Тұлғаның қоғамдағы алатын орны



ТАҚЫРЫБЫ: Жеке тұлға. Тұлғаның қоғамдағы алатын орны
Жоспар

I.Кіріспе.
II.Негізгі бөлім.
21.Мінез адам қасиеттерінің тұтас жүйесі ретінде.
2.2.Мінездегі даралық және ұлттық ерекшеліктер.
2.3Ауытқушы мінез .құлықтың шығу себептері мен факторлары.
2.4.Мінез типтері.
2.5.Мінезді тәрбиелеу жолдары.
2.6.Мінез туралы ұлағатты сөздер.
III.Қорытынды.
IV.Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
ТАҚЫРЫБЫ: Жеке тұлға. Тұлғаның қоғамдағы алатын орны
Жоспар

I.Кіріспе.
II.Негізгі бөлім.
21.Мінез адам қасиеттерінің тұтас жүйесі ретінде.
2.2.Мінездегі даралық және ұлттық ерекшеліктер.
2.3Ауытқушы мінез –құлықтың шығу себептері мен факторлары.
2.4.Мінез типтері.
2.5.Мінезді тәрбиелеу жолдары.
2.6.Мінез туралы ұлағатты сөздер.
III.Қорытынды.
IV.Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Мінез туралы ілім өзінің ілкі бастауын ежелгі Грециядан алады.Бұдан
2500 жыл бұрын грек ғалымы Теофраст Афины жұртының 30-дан астам үстем тап
өкілдерінің мінез бітістерінің 30-дан астам нашар жақтарына талдау
жасаған.17-ғасырда француз жазушысы Лабрюен нашар мінез бітістерінің 4500-
ден астамына сипаттама берген .Мінездің психологиялық теориялары 19-
ғасырдың аяқ кезінен бастап көріне бастады.Зерттеушілер адамның мінезін
көбінесе дене құрылысына сәйкес түсіндіруге тырысты. Кісінің дене құрылысы
қандай болса,оның мінезі соған сәйкес қалыптасады.
Мінез құбылысын зерттейтін ғылым-характерология ұзақ даму тарихына ие
.Ғасырлар бойы бұл психология саласы мізездер типін саралап ,адамның
әртүрлі өмір жағдайларындағы әрекет –қылығын болжастыру мақсатында әрқандай
мінез сипатын нақтылаумен шұғылданып келді. Адамның тума емес,өмір
барысында қалыптасатын белгісі болғандықтан,мінез типтерін жіктеу көбіне
тұлға дамуындағы сыртқы, жанама факторларға негізделеді.Осы бағытта ежелден
өрістеп келе жатқан ,мінез танып ,әрекет –қылық болжастырудың психологиялық
жолдары бар.
Адамның сыртқы ортамен байланысуы үшін жасайтын осындай қатынастардың
жиынтығы оның мінезін құрайды.
Адамның үйреншікті әдеті болып қалыптасқан мінез бітістерінің кейде
оның сыртқы ортамен жасайтын негізгі қатынастарына сәйкес келмейтін кездері
де болады.Мәселен, біреудің қатал ,не тымыр болуының негізінде адамды
менсінбеу ,тәкаппарсыну сияқты мінез қатынастарының тұрақты жүйесі
жатпай,оның тепераментінің жүйке жүйесінің тума қасиеттеріне байланысты
қалыптасып кеткен әдеттерінің жатуы ықтимал.
Мінез-адамның негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік
әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік.Ол -көп қасиеттің
бірлігі, түрлі өзгешеліктердің қосындысы ,сонымен қатар,адамды әр
қырынан көрсететін қасиет.“ Бойда қайрат , ойда көз, болмаған соң айтпа
сөз ” деп Абай тегіннен тегін айтпаған. Жақсы мінезге тән сапалардың
біріне оның байсалдылығы жатады. Мінез адамның дүниеге көзқарасы мен
сеніміне байланысып жатса ғана жоғарыда аталған сапалар қоры молаяды. Тек
осындай мінезі бар адам ғана алдына айқын мақсат қоя алады. Соңғысы берік
сенімнен туады.Мұнсыз тиянақты әрекет ету қиын. Қабілетсіз адам
болмайтыны сияқты, мінезсіз де адам болмайды.Жаман болсын, жақсы болсын,
әйтеуір, адамда бір мінез бітісі болады. Бірақ жоғарыда айтқандай
түрлі сапалары қиысып келетін үлкен мінезді адамдар кездесе бермейді.
И.П.Павлов адамның мінез бітістерін жоғары жүйке қызметінің тума
типтері мен өмір сүру барысында қалыптасатын жүйке байланыстарының
өзіндік “құйындысы” деп түсіндірді. Бұл жөнінде ол былай деп жазды:
“...адамның мінез - құлқының бейнесі жүйке жүйесінің туа біткен
қасиеттеріне байланысты болып қоймайды, сонымен бірге, организмның
жеке өмір сүру барысында болатын ықпалдарғада байланысты, демек, кең
мағынасында айтқанда ,үнемі тәрбиелеу немесе үйрету жұмыстарына да
байланысты болады.”
Адам мінезінің қалыптасуы қоғамдық болмыспен, әлеуметтік ортамен тығыз
байланысты. Осы айтылғандар мінездің дамуы үшін шешуші роль атқарады.
Мінез өзгермейтін тума қасиет емес, ол өмірде қалыптасады.Мәселен ,
ешбір бала туысынан “еңбек сүгіш не жалқау, тәртіпті , не ұстамсыз
болып тумайды.Оның мінезі , ұзақ жылғы өмір сүру барысында өмірдің сан
алуан ағымына қарай тәрбие процесінің ықпалымен қалыптасып отырады.Адамның
сыртқы ортамен жасайтын қарым-қатынасы белсенді қарым-қатынас.“...Сөз
жүзінде емес мінез-құлықты іс жүзінде жүзеге асыруға болады” ﴾Әл-Фараби
﴿.Сондықтан да оны қоршаған ортасына ғана төселмей, өзі де шама-
шарқынша сол ортасына тиісті өзгерістер енгізеді .Адамның нақтылы іс-
әрекеті де мінез бітістерінің қалыптасуында шешуші роль атқарып
отырады.
Жеке тұлға ерекшелікке бай келеді ,ал солардың бәрі де адам
мінезін танытады деу қате.Мінез көрсеткіші – адамның барша
жағдайлардағы мәнді сипатымен тұрақты сақталатын таңдалы қасиеттері.
Егер адам қандай да дау-дамайлы жағдайда дөрекілік көрсетсе,сондай
тұрпайылық пен ұстамсыздық осы адамның төл қасиеті деу жөн емес.
Жайдары мінезді , көңілді адамның өзі кей жағдайда мұңайып,сылбыр
халге түсуі мүмкін .Өмірге келумен бастауын алып,мінезі нақты
адамның өмірі барысында қалыптасады.Дегенмен , мінездің нақты
қалыптасуы әртүрлі деңгейде дамыған топтарда қалыптасады.Осы топтар
сипаты мен оларда ардақталатын адамгершілік , қоғамдық құндылықтарға
тәуелді мүшелердің мінез ерекшеліктері орнығады .
Мінез адам қасиеттерінің тұтас жүйесі ретінде.
Мінез-бір-бірімен белгілі қатынас байланысы бар жеке адам
қасйеттерінің жүйесі ,тұтас құрылым болып табылады.И.П.Павлов ∕19,72∕
гештальт – психологтарды қатты сынға ала отырып , мінездің тұтас
құрылым екендігіне ешкім күмән келтірмейді, ал бұл жүйені бөлшектеуге
ешкім де кедергі жасамайды деген еді.Ол, тұтас жүйедегі жекеленген
бөліктердің әр түрлі мағынасы бар, біреулері алға шықса ,
екіншілері бүркемеленеді, үшіншілері кейінге шегіншектеп тұрады,деп
көрсетті.“Егер сіз жекеленген бітістерді түгелдей оқшау деп
түсінсеңіз, онда сіз адам мінезін тани алмайсыз,сондықтан, бітістердің
жүйесін алып, осы жүйені талдап көру қажет, бұлардың қайсысы ең
алдымен көзге түседі, қайсысы еміс -еміс көрінеді, таптырмай қояды
т.б.”
Адамның мінезін, оның құрылысын немесе құрылымын анықтау
дегеніміз мінездің негізгі компоненттерін , не қасиетін ажырату не
күрделі қатынас пен өзара байланыста туындайтын өзіндік бітістерді
табу деген сөз.Жеке адамның өмір жағдайымен өзара әректі
бейнелендіретін психикалық тұрпат, қасиеттерінің тұтас жүйесі
ретінде мінез ықпал әсерімен нығайып, адамның нақтылы жағдайдағы
мінез құлқын сипаттайтын жүйенің негізгі буындарын немесе
динамикалық стереотиптерді әр кезде анықтауға болады.
Мінез динамикасы сыртқы шындық динамикасына тәуелді
болады, оның түрліше бітістері тек бұрынғы тәжірибеге ғана тәуелді
болмай, адамның қазіргі кездегі жағдайына, оған қойылатын талап-
тілектерге тәуелді болып отырады. Сондықтан , мінездің құрылысын жан-
жақты зерттеп және жалпыламай , өмірдің сан-саласындағы мінез – құлық
көрінісін жекелеп талдап , оларды тәрбие мен қалыпқа түскен өмір
жағдайына орай үнемі даму тұрғысынан қарастырып отыру қажет.
Біз қалыптасқан мінез құрылымынан, ең алдымен, оның екі жағын
– мазмұны мен түрін ерекшелеуіміз керек.Бұл екеуі бір-бірінен
бөлектенбейтін , органикалық бірліктегі құбылыс болып табылады.Жеке
адамның мінез құрылымын талдағанда оның объективтік шындыққа
жетекші жағы ретінде алға қойылуы тиіс. Қоғамдық әсерлер мен
ықпалды бейнелейтін мінез мазмұ-ны жеке адамның өмір бағытын ,
яғни оның материялдық
және рухани қажеттерін , мүддесін, мұраттары мен әлеуметтік
бағдарын құрайды. Жеке адамның бағыты , мақсаты, адамның өмірлік
жоспарын оның белсенділік деңгейін анықтайды.Мінез мазмұны белгілі
бір өзіндік дара қатардан байқалады, ол адамның талғампаздық
белсенділігін көрсетеді,
Сыртқы ортаның талабына сәйкес , тәрбие әсерлеріне, өмір
жағдайларына байланысты мінез мазмұнында бірінші не екінші
компоненттің алға шығатындығын есте тұту қажет. Мәселен, бір адам
материалдық қажеттілікті өз жеке басының бақуат болуын қамтамасыз
етуге ұмтылуды алға қойып, қалған мотивтерді кейінге ысырады, енді
біреу керісінше, эстетикалық қажеттілікті алға шығарып , өз тірлігін
өнерге бағыштайды, үшінші біреуді ғылыми ізденістер қызықтырады да
соған беріледі .
Жек адамның әртүрлі бағыты оның жек ұмтылыс , талаптарын ғана емес
бүкіл қатынастардың жүйесін белгілегендіктен сол адамның барлық
мінез-құлқына сәуле түсіреді.Бірақ аталмыш жүйеде әр кез қандай
болмасын бір бітіс үстемдік етеді де, ол сол адамның мінезіне
өзіндік рең береді. Кеңес адамдары-
ның жеке басының қажеттілігімен мүдделері қоғамдық мұқтаждықтариен
тығыз байланысты, сондықтан, олар мақсатқа жету жолында адамды жан-
жақты дамытуға жағдай туғызатын барлық адамның сан-алуан қажеттерін
қамтамасыз ететін қоғамдық өндіріс, ғылым мен мәдениеттің дамуына
қамқорлық жасайды .Ұжымшыл адамның мінезі осындай бағыт-бағдармен
ерекшеленеді.
Мінездің әр түрінде темперамент пен мінез -құлықтың
эмоциялық -еріктік өзгешеліктері бекіп нығайған қатынастары көрініп
отырады.Адамдар бір-бірінен мінез-құлық әдет өзекшеліктерімен
ерекшеленеді .Қалыпқа түскен адамгершілігі айқындала бастаған мінездің
негізгі компонентіне сенімдер жүйесі кіреді.Сенімділік адам мінез-
құлқының принциптілігін күресте бас имейтіндігін, өз күш-жігерін
жұмсайтын істің әділдігі мен маңыздылығына сенетіндігін анықтайды.
Адамының жеке бастық сенімінің негізі болып табылатын
адамгершіліктік дүниетаным оған қоғамдық жағдайларды дұрыс бағдарлап
отыруға, қоғамның мақсат-мүдделерін түсінуге қоғамдық және жеке
мүдденің арақатынасын дұрыс түсінуге өз мінез құлқын анықтауға
мүмкіндік береді. Кеңес адамдарына тән сенімділік мінездің
ұмтылушылық принциптілік, оптимизм , өзіне және басқаларға талап қоя
білушілік сияқты сипаттары-нан жақсы байқалады.Сенімі берік адам
сын сағаттарында қоғамдық мәнге ие мақсатына жету үшін аянбайды,
қажет болған жағдайда жанын да пида етеді.Принципсіз жеке басын
ғана ойлайтын мансапқор адам бар күш-жігерін, белсенділігін өз
қамына жұмсайды.
Қажеттілік пен мүдденің басымдылығына қарай адамның өзіндік
мінезі қалыптасады.Рухани немесе материалдық қажеттілік пен мүдденің
өктем болуы адамның сезімдерін ғана емес, оның іс бағытын да
анықтайды.Біреу тек құлқына үшін өмір сүреді, енді біреу өмір
сүру үшін тамақ ішеді де өмірді қоғамға пайдалы қызмет шығармашылық
белсенділік деп біледі.Дүниеқоңыз адамдар да болады, олар тек
дүние жинау үшін өмір сүреді, бұл олардың рухани, адамгершілік
дүниесін жұрдай етеді: топтастықты, сараңдықты, күншілдікті арттырады.
Мінез құрылымында еңбек ету қажеттілігінің, қоғамдық мүдденің басым болуы
адам мінезінің белсенділігі мен тұтастығын және қоғамға пайдалылығын
көрсетеді.

Мінездің табиғи және әлеуметтік жағы
Мінез туыстан пайда болмаса да, жүйке жүйесінің, адамның табиғи
жағының ерекшелігі мінез көріністерінде, оның жекелеген бітімінің
қалыптасуында байқалып отырады. Жүйке үрдістерінің тең не тең еместігі,
шапшаңдығы не баяулығы, күштілігі мен әлсіздігі – бұлардың бәрі адамның іс-
әрекетіне, мінез-құлқына, оның реакцияларына түрліше рең береді. Мәселен,
екі адамның наным-сенімі бірдей болғанмен, оның бірі – қызба, шапшаң және
албырт, ал екіншісі – байсалды, парасатты болуы ықтимал.
Жүйке жүйесінің типінен басқа мінезге ағзаның басқа да ерекшеліктері:
жүрек, қан тамырлары, ас қорыту, эндокрин жүйелері де әсер етеді. Осы
айтылған жүйелер қызметінің бұзылуы адам мінезінің күрт өзгеруіне соғатыны
байқалған. Сондай-ақ орныққан мінез бітісі де адамның табиғи қасиеттеріне
ықпал жасап отырады. Мәселен, мінез туыстан берілген қасиеттердің бірін
тұмшалап, екіншісін күшейте түсуі, жаңа рефлекс байланыстарының жасалу және
нығаюы есебінен есебінен үшінсісін тежеуі мүмкін.
Әр адамның мінезінен тұрақты қасиеттердің бірлігін іздестіруіміз
қажет. Мінездің негізі, оның бас желісі біртіндеп қалыптасады, өмір
барысында ол нығаяды да сол адамның типтік ерекшелігіне айналады, ол
мінездің нақты көріністері белгілі жағдайларда қарым-қатыс ықпалымен
өзгеріске түсетін болады. Оңашада, адам өзімен-өзі болған шақта азды-көпті
ақ жарқынданады немесе тұйықтана түседі, батылдық не батылсыздық,
табандылық не солқылдақтық байқатады.
Мінез-құлықтың көзге түсерліктей өзгеруі психикадағы уақытша
жағдайларға байланысты. Көңілді адам мазасыз, жабығулы, байсалды адам –
күйгелек т.б. жағдайларға түсуі мүмкін. Адам қартайған кезде де мінезде
кейбір өзгерістер байқалады. Сөйтіп, мінезді тұтастай алып қарағанда ол
әлеуметтік ортадан алынған әсерлердің өзіндік интеграциясы болып табылады.
Табиғи-ғылыми тұрғыдан алсақ, мінез жүйке жүйесі типтері бітімен ми
қыртысында орныққан белгілі, уақытша жүйке байланыстарының қорытпасы
іспеттес нәрсе. Бір қарағанда адам мінез-құлқында нақты жағдайларға
тәуелсіз, сыртқы әсерсіз себепсіз туа қалатындай құбылыстар, сайып келгенде
бір кезде құралған жинақталған тәжірибе мен өмірлік әсерлердің көрінісі
болып шыға келеді.
Мінез өмірлік әсерлердің күрделі жиынтығының бейнесі бола отырып,
жеке адамның сыртқы ортамен белсенді қарым-қатынасы ретінде
қалыптасады.Сондықтан мінез туа пайда болады деу дұрыс емес. Сыртқы
ортамен өз ағзасының заңдарын білетін адам тұрмыс – жағдайын және мінез –
құлқын өзгерте алады. Ол сыртқы жағдайдың қолайсыз теріс әсерлерін жеңіп,
қоғамдық алға асу қозғалыстың алғы саптағы күрескерлерінің қатарына қосыла
алады.
Мінез тек қылықпен қимыл қозғалыстардан ғана емес, бет - әлпеттен
және ымнан да байқалады. Мінез жеке адамның сыртқы кейпіне әсер етеді.
Мәселен, беттегі әжім бұл адамның жасы ұлғаюының ғана белгісі емес, ол
сондай-ақ беттегі бұлшық еттердің әдеттегі қозғалыстарының да нәтижесі.
Кейбіреулер үнемі күлімсіреп жүрсе, енді біреулер түңеріп жүреді, біреудің
бетінен таңданған пішінді, екінші біреуден жаратпаушылықты байқауға болады.
Күлімсіреудің өзі мінез тұрғысынан түрліше болуы мүмкін, біреу көзімен
күлімсіресе, екінші біреу мұны бүкіл бет пішінімен байқатады. Мінез адамның
сырт қалпынан да байқалады. Мінез адам өмірін бейнелей отырып, сонымен
бірге өмір салтына ықпал жасайды. Табанды, қажырлы, қайратты кісі қандай
кедергіні болса да жеңіп, өзінің көздеген мақсатына жете алады, осы жолда
өз еңбегін, тұрмысын тиімді етіп ұйымдастырады, барлық мүмкіндіктерді жете
пайдаланады. Осындай мінезді адам қоғамға аса пайдалы болады, өйткені ол
алда тұрған қоғамдық міндеттерді шешуде белсенділік қабілет көрсетеді.
Мінез адамның жеке өзі үшін ғана емес қоғам үшін де қажет ұжымдық
өмірмен ондағы тіршілік әсіресе, жұмыстағы әр адамның көңіл – күйі осы
адамдардың мінез бітімімен де сабақтасып жатады. Кейде мінезі ауыр бір адам
бүкіл өндіріс ұжымына қырсығын тигізетін кездері болады. Осындай адамның
әлегінен ұжымда, тартыс, қайшылықтар туады, өсек өріс алады, бұл қалған
адамдардың жұмысына, көңіл-күйіне жаман әсер етеді. Мұндай жағдайлар
отбасында да кездеседі. Керісінше, ақ көңіл, жайдары адамдар
айналасындағылармен сыпайы, жолдастық қарым-қатынаста болады, жұртпен оңай
шүйіркелеседі, жұмыста да, тұрмыста да бір-біріне ілтипатпен қарап, әр
адамның қызметі мен демалысына қолайлы жағдай туады.

Мінездегі даралық және ұлттық ерекшеліктер
Мінезде оны қалыптастыратын өмір жағдайларынан бөліп алып қарайтын
метафизикалық тұрпаттағы психиология адам мінезіндегі даралық және типтік
бітістердің өзара қатынасының мәнін ұға алмайды. Идеалистер мінезді туа
біткен кең өмірде өріс алатын адамның рухани күші деп түсіндіреді.
Идеалистік психологияның кейбір өкілдері бүкіл адамзатты барлық уақытта да
өмір сүретін мырзалар мен құлдардың мінездік типтері деп аталатын өріссіз,
жасанды сұлбаға сайғысы келеді. Осындай психологтардың басқа бір тобы мінез
бітістері мен типтерінің қалыптасуындағы заңдылықтарды жоққа шығарып, адам
бірінің мінезін екіншісі қайталамайды және адам жазмыштан берілген мінез-
құлқын өзгерте алмайды дейді. Осы секілді метафизикалық көз қарастар адам
өміріндегі жалпы мен жекенің бірлігін, осы жағдайды бейнелейтін мінездегі
даралық пен типтіліктің арақатынасын түсінуге шамасы келмейді.
Мінез- қоғамдық -тарихи құбылыс. Олай болса , уақыт пен
кеңістікпен тыс жатқан жалпыға ортақ мінез де болмайды. Белгілі тарихи
дәуір туғызған белгілі типтік мінез, жеке адамдар мінезі ғана болады.
Мінез иесі болып табылатын жеке адам – қоғамның мүшесі, ол қоғамда
түрлі қарым-қатынасқа түсіп отырады. Қоғамның мүшесі ол таптық қоғамда -
таптың өкілі бола отырып, жеке адам қоғамның ,таптың басқа мүшелері
сияқты белгілі экономикалық, саяси, мәдени жағдайларға тәуелді болды.
Мұндай жағдайлар мінездің жалпы типтік бітістерін қалыптастырады. Адамдар
мен нақты адам мінезіндегі типтік бітістер дәуір мен таптың әлеуметтік
өміріндегі маңызды жайттарды бейнелендіреді. Типтікті осылайша түсіну мінез
қалыптасуының негізгі заңдылықтарын және бұған қоса келешекте, ертеңгі
күнге лайықты сапалардың қалайша қалыптасатынын түсінуге мүмкіндік береді.
Олай болса, типтік мінезді адамға ортақ басты бітістер деп ұғынған
дұрыс. Мұндай негізгі бітістер өмірдің жалпы жақтарын бейнелендіреді және
сол топтағы адамдарда қай – қайсында болмасын азды-көпті көрініс береді.
Сөйтіп, типтілік бір жағынан нақты адамның даралығын, екінші жағынан сол
адам экономикалық, саяси және мәдени байланысқа түсетін басқа адамдарды да
сипаттайды.
Мәселен белгілі бір ұлттың адамдары сол ұлттың ғасырлар бойы
қалыптасқан өмір сүру жағдайлары мен ұлттың, тұрмыстың өзіндік
ерекшеліктерінен нәр алады, ұлттық тіл мен мәдениет ықпалымен дамиды.
Сондықтан да, бір ұлттың адамдары өздерінің тұрмыс салты әдет-ғұрпы, мінез
бітістері жағынан басқа ұлт өкілдерінен ерекшелініп тұрады.
Ұлттық мінез адамдардың тарихи қалыптасқан бірлдестігі мен ірі
топтары болып саналатын этностың, ұлттың, халықтың өмір тіршілігі мен
әлеуметтік жағдайының тұтастығы арқылы танылады. Әрбір халық пен ұлттың,
этностың өзіндік мінез-құлықтарының ерекшеліктері болатындығы – тарихи
шындық және объектив фактор. Қазақ халқының түркі тектес өзге халықтарынан
ерекшеленіп тұратын өзіндік сипат-қасиеттері бар. Ыбырай, Алтынсарин
еңбектерінде өз халқының мінез-құлқына тән бірсыпыра қасиеттерді атап
көрсеткенді. Оның айтуынша, қазақ халқына қарапайымдылық пен кішіпейімдік,
ашық – жарқын көңіл мен кең пейілділік, өзге нәсілді адамдарға деген достық
және сыйластық көзқарас, қонақ –жайлылық пен пайымшылдық сияқты қасиеттер
тән. Сондай-ақ, олардың бойында өзге де мінез-құлық сипаттары бар. Бұл
орайда, қазақтардың –өз жері мен Отанына, туған еліне деген шексіз
сүйіспеншілігі, мал шаруашылығымен айналысуға икемділігі, мейман-достығы
мен балажандығы, өмірдің қиыншылықтары мен әділетсіз істерге төзімділігі,
сөз өнер ардақтауы, шешендік қабілеті, еңбексүйгіштігі мен шыдамдылығы
олардың жалпы ұлттық қасиеттері болып табылады. Әрбір ұлт пен ұлысқа, этнос
пен тайпаға тән қасиеттердің жай – жапсары - әлеуметтік психология саласы –
этникалық психологияның зерттейтін төл пәні.
Адамның мінез – құлқының өзгеріп отыруына әлеуметтік жағдайдың үнемі
ықпал етіп, оның жаңа сапаларын қалыптастырып отыратындығы ғылыми тұрғыдан
анықталған тарихи шындық және объектив фактор.

Ауытқушы мінез- құлықтың шығу себептері мен факторлары
Адам өмірге келген сәттен бастап, үлкен әлеуметтік топқа
тап болады. Оның осы ортада өзінің, еркін сезінуі үшін көптеген
факторлар қажет. Қазіргі көпмәдениетті қоғамда балаға сырттан әсер
етуші жағдайлар оның жаңа қалыптасып келе жатқан тұлғасына әсерін
тигізеді. С.Т.Холлдың пікірі бойынша,“бала толыққанды дамуы үшін”, өз
халқының сезімдері мен көзқарастарын басынан өткеруі қажет. Бұны
келтіріп отырған себебіміз, баланың “қиын бала” атануына өз халқына
тән мәдениеттпен, салт-дәстүрмен тәрбиеленбеуі де, ғылыми тілмен
айтқанда, этнопсихологиялық ерекшеліктердің ескертілмеуіде өз әсерін
тигізуде.
Қандай да бір олқылығы бар баланың даму жағдайы, әдетте
қолайсыз, жағымсыз болады. Ол баланың дамуына кері әсерін тигізетін
тәрбиелеуші шағын әлеуметтің сипаттарынан, тәрбиелеу- оқыту
үрдістерінен және солар ықпал еткен тәрбиелеушінің ішкі ұстанымынан
құралады.
Балалардың әлеуметтік – педогогикалық олқылығының пайда
болу тетігі мен дамуы баланың тұлға болуға деген қажеттігі мен
сондай болу мүмкіндігінің арасындағы қайшылықтар негізінде іске
қосылады. Баланың дербестенуге ұмтылуы оған қатысты референттік
топтардың﴾бірінші от басының , одан кейін балалар бақшасындағы және
мектептегі құрбыларының﴿ оның әлеуметтік қалыптарға сай емес жеке
дара көріністерін қабылдағысы келмейтіндігімен қақтығысқа түседі.
Әлеуметтік- педагогикалық олқылық ерте балалық шақтан, шамамен
үш жастан басталады, яғни баланың өзіндік санасының, мінез- құлқының
ережеге сәйкестігінің және нормативтік дами бастаған шағымен қатар
келеді. Жағымсыз даму жағдайында олқылықтардың сандық белгілері мен
көріністері жинақталып қалады, олардың белгілер жинақтары - психиканың
интеграциясы арқылы сапалы пайда болуына айналады. Ерте зерттеу ,
алдын-алу, түзету жұмыстары тұлғалық дамуда олардың алдын алу
маңызына дәне балалық кезеңінің онтогенетикалық маңызына және балалық
жастағы тәрбиелеу әсерлерінің жоғарғы нәтижелі маңызына ие.
Ауытқушы﴾девианттық﴿ мінез-құлық деп қоғамда қалыптасқан
нормаларға сәйкес емес мінез –құлықты айтамыз. Белгілі әлеуметтанушы
И.С.Кон девианттық мінез-құлықты психикалық денсаулық, құқық,
мәдениет немесе мораль қалыптарының жалпы қабылданған қалыптардан
ауытқыған іс-әрекет жүйелері ретінде қарастырады. Бейімделуші мінез
-құлықтың концепциясына сәйкес кез-келген ауытқушылық бейімделудің
бұзылуына алып келеді. Ауытқушы мінез-құлық екі үлкен категорияға
бөлінеді. Біріншіден, бұл анық немесе жасырын
психопатологияның﴾патологиялық﴿ барлығын білдіретін психикалық денсаулық
қалыптарынан ауытқыған мінез-құлық. Мұндай әректтер аз болса, ол
құқық бұзушылық, ал салмақты болса, әрі жазаланса- қылмыс деп
аталады. С.А.Беличева девианттық мінез-құлықтың әлуметтік ауытқуын
былайша жіктейді:
1 .Пайдакүнемдік бағытта: құқық бұзушылық, материалдық қаржылық,
дүние-мүліктік пайда табуға ұмтылумен байлансты жасаған теріс
әрекеттері;
2.Агрессиялық бағытта: адамға қарсы бағытталған әрекеттер
﴾балағаттау, бұзақылық, ұрып-соғу, өлтіру, зорлау﴿;
3.Әлеуметтік- енжар тип: белсенді өмір сүруден қашуға , азаматтық
борыштарын өтеуден қашуға, жеке және әлеуметтік мәселелерді шешкісі
келмеуге ұмтылу ﴾жұмыстан,оқудан бас тарту, өзіне-өзі қол жұмсау ﴿.

Мінез-құлықты тұлғаның осы немесе басқада ахуалының, оның даму
тенденциясының куәгері ретіндегі феномен деп қарастыра отырып, біз
мінез – құлықтың сырттай ұқсас ерекшеліктері индивид психикасында
жүріп жатқан әр түрлі үдерістерден хабар беруі мүмкін екенін естен
шығармауымыз керек. Балалар мен жеткіншектердің мінез – құлқындағы
ауытқушылық көріністері олардың адамгершілік және әлеуметтік дамуы
жағынан дара ерекшеліктер мен тұлғалық көріністеріне, нақты жағдаяттар мен
өмір жағдайларынан іс-әрекеттеріне қарай әр түрлі болуы мүмкін. Оларды
мынандай топтарға топтауға болады: итермелеуші жағдайлар мен туындаған
жағдаяттық, уақыттық көріністерге немесе реакцияларға және жағымсыз өмір
ахуалдарымен, іс-әрекеттермен негізделіп, қандай да бір тип түрінде дамитын
мінез – құлықтағы ауытқушылықтың тұрақты нысандары.
Мінез-құлықтық реакция бір рет немесе жүйелі түрде әсер ететін
өмірдің жағымсыз жағдайларымен шарттарымен шақырылады. Сонғы жағдайда нақ
осы немесе басқа ахуалға алып келетін мінез-құлықтағы өзгерістер біртіндеп
жиналып көрінеді немесе бірден шарт кетеді.
Белсенді-ыңғайланушылық немесе енжар-ыңғайланушылық мінез-құлық
осылай қалыптасады.
Балалар мен жас өспірімдердің дамуы мен мінез-құлқына кері әсерін
тигізетін сыртқы факторларға мыналарды жатқызуға болады:
I Қоғамда өтіп жатқан үрдістер:
- қоғамдық құндылықтар иеархиясын өзгертуге бағытталған айқын жағымды
мемлекеттік идеологияның жоқтығы;
- заңдардың және құқық қорғаушы орындардың жетіспегендігі, қылмыстардың
жазаланбауы;
- өзкелен ұрпақтың әлеуметтанудың дәстүрлі институттарының күйреуі мен
дағдарысқа ұшырауы;
- ұлттық құндылықтарға мән берілмеуі;
- бұқаралық ақпарат құралдары арқылы зорлық-зомбылық және қатыгездікті
насихаттау;
- балалардың дене және психикалық денсаулығының бұзылуын дер кезінде
анықтаудың, соған сәйкес көмек көрсетудің және квалификациялық
диспансеризацияның болмауы;
- сапалы тегін қосымша білімге балалардың қолының жетпеуі (үйірмелердің,
сециялардың және т.б.);
- темекіге, ішімдікке, нашақорлық заттарға жолдың ашықтығы.
II. Жан ұяның жағдайы, оның атмосферасы:
- толық емес отбасы;
- отбасының материялдық жағдайы (кедейлік, байлық);
- отбасындағы тәрбие стилі (балаға бірыңғай талаптардың қойылмауы, ата-
аналардың қатыгездігі, олардың жазасыздығы және баланың құқықсыздығы);
-баланың өзіндік құндылығын жоққа шығару;
- ата-ананың балалардың психоактивті қолданылуына жол беруі.
III. Мектеп ішілік өмірдің жеткіліксіз ұйымдастыруы:
- оқу және тәрбие үрдісін басқаруды ұйымдастырудың толық жетілмегендігі;
- мектептің материалдық қамтамасыз етілуінің нашарлауы;
- пәндік мұғалімдердің жетіспеушілігі;
- мектепке келген оқушылардың дамуының және оқу түрткілерінің төмендігі.
Аталып өткен тәуекел факторлары сыртқы, объективтік сипат алады.
Сондай-ақ, балаларға бұдан басқа да педагогтар білімге тиісті ішкі тәуекел
факторлары да әсер етеді. Оларға: өзінің қажетсіздігін сезіну, өзіндік
төмендігі, өзіне-өзі сенімсіздік, өзін-өзі бақылау мен өзіндік тәртіптің
жеткіліксіздігі, әр түрлі жағдайларда сындарлы ойлау мен адекваттық
шешім қабылдай алмау, өз-өзіне және басқаларға өзінің сезімдері мен
реакцияларын жеткізе алмауы жатады. Балалар мен жас өспірімдердің
тұлғасындағы және мінез - құлқындағы ауытқушылықтардың алдын алу, оларды
психологиялық иммунизациялауды қажет етеді, яғни, әлеуметтік- құзырлы
адам болып қалыптасуы үшін мінез-құлықтың психогигиеналық дағдыларына,
дұрыс таңдау жасай алу бүлітерін үйрету.Бұл мақсаттарды орындау үшін
қоғамдық дағдарыстың жағымсыз әсерлерін жоятын және түзейтін
әлеуметтік – педагогикалық жағдайларды құруға бағытталған мектеп
саясатын шығару қажет.Оған мынадай бағыттарды енгізуге болады:
1) балалар мен жасөспірімдердің ауытқыған мінез- құлықтарының типтері
мен нысандарының таралуын, оларға әсер етуші факторларды анықтау,
сонымен қоса оқушылардың және олардың ата-аналарының білімге және
тәрбиеге деген қажеттіліктерін зерттеу;
2) оқушылардың, ата-аналардың пікірлерін зерттеудің нәтижелерін талдау
және соның негізінде анықталған ерекшелікті ескере отырып
оқушылардың тұлғасы мен мінез –құлқындағы ауытқушылардың алдын алу
және түзету бағдарламаларын құрастыру;
3) оқушылар тұлғасының және мінез – құлқының дамуындағы
ауытқушылықтардың алдын алу мен түзету әдістерін балаларда эффективті
қарым – қатынас жасай алу қабілетін қалыптастыруға, жауапты шешім
қабылдауға , қақтығыстарды шеше алуға, стрессті жеңе білу және
жағымды адекватты “Мен – концепцияны ” дамытуға, салауатты өмір сүруге
бағытталған психотехникалық тәсілдерді педагогикалық кадрларды
дайындау ;
4) мектепте сыртқы тәуекел факторларынан азат, психологиалық-
педагогикалық ахуалды қалыптастырып, бір қатар қызырлы шешімдермен
шешілетін оқушылардың ата-анасымен тиімді өзара қарым- қатынасты
дамыту, қосымша білім беруді және т.б. шараларды ұйымдастыру.
Балалар мен жасөспірімдер тұлғасы мен мінез –құлқындағы
ауытқушылықтың алдын алу жұмыстары тек мыналардың негізінде жүзеге асса
ғана тиімді болады :
1) оқу іс-әрекеті жемісті болғанда ;
2) оқушыларды қанағаттандыратын, эмоционалдық жағымды өзара қарым –қатынас
жүйелері ( құрбыларымен, мұғалімдерімен, ата-аналарымен);
3) психологиялық қорғалуы болғанда.
Соңғы жағдай тікелей түрде әлеуметтік қорғалумен байланысты. Оған
мыналар кіреді:
1) оқушылардың өздерінің құқықтары мен міндеттерін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси-әлеуметтендіруде тарихи білімнің орны
Тұлға теориялары және олардың басқару қызметіндегі мәні
Кісілік ұғымы
Тұлға - әлеуметтік қатынастардың субъектісі және объектісі
Тәрбиенің ұзаққа созылатын процессі
Тұлға туралы теориялар. Әлеуметтік статус және әлеуметтік рөлдер
Әлеуметтік статус және әлеуметтік рөлдер
Әлеуметтанудың объектісі пәні мен әдістері
Әлеуметтік статус және әлеуметтік рөл
Тұлға социологиясы
Пәндер