Көк-жасыл балдырлар


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

І тарау. Көк-жасыл балдырлар . . . 5

1. 1 Көк-жасыл балдырлардың таралуы . . . 5

1. 2 Топырақта кездесетін көк-жасыл балдырлар . . . 6

1. 3 Көк-жасыл балдырлардың маңызы . . . 9

ІІ тарау. Диатомды балдырлар . . . 11

2. 1 Центрикалылар - Centrophyceae диатомдылар класы . . . 12

2. 2 Пеннатталар - pennatophyceae класы . . . 14

Қорытынды . . . 17

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 18


Кіріспе

Өсімдіктер төменгі сатылы өсімдіктер және жоғары сатылы өсімдіктер болып 2 үлкен топқа бөлінеді. Төменгі сатылы өсімдіктерге бактериялар, балдырлар, саңырауқұлақтар және қыналар (лишайники) жатады. Бұлардың құрылысы тамырға, сабаққа және жапыраққа дараланбаған. Бұл топқа кіретін өсімдіктер ішіндегі геология үшін маңызы өте зор болып келетіндері - балдырлар.

Балдырлар өсімдіктер дүниесінің ең ерте пайда болған тобы. Өздері пайда болған сулы ортаның жағдайының біркелкі тұрақты болып келуіне байланысты, балдырлар тұтастай бір геологиялық эпоханы басынан өткізген. Алайда олардың көпшілігінің осы уақытқа дейін, алғашқы кездерде пайда болған формаларынан көп айырмашылықтары жоқ. Бұл қарапайым жануарларға жақын, бір клеткалы және колониялы балдырлар. Филогенез процесінің барысында, балдырлардың эволюциясы, бір клеткалы және колониялы формаларынан көп клеткалы, құрылысы күрделі болып келетін, ұзындығы ондаған метрге жететін, денесі дифференциаланған ұлпалардан тұратын ересен үлкен өсімдіктерге дейін жеткен.

Қазіргі кездегі ғылыми жетістіктерге сүйенсек, балдырларды талшықтылардан, яғни суда өмір сүрген 1-2 талшығы бар бір клеткалы организмдерден шыққан деп жорамалдайды. Олардың ішінде хлорофилдері бар (автотрофты) және түссіз (гетеротрофты) организмдер кездеседі. Бұлардың алғашқылары өсімдіктерге, ал соңғылары жануарларға жақын. Сондықтан да көптеген систематиктер талшықтыларды өсімдіктер мен жануарлардың арасын жалғастырып тұратын, екеуіне де ортақ бастапқы топ ретінде қарастырады. Балдырлар 10 типке бөлінеді. Олардың ішіндегі палеонтология үшін маңыздылары: көк-жасыл, диатомды және жалтырауық балдырлар. Топырақтан әзірше балдырлардың 1380 түрі табылды, оның 528 - жасыл, 406 - көк-жасыл, 246 - диатомды, 171 - сары-жасыл балдырлар бөліміне жатады. Бұл балдырлардың топырақта таралуы біркелкі емес.

Құрлықта тіршілік ететін балдырларды 3 топқа бөлуге болады.

1. Аэрофильді балдырлар тобына ағаштың қабығында, дуалдарда, дымқыл жартастарда, жер бетінен жоғары жатқан басқа да өсімдіктерде мекендейтін балдырлар жатады. Аэрофильді балдырлардың тіршілік ортасы тез өзгеріп отырады. Бұлар түнге қарай тоңазиды, қыста үседі, құрғақшылықта кеуіп қалады.

2. Геофитті балдырлар топырақтың бетінде, кеуіп бара жатқан батпақты жерлерде тіршілік етеді. Мұндай балдырлар ерте көктемде пайда болады, оларды эфемер деп атайды, вегетативтік уақыты қысқа. Бұған тақыр жерлерде қаптап өсетін көк-жасыл, аздаған жасыл балдырлар жатады.

3. Эдафильді балдырлар топырақтың ішкі қабаттарында тіршілік етеді. Оның таралуына топырақтың физика-химиялық құрамы тікелей әсер етеді. Топырақта тіршілік ететін балдырлардың басым көпшілігі микроскопты организмдер, тек бірен-сараны ғана макроскопты. Оған мысал ретінде қара-қоңыр, жасыл қабыршақты түрінде кездесетін Nostoc commune жатады.

І тарау. Көк-жасыл балдырлар.

Көк-жасыл балдырларға бір клеткалы, қауымды және көп клеткалы жіптесінді 1500-2000 түрі бар организмдер жатады. Олар барлық тіршілік ортасында таралған. Әр түрлі сулы және сусыз биотоптарда кездеседі. Бұлар төсенішке бекініп, не бекінбей бос жатып тіршілік етеді. Талшықты қозғалыс стадиясы болмайды, алайда кілегейдің болуына байланысты сырғи қозғалып отырады. Жеке дарақтары микроскоп құрылымды, кейде әртүрлі жиынтықтар-қауымдар құрап, микроскопты келеді. Көк-жасыл балдырлар негізінен вегетативтік жолмен көбейеді. Бір клеткалы организмдердің көбеюі клетканың бірнеше ұсақ бөлшектерге бөлініп кетуінің, ол көп клеткаларының жіптерінің гетероциста немесе маманданбаған өлі клеткалар арқылы үзіліп кетуінің нәтижесінде жүзеге асады. Жіпшенің вегетативтік көбеюге қажетті участогі гармония деп аталынады. Арнайы маманданған көбею органдары болмайды. Жыныстық көбею жоқ.

Көк-жасыл балдырлар афтотрофты жолмен қоректенеді. Алайда олардың көпшілігі шіріген қалдықтары мол ластанған суларда өмір сүруіне байланысты миксотрофты (аралас) қоректенуге қабілетті болып келеді. Яғни фотосинтезбен бірге, органикалық заттарды да өз бойына сіңіре алады. Көк-жасыл балдырлар үш класқа бөлінеді: хрооккалар класы, хамесифондылар класы, гормогониялар класы.

Хрооккалар класына мына туыстар жатады: гиокапса, микроцистис, мерисмопедия.

Хамесифондылар класына: хамесифон, дериокарпа, паширнема.

Гормогониялар класына: осциллатория, спирулина, лингвия, анабена, носток, толипотрикс, глеотркия, пивулярия жатады.

1. 1 Көк-жасыл балдырлардың таралуы

Көк-жасыл балдырлар басқа өсімдіктер өспейтін, тіпті тіршілік болмайды-ау деген жерлерде, жартастарда, құздарда алғаш рет таралған, азотты және азотсыз органикалық заттардың қорын жинап, келешекте сапрофиттік және автотрофтық тау жынысын бұзушы микроорганизмдердің таралуына жағдай туғызады. Мысалы, 1883 жылы Кракатау аралында жанартаудың атқылауынан барлық тіршілік күйіп тұрған лава мен күлдің астында қалып жойылды. Көптеген айлар бойы осындай апаттан кейін күйіп тұрған жанартау газдар бөліп шығарып жатты. Жанартаудың атқылауынан үш жыл өткеннен кейін-ақ туфтардан және күлден Anabaena, Gloeocapsa, Nostoc, Phormidium т. б. көк-жасыл балдырлардың кілегейлі жиынтығы табылған. 1963 жылы Исландияның оңтүстік жағалауындағы су астындағы жанартаудың атқылауынан пайда болған Сурцей аралында да бірнеше рет Anabaena, circinalis, A. cylindrica сияқты және тағы басқа судың гүлденуін туғызатын жоғарыдағыдай азотты бойына сіңіретін көптеген көк-жасыл балдырлар пайда болған. Кейбір көк-жасыл балдырлар судың гүлденуін туғызып су қоймаларында қаптап өсіп, әр түрлі улы заттар бөліп шығарып, суда тіршілік ететін организмдерге опат келтіреді және қаулап өсуі турбиналардың тоқтап қалу қаупін туғызады.

1. 2 Топырақта кездесетін көк-жасыл балдырлар

Осцилляториялықтар - Oscillatoriales қатарына тарамдалмаған не жалған тарамдалған жіптесінді балдырлар жатады. Жіптері біркелкі вегетативтік қысқа цилиндр формалы клеткалардан тұрады. Трихомалары бірқатарлы, тармақталмаған, есейген уақытта гомоцитгы симметриялы, тек кейде соңғы клеткалары өздерінің пішіндері арқылы айырылады. Гетероцистары мен акинеттері болмайды.

Осциллятория - Oscillatoria жіптесінді, тармақталмаған көп клеткалы организм. Осциллатория трихомасы бірқатар орналасқан цилиндр формалы клеткалардан тұрады да, жіптері жіңішке келеді. Осцилятория жіпшесінің өсуі клетканың көлденең бөлінуі арқылы болады. Осциллятория жіптерінің өсетін ұшы аздап иіліп тұрады. Жіптер кілегейлердің біржақты бөлінуінің арқасында қозғалуға, екі жағына теңселіп тұруға және жылжуға қабілетті келеді. Бұл туысқа жүз шақты барлық жерлерде тараған түрлер жатады. Олардың ішінде улылары да болады. Осцилляторияның біраз түрлері су бетінде не су астындағы төсемікте, дымқыл топырақта көк-жасыл қабыршықтар түрінде трихомалары матасып жатады. Кейде ақпайтын суларда қалың қабатты қабық түрінде қалықтап тұрады.

Спирулина - Spirulina туысы осцилляторияға жақын көп клеткалы, трихомасы тармақталмаған жіптесінді, денесі спиральды иректелген, соған орай көпшілігінің көлденең перделері ерең көрінеді, сирек топталып қыртыс құрайды. Кейбір түрлерінде 60-68 процентке дейін протеин болады. Бұл балдырды Африка елдерінің кейбір аудандарыңдағы халықтары ертеден тамаққа пайдаланады. Кейінгі уақытта көшпілік мемлекеттерде, оның ішінде ТМД-да көптеп өсіруде. Мексика сияқты мемлекетгерде әр түрлі тағамдарға қолданады.

Лингбия - Lyngbya туысы осциллятория құрылысындай жіптесінді көп клеткалы, басқа жіптесінді балдырлардан айырмашылығы, денесінің сыртын мықты кілегей сауыты қаптап жатады. Бұл балдыр басқа көк-жасыл балдырлар сияқты тұщы суларда, кейде топырақта, қайнар бұлақтарда, ащы суларда да таралған.

Ностокалықтар - Nostocales қатарына трихомалары тармақталмай, бірқатарлы тізбектеліп орналасқан клеткалардан құралған қауымды балдырлар жатады. Клеткалары формасына, атқаратын қызметіне қарай дифферекцияланған, вегетативтік клеткалар мен қатар гетероцистері және акинеттері болады.

Носток - Nostoc туысы әр түрлі формасы, көлемі бар, табиғатта көп тараған қауымды балдыр. Бұл балдыр суда да, құрлықта да жиі кездеседі. Қауымы микроскопты мөлшерден диаметрі 30 см-ге дейін жететін таба нан пішіндес болып келеді. Носток жіпшелері дөңгелек шар формалы клеткалардың моншақ тәрізді тізбектелуінен құралады. Біркелкі вегетативтік клеткалардың арасында бірен-саран ірі клетка-гетероцисталары болады. Шар тәрізді клеткалар тізбегінің сыртын кілегей қоршап жатады. Кілегейдің іші матасып иілген жіптерден тұрады. Ондай қауымның үлкендігі торғай жұмыртқасындай, тіпті одан да ірі келеді. Бұл батпаққа айналып келе жатқан көлдерде жиі кездесед. Қауым кілегейінен айрылғанда гормогонияға ыдырайды. Nostos commune топырақта қыналардың не шөптің арасында далада құрғақ уақытта қара қабыршақты, ал жаңбырлы дымқыл уақытта қара сарғыш-жасыл түсті қабыршақ түрінде кездеседі. Ол топырақта тапталып жатады.

Анабена - Anabaena туысы ностокқа ұқсас, бірақ кілегейлі қауым құрамайтын организмдер. Анабена клеткалары жұмыр, дөңгелек, сопақ және сақина пішіндес моншақ тәрізді тізбектеліп келіп, жекелеген болмаса шумақталған жіпшелер түрінде тұщы суда планктон не бентос жағдайында кездеседі. Жіпшелері түзу не иректеліп жатады. Тізбектеліп жатқан клеткалармен бірге ірі споралар және гестероцисталар болады, бұлар өсіп көбейер кезде гетероцисталардың бойынан үзіледі. Гетероцисталары интеркалярлы орналасады. Сонымен бірге гормогониялы жолмен де көбейеді. Гормогония клетканың көлденең бөлінуі арқылы өседі. Көпшілік түрлерінде спора вегетативтік клеткадан өзінің мөлшері арқылы айрылады. Анабенаның планктонды тіршілік ететін түрлерінде көптеген газ вакуолялары болады. Анабена ауадағы бос азотты бойына сіңіретін балдыр.

Ревулярия (Rivularia) және Глеотрихи G(Cloeotrichia) носток сияқты талломы кілегейленіп келетін организм. Қауымы шар, жарты шар, эллипсоид пішіндес іркілдеген кілегейлі болады. Жіпшелері ассиметриялы, кілегеймен қапталған орталық радиустан күн көзінің шағымдары сияқты жан-жаққа тарамдалған. Қауымның орталық бөлімінде гетероцистасы бар ірірек базальды клетка орналасады. Шетке қарай клеткалары жіңішкеріп шаш пішіндес жіңішке түкке айналып кетеді. Гормогония арқылы көбейеді. Көбейер алдыңда шаш пішіндес жіңішке клеткалары түсіп қалады да, одан төмен жатқан клеткалар гормогония құруға қатысады, тек ең төменгі бірнеше базальды клеткалар ғана қатыспайды. Көбінесе су түбіңдегі төсемікке бекініп тіршілік етеді. Кейде суда бос жатады.

Стигонемалықтар - Stigonematales қатары жіптесінді бір не бірнеше қатарлы тармақталған трихомалы, апикальды, кейде интеркалярлық жолмен өсетін табиғатта көп тараған балдыр. Трихомалары бір, не көп қатарлы. Кейде матасып өсіп әр түрлі формалы болып келеді. Бұл қатарға морфолгиялық жағынан аса күрделі көк-жасыл балдырлар жатады. Олардың трихомалары төселіп жататын жатаған және тік өсетін жіпшелерден құралады. Жіпшелері нағыз бүйірлік және дихотомды жолмен де тармақтанады. Нағыз тармақтанумен қатар жалған тармақтануы да болады.

