Дүние жүзі елдерінің қазіргі көлік жүйесі



Жоспар
І. Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім:
1.Көлік географиясының жалпы сипаттамасы, негізгі көлік түрлері
2.Дүние жүзі елдерінің қазіргі көлік жүйесі
3.Қазақстанның көлік географиясы

ІІІ. Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер

Пән: Транспорт
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім:
1.Көлік географиясының жалпы сипаттамасы, негізгі
көлік түрлері
2.Дүние жүзі елдерінің қазіргі көлік жүйесі
3.Қазақстанның көлік географиясы

ІІІ. Қорытынды

IV.Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Көлік шаруашылық саласының үшінші басты саласы болып табылады.Көлік
мемлекеттік және халықаралық еңбек бөлінісінің материалдық негізін
құрайды.Барлық байланыс жолдары,көлік кәсіпорындары мен көлік құралдары
дүниежүзілік көлік жүйесіне бірігеді.Көлік жүйесін дамытудың әсіресе аумағы
өте үлкен елдер үшін маңызы ерекше.Сондықтан көлік жүйесінің салаларын
дамытуға бұл елдер көп қаржы жұмсайды.Ғылыми техникалық революция көліктің
барлық түрлерінің қарқынды дамуына негіз болды.Бұл көліктер жылдамдығының
артуынан,олардың жүк көтеру және тасымалдау мүмкіншіліктерінің кеңеюінен
айқын көрінеді.Көлік қатынасы Үлкен жетілік елдерінде ең жоғары деңгейде
дамыған.Шығыс Еуропа елдері мен Ресейдің кңлік жүйесі жолдардың жиілігі мен
сапасы, жүк айналымының мөлшері жөнінен Батыс Еуропа елдері мен АҚШтан
әлдеқайда төмен дәрежеде.Дамушы елдер бойынша осы заманғы көлік жүйелері те
жекелеген елдерде ғана жоғары дамыған, ал көпшілік елдерде ат арба,адам
күшімен жүк тасу әлі де болса, кең орын алып келеді.Ауғанстан, Непал сияқты
елдерде теміржол мүлдем жоқ.Сол сияқты, Парсы шығанағы жағалауындағы мұнай
өндіруші елдер мен Мұхит аралдары, Кариб теңізі алабындағы кейбір елдерде
де теміржол жоқ.

1.Көлік географиясының жалпы сипаттамасы, негізгі
көлік түрлері
Барлық көлік түрлерінің жиынтығын – көлік кешені деп атаймыз.
Дүние жүзі елдері мен аймақтарында көлік жүйесінің арақатынасы әр түрлі.
Өнеркәсібі дамыған мемлекеттердің көлік жүйесі құрылымы өте күрделі және
онда көліктің барлық түрлері кездеседі. Көлік жүйесінің жоғары деңгейде
дамуы, әсіресе АҚШ, Франция, Жапония, Ұлыбритания елдерінде байқалады.
Дүниежүзілік жүк айналымының 85%-ы осы елдердің үлесіне тиеді. Батыс Еуропа
елдеріне теміржолдағы жүк тасымалының 25 %-ы, теңіз көлігі мен құбыр
көлігі тасымалының 35%-ы тиесілі.
Дамушы елдердің көлік жүйесі шаруашылықтың аумақтық құрылымын көрсетеді.
Мұндай жолдар көбіне елдің минералды шикізат өндіретін аймақтарымен
байланыстырады. Сонымен бірге плантациялық шаруашылықтар және портты
қалалармен байланыстыру рөлін де атқарады. Өнеркәсібі дамыған елдерге
қарағанда мұнда көлік жүйесінің техникалық деңгейі төмен.
Дүниежүзілік көлік түрлері дамуының жарқын көрінісі ретінде контейнерлік
көлік жүйесінің қалыптасуын айтуға болады. Қазірдің өзінде маңызды
жүктердің 40 %-дан астамы контейнерлік әдіспен тасымалданады. Дүниежүзілік
контейнерлік көпірлерді теңіз көлігі, теміржол тізбегі мен автомобиль,
теміржол комбинациялары қалыптастырады.
Теңіз және өзен көлігі. Дүниежүзілік көлік жүйесі ішіндегі ең арзаны
болып, теңіз көлігі саналады. Дүниежүзілік жүк тасымалының 62%-ы осы су
көлігіне тиеді және ол бүкіл халықаралық елдер арасындағы тасымалдың 80 %-
ын қамтиды.
Дүниежүзілік теңіз сауда флотындағы кемелердің жалпы құрамының 13
бөлігі өнеркәсібі дамыған елдердің туы астында тіркелген. Оның 13-і
Батыстың кеме жүзу компанияларына жатады (олар ыңғайлы тулар астында).
15-і дамушы елдерге, ал қалғандары постсоциалистік елдер үстінде.
Дүниежүзілік теңіз сауда флотының жетекші елдері: Либерия, Панама,
Жапония, Грекия, АҚШ, Кипр, Қытай. Ыңғайлы тулар астындағы елдер
(Либерия, панама, Сингапур, Кипр, т.б.) жүк тасымалының өзіндік құнын 3
есеге жуық арзан тасиды.
Негізгі теңіз жолдары: Атлант, Тынық және Үнді мұхиттар. Тек Атлант
мұхитына дүниежүзілік жүк тасымалының 50%-ға жуығы тиесілі. Бірақ кейінгі
жылдары жүк тасымалы Тынық мұхитта да қарқынды дамып келеді (Жапония және
Жаңа индустриялды елдер).
Теңіз жүк тасымалында бірінші орынды мұнай және мұнай өнімдері алады.
Олардың үлесіне 1 млрд т жүк тасымалы тиеді. Ірі жүк ағыны Парсы
шығанағында қалыптасады да, ол Батыс Еуропаға, Жапонияға, АҚШ-қа
бағытталады.
Сонымен қатар көмір тасу құрғақ жүктер арасында бірінші орынды алады.
Темір кенін теңіз көлігімен тасымалдау жылына 340 млн т-ға жетті. Оны
негізгі экспорттаушы елдер – Бразилия және Австралия.Дүние жүзі бойынша
астық тасымалдауда теңіз көлігінің маңызы зор(жылына 250 млн т- ға
жуық).Тасымалданған астық көлемінің жартысына жуығы дамушы елдерге
жөнелтіледі.Дүниежүзілік ірі порттар (жүк айналымы бойынша) Сингапур,
Роттердам(Нидерланд),Шанхай(Қытай), Нагоя,Йокогама,Тиба,Кобе (Жапония).Батыс
Еуропаның ірі порттары халықаралық маңызы бар теңіз қақпасы болып
саналады.Мысалы,дүние жүзіндегі ең ірі порттардың бірі Роттердам
дүниежүзілік жүк айналымының 23-ін құраса,одан әрі ішкі өзендер
(негізінен,Рейн өзенімен),каналдар арқылы құрлықтың басқа да елдеріне
тасымалданады.
Теңіз тасымалында бұғаздардың маңызы өте зор.Олар Ла
Манш,Гибралтар,Малакка,Ормуз,Босфор және теңіз каналдары
(Суэц,Панама,Киль).Дүние жүзіндегі жүк тасымалының ең күрделі аймағы Ла-
Манш арқылы тәулігіне 500 кеме өтсе,ең ірі Суец каналынан жылына 18-мың
кеме (тәулігіне 50 кеме) өтеді.Кейбір елдерде теңіз көлігімен қатар өзен
көлігінің де маңызы зор.Ірі кеме жүзетін каналдар мен өзен жолдарына
Жағалаулық канал (АҚШ ),Ұлы канал (Қытай) ,Волга-Балтық су жолы (Ресей)
Рейн-Майн-Дунай су жолы жатады.
Теміржол көлігі құрлықтық көліктердің ішіндегі ең маңыздысы
.Дүниежүзіндегі теміржол желілерінің ұзындығы -1,2млн км.Ең ұзын теміржол
АҚШ-тың үлесіне тиесілі(240мың км).Одан кейінгі орындарда Канада (90 мың
км)және Ресей (86 мың км) .
Батыс Еуроада теміржол желілерінің тығыздығы өте жоғары(Бельгияда 100 км
кв аумаққа 100 км теміржолдан келеді).
Дамушы елдерде теміржол желісінің жиілігі экономикасы дамыған елдерге
қарағанда әлдеқайда төмен.Көптеген теміржолдар бір бірімен
байланыспаған.Нәтижесінде,елдер мен аудандар арасында тұрақты қатынас жоқ.
ХХ ғасырдың соңында жоғарғы жылдамдықтағы теміржол желілері көбейіп
келеді.Мұндай теміржолдарға Париж-Лион, Рим-Флоренция, Токайдо
мегаполюсінен бастап,бүкіл Жапония аралдары арқылы өтетін теміржол желілері
жатады.Электрлендірілген теміржол Ресейде жақсы дамыған(ұзындығы жағынан
дүние жүзі бойынша бірінші орынды алады).АҚШ-та теміржолдардағы бүкіл
жұмыстың 90%-ын тепловоздар орындайды.Жапония мен Батыс Еуропа елдерінде
электр күшімен істейтін теміржолдардың үлесі 50%-ды құрайды (Швейцарияда-
100%)
Автомобиль көлігі. Қазіргі кезде дүние жүзінде автомобиль жолы өте тез
дамып келеді.Оның жалпы ұзындығы-24млн км.Соған байланысты көліктің жолаушы
тасымалындағы рөлі артуда.Автомобиль көлігі дүние жүзіндегі жолаушы
тасымалының 80%-ын қамтиды,сонымен бірге орта және жақын қашықтықтағы жүк
тасымалында (өте қысқа жол арқылы жеткізудегі )маңызы зор.Дүние жүзіндегі
автомобиль паркі 0,5млрд автомобильді құрайды.Бұлардың 80пайызы экономикасы
дамыған елдердің үлесінде.
Жүк және жолаушы тасымалында трансконтиненттік магистральдардың маңызы
зор.Белгілі шосселік жолдарға Сахара (Африка) арқылы өтетін жол, Атлант
мұхиты мен Тынық мұхитты жалғастыратын АҚШтағы және АҚШ пен Канада
аралығындағы автомобиль магистральдары жатады.Сонымен қатар Солтүстік және
Оңтүстік Американы жалғастыратын Панаамерикалық шоссе Трансамазоналық
шоссемен байланысқан.
Экономикасы дамыған елдерде жүк тасуда автомобиль көлігінің маңызы
зор.АҚШ пен ГФРде ел ішіндегі бүкіл тасылатын жүктің 25%-ы,Ұлыбританифяда
80%-ы көліктің осы түрінің үлесінде.Дамушы елдерде автомобиль көлігінің
үлесіне ел ішіндегі жүк тасымалының 13-і тиесілі.
Құбыр көлігі.Дүниежүзілік энергетиканың дамуына сәйкес мұнай және газ
құбырларының арақатынасы өзгеріп отырады.Сонымен қатар мұнай және газ
құбырларымен қоса,қатты өнімдерді таситын құбыр көлігі пайда бола
бастады.Олармен, негізінен, көмір және темір кендері тасымалдпнады.
Дүние жүзіндегі мұнай құбырының қазіргі кездегі жалпы ұзындығы 400мың км-
ден астам, ал газ құбыры желісінің ұзындығы одан да көп (900мың км).
Құбырмен тасымалдау теміржолмен тасымалдауға қарағанда (өзіндік құны) үш
есе арзан және онымен дүниежүзілік жүк тасымалының 11пайызы
тасымалданады.Көліктің бұл түрінің ерекшелігі ол жүкті тасымалдауда тұрақты
және сенімді көлік саналады және қоршаған ортаны ластамай.
Солтүстік Америкада құбырлар мұнай мен газды өндіретін аудандардан
құрлықтың индустриясы дамыған аудандарына тартылған.Батыс Еуропада олар
теңіз порттарынан өнеркәсіпті орталықтарға және құрлықтың шеткі аудандарына
жүргізілген.
Дүние жүзіндегі ең ірі мұнай құбырларына Дружба-Ресей-Батыс
Еуропа(5,5мың км), Канададағы Редуотер-Порто-Кредит (4,8мың км),т.б.
жатады.Америкалық Хьюстон-Нью-Йорк қатты өнім тасымалдайтын құбырының
ұзындығы-2,5мың км.
Су асты құбыр желілері Жерорта теңізі түбімен Трансжерортатеңіздік газ
құбыры тартылған.Мұндай құбырлар Мексика шығанағы мен Солтүстік теңізде де
жүргізілген.
Әуе көлігі.Бұл көлік-әрі жылдам, әрі қымбат көліктердің бірі. Оның
халықаралық жолаушы тасымалдауда маңызы зор.Әуе көлігі жылдамдығымен,
икемділігімен, сонымен қатар басқа көліктер жете алмайтын қолайсыз
аудандармен байланыстара алатындығымен ерекшеленеді.
Дүние жүзіндегі ең ірі әуе паркі АҚШ-та шоғырланған.Одан басқа ірі әуе
ұшақтарының шоғырлануы Канадада, Францияда, Австралияда және Германияда
байқалады. Халықаралық әуе байланысына 1мыңнан астам әуежай қатысады. Тек
Еуропада олардың саны 400-ге жуық.

2. Дүние жүзі елдерінің қазіргі көлік жүйесі

Ресей аймағында көліктің барлық түрлері дерлік жақсы дамыған деуге
болады. Алайда олардың орналасуы жиілігі, жүк және жолаушы тасымалындағы
үлесі біркелкі емес. Бұл жағдай республика аумағының өте ауқымдылығымен,
табиғат жағдайының кейбір ерекшеліктеріне, сондай-ақ әрбір ауданның игерілу
дәрежесіне, экономикалық және әлеуметтік деңгейіне тәуелді. Көлік
түрлерінің көлік жүйесіндегі орны атқарылған жұмыс нәтижесімен анықталады.
Оның көрсеткіштері тасымалданған жүк (млт т) пен жолаушының (млн адам)
санымен және жүк пен жолаушы айналымымен бағаланады. Көлік түрлерін
таңдауда оған жұмсалатын өзіндік құн, көліктің жылдамдығы, жүк көтеру
мүмкіншілігі, табиғат жағдайының көлік жұмысына тигізетін әсері ескеріледі.

Ресейдің ірі транспорттық орталықтары Мәскеу және Санкт-Петербург
қалалары.Транспорттың негізгітүрі болып темір жол көлігі салынды. Оның жүк
айналымындағы үлесі 36 %.Темір жолмен, негізінен, тас көмір, құрылыс
жүктері, мұнай, кен, орман ағашы, тыңайтқыштар, астық және алыс қашықтыққа
жолаушылар тасымалданады.
Темір жол транспорты жүк айналымы бойынша құбыр тасымалдануынан алға
шықты (газ құбырлары 151 мың км, мұнай құбырлары 61 мың км). Себебі темір
жол құрылысы тез әрі арзан.Құбырлармен мұнай, газ және оларды өңдеуден
алынған өнімдер тасымалданады.
Теңіз транспортының негізгі маңызы халықаралық дәрежеде (әлемдегі жүк
тоннасы бойынша 7-і орында. Баренц теңізі Ресейдің ең шеткі теңізі.
Автомобиль транспортымен барлық жүктердің 23 %-ы тасымалданады жүк
айналымының 0,9%). Қатты жабындысы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 753
мың км.
Осы тұрғыдан алғанда Ресей көлік жүйесінде теміржолы көлігі жетекші
орын алады. Теміржол желісінің жалпы ұзындығы 148 мың км, 86 мың км жол
жалпыға бірдей қолданысқа ие, оның 42 мың км-і электрлендірілген. Ресейдегі
жүк тасымалының 40%-ы, жолаушы тасымалының 50%-ы осы көлік түріне тиесілі.
Теміржол жиілігі еуропалық бөлікте өте жоғары деңгейде. Оның бейнесі алып
шеңберге ұқсайды, негізгі бөлігі Мәскеу қаласы болып табылады. Одан жан-
жаққа қарай 11 теміржол тораптары таралады. Еуропалық шеңберден шығысқа
қарай ендік бағыттағы бірнеше жол тораптары тармақталады. Тораптар жиілігі
шығысқа жүрген сайын біртіндеп сирейді. Олардың ең ірілері: Транссібір,
Ортасібір және Оңтүстіксібір тораптары. Бұл тораптардың барлығы дерлік
Қазақстан жері арқылы өтеді.
Соңғы жылдары жоғары жылдамдықтағы жол тораптарын салу қолға алынуда. Бұл
жоба Мәскеу–Санкт-Петербург арасын жалғастыратын жолды салудан басталды, ол
тек жолаушы тасымалына арналған. Пойыз жылдамдығы сағатына 300-350 км-ге
дейін жетіп, екі аралықтағы жол ұзақтығы 2-2,5 сағаттан аспайды деп
жоспарлануда. Жобаның жалпы құны 8 млрд АҚШ доллары шамасында. Қаржы
тапшылығына байланысты құрылыс жұмыстары уақытша тоқтап тұр.
Теміржолдар салу барысында топырақ-өсімдік жамылғысының тұтастығына белгілі
дәрежеде нұқсан келеді. Алайда теміржол көлігі басқа көлік түрлерімен
салыстырғанда әлдеқайда тиімді жол көлігі әрі қоршаған ортаны аз ластайды.
Зиянды заттарды автомобиль көлігіне қарағанда 20 есе, әуе көлігіне
қарағанда 640 есе аз бөледі.
Автомобиль көлігінің жүк айналымына қарағанда жолаушы тасымалындағы
маңызы жоғары. Ресейдегі автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 593 мың км-ге
тең, алайда Ресейдің 34%-дан астам ауылдық елді мекендеріне сапалы жол
салынбаған.
Мәскеу қаласынан жан-жаққа таралатын 12 ірі жол торабы бар. Алайда батыс
пен шығысты байланыстыратын біртұтас жол торабы әлі де салынған жоқ.
Теңіз көлігі, негізінен, Ресейдің сыртқы сауда байланыстарын жүзеге
асыруда аса маңызды. Ресейде 11 ірі теңіз порттары бар, сонымен қатар
көршілес мемлекеттердің порттарын да пайдаланады (қандай?). Жүк айналымы
бойынша жетекші орынды Қиыр Шығыс теңіз алабы, одан кейін Солтүстік алап,
үшінші орында Балтық алабы, төртінші орынды Қара теңіз – Азов алабы
иеленеді.
Өзен көлігі өзен жүйелерінің жиі болғанына, арзан көлік түрі болғанына
қарамастан өз дәрежесінде қолданылмай келеді. Өйткені өзен жүйелерінің
бағыттары көп жағдайда жүк тасымалына сәйкес келе бермейді. Су жолының
жалпы ұзындығы 100 мың км шамасында. Олардағы тасымалданатын негізгі жүктің
3∕4 бөлігін шикізат пен құрылыс материалдары құрайды. Жолаушы тасымалы да
шектеулі, негізіен, туристік-рекреациялық мақсатта пайдаланылады.
Әуе көлігінің жолаушы тасымалы мен тез бұзылатын тауарларды тасымалдауда
маңызы өте зор. Бүгінгі таңда Ресейде 800-ден астам әуежайлар бар, 90-ға
жуық елмен әуе байланысын орнатқан. Дүниежүзілік
көлік жүйесінің ел экономикасындағы Маңызы
Әуе көлігі- көліктің ең жас және серпінді түрі. Егер әуе көлігі мен 1948 ж.
Бүкіл дүниежүзінде 20 млн.-ға жуық жолаушы тасымалданған болса, 1990 ж. 1,2
млрд.астам адам тасылды. Бұл жер шарының әрбір төртінші тұрғыны әуе көлігін
пайдаланады. Тұрақты авиажолдар желісі ендігі жерде миллиондаған км-ге
созылып, бүкіл жер шарын орап алған. Оның тірек нүктелері-5 аэропорт,
олардың ең ірілері күн сайын ондаған миллион жолаушы жеткізеді. Континент
аралық жолаушылар қатынасында әуе көлігі теңіз көлігін түгелдей дерлік
ығыстырып, бірінші орынға шықты. Атлантиканы кесіп өтетін авиажолдарда бір
мезгілде әуеде жүзге тарта авиалайнер болды. АҚШ, Ресей, Жапония, ҰБ,
Франция, Канада, ГФР-дүниежүзіндегі ең ірі әуе державалары.
Құбыр тасымалы ең алдымен мұнай мен табиғи газ өндірудің тез өсуі және
оларды өндіретін және тұтынатын басты аудармалар аралығында территориялық
алшақтықтың нәтижесінде дамыды. Кейде 4-5 мың км-ге жететін ең ұзын
құбырлар ТМД елдерінде, Канадада, АҚШ-та, Таяу Шығыс елдерінде салынған
Құбырларды салу мен оның дамуы Ресейде Солтүстік Кавказдан
басталған болатын. Ең алғашқы газ құбыры 1946 жылы Мәскеу мен Саратов
арасында салынған болатын. Бүгінде газ құбырының жалпы ұзындығы 153 мың км,
мұнай құбырының ұзындығы 46 мың км, мұнай өнімдері тасымалданатын құбырдың
ұзындығы 15 мың км. Құбырлардың жалпы ұзындығы жөнінен Ресей дүние жүзінде
АҚЩ-тан кейінгі 2-орынды иеленеді.
Байланыс. Шаруашылық салалары арасындағы ақпарат алмасу, ең алдымен,
байланыс жүйелері арқылы жүзеге асады. Реседің байланыс жүйелері екі
негізгі саладан құралады: пошта және электр байланысы. Пошта байланысының
даму дәрежесі жөнінен Ресей Еуропаның жоғары дамыған елдерімен деңгейлес.
Әрбір 10 мың тұрғынға шаққанда 3 байланыс орны сәйкес келеді.
Электр байланысының телефон, бейнетелефон, ұялы телефон, телеграф, ғарыштық
байланыс, радио және телехабар тарату, электрондық пошта, интернет жүйесі
сияқты түрлері бар. Ресейде бұл байланыс түрлерінің барлығы дерлік
кездескенімен, олардың басым көпшілігі жеткілікті дәрежеде дамымаған.
Телефон желісімен қамтамасыз етілуі барлық жерде біркелкі емес, ең жоғары
көрсеткіш Орталық экономикалық ауданға тән.
Ресей жері арқылы Біртұтас автоматты байланыс жүйесі салынған. Ол электр
тербелістері арқылы берілетін ақпараттарды бір жүйеге топтастырады. Әлемдік
байланыс жүйесіне енуде ұзындығы 18 мың км-ге жететін Трансресейлік
талшықты оптика желісінің салынуының маңызы өте зор. Ол Ресейдің Еуропа
және Жапониямен байланысын жаңа сатыға көтеруде.
Соңғы жылдары инернет жүйесінің жедел дамуы байқалуда. Ол үшін арнаулы
талшықты оптика жүйесі салынуда. Байланыс жүйесінің аса ірі орталықтары –
Мәскеу мен Санкт-Петербург қалалары болып табылады.
Украина көлік қатынасы. Республиканың көлік жүйесі көліктің барлық түрлерін
біріктіреді. Украина аумағы арқылы Ресей мен Орта Азиядан Еуропаға қарай
тауарлар тасымалданады, сондықтан елдің көлік жүйесінде транзиттік
қатынастар басты орын алады.
Көлік түрлері арасында теміржол көлігінің маңызы ерекше. Жалпы,
теміржолдардың ұзындығы 23 мың км-ге жетеді, теміржолдардың жиілігі (1000
км2-ге 38 км) жөнінен көптеген елдерден алда тұр. Теміржол көлігінің
үлесіне жалпы жолаушы тасымалының 64%-ы тиесілі.
Маңыздылығы жөнінен 2-орынды автомобиль көлігі алады, оның
айналымындағы үлесі 34%-ға тең. Жалпы ұзындығы 100 мың км-ге жететін тас
жолдар барлық дерлік елді мекендерді бір-бірімен байланыстырады. Әуе және
теңіз көлігінің сыртқы экономикалық байланыстарда маңызы зор.
Әуе және теңіз порттары арқылы Украина 80-нен астам елдермен байланысады.
Ірі теңіз және өзен порттары: Одесса, Ильичевск, Измаил, Херсон, Керчь және
Мариуполь. Құбыр көлігінің жергілікті ғана емес, халықаралық та маңызы бар.
Украина аумағы арқылы Ресейден Еуропа елдеріне бағытталған Достық мұнай
құбыры мен Одақ газ құбыры өтеді.
Молдавада теңіз көлігінен басқа, қазіргі кездегі көліктің барлық түрі
дамыған. Жүк тасымалдаудың негізгі мөлшері теміржол мен автомобиль
көлігінің үлесіне тиеді. Теміржолдың ұзындығы 1 мың км-ден асады. Бұл
жолдар бойымен республиканың ТМД және Шетелдік Еуропа елдерімен ішкі
экономикалық байланыстары жүзеге асады.
Автомобиль көлігі, негізінен, республиканың ішкі жол қатынасын атқарады.
Газ құбырлары арқылы Украина мен Ресейден табиғи газ тасымалданады. Сонымен
бірге алыс-жақын елдермен әуе қатынасының да рөлі едәуір.
Әзірбайжан көлік жүйесінде теміржолдардың үлесі жоғары. Елдегі
теміржолдың жалпы ұзындығы – 1800 км, ал 1000 км2 аумаққа шаққандағы
тығыздығы 24,5 км-ді құрайды. Әзірбайжан аумағы арқылы Ресейді Иранмен
жалғастыратын халықаралық теміржол өтеді. Жүк айналымы жөнінен 2-орынды
теңіз көлігі алады. Баку – Түрікменбашы (бұрынғы Красноводск) аралығындағы
паром арқылы Орта Азия мемлекеттерімен қарым-қатынас жүзеге асырылады. Жүк
пен жолаушы тасымалында тас жолдардың да үлесі айтарлықтай. Елде 1000
км2 аумаққа шаққандағы тас жолдардың тығыздығы 264 км, бұл көрсеткіш
бойынша Әзірбайжан ТМД елдері арасында Грузия мен Молдовадан кейінгі 3-
орынды алады. Құбыр көлігінің де маңызы артып келеді.
Әзірбайжан Республикасының сыртқы экономикалық байланыстарында ұзақ
жылдар бойы Ресей жетекші орын алып келген болатын. 1995 жылдан бері
Иранның үлесі күрт артты. Түрікменстан және Украинамен сыртқы сауда көлемі
де ұлғаюда. Әзірбайжан импортында азық-түлік өнімдері (65%) басты орын
алады, ал экспортында энергетикалық шикізат басым. Жалпы алғанда, импорт
көлемі (1007 млн АҚШ доллары) экспорттан (606 млн АҚШ доллары) асып түседі.
2004 жылы Қазақстан мен Әзірбайжанның сыртқы саудасының жалпы көлемі 303
млн АҚШ долларын құрады. Қазақстанда Әзірбайжан Республикасымен бірлескен
34 кәсіпорын жұмыс істейді. Екі ел арасындағы сауда-экономикалық
байланыстардың Каспий мұнайын өндіру мен тасымалдауға қатысты халықаралық
жобалар негізінде даму болашағы зор.
Грузия көлік жүйесінде теміржолдың маңызы зор. Теміржолдың жалпы
ұзындығы – 1420 км, ал тас жолдардың ұзындығы 22 мың км-ден асады. Ел
экономикасында теңіз көлігінің алатын орны үлкен. Маңызды теңіз порттары –
Батуми, Сухуми, Поти және Гагра. Республика аумағы арқылы Солтүстік Кавказ
– Әзірбайжан газ құбыры, Баку – Батуми мұнай құбыры өтеді. Елдің
географиялық орнының қолайлылығына сәйкес, халықаралық көлік жүйесін
дамытудың мүмкіндіктері мол. Саяси жағдайдың тұрақсыздығы бұл
мүмкіндіктерді шектеп отыр.
Елдің сыртқы саудасына импорттың экспорттан басым болуы тән. Грузия
экспортқа ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібінің өнімдерін, металдар
шығарады. Ірі сауда әріптестеріне Ресей, Түркия, Әзірбайжан жатады.

Өзбекстан Республикасының көлік қатынасы және сыртқы байланыстар. Көлік
жүйесінде теміржолдың үлесі басым, оған жүк айналымының 80%-дан астамы
тиесілі. Маңызды теміржол желілері қатарына Орал мен Сібірге бағытталған
және Әмударияны бойлай Атырауға апаратын жолдар жатады. Сонымен қатар
Өзбекстанда тас жолдардың жиілігі де едәуір (әр 1000 км2 жерге – 91 км).
Географиялық орнының ерекшклігіне байланысты ел аумағы арқылы Қытай мен
Еуропаны жалғастыратын халықаралық тас жолдар өтеді. Аса ірі газ құбырлары
Ресейдің орталығына, Оралға және Қазақстанға бағытталған.
Өзбекстан экспортында мақта талшығы, химия өнімдері, тоқыма бұйымдары,
түсті металл, алтын, азық-түлік өнімдері мен табиғи газ басым. Импорт
құрылымында жоғары технологиялық жабдықтар айрықша орын алады. Тәуелсіздік
алғаннан кейінгі кезеңде шетелдермен экономикалық байланыстарды күшейтуге
айрықша көңіл бөлінуде. ТМД елдерімен сыртқы сауданың көлемі жыл сайын
қысқаруда. Ел экономикасына ГФР, Корея Республикасы, АҚШ, Жапония сияқты
елдер қомақты инвестиция әкелуде.
Қазақстан мен Өзбекстан арасында тұрақты экономикалық байланыстар
қалыптасқан, ол 1992 жылы 24 маусымда қол қойылған келісіге негізделген.
Екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастың дәлелі – Қазақстан
тарапынан астық, мұнай, металлургия мен химия өнеркәсібі өнімдерінің
Өзбекстанға шығарылуы, ал Өзбекстаннан мақта мен газдың әкелінуі.
Қазақстанда Өзбекстанмен бірлескен 50-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді.
2004 жылы екі ел арасындағы сыртқы сауда көлемі 430 млн АҚШ долларына
жетті.
Қырғызстан Республикасының көлік және сыртқы экономикалық байланыстары.
Қырғызстан аумағы арқылы елді көршілес мемлекеттермен байланыстыратын
маңызды теміржолдар және тас жолдар жүйесі өтіп жатыр. Қырғыз жері арқылы
Памирдің ішкі аудандарымен жыл бойы байланыстыратын Памир тас жолы (Ош –
Мургаб – Хорог) өтеді. Республиканың таулы аудандарында Қытаймен
байланыстыратын бірнеше шекаралық өткелдер бар.
Негізгі көлік түрі – автокөлік, тас жолдардың жалпы ұзындығы 40 мың км-
ге жетеді. Автокөліктің үлесіне жүк айналымының 90%-ы тиесілі. Теміржолдар
өте қысқа. Республиканың оңтүстік бөлігі арқылы Өзбекстанның көмір өндіруші
аудандары мен облыс орталықтарына бағытталған бірнеше теміржол тармақтары
тартылған. Ел астанасын Ыстықкөлмен жалғастыратын тұйық теміржолы тармағы
бар. Қазіргі кезде Алматы қаласын Ыстықкөл жағалауымен байланыстыратын
теміржол тармағын салу туралы халықаралық жобалар жасалынуда. Бұл жоба екі
ел арасындағы байланыстарды дамытумен қатар, туризм саласын өркендетуге
мүмкіндік береді.
Қырғызстан экспортының негізін электр энергиясы, түсті және полиметалл
өнімдері, тұрмыстық техника, жүн мен темекі шикізаты, ауыл шаруашылық
өнімдері құрайды. Ел көршілес мемлекеттермен, соның ішінде Қазақстаннан
қара және түсті металлургия, мұнай-химия өнімдерін, машина жасау мен ауыл
шаруашылық өнімдерін сатып алады.
Қырғызстан ТМД елдерімен, соның ішінде Ресей Федерациясымен,
Қазақстанмен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Ресей – ел экономикасына күрделі
қаржы әкеліп отырған бірден-бір ел. Қырғызстанның Қазақстанмен өзара қарым-
қатынастарының дмуына 1993 жылы 8 шілдеде қол қойылған келісімшарт негіз
болуда. 2004 жылы екі ел арасындағы сыртқы сауда айналымы 310 млн АҚШ
долларын құрады. Біздің елімізде Қырғызстанмен бірлескен 70-тен астам
кәсіпорын жұмыс істейді. Қазақстан жыл сайын бұл елден келетін ондаған мың
адамдарды жұмыспен қамтамасыз етеді. Қырғызстанда бірнеше қазақстандық
банктердің бөлімшелері жұмыс істейді. Тамыры тарих тереңіне кеткен қазақ-
қырғыз байланыстары қазіргі кезде барлық саланы бірдей қамтып, тұрақты даму
үстінде.
Түрікменстан Республикасының көлік және сыртқы экономикалық
байланыстары. Елдің қолайлы географиялық орны мен геосаяси жағдайы оның
халықаралық көлік жүйесінің маңызды буыны ретінде дамуына алғышарт жасайды.
Теміржолдың жалпы ұзындығы – 2330 км. Қазіргі кезде оңтүстік бағыттағы жол
қатынасын дамытуға көңіл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КӨЛІК ГЕОГРАФИЯСЫ ТУРАЛЫ
Қазастандағы көлік жолдары
Мектептегі экономикалық география білім жүйесін жүргізу әдісі мен тәсілдері
Әлемдік шаруашылықтың басқа салаларының географиясы
Дүниежүзілік экономикалық байланыстағы Қазақстанның орны
Географиялық оқытудағы практикалық жұмыстардың орны, олардың білім алудағы маңызы
Халықаралық экономикалық қатынастар жайлы
География пәнінде сарамандық жұмыстардың орындалуы
Көлік географиясы
Халықтар географиясы
Пәндер