Шәкәрім Құдайбердиев аудармаларының ерекшелігі


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Р Е Ф Е Р А Т

Жұмыстың тақырыбы: Ш. Құдайбердиев - аудармашы.

Жұмыстың көлемі:

Жұмыстың құрылысы: Кіріспеден, негізгі бөлім (1, 2, 3- тараулардан), қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Негізгі бөлімде:

І Тарауда: Ш. Құдайбердиевтің өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, аудармашылық шеберлігіне көз жеткізу.

ІІ Тарауда: Ш. Құдайбердиев аудармаларының ерекшелігі.

ІІІ Тарауда: Ш. Құдайбердиевтің прозалық шығармаларының аудару тәжірибесі.

3. 1 “Дубровский” повесі мен Л. Н. Толстой мысалдарының аударылу дәрежесін анықтау.

Қорытынды. 1, 2, 3-тарауларда жасалған талдауларға сүйене отырып, аудармашылық қызметіне қорытынды жасау.

Жұмыстың негізгі мақсаты: Ш. Құдайбердиевтің аударма еңбектерін түпнұсқамен салыстыра зерттеп жетістіктерін көрсету.

Жұмыстың негізін сипаттайтын тірек сөздер: аудармашы, аударма, түпнұсқа, сөзбе-сөз, талдау.

Қолданылған әдіс-тәсілдер: талдау әдісі.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . .

Негізгі бөлім

І Тарау. Ш. Құдайбердиевтің өмірі мен шығармашылығына

шолу жасау, аудармашылық шеберлігіне көз жеткізу . . .

ІІ Тарау. Ш. Құдайбердиев аудармаларының ерекшелігі . . .

ІІІ Тарау. Ш. Құдайбердиевтің прозалық шығармаларының

аудару тәжірибесі . . .

3. 1 “Дубровский” повесі мен Л. Н. Толстой мысалдарының

аударылу дәрежесін анықтау . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .

КІРІСПЕ

Әлем тіліндегі поэзиялық шығармаларды ана тілімізге аудару қашанда өз маңызын жойған емес. Қай халықтың болмасын шоқтығы биік, терең мағыналы шығармаларды аудару бүгінгі кездегі игілікті істердің бірі екендігі даусыз мәселе. Түпнұсқа белгілі бір халықтың ақынының шығармасы болса, ұлттық сипаты барынша анық, бедерлі болса, ондай жағдайда оны өзге тілге аудару аудармашыдан үлкен жауапкершілікті ғана емес, сонымен қатар үлкен талантты талап етеді. Тәржімашының таланты - айрықша талант. Оны дұрыс бағалай білу қажет. Прозалық шығармалардың аудармасы мен поэзиялық шығармалар аудармалары арасында біраз айырмашылықтар бар. Ал өлең сөзді аударғанда аудармашы өз ойын автордың ойымен астастыра, жарастыра отырып, өзінің лирикалық сезіміне жол береді.

Аударма жұмысы бүгінгі таңда мақсат-мүддесі, тіршілік-әрееті бар адамзат қоғамындағы аса маңызды шартты құбылыс.

Адамзат тарихында әрбір ұлт, әрбір қоғам алмасу, алысу, араласу нәтижесінде өмір ағымы алға жылжиды, өседі, өркендейді. Яғни өзінде жоқты өзгеден алады, білмейтінін үйренеді, білгенін басқаға үйретеді. Осфндай ауысудың тиянақты тірегі - аударма. Осыған орай А. С. Пушкин: “Аудармашылар мәдениетті бір елден екінші елге тасымалдап жеткізетін почта аттары” деген.

Бір тілден екінші тілге аударылып жазылған немесе баспадан басылып шыққан барлық әдеби жазба еңбек аударма туынды деп аталады.

Аударма көркем әдебиеттің егіз туған сыңары, бұлар екі ел сөз өнерінің рухани қазынасына айналады. Оның бастауы Ежелгі Римнен басталады. Сол дәуірде аударманың түпнұсқаға адалдығы туралы аса маңызды мәселе төңірегінде Цицерон: аудару кезінде сөзді сынамау керек, керісінше, сөзді салмақтау керек деген екен.

Аударма теориясын зерттеуші ғалым Гиви Гачечилогдзенің пікірі бойынша, “аударма - түрнұсқаның бейнесі, осыған орай түпнұсқа болмыстың бейнеленуі”.

Аударма жұмысы қазір біздің өмірімізден үлкен орын алады. Аударма - біздің зор тынысымыз. Қазақ халқының ұлы ағартушылары Ыбырай Алтынсарин мен Абай Құнанбаев өздерінің жазушылық және ағартушылық қызметтерімен, өткен ғасырдың жетпісінші жылдарында орыс мәдениетіне жол ашты. Ұлы Абайдың ақындық - аудармашылық қайраткерлігінің құдіретімен “орыстың данасы Пушкин өзінің сүйікті Татьянасын қолынан жетектеп келіп, кең қазақ сахарасына алғаш рет қадам басты”. (М. Ә) Ал Ыбырай Алтынсарин жазушылық - педагогтік қызметінің арқасында өзінің дана сөздерімен орыстың алып жазушысы Лев Николаевич Толстой келді [40, 9 б. ] .

Аударма дегеніміз - бір тілде айтылған ой-пікірді, болмаса жазылған мәтінді тыңдаушфға, оқушыға екінші тілде, яғни оның ана тілінде түсінікті етіп жеткізуі [39, 7] .

М. Әуезовтың пайымдауынша: “Аударма бір жағынан шеберліктің де мектебі. Аудару үстінде жазушы автордың творчесволық сырына қанады, оның көргенін көріп, білгенін біледі. Сол арқылы өзінің ой өрісін ұлғайтумен қатар, авторша машықтанып үйренеді [53, 22] . Шын мәнінде аудармашы шеберлігі үнемі ізденістің, талантты жетілдірудің, мол тәжірибе жинақтау мен машықтанудың арқасында қалыптасады.

Аударма - көркем әдебиеттің, публицистиканың жалпы мәдениеттің ажырамас бір бөлігі. Аударма адамзаттың көне замандағы тарихында тілі өзге адамдар қауымын түсінудің құралы, олармен қарым-қатынас жасаудың дәнекері болған. Ө. Күмісбаев көркем аударма туралы пікірінде: “Көркем аударманың бүгінгі процесте алатын орнф үлкен. Аударма әдебиетінің арналы, мол салаларының бірі. Аударманың сөз дамытудағы мәні де айрықша зор. өйткені аударма арқылы бір халықтың таңдаулы әдеби шығармаларынан басқа халықтың өкілдері сусындай алады” десе, орыстың белгілі теоретигі П. П. Кузнецов: “Көркем әдебиет - идеология майданындағы зор құралдардың бірі, соның ішінде елеулісі десекте қателеспес едік. Ал аударма әдебиеті әрі көркем төл әдебиеттің егіз туған сыңары, бұлар жедел өседі деп орынды айтса керек [39; 177; 178] .

Аударма жасау арқылы тілімізде сөз құраудың, ойды бейнелеудің жаңа тәсілдері туды, жазу шеберлігі артты. Ол халықты рухани жағынан дамытудың күшті құралы: бүкіл адамзат мәдениеттің қазыналық қақпасын ашатын кілт, ғылым мен білімнің қайнар бұлағы және тіл ұстартудың мектебі.

Әдетте аудармашыны актерге теңейді. Ағылшын жазушысы, әрі аудармашысы Ботлер Сәэмюсп: “Егерде түпнұсқаны оқыған кезде қанағаттанған болсаңыз, онда оның аудармасы да солай жасалуы тиіс, олай болмаған жағдайда аударма емес, ұқыпты орындалған үйрену жұмысы тәрізді болып қалады. Меніңше, мұның өзі аударма екенін аудармашының байқамағаны жөн” - деген тәжірибелік тұжырым білдіреді [53, 28 б. ] . Демек аудармашылық нағыз творчестволық өнер. Аудармашы екі тілді жетік білумен қатар, әрі ғалым болуға тиіс. Аударма сапасы оның талантына, біліміне жалпы мәдени дәрежесіне және тәжірибесіне байланысты. Сол себепті де жұртшылық әрқашан оның жақсысына сүйсініп, жаманына күйініп отырады. Нағыз шығармашылық көркем адарма дегеніміз түпнұсқаның стилльдік, тілдік ерекшеліктерін түгел ескере отырып, оның көркемдік-идеялық қасиеттерін толық жеткізу, әрі қазақша биязы да жарық етіп шығару. Осы екеуі ұштасқанда ғана аударма көркем болады [39; 6] .

Ұлттық әдебиет сол халықтың күллі тарихымен, оның барлық даму жағдайларымен шартты түрде байланыста және басқа халықтар әдебиетімен қарым-қатынаста болады. Осы қарым-қатынас ішінде аударманың орны айрықша. Сонымен қатар, аудармашының шығармашылық жолында дүниетанымдық қорының баға жетпес көзі ретінде белсенді роль атқарады.

Атақты өнер шеберлері аударманың жазушы шығармашылығы сол секілді ұлттық төл әдебиеттің өркендеуі үшін қаншалықты маңызды екені жайында салмақты сын - пікірлер қолданған. Бұл жөнінде немістің ұлы ақыны Иаганнес Бекердің мынандай сөздерін айту орынды деп ойлаймыз: “Мәнді (құнарлы) ұлттық әдебиеттің жақсы (сапалы) аударма әдебиетсіз болуы мүмкін емес”.

Аударма мәдениеттілігінің жоғары деңгейін қалыптестыру ұлттық әдебиеттің өсуіне және өзіндік дәстүрлі сипатын жасауға мүмкіндік тудырады.

Аударма біздің ана тіліміздің сөздік қорын байытып, дүниетану өрісімізді ұлғайтады. Аудармашы жеке сөздерге балама іздеу арқылы ана тілдің бүкіл қазынасын кеңінен сапырып, ішіндегі асыл сөз байлықтарын шебер пайдалануға тырысады. Ескіріп бара жатқан көне сөздер қайта жаңғырып, қазіргі жанды әдеби тіліміздің қорына жаңа сөз тіркестері, көркем сөз баламалары (беріліп жатады) қосылып жатады. Аударма қызметі жаңа сөздерді тілімізге енгізіп қана қоймай, күн сайын аударылып жатқан сансыз көп еңбектер олардың қолданылу аясын кеңейтіп, қолдану нәтижесінде тұрақтандыруға халықтың ой мен тіл байлығын өсіруге, сол сөздің ұғымдық шегін қалыптастыруға себепші болады.

Аударма - көркем шығармашылықтың өзгеше бір саласы болып табылады. Шығармашылықтың бұл түрінде өзіңдікі өзгемен салыстырылады, жарысады, күш сынасады. Аудармашы жасалғанды қайта жасау, өз әдебиетінде ана тілінде жаңа қорлар ашу және тың салаларды игеру арқылы автормен күш сынасады.

Егер біз аударма ісімен байланысы бар адамдардан әлемдік мәдениет үшін көркем әдебиеттің түпнұсқасы мен аудармасының қайсысы маңызды деп сұрасақ, бәрі де бір ауыздан түпнұсқа депе жауап қайтарары даусыз. Аудармаға деген үлкен сый мен құрмет бола тұра, біз түпнұсқаны маңыздырақ көреміз. Аударма әдебиеті қосымша әдеби құбылыс ретінде қарап, көркемдік сапасы мен әсері жағынан түпнұсқамен кеңесе алмайды деп ойлаймыз. Бірақ Шәкәрім Құдайбердіұлының аудармаларымен танысқаннан кейін, аударма түпнұсқаны алмастыра алады деген тұжырымға келеміз. Қазіргі мәдени алмасу дәрежесіне сай, қандай да бір ұлттық мәнді көркем туынды екінші бір тілге аударылған кезде сол құнда да көркем сапасында адамзат мәдениетінің қазынасына айналады.

Аударма жалпы адамзат атаулының танымдық-рухани алмасуы нәтижесінде мәдениет пен өркениеттің дамуына, адам баласының эстетикалық көркемдікке қол жеткізуіне, санамыздың өсуіне апаратын жол.

Қазіргі әдебиеттану ғылымында көркем аударма мәселесі аса өзекті мәселенің бірі екені дау туғызбаса керек.

Аударма өнері - бір халық пен халықты бір ұлт пн екінші ұлтты рухани жағынан байланыстырса, сол өнердің иелері, яғни, аудармашылар қос халықтың көпірі ретінде үлкен қызмет атқаратыны сөзсіз.

Ұлы дүниелерді (шығармаларды) басқа халық танып білмей, ол ұлы бола алмайды. Олардың ұлылығына ең бірінші себепкер - сол шығарманың авторы, яғни жазушы немесе ақындар. әр ұлттың өз ұлысы бар, мысалы, біз қазақ халқы ұлы жазушы, аудармашы ретінде Шәкәрім Құдайбердіұлын танысақ, көршілес қырғыз халқының ұлы жазушысы Шыңғыс Айтматовты білеміз. Ал ағылшындардың ұлы ақындарының бірі деп Дж. Г. Байронды атаймыз. Осының бәрі аудармашылардың қос халықтың арасындағы көпір қызметін атқаруларының арқасы.

Қазір біздегі көркем аударманың белгілі бір дәрежеде қалыптсқан дәтүрі, не бір тамаша үлгілері бар. Аударма мәдениеті барған сайын өсіп, шеберлігі артып келеді. Біз оны бұдан былай жетілдіре беруге тиістіміз. Ол үшін аударма тәжірибесінің өткендегісін таразылап, болашағын бағдарлап отыруымыз керек. Осының бәрін айта келе мынадай қорытындыға келеміз:

Көркем аударма әдебиетімізбен мәдениетіміздің үлкен маңызды саласы.

Оның көп жылдық тарихы, өсу жолы, қалыптасқан дәстүрі бар.

Ол халықтың рухани жағынан дамытудың күшті құралы, бүкіл адамзат мәдениетінің қазыналы қақпасын ашатын кілт, ғылым пен білімнің қайнар бұлағы, тіл ұстатудың дүкені.

Көркем аударма теориясы филология ғылымының бір саласы. Оның тәжірибені қорыту, пікір жарыстыру негізінде айқындалған принциптері, танылған тәсілдері, шеберлік жүйесі бар.

Көркем аудармаға қойылатын ең басты шарт - шығарманың көркемдік-идеялық күші мен эстетикалық ләззатын жеткізу. Ол ең алдымен, көркем аударма болсын, әсерлі де, тартымды оқылсын.

Аударма нағыз қазақша болсын, қазақша болғанда, қазақша қарадүрсін жабайы тілімен емес, қазіргі өскелең әдеби тілінің ең жоғарғы үлгісінде, қоғамды әрқашан алға сүйрейтін озық дәрежеде болсын.

Көркем аудармада өзінен сөз қосып, ауа жайылып, кету тұрпайылыққа, қарадүрсінге саяды, ал түпнұсқаны сөзбе-сөз келтіремін деп ұтымсыз етіп сірестіріп қою - тіл бұзарлық болады. Мұның екеуі де сорақы. Нағыз шығармашылық көркем аударма дегеніміз түпнұсқаның тілдік, стильдік ероекшеліктерін түгел ескере отырып, оның көркемдік-идеялық қасиеттерін толық жеткізу, әрі қазақша биязы да жатық етіп шығару. Осы екеуі ұщтасқанда ғана аударма көркем болады.

Аудармашылық - нағыз шығармашылық өнер. Ол әркімнің қолынан келе беретіндей ерікеннің ермегі емес. Аудармашы екі тілді де жетік білуімен қатар, әрі жазушы, әрі ғалым болуға тиіс. Аударма сапасы оның талантына, біліміне жалпы мәдени дәрежесіне және тәжірибесіне байланысты.

Көркем аударма туындылары қазақ әдебиетінің өз мүлкі, өз табысы. Сол себепті де жұртшылық әрқашан оның жақсысына сүйініп, жаманына күйініп отырады.

Біздің барлық аудармашы жазушыларымыз өз міндеттерінің халық алдындағы жоғары мәртебелі азаматтық қазына екенін терең түсініп әрбір аударылған шығарманың идеялық, көркемдік және эстетикалық сапасын бұлжытпай жеткізу арқылы туған халқын ұлы орыс әдебиеті мен дүниежүзілік озық әдебиеттің бал шербетіне қандыра беруді ардақты борышым деп білу керек.

Әлем классикасының сол сияқты бұрынғы совет халықтары әдебиетінің таңдаулы шығармаларын қазақ тіліне аудару арқылы біздің ұлттық мәдениетіміз де рухани жағынан байып, аударма кітаптары қазақ әдебиетіне қосылған баға жетпес мол мұра, әдебиеттің алтын қоры болып отыр [39, 197] .

Қазақ оқырмандарының кітапханасы төл жазушының шығармаларымен қатар аударма әдебиетпен де көп молықты. Қазір қазақ оқырманы Пушкин пен Гогольдің, Крылов пен Лермонтовтың, Гончаров пен Тургеновтың, Толстой мен Чеховтың шығармаларын өз ана тілінде оқиды. Сондай-ақ қазақ тіліне дүниежүзілік мәдениеттің озық үлгілері - Шекспир мен Шиллер пъесалары, Бальзак пен Жюль Берн романдары, Назым Хикмет пен Побло Нерудің өлеңдері, В. Скот пен Бичер-Стеу Гарриеттің романдары және т. б. аударылды.

Қазақтың көркем әдебиеті аударма еңбектері арқылы тек молығып, өсіп қана қоймай, сонымен бірге қалың бұқараны тәрбиелеудің маңызды құралына айналып отыр.

Аударма әдебиеті қазақстандағы ұлттық мәдениеттің бір мол сапасы. Республикада талантты аудармашылар тобы өсіп жетілуде. Қазақ аудармашыларынан шыққан кітаптардың ішінде Пушкиннің “Дубровскийі”, Толстойдың өлеңдері, Гогольдың “Ревизоры” сияқты қызықты еңбектер аз емес.

Қазір әдебиетіміздің тарихында орны ойсырап тұрған, елге белгілі болған ақын, жазушыларымызды еске алғанда, ең алдымен Шәкәрімді атауымыз орынды деп білемін. өйткені ол - Абайдың нағыз мұрагерлерінің бірі, бірі болғанда - бірегейі.

Олай дейтініміз, Абай шәкірттерінің ішінде көп жасағаны да, көп жазғаны да - Шәкәрім. Ол - әрі лирик, әрі эпик ақын және прозаик, ол - композитор және музыкант, орыс және шығыс классиктерімен қазақ оқушыларын таныстырған шебер аудармашы, ол - терең ойшыл әрі бармағынан мөр тамған сегіз қырлы өнерпаз, үлкен мәдениет қайраткері.

Мұхтар Әуезов “Абай ақындығының айналасы” атты мақаласында “Абайдың дәл өз тұсында, өз дәуірінде еңбек еткен” ақындар туралы айта келіп: “Мұндай ақын - төртеу, - дейді. - Оның екеуі Ақылтай, Мағауия; Абайдың өз балалары . . . Қалған екеуі - Көлбай, Шәкәрім. Осы төрт ақын Абайдың нағыз толық мағынадағы шәкірттері, Абайдан аталық, ағалық, ұстаздық тәрбие алудан басқа, оның өлең мен қара сөздерін оқушы әрі таратушы, бағалаушы, тұтынушы болудан басқа, бұлар Абай басшылығымен өз жандарынан жырлар да жазған. Абай оларға тақырып беріп, өлеңдерін сынайды, түзейді, қалай түзеудің жолын айтады. Бәлін айтқанда, мыналар Абайдың ақын шәкірттері есепті де, Абай алды оларға жазушының мектебі сияқты болады”.

ХІХ ғасырдың аяғы - ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті тарихында Абайдан кейінгі ең ірі ақын және аудармашымыз - Шәкәрім Құдайбердиев. Ұлы ақын дүниеден қайтқан соң, халық Шәкәрімді екінші Абайымыз деп танып, ерекше құрметтеген. Ал өмірбаянына келмек болсақ, Құнанбайдың Күңке дейтін бәйбішісінен туылған жалғыз ұлы - Құдайберді, Құдайбердінің Дәметкен (Төлебике) дейтін бәйбішесінен төрт ұлы болған: Олар, Мұртаза, Шаһмардан (Шәке), кенжесі - Шаһкәрім (Шәкәрім) .

Құнанбайдың екінші әйелі Ұлжаннан туылған балалардың бірі - Абай. Сөйтіп Құдайберді Абайдың ағасы болады. Құдайбердінің баласы Шәкәрім - Абайдың немере інісі.

Шәкәрім Құдайбердиев 1838 жылы 11 шілдеде Шыңғыс тауы бөктерінде қазіргі Семей облысының Абай ауданында дүниеге келген. Бес жасында оқуға беріліп, жеті жасына дейін оқу оқиды. Құдайберді 1866 жылы 37 жасында дүниеден өтіп, Шәкәрім жеті жасында жетім қалады.

Шәкәрім өмірінің есею жылдарында қалыптасқан қасиеттерінің бірі - өз бетімен білім өрісін кеңейтуі, бірнеше тілдерді: араб, түрік, парсы, орыс тілдерін меңгеріп, қазына қорына еркін бойлап, осы тілдердегі шығармалардың кейбірін қазақ тіліне аудару. Шығыс классиктерінің біразының шығармаларын қазақ тіліне аударады. Пушкиннің “Дубровский” атты әлеуметтік тұрмыстық романы, “Боран” повесін, Толстойдың жекелеген әңгімелерін қазақ тіліне аударды. Шәкәрім Құдайбердиев Л. Н. Толстойдың “Ассирийский царь Асархадон”, “Три вопросы” тағы басқа әңгімелерін “Асархадон патша”, “Үш сауал” деп қазақ тіліне аударған.

Шәкәрім әкеден жеті жасында жетім қалды дегене аты болмаса, жетімдік көрмеген, Құнанбайдың ерке немересе болып өскен. “Қажы марқұм мені жетім деп аяп, қысып оқыта алмай ғылымнан мақрұм қалып, жетімдікті сылтау қылып ойыма не келсе соны істеп, әдепсіз ғылымсыз өстім” - деп кейиді Шәкәрім. Бірақ Шәкәрім туысынан талантты табиғи дарынды, әр нәрсенің сырын білуге құштар, зерделі, зереке, қабілетті, талантты бала еді. Шәкәрім ауылдан ұзап шығып, ешбір оқу орында оқымаған адам. Оның мектебі де, университеті де - АБАЙ.

Жасы он бестен асқанда, ақылы кемелденіп, ой өрісі тереңдеп өсе бастаған Шәкәрім ғылым жолына ойысып, ақындық өнерін де жарыққа шығара бастайды.

Енді Шәкәрімнің өмір кезеңдерін шолуымызға келейік. Шәкәрімнің өзінің жазған өмірбаянынан: “Жиырмадан өткенде аз ғана ғылым оқыдым” - деген сөзі бар. Енді Шәкәрім өмірінің осы бір кезеңі туралы Мұхтар Әуезовтың айтқанын келтірейік: “Ысқақты ұдайы үш сайлау - 9 жыл болыс қылған соң, төртінші сайлауда: “Енді болыстықты Бәкемнің орнына беремін” деп жасы 20-ға әрең толған Шәкәрімді болыс сайлатады. Бәкем деп өзінің үлкен шешесі Күңкеден туылған Құдайберді деген ағасын айтады. Ол кісі ертерек өліп, артында екі-үш баласы жетім қалған. Сол ағасының аруағын сыйлағандықтан жасы жетер-жетпесте, Ысқақты өкпелетіп, Шәкәрімді сайлайды. Шәкәрім бір сайлау болыс болып, 84 жылдың сайлауына келгенде, Абай ендігі болыстықты өзімен бірге туған кенже інісі Оспанға бермек болады”- дейді.

Шәкәрім өзінің ел басқару ісіне араласқанын өмірінің өкінішті бір кезеңі деп біледі: “Жиырма мен қырықтың арасы; жас өмірдің сарасы, бос өткенін қарашы”, - деп налиды. “Туған елім - надан ел” деп қапалана отырып, өз мінін де ашық айтып, аяусыз сынайды. Осыдан кейін көзін ашып, өсіп өзгерген санамен, жаңарып, жаңғырған ұғыммен ғылым дүниесіне терең бойлауға берік бекінеді. Шығыс тілдерін, орыс тілін емін-еркін меңгеруге бой ұрады.

“Ақыл сенбей сенбеңіз, бір іске кез келсеңіз” деген Абай қағидасын берік ұстанған Шәкәрім діннің соқыр сенімін мансұқ етіп, дін иелерінің азғындығын әшкерелейді. Ғалым, ойшылдардың жазғандарына да атаусыз табына бермейді, өз ақылына жүгініп, сыншыл ой көзімен қарап оқиды.

Шәкәрім Мекке сапарына қамқор ағасы, ұлы ұстазы Абай дүниеден қайтқан соң, 1905 жыл барған. Шәкәрімнің Меккеге барғанда, шариғаттың мұсылмандарға міндет еткен бес парызының бірі - қажылық борышын өтеп және “қажы” деген атақ-дәреже алайын деген оймен бармаған. Не үшін барғанын өзі де ашық айтып отыр және шынымен мұсылмандық жолын қуып, толық қажы болу үшін, Мұхаммед пайғамбардың жерленген орнына, Мединаға да барып тәуіп етуі керек еді. Шәкәрім онда бармаған, басқа үлкен қалаларда - Стамбулда, Парижде болған.

Бұл сапарға шығу мақсатын тағы бір ұзақ өлеңінде толығырақ айтады. өлеңінен үзінді келтірейік:

Апақтап іздедім қару,

Бекілген артыма бару,

Керек боп көп ғылым табу,

Болып тұр күн қараң, пай-пай!

Орысша, Не арабшадан,

Тілім жоқ жетіліп алған,

Кітап оқып түрік жазған,

Ұғындым осыны азғантай,

Білімдінің кітаптарын,

Жазыпты түрікше бүгін

Философ, білгіш ойларын,

Сезіндім біразын байқай.

Кітап, ғылым ой алмаққа,

Маған жол болды сол жаққа,

Жұмылдым Мекке бармаққа,

Тыныш ұйықтап, іше алмай шай.

Параходта жүрдім жолда,

Әр елден кез келіп молда,

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АМАН АЯУЛЫ АЛМУХАМЕДҚЫЗЫ ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ АУДАРМАЛАРЫ
Шәкәрім мен Пушкиннің аудармаларындағы үндестік
А.С.Пушкиннің шығармаларын аударудағы Шәкәрім Құдайбердіұлының шеберлігі
ШӘКӘРІМ АУДАРМАЛАРЫНДАҒЫ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІК
ХХ ғасырдың басындағы ірі саяси- қоғамдық өзгерістердің ұлттық әдебиетке тигізген ықпал
XX ғасыр басындағы тарихи қоғамдық өзгерістердың қазақ әдебиетінің дамуына әсері
ХХ ғасыр басындағы аударма
Шәкәрім поэзиясының еуропа, орыс әдебиетімен байланысы
Шығыс жұлдыздарының шығармаларын қазақ тіліне аудару тарихы
Абай аудармаларының көркемдік сипаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz