Қазақстан Республикасындағы сақтандыру iсiнiң дамуы
Жоспар
Кіріспе
I. Сақтандырудың нарықтық . экономикалық орны
1.1 Сақтандыру компаниялары . экономикалық жүйенің бір бөлігі
1.2 Сақтандыру компанияларының қаржылары
1.3 Қазіргі нарықытқ экономикадағы сақтандыру қорының түсінігі
II. Сақтандырудың Қазақстандағы қалыптасу барысы
2.1 Сақтандыруға әсер етуші факторлар
2.2 Сақтандыру компаниялар қызметінің жаңа бағыттары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тiзiмi

...Л-ФАРАБИ АТЫНДА¤Ы ЅАЗАЅ µЛТТЫЅ УНИВЕРСИТЕТI
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС ФАКУЛЬТЕТI
Макро – микрокафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ
САҚТАНДЫРУ IСIНIҢ ДАМУЫ
Орындаған:
Андамасов Ж.
МПФС-01К1
НПФС
Қабылдаған: Байзаков
Алматы 2004
Жоспар
Кіріспе
I. Сақтандырудың нарықтық – экономикалық орны
1. Сақтандыру компаниялары – экономикалық жүйенің бір бөлігі
2. Сақтандыру компанияларының қаржылары
3. Қазіргі нарықытқ экономикадағы сақтандыру қорының түсінігі
II. Сақтандырудың Қазақстандағы қалыптасу барысы
2.1 Сақтандыруға әсер етуші факторлар
2.2 Сақтандыру компаниялар қызметінің жаңа бағыттары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тiзiмi
Кiрiспе
Сақтандыру – бұл экономиканың стратегиялық секторы. Нарықтық
қатынастарының даму кезеңінде кәсіпкер өзінің барлық назарын нарық
проблемалары мен бәсекеге бөлуге мүмкіндік алады. Сақтандыру инвестициялық
потенциалды көтеруге және ұлттық байлықты көбейтуге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикасының дамуы нарық
қатынастарының бөлінбейтін құрылымдық бөлігі сияқты сақтандыру саласынын
құрылуы мен бекітілуінсіз мағынасы жоқ.
Сақтандырудың экономикалық категориясы қаржы категориясының
құрылымдық бөлігі болып табылады. Бірақ, егер қаржылар табыстар мен
жинаулардың бөлінуі мен қайта бөлінуімен жалпы байланысты болса, онда
сақтандыру қайтасақтандыру қатынастар салаларын қамтиды. Сақтандырудың
ерекшеліктерін ескере отырып мынадай анықтаманы беруге болады:
Сақтандыру – шаруашылық субьектілерімен келтірілген мүмкін болатын
қауіп – қатердің орнын толтыру немесе жанұя табыстарының жоғалтуларын
түзету үшін арналған мақсатты сақтандыру қоры салымдарының ақша қаражаттары
есебінен құрылған қайта бөлу қатынастарының жиынтығы.
Жоспарлы экономика шарттарында мемлекеттік кәсіпорындарының қаржы –
шаруашылық қызметі шын мәнінде тәуекелсіз деп саналған, от, табиғи және
техногенді апаттар және т.б. залалдарының орнын толтыру мемлекет есебі
негізінде жүзеге асырылған. Сондықтан залалдың орнын толтыру механизмінде
сақтандыру институттары екінші орынды алған. Сақтандыру қаржыдан шығатын
категория ретінде қарастырылған және мемлекеттің қаржы қорына ақша
қаражаттарын мобилизациялау әдісі негізінде қолданылған.
“Сақтандыру қызметі туралы” Қазастан Республикасының заңы
сақтандырушылардың қаржылық тұрақтылығының негізі ретінде оларға төленген
жарғылық капитал мен сақтандыру резервтері, сонымен қатар қайта сақтандыру
жүйесінің бар болуы болып табылады.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының территориясында “Сақтандыру
қызметі туралы” төртінші заң жұмыс істеуде. Ал сақтандыру, қайтасақтандыру
ұйымдары мен сақтандыру брокерлерінің қызметіне бақылауды мемлекеттің
өкілеттік органы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің департаменті мен
сақтандыру қадағалауы жүзеге асырады.
Шаруашылықтың қатаң әкімшілік жүйеден нарықтық экономикаға өту
кезеңі жаңа шарттардағы экономиканың нарықтық инфрақұрылымдарының
реформалауымен және құрылуымен қабаттас болды. Мемлекет экономикасының
құрылуының қажетті шарттарының бірі Қазақстанның эффективті
функционалданатын сақтандыру нарығын құру болып табылады. Сақтандыру қаржы
– несие жүйесінің маңызды құраушыларының бірі болып табылатындықтан,
экономикаға толығымен реформалауына белсенді әсер етеді.
Экономиканың нарықтық қайтаориентациясына өтуі сақтандыру ролінің
өсуіне қажетті алғышарттарды туғызады. Бір жағынан, сақтандыру халықты
әлеуметтік қорғаудың маңызды элементі ретінде, ал басқа жағынан едәуір ақша
қаражаттарын жұмылдыра отырып, мемлекет экономикасына институционалды
инвестор ретінде шыға алады. Сақтандыру нарығының нормалды
функционалдауының қажетті шарттарының бірі болып, сақтандыру нарығының
эффективтілігін қолдау бойынша мемлекеттің реттеуші ролі болып табылады.
Бүгінгі күнде мемлекеттің сақтандыру қадағалауының бақылау функциясы
сақтандырудың қызмет көрсету нарығының құрулуымен және сақтандыру
компанияларындағы едәуір ақша қаражаттарының құрылуын есептеп өсуі қажет,
ал олар ең алдымен сақтандыру қорғауы бойынша маңызды проблемаларды
қанағаттандыру мен мемлекет экономикасында инвестициялық капитал ретінде
қолдануы керек. Сақтандыру қызмет көрсету нарығының қызметін
активизациялаудағы жаңа тәсілдердің қажеттілігі халық пен қоғамның
сақтандыру қорғауының өсу тұтынуымен шартталған.
I. Сақтандырудың нарықтық экономикалық орны
1. Сақтандыру компаниялары - экономикалық жүйенің
бір бөлігі ретінде
Сақтандыру қорының тарихи түрде анықталған ұйымдастырушылық формасы
сияқты кез келген сақтандыру компаниясының қызметі ылғи экономикалық
ортамен тығыз байланыста болады. Берілген экономикалық ортада
функционалданатын сақтандыру компанияларының жиынтығы сақтандыру жүйесін
құрайды. Нарықтық типтің экономикасында сақтандыру жүйесінің негізгі
мақсаты компаниялар мен фирмаларға белгілі бір кепілдіктерді қамтамасыз
ететін сақтандыру және консультациялық қызметтер комплексін көрсету; жеке
клиенттерге – күнделікті және сенімді сақтандыру қызметін көрсету,
ұзақмерзімді жеке мақсаттарға жету.
Сақтандыру компанияларымен кездестірілетін проблемалары арасында
келесілерді белгілеуге болады:
- сақтандыру бизнесінің интернационализациясы;
- ірі сақтандыру топтарының пайда болуы;
- бағалы қағаздарға инвестициялар;
- қаржылық алаяқтылық;
- көптеген мемлекеттердегі саяси жағдайларының күрт өзгеруі;
- персоналдың балансталмаған жастық құрылымы;
- жаңа ақпараттық технологиялардың пайда болуы;
- сақтандырушы жұмысшыларының жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Сақтандыру компаниялары – сақтандыру қызметтерін көрсетуге
негізделетін қаржылық делдалдар. Олардың қызметі заңды және жеке
тұлғалардың шарттарына негізделіп құрылған белгілі бір жағдайларының
түсуіне байланысты шартталған көлемдегі ақша қаражаттарының
сақтандырушыларға төлемдерді жүзеге асыратын арнайы ақша қорларының
құрылуынан тұрады.
Техника, технологияның дамуымен, экологиялық сақтандыру компаниялары
ақша қаражаттарын несие берушілермен шарт негізінде тартатындықтан, оларды
шартталған қаржылық делдалдарға жатқызады.
Сақтандыру қызметіне сұраныс экономикалық субьектілердің (заңды және
жеке тұлғалардың) маңызды қаржылық жоғалтуларға әкелетін (өлім, ауру немесе
жанұя мүшесінің жұмыстан шығарылуы, автомобиль авариясы және т.б.) белгілі
бір жағымсыз жағдайлардың, тұрақты қауіп – қатерінің түсуімен анықталады.
Бұл жоғалтуларды ағымдағы табыспен жабу мүмкін емес, осыған байланысты
депозит шоттары арқылы қаражаттарды жинау да қиынға түседі. Сақтандыру
мұндай жоғалтуларды жабудың ыңғайлы әдісі болып табылады, себебі оның
сомасы сақтандыру салымдарынан көп болуы мүмкін жағдайлардың нашарлауымен
мұндай жағдайлардың түсу ықтималдығы өсуде. Сондықтан сақтандыру бизнесі
дамыған нарықтық экономикасы елдерінде жақсы дамуда.
Сақтандыру компаниялары өмірді сақтандыру компаниялары мен мүлікті
және сәтсіз оқиғалардан сақтандыру компанияларына бөлінеді. Онда жұмыс
істеу әдістері бірдей: сақтандыру полистерін сатудан, олар табыстық
активтерге орналастыратын белгілі бір қаржы соммаларын жұмылдырады. Бұл
активтерден түсетін табыстардан өздерінің операциялық шығындарын жабады,
табыс алады. Жұмылдырылған қаражаттардан бұл компаниялар сақтандыру жағдайы
түсуі барысындағы төлемдердің орнын толтыру үшін резервтер құрады.
Өмірді сақтандыру компаниялары өлім коэффициентін тура анықтауға
және бұл негізде уақыт барысында сақтандыру полистері бойынша өздерінің
төлемдерін бөлуді болжамдауға мүмкіндік алады. Бұл оларға өз резервтерін
ұзақмерзімді, табыстық активтерге – корпорацияның облигациялары мен
акцияларына, ұзақмерзімді депозиттерге және т.б. орналастыруға мүмкіндік
береді.
Мүлікті және сәтсіз оқиғалардан сақтандыру компаниялары болжанбайтын
жағдайлардың түсуінен сақтандырады. Сондықтан олар өз резервтерін өмірді
сақтандыру компаниялары сияқты орналастыра алмайды, қысқа мерзімді бағалы
қағаздар артықшылықтарымен шектелуге мәжбүр.
Дамыған мемлекеттердегі сақтандыру компаниялары ірі көлемдегі
қаржылық ресурстарды жұмылдырады және ақша нарығанды ұзақмерзімді
капиталдардың басты жабдықтаушылары болып табылады. Ұзақмерзімді бағалы
қағаздардан басқа олар өз ресурстарын ипотекалық займдарға, ал ұзақмерзімді
займдарға қозғалмайтын мүліктің кепіліне салуы мүмкін.
7 Сақтандыру компанияларының қаржылары
Сақтандыру компанияларының қаржылық – шаруашылық қызметінің
нәтижелері ең алдымен алынған табыс пен резервтер қоры көлемдерінің
өзгеруінде айқындалады.
Сақтандыру компаниясының табысы былай қойылады:
1) Сақтандыру қызметінен тікелей алынған табыс. Сақтандыру компаниялары
сақтандырудан алынған салымдардан сақтандыру төлемдері мен сақтандыру
соммаларын төлеуден резервтік қорларды құрайтын, сақтандыру салымдарының
ағымдағы түсімдерінің қорын құрайды. Осыдан кейін сақтандыру қызметін
жүргізуден шығындар жабылады. Жүктеме қалдықтарын сақтандыру қызметінен
түскен табыс береді.
1) Компанияның сақтандырылмайтын қызметінен түскен табыс (банк
депозиттері, қозғалмайтын мүлік және т.б.). Алынған табыстар
сақтандыру компаниясының табыстарына қосылады.
2) Басқа қызметтерден түсетін табыс – консультациялық, делдалдық және
т.б.
Сақтандыру компаниясының сақтандыру қызметін жүргізудегі барлық
шығындарын 4 топқа бөлуге болады:
1) аквизициялық – жаңа сақтандырушыларды тартумен, сақтандыру портфелін
кеңейтумен, жарнамамен, сақтандырудың жаңа түрлерін өндірумен
байланысты шығындар;
2) инкассалық – сақтандыру төлемдерін жинаумен және сақтандырушыларға
қызмет көрсету бойынша шығындар;
3) ликвидтік – сақтандыру жағдайымен эксперттер еңбегін төлеу, сот
шығындары, сақтандырудың орнын толтыруларымен байланысты.
4) басқарушылық – еңбекті төлеу, шаруашылық шығындары және т.б.
байланысты.
Сақтандыру компаниясының қаржылық қызметінің маңызды аспектісі –
сақтандыру резервтерін құру мен пайдалану. Компаниялар сақтандыру
резервтерінің келесі жүйесін құрайды:
1) техникалық резерв;
2) ескертетін шараларға резерв – масштабтарды қысқарту мен залалдардың
орнын толтыру мақсатында шараларды қаржыландыру үшін жүктемелер
қойылады .
Техникалық резерв:
1) Табыс кіргізілмеген премияның резерві – шарттың уақыты нәтижелі болып
табылмайтын, сақтандырудың әрбір шартына сақтандыру төлемдерінің
бөлігі бағытталады;
2) Реттелмеген шығын резервтері. Сақтандырушы сақтандыру жағдайының
бекітілген уақыты туралы хабарлауы керек;
3) Түскен, бірақ хабарланбаған шығындар резерві – жиналған премиялардан
алынған белгілі пайыз мөлшерінде;
4) Апаттар резерві – сақтандыру жағдайларының көп мөлшерде түсу жағдайына
байланысты (жер сілкінісі, су тасқыны және т.б.).
5) Тербелу зияндылығының резерві. Егер берілген жылы зиянның өткен
жылдағыдан кем болса, бұл айырмашылық тербелу зияндылығының резервіне
бағытталады.
6) Өмірді сақтандыру резерві.
Сақтандыру компаниясы өзінің резервтерін табысты болатындай қылып
орналастыру керек.
Сақтандыру компанияларының қаржылық тұрақтылығы
Сақтандыру заңы сақтандырушының әрбір келісім – шарты бойынша
міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ететін нақты заңды шарттарды бекіту
керек. Кез – келген сақтандыру компаниясының қаржылық тұрақтылығы қаржылық
қызмет нәтижесі есебіне негізделеді және толық бейнені бухгалтерлік
баланстан алады. Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге әсер ететін нақты
көрсеткіштерді анықтау мақсатында бухгалтерлік есептің құрылымдық
бөліктерін қарастыру қажет.
Бухгалтерлік балансты 3 негізгі бөлімге бөлінеді:
1. активтер;
2. жеке капитал;
3. міндеттемелер.
Ең алдымен, сақтандыру компаниясының қаржылық тұрақтылығының негізі
- 3 көлемнің қатынасымен анықталады. Активтер құрамына негізгі қорлар,
материалдар, ақша қаражаттары, қаржылық инвестициялар, тағы басқа ағымдағы
активтер түрінде сақтандырушының мүлігі кіреді. Активтердің көп көлемде
болуы компанияның толығымен оның сенімділігін көрсетеді, бірақ негізгі
қорлардың құрылымы, олардың құндылығы, қай қаржылардан алынғаны – бұл
критериялар бойынша активтердің эффективтілігін және сақтандыру
компаниясының толықтай сенімділігін жорамалдауға болады.
Сақтандыру компаниясының қаржылық қызметінің анализі нәтижелерінен
сақтандыру компаниясының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін келесі
факторларды анықтауға мүмкіндік береді:
- жеке капитал;
- сақтандыру келісім – шарттары бойынша міндеттемелер;
- сақтандыру резервтері;
- инвестициялық қызмет;
- тәуекелді шектеу;
- тариф саясаты.
Жоғарыда көрсетілген факторлар сақтандыру компаниясының қаржылық
тұрақтылығын және оның төлемқабілеттілігін қамтамасыз етуде шешуші
факторлар болып табылады.
Жоғарыда айтылып кеткендей, Қазақстан Республикасының заңдылығында
қаржылық тұрақтылықтың негізі келтірілген. Қаржылық тұрақтылық бойынша
талаптар сақтандыру қадағалау департаментімен қадағалынады.
Өтпелі экономика шарттарында көп көлемдегі сақтандыру компаниялар
нарық шарттарында сақтандыру қызметі бойынша жеткілікті тәжірибесі жоқ,
сенімді статистиканың болмауы, ал қолда бар статистиканың сенімділігі жоқ,
яғни статистиканың ақпаратпен қамтамасыздандыруы жетілмеген. Көбінесе
сақтандыруға алынатын тәуекелдер зерттелмейді, тәуекелді бағалау және
анализ жасау методикасы жоқ.
Қазақстан сақтандыру нарығына тән ерекшелік сақтандыру нарығының
құрылымының дамымағандығы, сақтандыру пулдарының, одақтардың,
ассоциациялардың қарапайым қызметінің жоқ болуы, сақтандыру мәдениетінің
әлсіз деңгейі, сақтандыру қызметіне халық пен қоғамның сенімсіздігі,
сақтандыру бойынша жариялаулардың болмауы және т.б. болып табылады.
Сақтандыру нарығының дамуы мен қалыптасуы үшін сақтандыру компанияларының
қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша міндетті түрдегі талаптарды
мемлекет жағынан қадағалау қажет, мемлекет қадағалауы жағынан реттеу мен
қадағалау сақтандыру қорғауының дұрыс жүйесін құруға, қаржылық ресурстарды
қолдануды оптимизациялау, ұлттық сақтандыру нарығының дамуын ілгері
жылжытуға, жалпылый ұлттық экономиканың экономикалық қауіпсіздігін
қамтамасыз ету.
2. Қазіргі нарықтық экономикадағы сақтандыру қорының
түсінігі
Сақтандыру – пайда болу, функционалдау мен даму принциптері өзінің
бейнесін экономикалық теория мен ағымдарында табатын қазіргі экономикалық
қызметтің дербес және спецификалық саласы болып табылады.
Материалдық саладағы өндіріс процессінің барлық кезеңдері залал
келдіру мүмкіншілігімен байланысты мүмкін болатын барлық факторлардың
тұрақты әсер етуіне ұшыратады. Табиғатқа әсер ете отырып, адам өзін үнемі
түрлі тәуекелдерге кездестіреді, бұдан табиғат қадағаланбайтын күш ретінде
шығады. Сондықтан нарықтық экономика шарттарында ерекше маңыздылық пен
актуалдылықты иемденетін, барлық мүмкін болатын тәуекелдерден сақтандыру
қорғауының қажеттілігі туындайды. Кездейсоқ факторлардың кері әсер етудің
ликвидациялау мүмкіншілігі спецификалық сақтандыру қорын құруда ғана жүзеге
асады.
Сақтандыру қоры – халыққа немесе қоғамға табиғи апаттар мен басқа
кездейсоқ факторлармен келтірілетін залалды өтеу үшін өз дамуының әртүрлі
кезеңдерінде қажет материалды немесе ақша қаражаттарының резерві. Қоғам
қажеттіліктерін сақтандыру қорғауымен қанағаттандыратын сақтандыру қорын
құрудың обьективті қажеттілігі қоғамдық даму процесстің өзін сипаттайтын
қайшылықтармен шартталған.
Осы заманғы шарттарда сақтандыру қорын құру халық пен қоғамды
сақтандыру қорғауы қажеттілігімен шарттайтын тәуекел факторларының келесі
топтарын бөліп көрсетуге болады:
- Табиғи апаттар, катаклизмалар олардың қоршаған ортаға, адамға
қиратушылық жасауы;
- Қоғамдық өндіріс, олармен байланысты техника мен ғылыми
–техникалық прогресстің жетістіктерін қолдану саласын
кеңейту;
- Материалдық залалды көрсететін, кері құбылыстардың түсу
ықтималдығымен шартталатын қоғамның әлеуметтік қарама –
қайщылықтары;
- Табиғатқа шаруашылық қызметінің кері әсер ету нәтижесі ретінде
экологиялық тәуекелдер.
Бұл тәуекелдердің факторлары, біріншіден, адамға, оның денсаулығы
мен жұмысқабілеттілігіне кері әсер етеді; екіншіден, материалдық өндіріске
залал әкелінеді, қиралған жабдықтарға, техникаға, материалдарға және т.б.
қалпына келтіруіне қажеттілік туындайды; үшіншіден табиғи ортаға залал
келтіріледі, экологиялық тәуекелдер пайда болады; төртіншіден, әскери
даулар, ереуілдер, жұмыссыздық, көп көлемдегі залалдар түрінде қоғамға
залал келтіріледі. Қоғамдық өндіріс дамуының мөлшеріне байланысты
сақтандыру қорына қажеттілік өседі. Бұл тек апаттар нәтижесінде пайда
болатын қолайсыз экономикалық зардаптармен ғана емес, сонымен қатар өндіріс
қаражаттары мен жұмыс күшін қалпына келтіруге қажетті резервтерді құрайтын
өндірістік және әлеуметтік – экономикалық түрінде өндіріс процессімен
түсіндіріледі.
Сақтандыру қорының маңыздылығын ашу үшін оның пайда болуының, құрылу
қағидаларының нақты формаларына тоқталып кетейік. Сақтандыру қорының
құрылуына және бөлінуіне табиғи апаттар мен әртүрлі кездейсоқ
факторларымен келтірілетін, залалдардың характері мен мөлшеріәсер етеді.
Сақтандыру қоры бірнеше әдістермен құрылуы мүмкін:
1. Орталықтандырылған әдіс. Орталықтандырылған тәртіпте бұл
ресурстарға бөлінген қаржылар есебінен сақтандыру қоры пайда
болады, оның мақсатты міндеті – мемлекеттік бюджетте
сақтандыру резервтерін құру. Осыған мысал ретінде, Қазақстан
Республикасының төтенше жағдайлар бойынша Агенттілігімен
қолданатын мемлекеттік қор болып табылады. Бұл қорлар ірі
апаттар, төтенше жағдайларда халық шаруашылығына
келітірілген зияндар, сонымен қатар халыққа көмек көрсету
үшін қолданылады.
2. Өзін - өзі сақтандыру әдісі. Бұл әдісте қорлар авариялар,
машиналар мен механизмдердің бүлінген және т.б. кенет пайда
болған қиыншылықтарды тез арада жою мақсатында кәсіпорынды,
ұйымды оперативті басқару үшін, заңды және жеке тұлғалардың
өз қаражаттары есебінен құрылады. Өзін - өзі сақтандыру
әдісімен пайда болған сақтандырудың натуралды және ақшалай
резервтері ұйымдар мен кәсіпорындардың сақтандыру
қажеттіліктерін толық көлемде қамтамасыз ету үшін
арналмаған. Олар болжанбаған жағдайлар кезінде пайда болатын,
ең шұғыл қажеттіліктер мен мұқтаждықтар үшін қолсұқпайтын
қор.
3. Сақтандыру әдісі. Тауар – ақша қатынастары сақтандыру қорын
құру үшін обьективті шарты болып табылады. сақтандыру
әдісімен құрылатын сақтандыру қоры нақты страховательдердің
мақсатты төлемдері есебінен құрылады және тек белгілі
мақсаттарға – шығындардың орнын толтыру, сақтандыру
соммаларын тек сақтандыру қорын құрайтын қатысушыларға төлеу,
яғни страховательдерге щығындалады. Сақтандыру сақтандыру
қорын құру әдісі сияқты орталықтандырылған және
орталықтандырылмаған элементтерді құрайды. Бір жағынан
қаржылардың құрылуы орталықтандырылмаған тәртіпте жүргізіледі
сақтандыру төлемдері сақтандырушылармен төленеді. Ал басқа
жағынан, сақтандыру қоры жеке шаруашылықтар бойынша емес,
орталықтандырумен жұмылдырылады, сақтандыру жағдайлары
бойынша шығындардың орнын толтыруға құқықты сақтандыру
қорының қатысушылары сақтандыру келісімінің шарттарына сәйкес
алады.
Сақтандыру нарық моделінің теориялық өңдеудің обьективті алғышарты,
біріншіден, барлық мүмкін болатын экономикалық деңгейлерде және барлық
мүмкін болатын экономика субьекттерінде: мемлекет, индивидтер мен
кәсіпорынға сақтандыру қорғауының кең таралған формасы сияқты сақтандыру
қорларының болуы, екіншіден, олардың өздері сақтандыру қатысушылары мен
өздерінің сақтандыру қорларының ұйымдастырушылары болып табылады. Егер де
сақтандыру қорын индивидтер мен ұйымдар, мемлекет пен сақтандыру
компаниялары үшін жалпылай сақтандыру қорғауын ұйымдастырудың қазіргі
заманғы формасы сияқты қарастырсақ, онда ең алдымен сақтандыру қорының
жалпы қағидаларын анықтап, содан соң сақтандыру қорының жалпы моделін
сақтандыруды түсіндіру, дамыту және анализ жасау үшін қолдану қажет.
Сақтандыру қоры капитал ретінде қарастырылады. Сақтандырудың қорлық
түсіндіруіне негізгі моменттерді қысқаша баяндайық.
Сақтандыру өзінің пайда болу қағидаларын, функционалдауын және
дамуын экономикалық теориялар мен ағымдарда бейнесін табатын, қазіргі
экономикалық қызметтің дербес және ерекше саласы болып табылады.
Сақтандыру қоры моделінің теориялық өндірілуінің обьективті
алғышарты, біріншіден, барлық мүмкін болатын экономикалық деңгейлері мен
барлық мүмкін болатын экономика субьекттеріне: мемлекетке, индивидтер мен
кәсіпорындарға, сақтандыру компанияларына сақтандыру қорғауының ең кең
тараған формасы ретінде сақтандыру қорларының бар болуы, екіншіден,
олардың өздері сақтандыру қатысушылары мен өздерінің сақтандыру қорларының
ұйымдастырушылары болып табылады.
Егер де сақтандыру қорын жалпы сақтандыру қорғауының қазіргі
нысандағы ұйымы ретінде қарастырсақ: индивидтер мен ұйымдар, мемлекет пен
сақтандыру компаниялары үшін, онда ең алдымен сақтандыу қорының жалпы
қағидалары мен маңызын анықтап, содан соң сақтандыру қорының жалпы моделін
анализдеуге және сақтандырудың дамуы үшін анықтау қажет. Мұнда сақтандыру
қоры капитал ретінде қарастырылады және жалпы экономикалық қорлар жүйесінде
жеке жағдай болып табылады. Сақтандырудағы қорының түсіндірмесіне қағидалық
моменттерді қарастырайық.
- Біріншіден, қор қандай болса да пайдалылығы бар, экономикалық
игіліктердің жиынтығымен түсіндіріледі.
- Екіншіден, тыныштық пен қозғалысқа байланысты экономикалық
игіліктерді қорлар мен ағымдарға бөледі, біріншімен игіліктің резервтік,
қол сұқпайтын бөлігі, ал екіншімен тікелей шаруашылық процесттегі игіліктер
бөлігі түсініледі.
- Үшіншіден, сақтандыру қоры экономикалық категория ретінде оның
экономикалық мәнділігін айқындайтын баға, құн және өзіндік құнға ие болады.
Сақтандыру қорының өзіндік құны ықтималдықтың негізінде анықталады:
статистикалық, эксперттік, интуитивті. Сақтандыру қорының құны оның құрылуы
мен басқаруына кететін обьективті шығындармен анықталады. Құндылық әрбір
белгілі – бір субьект үшін анықталмағандықтан қорғау әдістері туралы шешім
қабылдайтын, сақтандыру пайдалылығының субьективті көрінісі болып табылады.
Баға обьективті моменттің, яғни сақтандыру қорының құндылығын және
субьективті, яғни сақтандыру құрғауының құндылығының индивидуалды мәнінің
бейнесі болып табылады.
“Қор” термині (франц. Fond латыншадан fondus) негіз дегенді
білдіреді. Кор – микро – және макроэкономикалық ұдайы өндіріс процесінде
жаңа игіліктерді құрудың негізгі факторы ретінде шығатын динамика –
статикалық игіліктер қоры. Сақтандыру қорының қасиеттері:
♦ игіліктердің қорлары түрінде функционалдауы, бұл сақтандыру қорының
негізін білдіреді;
♦ сақтандыру қорының өзгеруін (қозғалыс) білдіретін, қордың қорларын
қолданудағы белгісіздіктің, ықтималдықтың болуы;
♦ сақтандыру қорының дамуы мен өздігінен дамуын білдіретін, қорлардың
ақшалай көрінісі.
Сақтандыру қорының дамуын сыртқы және ішкі позициядан қарастыруға
болады. Сақтандыру қорының сыртқы дамуын үш кезеңге бөлуге болады:
1 Даму – кез келген толық жүйелердің өзгеру, қозғалыс процесін
білдіреді;
2. Кездейсоқтық – жүйелер дамуының екінші деңгейлік, қосымша
мүмкіншіліктерін білдіреді;
3. Қажеттілік - өзінің жоғарғы дамуы мен болуын сипаттайтын,
маңызды, заңды байланыстрады, ішкі, тұрақты, қайталанатын
қатынастарды білдіреді.
Сақтандыру қорының ішкі дамуы қозғағыш күш пен құру мен бөлу
арасындағы қарама қайшылықтардың дамуы есебінен болады.
Сақтандыру қорының тұрмыс моделі бірінші жағдайдан екінші жағдайға
оның тікелей қозғалысы мен өзгеруін, сонымен қатар оның элементтерінің
құраушыларын айқындайды. Ол үш кезеңнен тұрады:
1) негізінде өзінің қажеттілігі бар көптің есебінен игіліктер
қорларының құрылуы болады:

1. Сақтандыруға әсер етуші факторлар
Қазіргі кезде бірқатар факторлар сақтандыру бизнесінің дамуын
қиындатады:
- Қазақстанның ұлттық сақтандыру заңдылығының толық жүйесінің
болмауы, сақтандыру нарығының реттеу жүйесін істеп бітпеу;
- өндірістің өрлеуі, ұлттық экономиканың қаржылық дағдарысы.
Көптеген дамушы елдер сияқты Қазақстан Республикасында да майда
сақтандыру компанияларының саны көп. Бұл өз кезегінде ұлттық сақтандыру
нарығының тұрақсыздығын күшейтеді және оны Ресей мен халықаралық сақтандыру
нарықтарына тәуелді қылады. Сонымен қатар тағы бір күрделі мәселе болып
сақтандырушылар үшін уақытша бос ақша қаражаттарын инвестициялық саясатқа
эффективті орналастыруға мүмкіншіліктің болмауы болып табылады. Сақтандыру
компанияларының инвестициялық программалары үшін қаржылық құралдар жиынтығы
шектелген. Дамушы елдермен қолданылатын валюталақ шектемелер ұлттық
сақтандыру нарықтарының дамуын тоқтатады, ұлттық сақтандыру компанияларына
батыс сақтандырушылармен ойдағыдай бәсекелесуге мүмкіндік бермейді.
Сақтандыру қызметінде нарықтық қатынастарға өту кейбір тән
ерекшеліктермен ере жүреді, біріншіден, бұл күшті инфляциямен бірге жүретін
қаржылық дағдарыс. Жалпы инфляциялық процесстер сақтандыру нарығын құру
үшін белгілі – бір проблемаларды құрады. Нәтижесінде, сақтандыру қызметінің
дамуы көбінесе сақтандыру компанияларының инфляцияға қаншалықты қарсы
тұратынына байланысты болады. Инфляцияның әсер етуі бағаның өсуінде ғана
анықталып коймайды, сонымен қатар қоғамдағы бірқатар өзгерулердің дамуымен
бірге жүреді. Инфляциямен байланысты жоғалтулар сақтандырушы мен
страхователь үшін бірдей, бірақ олар сақтандыру түрлеріне байланысты
өзгереді. Сақтандырушылар үшін жауапкершілікті сақтандыруда, ал
страховательдер үшін ұзақмерзімді сақтандыруда маңыздырақ болады.
Сақтандыру компаниялары негізінен сақтандырудың ұзақмерзімді түрлеріне
мамандандырылған. Бұл көбінесе бұрынға СССР республикалары үшін тән, мұнда
Мемлекеттік сақтандыру монополиясы барысында ұзақмерзімді түрдегі
сақтандырулар орын алған. 90 – шы жалдардағы инфляциялық процесстер және
ұлттық валютаны енгізу нәтижесінде ұзақмерзімді түрлердегі сақтандыру
бойынша халықтың барлық жинақтары құнсызданып кетті. 90 жылдардың ортасында
өмірді сақтандыру нарығы өзінің өмір сүруін тоқтатты. Сонымен қатар
сақтандыру компанияларының өмірді сақтандыру мен тәуекелдер түрлерін
сақтандыру компанияларына бөліну бұл процессті ұлғайта түсті.
Сақтандыруда фирма қызметіне маркетингтік ортанық факторларына әсер
ету анализі, кәсіпкерлік қызметтің басқа түріне қарағанда маңызды орын
алады. Сақтандыру қызметтерін көрсету сияқты кәсіпкерлік қызметтің мұндай
спецификалық обьектісімен жұмыс істеу, олардың табиғаты және мінез – құлқын
ең алдымен сақтандыру жағдайларының кездейсоқтығымен анықталады, мұнда
сақтандыру компаниялары, нарық субьектілері және инвесторлары сияқты
қоршаған ортаның әсер етуін сезеді, кейбір кезде қолайсыз, әсіресе,
мемлекет органдарының, бәсекелестернің әсер етуі, дұрыс емес басқару
шешімдерін қабылдау тәуекелі, қаржылық тәуекелдер және т.б. сезеді. Мұндай
шарттарда маңызды мәнді сақтандыру компания маркетингінің микроортасының
факторы ретінде персоналды квалификациялау орын алады. Осымен сақтандыру
қызметінің динамикалық өсуіне әсер ететін кілттік фактор, технологиялық
процесс болып табылады. Оның мәні, қазіргі жағдайларда жыл сайын өндіріс
обьектілерінің, техниканың және технологияның эксплуатациясымен
жоғарылтылған тозу нормалар мен ережелерді бұзу нәтижесінде авариялар мен
апаттар саны өсуде.
Жаңа технологиялар тұтынушыларға қызмет көрсетумен айналысатын
ұйымдардағы бизнесті жүргізу әдістерін радикалды өзгертеді. Бүгінгі күнде
күшті импульстердің бірі болып компьютерлік техниканың және
телекоммуникация құралдарының интеграциясы болып табылады. Интернационалды
электронды жүйелердің қызмет көрсетуімен қоса Бүкіләлемдік жүйені (The
World Wide Web) құрайтын компаниялар, банктер және басқа қызмет көрсету
ұйымдарының қызметінің мінез – құлқы мен масштабтарын өзгертеді. Қазіргі
кездің өзінде Қазақстанда статистикалық мәліметтер базасы негізінде
сақтандыру нарығының даму перспективаларын, сақтандырудың түрлерін дамыту,
актуарлық есептерді, премиялар қойылымының есептерін жүргізу сияқты
ақпараттық технологияларының енгізу қажеттілігі туып отыр.
Телекоммуникацияның жақсы дамыған жүйесі жай, экономикалық байланысты бас
офистер мен сақтандыру ұйымдарының бөлімшелері, страховательдер,
брокерлермен арасындаға ақпаратпен алмасуды қамтамасыз ету үшін қажет. Бір
орталыққа шығатын бір жүйемен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz