Тәрбиелеу өнері мен тәрбиелеу технологиясы



КІРІСПЕ

1. Тәрбиелеудің жалпы сипаттамасы

2. Тәрбиелеу өнері мен тәрбиелеу технологиясы

3. Тәрбиелік істер

4. Классиктерінің тәрбие мақсаты жөніндегі пікірлері

5. Өзін.өзі тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамдыдтарихи өмірде жинаңталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді.
Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш - жеке тұлға. Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси және моральдық көзқарастарды, сенімдерді қоғамдағы адамдардық өмір сүру тәртібін меңгереді.
Педагогика баланы оқыту, тәрбиелеу тәжірибелерін қорытып, тәрбие және даму үшін қажетті жағдайларды анықтайды.
Қорыта айтқанда, тәрбие - қоғамның тарихи әлеуметтік-экономикалық жағдайларынан туатын объективтік процесс. Тәрбие процесінде бала өзінің дамуына қажетті жағдайларды пайдалануға тиіс. Табиғи және әлеуметтік орта оның көзқарасын дамытады.
Білім берудің кез-келген жүйесінің негізгі мақсаты - оқушы тұлғасының дамуы жөнінде айта келе, ең алдымен қазіргі замандағы педагогикалық психологияның негізгі ережелерінің бірін атап өту қажет, оған сәйкес оқыту адамның психикалық және жалпы алғанда, тұлғалық дамуының шарты ғана емес, сонымен катар оның негізі және құралы болып табылады. Оқыту мен дамытудың ара қатысының сипаты туралы сұрақ та маңызды. Бұл сұраққа жауап педагогикалық психология үшін өте маңызды.
Отандық психологияда Л.С. Выготский тұжырымдаған және зерттеушілердің көпшілігі кұптайтын көзқарасты ұстанады. Бұл көзқарасқа сәйкес, окыту мен тәрбиелеу баланың психикалық дамуында жетекші рөл ойнайды. Оқыту дамуда тек қана жуық арада болатын салдар ғана емес, алыс болашақта болатын салдарға ие болады, оқыту тек қана дамудың соңынан ғана, онымен қатарласа жүріп отыра алады, ол дамудың алдына түсіп, оны ары қарай итермелеп, онда жаңа қасиеттер туғызып жүре алады. Тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктеріне қарамай, міндет әртүрлі әдістермен шешіледі. Тәрбие процесінің барлық кезеңінде белгілі бір сапалар қалыптасады, бірақ әр жеке сыныпта тәрбие әдісі өзгеріп отыруы тиіс. Бірінші сыныпқа дәл келетіні, үшінші сыныптағыларға сәйкес келмейді, ал бесінші сыныптағылар оны қабылдамауы мүмкін. Тәрбиеленушілердің жекелік және түлғалық ерекшеліктері. Жалпы әдістер, жалпы бағдарламалар тәрбиелік өзара әрекеттегі тек бастама ғана. Жекелік және тұлғалық түзетулер (корректировка) қажет. Инабатты тәрбиеші өз әдістерінше әр тұлғаның өзіне тән қабілетгерін дамытуға, оның өзіндік қасиеттерінің сақталуына, "мендік" белгілерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін әрекеттерді жасайды.

1. Тәрбиелеудің жалпы сипаттамасы

Адамды оқыту мен тәрбиелеу арасындағы байланыс -педагогикалық психологияның ең бір маңызды проблемасының бірі Оны қарастыру барысында:
а) дамытудың өзі күрделі инволюциялық-эволюциялық алға жылжушы қозғалыс болып табылады, оның жүру барысында адамның өзінде - кейінді интеллектуалдық, тұлғалық, мінез-кұлықтық, әрекеттік өзгерістер жүреді (Л.С. Выготский, Б.Г. Ананьев);
б) дамыту, әсіресе тұлғалық өмірдің өзі тоқтаған сәтіне дейін тоқтамайды ол тек бағыты, қарқындылығы, сипаты мен сапасы бойынша ғана өзгеріп отырады. Дамытудың ортақ сипаттамалары: қайтымсыздық, прогресс-регресс, бірқалыпсыздық, алдыңғының жаңада сақталынуы, өзгеру мен сақталудың бірлігі болып табылады. Психикалық дамуды аныктаушы факторлар ретінде В.С. Мухина оның алғышарттарын, дамудың шарттары мен байланыстарын және баланың ішкі позициясын қарастырады.
Білім берудің кез-келген жүйесінің негізгі мақсаты - білім алушы (оқушы) тұлғасының дамуы жөнінде айта келе, ең алдымен қазіргі замандағы педагогикалық психологияның негізгі ережелерінің бірін атап өту қажет, оған сәйкес оқыту адамның психикалық және жалпы алғанда, тұлғалық дамуының шарты ғана емес, сонымен катар оның негізі және құралы болып табылады. Оқыту мен дамытудың ара қатысының сипаты туралы сұрақ та маңызды. Бұл сұраққа жауап педагогикалық психология үшін өте маңызды.
Бұл сұрақты шешуде әр түрлі көзқарастар бар. Мысалы, олардың бірі бойынша, оқыту дегеніміз дамытудың өзі (У. Джемс, Э. Торндайк, Дж. Уотсон, К. Коффқа), алайда, оқыту табиғатын (оқу, үйрету) барлығы өздерінше түсінеді. Басқаларға сәйкес, оқыту - бұл тек қана жетілудің, дамудың сыртқы шарттары. Даму - мүмкіндік туғызады, оқыту - оны жүзеге асырады немесе, басқа сөзбен айтканда, оқыту дамытудың ең аяғында келе жатыр. Ж. Пиажеге сәйкес, баланың ойы белгілі фазалар мен кезеңдерден қажеттілік болғандықган өтеді, ол баланың оқытылуы, оқытылмауына тәуелсіз.
Отандық психологияда Л.С. Выготский тұжырымдаған және зерттеушілердің көпшілігі кұптайтын көзқарасты ұстанады. Бұл көзқарасқа сәйкес, окыту мен тәрбиелеу баланың психикалық дамуында жетекші рөл ойнайды. Оқыту дамуда тек қана жуық арада болатын салдар ғана емес, алыс болашақта болатын салдарға ие болады, оқыту тек қана дамудың соңынан ғана, онымен қатарласа жүріп отыра алады, ол дамудың алдына түсіп, оны ары қарай итермелеп, онда жаңа қасиеттер туғызып жүре алады. Бұл ереже тек қана отандық психологияда ғана үлкен бетбұрыс емес, сонымен бірге оны АҚШ-та қабылдаған Дж. Брунердің когнитивтік психологиясы үшін үлкен бетбұрыс болды. Брунер атап өткендей, ...ғылым негіздерін оқытуда, ең қарапайым деңгейдің өзінде, баланың танымдық дамуының табиғи ағымына көзсіз еріп отыруына болмайды.
Оқыту осы дамытудың жетекші факторы бола алады, ол оқушыға қызықты және әлбетте жүзеге асырылатын мүмкіндіктерді пайдаланып. өз дамуын қарқынды түрде жүргізу мүмкіндігін ұсынады. Л.С. Выготскийдің тезисі бойынша, оқыту мен дамыту- біртұтас оқыту дамытуды озып өтіп, оны стимулдайды, және дәл сол уақытта оның өзі актуалды дамуға сүйенеді. Осыдан барып, оқыту кешегі күнге емес, бүгінгі күнге бағыттануы тиіс. Бұл ереже оқытуды ұйымдастырудың барлығына, жалпы педагогика үшін маңызды.
Дамудың карастырылған проблемалары бірқатар сұрақтардьщ жауабы болып отыр: тұлғаның психикалық дамуының жалпы бағыттары қандай, оның қозғалтушы күші не, дамудың әлеуметтік жағдаяты қандай, ол қандай негізгі бағыттар бойынша жүреді. Кез-келген тип бойынша жүзеге асырылатын оқыту, егер ол басқарылатын және өзінің негізгі мақсаты -- оқушы тұлғасын дамытуға, оның психикалық дамуына қол жеткізгісі келсе, осы сәттердің барлығын ескере алмауы мүмкін емес.

2. Тәрбие өнері мен тәрбиелеу технологиясы

Тәжірибеде теория технология көмегімен іске асады. "Технология" сөзі "техно" - өнер, шеберлік және "логос" -ғылым деген сөздерден қүралған. Технологияның өндірістік процестегі мәні -- бұл қолдану кезінде алдын-ала белгіленген нәтижеге жеткізетін, берілген саны мен сапасы арқылы тауар алуға керек болар ғылыми-өндірістік әдістер, құралдар мен алгоритмдер жүйесі. Қазіргі өндірістер осы технологияға негізделеді. Технология - бұл өндірістің қол жеткізер деңгейінің шоғырлы көрініс белгісі, ғылыми жетістіктерді енгізудің тәсілі мен нэтижесі. Кез-келген іс-әрекет негізінде технология немесе өнерлік сипат бар. Өнер интуицияға негізделеді, ал технология ғылымды арқау етеді.
Технология әзірге жасалынбаса, онда жеке шеберлік үстем алады. Бірақ ерте ме, кеш пе "ұжымдық шеберліктің" жинақты көрінісі технологияға айналады.
Соңғы кезге дейін "ой шығармашылығы", оның ішінде адам тәрбиесі де технология түсінігінен тыс болатын. Қазіргі педагогикалық теория технологияның мақсаттылығын рационалды, яғни ұтымды екендігін мойындайды, бірақ мектеп өндірісіндегі технологияның механикалық түрде өтуімен ешбір келіспейді.
Мектеп тәрбиесі мен өндіріс түсініктері бір-бірінен алыс емес. Өндіріс сияқты мектепке де қоғам өзінің әлеуметтік тапсырысын жасайды, өндірістегі сияқты мектептің де алдына қойылған міндеттеріне сәйкес белгілі материалдық базасының болуы көзделеді. Осы міндеттерді шешуге өндірістегідей тәрбие процесіне байыпталады. Бүл процестің негізі -- жоспарланған нәтижеге жету тәсілдерімен, сол тәсілдердің модельденуімен, адамдар іс-әрекет және қылығын басқарумен байланысты педагогтардың тәрбиелік іс-әрекеті. Мұндағы педагогтардың басқару іс-әрекеті өндірістегідей жүйенің жағдайы және оның жүргізілу пәрменділігін сипаттайтын ақпараттар негізінде іске асырылады.
Мектептегі тәрбие жүйесі сонымен бірге өндіріс секілді қоғамдық мақсаттар жолында материалдық базаны іске қосып, оқу-тәрбиелік міндеттерді шешуге, педагогтар ұжымына арналған процестер бағдарын түзеді, яғни әртүрлі іс-әрекеттерін басқару үйымдастырып, сонымен бірге оларды орындаушыларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз ететін коммуникатавті желіні іске қосады.
Бірақ адам тәрбиелеу технологиясының өзіндік ерекшеліктері болатынын ескеру қажет. Өндірістегі қарапайым да анық жүмыс барысына қарағанда мектептегі технологияның күтілмеген күрделі жәйіттері мен белгілері сан-қилы, олар:
Тәрбие процесінің өндірістік процестен айырма-
шылығы оның біртұтас болуында. Тәрбие процесін жеке
операцияларға бөліп-жаруға, жеке қасиеттер қалыптастырып, педагогикалық ықпалдарды кішігірім қадамдар ретінде іске асыру қиынға соғады. Тәрбиелік ықпал бірізді параллель схемада емес, комплекс түрде орындалады.
Сапаларды қалыптастыру әдістемесін, яғни "технологиялық операцияларды" игеруші тұлғаларды тәрбиеге тарту мәселесін өте байыппен, салмақты шешу керек. Тәрбиеші алдында технологаялық процесті басынан
аяғына дейін жүргізу қажеттілігі түрады, яғни тәрбие
жалпы технологияға негізделген жеке, шеберлікпен
үштасады.
Тәрбие технологиясы барлық тәрбиешілерге ортақ,
ол түлғаны жан-жақты қалыптастыру, оны дамыту жолындағы барша кезендерімен толық қабылдануы тиіс. Оларды анықтап, нәтижеге жету бағыт-бағдарын көрсету педагогика ғылымының міндеті. Тәрбие мәселелерін технопогиялық шешуде әрбір тәрбиеші мақсатқа қол жеткізудің жолын алдын-ала белгілеген "өзекі нүктелердің" арасында әрбір тәрбиеші өз мүмкіншілігіне және нақты жағдайларға байланысты шеберлік әрекетін жасай алады.
Қазіргі тәрбие тәжірибесі өзінің өтпелі кезеңінде түр. Тәрбиешілердің көбі ғылыми технология бойынша жұмыс істеуді әлі де мойынсынбайды, бірақ тәрбие міндетгерін шешудің жекелей интуитивті жолынан жалпы бүрылыс көрініс бере бастады. Пайдасы көп, сарапталған технологиялық жаңалықтарды енгізуге педагогтар қауымы ыңғай танытуда.
Тәрбиенің комплекстігі. Тәжірибелік технологиядағы біртүтас тәрбие процесі оның қүрылым бірліктерін комплексті түрде қабылдау арқылы іске асырылады. Комплексті ықпал тәрбиелік мақсаттардың, міндеттердің, мазмүнның, әдістер мен формалардың бірлігін білдіреді.
Комплексті қажеттік тәрбие теориясы мен мектептегі тәрбие жүмысы тәжірибесінің соңғы 10 жылдықта жетекші процестердің бірігімі ретінде танылуына байланысты болды. Бүл процестер уақытында өз бетінше үйымдастырылатын, сонымен өзінше жетілетін қүбылыс деп есептелінді. Осыдан бүл процесте біртұтас түлғаны қалыптастыруға емес, сол тұлғаның жеке-дара қасиеттерін қалыптастыруға көп көңіл бөлінді. Тұлғаны жан-жақты, үйлесімді дамыту принципі бұзылды.
Қазіргі тәрбие технологиясы комплексті бағыт мәселесін шеше отырып мынадай талаптарды орындайды:
1. Тәрбиеленушілерге үш бағытта, яғни санасына, сезіміне және қылықтарына әсер ету.
Тәрбие және өзіндік тәрбие бірігуі арқылы дұрыс нәтижеге қол жеткізу.
Тәрбиеге қатысты барлық факторлардың бірлігі мен реттелуі тәрбиеге комплексті түрде қараудың кезек күттірмес шарты.
Тұлғада берілген қасиеттер тәрбие істерінің жүйесі
арқылы қалыптасады. Бүл істер бір арнаға бағытталып, процестегі ой, дене, адамгершілік, эстетикалық және еңбек тәрбие міндеттерінің бір мезетте орындалуын талап ететін нақты комплексті сипатта болуы қажет.
Тәрбиеге комплексті қарау тәрбие процесінің және оны
басқарудың жүйелілігін талап етеді. Тәрбиедегі сыртқы және ішкі факторлар мен олардың өзара байланысын ескермей тұрып, басқару табысты болмайды. Ол үшін бүл факторлар мен олардың әсер ету сипаты туралы педагогтың айқын түсінігі болуы шарт.
Тұлғаны толық қалыптастырудағы комплекстік осы жағдайлардың біріккен сипаты ретінде ескерілгені жөн.
Тәрбие комплекстігінің маңызды шарты - тәрбие мақсаттарының, мазмұнының, формалары мен әдістерінің бірлігі. Мұндай бірлікке келген ой мен әрекеттің қара-қарсылықсыз орындалуы және алға қойған мақсат, міндеттің нәтижелерімен сәйкес келуі комплекстіліктің жоғары деңгейде іске асқаны.
Тәрбие процесінің мәні - баланың ұжым және қоғаммен қатынастарының жүйесін құру, педагогикалық жағдайлардың, тәрбиелік әсерлердің нәтижесін талдау, жоспарлау жұмысын реттеу; Тәрбие процесінің жобасын құру және жүзеге асыру; тәрбиелік ықпалдарды реттеу және оларға түзетулер енгізу; қорытынды, есепке алу және бақылау.
Тәрбие диалектикасы сыртқы ықпалдық (объективті) адам санасына (субъективті) өтіп, іс-әрекет барысында көрінетін құбылыс. Адамның қоғамдық мәнінің қалыптасуында әлеуметік іс жағдай маңызды рөл атқарады.
Тербие процесінде адамның қоғамдық мәнінің қалыптасуына сыртқы және ішкі қарама-қайшылықтар ықпал етеді.
Сыртқы қарама-қайшылықтар:
:: Қоғамдық ережелер мен адамдардық тәртібі арасындағы сәйкессіздік.
:: Мұғалімнің талабымен оқушының тәртібінің арақатынасы.
Ішкі қарама-қайшылықтар:
:: Тәрбиешінің талабы мен тәрбиеленушінің мүмкіндігінің ара- қатынасы.
:: Тәрбиеленушінің қажеттіліктері мен қанағаттандыру тәсілдерінің ара қатынасы.

3. Тәрбиелік істер

Тәрбиенің жүйелілігі, комплекстілігі, бірізділігі, үздіксіздігі "тәрбие ісі" деген түсінік береді. Бүны соңғы кезде теоретиктер мен практиктер көп қолданып жүр. Тәрбие ісі - тәрбиеленушілердің нақты іс-әрекетін ұйымдастыру мен дамытудың бір түрі (формасы).
Тәрбие процесі үздіксіз жалғасты ТІ нен тұрады. ТІ ұжымдық және шығармашылық сипатта болатындықтан және үжымдық тәрбие істері (ҮТІ) немесе үжымдық шыгармашылық істер деп аталады. ТІ-де тәрбиеші мен оқушылардың өзара әрекеттерінің формасы, құралы және тәсілдері үйлесіп келеді.
ТІ өз құрамында адамгершілік, эстетикалық, саяси, ақыл-ой әсерлерін топтастырады. Іс-әрекеттік түрғыдан істің қорытындылау кезеңі ұжымдық талқылау мен жеке педагогикалық сарапқа бағытталады. Қойылатын мақсат -- жетістік пен кемшіліктердің себептерін анықтау. ТІ таңдау схемасында ескерілетін мәселелер:
Жоспарда ТІ дайындау мен өткізудің барша бағыт- бағдары ескерілген бе?
Ұйымдастыру деңгейі көзделген мақсаттар мен міндеттерге жауап бере ме?
Мазмұн мақсаттарына сәйкес келе ме?
Жоспарланған істерге сәйкес қор жеткілікті ме?
Істің қай бөліктері жақсы нәтиже берді, не себепті?
ТІ жоспарлы уақыты сақталды ма?
Орындалу мерзімін кім және неліктен өзгертті, не бұзды?
ТІ жүйелі болды ма, әлде кездейсоқ байланысқан беліктермен шектелді ме?
Жаңалықты енгізудің пайдасы қаншалықты болды?
ТІ-нің эмоциялық жағы оның бастау ниетіне сай ма?
ТІ-нің сапасы қанағатанарлық па, оқушылардың оған қатынасы қандай және толғандыра ма?
ТІ қатысқан ұжымның әрбір мүшесі қандай бағаға лайық?
Оқушылардың әрекет-қылығы ТІ-ге қаншалықты сәйкес болды?
Педагоггың кейбір әрекетіне оқушылар қарсылығы неліктен туындады?
Кезекті ТІ-де неден аулақ болған жөн?
Келесі ТІ-ге қандай жаңалықтар енгізу қажет?
Әлеуметтік бағдарлық тәрбие істері
Тәрбие ісі мақсаттарына қарай бірнеше түрге бөлінеді: этикалық, әлеуметтік бағдарлы (ӘБ), эстетикалық, танымдық, спорт және дене тәрбиесі, экология, еңбек және т.б. Қоғамдық маңызы бар қасиеттерді тәрбиелеу мақсатындағы Тәрбие ісін ӘБ деп атайды. Бұл бағыттағы Тәрбие істерінің негізгі мақсаты - оқушыларда әлеуметгік катынастар жүйесін қалыптастыру: қоғамға, мемлекетгік басқару және қүқық мекемелеріне.
Тұлғаның негізгі қоғамдық сапаларының мазмұны қандай? Маңыздысы - қоғамда, мемлекетке, әлемде болып жатқанның барлығына жеке азаматтық бағам білдіре алу. Азаматтық борыш қазіргі жағдайда аса көкейкесті мәселе. Бұл сапа тәртіптілікпен, яғни тұлғаның маңызды әлеуметтік-адамгершілік қасиетімен тікелей байланысты.
Тәртіп негізінде ғана әлеуметтік қатынасты ұғуға болады. Тәртіптілік әр адамның қоғам нормалары мен қылық ережелерін саналы орындау әрекеттерінде көрінеді.
Саналы тәртіпті үйретудің негізгі жолы -- Тәрбие істерін ұйымдастыру.
Бұл жұмыстың мақсаты -- оқушылардың мінез-құлық ережесін, күн тәртібі талаптарын сақтауын, өмірлік іс-әрекеттер тәртібін орындауға үйрету. Сол үшін әрбір оқу орнында мінез-қүлық ережелері белгіленеді. Ал бұл ережелер бір жағынан -- қоғамдық мораль принциптерін танытса, екінші жағынан -- сол оқу орнының жұмыс ерекшелігін білдіреді.
Оқушылардың өмірі мен іс-әрекетінің тәртібін күн ережесі деп атайды. Күн ережесі - бүл үздіксіз орындалатын тәрбие ісі Ереже талаптарын орындау -- тәрбиенің нәтижелілігі, ол тұлғаның тұрақты әдеттерін тез дамытады.
Қажет болған жерде ереже өзгереді. Ереже сипаты: 1) тәрбиеленушінің өмір жағдайына сай әрі үйлесімді, оның мүмкіншіліктері мен қабілеттеріне сәйкес болуы керек; 2) дәл белгіленген мерзімде барлық іс-әрекеттің бірге орындалуын міндеттейтін болуы қажет; 3) нақты; 4) шынайы орындалатын әрекеттерді қамтуы шарт.
Тәбие ісі табысты болуына арқау тәртіптілік бағытындағы жалпы талаптар: 1) әрбір жаңа іс бүрынғыға негізделе отырып, сапалы тәртіп дайындығы процесін жоғары деңгейде жалғастыруы міндетті; 2) олар жалпы принциптерге сәйкес, бірақ стандартқа қатып қалмай, орын және уақыт жағдайларын ескеруі шарт; 3) тұлға тәрбие бөлшектеліп емес, біртұтас жүретіндікген, тәрбие істері де белгіленген нақты, жинақы жүйеде орындалуы қажет.
Егер тәртіптілігін сапасы үнемі өзгеріп жатса, онда педагог мінез ауысуларының қайда, қашан басталғанын зерттеп үйренуі керек. Педагог шеберлігі тәрбие ісіне белгілі кезеңде жаңа сапаға бағыттай алуынан көрінеді. Тәрбие ісін дұрыс ұйымдастыруға кедергі жасайтын себептер:
Мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарының нашар құрылуы.
Тәрбие жұмысының бір жақтылығы, яғни тәртіптілік басқа сапалардан бөлініп қалады немесе оларды кезекпен дамыту ұстанымы белең алады.
Тәрбие жұмыстарында науқаншылдықтың жеңіп,бірізділіктің болмауы.
Тәрбиешінің оқушылармен қатынасындағы мәдениеттің кемдігі.
Формализм, педагогтың тек әсіре көрсеткішке көңіл бөлуі. Тәртіпке шақыру жолдарын пайдаланудағы қателік: орынсыз төмен не асыра бағалау.
Тәрбие ісінде әрекеттердің келісімді жүйелі болмауы, басты
проблема тасада қалып, елеусіздеріне үміт арту.
Өмірлік ұстаным (позиция) -- бүл ішкі наным, тұлғаның қоғамға субъективті қатынасын көрсететін, оның дүниетанымдық, моральдық, психологиялық сапаларынан шығатын сана-сезім бағдары. Адамның өмірлік ұстанымы белсенді (активті) және енжар (пассивті) болып келеді. Белсенді тұлға болып жатқан жағдайға нем-қүрайлы қарай алмайды. Ал енжар бағдарлы адам дайын көзқарас, құндылықтар мен әдет-қылық үлгілерін қабылдайды, оларды сана таңдауына салалайды, қайшылықтары аз, тіпті жоқ жолды тандайды.
Әлеуметтік белсенділігі бар түлға болып жатқан жағдайды түбегейлі шектемейді, бірақ сын сарабына салады. Елде, әлемде болған жағдайларға өз бетінше баға беріп, өмірді жақсартуға ат салысады.
Енжар ұстаным мәні -- жаңалықтан қорқу, өз белсенділігінен қашу, әрқашан қауіпсіздікке бола, бағынышты халде жүру, жауапкершіліктен бас тарту. Мектеп ықпалы отбасы тәрбиесін реттеп, оның қалыпқа түсуіне көмектеседі. Қоғамдық белсенділік танытпайтын оқушылар тек үлгерімі мен жеңіл жүмысты ғана істеуін қадағалайтын отбасылардан шығады.
Әлеуметтік бағдарлы тәрбие істері оқушылардың өмір позициясын қалыптастыруда қажетті жағдайлар жасайды. Олар арасында берілген тапсырмалар ойьш түрінде емес, нағыз жауапты жұмыс сипатында бала тарапынан қабылдануы тиіс.
Этикалық тәрбие істері. Адамгершілік тәрбиесі -- бұл тәрбиеленушінің қоғамдық мораль талаптарына сай санасына, сезіміне, әдет-қылығына, мақсат бағытына жүйелі түрде ықпал ету. Адамгершілік тәрбиесінің негізгі міндеттері: 1) ізгілік сана қалыптастыру; 2) инабаттылық сезімдер тәрбиелеу және дамыту; 3) адамгершілік әдет-қылықтың ептіліктері мен дағдыларын қалыптастыру.
Адамгершілік тәрбиесінің құрамы: адам және қоғам байланысын қалыптастыру, өз қылығының қоғаммен сәйкес болуы қажеттігін сезіндіру; адамгершілік білімді адамгершілік нанымға ауыстыру; тұрақты адамгершілік сезімдер мен сапалар орнықтыру; адамның басқалармен қатынасындағы жоғары мәдениет пен адамгершілік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бейнелеу өнері пәнін оқыту эстетикалық сезімдерді, бейнелеу өнеріне қызығушылығын тәрбиелеу
Сызуды оқытудың жаңа технологиясы
Еңбекке үйретудің әдістері
Оқытудың әдіснамалық негіздері
Бастауыш мектепте еңбекке баулуды оқыту практикумы
Бастауыш сыныпта дүниетануды оқыту әдістемесі
Оқушыларға технология сабағында халықтық қолданбалы өнер арқылы ұлттық тәрбие беру ( 5-сынып )
Дидактикадағы оқыту технологиясының мәнің мен мазмұны
Қазақтың ұлттық киіміндегі ою-өрнек элементтерін оқыту
Тәрбие өнері мен тәрбиелеу технологиясы
Пәндер