Қазақстан Республикасының ұлттық банкі – мемлекеттік орталық банк ретінде


Мазмұны
Кіріспе
Орталық банк - бірінші деңгейдегі басты мемлекеттік банк, олардың мемлекеттік, халықтық немесе ұлттық болып аталатындығына байланысты, басты эмиссиондық, қандайда елдің болмасын ақша-несие институты.
Экономика басқарудың мемлекеттік органдары болып қатысатын, елдердің жалпы несие жүйесінде басты үйлестіретін және реттейтін органдар рөлін атқаратын, орталық банктер ерекше орын алады.
Орталық банктің эмиссионды қызметі ескі және қажетті қызметтерінің бірі болып саналады. Мемлекеттің өкілі ретінде орталық банкке тек қана блакнотқа қатынасты эмиссиондық монополия заңды түрде бекітілген, яғни, борыштық міндеттемелерді өтеудің жалпыға бірдей түпкілікті құралы болып саналатын жалпы ұлттық несие ақшалары.
Орталық банктің басты клиентурасы болып, экономика мен орталық банктер арасындағы делдалдар ретінде қатысатын коммерциялық банктер саналады. Орталық банк коммерциялық банктердің еркін ақша қол ақшаларын сақтайды, яғни, олардың кассалық резервтерін сақтайды.
Орталық банк үкімет атынан шетел валюталары мен алтын резервтерін реттейді, мемлекеттік алтын валюталық резревтердің дәстүрлі сақтаушысы болып табылады. Ол халықаралық есеп айырысуды, төлем баланстарын реттеуді жүзеге асырады, әлемдік нарықтық ссудалық капиталдар мен алтындар операцияларында қатысады. Ереже ретінде, орталық банк, өз елін халықаралық және аймақтық валюта-несиелік ұйымдарда көрсетеді.
Орталық банк - тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу, жұмыссыздық пен инфляцияны төмендету, төлем балансын теңдестіру басты мақсаттары болып саналатын мемлекеттің экономикалық саясатының құрамды бөлігі экономиканы ақшалай - несиелік реттеудің негізгі өткізушісі.
Өзіне орталық банкті, екінші және үшінші деңгейдегі іскерлік банктерді жүйесінің барлық ледерде өз құрылымдары бар, жекелкген операцияларды жүзеге асыруда өзіндік ерекшеліктерге ие, сонымен бірге банк ісіндегі жалпыға бірдей танылған заңдар мен талаптарды басшылыққа алады.
Қазақстан Республикасындағы банк жүйелерін реформалау дербес мемлекеттік құрудың алғашқы жылдарынан-ақ нарықтық экономикаға көшу кезіндегі объектік экономикалық процестермен айқындалған болатын. Осы жылдар ішіндегі банк саласындағы қайта құрулар микро және макроэкономикалық процестерге оң өзгерістер әкелуде. Банктер, салымшылар мен инвесторлар арасындағы делдалдарға айналуда, өзіне есеп айырысулар, салымшылар мен қарыз алушыларға көрсетілетін қызметтерді енгізетін қаржылық қызметтерді көрсету операцияларын жетілдіреді.
Жұмысымның өзектілігі бұл мемлекеттің несие жүйесінің бастапқы буыны болып табылатын, Орталық банк және екінші деңгейлі банктердің даму жолдарын қарастыру мен олардығң қазіргі жағдайына талдау болып табылады.
Жұмыстың мақсаты - мемлекеттің бас банкісі болып табылатын Орталық банктің теортикалық және тәжірибелік тұрғыдан талқылау болып табылады.
Қойылған мақсатқа жету барысында мынандай міндеттер қарастырылады:
- Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі мақсаты, міндеттері, қызметтері, өкілеттері мен құқықтарының мазмұнын ашу;
- Орталық банк қызметінің ұйымдаытсрудың нысандары мен ерекшеліктері;
- Әлемдік макроэкономикалық тәуекелдер мен қаржы нарығының тәуекелдері мен үрдістеріне талдамалық талдау жүргізу;
- Қазақстан Республикасының Үлттық банкінің жүргізген экономикалық саясаты мен қаржы тұрақтылығын айқындайтын негізгі қорытындыларын бағалау;
- Қазақстан Рспубликасының Ұлттық Банкінің қызметтерін оңтайландыру мен экономика жүйесіндегі маңызын арттыру жолдары.
Ұлттық банк - бірінші деңгейдегі басты мемлекеттік банк, олардың мемлекеттік, халықтық немесе ұлттық болып аталатындығына байланысты, басты эмиссиондық, қандайда елдің болмасын ақша-несие институты.
Банк жүйесіндегі реформаларды жүргізу жөніндегі нұсқауларға сәцкес, бұрынғы Жинақ банкі Қазақстан Республикасының мемлекеттік-акционерлік Халықтық банкі болып қайта құрылды, сөйтіп, салымдар қабылдайтын және ссудалар беретін коммерциялық банк мекемесі түрінде көбірек іс-қимыл жасай бастады, ал оның бұрынғы қызметі тұрғын халыққа әлеуметтік қызметтер көрсету болып келген еді. Сондай-ақ 1994 жылы республикада Эксимбанк (экспорттық-импорттық банкпен Мемлекеттік даму банкі құрылып, өздерінің қызметтерін дамыта бастады. Соның нәтижесінде (1995 жылғы 21 тамызда жоғарыда атап өткен банктер, банктің жарғылық қорын бес миллиард теңгеге дейін көбейте отырып, Қазақстан Республикасы Эксимбанкіне Қазақстанның Мемлекеттік даму банкінің бүкіл міндеттемелерін өткізіп беру жолымен бір-біріне қосылды. Республиканың банк жүйесіндегі реформа қағидалары жыл өткен сайын банктердің қызметін неғұрлым дәл айқындай түсуде.
ҚР Ұлттық банкі субсидиялық несиелерге бағытталған тәжірибеден толықтай дерлік бас тартып, банктер арасындағы бәсекенің пайда болуы мен дамуына ықпалын тигізетін несие аукциондарының жүйесі арқылы банктерге орталықтандырылған түрде несиелер бере бастады.
Сонымен бір мезгілде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 1995 жылы шағын акционерлік, кооперативтік және жеке меншік банктер санын қысқарту, банктерді ірілендіру саясатын жүргізді. Банктердің жарғылық қорының ең төменгі мөлшерінің деңгейін белгілеу тәжірибесі осы айтылғандарды растайды. Осыған дейін іс-қимыл жасаған шағын коммерциялық банктер үшін 3 американ доллары (1995 жылғы наурыздағы ҚР Ұлттық Банкі бағамы бойынша 18, 0 млн. теңгеден асады) сомасында белгіленген, өзінің валюталық лицензиясы мен өзінің филиалдар жүйесі және тұрғын халықтан 1, 5 млн. АҚШ доллары деңгейінде (1995 жылғы 30 наурыздағы ҚР Ұлттық Банкі бағамы (курсы) бойынша 91, 5 млн. теңгеден асады) ақша салымдарын қабылдау құқығына лицензиясы бар банктер мен жаңадан құрылатын банктер үшін ең төменгі мөлшер 500 мың АҚШ доллары (1995 жылғы 30 наурыздағы ҚР Ұлттық банкті бағамы (курсы) бойынша 30, 5 млн. теңге сомасында белгіленген. Оның үстіне, белгіленген жарғылық қордың ең төменгі мөлшерін әрбір банк 1995 жылғы 15 сәуірге дейін толтыруға тиіс болды, бұл талапты орындамаған жағдайда ҚР Ұлттық банкі мұндай банктердің одан әрі өмір сүруі мен оның қызмет істеуі туралы мәселені шешуді алдыға қойды. Құқықтық негіздерді, реттеу мен бақылау жүйесін дамытуды нарықтық жағдайдағы банк жүйесінің тиімді қызметін қамтамасыз етудің міндетті және қажетті жағдайы болып саналады.
Банк қызметі саласындағы реформаларды жүргізудің одан кейінгі кезеңдерінде нарықтық экономикаға негізделген банк жүйесі іс-қимыл жасай алатындай, олардың құқықтық негіздерін жасаумен байланысты екінші деңгейдегі банктер.
Қызметін реттеуге бағытталған сапалық қайта құрулар болды. Банк жүйесінің құрылымдық проблемаларын шешуге бағытталған банкті реформалау стратегиясы міне, соған қызмет етті. Сонымен бірге, банк жүйесінің құрылымдары мен мақсаттарының айқын еместігі, сондай-ақ несие тәуекелі, несиемен қамтамасыз ету, өтімділік, қаржы тәртібі мен банкроттық сияқты негізгі тұжырымдамаларды шектеулі түрде түсіну қажетті құқықтық негіздерді жасау міндеттерін қиындата түскені де шындық. Шын мәнісінде заңдардың сақталуын бақылау жөніндегі жасалатын тетіктер, сондай-ақ жаңа коммерциялық өзара қатынастарды орнықтыру және қалыпты қызмет істейтін банктер жүйесін құруға көмегін тигізуі тиіс. Осы айтылғандармен бірге банк ісінде сот шешімдерін тану мен орындауды кеңілдету тетіктері, кепілдіктерді тіркеу бойынша орталық қызметтер; несиелермен қамтамасыз ету; салық жинау және соған ұқсас басқа да міндеттемелерді орындау бойынша органдар құру талас тудырмайды.
Қазақстан Республикасының банк жүйесі 1995-1996 жылдар институционалдық, функционалдық және құқықтық қатынастарда тағы да көптеген өзгерістерді басынан кешірді. Мысал үшін, 1995 жылғы дейін республикадағы банктердің саны өсе түсіп, 1995 жылдың басында жарғылық қорларын құру тәсілдері бойынша бір-бірінен өзгешеленетін жүз сексен төрт банкті құраса, оның көлемі аз уақыт ішінде күрт азайып, осы жылдың соңындағы банктердің саны жүз отыз ғана болды.
Қазақстан Республикасының банк жүйесіндегі институционалдық қайта құрулар банкроттықа ұшыраған коммерциялық банктерді таратумен, сондай-ақ жарғылық капиталдарын қосу жағдайында банктерді ірілендірумен қоса қабаттасып жүрді. Соған сәйкес, республика аймақтары бойынша осы кезеңдерде екінші деңгейдегі банктердің филиалдары 1995 жылдың соңындағы 1026-дан 1996 жылдың соңында 949-ға дейін қысқарды. Осы кезеңдердегібанктер саласындағы өзгерістер жарғылық қордың көлемін қалыптастыру бойынша жүрді. 1995 жылдың аяғында нақты жарғылық қоры 20 млн. теңгеге жетпейтін 69 банк болса, 1996 жылдың соңында олардың саны 33 банкке дейін қысқарды. Ал ірі банктер өз кезегінде сол деңгейлерінде қалды. Дегенмен, коммерциялық банктердің санын қысқарту одан кейінгі жылдарда да жалғасты. Банк жүйесін реформалау нәтижелері 2001 жылдың аяғында Қазақстан банктер санының күрт азаюына әкеліп соқты. 200- жылдың басында Республикада 43 банк қызмет істесе, жылдың аяғында - 38 болды, 2008 жылдың соңында - 34 банк, ал 2008 жылдың аяғында - 33 банк.
Функционалдық қатынастарда соңғы жылдары банктер дәстүрлі, сол сияқты дәстүрлі емес қызметтер көрсету бойынша да өздерінің операцияларының ауқымын барынша кеңейте түсті. ҚР Ұлттық банкінің лицензиясын алған көптеген банктер мемлекеттік бағалы қағаздар оперцияларымен айналысады, айналымға вексельдерді, елдің орталық банкінің нотасын, пластикалық карточкаларды, электрондық аударымдарды енгізу арқылы қазіргі есеп айырысу операцияларын дамытады.
Сонымен, Қазақстанның банк жүйесі өткен алғашқы бес-алты жыл ішінде белгілі бір дәрежеде әлемдік тәжірибеде өмір сүретін стандарттар мен моделдер бойынша қайта құрылып үлгерді, соның нәтижесінде нарықтық экономиканың негізгі қағидаларына жауап бере бастады. Сонымен бір мегілде, Республикада банктердің құқықтық, ұйымдық негіздерін жетілдіру әлі де жалғаса түсуде, бұл ішкі және сыртқы сипаттағы көптеген факторлармен байланысты болып саналады.
Қазақстан Ұлттық банкі республиканың орталық банкі болып саналады және Қазақстан Республикасының қазіргі банк жүйесінің жоғарғы деңгейін білдіреді. Ол орталық банктермен және басқа елдердің банктерімен, халықаралық банктермен және өзге де қаржы-несие ұйымдарымен қатынаста, Қазақстан Республикасының атынан оның мүдделерін қорғайда. Жоғарғы және екінші деңгейдегі банктер қызметі сипатының өзгеруі құқықтық реттеулерді талап етеді. Қазақстан Республикасының Конституциясы республиканың Ұлттық банкі соған сәйкес өзінің қызметі құратын және жүзеге асыратын құқықтық негіз болып саналады. (13) Мыналар Қазақстандағы банк қызметін реттейтін негізгі нормативтік актілер болып саналады: 1995 жылғы 30 наурыздағы заң күші бар «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі туралы», 1995 жылғы 31 тамыздағы заң күші бар «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заңдар (кейіннен өзгеріліп толықтырылған) және басшылыққа алу үшін Қазақстанда қазіргі уақытта қолданылатын республиканың бірқатар басқа заңдары, халықаралық шарттар мен келісімдер.
1. 2 Орталық банк қызметінің ұйымдастырудың нысандары мен ерекшеліктері
Экономика басқарудың мемлекеттік органдары болып қатысатын, елдердің жалпы несие жүйесінде басты үйлестіретін және реттейтін органдар рөлін атқаратын, орталық банктер ерекше орын алады.
Осыдан туындай отырып, орталық банктер келесі негізгі қызметтер атқарады:
- банкнота эмиссиясын монополды жүзеге асырады;
- банктердің банкісі болып табылады - банктердің қызметтерін қадағалауды жүзеге асырады;
- үкімет банкирімен;
- ақша-несие реттеуін жүргізеді;
- есеп айырысуларды жүзеге асырады.
Орталық банктің эмиссионды қызметі ескі және қажетті қызметтерінің бірі болып саналады. Мемлекеттің өкілі ретінде орталық банкке тек қана блакнотқа қатынасты эмиссиондық монополия заңды түрде бекітілген, яғни, борыштық міндеттемелерді өтеудің жалпыға бірдей түпкілікті құралы болып саналатын жалпы ұлттық несие ақшалары.
Ұлттық ақша бірліктерінің эмиссиясына-монополия, орталық банкке несие институттарының өтімділігін бақылауға мүмкіншілік береді.
Орталық банктің басты клиентурасы болып, экономика мен орталық банктер арасындағы делдалдар ретінде қатысатын коммерциялық банктер саналады. Орталық банк коммерциялық банктердің еркін ақша қол ақшаларын сақтайды, яғни, олардың кассалық резервтерін сақтайды.
Тарихи осы резервтер, депозиттердің қарызын өтеу үшін кепілдік қоры сапасында орталық банкіге коммерциялық банктермен орналастырылады.
Орталық банк ұлттық несие жүйесінде стандарттау және кәсіби шеберлеудің қажетті деңгейін қолда отырып қадағалауды жүзеге асырады.
Орталық банк үкімет банкі ретінде, үкімет үшін несиелер мен есеп айырысу операцияларын орындауды көрсету кезінде, мемлекеттік экономикалық бағдарламаларды қолдауы және мемлекеттік құнды қағаздарды орналастыруы тиіс.
Орталық банк үкімет атынан шетел валюталары мен алтын резервтерін реттейді, мемлекеттік алтын валюталық резревтердің дәстүрлі сақтаушысы болып табылады. Ол халықаралық есеп айырысуды, төлем баланстарын реттеуді жүзеге асырады, әлемдік нарықтық ссудалық капиталдар мен алтындар операцияларында қатысады. Ереже ретінде, орталық банк, өз елін халықаралық және аймақтық валюта-несиелік ұйымдарда көрсетеді.
Орталық банктің барлық қызметтері тығыз өзара байланысты. Мемлекет пен банктерді несиелеуде ссудалық пайыз деңгейінде ықпал етеді, үкімет міндеттерін өтеу мен шығаруды жүзеге асыруда, орталық банк бір мезгілде несие құралдарының айналымын туғызады.
Орталық банк өз қызметтерін - банкті пассивті және активті түріндегі, операциялар арқылы жүзеге асырады.
Пассивті операциялар деп, олардың көмегімен банктік ресурстар құралуын, ал банктік ресурстар орналастыру арқылы жасалған операцияларды активті деп атайды.
Пассивті операциялар:
- эмиссия;
- несие мекемелердің кассалық резервтерін сақтау;
- елдердің ресми алтын валюталық резервтерін сақтау;
- коммерциялық банктердің міндетті резервтері;
- мемлекеттік органдар мен боюджеттер есептерін жүргізу;
- есеп айырысудағы шоттар;
- шетел банктерінің есепшоттары;
- банктің капиталы мен резервтері.
Активті операциялар:
- бағалы металдар мен шетел валюталарын сатып алу;
- есеп шоттарындағы шетел банктерінің депозиттерінің қаржылары;
- кассалық қол ақшалары;
- коммерциялық банктерге несиелерді беру;
- үкіметке несиелер беру;
- мемлекеттік құнды қағаздарды сатып алу;
- мемлекеттің қаржыландыруы;
- банктің қорлары.
Орталық банк - тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу, жұмыссыздық пен инфляцияны төмендету, төлем балансын теңдестіру басты мақсаттары болып саналатын мемлекеттің экономикалық саясатының құрамды бөлігі экономиканы ақшалай - несиелік реттеудің негізгі өткізушісі.
Ақша-несие саясаты - ақша көлемінің және несие саясатының өзгеруін анықтаушы, несиелердің көлемін пайыздық ставкалар деңгейін және ссудалық капитал нарығының басқа көрсеткіштерін реттеуге бағытталған ақша саясатының жиынтық шаралары.
Ақша-несие саясаты екі бағытта жүргізіледі:
1) Несие беруді және ақша эмиссиясын ынталандыру. Несие беру шекараларының кеңеюі - несиелік басқыншылық;
2) Несие, ақша эмиссиясын шектеу және ұстану несиелік рестрикция.
Ақша-несие саясатының негізгі құралдары болып саналатындар:
- пайыздық ставка - бұл орталық банктің біртұтас ресми ставкасын қайта қаржыландыруды белгілейді. Ол ақша нарығының жағдайына, несиелер бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне қатысты болады;
- резервтік талаптар - бұл салымшылардың мүдделерін қорғау мақсатында олардың міндеттемелері бойынша банктің төлем тәуекелін төмендету үшін банкке берілетін несие көлемін реттейтін қажетті құрал;
- ашық рыноктағы операциялар - бұл ақша көлемін реттеу мақсатымен қайталама рыноктағы қазынашылық векселдерді, мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу-сату бойынша орталық банкті жүзеге асыратын операциялар;
- үкіметке несиелер;
- банктерге несиелер;
- валюта нарығындағы орталық банктің интервенциялары - бұл ұлттық валюталық курсына ықпал ету үшін банкаралық немесе биржа нарығында шетел валюталарын сатып алу-сату.
Ақша-несие саясатының әдістері екі топқа бөлінеді:
жалпы, тұтастай ссудалық капитал нарығына әсер етуі;
сұрыпталған (таңдап алу), нақты несие түрлерін реттеу жекелеген салаларына ірі фирмаларына несие және т. с. с. үшін тағайындалған.
Жалпы әдістерге жататындар:
есеп (дисконт) саясат;
ашық нарықтағы операциялар;
банктердің міндетті резервтерінің өзгеруі.
Сұрыпталған әдістерге жататындар:
несие басымдылық салаларына сандық параметрлерін тағайындау;
арнайы несие қаржы мекемелерін орнату, құнды ақшаларға векселдерді қайта есепке алу кезінде жеңілдік қолданумен және неғұрлым төмен пайыз ставкалары бойынша басым салаларға несие беруді жүзеге асыру;
несиелерді экономиканың басым аяларына беруші, несие мекемелеріне әр алуан жеңілдік түрлерін тарату.
Ұлттық банк өзінің негізгі қызметтерін жергілікті жерлерде облыстық, қалалық бас филиалдары арқылы жүзеге асырады. Олар филиалдың құқықтарын пайдаланады және Ұлттық банк атынан қызмет етеді.
Ұлттық банк «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңға сәйкес мынадай қызметтер мен операцияларды орындайды:
- айналыстағы ақша массасыныңкөлемін реттеу жолымен ҚР-да мемлекеттік ақша-кредит саясатын жүргізеді, ҚР аумағында банкноталар мен монеталарды айналысқа шығарушы жалғыз эмитент болып табылады;
- кепіл беруші Үкімет болып табылатын ҚР-ның ішкі және сыртқы қарызына қызмет көрсетуге қатысады;
- ҚР аумағында еншілес банк ашуға рұқсат береді;
- ҚР аумағында, одан тыс жерлерде банк филиалдарын, өкілдіктерін ашуға келісімін және банк операцияларын жүргізуге лицензия береді;
- банктердің бағалы қағаздар эмиссиясы жобасының, оның тіркелуіне дейін өзі белгілеген тәртіппен міндетті сараптауын жүргізеді;
- ол банктерге кредит беруге, банктердің қарыз капиталы нарығындағы ашық позициясына бақылау жасауға құқылы. Банктерге соңғы сатыдағы кредит беруші болады, қайта қаржыландыру саясатын жүргізеді;
- банктердің жұмысына және шетелдік валютаны сатып алу, сату және айырбастау ұйымдарына бақылау мен қадағалау жүргізеді, әрі пруденцияалдық нормативтер белгілейді;
- ҚР-да ресми мөлшерлемелерді өзгерту арқылы банктік пайыз мөлшерлемелерінің деңгейін реттеуді жүргізеді;
- ҚР-да информациялық процестерді ақша-кредит реттеуі әдістерімен бәсеңдете алмаған жағдайда Ұлттық банк банктердің операциялары бойынша кредиттік салымдарды шектеу және пайыз мөлшерлемелерін өзгертуге құқықтар береді;
- ҚР-да есеп айырысу тәртібін, жүйесін және нысандарын анықтайды, қазақстандық теңгемен банкаралық есеп айырысулардың мезгілінде және үзіліссіз жүргізілуін қамтамасыз ететін жүйенің жұмыс істеуін ұйымдастыруы тиіс;
- ҚР-да валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асырады және валюталық операциялардың барлық түрін жүргізуге құқылы;
- банк ісі, есеп айырысу, валюталық операциялар жүргізу бойынша банктерге, валютаны сатып алу, сату және айырбастау операцияларын жүзеге асыратын мекемелерге және олардың клиенттеріне орындауға міндетті нормативтік актілер шығарады, сонымен қатар, олардың орындалуын бақылайды;
- бақылау және қадағалау функцияларын қамтамасыз ету үшін банктерге, шетелдік валютаны сатып алу, сату, айырбастаумен айналысатын ұйымдарға бухгалтерлік, статистикалық, т. б. есеп берудің тізімін, формасын және мерзімін бекітеді;
- егер заңды актілермен басқалары қарастырылмаса, ҚР-ның Үкіметімен келісіп, банктердің және басқа шаруашылық субъектілермен жүзеге асырылатын есеп айырысу, ағымдағы бюджеттік және басқа да шоттардан төлем жүргізу кезегін, есеп айырысуларды реттеу мақсатында бекіте алады;
- Ұлттық банкіге жүктелген функцияларды жүзеге асыруға көмектесетін ұйымдарды құруға және оларды басқаруға қатысуға құқылы;
- қолма-қол банкноттар мен монеталарды есепке алу, сақтандыру, тасу және инкассациялау ережелерін бекітеді, банкноттар мен монеталарды тасуды, сақтандыруды және инкассациялауды қамтамасыз етуге қатысады, банкноттар мен монеталардың мемлекеттік резервтік қорларын құрады;
- ҚР банктерінің жиынтық балансын құрады және тұрақты түрде жариялайды;
- ішкі және сыртқы активтер бойынша болжамды есептер шығарады;
- ақшалай қаражаттарды есепке алуда қате кеткенде немесе қолдан жасалған құжаттар бойынша есепке алынған қаражаттар анықталған жағдайда клиенттердің және банктердің шоттарынан ақша қаражаттарын сөзсіз шегеру құқына ие;
- ҚР-дағы банктер жүйесіне кадрларды дайындауға қатысады.
Сирек жағдайларда мемлекеттік бюджеттің қаражаттары арқылы қаржыландырылатын кредиттік-есеп айырысу және ұйымдардың кассалық қызмет көрсетуімен байланысты операциялар жүргізеді.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес болатын басқа да қызметтер атқарады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz