Бюджеттік тапшылықтарды қаржыландыру көздері



Мазмұны
Кіріспе 3

1 тарау. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні 5
1.1 Мемлекеттік бюджеттің мәні мен маңызы 5
1.2 Бюджетті құру қағидалары 7
1.3 Бюджет балансы 9

2 тарау. Бюджеттік тапшылықтарды қаржыландыру көздері 13
2.1 Мемлекеттік бюджеттің түсімдер мен шығыстарын жіктеу 13
2.2 Бюджет тапшылығы және оны қаржыландыру көздері 21
2.3 Бюджет тапшылығы және оны шешу тәсілдері 23

Қорытынды 29
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 31

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе 3

1 тарау. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні 5
1.1 Мемлекеттік бюджеттің мәні мен маңызы 5
1.2 Бюджетті құру қағидалары 7
1.3 Бюджет балансы 9

2 тарау. Бюджеттік тапшылықтарды қаржыландыру көздері 13

2.1 Мемлекеттік бюджеттің түсімдер мен шығыстарын жіктеу 13
2.2 Бюджет тапшылығы және оны қаржыландыру көздері 21
2.3 Бюджет тапшылығы және оны шешу тәсілдері 23

Қорытынды 29

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 31

Кіріспе

Экономиканың дамуы көбінесе мемлекеттің қаржы жүйесінің жағдайына
байланысты. Мемлекеттің дамуындағы қаржылық, несиелік, бюджттік қарым-
қатынастың рөлі, орны және мәні өте маңызды екені белгілі, себебі жалпы
ішкі өнімнің өсу қарқыны, жұмыссыздық пен инфляцияның деңгейі, валюталық
курс және басқа да макроэкономикалық көрсеткіштердің оңтайлық деңгейіне
жету осы қарым-қатыныстардың ахуалына тәуелді.
Қазақстан Республикасында экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін
қазіргі кезеңге дейін нарықтық экономика аумағындағы жинақталған жалпы
қаржы қарым-қатынасының, оның ішінде бюджеттік қарым-қатынасының даму
тәжірибелерін біліп, дұрыс пайдалану қажет.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының бүкіл қаржы жүйесін
реформалау, оның негізгі тармағы - бюджеттік жүйені күрделі түрде қайта
құруын мәжбүр етті. Сол реформалаудың логикалық жалғасы - ол жаңа бюджеттік
заңнама жасау және қабылдау. Нәтижесінде, 2004 жылы көкек айының 24
жұлдызында Қазақстан Республикасының жаңа Бюджеттік кодексі қабылданып,
2005 жылы қаңтар айының 1 жұлдызында қолдануға енгізілді.
Жаңа Бюджеттік кодекстің ережелері біздің республикамыздың бүгінгі
күнгі қаржылық қарым-қатынас пен жалпы бюджеттік саясаттың даму жағдайын
көрсетеді. Кодексте бюджеттік процеске қатынасушылардың барлық іс-
әрекеттерінің тәртібі мен ережелері толық және жан-жағынан жазылып
дәлелденген. Бұл бірыңғай құжатта мемлекеттің міндеттемелері мен
функцияларын орындауға арналған ақша қаражаттарын қалыптастыру мен оларды
жұмсау процестері толығымен анықталған.
Курстық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесінің
мәні мен мазмұнын ашып бюджет тапшылығының қаржыландыру көздерін ашу болып
табылады. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін келесідей міндеттер қойылды:
- Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәнін айқындау;
- Бюджетті құру принциптерін сипаттау;
- Бюджет балансының мәнін ашу;
- Бюджет тапшылығы мен оны қаржыландыру көздерін көрсету;
- Мемлекеттік бюджеттің тапшылығын шешу жолдарын ұсыну.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланған
әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 тарау. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні

1.1 Мемлекеттік бюджеттің мәні мен маңызы

Бюджет — ол жалпы қаржы категорияға қарағанда бөлек, ерекше тұрған
экономикалық категория. Оның қаржыдан ерекшелігі тек қана абстракцияның
басқа деңгейі мен қаржылық байланыстың әр түрлі дәрежеде болуына
байланысты. Сондықтан, көптеген қаржылық байланыстардың ішінде бір-бірінен
ерекше тұратын бөлек арнайы салаларды бөліп шығаруға болады. Сондай бір
ерекше байланыс қоғамдық құндылық өнім бөлу аумағында мемлекет пен заңды
және жеке тұлғалар арасындағы қаржылық қарым-қатынас болып табылады. Бұндай
каржылық қарым-қатынастың жалпы белгісі, біріншіден, олар мемлекеттің
қатысуымен болатын құндылық бөлу процесінде орын алуы, екіншіден, жалпы
мемлекеттік функцияларды атқаруға арналған орталықтандырылған ақша
қаражаттар қорын калыптастыру мен пайдалануына байланысты. Осындай барлық
қаржылық қарым-қатынас мемлекеттік бюджет деген түсініктің экономикалық
мазмұнын құрады.
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 4-бабында бюджетке
келесідей түсінік берілген: Бюджет - ол мемлекеттің міндеттері мен
функцияларын іске асыруын қаржылық қамтамасыз етуге арналған оның
орталықтандырылған ақша қоры. Бюджеттің формасы - қаржылық жоспар,
материалдық негізі - орталықтандырылған қор, экономикалық негізі - жалпы
экономикалық қарым-қатынас, заңнамалық белсендіруі - заң.
Бюджет әр мемлекетке өзінің экономикалық, әлеуметтік және саясаттық
функцияларын орындауға объективтік ақшалай түрде қажетті. Бюджет қай
мемлекеттікі болмаса да мазмұндары бірыңғай категориялардан қалыптасады,
яғни салық, займдар, шығын және тағы басқалары, сонымен қатар олар бір
қоғамдық-экономикалык формациадан басқа формацияға ауысса да өздерінің
мазмұнын өзгерпейді. Дәл осы ұғым бюджетті экономикалық категория деп
дәлелдейді. Сондықтан, бюджеттің экономикалық түбі басқа да экономикалық
категорияларға сай ақша түріндегі және соған сәйкес материалды негізі бар
өндірістік қарым-қатынаста жатыр.
Бюджет қаржы жүйесінің орталық тізбегі болғандықтан, ол сол қаржының
барлық негізгі, сапалы сипаттамаларына сай. Басқаша айтқанда, егерде
қаржы жалпы ақша қарым-катынас жүйесі болса, яғни мемлекеттік
орталықтандырылған ақша қорын қалыптастыру және пайдалану процесі, онда
бюджет өз алдына ақша қарым-қатынас жүйесін құрады, яғни бюджеттік қорды
қалыптастыру және пайдалану процесі. Бюджеттік қор көптеген қоғамдық
қажеттілік шығындарды (әлеуметтік, қорғаныс, т.б.) қаржыландыруға арналған
орталықтандырылған ақша қоры.
Экономикалық әдебиет (заңдар, монографиялар, окулықтар, ғылыми
мақалалар) беттерінде бюджет термині әр түрлі ұғымда пайдаланады, мысалы,
ақша қаражаттарының кірісі мен шығысы формасында немесе ақша қаражаттарының
негізгі орталықтандырылған қоры ретінде. Осыған қоса, әдебиетте мемлекеттік
бюджетке тағы да келесідей анықтама берілген: бюджет - ол қаржылық жоспар;
бюджет - ол басқарушылық жоспар; бюджет - ол заңнамалық құжат; бюджет - ол
коммуникация құралы; бюджет - ол бюджеттік салық саясатты дәлелдейтін құжат
деген. Бірақ, бюджеттік салық саясатының мазмұны өте кең, себебі оған
мемлекеттік басқару органдарының негізгі функциялары, мемлекеттің
әлеуметтік-экономикалық дамуы мен фискалдық саясаттың көрсеткіштері,
бюджеттің көрсеткіштері тағы басқа көрсеткіштер мен ережелер кіреді.
Бюджет деген көптеген ұғымға сүйене отырып, ол келесідей
түсініктемелерден қалыптасады деп айтуға болады:
• ол өз алдында жеке бір экономикалық категория;
• ол мемлекеттің ақша қаражаттарының орталықтандырылған қоры;
• ол экономиканы реттеуге арналған құрал (бюджеттік механизм арқылы);
• ол мемлекеттің негізгі қаржы жоспары;
• ол барлық бюджеттік қарым-қатынасқа қатысушылар міндетті түрде
орындайтын заң.
Бюджет экономикалық қарым-қатынасқа негізделгендіктен объективтік
түрде сипатталады. Өз алды бюджеттік сала болуы адамзаттың субъективтік
пікіріне байланысты емес, ең алдымен ол қоғамдық өндірістің дамуына керекті
орталықтандырылған ресурстарға, мемлекеттің табиғаты мен функцияларынан
туатын объективтік қажеттілікке байланысты. Ақша қаражаттары ресурстарын
орталықтандырудың экономикалық және саясаттық мәні өте зор, себебі олар
мемлекеттің жоспарлаған шараларын іске асырудың негізгі құралы, біріккен
экономикалық және қаржылық саясатты жүргізуге қажет болып табылады.
Сондықтан, Бюджет кодексінде мемлекеттік бюджетке мынадай түсінік
берілген - ол республикалық және жергілікгі бюджеттердің арасындағы қарама-
қарсы өтеу операцияларын есептемегенде сараптамалық ақпарат ретінде
пайдаланатын және бекітуге жатпайтын қосындысын құрайтын жалпы бюджет.
Сонымен қатар, мемлекеттік бюджет термині - мемлекет құрастыратын және
басқаратын орталықтандырылған бюджеттік қор мағынасында да пайдаланады.
Бүгінгі күнгі мемлекеттің бюджеті қаржылық қарым-қатынастағы әр түрлі
қатысушылардың әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қалыптастыратын күрделі
және көп міндет атқаратын құрал. Бюджет арқылы орталық пен аймақтар
арасындағы әлеуметтік шығындар мен салық бөлу, еңбекақы мен кіріс жөніндегі
ымыраға (компромисс) келеді, бюджеттік дотациялар мен трансфертер бөлу
арқылы мемлекет орталық және жергілікті мүдделерді қалыптастырып іске
асырады. Ал бюджет экономикалық құжат ретінде қоғамның саясаттык және
әлеуметтік дамуын көрсетеді.

1.2 Бюджетті құру қағидалары

Мемлекеттiк бюджет бiртұтастық толықтық, нақтылық, жариялылық
принциптерiне негiзделедi.
Бiртұтастық принципi бюджет жүйесiнiң ұйымдық, экономикалық
орталықтандыру дәрежесiн бiлдiредi. Бұл принцип бұрыңғы КСРО бюджет
жүйесiнде неғұрлым айқын аңғарылатын. Қазiргi уақытта жергiлiктi
органдардың дербестiк алып, оларға қаржы ресурстарын пайдалану жөнiнде
бiршама құқықтар берiлуiне байланысты әлсiреп отыр.
Бiртұтастық мемлекетте бiрiңғай бюджет жүйесiнiң, елдiң аумағында
әрекет ететiн мемлекеттiк табыстардың жалпы жүйесiнiң өмiр сүруiне,
мемлекеттiк шығындардың бiркелкiлiгiнде қаржы құжаттың, бюджет
жiктемесiнiң бiрлiгiнде көрiнедi. Бұл принцип бюджеттi жоспарлаудың
әдiстерi мен ұйымдастыруының бiрiңғайлылығын, оның әлеуметтiк экономикалық
болжаммен өзара байланысыны қамтамасыз етедi. Бюджеттiң бiртұтастығы
принципiнiң мiндетi парламент тарапынан бюджет қаржысы қозғалысына
бақылау орнату.
Толықтық принципi үкiметтiң барлық қаржы операцияның барлық
жиналатын кiрiстер мен жұмсалатын шығындардың бюджетте шоғырландырып,
мемлекеттiң барлық түсiмдерi мен шығындары әрбiр бапта ескерiлетiн
бiлдiредi. Қазiргі уақытта бұл принцип iс жүзiнде қолданбайды. Өйткенi
бюджеттi арнайы шығыстармен былықтыру жөнсiз деп саналады. Сондықтан
соңғы кезде мемлекеттiк бюджеттен мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандырудың
дербес бюджетi бөлiп шығарылды. Қаржының едәуiр бөлiгi арнайы бюджеттен
тыс қорлар бойынша жүредi. (зейнетақы, жұмыспен қамту, жәрдемдесу, жол,
әлеуметтiк сақтандыру және т.б.). Бұдан басқа “Қазақстан Республикасының
бюджет жүйесi туралы” заңға сәйкес бюджетте қарастырылмаған аса маңызды
шараларды қаржыландыру үшiн немесе белгiлi бiр мақсаттарға қаржы жетпесе,
ағымдағы бюджеттiң орындалуы ескерiлiп, қосымша бюджет құрылады. Оны
мемлекеттiк өкiмет пен басқарудың жоғарғы органдарына қарап бекiтiледi.
Нақтылық принципi бюджет жазбаларының жалғандығын болдырмау үшiн
қажет, ол бюджетте мемлекеттiң қаржы операцияларының нақты көрiнуiн,
бекiтiлген солардың сәйкес келуiн қарастырылады. Мұнда нақтылық даму
болжамдары, бағдарламаларды көрсетуiне негiзделiп, бюджет резервтерiмен
нығайтылған барлық кiрiстер көздерi мен шығыстар бағыттары есептеулерiнiң
негiздемелерiне қарай анықталады.
Жариялық принципi бюджеттiң кiрiстерi мен шығыстары туралы
мәлiметтердi жұртшылықты бюджеттiң құрамы және құрылымымен, тапшылық
көлемiмен және оны жабудың әдiстерiмен (шығындарын қысқарту кiрiстердi
көбейту, заемдар және басқалар) таныстыру үшiн баспа сөзде жариялау
талабын бiлдiредi.
Мемлекеттiк бюджет экономиканы мемлекеттiк реттеудiң аса маңызды
құралы болып табылады.Өйткенi,бюджеттiң теңестiрiлгендiгi халық шаруашылығы
тепе-теңдiгi мен пропорцияны дамуының ең басты және айқындаушы өлшемi
болады. Мемлекеттiк бюджет елдiң негiзгi қаржы жоспары, қаржы жүйесiнiң
орталық буыны. Оның басты мақсаты қаржы құралдарының көмегiмен
экономиканың тиiмдi дамуы және жалпы мемлекеттiк мiндеттердi шешу үшiн
жағдай жасау.

1.3 Бюджет балансы

Әрбiр бюджетте кiрiс және шығыс бөлiктерiнiң теңестiрiлуi, яғни тепе-
теңдiкте келтiрiлуi тиiс болады. Бюджеттi жасаған кезде ақшалай
түсiмдер мен мемлекет шығындарының тепе-теңдiгiне жету негiзгi мәселе
болып табылады. Ол мемлекеттiк борышты қайтаруға жұмсалуы немесе бюджет
қаражатының бос қалдығын құрауы мүмкiн. Бұл қаржы бюджет кезеңi аяқталған
соң министрлер кабинетiнiң және жергiлiктi өкiлеттi, атқарушы
органдарының банктердегi арнайы шот есебiне аударылады да, кассадағы
қолма-қол ақша айналымын өсiруге пайдаланады. Сонан кейiн мемлекеттiк
борыштарды өтеуге жұмсалады. Мұндай қажеттiлiк тумаса, шешiмдi тиiстi
билiк жүргiзушi органдар жүргiзедi. Шығыстардың кiрiстерден асып кетуi
мемлекеттiк бюджеттiң тапшылығын тудырады. Зор көлемде ұдайы тапшылық орын
алса, қаржының дағдарысы ұшырағаны. елджегi ЖҰӨ-нiң 2-3% көлемiнде
бюджет тапшылығы қалыпты деңгей деп саналады. Мұндайда тапшылық
мемлекеттiк заемдар немес қағаз ақша шығарту арқылы жойылады. Бұл шаралар
тапшылық тым өсiп кеткен жағдайда тиiмсiз. Мұның өзi инфляцияның тыс
қарқын алып, ақша айналымы заңдарының бұзылуына, ақшаның құнсыздануына
халықтың тұрмыс деңгейiнiң төмендеуiне апарып соғады.
Сонда бюджет саясатының аса маңызды мiндетi бюджет тепе-теңдiгiне
жету болып табылады немесе бiр жағынан салықтың экономика жағынан
негiзделген деңгейiн белгiлеу, экономика дамуының нақты жағдайына сай
келетiн салықтардың ұтымды құрамы есебiнен бюджеттiң тапшылығын барынша
азайту екiншi жағынан кiрiс көздерiнiң мүмкiн болатын көлемi шегiнде
шығыстарды анықтау немесе қалыптасқан дәстүрлi бағыттар мен шығындарды
шектеу.
Бюджеттiң табысы кәсiпорын табысына салып сатудан түскен табысқа
салық жергiлiктi салық сыртқы экономикалық қызметiн табыс, рента
төлемдерi, салықсыз табыс, табыс салығы, су қорының құрамы және т.б.
Бюджеттiң шығысы экономиканы, қоғамдық мәдени бағдарламаны,
қорғанысты басқаруды, мақсатты бағдарламаны қаржыландыру, несие және
басқа мемлекеттерге көмек.
Мемлекеттiк бюджеттiң 2 жағдайы:
1. Әдеттегi қарапайым, егер шығыс табысқа тең болса,
2. Тапшылықты, егер шығыс табыстан жоғары болса.
Бiз бүгiнгi таңда еңбекшiлердiң мүдделерiн қозғай, мемлекеттiк
бюджеттi теңестiруге қаншама әрекет жасасақ та, оны iстеу мүмкiн емес.
Ал мұның өзi болашақта нақты көп шығындардың жасалуына жол бермеу үшiн
бюджет тапшылығын едәуiр қысқартуды нақты қамтамасыз ете алатын, көп
тарамаған парасатты шаралардың (әлеуметтiк шараларға қарсы) бәрiн қолдану
керек.
Мемлекеттiк бюджеттiң теңгерiлiмдiлiгi проблемасы бұрыңғы КСРО-дан
тараған тәуелсiз мемлекеттер үшiн бәрiнен де актуалды болып отыр. Ең
алдымен тәуелсiз республикамыздағы өндiрiстiң салааралық құрылымын
әртүрлi, мұның өзi мүмкiндiк бюджеттерге түсетiн түсiм баптарына ықпал
етедi. оның үстiне тәуелсiз мемлекеттердiң бұрыңғы КСРО қарыздарын
төлеуiне тура келедi. Тәуелсiз мемлекеттердiң мемлекеттiк бюджет тұңғыш
рет дербес қалыптастыруды керек болып отыр. мәселе мынада: 1981 жылға
дейiн одақтас республикалардың мемлекеттiк бюджеттерi КСРО мемлекеттiк
бюджетiнiң құрамына енiп келдi. Мұндай жүйе бұрыңғы елiмiзде ол КСРО
конституциясында заң жүзiнде баянды етiлген 1924 жылдан бастап өмiр
сүрген едi. Одақтас республикалар мен жергiлiктi кеңестердiң бюджеттiк
құқықтары. КСРО конститутциясының және одақтас республикалар
конститутциялары мен, КСР одағының және одақтас республикалардың бюджеттiк
құқықтары туралы КСРО заңымен және одақтас және автономиялы
республикалардың, сондай-ақ халық депутаттары жергiлiктi кеңестерiнiң
бюджеттiк құқықтары туралы әрбiр одақтас республикада қабылданған заңдар
мен реттеледi. Бұл заң актiлерiмен мыналар белгiлендi: одақтас
республикалар бюджетiң, республикалық және жергiлiктi бюджеттiң кiрiстерi
мен шығыстарының құрамы; жергiлiктi бюджеттiң түрлерi арасындағы кiрiстер
мен шығыстардың аражiгiн ажырату тәртiбi; бұл бюджеттiң жасалу; қаралу
бекiтiлу және олардың атқарылуы туралы негiзгi ережелер; кәсiпорындардың
ұйымдар мен мекемелердiң бюджетпен өзара қатынастары, сондай-ақ Одақ,
республикалар және басқа да әкiмшiлiк шаруашылық өлшемдер арасындағы
бюджеттiк өзара қатынастар.
Одақтас ребпубликалар өз бюджеттерiн бекiткен кезде кiрiстерiң
жекелеген көздерi бойынша түсiмдердiң мөлшерiн және шығыстардың халық
шаруашылығы, әлеуметтiк мәдени шараларды басқаруды және т.б.
қаржыландыруға бағытталуын белгiлейтiн қажет болған жағдайда олар
кiрiстер мен шығыстардың жалпы сомасын көбейте алатын, бiрақ ел
бюджетiнде жалпы одақтың кiрiстер мен салықтардан бөлiнетiн қаржының
республикалар үшiн белгiленген мөлшерiн өзгерiссiз қалдыратын. Одақтас
республикалардың мемлекеттiк бюджеттерiне мынадай кiрiстер.
Республикалардың және жергiлiктi бағыныстағы кәсiпорындар мен шаруашылық
ұйымдардан пайдадан төлейтiн төлемдер және басқа да түсiмдер, ал 1998
жылдан бастап одақтың бағысындағы кәсiпорындар төлемдерiнiң бiр бөлiгi,
орман кiрiсi, колхоздардан, кооперативтiк және басқа да қоғамдық
ұйымдардан табыс, ауыл шаруашылығының салығы, жұмысшылар мен
қызметкерлердiң табыс салығынан төленетiн қаржылар және т.б. түсiп
отырады. Республикалардың ең басты мәселелерi ретiнде жарияланған
экономикалық тәуелсiздiгi дегенiмiз - әрбiр республиканың қаржы
дербестiлiгi мен берiп қаржы базасын нығайту. Бұл түсiнiктi де, өйткенi
қаржы жағынан тәуелдi болып отырғанда, шын мәнiнде егемендi болу мүмкiн
емес. Сонда экономикалық егемендiктiң қаржы жағы түптi және айқындаушы
нәрсе деп те айтуға болады. Әрине, өзiнiң қаржы ресурсы болмайынша
(немесе оларды басқа жақтан алып отырғанда), республиканы дербес
экономикалық шешiмдер қабылдайды деп шын мәнiнде сөз өтеуге де
болмайды. Қазiргi уақытта республикада қаржы бюджеттерiн қалыптастыру
көздерiн айқындап, олардың тапшылығын жою жөнiндегi шаралар белгiленген
салық салу туралы заңдар қабылдап, мұның өзi олардың егемендiгiн
нығайтудағы маңызды қадам болып табылады.

2 тарау. Бюджеттік тапшылықтарды қаржыландыру көздері

2.1 Мемлекеттік бюджеттің түсімдер мен шығыстарын жіктеу

Бюджеттерді құрастыру мен атқару олардың нысанды тағайындауына сәйкес
болуы үшін кірістердің қайнар көздерін регламентациялауы және бюджеттік
қаражаттарды бюджетте қарастырылған шығындар көлемі мен бағыттарына сәйкес
жұмсалуы тиіс. Кірістердің қайнар көздері мен бюджеттік ақша бөлу
бағыттарын регламенттеу - ол бюджет құрастыру мен атқарудың міндетті шарты.
Бұл шарт кірістер мен шығындарды топтау арқы-лы, яғни кірістерді формалар
мен түрлері бойынша, ал шығындарды шаралар мен нысанды тағайындары бойынша
біріктіру жолымен іске асырылады. Мұндай кірістер мен шығындарды топтастыру
бюджеттік жіктеу деп аталады. Бюджеттік жіктеу бюджеттен нысанды
қаржыландыру, бюджеттік қаражаттар пайдалануына қаржылық бақылау және
бюджеттік тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуге мүмкіншілік береді.
Бюджеттік жіктеудің негізі болып әлеуметті-экономикалық, ведомствалық
және аумақтық белгілері бойынша кірістердің қалыптастыру мен құжаттардың
жұмсалатын бағыттары және олардың құрамы мен құрылымын көрсететін
көрсеткіштер топтауы табылады. Бюджеттің кірістері мен шығындарының, оның
тапшылығын өтейтін кайнар көздерінің мұндай топтастыруы бюджетті құрастыру
мен атқаруда пайдаланады, барлық деңгейдегі бюджеттер көрсеткіштерінің
салыстырмалығын қамтамасыз етеді және бюджеттік процеске ақпараттық
технологиялар енгізуге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасында бюджеттік процесс бюджеттердің барлық
деңгейлеріне бірдей және міндетті бірыңғай бюджеттік жіктеу негізінде іске
асырылады. Бюджеттік кодексте берілген анықтамаға сәйкес бірыңғай бюджеттік
жіктеу — ол бюджеттің кірістері мен шығындарының функционалды, ведомствалық
және экономикалық сипаттамалар бойынша және бюджеттің жіктеу объектілеріне
анықтамалық атаулар мен топтастырулық код бекітілген міндеттілік
топтастыру. Бірыңғай бюджеттік жіктеу бюджет түсімдерінің жіктеуі мен
бюджет шығындарының функционалдық және экономикалық жіктеуінен тұрады.
Бюджет жіктеуін құру принциптері бюджеттің кірістері мен шығындарының
экономикалық мазмұны, ұлттық экономиканың құрылымы мен басқару жүйемен
дәлелденеді. Кірістердің қайнар көздерін топтастыру мен бюджет шығындарының
мақсаттарын анықтаудың негізгі мәні ең алдымен мұндай реттемелеу барлық
бюджеттік процестің әрекеті мен тиімділігінің және қаржылық бақылаудың
міндетті шарты арқылы қорытылады. Осыған байланысты бюджеттік жіктеу айқын
және анық болуға және де кірістердің экономикалық, ведомствалық, аумақтық
қалыптасуы мен бюджеттік құжаттарды пайдалану бағыттары, олардың құрамы мен
құрылымы жөнінде толық түсінік беруге тиісті.
Бюджеттің кірістері мен шығындарын детализациялау бюджетке кіретін
мәліметтерді тексеру мен салыстыруын, ведомстволар мен мекемелер бойынша
түсімдер мен шығындардың динамикасы мен құрылымын анықтауын қамтамасыз
етеді. Жіктеу бюджеттердің жалпы жиынтығын құруға, оларды талдауға,
бюджетті атқаруы мен нысанды пайдалануын және қаржылық тәртіпті сақтауды
бақылауға мүмкіншілік береді. Тұтас айтқанда бюджеттік жіктеу бюджеттердің
барлық түрлерін құру мен атқарудың біріккен әдістемелік негізі болып
табылады.
Басқарудың жүйесі мен әдістерінің дамуына байланысты бюджеттік жіктеу
де өзгереді және жетілдіріледі. Мысалы, Қазақстан Республикасында 2002
жылдан бастап бюджет ағымдағы бюджет (ағымдағы шығындар) және даму
бюджетіне (күрделі шығындар) бөлінеді. Бюджеттің мұндай формаларда болуы
заңнамалармен мемлекетке жүктелген функциялардың орындауының нақты құнын
бағалауға, елдің әлеуметті-экономикалық дамуына жұмсалған инвестиция
көлемін анықтауға және бюджеттік бағдарламаларды бақылауға мүмкіндік
береді. Сонымен бірге, осы бюджеттер түрлері бойынша анықталған
мәліметтерді басқару жүйесінде пайдалану бюджеттік ақша қаражаттарының
нақты қозғалысын бағалауға және әлеуметті-экономикалық процестерді іске
асыруға уақытымен әсер етуге, бюджеттік ресурстарды қалыптастыру мен жұмсау
жөнінде дәлелді қорытындылар мен ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді.
Түсімдерді жіктеу - ол Бюджеттік кодекс пен басқа да заңнамалық
актілермен анықталған кірістерді қалыптастыратын қайнар көздерін
белгілейтін барлық деңгейдегі бюджеттер кірістерінің топтастыруы. Белгілі
сипаттар бойынша барлық деңгейдегі бюджеттердің барлық түсімдері санаттарға
(категориялар), сыныптарға, ішкі сыныптарға және ерекшеліктерге жіктеледі.
Экономикалық белгілерге байланысты түсімдер санаттар бойынша топтасады,
түсімдердің түрлері мен қайнар көздеріне байланысты сыныптар мен ішкі
сыныптарға бөлінеді, төлем немесе түсімнің түрлеріне байланысты
ерекшеліктер топтарын құрады.
Түсімдердің осы жіктеу топтарына алты таңбадан тұратын топтасулық код
беріледі. Бірінші таңба түсімдердің төлету әдісі бойынша бөлінетін белгісі
арқылы олардың санатын көрсетеді. Мысалы, 1 деген цифр осы бөлімде салықтық
түсімдерге жататын барлық төлем түрлері, 2 - салықтық емес түсімдер, 3 -
негізгі капитал сатудан түскен түсімдер, 4 — ресми трансферт түсімдері, 5 –
берілген бюджеттік несиелер өтеу мен қаржылық активтер сатудан түскен
түсімдер және үкіметтік займдар бар екенінің белгілері.
Келесі екі цифр түсімдердің түрлеріне байланысты сыныптарға бөлінгенін
көрсетеді. Мысалы, 01 - ол табыс салығы, 05 - ол тауарлар, қызметтер мен
жұмыстар бойынша ішкі салықтар және басқалары. Содан кейін төлемнің нақты
түріне байланысты ішкі сыныпты көрсететін бір цифр келеді. Мысалы, 1 - ол
корпоративтік табыс салығы, 2 - акциздер, 3 - табиғаттық және басқа
ресурстарды пайдалану жөніндегі түсімдер мен тағы басқалары. Соңғы екі цифр
төлемнің кайнар көзі мен сол төлемнің нақты төлеушісін көрсететін ерекшелік
белгісі. Мысалы, 01 - ол резиденттер - заңды тұлғалардан корпоративтік
табыс салағы, 02 - ол резидент емес — заңды тұлғалардан корпоративтік табыс
салығы және т.б.
Барлық түсімдер бюджеттер деңгейлері арасында кірістер жіктеуіне
сәйкес бөлінеді. Сондықтан Бюджеттік кодексте бюджеттін әрбір деңгейі
бойынша сәйкестік түсімдер анықталып бекітілген. Мысалы, республикалық
бюджет кірістерінің 1 санаты Салықтық түсімдер бойынша тағайындалған:
01 сынып - Табыс салығы;
1 ішкі сынып - Корпоративтік табыс салығы;
01 ерекшелік - Резиденттер - заңды тұлғалардан корпоратив-тік табыс
салығы (код 101101);
02 ерекшелік - Резидент емес - заңды тұлғалардан корпоративтік табыс
салығы (код 101102) және осылай жалғаса береді;
05 сынып - Тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша ішкі салықтар;
1 ішкі сынып - Қосымша құнға салық;
01 ерекшелік - Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген
тауарлар, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер бойынша косымша
құнға салық (105101);
02 ерекшелік - Ресей Федерация аумағынан шыққан және импортталған
тауарлардан басқа Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар
бойынша қосымша кұнға салық (код 105102);
04 ерекшелік - Резидент емес үшін қосымша қүнға салық (код 105104)
және осылай жалғаса береді;
2 ішкі сынып — Акциздер;
29 ерекшелік - Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген газ
конденсатын қоса шикі мұнай (код 105229);
41 ерекшелік - Қазақстан Республикасының аумағына импортталған
спирттің барлық түрі (код 105241) және осылай жалғаса береді;
3 ішкі сынып - Табиғаттың және басқа да ресурстарды пайдаланғаннан
түскен түсімдер;
02 ерекшелік- Үстеме пайдаға салынатын салық (код 105302);
05 ерекшелік - Бонустар (код 105305);
06 ерекшелік - Роялти (код 105306) және осылай жалғаса бе-реді;
06 сынып - Халықаралық сауда мен сыртқы операциялар бойынша салықтар;
1 ішкі сынып - Кедендік төлемдер;
02 ерекшелік - Сырттан енгізілетін тауарлар бойынша кедендік баж (код
106102) және осылай жалғаса береді;
07 сынып - Басқа да салықтар;
1 ішкі сынып - Басқа да салықтар (код 107109 республикалық бюджет
түсімдері, код 107110 жергілікті бюджет түсімдері).
Бюджеттік жіктеуде осы жоғарыда келтірілген мысалға сәйкес басқа да
түсімдер санаттары бөлінген.
Бюджеттік шығындарды ашықтан-ашық белгілер бойынша жіктеу олардың
экономикалық процестердегі рөлі мен мәнін айқындалуына себепші болады.
Теория мен тәжірбиеде бюджет шығындарын жіктеу бірнеше белгілер арқылы іске
асырылады. Ең алдымен бюджеттік қаражаттарды мемлекеттік басқару деңгейлері
бойынша бөлуіне байланысты шығындардың аумақтық жіктеуін айырады
(республикалық, облыс және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бюджет тапшылығы мен мемлекеттік қарызды жою жолдары
Қазақстан Республикасының мемлекетттік қарызы
Бюджет тапшылығы мен инфляция
Нарықтық экономикадағы мемлекеттің ролі
Жергілікті бюджет. Республикалық бюджет
Мемлекеттiк бюджеттің негізгі мәселелері мен шешу жолдары
Бюджет тапшылығын басқару
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бюджеттің қолданылуы және жұмыс істеу жағдайлары
Республикалық бюджетке түсетін түсімдер
Мемлекеттік бюджеттік жүйе
Пәндер