1. 3 Көк-жасыл балдырлардың маңызы

Көк-жасыл балдырлар басқа өсімдіктер өспейтін, тіпті тіршілік болмайды-ау деген жерлерде, жартастарда, құздарда алғаш рет таралған, азотты және азотсыз органикалық заттардың қорын жинап, келешекте сапрофиттік және автотрофтық тау жынысын бұзушы микроорганизмдердің таралуына жағдай туғызады. Мысалы, 1883 жылы Кракатау аралында жанартаудың атқылауынан барлық тіршілік күйіп тұрған лава мен күлдің астында қалып жойылды. Көптеген айлар бойы осындай апаттан кейін күйіп тұрған жанартау газдар бөліп шығарып жатты. Жанартаудың атқылауынан үш жыл өткеннен кейін-ақ туфтардан және күлден Anabaena, Gloeocapsa, Nostoc, Phormidium т. б. көк-жасыл балдырлардың кілегейлі жиынтығы табылған. 1963 жылы Исландияның оңтүстік жағалауындағы су астындағы жанартаудың атқылауынан пайда болған Сурцей аралында да бірнеше рет Anabaena, circinalis, A. cylindrica сияқты және тағы басқа судың гүлденуін туғызатын жоғарыдағыдай азотты бойына сіңіретін көптеген көк-жасыл балдырлар пайда болған. Кейбір көк-жасыл балдырлар судың гүлденуін туғызып су қоймаларында қаптап өсіп, әр түрлі улы заттар бөліп шығарып, суда тіршілік ететін организмдерге опат келтіреді және қаулап өсуі турбиналардың тоқтап қалу қаупін туғызады.

Көк-жасыл балдырлар басқа балдырларға қарағанда кез-келген жерлерде қаулап өседі. Қолайсыз жағдайларда күн көзінің жеткілікті түспеуінен пигменттердің құрамы өзгеріп, миксотрофты қоректенуге көшеді.

Кейбір көк-жасыл балдырлар протоплазманың коллоидты жағдайына байланысты 69° ыстық суларда, тіпті кейбіреулері одан жоғарғы температураларда да кездеседі (Mastigocladus laminosus, Phormidium laminosum) . Мұндай балдырларды термофильді организмдер деп атайды. Көк-жасыл балдырлардың носток сияқты екінші бір түрлері Антарктиданың 83°-қа дейін жететін суық жерлерінен көптеп табылған.

Көк-жасыл балдырлар саңырауқұлақтармен бірігіп симбиоздық тіршілік етуі арқылы қына құрайды. Көк-жасыл балдырлар барлық континентте кез-келген жерлерде тұщы, ащы суда, құрылықта тіршілік ете бере алады.

Табиғаттағы және шаруашылықтағы маңызы. Көк-жасыл балдырлар жалпы шаруашылықта бір жағынан пайда келтірсе, екінші жағынан зиян келтіреді. Көк-жасыл балдырлар ақпайтын суда, бөгеттерде, ағысы жай өзендердегі суды көк-жасыл түске бояп, сүйкімсіз иіс шығарады.

Көпшілік авторлар стигонемалықтар қатарының кейбір өкілдерінің регрессивтік дамуының нәтижесінде осцилляториялықтармен ностоктар шыққан дейді. Ал стигонемалықтардың өзі хамесифондықтардан шығуы мүмкін деседі.

Хамесифонды балдырлар құрылыстары және дамуы жағынан хроококтылар мен гормогониялы балдырлардың арасынан орын алады. Көпшілік белгілері жағынан хроококтыларға жақын тұрады. Соған байланысты бұрьш хроококтылармен бір таксонға біріктіретін-ді. Алайда, төсемікке бекініп тіршілік етуіне байланысты, клетка формаларының жоғарғы және төменгі жағына бөлінуі, оның айырмашылығының болуы, клеткалы формаларға қарай дамуы, бұларды жеке таксон ретінде қарауға мүмкіндік береді. Бірақ мұндай көзқарасты барлық зерттеушілер қолдамайды.

ІІ тарау. Диатомды балдырлар

Жалпы сипаттамасы. Атына байланысты бұл бөлімге көбінесе таяқша пішінді, бір клеткалы және қауымды, кішкентай, микроскопты, күрделі коккоид құрылымды организмдер жатады. Диатомды балдырлардың клеткалары дөңгелек, үшбұрышты, сопақ, трапеция, күпшек, цилиндр және т. б. пішінді болып келеді. Басқа балдырлардан клетка құрылыстарының ерекшеліктері арқылы айырылады. Клетканы тікелей жұқа, структурасыз пектинді қабық, ал оның сыртынан кремнеземнен құралған мөлдір жақтаулы берік сауыт қаптап жатады. Олар бір-біріне тығыз еніп жатқан қақпақты сауыт сияқты. Сауыттың құрылысы мен формасы және білік пен симметрия жазықтығының бір-біріне байланысы диатомды балдырлардың классификациясының негізі болып есептеледі. Кремнеземді жақтаулары клетканың тіршілік әрекетінің нәтижесінде құралады. Клетка сауыттары бір-біріне еніп жататын екі жақтаудан тұрады. Жақтаудың уақ тесіктері арқылы протопласт өзін қоршаған ортамен қарым-қатынаста болады. Оның үлкенін эпитека, кішкенесін гипотека деп атайды. Эпитека дөңес не тегіс жақтаудан - эпивальвадан және белдеу шеңбері - эпицингивальвадан тұрады, гипотека да құрылысы жағынан эпитека сияқты гиповальва мен шпоцингивальвалы. Кейде жақтауға параллель септа деп аталатын клетканы жартылай бөлетін кремнилі перде пайда болады.

Сауыттың симметриялы құрылымды болуына байланысты бойлай, көлденең және орталық білікті сызықтар жүргізуге болады. Сол сызықтардың ұзындықтары арқылы оның биіктігін, ұзындығын, енін анықтайды. Егер сауыт ортасынан бір жазықтықта тең бөлінетіндей етіп үштен артық сызық жүргізуге болса, оны симметриялы сауыт дейді. Ал, екі ғана сызық жүргізуге болса, ондай сауытты бисимметриялы, бір ғана сызық жүргізілсе - моносимметриялы деп атайды. Жақтау негізінен актикоморфты және зигоморфты болып екіге бөлінеді. Актиноморфты жақтау арқылы үштен артық сызықтар жүргізуге болады және ондай жақтаулар дөңгелек, үшбұрышты, көпбұрышты келеді. Оған центрикалық диатомдылар жатады. Зигоморфты жақтаулар арқылы екіден артық бір жазықтықта сызықтар жүргізіп, тек бөлікке бөлуге болмайды. Оған бисимметриялы, моносимметриялы сауыттары бар пенатталар класының өкілдері жатады. Зигоморфты жақтаудың ішінде ұштары біркелкілері - изопольдылары, ұштары әр түрлі гетеропольдыларға қарағанда көп болады. Жақтаудың ұштары сына пішінді, тұмсық тәрізді, үшкір, тоқал, созыңқы болып келеді.

Көпшілік пеннаталардың сауытында екінші жағынан шығатын саңылаулы тігістері болады. Тігістердің құрылысы, формасы, ұзындығы әр түрлі. Ол екі жақтауда да не бір жақтауда орналасуы мүмкін. Клетканың формасы оның орналасу жағдайына байланысты. Клетка жақтау жағынан бір көрініс көрсетсе, белдеу жағынан екінші бір көрініс көрсетеді. Жақтауларында таксономикалық белгілерін анықтайтын әр түрлі арнаулы элементгері болады. Көпшілік диатомды балдырлардан бұл арнаулы белгілерді микроскоп арқылы байқалынады.

2. 1 Центрикалылар - Centrophyceae диатомдылар класы

Диатомдыларға 1-нан астам түрлер жатады, оларды клетка құрылысына, хлоропласты санына, оның орналасуына, сауыттарының кұрылысына қарай центрикалылар (Centrophyceae) және пеннатталар (Pennatophyceae) болып екі класқа бөлінеді.

Бұл класқа бір клеткалы және қауымды, радиалды құрылымды организмдер жатады. Сауытының формасы дөңгелек, цилиңдр, шар, линза, эллипс, күбі және тағы басқа пішінді болып келеді. Жақтауларының көрінісі дөңгелек, үш бұрышты, көп бұрышты, жоғарғы жағы тегіс не дөңес, не толқын тәрізді. Жақтауларында әр түрлі ірілі, уақты өсіңділері болады, олар клеткаға белгілі пішін де береді. Клетканың ұшындағы өсінділері арқылы бір-бірімен байланысып кейбіреулері қауым құрайды. Қауымдар әр түрлі формалы, тізбектеліп келеді. Жақтауларында тігістері болмайды, сондықтан олар вегетативтік уақытында қозғалмайды. Көпшіліктерінің клеткаларында көптеген уақ дән тәрізді хлоропластары болады. Кейбіреулерінде хлоропластары пластинка пішінді бір не бірнешеу. Центрикалық диатомдылар көбінесе теңіз суларында және тұщы суларда, топырақта тараған. Сауытының формасына және жақтауларының көрінісіне қарай бұл класс 2 қатарға бөлінеді.

Дискоидалықтар - Discoidales қатарына бір клеткалы, қауымды, радиалды құрылымды организмдер жатады. Сауыты диско, линза, эллипсоид, қысқа цилиндр пішінді. Жақтаулары дөңгелек, сирек сопақ келеді. Онда көбінесе радиалды орналасқан уақ, жіңішке сызықтары мен қабырғашықтары, тесіктері және нүктелері болады. Кейде жақтауларының түтікті өсінділері, уақ тікенешелері, қылтанақтары мен әр түрлі өсінділері болады. Бұл қатар косцинодискалылар, актанодискалылар, аулакодискалылар болып үш қатар тармағын бөлінеді.

Жақтауларының көрінісі деңгелек, сопақ әр түрлі бейнелі, түтікті өсінділері бар қабырғашықты және ареалды келеді. Басты өкілдерінің бірі тұщы, ащы және теңіз суында бентос түрінде тіршілік ететін бір клеткалы, өте сирек, бос, үзіліп кететін тізбекті қауым құрайтын циклотелла (Cyclotella) . Клетка сауыты кішкене, аласа, дөңгелек, белдеу жағынан машина баллонына, жақтау жағынан радиалды сызықтары бар дискаға ұқсайды. Клетканың уақ хлоропластары клетканың жақтау жағына қарай орналасқан. Клетканың ортаңғы бөлімін клетка шырынына толы вакуоля алып жатады. Онда жан-жағын цитоплазма қоршаған ядросы орналасқан. Цитоплазмадан клетканың қабырғалық қабатына қарай вакуоляны тесіп, цитоплазма жіпшелері кетеді. Косцинодискус - Coscinodiscus жалпы пішіні жағынан циклотеллаға. ұқсас, одан айырмашылығы жақтауларында радиальды не ретсіз орналасқан нүктелері болады. Тұщы суларда да кездеседі. Стефанодискус - Stephanodiscus туысы тұщы суларда және ащы бөгеттерде тіршілік ететін бір клеткалы не қауымды организм. Сауыты қысқа цилиндрлі. Жақтаулары дөңгелек, жалпақ не толқынды келеді. Жақтауларының шеттерінде қысқа өсінділері болады. Мелозира - Melosira туысы жіптесінді қауым, цилиндр немесе күбі пішінді клеткалары бір-бірімен жақтаулары арқылы тығыз байланысып орналасады. Жақтаулары жалпақ. Клеткада бірнеше қалақты, шеттері тілімделген хлоропластары болады. Ядросы қабырғалық қабатқа қарай орналасқан. Тұщы суларда және теңізде мол тараған организм.

2. 2 Пеннатталар - pennatophyceae класы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көк жасыл балдырлардың мутуалистік типтері
Көк-жасыл балдырлар бөлімінің морфологиясы, көбеюі, таралуы, экологоясы
Балдырлар классы
Балдырлардың қоршаған ортадағы орны мен маңызы
Көк – жасыл балдырлар туралы ақпарат
Балдырларға жалпы сипаттама
Балдырлардың экологиясының негізгі белгілері. табиғатта және адам өміріндегі маңызы
Балдырлардың формалары жіп тәрізді және талломды
Көк-жасыл, қоңыр және жасыл балдырлар
Мырзакөлсор сужинағышының балдырларының түрлік құрамы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz