Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау



ЖОСПАР
Кіріспе
1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының мазмұны
1.1 Қаржылық жағдайды бағалаудың мәні
1.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау көрсеткіштері мен оның ақпараттық негізі
1.3 Қаржылық жағдайды бағалау әдістері
2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау
2.1. Кәсіпорынның қаржылық жай . күйін талдау
2.1.1 Кәсіпорынның активтерін талдау
2.1.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау
2.1.3 Кәсіпорынның өтімділігі мен төлем қабіліттілігі
2.1.4 Кәсіпорынның рентабельділігін талдау
2.2 " ҚазТрансГаз Дистрибьюшн " АҚ . ның қаржылық есептілігінң негізінде кәсіпорынның қаржылық жай. күйін бағалау

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе
1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының мазмұны
1. Қаржылық жағдайды бағалаудың мәні
2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау көрсеткіштері мен оның
ақпараттық негізі
3. Қаржылық жағдайды бағалау әдістері

2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау
1. Кәсіпорынның қаржылық жай – күйін талдау
2.1.1 Кәсіпорынның активтерін талдау
2.1.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау
2.1.3 Кәсіпорынның өтімділігі мен төлем қабіліттілігі
2.1.4 Кәсіпорынның рентабельділігін талдау
2. " ҚазТрансГаз Дистрибьюшн " АҚ – ның қаржылық есептілігінң
негізінде кәсіпорынның қаржылық жай- күйін бағалау

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Қосымша А

Қосымша Б

Кіріспе
Ғылымның көптеген салалары, жалпы Қазақстан Республикасының экономикасы
сияқты шаруашылықты жүргізуді талдау да көп өзгерістерге ұшырады.
Нәтижесінде, соңғы жылдары шаруашылық қызметін талдау қаржылық және
басқарушылық болып бөлінді. Оның негізі бухгалтерлік есептің қаржылық және
басқарушылық бөлімдері болып табылады.
Қаржылық талдаудың мақсаттарының бірі кәсіпорынның қаржылық жай- күйін
бағалау болып табылады. Өйткені кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның қаржы
қаражаттарын қалыптастыру және қолдану процесін сипаттайтын көрсеткіштер
жиынтығымен сипатталады. Ал бұл нарықтық экономикада кәсіпорынның
қызметінің соңғы нәтижесін көрсетеді. Қаржылық талдау кәсіпорындағы қаржы
менеджерлерінің серіктестермен, қаржылық – несиелік жүйемен, салық
органдарымен және т.б. құрылған экономикалық қатынастардың маңызды элементі
болып табылады. Бұл кәсіпорынның қаржылық жай-күйін бағалаудың маңызын
көрсетеді және де бұл мәселе дамыған нарықтық экономикаға көшу барысында
біздің елдің көкейкесті проблемасы болып табылады.
Осы курстық жұмыстың міндеттері қаржылық талдаудың міндеттерімен сәйкес
келеді. Олар:
✓ Кәсіпорынның қаржылық жай- күйін сипаттайтын көрсеткіштерді
анықтау;
✓ Кәсіпорынның қаржылық жай- күйіне әсер ететін факторларды анықтау;
✓ Кәсіпорынның қаржылық жай- күйін сипаттайтын көрсеткіштердің сандық
және сапалық өзгерістерін бағалау;
✓ Белгіленген күнге кәсіпорынның қаржылық жай- күйін бағалау;
✓ Кәсіпорынның қаржылық жай- күйінінің өзгеру қарқынын анықтау.

Бұл жұмыс екі бөлімнен тұрады: бірінші бөлімінде кәсіпорынның қаржылық
жағдайының мәнімен таныстырып, қаржылық жағдайды бағалау кезінде
қолданылатын көрсеткіштерді, олардың ақпараттық негізімен тоқталамын. Және
де қаржылық жағдайды бағалау әдістерін анықтаймын. Курстық жұмыстың екінші
бөлімінде кәсіпорынның қаржылық жай – күйін талдаудың негізгі
көрсеткіштерін толық ашып, сол көрсеткіштер негізінде Барлау- Өндіру
ҚазМұнайГаз АҚ-ның қаржылық жай- күйін бағалаймын.
Менің жұмысымның мақсаты нақты кәсіпорынның (Барлау- Өндіру
ҚазМұнайГаз АҚ) қаржылық жай- күйін жалпы түрде бағалау болып табылады.
Сонымен қатар, тек сандық жағынан емес, аналитикалық көзқарас жағынан да
жүргізуге тырысамын. Яғни 31122003 – 31122004 кезеңіндегі нақты сандық
өзгерістерге сипаттама беремін.

1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының мазмұны
1. Қаржылық жағдайды бағалаудың мәні
Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың
мағызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ
олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестіктер және де
басқа да контрагенттер алдында өзінің өндірістік – кәсіпкерлік қызметінің
нәтижелері үшін толық жауапкершілікпен байланысты.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның өз қызметін қаржыландыру
қабілеттілігі деп айтуға болады. Ол кәсіпорынның қалыпты қызмет етуне
қажетті қаржы ресурстардың қамсыздандыруымен, оларды дұрыс орналастырып,
тиімді пайдалануымен, басқа заңды және жеке тұлғалармен қаржы қатынастарын,
төлем қабілеттілігімен және қаржылық тұрақтылығымен сипатталады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақты, тұрақсыз және дағдарыс жағдайында
болуы мүмкін. Кәсіпорынның өз уақытында төлемдерді төлеп, өз қызметін
қаржыландыруы оның жақсы қаржылық жағдайының дәлелі. Кәсіпорынның қаржылық
жағдайы оның өндірістік, коммерциялық және қаржылық қызметінің нәтижесіне
байланысты болады. Егер өндірістік және қаржылық жаспарлар орындалса, бұл
кәсіпорынның қаржылық жағдайына оң әсер етеді және де керісінше, өндіру
және өнімді өткізу жоспарын орындамау нәтижесінде өнімнің өзіндік құны
артып, түсім мен пайда азаяды. Осының нәтижесінде кәсіпорынның қаржылық
жағдайы төмендеп, оның төлем қабілеттілігі нашарлайды.
Шаруашылық қызметтің негізгі бөлігі ретіндегі қаржылық қызмет ақша
ресурстардың шығуы мен түсуін қамтамасыз етуге, есептеу тәртібін дұрыс
атқаруына, меншікті және тартылған қаражаттардың рационалды пропорциясын
анықтауға және оларды тиімді пайдаланудың жолдарын анықтауға бағытталған.
Нарықтық экономика жағдайында дұрыс жұмыс істеп, банкроттыққа ұшырамау
үшін қаржыны қалай басқару керектігін, құрамы мен көздері бойынша капитал
құрылымын, меншікті және қарыз қаражаттарының тиімді үлесін білу қажет.
Нарықтық экономика жағдайында қызмет етуші кәсіпорындардың қаржылық
жағдайын талдаудың басты мақсаты мыналар болып табылады:
• кәсіпорынның қаржылық жағдайына баға беру және оның есеп мерзіміндегі
өзгерісін зерттеу;
• активтер мен оларды қалыптастыру көздері арасындағы сәйкестікті,
оларды таратудағы тиімділікті зерттеу;
• қаржы- есептік және несие ережесін сақтау;
• кәсіпорын активтерімен және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
• баланс өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және төлеу
қабілеттілігінің көрсеткіштерін анықтау;
• кәсіпорын табыстылығын бағалау.
Қаржылық жағдайджы талдау кәсіпорынның шарушылық қызметін талдаудың
қарытындылаушы кезеңі болып табылады. Және ол 3 сатыны қамтиды: жабдықтау,
өндіріс және өткізу. Олардың жиынтығы кәсіпорынның өндірістік, коммерциялық
және қаржылық қызметін құрайды.
Сонымен, кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір
кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шарушылық қызметін үздіксіз
жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы
ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржы жағдайы дегеніміз кәсіпорынның өз қызметін қаржымен
қамтамасыз ету мүмкіндігі. Ол кәсіпорынның қалыпты қызмет етуіне қажетті
қаржы ресурстармен қамтылуымен, қаржы ресурстарын дұрыс орналастырып,тиімді
қолданумен, басқа заңды тұлғалармен және жеке тұлғалармен қаржылық қарым
қатынасымен, төлем қабілетілігмен және қаржы тұрақтылығымен сипатталады.
1.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау көрсеткіштер жүйесі және оның
ақпараттық негізі
Кәсіпорынның қаржылық жай- күйін мұқият талдау кезінде қаржылық есеп
беруді көлденең және сатылас талдау, жүйеде қарастырылатын көптеген
аналитикалық көрсеткіштерді қолданылады.
Сатылас талдау – есеп беру нысаныны баптарының салыстырмалы мәнділігін
шығару мақсатымен есеп беру нысанының құрылымын талдау.
Көлденең талдау – есеп беру нысанының кейбір баптарының тенденциясын
анықтап, оларды болжау мақсатымен олардың динамикасын талдау.
Көрсеткіштер жүйесі – бұл берілген объектінің жағдайы мен дамуын жан
жақты көрсететін, есептелетін және өзара логикалық байланысты шамалардың
жиынтығы. Жүйе ретінде қабылданған көрсеткіштер жиынтығына бірқатар
талаптар қойылады: кешенділік, өзара байланыс, қажетті қамтылу ауқымы,
есептелуі және т.б. Кез келген көрсеткіштер жүйесінде көрсеткіштерді бір
жүйеге келтіріп тұрған ішкі негізі болуы тиіс.
Кәсіпорынның қаржылық қызметін толық сипаттауға мүмкіндік беретін
аналитикалық көрсеткіштер жүйесінің әртүрлі сыныптамасы бар. Олардың
негізіне экономикалық потенциал ұғымын алуға болады.
Экономикалық потенциал дегеніміз кәсіпорынның иелігіндегі материалды,
еңбек және қаржы ресурстарын қалданып өзінің алдына қойған мақсатқа жету
қабілеті. Экономикалық потенциалды нысанды суреттеу қарастырылып отырған
экономикалық ортаның тауар, еңбек және капитал нарығын қамтитын берілген
кәсіпорынның қаржылық моделін құрастыратын бухгалерлік есеп беру негізінде
жүргізіледі. Бухгалтерлі есеп беру нысанында ұсынылған кәсіпорынның
экономикалық потенциалы жоғарыда аталып кеткен ішкі негізі болып табылады.
Яғни, ол логикалық түрде түсіндірілетін және қарама – қайшылықсыз
көрсеткіштер жүйесін құруға мүмкіндік беретін ұйымдастырушылық бастама
болып табылады.
Экономикалық потенциалдың екі жағын ашуға болады: кәсіпорынның мүліктік
және қаржылық жай- күйі. Кәсіпорынның мүліктік жай- күйі заттық жағынан
емес, ұзақ мерзімді активтердің құндық бағалануы мен инвестициялық
саясаттың оптималды жағынан қарастырылады. Қаржылық жай- күйін қысқа
мерзімді перспективаның (өтімділігі, төлем қабіліттілігі) және ұзақ
мерзімді перспективаның (қаржылық тұрақтылық, банкроттану белгілерінің жоқ
болуы) жағымен қарастырылады.
Келтірілген тәсілдеме кәсіпорынның мүліктік жай- күйін, өтімділігі мен
төлем қабіліттілігін, қаржылық тұрақтылығын, іскерлік белсеңділігін, пайда
мен рентабельділігін сипаттайтын көрсеткіштерді ашуға мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның мүліктік жай- күйін анықтайтын негізгі сипаттамалар
кәсіпорынның бақылауындағы шаруашылық құралдарының құндық бағасы,
айналымнан тыс активтердің баланс валютасындағы үлесі, негізгі құралдардың
белсеңді бөлігінің үлесі, тозу коэффициенттері болып табылады.
Кәсіпорынның өтімділігі мен төлем қабіліттілігі меншікті айналым
құралдарының мөлшерімен, өтімділік коэффициенттерімен сипатталады. Меншікті
айналым құралдарының мөлшерін есептеудің әртүрлі формулалары бар. Олардың
әрбіреуінің өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Меншікті айналым
құралдарының көрсеткіштері айналым активтерінің емес, құралдардың
көздерінің сипаттамасы болып табылады.
Активтердің өтімділігі ақша қаражаттарға айналу қабілеттігі, ал өтімділік
деңгейі осы айналымға қажетті уақыт кезеңінің ұзақтығымен анықталады.
Кәсіпорынның өтімділігі туралы сөз қозғалғанда қысқа мерзімді
міндеттемелерді өтуге теориялық жағынан жеткілікті мөлшерде айналым
құралдарының бар болуын айтады. Өтімділіктің негізгі белгісі айналым
активтерінің қысқа мерзімді пассивтерінен асуы болып табылады. Егер
кәсіпорын тұрақты режимде жұмыс істесе, онда оның өтімділік көрсеткіштері
тұрақты болады.
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі дегеніміз дереу өтелуі тиіс кредиторлық
борыш бойынша есеп айырысуға жеткілікті ақша қаражаттары мен олардың
эквиваленттерінің бар болуы. Төлем қабілеттілігінің негізгі белгілері
мыналар болып табылады: а) есеп айырысу шотындағы қаражаттардың жеткілікті
мөлшерде болуы; ә) мерзімі ұзартылған кредиторлық борыштың жоқ болуы.
Төлем қабілеттілік – дебиторларға қатысты саясат, ақша қаражаттарын
басқару бойынша кәсіпорында қалыптасқан ұстаным, банктермен қарым- қатынас
және т.б. сияқты факторларға тәуелді кәсіпорынның динамикалық жағдайы.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы қаржы ресурстарын жеткізуішілермен немесе
лендерлермен (қарызға берушілер) қарым- қатынасының жағдайын сипаттайтын
көрсеткіштермен көрсетіледі. Қаржылық тұрақтылық сандық жағынан екі жақпен
бағалануы мүмкін: біріншіден, қаражаттар көздерінің құрылымы жағынан,
екіншіден, сыртқы көздерге қызмет көрсетумен байланысты шығындар жағынан.
Осыған сәйкес, көрсеткіштерді екі топқа бөлуге болады: капитализация
коэффициенттері және жабу коэффициенттері. Бірінші топ көрсеткіштері
балланстың пассивінің берілгенімен (көздердің жалпы сомасындағы меншікті
капиталдың үлесі, ұзақ мерзімді пассивтер жалпы сомасындағы қарыз
капиталының үлесі және т.б.) есептеледі. Екінші топқа пайыздарды және
салықтарды шығаруға дейінгі табыстың тұрақты қаржы шығындарына (табыстың
бар, жоғына қаррамастан болатын шығындар) қатынасымен шығарылатын
көрсеткіштер кіреді.
Кәсіпорынның іскерлік белсеңділігі оның дамуымен, натуралды және құндық
көрсеткіштермен анықталған қойылған мақсатқа жетуімен, экономикалық
потенциалды тиімді қолдануымен өз өнімін өткізу ауқымын кеңейтуімен
анықталады. Кәсіпорынның іскерлік белсеңділігн сандық жағынан бағалануы мен
талдауы екі бағытта жүргізілуі мүмкін: а)негізгі көрсеткіштер бойынша
жоспарды орындау деңгейі (өз бетінше немесе жоғырыда тұрған орган
орнатқан), олардың белгіленген өсу қарқынын қамтамасыз ету; ә)кәсіпорынның
ресурстарды тиімді қолдану деңгейі.
Ресурстардың үш түрі бар: материалды, еңбек және қаржы. Кәсіпорынның
іскерлік белсеңділігнің негізгі көрсеткіштері активтердің, түсімнің және
пайданың ара қатынасы,қор қайтарымы, ресурстың қайтарымы, өндірім мен
айналымдылық көрсеткіштері, операциялық және қаржылық циклдың ұзақтығын
сипаттамалары болып табылады.
Қаржы жағынан кәсіпорынның нәтижелілігі пайда мен рентабельділік
көрсеткіштерімен сипатталады. Бұл көрсеткіштер есепті кезеңдегі
кәсіпорынның қызметінің нәтижесін шығарады. Олар көптеген факторларға
байланысты: сатылған өнімнің көлемі, шығын сыйымдылығы, өндірісті
ұйымдастыру және т.б. Басты факторға шығындардың деңгейі мен құрылымы
(өндіріс және айналым шығындары) жатады. Сондықтан, ішкі талдау кезінде
шығындардың мақсаттылығы, олардың динамикасы, құрылымдық өзгерісін бағалау
керек. Сонымен қатар, негізгі көрсеткіштерге өндіріс (айналым) шығындарының
деңгейі, шығындарды абсолютті және қатысты үнемдеу жатады.
Рентабельділік көрсеткіштері – қатысты көрсеткіштер. Оларда пайда
кәсіпорынды екі жақтың (ресурстар немесе ағымдағы қызметте контрагенттерден
алынған түсім түріндегі жиынтық табыс) біреуімен сипаттайтын негізбен
салыстырылады. Сондықтан рентабельділіктің екі тобы белгілі: капитал
рентабельділігі және сату рентабельділігі. Бірінші топқа жиынтық капитал
рентабельділігі және меншікті капиталдың рентабельділігі кіреді. Ал
екінші топқа жалпы, операционды және таза маржа (ол жалпы, операционды және
таза пайданың сатудан түскен түсімнің қатынасымен анықтылады) кіреді.
Жоғарыда аталған талдаулардың негізіне сенімді ақпарат көздері болуы тиіс.
Қаржылық есеп беру қаржылық талдаудың ең маңызды негізгі ақпарат көзі болып
табылады. Объектілердің бар болуы мен қозғалысы туралы ақпарат қаржылық
есеп беруде көрінуі тиіс. Қаржылық есеп беру объектілері: активтер,
міндеттемелер, капитал, табыстар мен шығындар, ақша құралдарының
қозғалысы. Қаржылық есеп берудің нысандары:
• бухгалтерлік баланс;
• табыстар мен шығыстар туралы есеп (пайда мен залалдар туралы есеп);
• меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп;
• ақшаның қозғалысы туралы есеп;
• есеп саясаты мен түсіндірме жазбахат.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда негізгі ақпарат көзі қызметін
бухгалтерлік баланс атқарады. Баланс есепті жылдың басындағы және соңындағы
кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайды және маңызды қасиеттер атқарады.
Біріншіден, баланс меншік иелерін шаруашылық субьектісінің мүліктік
жағдайымен таныстырады. Осы арқылы олар бұл субьектінені иеленеді,
материалдық құралдардың сандық және сапалық қорлары қандай, кәсіпорын жақын
арада үшінші жақ алдындағы өз міндеттемелерін ақтай ала ма, соны
білдіреді. Екіншіден, басшылар кәсіпорынның басқа ұқсас кәсіпорындар
жүйесіндегі өз орны, тандап алған стратегиялық бағытының дүрыстығы туралы
сипат және кәсіпорынды басқару бойынша әр түрлі сұрақтарға шешімдер
қабылдау туралы түсінік алады. Үшіншіден, баланстың мазмұны, оны ішкі
қалданулары сияқты сыртқы қолданушыларға да пайдалануға мүмкіндік береді.
Мысылы, аудиториялар жүмыс процесінде дұрыс шешім қабылдау үшін өз тексеріс
жүмысын жоспарлауда, сондай-ақ клиенттің сыртқы есеп берудегі есеп
жүйесінде мүмкін болатын, әдейі жасалынатын және әдейі жасалынбаған
қателіктер аумағындағы әлсіз жақтарын шығару үшін көмек алады. Ал
талдаушылар қаржылық талдаудың бағытын анықтайды.
Баланс ақпараттары негізінде сыртқы қолданушылар берілген кәсіпорынмен
өзінің сіректес ретінде жұмыс жүргізудің мақсатқа сәйкестігі және оның
шарттары туралы шешімдер қабылдай алады; өз салымдарының мүмкін болатын
тәуекелділіктерін және берілген кәсіп орындылығын және басқа шешімдерді
бағалайды.Баланстың маныздылығы соншалық, көп жағдайда қаржылық жағдайы
талдауды баланстық талдау деп айтады.
Бухгалтерлік баланс- қаржылық есептің негізгі түрі бола отырып, ол
есепті кезендегі кәсіпорын мүлікінің құрамы мен құрлымын, ағымдылығы
активтердің айналымдылығы мен өтімділігін, меншікті капитал мен
міндеттеменің қолда барын, дебиторлық және кәсіпорынның несие қабілетілігі
мен төлеу қабілетілігін анықтауға мүмкіндік береді.
Баланс көрсеткіштері кәсіпорынның капиталы орналастыру тиімділігін, оның
ағымдағы және алдағы кезендегі шаруашылық қызметке жетуі, карыз көздерінің
көлемі мен құрылымын, сондай-ақ оларды ынталандыру тиімділігін бағалауға
мүмкіндік береді. Осылайша, бухалтерлік балансты талдау үшін және
кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда ақпараттың ең қажетті түрі болып
табылады.
Қарылық жағдайы талдау барысында тек бухгалтерлік баланс мәліметеріне
ғана сүйенуге болмайды. Бұндай тәсіл біршама қарапайымдау, себебі
бухгалтерлік баланс кемшілік пен шек қоюшылықтан ада емес, олардың ең
маныздылары келесілер болып табылады:
1. Баланс табиғаты жағынан тарихи сипатта болады.
2. Баланс кәсіпорын қаржысында және міндеттемелерінде статус – квоны
сипаттайды
3. Баланс салыстырмалы шаруашылық аралық талдау жүргізу үшін қажетті
база жоқ.
4. Баланста кәсіпорынның қаражатылығының айналымы туралы мәлімет жоқ.
5. Баланс есепті кезеңнің басы мен соңындары мезгілдік мәліметтердің
жиынтығы болып табылады.
6. Баланста кәсіпорынның активтерін сатып алуда тарихи бағаны қолдану
принципі жүргіріледі.
7. Баланс және қаржылық есеп берудің басқа да нысандары шаруашылық
субьектісі қызметінің барлық жақтарын толығымен көрсетпейді.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау үшін бір операциялық цикл немесе
бір жыл ішінде активтердің қандай бөлігі өткізуін және компанияның ағымдағы
міндеттемелерін өтеуге және активтерді сатып алу бойынша айналымға салуға
дайын болатын ақша қаражаттарына өткізілген активтердің айналымдылығын
білу өте маңызды. Сонымен қатар, бір операциялық цикл немесе бір жыл
ішінде өтулуі тиіс ағымдағы міндеттемелердің сомасы туралы ақпарат та
маңызды. Яғни, бухгалтерлік баланста айналым немесе өтелу мерзімі бойынша
топтастырылған активтер мен міндеттемелер туралы ақпарат берілуі тиіс.
Сондықтан, табыстар мен кірістер меншікті капиталдың мөлшеріне әсер етеді.
Кәсіпорынның қызметі нәтижесінде таза пайда немесе зиян сомасына меншікті
капиталдың мөлшерінің жиынтық өзгерісі қаржылық есеп берудің міндетті
нысанында көрінуі тиіс. Ол - меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп.
Меншікті капиталдың мөлшеріне әсер ететін таза табыс (пайда) немесе зияннан
басқа да операциялар жүргізілуі мүмкін. Мысалға, дивидендтер төленуі,
негізгі құралдар қайта бағалануы мүмкін, немесе жіберілген қателіктер
негізінде қаржылық нәтижені түзету немесе есеп саясаты өзгерген жағдайда.
Қаржылық жағдайды талдау мен бағалау мақсатында барлық кірістер мен
шығыстарын ескеру қажет. Сыртқы пайдаланушының ақпараттық қажеттілігін
қанағаттандыру үшін компанияның кірісі мен табыстарын қамтитын меншікті
капитал құрамының өзгеруінің және капиталда тікелей көрінетін өзгерісін
бөлек айқындауға мүмкіндік беретін қаржылық есеп берудің міндетті нысаны
меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есепте даярлау қажет. Ақшаның
қозғалысы туралы ақпарат кәсіпорынның ақша қаражаттары мен олардың
эквиваленттерін өндіруге мүмкіндігі және осы ақша қаражаттарға қажеттілігін
бағалау үшін қаржылық есеп беруді пайдаланушыларға негізді қамтамасыз
етеді.
Есеп саясаты қаржылық есеп беруді дайындау барысында қолданылған
бағалаудың негізін; қаржылық есеп беруді дұрыс түсіну үшін маңыздылығы бар
әр объектінің есепке алуды ұйымдастырудың әдістемелерін анықтауға мүмкіндік
береді.
1.3 Қаржылық жағдайды талдау әдістері
Нарықтық қатынасың қалыптасуы шаруашылық қызметін біртұтас кешенді
талдауды ішкі (басқару ) және сыртқы (қаржылық талдау) талдау деп білуді
қажет етіп отыр. Талдаудың бұл түрлерінің әрқайсының өзінің негізгі
ақпараттық көздері болады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей есеп берудің екі түрі бар: Акционерлерді,
қалың жұртшылықты, банктерді, сондай-ақ сақтандыру ұйымдары мен үкімет
органдары кәсіпорынның жүмыс жағдайы мен оның қаржылық жағдайы және
есептік кезендегі шаруашылық қызметінің нәтижесімен таныстыру үшін
қаржылық газетер мен бюлетеньдерде, арнайы анықтамаларда басылып шығатын
қаржылық есеп беру. Сонымен қатар көбіне, есепте субьектінің шаруашылық
қызметін динамикада бейнелеп көрсетуге, даму бағыты мен оның алдынғы
кезендегі жағдайы болжауға мүмкіндік беретін бірқатар жылдардың мәліметерің
жарйалайды. Есеп берудің екінші түрі – басқару талдауы, бұл кәсіпорын
шығаратын өнімдердің жеке түрлерінің өзіндік құнының нормативтері тұралы,
сондай-ақ сапасының төмендігіне немесе тауардың мөлшерден тыс шығарылып,
өтпей қалуына байланысты мәліметерден тұратын қатаң құпияландырылған, басқа
тұлғалар үшін жабық есеп болып табылады. Ішкі есеп берудің ішіндегі
жауапкершілік орталықтар мен пайда болу орындары бойынша шығындар сияқты
жеке бөлімшелердің жұмыс нәтижелерін сипатайтын маңызды есеп түрлері
болады. Кәсіпорның жеке бөлімшелеріндегі шаруашылық жүргізу денгейін
анықтау шығындары мен салыстыру, кім қалай жүмыс істейтін көруге мүмкіндік
береді және еңбекке ақы төлеуде қандай да бір иесіздікті жояды. Ішкі
талдау басқару есепті, ал сыртқы талдау қаржылық есеп негізінде
жүргізіледі. Бүгінгі таңдағы нарыққа өту кезеңінде кәсіпорынның қаржылық
жағдайын бағалауда жаңа амалдар қажет.
Қаржылық талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі ережелерін
қалыптастырады. Олардың ішінен 6 негізгі әдісті бөліп қарастыруға болады:
1. көлденең талдау;
2. тікелей талдау;
3. трендтік талдау;
4. салыстырмалы талдау;
5. факторлық талдау;
6. қаржылық коэффициенттер әдісі.
Көлденең талдау – есеп берудің әр бабын өткен кезеңмен салыстыру. Ол өткен
кезеңмен салыстырғандағы бухгалтерлік есептің түрлі баптарының абсолюттік
салыстырмалы ауытқуын анықтауға болады.
Тікелей талдау - әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге тигізетін әсерін
анықтайды.
Трендтік талдау – барлық көрсеткіштер 100 пайыз деп алынатын базистік жыл
деңгейінен,бірқатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы ауытқуын есептеуге
негізделеді.
Салыстырмалы талдау – фирманың, еншілес фирмалардың, бөлімшелердің және
цехтардың жекелеген көрсеткіштері бойынша құрама көрсеткіштерін шаруашылық
ішіндегі талдау.
Факторлық талдау – жекелеген факторлардың қорытынды көрсеткішке тигізетін
әсерін анықтау немесе реттелмеген тәсілдер көмегімен талдау.

2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау
2.1 Кәсіпорынның қаржылық жай – күйін талдау
2.1.1 Кәсіпорынның активтерін талдау
Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау –
кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінің абсолютті
және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді талдау
барысында, осы активтердің қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда болған
өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және оның жеке топтарын
талдау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.
Активтердің артуы кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін
болғандықтан, ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды.
Алайда, кәсіпорын мүлік құнының өсу себептерін талдағанда, жоғары деңгей
баланстық есептің номиналды көрсеткіштерінің нақты көрсеткіштерден
айтарлықтай ауытқуына әкеліп соқтыратын инфляция әсерін ескеру қажет.
Отандық тәжірибеде инфляцияны есепке алу тек негізгі құралдардың баланстық
құнын құру барысында жүргізіледі. Отандық есептік- аналитикалық тәжірибеде
өндірістік қорлар, дайын өнім және тауарларды қайта бағалау жүргізілмейді.
Сондықтан да олардың құнының өсуі, инфляциялық фактор әсерінен болатыны
күмәнсіз.
Баланс мәліметтері бойынша активтердің құрамы мен олардың таратылуына
талдау жасау үшін ең алдымен кәсіпорынның өндірістік мақсаттағы мүлік
коэффициентін анықтау керек. Ол кәсіпорынның өндірістік потенциалын
сипаттайды . Сол коэффициентті анықтау үшін негізгі құралдардың, өндірістік
қорлардың, аяқталмаған өндірістің құндары қосылп, актив құнына немесе
баланс валютасына бөлінеді. Осы коэффициенттің кәсіпорын үшін ұтымды мәні
0,5-ке тең немесе одан көп болуы тиіс.

(1)

Осы көрсеткіштен кейін ағымдағы активтерінің қозғалыс коэффициентінің
үлесін анықтау маңызды: ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Темірлан ЖШС мысалында кәсіпорынның қаржылық жағдайына баға беру
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау туралы
Шаруашылық субъектілердің қаржылық жағдайын талдаудың мәні және маңызы
ШАРУАШЫЛЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫ ҚОРЛАРЫ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын болжау әдістері
Кәсіпорынның қаржылық ресурс тұрақтылығын жоғарылату
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын талдау
Қазіргі экономикалық жағдайда кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау туралы ақпарат
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі
Пәндер