Валюталық шоттарды ашу тәртібі
Шетел серіктестігімен есеп айырысуды жүзеге, асыру үшін валюталық шот ашу қажет. Егер заңды тұлғаның банкте теңгелік шоты болмаса, онда оны ашу үшін келесі құжаттар қажет:
• нотариалдық куәландырылған құрылтай құжаттарының көшірмесі;
• заңды тұлғаның валюталық шот ашу туралы арызы;
• уәкілетті тұлғалардың қол және мөр үлгілері;
• салық төлеуші ретінде есепке тұрғаны туралы анықтама;
• Қазақстан Республикасының уәкілетті органына тіркелгендігі туралы куәлік.
Банкте төлемдерді жүргізу үшін өзара шарттар, келісімдер, мәмілелер көшірмесі бар заңдық іс жасалынады.
Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар банкте валюталық шот ашу үшін келесі құжаттарды ұсынуы қажет:
- шот ашу үшін арыз (1-қосымша);
- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- клиенттің салық есебіне тіркелгендігін растайтын салық қызметінің органы берген бекітілген нысандағы құжат;
- мемлекеттік тіркеуден өткендігін растайтын уәкілетті орган берген құжаттың көшірмесі немесе соған теңесетін құжат (патент немесе лицензия) көшірмесі.
Шотқа келіп түскен валюталық қаражаттар жариялануы қажет уәкілетті банктер арқылы ішкі валюта нарығында теңгеге сатып алынған экспортты валюталық түсім, жарғылық капиталға салым қаржылық көмек, қайырымдылықтар, сыйлықтар, несиелер, қарыздар, валюта. Заңды тұлғалар шетел валютасындағы несиені тек бейрезидент тұлғалармен есеп айырысу үшін және шетел валюта сында алынған банктік несиелер бойынша міндеттемелерді орындау үшін ғана ала алады. Клиенттердің валютаны сатып алуы валюталық қаражаттарды сатып алуға берілетін арыз арқылы (2-қосымша және кросс-операция (айырбастау) (3-қосымша) бойынша жүзеге асырады, ал сату валюталық қаражаттарды сатуға арыз-тапсырма негізінде жүргізіледі (4-қосымша).
Клиент валюталық шоттан тауарды импортгау (жұмыстар мен қыз

ВАЛЮТАЛЫҚ ШОТТАРДЫ АШУ ТӘРТІБІ
Шетел серіктестігімен есеп айырысуды жүзеге, асыру үшін валюталық шот
ашу қажет. Егер заңды тұлғаның банкте теңгелік шоты болмаса, онда оны ашу
үшін келесі құжаттар қажет:
• нотариалдық куәландырылған құрылтай құжаттарының көшірмесі;
• заңды тұлғаның валюталық шот ашу туралы арызы;
• уәкілетті тұлғалардың қол және мөр үлгілері;
• салық төлеуші ретінде есепке тұрғаны туралы анықтама;
• Қазақстан Республикасының уәкілетті органына тіркелгендігі туралы
куәлік.
Банкте төлемдерді жүргізу үшін өзара шарттар, келісімдер, мәмілелер
көшірмесі бар заңдық іс жасалынады.
Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар банкте
валюталық шот ашу үшін келесі құжаттарды ұсынуы қажет:
- шот ашу үшін арыз (1-қосымша);
- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- клиенттің салық есебіне тіркелгендігін растайтын салық
қызметінің органы берген бекітілген нысандағы құжат;
- мемлекеттік тіркеуден өткендігін растайтын уәкілетті орган берген
құжаттың көшірмесі немесе соған теңесетін құжат (патент немесе лицензия)
көшірмесі.
Шотқа келіп түскен валюталық қаражаттар жариялануы қажет уәкілетті
банктер арқылы ішкі валюта нарығында теңгеге сатып алынған экспортты
валюталық түсім, жарғылық капиталға салым қаржылық көмек, қайырымдылықтар,
сыйлықтар, несиелер, қарыздар, валюта. Заңды тұлғалар шетел валютасындағы
несиені тек бейрезидент тұлғалармен есеп айырысу үшін және шетел валюта
сында алынған банктік несиелер бойынша міндеттемелерді орындау үшін ғана
ала алады. Клиенттердің валютаны сатып алуы валюталық қаражаттарды сатып
алуға берілетін арыз арқылы (2-қосымша және кросс-операция (айырбастау) (3-
қосымша) бойынша жүзеге асырады, ал сату валюталық қаражаттарды сатуға арыз-
тапсырма негізінде жүргізіледі (4-қосымша).
Клиент валюталық шоттан тауарды импортгау (жұмыстар мен қыз меттер)
бойынша келісімшарттарды алдын ала төлеуді жүзеге асыр; кезінде банкке
сәйкес өзара шарт, келісімшарт немесе келісімдерл ұсынуы қажет. Ұсынылатын
құжаттар негізінде валюталық шот аш; кезінде тоғыз таңбалы саннан тұратын
нөмір беріледі.
000 000 000
1 2 3,
Мұндағы: 1 - валютаның коды;
2 - шоттың баланстық нөмірі;
3 - клиенттің нөмірі (жеке).
Онда шоттың ашылған күні, клиенттің атауы, нөмірі және қосымша
ақпараттар жазылатын, валюталық шоттарды тіркеу кітапшасі жүргізіледі. Сол
уақытта клиенттерге папка ашылады: онда шот бойынша ақша қаражаттарымен
байланысты барлық материалда жиналатын заңды іс және дербес шот
көрсетіледі.
Жоғарыда айтылғандай, банктер шетел валютасында операция жүргізу үшін
лицензия алулары қажет. ҚР Ұлттық банкі лицензиялауды заңдылықтарға сәйкес
жүзеге асырады. Бүгінгі күні шетел валютасында қолма-қол есеп айырысу
негізінде бөлшек сауда және қызмет көрсетулермен байланысты әрекет,
резиденттердің мемлекет
заңдылықтары бойынша құқықтарына сәйкес шетел баиктерінде және қаржы
институттарында шоттар ашумен байланысты қызметтерге лицензия беріледі.
Кейбір шетел валютасындағы операциялар Ұлттық банкке тіркелуі қажет,
мысалы, 100 мың АҚШ долларынан асатын ақша қаражатының бейрезиденттен
резиденттердің пайдасына өтетін капитал қозғалысымен байланысты. Ұлттық
банк капитал қозғалысымен байланысты валюталық операциялардың келесі тіркеу
тәртібі белгіленген:
- 180 күнге дейінгі алынатын несие;
- 180 күн мерзімінде резиденттердің экспорттық мәмілелерін
бейрезиденттердің несиелеуіне байланысты есеп айырысуларды жүзеге
асыру;
- 180 күн мерзімінде резиденттердің импорттық мәмілелерін

- Қазақстан Республикасындағы бейрезвденттердің инвестициясы;
- жылжымайтын мүліктерге мүліктік және басқа да құқықтар төлемдеріне
аударымда;
- бейрезиденттердің 180 күн мерзімінде резиденттердің
экспорттық мәмілелерін несиелеумен байланысты есеп айырысуларды
жүзеге асыру.
Валюталық операциялар бойынша есеп және есеп беру тәртібі және нысаны
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен статистикалық уәкілетті
мемлекеттік органдарының келісіміне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық
банкпен бекітіледі және Қазақстанның заңды және жеке тұлғалары міндетті
түрде орындауы керек.
Республикадағы барлық заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасы
Ұлттық банк және өкілетті банктерге олардың сұрауы бойынша, валюталық
реттеу заңының талаптарын орындау мақсатында қажетті ақпараттар мен
қаражаттарды ұсынуға міндетті.
Жекелеген валюталардың ұзақ немесе қысқа позицияларында бірінші
кезекте мүмкіндігі болатын қолма-қол өтелмеген мәмілелермен байланысты
олардың қолдағы бар мүмкіндіктері жабылмаған мәмілелерімен валюталық
операцияларды жүргізу кезінде банктер әр түрлі тәуекелге бел буады.
Валюталық позиция банктің шетел валютасындағы талаптар мен
міндеттерінің арақатынастарын білдіреді. Олардың нақты валюта бойынша тең
болуы кезінде валюталық позиция жабық деп есептелінеді, ал тең келмеуі
кезінде - ашық.
Жабық валюталық позиция кезінде банк шетел валютасын сатып алу
мәмілесін жасайды да және дәл сол уақытта оны алынған табыспен басқа сату
мәмілесімен жабады. Ұлттық банк жабық валюталық позиция көлемін шектемейді.
Егер сатылған валюта бойынша міндеттемелер оған деген талап гардан
жоғары болса ашық валюталық позиция қысқа болуы мүмкін және егер сатып
алынған валюталар бойынша талаптар оларға деген міндеттемелерден жоғары
болса, онда ұзақ болуы мүмкін. Қатаң валюта бойынша ашық валюта позициясына
мәлімет банктің жарғылық капиталының 30% құрауы керек, ал ұзақ валюталық
позиция жұмсақ валюта бойынша 5%, валюталық нетто позицияның жарғылық
капиталдың 50% құрауы керек.
Банктік операциялардың жіктелуі жалпы банктік критерийлер бойынша,
сондай-ақ тек валюталық операцияларға ғана тән басқа да белгілері бойынша
жүзеге асады. Сонымен, олар келесідей жіктеледі:
- Қазақстан Республикасы аумағында жасалынатын;
- валюталық құндылықтардың Қазақстан шекарасына өтумен байланысты;
- Республикадан тыс жерде банктер жасайтын.
2.2.Валюталық операциялардың түрлері және олардың есебі
Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін валюталық операциялардың түрлері
кеңінен дамыды. Елуінші жылдардың аяғынан бастап өнеркәсібі дамыған елдерде
валютаны жедел ұсыну (спот) және мерзімді (форвордтық) мәмілелер кең
қолданылды, соңғылары валюталық реттеу объектілері болып табылады.
Жетпісінші жылдар дан бастап биржада фъючерстік және опционды валюталы
мәмілелер дамыды. Бұл алып-сатарлық мәмілені және валюталы тәуекелден
сақтандырудың жаңа нысаны. Қолма-қол валюталы операцияларды көп банктер
жүзеге асырады, мерзімді операцияла мен своп мәмілелерін негізінен ірі
банктер, ал опционды операцияларды ірілендірілген банктер жүзеге асырады.
Жедел ұсын (своп) валюталық операциялары өте кең таралған және төленген
мәміле көлемінің 90% құрайды. Олардың мәні мәмілені жаса кезіндегі бағам
бойынша мәмілеге отыру күнінен бастап екінші күні валютаны алып-сату
шартына байланысты банк-контрагенттерінің оны жеткізуінде.
Свифт электрондық байланыс құралының, банкаралық электронды
аударымдар жүйесінің, мысалы, АҚШ-та ЧИПС, Лондында ЧАПС және т.с.с,
компьютерлік өңдеудің кең таралуы бүгіннен ертеңге дейін немесе
ертеңнен келесі күнге дейінгі бір күндік депозиттерді орналастыру
операцияларын тез жүзеге асыру үшін айтарлықтай мүмкіндік береді. Алайда
дәстүрлі валюталық операция негізінде спот мәмілесі және базалық бағам
ретінде телеграфты аударым бағамы деп аталатын спот бағамы танылып
қалады. Осы бағам негізінде валюталық нарықта басқа мәміле бағамдары
анықталады: валютаны жеткізудің қысқа мерзімінде бір реттік мәміле үшін
бағам ретінде мерзімдік.
Жедел ұсынумен байланысты валюталық операциялар валюталық жайғасымның
ең мерзімді элементі болып табылады және белгілі бір тәуекелді өз мойнына
алады. Банктер спот операциясының көмегі арқылы өз клиенттерінің шетел
валютасындағы қажеттіліктерін қамтамасыз етеді, капиталдардың, оның ішінде
қапыл ақшалардың бір валютадан басқаға ауысуы төрелік және алып-сатарлық
операцияларды жүзеге асырады.
Шетел валютасындағы мерзімді мәмілелер (форвардтық, фьючерстік) - шарт
жасаған кезде тіркелген бағам бойынша шетел валютасының сомасын белгіленген
уақыттан кейін алып келуі туралы екі жақтың келісуі арқылы жасалынатын
валюталық мәміле. Осы анықтамадан мерзімдік валюталық операциялардың екі
ерекшелігі байқалады:
1. шарт жасау уақыты мен мәмілені орындау арасында интервал бар, яғни
валютаны жеткізу. Ол мәмілені жасау күнінен бастап кезең соңы ретінде
(мерзімі 1-2 апта, 1, 2, 3, 6, 12 ай және 5 жылға дейін) немесе мерзім
шегіндегі кез келген кезең.
2. операция белгілі мерзімнен кейін жасалса да, валюта бағамы мәміле
жасалған кезде тіркеледі.
Спот және форвард мәмілесі бойынша валюта бағамының арасындағы
айырма мерзімді мәміле бағамы төмен кезде, спот бағамы бойынша жеңілдік
(дисконт – dis немесе депорт - D) ретінде немесе егер жоғары болған кезде
сыйақы ретінде анықталады. Сыйақы мерзімі бойынша жасалған мәміледе валюта
қолма-қол операцияға қарағанда қымбат айырбасталады дегенді білдіреді.
Дисконт, форвард операциялары бойынша валюта бағамы қолма-қолға қарағанда
төмен екендігін білдіреді. Жалпы алғанда, жеңілдік немесе сыйақы көлемі
спот бағамына қарағанда тұрақты. Сондықтан банк аралық нарықта мерзімді
мәмілелердің бағамын белгілеу кезінде көбінесе сыйақымен дисконт
анықталады. Валютаны жанама белгілеу кезінде дисконт қосылады, ал
сыйақы спот бағамынан шегеріледі. Сыйақы және дисконт әдісі бойынша
емес сандық белгіде белгіленетін мерзімді мәміле бойынша валюта бағамы
аутрайт бағамы деп аталады.
Шетел валютасында жасалатын мерзімді мәмілелер келесі мақсаттарға
жүргізіледі:
• коммерциялық мақсаттағы валюта айырбасталымы, валюталық
түсімдерді валюталық тәуекелді сақтандыру үшін қажет төлемдерді сатып алуы
немесе сатуы;
• валюталық бағамының төмендеуіне байланысты болаты
шығындардан шекарадан тыс жерде және тікелей және қоржындық
капитал салымдарын сақтандыру;
• бағам айырмасы есебінен алып-сатарлық пайда алу.
Валюталық опциои сатып алу-сату (лат. оріtо, орtіопи
тандау) - келісілген мерзім аяқталғанга дейін мәмілені жасау кезінде
белгіленген бағам бойынша белгілі бір валюта көлемі тараптардың бір жағы
сатып алу-сату мәмілесі кезінде сатып алу (саll мәмілесі - сатып алушы
опционы) немесе сату (put мәмілесі сатушы опционы) құқығын таңдауға
мүмкіндік беретін белгіленген комиссияны (сыйақы) төлеу шарты кезіндегі
келісім. Опцио жағдайындағы мәмілелер банк үшін тәуекелі жоғары, сондықтан
о клиентке аз табысты бағамын белгілейді. Опцион бойынша сыйақы мөлшері
опциондық шарттың аяқталу күніндегі жедел мәміле бойынша валюта бағамының
есебі арқылы анықталады. Опционды мәмілелер сыйақы көлемінен асып түсетін,
бағамдық ауытқула кезінде тиімді болады. Негізінен валюталы опцион валюталы
тәуекелді сақтандыру үшін қолданылады. Опциондармен тек қана банкаралық
нарықта ғана емес, сонымен қатар биржаларда қор және тауар биржасында
саудаласады.
Жетпісінші жылдардан бастап батыс елдерінде қалқымалы валюталық
бағамға өту барысында валюталық фъючерстер дамыды.
Валюталық фъючерс - мәмілеге отыру кезінде алдын ала белгіленген бағам
бойынша белгілі бір мерзімге белгілі бір валютаны стандарттық көлемін сатып
алу немесе сату міндеттемесін білдіретін келісім. Стандарттық шарттарда
барлық жағдайлар реттелген сома, мерзім, кепілді депозит, есеп айырысу
тәсілі. Фъючерстсрмс сауда жасау клирингтік үй арқылы жүзеге асырылады: ол
әрбір сатып алушы үшін сатушы, ал әрбір сатушы үшін сатып алушы болып
табылады.
Қолма-қол және мерзімді операцияларға сәйкес валюталық мәміле-нің әр
түрлі своп мәмілесі болып табылады. Своп (ағылшын swap - айырбастау)
бұл белгілі бір мерзімге сол валюталармен бір уақыты шартты мәміле бойынша
жедел жеткізу жағдайындағы екі валюталық сатылу-сатып алуын қарастыратын
валюталық операция болып табылады. Своп операциясы бойынша қолма-қол
мәміле Своп бағамы бойынша жүзеге асырылады. Сонымен бірге клиент қолма-
қол мәміле бойынша сатушы және сатып алушы бағамының арасындағы айырма
маржа кезінде үнемдейді. Своп операциялары банктер үшін өте қолайлы болып
табылады: олар ашық позициясыз өтеді (сатып алу-сату жабылады), оның
тәуекелсіз қажетті валютамен уақытша қамтамасыз етеді. Своп операциялары
тек валютамен ғана емес, сонымен қатар пайызбен де жаса-лынады. Своп
мәміле нысанында банктер валюталарды, несиелерді, депозиттерді, пайыздық
мөлшерлемелерді, бағалы қағаздарды немесе басқа да құндылықтарды
айырбастауды жүзеге асырады.
Валюталық операциялармен байланысты нарықтық қызметтің белгілі бір
түрі - бұл төрелік - пайда табу мақсатында валютаны бір нарықтан сатып алу
және сол уақытта оны сату. Төреліктің айтарлықтай маңызды нысаны - олардың
қамтамасыз етілу икемділігін жоғарылату үшін пайыздық мөлшерлеме мен
форвардтық сыйақы немесе дисконт айырмасы арасындағы қатынастарды банктер
пайдаланатын және валюталық айырбас тәуекеліне ұшырамаған пайданы алу
жағдайы кезіндегі пайыздық арбитраж.
Спот немесе форвард жағдайында шетел валюталарын немесе бағалы
металдарды сатып алу шартына банк қол қойған кезде, келесідей шоттар
корреспонденциясы жасалады:
Дт 6405 Банктің шетел валютасын сатып алу - сату бойынша шартты
талаптары.
Кт 6999 Банктің шетел валютасымен жасалған мәмілелер бойынша
позициясы.
Және бір уақытта осы өткізбеден теңге эквивалентінде келесі өткізбе
жасалады:
Дт 6999 Банктің шетел валютасымен жасалған мәмілелер бойынша
позициясы.
Кт 6905 Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша шартты міндеттемелер.
Спот және Форвард жағдайында шетел валюталарын бағалы металдарды
сату шартына банк қол қойған кезде, мынадай шоттар корреспонденциясы

Және бір уақытта теңгеде:
Дт 6405 Банктің шетел валютасын сатып алу-сату бойынша шартты

Одан әрі әрбір валюта бойынша дербес шот ашылады. Валюталау күні
есебінде нарықтық Валюталық күні - валюталық белгілеудің өзгеруі кезінде
талаптар мен міндеттемелерді қайта бағалау жүргізіледі. Қайта бағалаудан
пайда алу кезінде баланстан тыс шотта мынадай жазу жасалады:

Шығын болған кезде:

Кт 6405 Банктің шетел валютасын сатып алу-сату бойынша шартты
талаптары
Баланстық шотта бір уақытта қайта бағалау сомасына келесідей
өткізбелер жасалады:
• пайда сомасына
Дт 3560 Мерзімді мәміле бойынша қаржылық құралдарды қайта бағалау
резерві
Кт 4570 Шетел валютасы бойынша форвард операцияларды қайта бағалау
бойынша жұмсалмаған кіріс
• шығын сомасына:
Дт 5570 Шетел валютасындағы форвард операцияларын қайта бағалаудан
іске асырылмаған шығыстар
Кт 3560 Мерзімді мәміле бойынша қаржылық құралдарды қайта бағалау
резерві
Келісімшарттың күші жойылған кезде немесе сатып алу бойынша есеп
айырысулар жүргізу кезінде банк келесі өткізбелерді жасайды:
• сату валютасы бойынша:
Дт 6905 Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша шартты міндеттемелер

• сатып алу валютасы бойынша:

Баланстық шот бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде келесідей
шоттар корреспонденциясы жасалады:
• сатып алынатын валютада:
Дт 1001 Кассадағы қолма-қол ақша
1050 Банктердің корреспонденттік есепшоттары
Кт 1858 Банктің шетел валютасы бойынша валюталық қысқа позициясы.
2858 Банктің шетел валютасы бойынша валюталық ұзақ позициясы.
3560 Мерзімді мәміле бойынша қаржылық құралдарды қайта
бағалау резерві (оң қайта бағалау сомасына) немесе

3560 Мерзімді мәміле бойынша қаржылық құралдарды
қайта бағалау резерві (теріс қайта бағалау сомасына)
Кт 1858 Банктің шетел валютасы бойынша валюталық қысқа позициясы
2858 Банктің шетел валютасы бойынша валюталық ұзақ позициясы;
• сатылатын валютада:
Дт 1858 Банктің шетел валютасы бойынша валюталық қысқа позициясы
2858 Банктің шетел валютасы бойынша валюталық ұзақ позициясы
Кт 1001 Кассадағы қолма-қол ақша

Кт 3560 Мерзімді мәміле бойынша қаржылық құралдарды қайта
бағалау резерві
1001 Кассадағы қолма-қол ақша
Бұрын айтылғандай, своп операциясы - бұл спот және форвард
операцияларының үйлесуі. Своп операциясы баланстан тыс есеп берудің бөлек
дербес шоттарында көрсетіледі. Валюталық позицияның баланстық шотында
своп операциялары бойынша бөлек дербес шот ашылады. Бұл шот шетел
валютасының ағымдағы балансының өзгеруі кезінде қайта бағаланбайды.
Шетел валютасындағы своп операциясы бойынша шартқа қол қою кезінде
банк спот сатып алу кезінде келесі өткізбені жүргізеді.
Дт 6405 Банктің шетел валютасын сатып алу - сату бойынша
шартты талаптары
Кт 6999 Банктің шетел валютасымен жасалған мәмілелер бо-
йынша банк позициясы
• және бір уақытта сатылатын валюталарға келесі жазулар
жасалады:
Дт 6999 Банктің шетел валютасымен жасалған мәмілелер бо-
йынша позициясы
Кт 6905 Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша шартты
міндеттемелер
Сонымен бірге әрбір валюта бойынша бөлек дербес шот ашылады. Спот
сатып алу (сату) бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде
банк сату валютасы бойынша келесі өткізбені жасайды:
Дт 6905 Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша шартты

Және барлық уақытта сатып алу валютасында:

позициясы
Кт 6405 Банктің шетел валютасын сатып алу-сату бойынша
шартты талаптары Баланстық шот бойынша келесі өткізбе жасалады:

• сатылған валютада:
Дт 1858 Банктің шетел валютасы бойынша валюталық қысқа
позициясы
2858 Банктің шетел валютасы бойынша валюталық ұзақ
позициясы
Кт 1001 Кассадағы қолма-қол ақша
1050 Банктердің корреспонденттік есепшоттары. Спот және
форвард мөлшерлеме айырмасына байланысты ай сайын пайыздық табыс немесе
пайыздық шығыс есептелінеді:
• теріс айырма кезінде:
Дт 5704 Тазартылған қьмбат металдарды қайта бағалауда шығысы
Кт 2860 Банктік қызмет бойынша өзге кредиторлар
• оң айырма кезінде:
Дт 1860 Банк қызметі бойынша өзге де дебиторлар
Кт 4704 Тазартылған қымбат металдарды қайта бағалаудан кіріс
Мерзімі келген кезде қайта сатып алу кезінде баланстан тыс шоттарда
кері өткізбе жасалынады, ол баланстық шот бойынша
• сатып алынатын валютада:
Дт 1001 Кассадағы қолма-қол ақша
1050 Банктердің корреспонденттік есепшоттары.
2860 Банктік қызмет бойынша өзге кредиторлар
Кт 1858 Банктің шетел валютасы бойынша валюталық қысқа

2858 Банктің шетел валютасы бойынша валюталық
ұзақ

Кт 1001 Кассадағы қолма-кол ақша

Бухгалтерлік есепте опциондарды жүргізу үшін баланстық және баланстан
тыс шоттарда дербес шоттар ашылады:
1870 Банктің өзге де транзиттік есепшоттары баланстық шот бойынша
Опционды сатып алу бағасы, 2870 Банктің басқа транзиттік шоттары -
Опционда сату бағасы дербес шот ашылады.
6405 Банктің шетел валютасын сатып алу-сату бойынша шартты талаптары
Баланстан тыс шоты бойынша екі дербес шот ашылады: Сатып алынған опцион
бойынша шартты талаптар және Сатылған опциондар бойынша шартты талаптар.
Ал 6905 "Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша шартты міндеттемелер -
Сатып алынған опцион бойынша мүмкін міндеттемелер және Сатылған опцион
бойынша мүмкін міндеттемелер. Баланстан тыс шот 6999 Шетел валютасында
жасалған мәміле бойынша банк позициясы - Опцион бойынша позиция.
Банк опционды сатып алу кезінде оның бағасын төлейді және келесі
өткізбені жасайды:
Дт 1870 Банктің өзге де транзиттік есепшоттары
Кт 1050 Банктердің корреспонденттік есепшоттары
• бір уақытта шартты талап валютасында спот бағамы бойынша
опционның жалпы сомасына:

Кт 6999 Банктің шетел валютасымен жасалған мәмілелер бойынша банк
позициясы
• және шартты міндеттеме валютасында:
Дт 6999 Банктің шетел валютасымен жасалған мәмілелер бойынша банк
позициясы
Кт 6905 Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша шартты міндеттемелер
Бұдан әрі банк спот бойынша қайта бағалауды және ай аяғындағы спот
және форвард бағамының арасындағы айырма негізінде опцион бағасын есептеу
керек.
Банк опцион бойынша баланстан тыс шоттар бойынша есеп айырысуды
жүргізген кезде кері өткізбелер жасалынады және бір уақытта баланстық
шоттар бойынша келесідей шоттар корреспонденциясы жасалады:
• валюталарды ресми сатып алған бағамынан жоғары сатқан кезде: Дт
1001 Кассадағы қолма-қол ақша
1858 Банктің шетел валютасы бойынша валюталық қысқа позициясы

Кт 4530 Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша кірістер
• валюталарды ресми сатып алған бағамнан төмен сатқан кезде:

4530 Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша кірістер Банк опционды
сатқан кезде опцион бағасы көлемінде ақша қаражаттарын алады
және келесі өткізбелерді жүргізеді:
Дт 1050 Банктердің корреспонденттік есепшоттары Кт 2870 Банктің
өзге де транзиттік есепшоттары Бір уақытта спот бағамы бойынша
опционның жалпы сомасына корреспонденция жасалады:
• шартты талаптар валютасында:

Банк опцион бойынша есептеу кезінде баланстан тыс шоттар бойынша
кері өткізбелері жасалынады, ол баланстық шот бойынша:
• сатып алу валютасын ресми бағамынан төмен шетел валютасын сатқан
кезде:
Дт 1001 Кассадағы қолма-қол ақша
5530 Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша шығыстар

• сатылған валютасын ресми бағамынан жоғары шетел валютасын сатып
алу кезінде:
Дт 5530 Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша шығыстар

2858 Банктің шетел валютасы бойынша валюталық ұзақ позициясы Кт
1001 Кассадағы қолма-қол ақша
САЛЫҚ ЕСЕБІНІҢ ПРИНЦИПТЕРІ
Кіріспе
Банктер 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Респуб-ликасының
2001 жылғы 12 маусымдағы №210-11 Салық және бюджетке төленетін басқа да
міндетті төлемдер туралы Кодексіне сәйкес салық саясатын жүргізеді.
Осы Кодексті іске қосумен байланысты Қазақстанда бухгалтерлік есептің
салық салу жүйесінен заң негізінде бөлінуі жүзеге асты, осыған байланысты,
бір уақытта екі есеп түрін бірге жүргізу қажеттілігі туындады: бухгалтерлік
және салықтық. Салық есебі салық міндеттемелерінің пайда болуын және
шамасын дұрыс анықтау, табыстар мен шегерімдерді есепті кезеңдерге жатқызу
және ақырында заңмен бекітілген мерзімде бюджетке төленуі тиіс салық
сомасын алу мақсатында туындайды.
Қазақстан Республикасының салық заңы салық салу принциптеріне
негізделеді:
- міндеттілік (салық төлеуші салық заңдарына сәйкес мемлекет алдында
туындайтын салық міндеттемелерін толық көлемде және белгіленген мерзімде
орындауға міндетті);
- анықтаушылық (салық заңдылықтарына салық төлеушінің салық
міндеттемелерінің барлық негіздері мен туындау тәртіптерін,
орындалу мен тоқтатылуын белгілеу мүмкіндігі);
- әділдік (жеке сипаттағы жеңілдіктер беруге тыйым салы-
нады, Қазақстан Республикасында салық салу жалпыға бірдей
болып табылады);
- біртұтастық (Қазақстан Республикасының салық жүйесі
республиканың бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты біртұтас
болып табылады);
- жариялылық (салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық
актілер ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануы тиіс).
2.1. Салық есебінің принциптері
Банк салық салу мақсатында табыстар мен шығыстарды Қазақстан
Республикасының салық заңымен белгіленген тәртіпте және жағдайларда
есептеме әдісі бойынша анықтайды. Салық салу базасын анықтау бойынша салық
есебі мемлекетгің қазыналық саясатына негізделіп жүргізіледі және салық
әкімшілігінің құралы болып табылады. Бухгалтерлік есептің басты
мақсаттарының бірі өнімнің (жұмыс және қызмет) өзіндік құнын және банктің
нақты қаржылық нәтижесін (табысын немесе шығынын) анықтау болып табылады,
ал салық есебі салық салынатын базаны есептеуге арналған.
Соңғысы бухгалтерлік есеп мәліметтерінен алынған банктің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz