сезілгенімен, ол адамның сезімдеріндей нәзік те ұзақ, ұлы емес.
Ол жөнінде әркімнің өзіндік ой-пікірі, түсінігі болады. Біздің және бірқатар мамандардың дүниетанымы бойынша, адамның жоғары сезімдері көп. Солардың ішінде әркімнің күнделікті тыныс-тіршілігінде айрықша орын алатыны және ең бастысы - парыз сезімі. Бұл - адамның өз Отанының, халқының, ата-анасының, отбасының, туған-туыстарының, еңбек ұжымының, қоғамының, дінінің, өзіндей адамдардың алдындағы парызы. Адамдар оны қалай түсінеді, оған сөзімен, ісімен қалай жауап береді, оның бәрі өзінің де, өзгенің да алдында көрініп тұратын өлшем. Парыз сезімі терең дамыған адамда оны орындау, өтеу ауырлық әкелмейді, қайта бақытқа бөлейді, оған зор сый-құрмет сыйлайды.
Адамды танып, білу үшін оның қалай ойлайтынынан, соған сәйкес қалай іс-әрекет ететінінен хабардар болу жеткіліксіз. Ең бастысы, адамның не нәрсені де тебірене сезінетінін білуіміз қажет. Бұл орайда психолог мамандар адамның сезімін 4 топқа бөліп сараптап, бағалайды. Олар: сезімнің бағыттылығы; сезімнің тереңдігі; сезімнің тұрақтылығы; сезімнің әсерлігі.
Егерде адамның сезімі не болса, соған әсерленіп, бетімен лақса, онда ол ақыл-парасат иесінің шығармашылығына, тіршілік үшін күресіне, алдына қойған мақсат-мүддесіне мықты тірек бола алмай, адамды тура жолынан адастыруы да, қате қадамдарға бастыруы да, негізгі парызы мен міндетін адал атқаруынан аластатуы да мүмкін. Адам сезімі оның мақсат-мүддесімен қаншалықты қабысып жатыр, оның беріктілігі қандай, бар бақыт, абырой соған байланысты.
Адамның эмоциялық өмірін талдап, таразылағанда оның өмірінде ең үлкен орын алатын сезімдері қандай, ол жеке дүниетанымынан, көзқа-расынан туған ба, негізгі мақсаттарымен сәйкес келе ме, сезімдері ұсақ па, ірі ме, аумалы-төкпелі ме әлде тұрақты ма, соған басты назар аударған жөн. Себебі, кейбір сезімдердің бағытына сәйкес жоғары немесе уақ болатыны белгілі.
Осы орайда өшпенділік сезімін алып, қарастырсақ, Елің мен Жеріңнің жауларына деген өшпенділік сезімің сені ерлікке құштарландырады, қаһарман етіп шығарады.
Олай болса, бұл ең жоғарғы сезім. Ал енді, бағы жанған біреуді күндеп, оған өшпенділікпен қарау - өсек туғызып, жат қылықтар жасауға итер-мелейді. Яғни, бұл - тайыз сезім. Көрдіңіз бе, бір ғана өшпенділік сезімінің өз бағытына (не нәрсеге бағытталуына) байланысты қандай мән-маңызға ие болып отырғанын.
Кез-келген адамның эмоциялық өмірінің байлығы мен мазмұндылығы бойындағы сенімдерінің күшімен емес, тереңдігімен өлшенеді. Терең сезім әр адамның тыныс-тіршілігінің ең маңызды жақтарын қамтиды, ойымен, талап-тілектерімен жан-жақты байланыста болады, өзінің бүкіл рухани болмыс-бітіміне әсер етеді, оған нәр береді. Бұл орайда Лермонтов былай деген: Сабырлылық - бойда жасырынып жатқан ұлы қуаттың белгісі; сезімнің, ойлардың толық және терең болуы ұстамсыз қылықтарды болдырмайды. Иә, тез лып етіп өте шығатын, сыртқа көрінуі күшті сезімдердің барлығы бірдей терең сезімге жатпайды, адамның сенімінен туатын, оның өмірлік күресінің бағыт-бағдарын айқындайтын, принципті түрде жек көруді туғыза-тын сезімдер терең сезім болып саналады.
Қандай сезім тұрақты? Адамның бойындағы сезімі терең болса, ол тұ-рақты да берік. Тайыз сезім күшті болғанымен, уақытша және өткінші. Кез-келген адамның басында болатын жағдай, ол бір істі шын жүрегімен сүйсе, оған зор сенім артса, онымен әрдәйім шұғылданса да зерікпейді, қажып шаршамайды. Керісінше, бұл іске күннен-күнге ынта-ықыласы арта түседі. Жақсы ән-күйді тыңдауға құштар жан оны тыңдаған сайын оған деген құштарлығы кемімей, керісінше, арта түседі. Өмірде ықыласы тайыз, тұрақсыз, бар күнін күлкі-думанмен өткізуге құштар адам тез қажиды, бәрінен де тез суынады, тез жалығады. Өйткені, оның сезімі терең емес, тайыз, үстірт қана. Олар уайым-қайғыға да тез көндігіп кетеді де, өмірі күн санап бос болып, мәңгіреді. Бұл сезімі тайыз, үстірт адамдардың эмоциясы мен сезімінің тез мұқалғыштығынан, тез жасып кететіндігінен.
Сезім-адамның мінез-құлқы үшін қозғаушы күш. Тек есте болатын бір мәселе, кейбір адамдар үшін қозғаушы күш болып табылатын сезім екінші бір адамдардың мінез-құлқына онша әсер етпейді. Осы соңғы категориядағы адамдардың бір сезімге қатты берілуі де мүмкін, бірақта ол ісіне, қылығына әсер ете қоймайды. Сонда сезім әсерсіз болғаны ма? Жоқ, берік және терең сезімдердің әсерлік күші жоғары. Негізінен, зерттеушілер сезімнің әсерлілігі деп оның адамды іскерлікке жұмылдырушы қабілетін, күш-қуатын айтады
Терең де берік сезім қашанда адамның ойын туралап, барлық іс-қимылына белгілі бір бағыт-бағдар сілтейді, қызметіне белгілі бір дәрежеде әсер етеді. Психологтар сезімнің бұл түрін құмарлық деп атап, Құмарлық адамның тұла-бойын билеп алады, сол себепті ол үлкен күш, - дейді. Иә, өзінің Елі мен Жерін сүю, оның әдебиеті мен мәдениетін, ғылымы мен білімін сүю-адамды ізгі істерге ұмтылдырады, ерлік істерге, ұлы шығармаларға жол ашады.
Біздің тіліміздегі құмартып сүю, ызаланып жек көрушілік, өз ісіне деген құштарлық деген сөздер әсерлі, өте терең, тұрақты сезімдер туралы.
Ғалым Б.М. Тепловтың айтуынша: Сезімнің әсерлігі жөнінен, бір жағынан, сентиментальдық адамдар, екінші жағынан, құмартқыш адамдар бір-біріне қарама-қарсы болады. Біріншілер өз сезімдеріне өздері сүйсініп, содан ләззат алатындар, ол туралы көп айтады, бірақ оны іске асыру жа-
ғын аз ойлайтындар; екіншілері, сезімдерін көп білдірмейді, бірақ өмірі соның соңында болады, оларды іске асыруға тырысады....
Сезім кең-сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адамның қажеттеріне сәйкес келу-келмеуінің нәтижесінде пайда болып отыратын психикалық процестердің түрін атайды. Сезімдер өте күрделі психикалык процестердің бірі. Сезімдер адамньщ тіршілік кажетіне, езара қарым-қатынасына байланысты сан алуан формаларда көрінеді. Адам сезімдері тарихи-әлеуметтік сипатта болады. Демек, адамның өмірі қоғамға байланысты, оның әрекеті де қоғамдық саналы әрекет. Олай болса, адамның сезімдері де қоғамдық сипатта болып, сезімнің мазмұнын қоғамдық болмыс белгілеп отырады. Сезімдердің екінші ерекшелігі- олардың актив (қажырлы) жэне пассив (солғын) болып бөлінуінен көрінеді. Адамға күш беріп, эрекетке ұмтылдыратын, көтеріңкі сезімдер мен эмоцияларды стеникалыц, ал бұлардың баяу, солғын түрлерін стеникалың деп атайды. Стеникалык сезімдерге жауапкершілік, жолдастық, достық, айбаттылык сезімдер жатса, ал стеникалық сезімдерге уайым, енжарлық, көңілсіздік т.б. сезімдер жатады. Түрлі нақтылы жағдайлардың ретіне қарай адамдарда бір сезімнің өзі бірде қуатты, бірде әлсіз болып көрінуі мүмкін. Сезімдердің үшінші бір ерекшелігі-жігерлендіру және кернеуден босану немесе шешілу. Бұл да сезімдердің қарама-қарсы сапаларының бірі. Мәселен, студенттердің емтиханнан өтуі, спортпен айналысатын адамның мәреге жетуі шешуші кезеңдер болып табылады. Мәреге тақалғанда адам барлық күш-жігерін жұмылдырады. Осы кезең өткен соң, басқа бір күйге түседі. Мұны кернеуден босану (шешілу) сезімі дейді. Сезімнің қораш, солғын, селсоқ болуы іске кедергі келтіреді.Адам не үшін күрессе, соны жан-тәнімен жақсы көріп, неге қарсы күрессе, соны елердейжек көріп отыруы керек.
Эмоция дегеніміз - адамның органикалық мұқтаждықтарын қанағаттандыру не қанағаттандырмауға байланысты туатын психикалық күйлер.
Адамның әр түлі эмоциялары оның кажеті мен қызығу ерекшеліктеріне, дүниеге көзқарасы мен сеніміне, мінез-құлкы мен мінез көлеміне, санасы мен ерік сапаларына байланысты қалыптасып отырады. Шамадан тыс күшті тітіркендіргіштер адамда ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz