Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы: Тарихи шындық және көркемдік шешім


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Қазақ филологиясы факультеті

Қазақ әдебиеті кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ Ж Ұ М Ы С

Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы:

Тарихи шындық және көркемдік шешім

Орындаған:

ІV курс қ. б. ІІ-топ студенті

Байбалаева Құралай

Ғылыми жетекшісі:

Т. С. Тебегенов, ф. ғ. д., профессор

Қорғауға жіберілді:

«09» сәуір 2007 жыл. Хаттама №11

Кафедра меңгерушісі, профессор Б. Әбдіғазиұлы

Алматы, 2007 жыл.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

Қазақ тарихына арналған романдар

ІІ. 1. Әдеби үдерістегі тарихи роман жанры үрдісі

ІІ. 2. Тарихи және көркемдік шындық тағылымы

ІІ. 3. Романдар құрылысындағы психологиялық ерекшеліктер

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

К І Р І С П Е

Тарихи романның бүгінде табан тіреген идеялық көркемдік биігі тым жоғары және бір ауыз сөзбен түйіндеуге сия бермейтін ішкі иірімдері мол, айшықты бояуларға бай күрделі әлем.

Оның тақырыптық ауқымының кеңдігі соншалық сонау баяғы заманнан бүгінгі күннің көкейтесті мәселелеріне дейін өзінің зор құшағына сиғызып алады.

Трихи роман жанрының сандық, сапалық жағынан гүлдене дамып, жоғары бір белеске көтерілген кезі 70-80 жылдар болды. Бірақ сол биіктік ол бір күнде алып, бір-ақ секіріп шыға қойған жоқ. Әр кезеңдегі саяси жағдайға орай бірде бәсең, өшуге таяу күн кешіп, енді бірде қайта күш алып, өз бетін айқындай алға ұмтылып, түрлі бұралаң жолдардан өтіп келеді. Соған орай тарихи романдарды зерттеу мәселесі де уақыт ерекшелігіне сәйкес әртүрлі деңгейде дамып келеді. Әрине, кеңес тарихи роман тарихы көптен жазылып келеді. Оған кеңестік тарихи романның 20-30 жылдардан бастап кейінгі кезеңдерін жинақтай пайымдаған монографиялық зерттеулер дәлел. Бұл жерде тек тарихи романдарға қатысты еңбектерді ғана еске салып отырмыз. Ал, жалпы әдебиеттің тарихилығы, роман теориясына қатысты еңбектер өзінше бір төбе. Бұл еңбектердің қай-қайсысы болмасын өз кезеңіндегі әдеби процесстерді қорыта талдаған, уақыттық мәні бар еңбектер екені даусыз. Сонымен бірге, бұл зерттеулерге көздей шолсақ, ежелден сөз болып келе жатқан даулы, тартысты, қиын, түйіндері мол, сан тарау мәселелердің де бас көтеретінін байқаймыз. Қазақ елі тарихының әдебиеттегі көрінісі қазақ әдебиет тану ғылымының негізін салған А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов еңбектерінде көрініс тауып, кейіннен С. Сейфуллин, М. Әуезов, Ә. Марғұлан, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафин, Е. Ысмайылов, Б. Кенжебаев, Қ. Жұмалиев еңбектерінде әр қырынан сөз болды.

Қазақ тарихи романының биік шыңы, асқаралы табысы М. Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясы десек, осы шығарма жарық көргеннен соң қазақ әдебиетінде тарихи тақырыпқа, оны зерттеуге деген үлкен құлшыныс пайда болды. Соның нәтижесінде роман-эпопеяның қыр-сырын ашуға арналған іргелі-іргелі зерттеу еңбектері дүниеге келді. Олардың қатарында М. Қаратаевтың, А. Нұрқатовтың, З. Ахметовтың, З. Қабдоловтың, С. Қирабаевтың, Р. Бердібаевтың т. б. еңбектерін атап айтуға болады. Солай дей тұрғанмен де бұл еңбектердің көпшілігі әдебиет пен тарихтың ара қатынасын арнайы монографиялық зерттеу объектісіне айналдырмай, тек поэтикалық бір қыры ретінде тілге тиек етеді. Бұл орайда О. Бердібаевтың «Қазақ тарихи романы» (1979), Ж. Дәдебаевтың «Өмір шындығы және көркемдік шешім» (1991) сияқты санаулы еңбектерімен З. Серікқалиевтің, М. Хамзиннің, Ж. Дәдебаевтың диссертациялық жұмыстарынан басқа ауыз толтырып айтарлықтай іргелі еңбектері аз. Оның өзіндік себебі де жоқ емес. Өйткені 20-жылдардан кейінгі кезеңде ұлттық әдебиеттер де халықтың көне тарихына деген ықылас күрт суыды, бұл тақырыпқа бара қалған қаламгер болса дереу «ұлтшыл», «ескінің жаршысы» деген айдар тағылып, қуғынға түсетін. Мұндай саясат бүгін де «тоқырау кезеңі» аталып жүрген уақытта да біржола келмеске кете қойған жоқ. «Қазақ әдебиетінде тарихи шығарма көбейіп кетті», «мұндай туындылар жастарға зиянды» деген пікірлер мінбелерден де айтылып қалып жүрді. Сондықтан да, тарихи шығармалар мен оның сыны мен зерттеу ісінің жолы әрқашанда жіңішке боды. Соған қарамастан жазушылар өзі діттеген мақсаттарына әрқашан жол табуға тырысты. Олар өздерінің асқаралы мақсаттарын жүзеге асыруға бар қажырларын жұмсады. Оның дәлелі ұлы М. О. Әуезовтың тәжірибесі. Бірақ Әуезов те бұл биікке үлкен қиыншылықпен соқтықпалы, ауыр жолмен жетті. «Қараш-қараш» оқиғасы, «Қилы заман» болып басталған тарихи тақырыпқа деген тың қадамға талай кедергі, тобықтан қаққан, қырқай шалыстар көп болды.

Әрине, «Абай жолы» әлем әдебиетінің ұлы жетістігі, қазақ әдебиетінің мақтанышы болды. Ол қазақ әдебиетіндегі тарихи тақырыпқа арналған соны жол, асқар асу, шексіз батыл қадам. Осы игі дәстүрді дамыта жалғастырып, тереңдете өркендетуге қазақ жазушылары белсене атсалысты. Өйткені қазақ халқының көне тарихы көркем өнерде ғана емес, тарихи ғылымның өзінде де жете зерттеліп, кең насихаттала қойған жоқ болатын. Осы олқылықтың орнын толтыруға, өз тегін біліп, өтеннің сабағын игеруге деген оқырман сұранысын қанағаттандыруға ең алдымен жазушылар батыл қадам жасады. Көзі ашық, жүрегі құнарлы жұрт тархи романдарға неге құштар, нені сарсылып іздейді, оған көрнекті ғалым Ш. Елеукенов: «Трихи роман жанырының бір құндылығы - ол әрдайым халықтың өткен тарихы мен қазіргі өмірінің арасына салған рухани өткел тәрізді. Ол халықтың өткен тәжірибесін бүгінгі өмірге алып келеді, бойымызға ата ұпақтың рухани күштерін дарытады. Сол кездегі қара түнек күшке қарсы күрескен озық ойлы адамдардың қимыл-әрекетін біз тамашалаймыз, тамашалаймыз да еліктейміз», - деп жауап береді. [1; 146]

Өткен ғасырдың алпысыншы жылдардың аяғынан бастап қазақ жазушылары өздерінің абыройлы міндеттерін атқара бастады. Ал, 70-80 жылдары қазақ халқының көне тарихы жөніндегі шығармалар қатары сан жағынан да, сапа жағынан да есейіп, күрделі арнайы зерттеулер жасайтын дәрежеге жетті. Олардың қатарында С. Сматаевтың «Елім-ай» (1978-1980), М. Мағауинның «Аласапыран» (1981-1983), Ә. Әлімжановтың «Жаушы» (1974), І. Есенберлиннің «Көшпенділер» (1976), Ә. Кекілбаевтың «Үркер» (1981), «Елең-алаң» (1984), Қ. Салғариннің «Алтын тамыр» (1986), Б. Алдамжаровтың «Ұлы сел» (1988) т. б. [1; 151 б. ] қарымды қаламгерлердің сүбелі туындыларын атауға болады.

Алпысыншы жылдардың соңында қазақ халқы тарихының әдебиеттегі көрінісі ХІХ ғасырмен шектелсе, 80-жылдардың ішінде ол тереңдеп, тіпті сонау ежелгі дәірге дейін жылжыды. Осы хронологиялық тереңдіктің өзі-ақ тарихи тақырыпқа деген жазушылық құлшыныстың күштілігін танытса керек.

ХV-XIX ғасырлар аралығындағы халық тарихының нәубеті мен аласапыраны алмасып келген, қанды топалаңдарға толы ащы, кермек көз жасымен шұбарланған беттері ашылады. Роман авторлары көзбен көріп, құлақпен естігендей, бірінің олқысын бірі толтырып, бірінде қамтылғанға екіншісі басқа қырынан қарап, халық тағдырының төрт ғасырлық ең ауыр, қасіреті қалың кезеңнің шырлы, шынайы көркем тарихын жасайды. Жоғарыда аталған туындыларды байыппен зерделеп оқысаңыз, «намыстан жаралған қаһарман халықтың, тағдырдың тезінен, тозақтың өзінен өте» отырып, азаттықты, тәуелсідікті аңсап, еркіндік үшін соңғы демі біткенше айқасудан жүрегі шайлықпаған қыран жұрт болғанын іс-әрекетімен дәлелдеп беруді перзенттік парызы санаған жауапкершілікті сезінеміз.

Қазақ тарихындағы осы бір шиыры мол оқиғалардың бүгілгенін жазып, бүркенгенін алатын шығарма М. Мағауиннің «Аласапыран» дилогиясы. Ол қазақтың қазақ аталып, этникалық тұтастығын, экономикалық-саяси тәуелсіздігін сақтап қалу үшін күрескен Тәуекел ханның заманын суреттейді. Өз алдына ел болып, тәуелсіз хандық құрып, мемлекеттік құрылысы нығая бастағанына бір жарым ғасырдың жүзі болып қалған қаһармен елін оны қоршап отырған басқа жұрттардың көз алартуы мазалайтын еді. М. Мағауин дилогиясында қазақ елі тарихының ең бір қиын-қыстау кезеңінің, аласапыран уақыттың арқаңды мұздатар ауыр шындығы бейнеленеді.

Ә. Кекілбаевтың «Үркер», «Елең-алаң» романдары қазақ тарихындағы ең бір алмағайып, ел тағдыры тұйыққа тірелген шақты бейнелейді. ХVIII ғасырдың 30-40 жылдары, әйгілі «ақтабан шұбырындыдан» кейінгі қазақ қауымының екі Ұлы Империя - Ресей мен Қытай арасында тар қыспақта қалған, жол айрықтағы талайының беймағұлым тағдыры - оның негізгі тақырыбы. Жанры жағынан «Үркер», «Елең-алаң» саяси философиялы роман, сондықтан жазушы бас кейіпкері Әбілқайырды астындағы тағының қамын жеген, малын көбейтіп, бағын асырғысы келген кәдімгі жұмыр басты, өлермен хан-сұлтандармен қатар қойғысы келмейді. Халқының бүгіні мен болашағының ізгі-мұраттары қабырғасын қайыстырған қоғам қайраткері, көсемі етіп көрсетуді көздейді. Ор бекінісінің бастығы Кириллов, Румянцев, еуропалық білімі, тағылымы бар Татищевпен пікір-сайысында, саяси-әлеуметтік, қоғамдық проблемалар ауқымында сұхбат құрғанда, Әбілқайыр олардан олқы соқпайды, саясаттың жілігін шағып, майын сорған сарытіс жандардың қулығына алдырмай, көбіне тереңдігімен өзін сыйлатуға, аяқтарын аңдап басуға, сол арқылы халқын танытып, қадірлеуге мәжбүр жасайды. Мұнан Ә. Кекілбаевтың Әбілқайырын құрығы ұзын Империяның ісік кеуде, паң көкірек билеушілеріне қарама-қарсы халқының заманға бейім, жаңа үлгідегі, күрес талқысына ысылған кемеңгер ханы етіп көрсету ниетін аңғарамыз.

Ә. Кекілбаев, Ә. Әлімжанов, С. Сматаевтардың тарихи романдарында қазақ халқы бастан кешкен азап, заман ауыртпалығын ел тағдыры арқылы тарамдай қамтып, тарата бейнелеу орын алған.

Әдебиетімізде алғашқылардың қатарында тарихи тақырыпқа жазылған шығармалардың қазынасын молайтуға, қазақтардың тарихы жоқ, болашағы бұлыңғыр, «ұлы ағысының» ығына паналап, күн кешкен пәтуасыз ел еместігіне күллі адамзаттың көзін жеткізу үшін туған халқының ұзақ ғасырлық тарихын тірілтіп, көркем баяндап беруге бар саналы ғұмырын арнап, үлес қосқан ұлтжанды, тарихшы жазушымыз ІлиясЕсенберлин еді.

І. Есенберлин 1915 жылы 10 қаңтарда қазіргі Ақмола облысының Атбасар қаласында дүниеге келген. Қабілетті зерек жас 1940 жылы Қазақтың Мемлекеттік тау-кен және металлургия институтын бітіреді. Сол мамандығы бойынша Жезқазған кенішінде қызметке кіріскен кезде Ұлы отан соғысы басталады. Жас азамат қолына қару алып, жаумен айқасуға аттанады. Қан майданда жарақат алып, елге оралады.

Тумысында алғыр, мықты қайрат иесі, соғыстан оралған соң бейбіт құрылысқа белсене араласады. 1942-1947 жылы Қазақстан компартиясы орталық комитетінде нұсқаушы, 1947-1951 жылдары Қазақ филормониясының директоры болып істеп, талай біліктілермен, зиялылыармен сұхбаттасады, қоғамдық мәнді мәселелерді шешуге атсалысады. 1953-1954 жылдары Қазақстан Геология министрлігінде аға инспектор қызметін атқарады, 1954-1955 жылы Ақтөбе облысының Берсүгір шахта басқарамасының бастығы болады. 1955-1957 жылы Қазақ Мемлекеттік көркем әдебиет баспасының аға редакторы, 1958-1967 жылдары «Қазақфильм» киностудиясының аға редакторы, 1967-1971 жылдары «Жазушы» баспасында директор, 1971-1975 жылдары Жазушылар Одағыс басқармасының екінші хатшысы қызметін абыройлы атқарады. [1; 331 б. ]

Үлкен проза жанрына ХХ ғасырдың елуінші жылдарынан бастап кіріскен І. Есенберлин әдебиеттегі алғашқы адымын өлеңмен ашқан. 1945 ж. «Сұлтан», «Айша» дастандары жарық көрді. Өлең-жырларын іріктеп, «Адамгершілік жыры» атты жинағына (1949) енгізді.

Қаламгер 1960 жылдары проза жанрына қалам тарта бастады. «Өзен жағасында» (1960), «Толқиды есіл» (1965), орыс тілінде жазылған «Адам туралы ән» (1957) атты повестері жарық көрді.

Қазақ тарихының бұрын-соңды қалам тартылмаған соны кезеңдеріне алғаш барлау жасауды тарих І. Есенберлиннің маңдайына жазыпты. Ол өзінің бүгінде әлемге танымал болған «Көшпенділер», «Алтын Орда» трилогияларында қазақ елінің он ғасырға жуық тарихынан хабардар етеді. Соның ішінде елге таныс, көпке мәлім, өзін-өзі танытуда қазақ халқына өлшеусіз еңбек еткен, көркем кестесі мен әдеби орта ілтифатына ие болған «Көшпенділер» трилогиясының маңызы ерекше. «Алмас қылыш», «Жанталас», «Қаһар» атты үш кітаптан тұратын трилогияның беташарын жазушы соңғы кітаптан («Қаһар») бастап 1969 жылы жариялады. Одан соң 1971 жылы «Алмас қылыш», 1974 жылы «Жанталас» романы жарық көрді. Жалпы үш кітаптың сүйегі тұтас, жүйелі, трилогия ретінде 1976 жылы «Жазушы» баспасынан «Көшпенділер» деген атпен жарияланды.

Кітап алғаш жарық көрген күннен бастап-ақ қоғамдық орта оны жоғары бағалады. Республикалық орталық баспасөз беттерінде оңды пікірлер жарық көрді.

«Заманның заңғар жазушысы І. Есенберлиннің қазақ әдебиетінде алатын орны асқар таудай. І. Есенберлин қазақ әдебиетінің ғана емес, қазақ халқы тарихының төрінен лайықты орын алатын дара тұлға. Олай деуіміздің бірнеше себептері бар. Ақиқат шындық темір шындықтың ар жағында тұтқындалып, ата тарихымыздың «ақтаңдақтарын» зерттеуге тиым салынған жылдары Ілекең қазақ қаламгерлерінің алғашқысы болып қиын да, күрделі тақырыпқа - қазақ хандығының бостандық пен тәуелсіздік жолындағы күресі тақырыбына қалам тартты» [2] деп, Елбасымыз Н. Назарбаев жазушыға өз бағасын береді. Көрнекті ғалым Р. Бердібаев: «І. Есенберлиннің жазушылық жолын шолып, тұжырымдай келгенде, оның қаламына хас бірнеше ерекшелік қолтаңбасын, суреткерлік қуаты мен құлашын, оның қазақ әдебиетіндегі орны мен мәнін анықтайды» [4] деген жүрек жарды пікірі арқылы қаламгер еңбегінің жетістігін көрсетеді.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Тақырыптың - идеялық нысанасымен де, сюжеттік-композициялық құрылымымен де, образдық жүйесімен, тіл кестесімен, былайша айтқанда, бүкіл поэтикалық ерекшелігімен қазақ әдебиеті тарихынан өз орнын иеленген, жетістіктермен сүйінтіп, олқы тұстармен ойлантқан біртума туынды. Сондықтан да, «Көшпенділер» трилогиясын сөз ету - белгілі дәрежеде қазақ әдебиетіндегі тарихи роман жанрының бір белесті кезеңін сөз етумен пара-пар өзекті мәселе. Ол белгілі ғалымдардың зерттелген еңбектерінде әр қырынан сөз болғанымен, әлі күнге тұтас құбылыс ретінде, жан-жақты байланысымен арнайы зерттеу объектісіне айнала қойған жоқ. Біз өз зерттеуімізде осы мәселені қарастырамыз. Зерттеудің көкейтестілігі де осыдан келіп шықпақ.

Зерттеу жұмысының мақсаты. І. Есенберлиннің тарихи романдарының идеялық-көркемдік табиғатын талдап, оның жазушы шығармашылығының орнын анықтауды басты мақсат тұта отырып, мынандай мәселелерді шешуді көздедік:

  • І. Есенберлин шығармашылығын әдеби үрдісте талдау арқылы замана шындығын бейнелеудегі қаламгер ізденістерін, табыстары мен жетістіктерін айқындау;
  • Жазушы шығармасын жан-жақты талдау үстінде оның әдеби үрдістегі маңызын көрсету, қазақ әдебиеті тарихындағы орнын екшеу;
  • Туындыдағы тарихи фактімен көркемдік шешім арақатынасы, қазақ тарихы прозасындағы «Көшпенділер трилогиясының» орны мен ролі, шығарманың сюжеттік желісі мен композициялық құрылысы, уақыт пен кеңістік, т. б. ;

І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының жан-жақты арнайы зерттеудің теориялық та, тәжірибелік те маңызы бар. Ол белгілі дәрежеде қазақ әдебиетінің әлем әдебиетіндегі тарихи роман жанрына қосқан үлесін, оның өзіндік орнын анықтауға да септеседі.

ІІ. 1. Әдеби үдерістегі тарихи роман жанры үрдісі.

Соңғы кезеңде тарихи тақырыпқа деген ұмтылыс та, оқырмандық сұраныс та орасан өсті.

Бұл кезең қазақ әдебиетінде де тарихи тақырыптың терең тамыр жайып, өркендей дамыған кезеңі болды. Тереңдей барлап қарасақ, тархихи тақырыпқа қалам сілтеп жүрген белгілі қазақ қаламгерлерінің қай-қайсысы болмасын кезінде бүгінгі күн тақырыбына жедел үн қосып жүрген және белгілі дәрежеде жемістерге қол жеткізген жазушылар. Олардың тарихи тақырыпқа бұлайынша күрт бұрылыс жасауында түрлі себептер жатыр. Оның басты қозғаушы күші, ең алдымен, сол кезеңдегі жағдайдың болғандығы сөзсіз.

Бүгінде «тоқырау кезеңі» деп жүрген уақыттың шарықтау шегіне жетіп, қызып тұрған кезінде қаламгерлер тіліне тиек қойылып, аяқтарына тұсау салынғаны белгілі. Қай кезеңде болмасын, шындықты шырылдата тереңнен қозғап, айтатын көркем әдебиеттің астарлы құдіретіне де шідер салынды. Жоғарыда жасалған идеологиялық шек-шеңбер шебінен аса алмай дәрмені құрыған қаламгерлер тығырыққа тірелді. Сондықтан да, олар тарихи тақырыпты ала отырып, ең алдымен өз заманының адамгершілік мұратын сөз етуді діттеді. Өткеннің тәжірибесін, тарих сабағын үлгі ете отырып, жалпы қоғамның даму заңдылықтарын, адамзаттық проблемаларды көтеруге ұмтылды.

Бұл уақытта аса зардап шеккен саланың бірі - қаоғамдық ғалымдар болды. Ұлттық республикалардың тарихы орынсыз бұрмаланып, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптары ұмытылып, тілі мен дініне нұқсан келді. Ел қорғаны болған тарихи тұлғалар, халық тағдырында үлкен роль атқарған ұлы оқиғалар естен шығарылды.

Міне, осы жөнсіз олқылықтың орнын толтыруға ең алдымен көркем әдебиет үн қосты.

Ауыр да, күрделі, қиында болса мәртебелі осы жолдың басында Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы тұрады.

Әрине, І. Есенберлин тыңнан жол салды, қазақ әдебиетінде тарихи тақырып мәселесін алғаш қолға алды десек, шындыққа жанаспас еді. Ол қазақ әдебиетінде бұрыннан бар, тіпті М. Әуезов есімі арқылы үлкен биікке көтерілген дәстүрлі сәтті жалғастыра және уақыт елегі жағынан тереңдете білді.

Жалпы қазақ әдебиетінің тарихына үңілсек, сүбелі деген шығармалардың қай-қайсысы болмасын негізгі өзегіне өмірде болған оқиғаларды негіз етеді. Ол сипат қазақ прозасының алғашқы үлгілеріне де тән. Мәселен, Ы. Алтынсариннің «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесінің Ш. Құдайбердиевиің «Әділ-Мария», М. Дулатовтың «Бақытсыз Жамал», С. Торайғыровтың «Қамар сұлу», С. Көбеевтің «Қалың мал» тәрізді шығармаларының барлығы да шынайы өмірде болған адамдар тағдырына негізделген. Егер шартты түрде болса да салыстыра қарасақ, революцияға дейінгі қазақ әдебиетіндегі шығармалардың ішіндегі прозадан гөрі поэмаларда тарихи нақтылықтың басым екендігін көруге болады.

Проза жаңа туып, енді қалыптасып келе жатса да, тарихи нақтылықтан гөрі көркем қорытуға, өмірдегі типтік жағдайларды жинақтай көрсетуге бейімдеу. Олар белгілі тарихи кезеңдегі ұлы оқиғаны немесе тарихи тұлғаны сөз етуді емес, жалпы қазақ қоғамына тән үлкен дерт - әйелдер бас бостандығын көтеруді басты мұрат тұтады да, соған орай жалпы жағдайларды арқау етеді.

Ал, нақты тарихи адамдар өмірінен алынып жазылған прозалық шығармалар әдебиетте кештеу туды. Оның басында М. Әуезовтың «Қараш-қараш оқиғасы» повесі тұрады. Повест 1927 жылы жазылған. Ленинград университетінің студенті, жас жазушы қаламынан шыққанына қарамастан бұл шығарма қазақ әдебиетіндегі тарихи тақырыпты игерудегі басты белес болып қалды. Повестің бас қаһарманы - Рысқұл Жылқайдаров (Бақтығұл) белгілі революционер, үлкен мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұловтың әкесі. Әкесі жөніндегі архив деректерін М. Әуезовке беріп, шығарма жазуға түрткі болған Тұрардың өзі. Бірақ жазушы бұл деректермен шектеліп қалмаған. Ол 1924 жылы Жетісу өлкесіне келіп, оқиға болған жермен арнайы танысып, кәрі құлақ қарилар әңгімесін тыңдап, тарихқа әбден қаныққан.

Шығарманың ең басты артықшылығы да осы тарихи шындықтың барынша нанымды көрініс табуында. Бұл орайда жазушы қазақ әдебиетіндегі тарихи жырлар Абай, Шәкәрім дәстүрін берік сақтай отырып, Еуропа әдебиетіндегі үлгіні де жете меңгергендігін байқатады. Автордың тарихи адамдар аттарын да сәл өзгертіп беруінің (Рысқұл-Бақтығұл, Саймасай-Жараспай) өзінен әдебиетке келген жаңа бір лепті, Еуропалық үлгідегі көркем әдебиетке қарай аяқ басқан жаңа қадамды көреміз. Бұл тарихи дерек пен көркемдік шеберліктің астасып келуі жағынан қазақ әдебиетіндегі жаңа үлгі болды.

Енді М. Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясын алсақ, негізінен ол 40-50 жылдардың еншісіне жатады. Бірінші кітабы 1942 ж., соңғы төртінші кітабы 1956 ж. аяқталған бұл эпопея М. Әуезовтың өз сөзімен айтқанда оның «бүкіл творчестволық өміріндегі сүйікті ісі» болды. Романға кірісуден бұрынғы жиырма жылдық әзірлік, жазу үрдісіне сіңген он бес жылдық жан қияр еңбек жазушының осы биік дәрежеге шарқ ұрып жету жолындағы қаһармандық іс-әрекетінің айқын айғағы болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ілияс Есенберлин туралы
КӨШПЕНДІЛЕР ТРИЛОГИЯСЫ - ТАРИХИ РОМАН ЖАНРЫНЫҢ ЖАНДЫ ҮЛГІСІ
Соғыс жылдарындағы ақын жазушылардың шығармалары
Көшпенділер трилогиясы хронолгиялық жүйеге құрылған тарихи шығарма
Алтын Орда трилогиясының поэтикасын анықтауды мақсат еттік
Ілияс Есенберлиннің өмірі және шығармашылығы
Шығарманың көркемдік ерекшеліктері
Есенберлин - көне тарихымыздың жиһангері
Тарихи романның ұлт тәуелсіздігі үшін күрес жолындағы рөлі
Ілияс Есенберлин өмірбаяны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz