Ветеринарлық санитарлық объектілерге қойылатын ветеринарлық санитарлық талаптар



Шаруашылықтың қазіргі кездегі дамуы
Негізгі бөлім.
1.Мал шаруашылығына объектілерін салу үшін жер таңдауда қойылатын санитарлық.гигиеналық талаптар.
1.1. Жер таңдау, жергілікті жердің жел өтін ескере отырып, мал қораларын орналастыру технологиясы.
1.2. Тұрғын үй, мал қоралары және басқа да объектілерді салған кезде нормативті арақашықтықтарды ескерудегі санитарлық.гигиеналық талаптар.
2. Ветеринарлық санитарлық объектілерге қойылатын ветеринарлық санитарлық талаптар.
2.1. Қиды шығару , сақтау әдісі және орнын есептеп шығару.
2.2 Өлексенні сою, тасмалдау , өтелдеу.
2.3. Өлексені жағатын, (өртейтін) орын және әдісі .
2.4. Инфекциялық ауруларды болдырмаудың алдың
алу шараларының әдісі мен жүйесі.
3 Малдың азығын дайындау, сақтау және малды азықтандыру кезінде қойылатын ветеринариялық талаптар.
3.1. Ірі, шырынды, дәнді азықтарды санитарлық.гигиеналық тұрғыдан бағалау.
3.2. Азықтандыру кезінде азықтарға қойылатын
санитарлық.гигиеналық талаптар.
3.3. Құнарсыз азықты, рационды дұрыс баланстау, малды азықтандыру технологиясы мен ережесі бұзылғанда кездесетін зат алмасу аурулары.
3.4. Ақырдың құрлысы оны пайдалану тазалау және дезинфекциялау.
4. Су көзіне қойылатын санитарлық.гигиеналық талаптар.
4.1. Су көзін санитарлық.топографиялық зерттеу.
4.2.Судың физикалық қасиетіне жалпы сипаттама (температура,түсіне,дәміне іисіне, мөлдірлігіне және т.б.).
4.3. Судың химиялық құрамына жалпы сипаттама беру (РН,Н,хлорид, сулфат қышқылдары,кермектілігі т.б.).
4.4. Суды биологиялыктұрғыдан бағалау және бактериологиялық зерттеу.
4.5. Суды тазалау және залалсыздандыру әдістері.
5. Малды күтіп.бағу технологиясын ветгигиеналық тұрғыдан бағалау.
5.1. Малды күтіп.бағу жүйесі.
5.2.Қораға және оның көлеміне қойылатын талаптар.
5.3.Мал қораларын микроклимат параметрлеріне қойылатын талаптар.
5.4. Қорадағы ауасын желдетуді, оның ылғалдылығы бойынша есептеп шығару.
5.5. Қорадағы жылу балансын есептеп шығару және теріс жылу балансына қарсы шаралар.
5.6. Малдың аяғын және тұяғын күту.
5.7. Серуен және оның мал организміне тигізетін әсері.
5.8. Індет, жұқпалы емес және құрт ауруларына қарсы профилактикалық жалпы талап (дизинфекция, дезинсекция, дератизация).
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе.
Қай заманда болмасын адам тіршілігінде ірі қара малының орыны өте зор.
Сол себепті дұрыс күтіп-бағу жолдарымен малдың денсаулығын сақтап, оның
өнімділігін арттыру қай шаруашылық болмасын олардың мақсаты. Сондықтан бұл
тарауға ірі қараны ұстап-бағу жүйелері мен күту әдістері толық баяндалып,
олардың жынысына, жасына және пайдалану мақсатына қарай азықтандыру, суару,
сауу, өсіру және бордақылау ерекшеліктері қорытындалған.
Қазақстан Республикасында мал шаруашылығының жетекші салаларының бірі-
ірі қара шаруашылығы. Халықты азық –түлік өнімдерінің негізгі түрлерімен
(ет, сүт және т.б.) қамтамасыз ету осы саланың өркендеуіне тікелей
байланысты. Сондықтан малды күтіп-бағу және ұдайы өсіру жүйелерін жақсарту,
микроклиматты ыңғайлы ету, азықтандырудың гигиеналық жағын жақсарту,
селекциялық тұқым асылдандыру жұмыстарын жетілдіру, шымыр да шыныққан төл
өсіру, яғни тазалығы мен сүт сапасын арттыру басты міндет болып табылады.
Малдың денсаулығы және оның өнімделігі негізінде қоршаған ортаның
факторларының әсеріне тікелей байланысты. Сондықтан қоршаған ортаның
көрсеткіштерін мал организміне қолайлы ету малшылар мен мамандардың басты
міндеті.

Жоспар.
Кіріспе
Шаруашылықтың қазіргі кездегі дамуы
Негізгі бөлім.
1.Мал шаруашылығына объектілерін салу үшін жер таңдауда қойылатын
санитарлық-гигиеналық талаптар.
1.1. Жер таңдау, жергілікті жердің жел өтін ескере отырып, мал қораларын
орналастыру технологиясы.
1.2. Тұрғын үй, мал қоралары және басқа да объектілерді салған кезде
нормативті арақашықтықтарды ескерудегі санитарлық-гигиеналық талаптар.
2. Ветеринарлық санитарлық объектілерге қойылатын ветеринарлық санитарлық
талаптар.
2.1. Қиды шығару , сақтау әдісі және орнын есептеп шығару.
2.2 Өлексенні сою, тасмалдау , өтелдеу.
2.3. Өлексені жағатын, (өртейтін) орын және әдісі .
2.4. Инфекциялық ауруларды болдырмаудың алдың
алу шараларының әдісі мен жүйесі.
3 Малдың азығын дайындау, сақтау және малды азықтандыру кезінде қойылатын
ветеринариялық талаптар.
3.1. Ірі, шырынды, дәнді азықтарды санитарлық-гигиеналық тұрғыдан бағалау.
3.2. Азықтандыру кезінде азықтарға қойылатын
санитарлық-гигиеналық талаптар.
3.3. Құнарсыз азықты, рационды дұрыс баланстау, малды азықтандыру
технологиясы мен ережесі бұзылғанда кездесетін зат алмасу аурулары.
3.4. Ақырдың құрлысы оны пайдалану тазалау және дезинфекциялау.
4. Су көзіне қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар.
4.1. Су көзін санитарлық-топографиялық зерттеу.
4.2.Судың физикалық қасиетіне жалпы сипаттама (температура,түсіне,дәміне
іисіне, мөлдірлігіне және т.б.).
4.3. Судың химиялық құрамына жалпы сипаттама беру (РН,Н,хлорид, сулфат
қышқылдары,кермектілігі т.б.).
4. Суды биологиялыктұрғыдан бағалау және бактериологиялық зерттеу.
5. Суды тазалау және залалсыздандыру әдістері.
4. Малды күтіп-бағу технологиясын ветгигиеналық тұрғыдан бағалау.
5.1. Малды күтіп-бағу жүйесі.
5.2.Қораға және оның көлеміне қойылатын талаптар.
5.3.Мал қораларын микроклимат параметрлеріне қойылатын талаптар.
5.4. Қорадағы ауасын желдетуді, оның ылғалдылығы бойынша есептеп шығару.
5.5. Қорадағы жылу балансын есептеп шығару және теріс жылу балансына қарсы
шаралар.
5.6. Малдың аяғын және тұяғын күту.
5.7. Серуен және оның мал организміне тигізетін әсері.
5.8. Індет, жұқпалы емес және құрт ауруларына қарсы профилактикалық жалпы
талап (дизинфекция, дезинсекция, дератизация).
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Мал шаруашылығына объектілерін салу үшін жер таңдауда қойылатын
санитарлық-гигиеналық талаптар.
1.1. Жер таңдау, жергілікті жердің жел өтін ескере отырып, мал қораларын
орналастыру технологиясы.
Таңдап алған жер құрғақ ,сәл биіктікте, тасқын не нөсерлі жаңбырдан соң
су баспайтын болуға тиіс. Ол жер аймағына күн сәулесі мол түсіп тұруға және
желдетіліп тұратын, сондай-ақ, осындай орында қатты желден, құмды дауылынан
және қарлы бораннан қорғанған болу керек. Ол үшін орман-тоғай маңына
салынғаны немесе айнала ағаш отырғызғаны жөн. Осы аймақта құрылыс салуға
қосымша күш жұмсауды қажет ететін жер бедерінің кедергісі болмауы тиіс.
Топырағы құрылыс салуға қолайлы болғаны жөн. Жер қыртысының құрамы су және
ауа өткізгіш түйіршік топырақты, сүзгіштік қабілеті төмендеу, көк-желек
отырғызуға жарамды болса тіпті жақсы.
Таңдалған жердің топырағындағы дымқыл кемінде 5м тереңдікте болганы жөн.
Сонымен бірге ол жер санитариялық талаптарға сай кемінде 5м,ал су қысымымен
шығатын қабаты 12метрден артық тереңдікте орналасқан және ауыз суы
жеткілікті болуы керек.
Мал шаруашылығы кәсіпорындарындарын салу үшін жер таңдаған кезде оның
табиғи ауа райына да назар аударған жөн. Жер көлемін айқындау мал
фермасының кеңейтілуін және оны мал азығымен қамтамасыз ету мүмкіндігін
ескере отырып жүргізіледі. Жер көлемі сүт өндіру фермаларында әр малға 100-
120м ,сүт –ет өндіру фермаларында 140,оларды бордақылау фермаларында
50,арнаулы шошқа фермаларында160, ал оларды семірту фермаларында 8-9,қой
шаруашылығында -15-20 және 300мыңнан астам құсы бар шаруашылықтарда -0,4-
0,5м болуға тиіс.
Мал шаруашылығы кәсіпорындары тұрғын үйлерден төменгі жақта және олардың
ық жағында орналасады.
Ветеринариялық - санитариялық көзқарас тұрғысынан алғанда құрылыс салу
үшін жерге койылатын басты талап – ол жерде бұрын жұқпалы аурулардың
болмағандығы.
Бұрын мал шаруашылығы не құс шаруашылығы болған, мал өліктері
көмілген, қи сақталған тері өндеу кәсіпорындары орналасқан
жерлергеқұрылыс салуға жол берілмейді. Сол сияқты жарға, сайға, тұйық
аңғарларға, бос қоймаларға, тау етектергі, сондай-ақ санитарлық –
індетті және ветеринарлық қызмет орындары белгіленген мерзімі өтпеген
органикалық және радиоактивті қалдықтармен ластанған жерлерде
жарамсыз.
Мал шаруашылығы объектілері елді мекен жерлерден белгілі бір
қашықтықта орналасуы қажет. Бұл арақашықтық санитакриялық-қорғау
аймағы деп аталады.
Санитариялық – қорғау аймағы мал қораларының қабырғасымен немесе
олардың шарбағымен елді меннің арасындағы территорияны қамтиды.
Бұл аймақтың негізгі міндеті- фермане елді мекенде болатын
жұқпалы аурулардан сақтау әрі мал фермасындағы кейбір зиянды
факторлардан жағымсыз иістер, шаң - тозаң микроорганизмдер және т.
б. елді мекенді сақтау болып табылады. Мал шаруашылығы
кәсіпорындары негізінде елді мекендермен кемінде 3км қалалардан
-5км ал өзендер мен су қоймалардан кемінде 2км қашықтықта
орналасуы керек . Таңдалған жер сонымен қатар, баска фермалар
мен кешендермен бөлек белгілі бір зооветеринариялық ара қашықтықта
болыуы керек . зооветеринариялық ара қашықтық ол әр түрлі
мал шаруашылығы кәсіпорындарының өзара ең ара қашықтығы. Оның
негізгі мақсаты - әр кәсіпорында рда байқалатын жарамсыз зиянды
әсерлеріне бір- біріне таратпау.
Мал шаруашылығы кәсіпорындарының және басқа объектілердің өзара
зооветеринариялық ара қашықтығы шамамен 50-3000 м арасында
ауытқиды . жеке және фермер шаруашылықтарында бір жерге
200 басқа дейін сиыр 1000 басқа дейін шошқа , 600 қой 20 жылқы
10мың құсты ұстауға болады .
1.2. Тұрғын үй, мал қоралары және басқа да объектілерді салған кезде
нормативті арақашықтықтарды ескерудегі санитарлық-гигиеналық талаптар.
Мал шаруашылығы құрлыстарын белгіленген зоогигиеналық норма мен
ветеринариялық - санитариялық талаптарға сай жобалауға , және
пайдалануға бақылауға жасап отыру қажет .
Ауыл шаруашылығы өңдірісінің технологиясы ,ауыл шаруашылық
кәсіпорындарынеың негізін белгілі бір өнім өндірудің технологиясы
құрайды . оның маңызды элементері малды ұстау жағдайы , толық
сапалы азықтандыру және суару режимі , малдың тұқымын жақсарту үшін
белгілі бағыттағы селекциялық жұмыстар жұргізу , микро климатпен
қамтамасыз ету зоотехникалық талаптарды орындау , ветерирарлық жұмыс
жүргізу жүйесі және т. б.
Мал қораларының құрлыстарын оларды жобалаудан басталады.
Құрылыс салу және қалпына келтіру үшін жобалау және зертеу
жұмыстарын қол қойылған келісім негізінде жобалау және зерттеу
ұйымдары жүргізеді . келісім шартта жобалау және зерттеу жұмыстарын
орындау мерзімі мен құны оған қоса келісімде көрсетілген жұмыстар
сметасы заказ берушінің осы жұмыстарды қаржыландыру туралы
аныктамасы және оларды жобалау үшін бастапқы деректерлі беретін
график көрсетілуі керек .
Құрлысты бастамас бұрын нысанды жобалау үшін бөлінген қаржы
есебінен құрлыс салу үшін жбалау - зерттеу жұмыстарының алғашқы
тізімі жасалады .
Кәсіпорының, ғимараттың және басқа құрлыстардың жобасы техникалық
құжаттар жиынтығы болып есептеледі. оған түсініктеме жазбалар ,
кесеіндер мен схемалар экономикалық және техникалық есеп кисаптар
сметалар мен нысанды салып және іске қосуға қажетті басқа да
құжаттар жатады.
Келтірілген цифырлар малдың түрі мен олар бекітілген жылдардың
көрсетеді. Ауылшаруашылық кәсіпорындарын , мал қораларын және басқа
да құрлыстарды жобалау нормаларында мына жағдайлар анықталуы керек
мал мен құстарды ұстау жүйелері , табының мөлшері мен құрлымы , үй –
жайлары мен қора – қоспалардың арнайы тізімдер және құрамымен оларға
қойылатын технологиялык талап , үй , қора жайлар мен басқа да
құрлыстардың алаңы мен көлам мөлшерлері , мал азығымен төсеніштерін
керекті деңгейдегі шамамен мөлшері қажетті су мен оған қойылатын
талап нормалары , мал мен құс көңдерін шығару жүйелеріне
қойылатын талаптар нормативі , мал мен құстардын бөлінетін жылу газ
және бу нормалары , іштегі ауаның ауқымы және қораны жылыту мен
желдету талаптары , қораны табиғи және жасанды жарықтандырудың
номалары , өндірістік процестерді технологиялық жабдықтау және
механикаландыру.

2. Ветеринарлық санитарлық объектілерге қойылатын ветеринарлық санитарлық
талаптар.
2.1. Қиды шығару , сақтау әдісі және орнын есептеп шығару.
Қиды мезгілінде жинаудың және оны қи төккіште дұыс сақтаудың малдың
денсаулығын сақтау үшін аса зор маңызы бар. Қиды дұрыс сақтағанда оның
тыңайтқыштық қабілеті сақталады. Бұл егін шымдылығын арттыруға көмектеседі.
Қиды дұрыс сақтағанда жұқалы және басқада аурулардың таралу мүмкішілігі
азаяды.
Қи төккішті мал қораларынан кем дегенде 100м жерге жасау керек;
Қи төккішті жасайтын орын үйлердің және мал қоралары жанынан соғатын желдің
ық жағында болуы тиіс;
Қи төккіштер мал қораларынан төменгі беткейде және жерінен су
өтпейтін жерде, жауын және көктемгі су жайылатын жерлерден аулақ болуы
керек. Қи төккіштің айналасына ағаш отығызылады.
Қи төккіш жасар алдында ең алдымен еденді тегістеп, бетіне қалыңдығы 20-
30см етіп балшық төсейді. Оның үстіне бір қабат тас қалайды. Алаңның
айналасына ор қазылады. Кең көлемді шаруашылықтарда қи төккішті түбін бір
жағына қарай еңкіштеу жасайды. Еңкіштеген жақтан сұйық көң қабылдағыш құдық
қазылады. Бұған құйылған сұйқ көңді насоспен шашып және мал қораларының
жанында жасалған сұйық көң қабылдағыштағы қи сұйығын қи төккіштегі көңге
қайта – қайта шашып тұрады. Жұқпалы аурумен аурған малдардың қиын бөлек
үйіп өздігінен қыздыру арқылы , зарарсыздандыруға болады. Бұл үшін қи
төккіш жанындағы жерге бір қабат зарарсыз қи, сабан, шымтезек қалыңдығы
25см болып төселеді. Бұндай төсеніш зарарсызданған қиды жерге тигізбеуге,
оның өздігінен қызуын жақсартуға керек болады. Төсеніш үстіне ауру
малдардың қиын қопсытып жоғарғы жағын шошайтыңқырап, биіктігін 1,25м етіп
үйеді. Егер үйілген қи кепсе, қидың әрбір текше метіріне, 2,5шелек су құйып
ылғалдайды. Немесе зарарланбаған қидан қалыңдығы 10см етіп жабады. Оның
үстіне 10см етіп топырақ құяды. Осылайша үйілген қидағы қызудың көтерілуі
жұқпалы аурудың қоздырғыштарының көпшілігін жяды. Зарарсыздандыр мерзімі 6
айдан 1 жылға дейін созылады..
Мал қораларының ішіндегі канализация қоймалжың қиды қораның ішін
тазалағаннан кейінгі су қалдықтарын, малдарды санитарлық тазалықтан
өткізгеннен кейінгі шайыеды суларды шығару үшін керек .
каналлизация құрамына кіретін жабдықтар қоймалжың қи ағатын науа
тік бұрышты ені 30см және тереңдігі 20см дейін, ал оның қи
қабылдаушы траптарға қарай орналасу еңкіштігі кем дегенде 1 пайыз; қи
қабылдайтын және қи ағатын құбырларға қосатын траптар; қи ағатын құбырлар,
олардың орналасу еңкіштігікем дегенде 3 пайыз; түбі қи ағатын құбырдан
төмен тереңдетілген құдыққа орналасқан гидравликалық қақпа; канализация
құбырларын қарауға және оларды тазалауға арналған бақылау құдықтары; қидың
сұйық бөлігі жиналатын жинағыш.
Қорадан қи шығару- мал шаруашылығында өте күрделі жұмыс. Оларды үнемі
немесе ара-тура шығарып тұру керек. Мал қораларынан нәжіс,көң, қиды
механикалық, гидравликалық немесе пнематикалық әдістермен және қолмен
шығарады.
Механикалық әдіс сиыр және шошқа қораларында тиімді. Сиырларды байлап
ұстайтын қораларда қиды шыңжырлы қырғыш ТСН-2, ТСН-3,05, ТСН-160 және Тш-30-
А, Тшпн-2 және басқада транспортерлер арқылы күреп шығарылады. Ал сиырды
тегіс бетонды және торлы еденде байлаусыз бокстарда ұстағанда скреперлі
қондырғылар пайдалынады (УС-10 және УС-15). Сиыр және шошқа
шаруашылықтарында мал серуендеу алаңдарын және сиырды қорада, қалың
төсеніште ұстағанда қиды бульдозерлер арқылы шығарады. УС-10 қондырғылары
негізінде қиды қорадағы көлденең орналасқан каналдармен шығару үшін
қолданады.

Гидравликалық әдіс. Үнемі және ауықауық жұмыс жасайтын әрі қи өзінен-өзі
ағатын жүйе. Қиды бұл әдіспен үзбей шығарғанда-қи каналдың су бетінде
қалқып-жылжуы арқылы біткен жерінде орналасқан алмалы-салмалы табалдырықтан
асып үнемі шығып отырады, ал ауық-ауық шығарғанда- қи арнайы жапқышы бар
қораны бойлай орналасқан каналдарда жиналады және 7-14 күнде шығарылып
отырылады ( каналдардың толуына байланысты). Гидравликалық әдіс ірі шошқа
кешендерінде, едендерінің торлы тесіктері бар сиыр қораларында қолданылады.
Олардағы канал кеңдігі 0,8-1,5м, ал тереңдігі 0,7-1,9м шамасында болуы
тиіс. Мұндай каналмен қысымы бар күбіден ағатын су арқылы қи шығарылады.
Үлкен шаруашылықтарда ірі қараны байлап және байлаусыз торлы еденде күтіп-
баққанда еденнің астында (мал қорада тұрақты ұстағанда) қи жиналатын
траншея жабдықтайды. Ондағы қиды бір рет жаз кезінде тазалайды.
Қоралардағы жиналған қиды қи сақтайтын орынға дейін тасмалдау үшін
әртүрлі құралдар пайданылады: әмбебап грейферлік тиеушілер; өзі аударатын
транспорттық тіркемелер; насостармен пнематикалық транспортерлер (сұйық
қиды сақтағышқа дейін тасмалдағанда).
Көңді өңдеу, сақтау және пайдалану қоршаған ортаны ластанудан қорғау және
адам мен мал денсаулығына қауіпсіз ету мақсатында жүргізіледі. Сұйық көңді
өңдеу құрылғысы мал шаруашылығы мекемесінің қоршауы ішінде орналасуы керек.
Сұйық көңді сақтау, өңдеу қондырғысының территориясы қоршалып, көпжылдық
жасыл ағаштармен қорғалуы керек және жақсы 3,5м енді кіріп шығатын жол
салынады.
Көңсақтағыш конструкциясы, оның сыйымдылығы және орналасу орны көңді
шығару технологиясына, гидрогеологиялық көрсеткіштерге, малды ұстау
әдістеріне және т.б. байланысты.
Көңсақтағыштар мал қора-жайынан 60м кем емес қашықтықта, ал үйлерден 500-
600м қашықтықта жел өтінің ық жағынан орналасады. Мал шаруашылығы
орналасқан аймақта жабық көңсақтағыш салуға болады.
Көңсақтағыштарда қи органикалық тыңайтқыштар жасау үшін сақталады. Оның
үстінде, сәл тереңдетілген, терең апандардағы, сонымен қатар ашық және
жабық түрлері болады.
Жабық көңсақтағыш міндетті түрде желдетілу жүйесімен қамтамасыз етілуі
керек, себебі көң сақтағанда көмірқышқыл газының көп мөлшерде, сонымен
қатар, жарылғыш қаупі бар және улы (метан, сутегі, күкірттісутегі және
т.б.) газдардың жиналуы мүмкін.
Сұйық көңге арналған көңсақтағыш 2-5м тереңдікте темір-бетоннан жасалған,
ал қою қи үшін (төсеніштік) ашық аса терең емес су өтпейтін алаң немесе 1,5-
2м тереңдіктегі көңсақтағыш қолданылады.
Жер бетіндегі көңсақтағыш жан-жағы 1,6м биіктікте бетондатылып қоршалған
алаңқай. Мұндай көңсақтағыштарда әрбір 1000м3 сыйымдылыққа 2-3м3 садыра
жинағыш ескеріледі. Көңсақтағыштың түбі мен қабырғасы су өтпейтін
агрессивті ортаға төзімді болуы керек. Мұндай көңсақтағыштар қою көңді
сақтауға арналған (ылғалдылығы 70 пайызға дейін). Қою көң сақтаудың екі
әдісі бар: анаэробтық және аэробты-анаэробтық.
Анаэробтық әдісте (суық)қиды тығыздап жинап ылғалдап отырады. Мұндай
жағдайда анаэробты микроорганизмдердің қатысуымен ашу процесі жүріп оның
температурасы 25-30оС дейін көтеріледі. Аэробты-анаэробтық әдісте (ыстық)
қалыңдығы 2-2,5м бос үйілген қида аэробты микроорганизмдердің қатысуымен
ашу процесі жүріп оның температурасы 60-70оС дейін көтеріледі. Мұндай
температурада бактериялардың көбі (оның ішінде қауіплері де) және
гельминттердің жұмырқалары жойылады. Ойпаң жерлер көңсақтағыш орналастыруға
жарамсыз келеді, әсіресе жауын суы, ағын су жиналатын жерлер.
Көңсақтағыштың сыйымдылығын жобалау кезінде онда түсетін қи массасы және
оның сақталу ұзақтығы ескеріледі.
Мал экскременттерінің көлемі олардың түрі, жасы, азықтандырылу жағдайына
байланысты. Экскремент көлемі (зәр және нәжіс) 1 тәулігіне әр бас ірі қара
малға шамамен- 7-55кг, шошқаға -3,3-22кг, жылқыға-12-42кг, қойға -1,3-3,5кг
құрайды.
Көң құрамына экскременттермен бірге төсеніште кіреді, ал қиды
гиравликалық жүйемен тазалағанда –су оның негізгі бөлігі(сұйық нәжіс).
Төсенішсіз көңнің көлемі оған қосылатын су мөлшеріне көп байланысты. Әр
бастан шығатын сұйық көңнің мөлшері шошқа кешендерінде шамамен 18-40л
(тәулігіне), ірі қара шаруашылықтарында 55-65л (бордақы малы) және 170-190л
(сауын сиырлар).
Мал қора-жайы мен көңсақтағыш арасында аурудың алдын алу мақсатында 3
карантиндік көң қабылдағыштан (сұйық нәжіс қабылдағанда) кем болмауы керек.
Олар көңді 6 тәулік бойы уақытша ұстау (карантиндік) үшін қажет. Егер
кешенде 6 тәулік ішінде ерекше қауіпті ауру байқалмаса, көңді көңсақтағышқа
ауыстырады.
Карантиндік көңқабылдағыштар сұйық көңді араластыратын, массаның
біркелкілігін (гомогендігін) қамтамасыз ететін және дезинфекция үшін қажет
құрылғы, қондырғылармен қамтамасыз етіліп, жабдықталады.
Карантиндік көңсақтағыштармен қатар, термиялық және басқа да әдістермен
көңді зарарсыздандыруға арналған тұрақты немесе жылжымалы қондырғылар болуы
керек, олардың аса қауіпті аурулардың (топалаң және т.б.) қоздырушыларын
химреагенттермен толық зарарсыздандыру мүмкіндігі болмағанда пайдаланады.
2.2 Өлексенні сою, тасмалдау , өтелдеу.
Мал өлекселерін уақыиша жинау және утелдеу - малдың жұқпалы
ауруларын алуда аса маңызды шара болып табылады . Барлық малдың
өлексесі топырақты , суды және ауаны ластайды , сөйтіп мал мен
адамның арасында індетті ауруының тарауына себепкер болады .
Жұқпалы аурудан өлген мал өлексесі мен ішкі ағзаларында потагенді
микроорганизмдер ұзақ уақыт сақталады . Мысалы өлекеселерде
туберкулез қоздыруғышы лары 500 тәулік , ал листериоз қоздырушылары
160 тәулікке дейін сақталады . Соған байланысты , мал өлекселері
түрлі жұқпалы ауруларды таратушы фактор болыуы мүмкін . Мал
өлгеннен кейін , мал дәрігегі тез арада өлексені қарап - тексеріп
, қажетті шаралар қолдануы керек . Өлекселерді арнайы автакөліктерде
тасмалдайды . Ол үшін арнайы мелалдан жасалған жәшік немесе іші
темірмен қапталған ағаш жәшік болуы керек . Жұқпалы аурудан өлген
мал өлексесі жатқан жерді дезинфекциялау қажет . Өлекселерді сою
және терісін сыпыру биотермиялық шұңқырдың бетондалған аланқайында
немесе утель зауаттардың арнайы бөлімдерінде жүргізіледі.Өлексені
бірнеше тәсілмен жояды жергілікті жердің жағдайына және аурудың
түріне байланысты мал өлекселерін өртейді. биотермиялық шұңқырда
зарарсыздандырады немесе ветеринариялық – санитариялық утилдеу
зауаттарында өндейді . Өлекселерді жерге көмуге тиім салынады .
Себебі өлексе және басқа биологиялық қалдықтар потагенді
қоздырушылармен, токсиндермен, радионуклиттермен химиялық және басқа
улы заттармен зақымдануы мүмкін . Сондықтан олар эпизотологиялық және
эпидемиологиялық тұрғыдан өте қауыпті балып саналады .
Егер мал топалаңнан және де баска қоздырушысы спора түзетін
індеттен, сонымен қатар аса қауыпті аурудан өлсе, өлекселер міндетті
түрде өртеледі .

2.3. Өлексені жағатын, (өртейтін) орын және әдісі .
Өлекселерді арнайы өлексе өртейтін пештерде , отынның көмегімен
ошақта немесе шұңқырда өртейді .
Өлік жағатын шұңқырды өлексе кебетіндей етіп жабдықтайды. әрі оны
айқастырылған екі ордан тұратын етіп қазады . Екі ор қиылысқан
жерде жуан бөренелер салып оған өлекселерді орналастырады .
шұңқырдың түбіне сабан және ағаш салып жандырады . Ірі қара өлігі
6-7 сағат ішінде толық жанады . Өлікті жағу тек утильдеу зауаттары
жоқ болған жерлерде рұқсат етіледі .
Соңғы уақытта Ресейде тиімділігі жоғарғы жаңа отынның түрі
өндіріліп , биологиялық қалдықтарды тұрақты немесе далалық жағдайларда
өртеу үшін техникалық құалдармен пайдалану технологиясы дайындалған.
Мұндай өлексені өртееудіңжаңа технологиясенда пайдаланатын жаңа
отының құрамы- сүзгіден өтіп жанатын пиротехникалық қосындыдан
тұрады. Мұндай қосындының ерекшелігі оның жану температурасының
жоғарлығында -200-2500 оС. Мал өлексесі ПСФГ қолданғанда 3-4 сағат
ішінде толық жанып кетеді, ал саляркамен жаққанда 20-26 сағатка
созылады.
Бұл әдістің жақсы зарарсыздандыру жағынан сенімді әрі өсімдік үшін
тыңайтқыш көзі болып табылады. Бірақ, бұл жағдайда ең пайдалы әрі
керекті өнімдер ет –сүйек, үны, май, мүйіз және т. б.
Өлекселерді өртеу оларды зарарсыздандыруды нәтижелі әдіс
болғанмен, экономикалық жағынан тиімсіз болып табылады .
2.4. Изалятор және карантиндік қораның гегиенасы .
Ветеринариялық нысандардың негізгі міндеті- аурулардың алдын – алу
шараларын, ветеринатиялық – санитариялық және емдеу жұмыастарын
жүргізу және қадағалау әрі диогностикалық зерттеулерді жүргізу болып
табылады .
Изолятор - барлық мал шаруашылықтарында орналасқан. Изоляторға
ауру малды індет ауруына күдіктенгенде бөлек күтіп бағады.
Карантин - мұндай қораға шаруашылыққа басқа жақтан кеоген малды
күтіп ұстауды оларға клиникалық, диргнрстика жүргізіледі .Карантинге
ең кем дегенде 30 тәулік ұстайды .
2.5. Инфекциялық ауруларды болдырмаудың алдың алу шараларының әдісі мен
жүйесі.
Мал шаруашылығында барлық шараларды олдын ала ескеру қажет, яғни
малдың індет және құрт ауруларын болдырмау және оның таралмау жолын
қарастырған жөн. Адамды малдан жұғатын әртүрлі аурулардан сақтау және
малдан олынатын өнімдерді ң сапасы жоғары болуы тиіс . Міндетті
түрде мал шаруршылығында санитариялық мәдениетті көтеру қажет, яғни
мал қораларында ветеринариялық – санитариялық ережені бұлжытпай
орындалу, сондай – ақ олар іске берілген кезде , техникалық құралдарды
пайдаланған санитариялық ережелерді қадағалау қажет .
Мал шаруашылықтарында және құс фабрикаларының ветеринариялық
жағынан қауіпсіздігі көбнесе , тұрған жеріне дер кезінде және мұқят
санитариялық – гегиеналық шараларды жүзеге асыруға байланысты . Осы
ветеринариялық – санитартялық шаралардың ішінде малдың арасында індетті
ауруларын болдырмауда және оларға қарсы күрес жүргізуде дезинфецияаса
маңызды орын алады .
3 Малдың азығын дайындау, сақтау және малды азықтандыру кезінде қойылатын
ветеринариялық талаптар.
3.1. Ірі, шырынды, дәнді азықтарды санитарлық-гигиеналық тұрғыдан бағалау.
Азықтың сапасын бағалау оның қоректілігін, зияндылығын немесе
қауіпсіздігін, сапалығын, биологиялық құндылығы сияқты көрсеткіштерді
анықтау арқылы жүргізіледі.
Жоғарғы сапалы сүрлен дайындау үшін сүрлендеу технологиясын қатаң сақтау
қажет. Алдымен сүрленге салынатын азықтың түрін, сорттын белгілейді. Оларды
дер кезінде шауып, ылғалдалығы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заңның мақсаттары және маңызы
Ветеринария ісін ұйымдастыру
Малдәрігерлік бақылауға жататын орындар
Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасындағы малдәрігерлік жүйе
Объектінің орнын және аумағын таңдауға қойылатын қауіпсіздік талаптары
Ветеринария жүйесін ұйымдастыру
Малдәрігерлік саласындагы кәсіпкерлік
Еуропалық конвенция жануарды халықаралық тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік жайлы мәлімет
Ветеринариялық құжаттардың бланкілеріне қойылатын талаптар
Пәндер