Егеуқұйрықтардың өкпе эпителийіне жоғары температураның әсері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1. Әдебиеттерге шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.1 Өкпенің жалпы құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2. Материалдар және зерттеу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.1 Зерттелген аймақ және зерттеу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.2 Гистологиялық препараттарды дайындау әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
3. Зерттеу нәтижелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
3.1 Қалыпты жағдайдағы егеуқұйрықтың өкпесінің құрылысы ... ... ... ... ... 18
3.2 Тәжірибеден кейінгі алынған нәтижелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
3.3 Ақ егеуқұйрықтың өкпесінің респираторлық бөлімінің
Ультрақұрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
4. Нәтижелерді талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
5. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
6. Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... .5
1. Әдебиеттерге шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.1 Өкпенің жалпы
құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.13
2. Материалдар және зерттеу әдістері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.1 Зерттелген аймақ және зерттеу
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.2 Гистологиялық препараттарды дайындау әдістері
... ... ... ... ... ... ... ... ..1 6
3. Зерттеу нәтижелері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..18
3.1 Қалыпты жағдайдағы егеуқұйрықтың өкпесінің
құрылысы ... ... ... ... ... 18
3.2 Тәжірибеден кейінгі алынған
нәтижелер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..19

Ультрақұрылымы

... ... ... ... ...21
4. Нәтижелерді талдау

... ... ..29
5. Қорытынды

... ... ... ... ... ...31
6. Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ..32
РЕФЕРАТ
Түйін сөздер: альвеола, сурфактант, бронх, бронхиола, альвеола аралық
тосқауыл, экссудат.
Жұмыстың құрылымы: Диплом жұмысының мәтіні компьютермен 35 бетке
терілген, оның ішінде 13 сурет. Жұмыс – кіріспе, әдебиеттерге шолу,
зерттеу материалдары мен әдістері, зерттеу нәтижелері және қорытындыдан
тұрады. Пайдаланылған әдебиеттердің жалпы саны - 40.
Көлемі: 35бет
Суреттердің саны: 13
Қолданылған әдебиеттер тізімі: 40
Жұмыстың мақсаты: егеуқұйрықтардың өкпе эпителийінің сыртқы ортаға
байланысты, гистологиялық өзгерістерін, соның ішінде жоғары температурамен
әсер еткеннен кейінгі өзгерістерді морфологиялық тұрғыдан зерттеу болып
табылады.
Жұмыстың міндеттері: - қалыпты жағдайдағы егеуқұйрық өкпесінің тыныс
бөлімінің гистологиясын зерттеу;
- гипертермиямен әсер еткеннен кейінгі өзгерістерді морфологиялық
тұрғыдан зерттеу.
Нысаны: ақ егеуқұйрық өкпесінің тыныс алу бөлімі.
ГЛОССАРИЙ
• ателектаз (гр. Ateles - толық емес) - өкпелік ұлпаның солуы;
• дистрофия (дис... + гр. trophe – қорек) – ұлпаның, мүшенің қоректік
бұзылуы;
• некроз (гр. nekros - өлу) – кейбір мүшенің, ұлпаның немесе клетка
топтарының өлуі;
• экссудат (лат. exsudare - терлеу) – ұлпалардың қабынуы кезіндегі
жиналатын сұйықтық;
• эмфизема (emphysema – кебу), мүшелердегі ауаның жанасуы, өкпедегі ауа
мөлшерінің жоғары болуы.
КІРІСПЕ
Тыныс алу жүйесі адам және жануарлар тіршілігінде маңызды жүйе болып
табылады.
Тыныс алу организмдер мен қоршаған орта арасында газ алмасуды жүзеге
асырады.
Адам және жануарлар организмінде негізгі мүше болып есептеледі. Өкпе
тек газ алмасу қызметін атқармайды, сонымен қатар зат алмасу, май алмасу,
дене температурасын реттеу, қан құрамының бір қалыптылығын фильтрлік
қызметі арқылы сақтайды, қан ұйыту жүйесінің тұрақтылығын сақтау қызметін
атқарады. Өкпенің май алмасу және бірқатар фермент жүйелерін шығарудағы
рөлі және жоғары температурамен әсер еткендегі өзгерістері толығымен
зерттелмеген.
Жануарлардың организмдеріндегі физиологиялық процестерге температура
және ылғалдылық елеулі әсерін тигізеді. Алам және жануарлар организміне
сыртқы ортадағы жоғарғы температура қолайсыз фактор ретінде әсер етеді.
Ортаның организмге әсер етуші факторлары жеке бейімделушілік
өзгерістер қатарына қосылады және түрлік құбылыстар, орнықты тұқым
қуалаушылық өзгерістер белгілі популяциялық және экологиялық арнаулы түрі
эволюция процесінде пайда болған.
Жұмысқа жалпы сипаттама. Бітіру жұмысы кейбір омыртқалылардың өкпесінің
сыртқы ортаға байланысты гистологиялық өзгерістерін, соның ішінде
гипертермиямен әсер еткеннен кейін өзгерістерді зерттеуге арналған.
Тақырыптың өзектілігі. Гипертермия жағдайындағы өкпенің морфологиялық
қайта құрылуларының ерекшеліктерін анықтауға бағытталған зерттеулердің
маңыздылығы зор. Себебі, олар тыныс алу жүйесіне сыртқы жоғарғы
температураның әсер етуінің нәзік механизмдерін терең білудің
қажеттілігінен туындап отыр.
Ақырғы жылдары орта факторларының арасынан цитологтар көбінесе
температура факторына көп көңіл бөліп жүр. Барлық организмдердің тіршілік
ету жағдайына температура міндетті және әр уақыттағы нәзік фактор болып
есептеледі.
Жоғарғы температураның тыныс алу мүшелеріне әсері морфологиялық
тұрғыдан аз зерттелген. Осыған байланысты өкпе эпителийінің гистологиясын,
гистохимиясын және нәзік құрылысын зерттеудің үлкен теориялық және
практикалық маңызы бар.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті. Жоғарыда баяндалған мәліметтерді ескере
отырып, тыныс жолдары арқылы гипертермиямен әсерленген егеуқұйрық өкпелерін
зерттеуді мақсат еттік.
Диплом жұмысының мақсатын жүзеге асыру үшін алдымызға мынандай
міндеттер қойылды:
- қалыпты жағдайдағы егеуқұйрық өкпесінің гистологиясын зерттеу;
- тыныс жолдары арқылы гипертермиямен әсерленген егеуқұйрық
өкпесінің гистологиясын зерттеу.
Зерттеу нысаны: ақ егеуқұйрық өкпесі.
Зерттеу пәні: гипертермиямен әсерленген егеуқұйрық өкпесінің
морфологиялық жәй-күйлері.
Практикалық құндылығы: Бұл мәліметтер экологиялық болжам жасауға
қолданылуы мүмкін.
1. Әдебиеттерге шолу
Адам және жануарлар ұзақ уақыт ішінде биік тауда және жоғарғы
температуралы ыстық климат жағдайында тұруы және тіршілік етуіне байланысты
және организмге климат факторының әсері жайлы соңғы уақытта көптеген
әдебиеттер жинақталған. Бірақта организмнің аз уақыт ішінде бір климаттық
жағдайдан басқа экстремалды жағдайына ауысқандағы болатын өзгерістер әлі
толығымен зерттелмеген.
Экстремалды жағдайда әр түрлі биіктікте оттегінің жетіспеушілігі,
сыртқы жоғарғы температура гомеостазды ұстап тұру, адамның табиғи жағдайына
бейімделу механизімі қазір біздің елде зерттелуде.
Осы саладағы организімді зерттеу кезінде табиғи жағдай және қоршаған
орта негізгі лаборатория болып саналады. Зерттеу комплексті сипатта,
қандайда бір жүйенің бейімделуі тіршілік жағдайында орындалатын
қызметтердің өзгеруін қолдайды. Мысалы, организмге оттегінің жетіспеушілігі
немесе жоғарғы температураның әсері жүйке-қан жүйесінің, тыныс алудың,
эндокринді жүйенің қызметінің бұзылуына әкеп соғады. Ол жылуды реттеу, кез
келген бейімделу процесінің қатысуымен жүзеге асады. Осы өзгерістер
организмнің тіршілігінде берілген және жаңа экстремалды жағдайлардың
гомеостазын көтеруін қамтамассыз етеді [1].
Жоғарғы температуралы аудандарда субьлеталдығына дейін барлық түрлерде
жаз айларында химиялық терморегуляция қисығы төменгі деңгейге орналасады
[2].
Қоршаған ортаның жоғарғы температура жағдайында адамдарда белок
синтезі өзгергенін байқаймыз. Осының нәтижеінде теріс азотты байланыс пайда
болады. Көптеген авторлар қыздыру кезінде ұлпадағы белоктардың ыдырауының
күшейгенін және қанның құрамында азоттық реакцияның жоғарлайтынын
зерттеген.
Қоршаған орта температурасының әсерінен қан плазмасының құрамындағы
амин қышқылдар азаятын болса, ол бос амин қышқылдарының құрамында болады.
Синтез процесінің интенсивтілігін және белоктың ыдырағаны, сонымен қатар
осы процестердің сапалық өзгерістерін көрсетеді [3].
Термиялық рецепция процесі қарапайым емес, артық температура және
ондағы өзгерістер бірдей емес рецепторларды сезінеді және дағдыланған күш,
термиялық сезімділік үйлесімділігі, физиологияда терморецепторлардың
бөлінуі тек екінші топ суық және жылыда кездеседі.
Жылы және суық категориясының рецепторына қатысты инциалды Ханзелья
ұсынды:
1. Жылдам суыққа импульстардың жауабының жиілігі көбейеді немесе
пайда болады (қыздыруға, жылытуға лайықты).
2. Тез жылытуға импульстардың жауабының тоқтауы немесе жоғалуы
(суытуға лайықты).
3. Терінің қыздыру механизміне реакцияның жоғалуы.
Көптеген зерттеу жұмыстарында көрсетілгендей жоғарғы температураның
әсерінен жылу реттегіш мүшелердің қызметіне күш келеді. Нәтижесінде
көптеген ылғал жоғалады. Организмнің дегидратациясы және су-тұз алмасуының
күшеюіне әкеп соғады.
В.Б.Кэннон жылы гомеостаздық регуляцияның негізгі бағыттарын кеңінен
көрсетеді:
1. Организмде қандайда бір заттың шектен тыс қабылдануы
тоқтатылады, депо мүшелерінен осы заттың шығарылуы және
ыдырауы күшейді.
2. Организмде қандай да бір заттың жетіспеушілігі арнаулы
бағытпен сұраныс табады және күшейеді, артық және мол ретінде
көрінеді, сол заттың организмнен артық шығарылуы күшейеді,
депо мүшелеріндегі артық өнімді мобилиздеу және организмде осы
заттың биосинтезі күшейеді.
C.Bernard-тың зерттеуі бойынша, сыртқы оптимальді температурада
организмдегі алмасу процесінің интенсивтілігі min-ға дейін төмендейді, ал
организмнің оттегін қажет етуі де төмен болады. Бұл дерек адамдарға
жасалған тәжірибедегі нәтижелермен және жануарлар эксперименттерінің
алғашқы мәліметтерімен сәйкес келеді. Қоршаған орта температурасы
оптимальді температура жағдайында оттегінің жоғарғы порциальді себебі әлі
белгісіз [4].
А.А.Синичкиннің зерттеулерінде сұр ақ егеуқұйрық қоршаған ортаның
тұрақты мекен етуші синатропты түр болып табылады. Осы кемірушілердің
организмде кезеңді заңдылыққа өзгеріс байқалатыны айтылған. Жануарлардың
дене мөлшері кішілеу және жас болса, соншалықты оның зат алмасуы, зат
алмасу интенсивтілігін жоғары және қоршаған ортаның кезеңдік өзгерітеріне
тәуелді болып келеді [5].
Кемірушілердің кейбір практикалық нүктелері: ортаның оптималды
температурадан төмендеуі және өмірдің жоғарғы температураның шегінен
төмендеуі мен параллель химиялық терморегуляцияның жалпы реакцияның дамуы
тек онтогенезде көрінеді. Физиологиялық жағдайда тәуелді өзгеруді, әр түрлі
қолайсыз әсерлердің әсерінен төмендеуі жылу реттегіштердің жетіспеушілігін
тудырады, соңында химиялық жылу реттегіштердің бұзылуы жоғарғы
температураның кезінде зат алмасудың төмендеуі жануарлардың өліміне, қызып
кетуіне әкеп соғады. Сонымен осы мәліметтер бойынша мынадай қортынды
жасаймыз. Жылу реттегіш мүшелері жұмысын тоқтатады. Көптеген авторлар
керісінше жылу реттегіш процестер әсерінің нәтижесі деп санайды. Өкпе күшті
гипоксия кезінде басқа да мүшелердегі сияқты фосолипидтердің синтезі
төменделеді (6).
Зертеушілердің қатары көрсеткендей дипольмитоиллецитиннің синтезінің
азаюы және ауада тыныс алатын оттегінің жетіспеушілігі жағдайындағы күйінде
фосфотидилхолинде миристинді қышқылдың пайда болуы. Бұл кезеңде
триглицероидтар фракциясының және фосфометодтардың синтезінің төмендеуі
көрінеді. Өкпе ұлпасының липидті өнімінің алмасуына арналған синтездердің
және өкенің беткі активті заттарының липидтерінің синтезінің азаюына тән.
Бір уақытта бәсеңдеуі және оның тотығу [6].
Оттегінің жетіспеушілігін теориялық жете зерттеу мәселесін ең алғаш
И.М.Сеченов көтерген, ол қанның тыныс алу қызметін зерттеп және
физиологиялық тыныс алумен айналысқан. Ол газ алмасудың негізгі себебі:
альвеолдағы оттегінің парциальді қысымының төмендеуіне байланысты екенін
дәлелдеді. 100 км биіктіктегі атмосфера ауасындағы оттегінің проценттік
құрамы 2% тең, сонымен гипоксия оттегінің парциальді қысымына ескерту
жасайды (Paola stimirus).
Күшті гипертермия кезінде жануарлар өледі, ал жануарлардың
тамырларында ауа көпіршіктері пайда болғаны табылады.
Best жануарлардың әр түрлі түріне төмен биометрлік қысымның әсерін
зерттегенде гипобария әсері негізінен оттегінің парциальді қысымының
төмендеуінің арқасында әсер етеді. Кейіннен дәлдеп көрсеткендей ғана емес,
сонымен қатар көмірқышқыл газының төмендеуімен сипатталады.
Адам организмі оттегінің ішкі қорының резерваттарымен орналаспайды.
Тыныс алу және қан айналудың қызметі организмнің ұлпаларына оттегін жеткізу
және тыныс алатын ауадағы ұлпаларда метоболизм процесінен пайда болатын
көмір қышқылын шығару. Оттегінің парциальді қысымының төмендеуі кезінде қан
айналу қызметінде қайта құрылады және тыныс алу қызметі өзгереді. Алғашында
бұл үйрену сипатында болады, ұзақ және күшейтілген гипоксия әсерінен
патологиялық өзгерістер пайда болады.
Басқа бөліктердің тамырларымен салыстырғанда тері асты тамырлары әлде
қайда температура әсерінен ереше сезімтал болып келетіні анықталды. Қоянның
портальді венасы тез қыздыруға жауап қайтарып алғашында қыздырады, содан
кейін импульсі жиіленеді, осы тамырдың клеткасының тегіс бұлшық етінің
белсенділігі 28°С температура кезінде көрінеді.
В.И.Филистович сүтқоректілердің ішкі мүшелерінің тамырларында тіке
парциальді импульс аралығында және температураға тәуелді екенін ашты [8].
Орта Азияның өте континенталды климат жағдайында сыртқы жоғарғы
температура және күн радиациясы өте қатты тітірендіргіш ретінде әсер етеді,
организмнің адаптация процесінде қатысуы және зат алмасуын реттеуде бүйрек
үсті безі үлкен рөл атқарады.
А.Т.Сухачев Түркіменнің ыстық климаттарында адамның бүйрек үсті
безінің қызметінің төмендейтінін көрсетті, осы мәліметті кейіннен
Ф.Т.Агарнов, В.А.Максимов, Н.В.Памятный адренолэктомия көмегімен бүйрек
үсті безін алып тастағанда жануарлардың жылу ұстағыштығы төмендейтінін
анықтады. Ф.М.Шлейманны айту бойынша жоғарғы температура тітіркендіргіш
болып саналады. Сондықтан жылы арнаулы емес күш келетін реакция пайда
болады, үйрек үсті безінде гипертрофия бақалады және олардың құрамындағы
аскорбинді қышқыл төмендейді.
Организмнің әр түрлі жүйесінің және ұлпалық қызметтерінің
механизмдерінің қайта құрылуы созылмалы гипоксияның және кейбір
адаптацияның интимді механизмдерінің және білгілі бір дәрежедегі
аклимитацияның әсеріне байланысты. Бірақ, осы уақытқа дейін бірде-бір
классификациясы құрылмаған, барлық фазаның кезеңдерінен өтеді және
аклимитацияның уақытында түсуі [7].
Сыртқы жоғарғы температураның жағымсыз факторы ретінде адам
организіміне елеулі әсерін тигізеді. Сыртқы факторлардың адамның іс-
әрекеттерін сандық өзгерту жайлы бірнеше еңбектер бар.
Организмге адаптация процесі үлкен ауыртпашылықты әкеледі, ең бірінші
орталық нерв жүйесіне әсер етеді. Организмнің сыртқы өмірге байланысты
алғашқы физиологиялық дамуда сыртқы ортаның әсерлері организмнің нерв
жүйесімен реттеледі [9].
И.П.Павловтың шартты рефлекс мақсатында организмнің бейімделу
процесінің реакцияның механизімі сыртқы ортамен теңесуі шартты және шартсыз
рефлекстеріне байланысты болатынын көрсетті.
Зерттелетін бас миының құрлысының температурасы қоршаған ортаға тиісті
температура реакциясын белгілі нервте жасалған бас миында, олардың жоғарғы
және төменгі температурасы пайда болады. Осы температураның өзгерістерінде
әр түрлі көріністер тітіркендіргішке тиісті ерекше ұзақтылығы бар. Жүйке
жүйесінің әр түрлі бөліктерін байланыстыратын бір механизм рефлекторлы тор
деп қорытамыз. Териорегуляция реакциясын қалыпты және гипероксикалық және
жоғарғы барометрлік қысым кезінде жүргізуші механизм рефлекторлы механизм
болып саналады. Сондай-ақ, орталық жүйке жүйесіндегі бұл өзерістер аралық
индукциялық қатнас және ми қыртысының асты құрылуына терморегуляциялық
орталықтың қатысуы орталық жүйке жүйесінің күрделі функционалдық қайта
құрылулары эмоциональді тітіркендіргіш кезінде қоздырушы ошақтардың басыңқы
жерлері, вегетативті жүйке жүйесінің тонусын өзгертеді. [5].
Г.Клаина және басқалардың зерттеулерінде ақ егеуқұйрықтарда суыққа
аклиматизация кезінде зәр қышқылы – аргининнің бөлінуі күшейді, қан
плазмасының құрамында зәр қышқылының мөлшері артады. Донорлардың қанында
жоғарғы температураның әсер кезінде гистидин саны 42% өседі. Ақ
егеуқұйрықтарда (45-50 °С) ыстық сумен қыздырғаннан кейін қалыпты жағдайда
белгілі бос амин қышқылынан басқа тағы бір арганин табылады [10].
З.Н.Лебедева қағаздағы хромотография әдісімен қандардың қалыпты және 1-
1,5 сағатқа дейін 45-50°С температурадағы қыздырудан кейін қан
плазмасындағы бос амин қышқылдарын анықтады, қыздырудан кейін қан
плазмасындағы барлық бос амин қышқылдарының мөлшері өсетінін анықтады [11].
Кейбір ұлпаларда протеометикалық ферменттердің актитілігі жоғарылайды,
ал гипертермия жағдайында белоктың құрамы төмендейді [12].
Қан плазмасындағы бос амин қышқылдарының саны синтез деңгейінде және
ұлпалы белоктардың ыдырауына тығыз байланысты. Организмге жоғары
температураның әсері кезінде ұлпалы ыдырауының күшейуі жаз айларында қан
плазмасының аминді-азоттың және бос амин қышқылдарының құрамының артуымен
тығыз байланысты [5].
Оптималді зона шамасынан орта температурасының жоғарлауы кезінде
кемірушілердің газ алмасуы жоғарылайды. Ортаның жоғарғы температурадағы
ауыспалы нүкте және алмасудың ауыспалы нүктелері жайлы түсініктердің ауысуы
температурасында алмасу min-ды деңгейде көрінеді. Кемірушілердің ауыспалы
нүктелерінің кейбір ерекшеліктері онтогенезде пайда болады, химиялық
терморегуляцияның жалпы реакциясы ортаның оптималды температурасының
төмендеуі параллель дамиды: физиологиялық күніне сәйкес өзгереді, әр түрлі
қолайсыз әсерлер кезінде төмендейді, терморегуляцияның жетіспеушілігі
байқалады. соңында осы дерек химиялық терморегуляцияның қауіпті өзгерістері
кезінде, жоғарғы температура уақытында зат алмасудың мүмкіндігімен
ерекшеленеді. Қыздыру жануарлардың өліміне алып келеді, қорыта келгенде
терморегуляция механизмі төмендейді немесе тоқтайды ((((.
Жоғарғы температураның үздіксіз әсері кезінде кемірушілердің жалпы
нәтижелері мынандай: көбеюі және ұрықтық клеткалардың дегенерациясы
тоқтайды. Жоғарғы температураға организмнің төзімділігі әсердің
ұзақтылығына байланысты (5(.
Жалпы жинақталған мәліметтердің қорытындысына кезеңді циклдің жылу
алмасу факторлардың жиынтығына негізделген. Жалпы кемірушілердің химиялық
терморегуляциясын осылар реттейді. Қан құрамының кезеңді өзгерістері біздің
ойымызша зат алмасумен байланысты деп айта алмаймыз, өйткені ол өзгереді
((((.
Жоғарғы температура кезінде жануарлар огранизмдегі су мөлшерінің
аазаюын реттеейтін, физиологиылқ механизмдерін анықтау, су алмасу басқа да
экологиялық-физиологиялық байланыстың болашақта жеке түрлердің
ерекшеліктерін анықтау. Әзірге былай айтуға болады: жануарлардың ыстық
климатты жағдайында су алмасуды реттейтін бірінші физиологиялық механизм,
олардың жоғарғы температура жағдайына бейімделуі ((4(.
Басқа жануарларға қарағанда шошқалардың тыныс алуы және газды
энергетикалық алмасуы жоғары температура әсері кезінде көптеген
өзгерістерге ұшырайды. Жоғарғы температура кезінде тыныс алу жиілігі
қалыпты жағдаймен салыстырғанда 4 есе және өкпенің айналымы 2,4 есе
артады. Тыныс алу тереңдігі 6,3%-ға төмендейді, тыныс алу коэффициенті 0,04
өседі. Шошқалардың сонымен қатар апта ішіндегі суды қажет ету тәртібінің
өзгергенін байқаймыз (2(.
Қатты гипертермия әсері кезінде механизмдер масштабтарының этаптарын
және бүйрек эпителийінің реперативті регенерациясының көздерн анықтау және
осы факторлардың организмнің, нефроциттердің дифференцировкасына және
полиферациясына әсерін анықтау және ұлпалы орта жағдайында постанаталды
нефрогенезге гипертермияның әсерін зерттеу ((5(.
П.Т.Кашковсакя қоян қабырғаларының сүйек кемігінің қан жасау қызметіне
жергілікті гипертермияның эффектісін зерттеді ((6(.
Организмнің экстремалды әсерге реакциясын гуморалды факторлар және
регулятордың қыздыру кезінде атқаратын ылғалдылығы кезінде глюкоза деңгейі
төмендейді.
T.Bernard қызметі орасан зор. Қан сарысуының құрамы мен қызметі
өзгереді. Қанда гормондардың, басқа да физиологиялық белсенді заттардың
санының артқандығын анықтадаы. Жергілікті гипертермия кезінде қысқа уақытқа
бейімдлемей жатып, гуморалды комплекске әсер етеді (7(.
Температураның (60(С) өсуі және салыстырмалы. Воронина, И.М.Колосов,
М.Ф.Кузнецов жоғарғы температураның әсерінен жануарлардың иммунды
реактивтілігінің өзгеретінін зерттеген. 30, 40, 60(С температуралы
ылғалдылық тәртібіне қанның сарысуының жалпы белок алмасуының бұзылатынын
көреміз (17(.
Организмнің терморегуляциясы және судың булану жылдамдығы өкпенің
беттік активті затының күшін арттырады. Буланудың күшейуі жылу берудің
артуына алып келеді. Өкпенің беткі керілуінің өзгеруі өкпе арқылы жылу беру
регуляциясына байланысты. Сондықтан өкпенің беткі белсенді затының, судың
булануы тоқтаса су-тұз гомеостазын сақтау үшін қажетті организм гипертермия
және гипоксия кезінде тыныс алу көлемінің минуты өспегендігін көреміз (8(.
Гипертермия кезінде өкпенің аэрогематикалық тосқауылдың жалпы
қалыңдығы артады (18(.
Өкпеге жоғарғы температурамен әсер еткенде өкпенің салмағы 0,13%
өседі. Альвеол аралық тосқауылдардың капиллярлары қанға толған жалпы ауданы
55,9% артады. Қан тамырлардың қабырғасының өткізгіштігі артады (19(.
Жоғарғы температурамен әсер еткенде өкпенің сурфактантының қызметтік
жағдайы, өкпе-бронх беткі белсенді заттарының және өкпе ұлпасының
экстрактары жоғарылайды және альвеолоциттің 2 түрінің липидті алмасу,
сурфактант синтезі өзгереді. Өкпеде липидтердің көбеюінің себебі
липодиераза гипоксияға байланысты немесе липидтердің синтезінің
белсенділігіне байланысты.
Гипертермия кезінде өкпедегі жалпы липидтер саны төмендейді,
альвеолоциттің ІІ түріне және альвеол макрофактарына липидтердің жинақталуы
жылу стресіне байланысты (20(.
Сыртқы жоғарғы температураның әсері кезінде организм днңгейінде өзінің
температураға бейімделушілік арқылы реттеу процесі физикалық жылу
регуляциясы деп аталады.
Жоғарғы температурамен өкпеге әсер еткенде аэрогематикалық тосқауыл
құрамындағы клеткалардың митохондриясы өзгереді. Эндотелий қалыңдайды және
микропиноцитоз жоғарылайды (18(.
Гипертермия кезінде сурфактант синтезіне жауапты альвеолоциттердің ІІ
түрі көлемі жағынан артады және құрамындағы қышқылды фосфотаза активтілігі
және фосфолипидтердің жоғарылауын байқаймыз (19(.
Жоғарғы температурамен әсер еткеннен кейін тамыр-ұлпалық өзгергіштігі
өзгереді, дистелектаз, ателектаз және эмфизема ошақтары байқалады. Бронх
өкпелік жуындылар мен өкпелік ұлпалық сығындылардың беттік белсенділік
қасиеті жоғарылайды. Бұл жағдай сурфактанттың өкпеден жуылуы және
сурфактанттың синтезіне жауапты альвеолоциттің ІІ түрінің липидтік
алмасуының өзгеруіне байланысты болады. Қантамырлардың қабырғаларының,
сонымен қатар, альвеоларалық қалқанның қантамырларының өткізгіштігі
жоғарылайды (21(.
Ф.Ф.Султановтың еңбегінде қоршаған ортаның жоғарғы температурасының
әсеріне организмнің реакциясы қаралған. Жоғарғы температураның дамыған
кездегі жеке жүйелер арасындағы өзара байланысы, компенсация дамуы мен
қызметінің интеграциясының гуморалды және нервтік механизмдердің қызметінің
маңыздылығы көрсетілген (22(.
Жоғарғы температурамен әсер еткен кезде ақ егеуқұйрықтың бронх-өкпе
жуындыларымен қатар, өкпе-ұлпа экстрактілерінің де беттік – белсенділік
қасиеттерінің жоғарылауы байқалады (23(.
Жоғарғы температура әсерінен егеуқұйрықтардың өкпесінде біркелкі емес
толық қандылық пен интерстициалды ұлпаның ісінуі, дистелектаз, эмфиземаның
ошақтарын, бронхалар маңында және өкпенің паренхимасындағы дәнекер
ұлпасының өскендігі байқалады (24(.
Сонымен, жоғарғы температурамен әсер еткен кезде өкпедегі құрылымдық
және морфофункционалды өзгерістерін зерттеуге бағытталған жұмыстар өте аз,
ал физиологиялық және биохимиялық бағыттағы еңбектер жеткілікті.
1.1 Өкпенің жалпы құрылысы
Өкпе, (латынша pulmo (pulmonis)-өкпе) кеуде қуысында, жүрек пен үлкен
тамырлардың жанында, омыртқа бағанасының алдыңғы бетінен, кеуде
қабырғасының артқы бетіне дейін созылатын көкірек аралықпен, бір-бірінен
бөлінген өкпе қабырғасында орналасады. Оң өкпе сол өкпеге қарағанда көлемді
(10% шамасында), әрі біршама қысқа және кең. Бұл біріншіден, көкеттің оң
күмбезінің сол күмбезінен жоғары тұруына, екіншіден, жүрек солға
ығысыңқырап орналасып, сол өкпенің енін азайтуына байланысты [25].
Әрбір өкпе, бұрыс конус пішінді, оның төмен қараған негізгі және ұшы
дөңгеленген. Ол алдыңғы жағында І қабырғадан 3-4 см жоғары немесе бұғанадан
2-3 см жоғары тұрады, артқы жағында VІІ мойын омыртқасы деңгейіне жетеді.
Өкпенің ұшында осы жерде өтетін бұғанаасты артериясы қысымынан пайда
болатын кішкене жүлге байқалады. Өкпенің үш бетін ажыратады: төменгі беті,
кең қабырғалық беті және медиальді беті. Ол көкірекаралыққа жанасатын артқы
бөлікке және омыртқа бағанасына жанасатын алдынғы бөлікке бөлінеді. Беттер
жиектермен бөлінген: негіздің төменгі үшкір жиегі, медиальді бетімен
қабырғалық бетті бір-бірінен бөлетін жиегі. Әрбір өкпенің медиальді бетінде
оның ортасынан жоғары және артқа қарай өкпе қақпасы орналасады. Олар арқылы
бронхтар мен өкпе артериясы өкпеге енеді, ал екі өкпе венасы және лимфа
тамырлар өкпеден шығады, барлығы қосылып өкпе түбірін құрайды. Өкпе
түбірінде бронх дорсальді орналасады. Өкпе артериясының орналасу қалпы оң
және сол жақтарда бірдей емес. Өкпе веналары екі жағында да өкпе
түбіріндегі өкпе артериясы мен бронхтан төмен орналасады [26].
Әрбір өкпе саңылаулар арқылы үлестерге бөлінеді. Оң өкпеде үш үлес, сол
өкпеде тек екі үлес болады [27].
Өкпенің үлестерге бөлінуіне сәйкес екі басты бронхтардың әрқайсысы өкпе
қақпасына келіп, үлестік бронхтарға бөліне бастайды. Оң жоғарғы үлестік
бронх жоғарғы үлес орнына бағытталып, өкпе артериясы үстінен өтеді және
артерия үстілік деп аталады. Оң өкпенің қалған үлестік бронхтары мен сол
өкпенің барлық үлестік бронхтары артерия астынан өтеді және артерия астылық
деп аталады. Үлестік бронхтар өкпе затына еніп, өкпенің белгілі бір
бөліктерін-сегменттерін желдететін болғандықтан, сегменттік деп аталатын
ұсақ, үшінші бронхтар бөліп шығарады. Сегменттік бронхтар өз кезегінде
дихотомдық жолмен одан да ұсақ 4-ші, 5-ші, т. с. с., шамамен 10-11 реттік
соңғы және тынысалу бронхиолаларына дейін бөлінеді [28].
Өкпе сегменттері шетін қалыңдығы 4 см қабатпен алып жататын екінші
үлесшелерден тұрады. Екінші үлесше диаметрі 1 см-ге жететін өкпе
паренхимасының пирамида пішінді бөлігі. Ол дәнекер ұлпалы қалқалар арқылы
көршілес үлесшелерден бөлінеді.
Үлесше аралық дәнекер ұлпада веналар мен лимфа капиллярлары торы бар
және ол өкпенің тынысалу қимылдары кезінде үлесшелердің қозғалмалы болуына
жағдай жасайды. Көп жағдайда онда жұтылған көмірқышқыл тозаңы жиналады да,
соның салдарынан үлесше шекаралары айқын байқалады [29].
Әрбір үлесшенің ұшына қабырғаларында әлі де шеміршегі бар бір ұсақ
бронх енеді. Әр өкпедегі үлесшелік борнхтардың саны 800-ге жетеді. Әрбір
үлесшелі бронх үлесшенің ішінде 16-18 жіңішке соңғы бронхиолаларға
тармақталады, онда шеміршектер мен бездер болмайды. Басты бронхтардан
бастап соңғы бронхиолаларды қоса барлық бронхтар дем алып, дем шығарғанда
ауа ағынын өткізуге арналған тұтас бронх тармақтарын құрайды. Соңғы
бронхиолалар дихотомдық жолмен тармақталып, тыныс алу бронхиолаларының
бірнеше ретіне бастама береді. Әрбір тыныс алу бронхиолаларынан
қапшықтармен аяқталатын альвеолалар жолдары радиальді шығады [30].
Ұсақ бронхтар қабырғасының эпителий астары альвеолалы кіреберістің
эпителий астарына тікелей ауысып отырады. Альвеолалы кіреберістің аяқталған
жерінде альвеолалардың жинақталғаны байқалынады, оны альвеолалы қапшық деп
атайды. Көптеген альвеолалар жоғарыдағы айтылған құрылымдармен бірігіп
өкпенің құрылымдық-қызметтік бірлігі – ацинусты құрайды. Альвеолалар бір-
бірімен, альвеолалы эпителийдің өзінен, құрамында дәнекер ұлпаның
клеткалары мен коллагенді және эластикалық талшықтары бар септальді
стромадан (интерстиция) және бір қатарлы қылтамырлар торынан альвеолааралық
тосқауылдар арқылы ажыратылынады, сонымен бірге фибробласт, фибриоциттер
және қанның ауыспалы клеткалары және лимфоидты қатар, толық клеткалар,
макрофагтар, антигенді клеткалар (дендритті және Лангерганс клеткалары)
жатады. Қалыпты жағдайда альвеолааралық тосқауылдар нәзік құрылымды келеді.
Альвеолоцит пен қылтамырлар қабырғалары арқылы қан мен ауа арасында
газдардың диффузиясы өтеді [31].
Екі өкпедегі ацинустар саны 30000-ға жуық, ал альвеолалар мөлшері 300-
350 млн-ға жетеді. Өкпелердің тыныс алу бетінің ауданы дем шығарғанда 35
м², ал терең тыныс алғанда 100 м² жетеді. Ацинустар жиынынан үлесшелер,
үлесшелерден-сегменттер, ал сегменттерден-үлестер, ал үлестерден-тұтас өкпе
құралады [32].
Өкпенің негізгі қызметі - газ алмасу. Өкпеге оттегімен қаныққан ауаның
келуі және көмірқышқыл газымен байыған ауаның одан сыртқа шығарылуы, кеуде
қуысы қабырғалары мен көкеттің белсенді тыныс алу қозғалыстары және өкпенің
жиырғыштық қабілетінің тыныс жолдары қызметімен ұштасқан әрекеті
нәтижесінде қамтамасыз етіледі. Өкпенің физиологиялық рөлі газ алмасумен
шектелмейді. Оның күрделі анатомиялық құрылысына қызметтерінің көптігі
сәйкес келеді. Тыныс алу кезіндегі бронхтар қабырғасының белсенділігі,
секрет бөліп шығару қызметі, зат алмасуға қатысуы, бұның организмдегі
қышқыл-сілті тепе-теңдігін сақтауда маңызы бар.
Өкпеде 6 түтікті жүйе бар: бронхтар, өкпе артериялары мен веналары,
бронхтық артериялар мен веналар, лимфа тамырлары [32].
Респираторлы бөлімнің морфофункциональді бірлігі терминальді бронхиола
соңынан басталатын ацинус. Ересек адамның өкпе ацинусына: І, ІІ және ІІІ
қатардағы респираторлы бронхиола, альвеолярлы жол және альвеолярлы
қапшықтар жатады. ІІІ – қатардағы респираторлы бронхиоладан 2, 3 кейде 4
альвеолярлы жол шығады, олардың әрқайсысынан 4-8 альвеоладан тұратын, 3-6
альвеолярлы қапшықтарға өтеді. Респираторлы бронхиола және альвеолярлы
жолдар төменгі бөлікте, әсіресе субплевральді аймақта ұзын. Жоғарғы бөлікте
респираторлы бранхиолалар қысқа. Бірінші альвеолалар бронхиолалы
эпителиймен жабылған І-қатардағы респираторлы бронхиола қабырғасында
түзіледі. Бұл аймақта ауа өткізгіш бөліктердің элементтері респираторлы
бөліктердің элементіне ұқсас келеді [33]. Бронхиола қабырғасындағы
эпителиальді жабынды өз кезегінде альвеолалы жолдың эпителиальді
жабындысына өтеді. Альвеолалы жолдың қабырғасы өкпенің сканды электронды
микроскопиялық көрінісінде жақсы көрінетін қатар орналасқан “кіру
қақпасынан” немесе қақпа алдынан тұрады. Гистологиялық кесіндіде “кіру
қақпасының” орнында ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz