Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңыздылығы және әдістері
Жоспар.
Кіріспе:
І. Кәсіпорынның табыстылығының көрсеткіштері және оларды талдаудың міндеттері.
1.1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы түсінік.
1.2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайына әсер етуші факторлар.
ІІ. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңыздылығы және әдістері.
2.1. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерін талдау.
2.2. Қаржылық жағдайды талдау барысындағы баланстың маңыздылығы.
2.3. қаржылық жағдайды талдау әдістері.
ІІІ. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау.
3.1. Маржиналды табысты талдау.
3.2. Кәсіпорынның тұрақты шығындарын есептеу.
3.3. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын тереңдетіп талдау.
Қорытынды.

І. Кәсіпорынның табыстылығының көрсеткіштері және оларды талдаудың
міндеттері.

Пайдаланылған әдебиеттер.

Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің
экономикалық пайдалалығы табыс табу мен анықталады. Кәсіпорынның
табыстылығы абсолют тік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады.
Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші – бұл табыстар немесе пайдалардың
сомасы. Шетелдік арнаулы әдебиеттерде табыстар ұғымы келесідей түрде
анықталады:
Табыстар дегеніміз – қаржының келуі немесе активтер құнының өсуі, не
болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың
ұлғаюы болып табылады, бұл акционерлер салымдарының есебінен өсуден басқа
жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі.
Ықшамдалған түрде бұл түсінік 1995 жылы 26 желтоқсандағы
Бухгалтерлік есеп туралы заң күші бар ҚР Президентінің 2732 Жарлығында
анықталған. Жарлықтың 13 – бабында былай делінген: Табыстар – бұл есептік
кезеңдегі активтердің ұлғаюы немесе міндеттемелердің азаюы. Белгілі бір
шығындар шығармай әдетте қажетті табыстарды алу мүмкін емес. өз кезегінде,
табыс алмай кәсіпорынның дамуын жүзеге асыру әлеуметтік мәселелерді шешу
мүмкін емес.
Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердің
абсолютті көрсеткіштерінен тұрады, олар (жұмыс, қызметті) өткізуден
алынатын табыс; жалпы табыс; негізгі қызметтен алынатын табыс; салық
салынғанға дейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; салық салынғаннан
кейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; төтенше төтенше жағдайлардан
алынған табыс; кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылатын
таза табыс.
Табыс жинақталған түрде шаруашылық жүргізудің нәтижесін, жанды және
затқа айналған еңбектің өнімділігін көрсетеді. Оны кейбір экономистер
экономикалық тиімділік көрсеткіштері қатарына жатқызса, енді біреулері оны
кәсіпорын жұмысының тиімділігіне жатқызады. Біздің ойымызша, алғашқылардың
айтқаны дұрыс, өйткені қайтарымдылығы туралы болжауға мүмкіндік бермейді.
Нарық жағдайында табыстың ролі айтарплықтай артты. өзіміз білетіндей
жоспарлы – директивті экономика жағдайында оның ролі төмендетілген болатын.
Табыс (пайда) табу кез келген кәсіпорынның мақсатты функциясы (қызметі)
ретінде төмендетіледі. Нарықтық экономикаға көшумен табыс (пайда) оның,
яғни кәсіпорынның қозғаушы күшіне айналды. Тек табыс қана өзара байланысқан
үш мәселенің шешімін анықтайды: нені, қалай және кім үшін өндіру керек?
Табыс табу кез келген кәсіпорынның қызмет етуінің мақсаты болып қалыптасты,
ал нарықтық экономика кәсіпорынның негізгі өндірістік және әлеуметтік
дамуының көзі болып табылады. Бұл принцип өнімді өндірудегі шығындардың
толық ақталуын және кәсіпорынның өндірістік – техникалық базасының кеңеюіне
енгізделген. Бұл әр кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын
өзінің меншікті қаржы көздерінен жабатындығын білдірпеді. Уақытша қаржы
кезінде, оларға деген қажеттілік, егер бұл ағымдағы шығындар болса, олар
банктің қысқа мерзімді ссудаларымен және коммерциялық несиелерімен, сонымен
қатар капитал салымдары банктің ұзақ мерзімдік несиелерімен жабылуы мүмкін.
Табыс есебінен, сондай –ақ кәсіпорынның бюджет алдындағы, банктер мен
басқа да кәсіпорындар, ұйымдар алдындағы міндеттемелері орындалады.
Сонымен, табыс кәсіпорының өндірістік және қаржылық қызметін бағалаудағы
негізгі көрсеткіші болып табылады.
Ол оның іскерлік белсенділігі мен қаржылық тұрақтылығын сипаттайды.
Табыс бойынша авансталған қаржылардың қайтарымдылық деігейі мен осы
кәсіпорынның активтеріне салынған салымдардың табыстылығы анықталады.
1.2. Кәсіпорынның жағдайына әсер етуші факторлар.
Нарықтық экономика жағдайында табыстың ролі ол атқаратын қызметтермен
анықталады. ТМД елдеріндегі арнайы әдебиеттерде табыс қызметі туралы мәселе
жөнінде бірыңғай пікір жок. Оған 2 – ден 6 – ға дейін қызметті жатқызады.
Біздің ойымызша, ол тек екі қызмет атқарады:
1) мемлекеттік бюджет табысының көзі;
2) кәсіпорын мен бірлестіктің өндірістік және әлеуметтік даму көзі.
Функциялардың және олардың өзара шарттылығындағы бірлігі,
табысты шаруашылықты жүргізуші қоғамның, кәсіпорын ұжымының және әр
жұмысшының экономикалық мүдделері байланысатын элементі ретінде көрсетеді.
Осыдан табысты құру және бөлу (тарату) мәселелерінің маңыздылығы көрінеді,
оның (тәжірибелік) шешуілуі шаруашылықты жүргізуші субьектінің
тиімділігінің алынған және оның иелігінде қалатын табыс көлеміне қажетті
тәуелділігін қамтамасыз етеді.
Табыс өз қызметтерін тиімді орындай алуы үшін келесідей негізгі
шарттар қажет болады:
1. Жуықтаудың белгілі бір дәрежесінде, өнім бағасы еңбектің қоғамдық
қажетті шығындарын көрсетуі тиіс және ол сондай – ақ еңбек өнімділігінің
үздіксіз өсуі мен өзіндік төмендеуін ескеруі қажет.
2. Бұйымдарды калькуляциялау және өнімнің өзіндік құнын анықтау
жүйесі ғылыми негізделген болуы керек.
3. Табысты бөлу (тарату) механизмі белсенді роль атқаруы керек және
өндірістің дамуы мен оның тиімділігін арттыруды ынталандырушы фактор болуы
тиіс.
4. Табысты тиімді пайдалану тек қалған барлық қаржы тұтқаларының
жүйесінде (амортизациялық аударымдар, қаржылық сакциялар, салық салу,
акциздер, жал төлемі, дивиденттер, пайыздық мөлшерлемелер, арнайы қорлар,
салымдар, пай (жарна) төлемдері, инвестициялар, есеп айырысу нысандары,
несие түрлері, валюта және бағалы қағаздар курсы және т.б.) ғана мүмкін.
Барлық табыстың абсолютті мөлшері кәсіпорынның қаржы м- шаруашылық
қызметінің тиімділігінің есем, экономикалық тиімділігінің көрметкішіне
жатады. 500 мың теңгелік табыс кәсіпорынның салынған капиталының мөлшері
және қызметінің ауқымы бойынша әр түрлі көлемнің табысы болуы мүмкін.
Сәйкесінше бұл соманың салыстырмалы деңгейі айтарлықтай деңгейде бірдей
болмайды. Сондықтан да алынатын табысты нақты бағалау үшін кәсіпорын
қызметінің тиімділігін сипаттайтын және табыстылық деңгейін көрсететін
рентабельділіктің әр түрлі көрсеткіштері жататын табыстылықтың салыстырмалы
көрсеткіштері қолданылады..
Кәсіпорынның табыстылық көрсеткіштерінің өсуіне шаруашылықты жүргізуші
субьектінің өзі де, мемлекет те мүдделі. Сондықтан әр кәсіпорында
табыстылықтың абсолютті және салыстырмалы көрсеткішіне жүйелі түрде талдау
жасау керек.
Табыстылықтың көрсетіштерін талдау міндеттеріне мыналар жатады:
• табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерінің жоспарының орындалуын
бағалау;
• таза табыстың қалыптасуының құрамдас элементтерін зерттеу;
• табысқа әсер ететін факторлардың әсерін анықтау және сандық
өлшеу;
• табысты бөлу бағыттарын, пропорцияларын және тенденцияларын
зерттеу;
• табысты өсу резервтерін анықтау;
• кәсіпорынның даму перспективасын ескере отырып, табысты тиімді
пайдалану жөнінде ұсыныстар жасау;
• табыстылықтың (рентабелділіктің) әр түрлі коэффиценттерін және
олардың деңгейлеріне әсер етуші факторларды зерттеу.

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің
негізгі және түпкі мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық назарды осы
көрсеткішті талдауға аудару керек.
Табыстылықтың бірінші абсолютті көрсеткіші өнімді (жұмыс, қызмет)
өткізуден алынатын табыс болып табылады. Ол қаржы – шаруашылық қызметінің
нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т.с.с. салықтар
мен міндетті төлемдер, сондай – ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату
шегерімдері және баға шегерімдері алынып тасталып көрсетіледі.
Қаржы – шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есептің осы бабы
бойынша негізгі қызметтен түсетін табыс көрсетіледі.
Табыс құрылымында ең үлкен үлес салмақты өнімдер мен тауарларды
өткізуден табыс алады, оның мөлшері өнім өндіру деңгейімен, оның сапасымен
және төменде қарастырылатын басқа да факторлармен анықталады.
Өнім өткізуден түсетін табыс сомасына қоймадағы өтпеген бұйымдар
қалдықтарының және сатып алушының жауапты сақталуындағы тиеліп жіберілген
тауарлардың өзгерістері белгілі бір әсер етеді. Тауарлы – материалдық
құндылықтардың азаюы немесе керісінше өсуі бірінші жағдайда өткізуден
түсетін табыс сомасының өсуіне, екіншіден – азаюына әсер етеді.
Кәсіпорында өнімді өткізуден түскен табыс жоспарланған тауар
өндірісінен және бұйымдардың (дайын өнімдер, сатып алушының жауапты
сақталуындағы тауар) өтпеген бөлігінің қалдықтарының өзгерісінен шығуы
керек. Бірақ өнімді өткізуден түсетін табыс көлемі жоспарының төмендеуі,
ауыспалы тауарлы – материалдық қорлардың тым артуы есебінен болатын
жағдайлар да кездеседі.
1 – кестеде өнімді өткізуден түскен табысты алу жоспарының
негізделуін тексеру жөнінде мәліметтер келтірілген.
1 – кесте
Өнімді өткізуден түскен табыс жоспарының негізделуін тексеру.
№ Көрсеткіштер Есептік бағасы бойынша
мың тг.
1. Өткізілмей қалған дайын өнімнің жыл 8360
басындағы нақты қалдығы
2. Тауарлы өнім шығару 29000
3. Өткізілген өнімнің жыл аяғындағы 15940
қаллдығы
4. Өнімді өткізуден алынуы мүмкін табыс 21420
(1 қатар + 2 қатар – 3 қатар)
5. Жоспар бойынша өнімді өткізуден алынатын20850
табыс
6. Ауытқуы (4 қатар – 5 қатар) 570
Кестеден кәсіпорынның өнімді өткізуден түсетін табыс көлемін 570 мың
теңгеге төмендеткені көрінеді. Жоспар жасаған кезде жыл соңындағы өтпеген
өнімнің шамадан тыс қалдықтарын ескерген болуы керек. өнімді өткізуден
түскен табыс 20850 мың теңгені емес, 570 мың теңгеге көп, яғни 21420 мың
теңгені орындау болмас еді.
Өтпеген өнімнің қалдықтары келесі себептерге байланысты құралады.
Дайын өнімнің бір бөлігі оларды буып – түю, орау, тиеуге дайындау, көлік
партиясының көлеміне толтыру, есеп айырысу құжаттарын жазу үшін заңды түрде
қойиада жиналып қалады. Осы жерде өсуіне кәсіпорынның қаржы қызметінің
көңіл аударуы қажет. өнім шаруашылық байланыстарының үзілуіне байланысты
өткізілмей қалуы немесе басқа себептерге байланысты сұранысқа ие болмауы
мүмкін. Бұндай жағдай нақты – заттық нысандағы өнімдер өндіруші кәсіпорында
орын алады. Орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер тауар ретіндегі
өзінің өзгеше нысанына байланысты қоймадағы өнім қалдықтары бола алмайды.
Бұл сондай – ақ кейбір салалардың өнімдеріне, мысалы, электроэнергетика,
көлік, байланыс салаларына да қатысты.
Көп жағдайда тауар сатып алушының жауапты сақтауына болады, яғни өнім
тиеліп жіберіліп сатып алушыға келіп түседі, бірақ сатып алушы заңды
негізде оны төлеуден бас тартады. Төлеуден бас тартуының себебі
жабдықтаушының жеткізу шарттарын сақтамағандығынан болуы мүмкін.
Есептеу әдісіне көшу өнімді өткізуден түсетін табыс оған келіп түскен
төлем сомасының мөлшері бойынша емес, оның тиеліп жіберілген көлемімен
анықталуына әкеледі. Бұл талдаушылар тиелген тауарлар үшін ақшаның келіп
түсуіне көңіл бөлмеуі деген сөз емем. Тиелген тауардың бір бөлігін сатып
алушылардың уақытында төлемейтіні белгілі. Бұл жағдайда ақшалардың түспеуі
жабдықтаушыға байланысты емес. Өкінішке орай бұл жағдай әдетке айналған.
Төлемеушілік көлемі азайған жоқ, алайда кәсіпорынға ақша алу бағытында
жұмыс жасау керек. Ол үшін сатып алушыға тауарды тиеп беруді тоқтату, оны
есеп айырысудың аккредитивті нысанына ауыстыру, төлемсіздікті өндіріп
толтыру қажет.
Нарық жағдайында тиеліп жіберілген өнімдер үшін есеп айырысудың алдын
ала төлеу нысаны да қолданылады. Алдын ала төлем мерзімі өткен тиелген
тауарлардың қалдығын болдырмайды. Тиелген өнімдер үшін есеп айырысудың бұл
нысаны көпсеген кәсіпорында қоланылады. Алайда оның кемшіліктері де бар:
• біріншіден, бұл нысан жабдықтаушылар үшін тиімді;
• екіншіден, белгілі бір дәрежеде өндірілген өнім сапасын бақылау
төмендейді, әсіресе егер жабдықтаушы кәсіпорын тауарлар мен
қызмет көрсетулер нарығында монополиялық орын алатын болса;
• үшіншіден, тұтынушы төлем жүргізгеннен кейін, тауарды қажетті
санына аз алуы мүмкін (мысалы, тоннамен және басқамен өлшенетін
шикізаттар мен материалдар сатып алу жүргізген уақытта).
Табыстылықтың екінші абсолютті көрсеткіші – жалпы табыс. Ол
өнімді өткізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет
нәтижесінде өнімді өткізуден түскен табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік
өзіндіәк құны арасындағы айырма ретінде анықталады.
Жалпы табысқа әсер ететін маңызды фактор өндірістік өзіндік құн,
сондықтан оның төмендеуі оның көлеміне көп әсерін тигізеді.
Көптеген кәсіпорында өзіндік құнды баптар бойынша талдаумен
айналысатын, оны төмендету жолдарын іздестіретін экономикалық қызметтің
бөлімшелері болады. Бірақ белгілі бір мөлшерде бұл жұмыс, инфляциясының
әсері және шикізат пен отын – энергетика ресурстарында бағаның өсуімен
өзінің маңызын төмендетеді. Бағаның күрт өсуі және кәсіпорынның меншікті
айналым қаражаттарының жетіспеуі жағдайында өзіндік құнның төмендеуі
нәтижесінде табыстың өсімі мүмкін емес.
Шаруашылық жүргізудің тұрақты экономикалық жағдайында жалпы табыстың
өсуінің негізгі жолы материалды шығындар бөлігінде өзіндік құнды төмендету.
Бұл, әсіресе шикізат құнының үлес салмағы өнімнің өзіндік құнында өте
жоғары болып келетін өңдеу және қайта өңдеу салаларында (машина жасау және
металл өңдеу, металлургия, мұнай – химия, тігін, тамақ және т.б.) қызмет
жасайтын кәсіпорындар үшін өте маңызды.
Шығарушы салаларда табиғи себептерге байланысты табыс өсімі пайдалы
қазбаларды шығарудың өзіндік құнын төмендету нәтижесінде қамтамасыз ету өте
қиын. Бұл негізінде шығару көлемін өсіру арқылы болуы мүмкін.
Соңғы тұтынушыға бағытталған салаларда сұраныс, өзіндік құн
деңгейімен анықталатын өндіріс және өнімді өткізу көлемі шешуші мәнділікке
ие болады.
Заттай түрде өнімді өткізу көлемінің өсуі табыстың өсуіне әкеледі.
Сұранысқа ие өнімдерді өндірудің өспелі көлеміне күрделі салымдар көмегімен
қол жеткізуге болады, бұл табыстың әлдеқайда өнімді жабдықтарды сатып
алуға, жаңа технологияны игереге, өндірісті кеңейтуге бағытталуын талап
етеді. Бұл жол, қазіргі кезде көптеген кәсіпорындардың инфляция, бағаның
өсуі және ұзақ мерзімді несиелерге қол жетіспеушілігіне байланысты қиын
немесе мүлде мүмкін есем. Күрделі капитал салымдарын жүргізуге қаржытары
мен мүмкіндіктері бар, кәсіпорындар, егер инвестиция рентабельділігін
инфляция қарқынынан жоғары ұстаса, онда бұл кәсіпорын өз табысын нақты
өсіре алады.

Өндіріс және өнім өткізу көлемін өсіруге әкелетін айналым
қаражаттарының айналымдылығын жылдамдату күрделі шығындарды талап етпейді.
Инфляция айналым қаражаттарын өте тез құнсыздандырады. Кәсіпорындардың
шикізат пен отын – энергетика ресурстарын сатып алуына олардың көп бөлігі
бағытталады. Сатып алушылардың төлемеушілігі және де талап етілетін алдын
ала төлем жүргізу кәсіпорынның қаржысының көп бөлігін айналымнан тыс
әкетеді. Төлем жүргізбеудің себептері тек айналым қаражаттарының жетіспеуі
ғана емес, сонымен бірге төлем қаржылық есептік
тәртіп, банк жүйесі жұмысындағы кемшіліктер және де вексельдік айналымның
дамымауы да болып табылады.
Кәсіпорын табысы бағаның өсуі өзінше теріс фактор болып табылмайды.
Егер өнімге деген сұраныстың өсуі мен шығарылатын өнімнің техника –
экономикалық параметрлердің және тұтынушылық қасиетінің жақсаруымен
байланысты болса, онда ол дәлелді болады.
Жоғарыда аталған факторлардың жалпы табысқа әсерін анықтау үшін қаржы
– шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есептің мәліметтері бойынша
келесі талдау кестесін құруға болады.
2 – кесте
2006 жылғы АЗ Эталон АҚ – ның жалпы табысы (мың теңге)
Көрсеткіштер Жоспар Нақты Нақты
бойынша өткізілген
өнімге
жоспар
бойынша
1. өнімді (жұмыс, қызмет)
өткізуден түскен табыс 20850 19745 23179
2. өткізілген өнімнің өндірістік
өзіндік құны 16435 15741 16996
3. Жалпы табыс (1 қатар – 2 қатар)4415 4005 6183
Жалпы табыстың нақты көлемі жоспарланған көлемінен 1768 мың таңгеге
көп.
Бұл ауытқуға келесі факторлар әсер етті:
1) өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны;
2) өнім бірлігінің бағасы;
3) өткізілген өнім көлемі (саны);
4) өткізілген өнім құрамындағы құрылымдық өзгерістер.
Жоғарыда аталған факторлардың осы ауытқуға әсерін анықтау керек.
Олардың есебі келесі түрде жүргізіледі.
1. Өнімнің өндірістік өзіндік құнының өзгерісінің әсері, өткізілген
өнімнің нақты өзіндік құнынан өткізілген өнімнің нақты көлемінің жоспарлы
өзіндік құнын алып тастау мына формула арқылы табылады:
П s = ∑ Qi · Si ∑ Qi Si .
Qi - өткізілген өнімнің нақты көлемі;
Si - өнім бірлігінің нақты өзіндік құны;
Si - өнім бірлігінің жоспарлы өзіндік құны.
Осылайша табылған сомада шикізат, материалдар, отын, сатып алынған
жартылай фабрикаттар, энергия тарифі бағаларының жоспармен салыстырғандағы
өзгерістері бар. Бұл фактор кәсіпорыннан тәуелсіз болғандықтан, ішкі талдау
барысында оны дербес фактор ретінде көрсету дұрыс.
Өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құнының жоспармен салыстырғанда
төмендеуі немесе өсуі кезінде жалпы табыс сәйкесінше өседі немесе азаяды.
Біздің мысалда артық шығындалу болған, бұл жалпы табыс көлемін 1255 мың
теңгеге төмендетті (16966 – 15741).
2. Жалпы табыстың нақты көлемінің жоспардан ауытқуына қолданыстағы
баға өзгерісінің әсері келесі формула бойынша есептеледі:
Пц = ∑Qi · Pi - ∑Qi Pi .
Мұндағы: Рi және рi - өнім бірлігінің сәйкесінше нақты және жоспарлы
бағасы.
Басқаша айтқанда, бұл фактордың әсетінің мөлшері өнім өткізуден түскен
нақты түсімнен жоспарланған мөлшерді алып тастау жолымен анықталады.
Біздің мысалымызда жалпы табыс баға факторы есебінен 3434 мың теңгеге
(23179 – 19745) өсті.
3. өткізу көлемінің өзгерісінің жалпы табыс ауытқуына әсерін анықтау
үшін алдымен өткізу көлемі бойынша жоспардың орындалу дәрежесін анықтау
керек. Табыс көлемі осы факторға тікелей үйлесімді тәуелді борлғандықтан,
жоспарлы табысты өткізу көлемі бойынша орындалу пайызына көбейту керек.
Арнайы әдебиеттерде оқып – зерттеу, тауар өнімдерін өткізу көлемі және
оның құрамындағы құрылымдық өзгерістер сияқты факторлардың табысқа
тигізетін әсерін талдау тұрғысында, онда пікір таластары жүргізілетіндігін
көрсетті.
Есептеу үшін өткізілген өнімнің көлемін әр түрлі бағалауұсынылады:
қолданыстағы өткізу бағасымен өндірістік өзінді құны бойынша. өткізілген
өнімнің көлемі бойынша жоспардың орындалу пайызын есептеу кезінде әр қалай
бағалау, пайдаға әсерін анықтау кезінде айтарлықтай ауытқуларға әкеледі.
Бірінші әдіс экономистермен теріске шығарылған, өнімді өткізуден түсетін
табыстың өзгеруі өткізудің физикалық көлеміне ғана емес, сондай – ақ
құрылымындағы өзгерістерге байланысты өткізілген өнімнің рентабельділігіне
де әсер етеді. Қазіргі кезде бағалар күдікті өзгерістерді бастан кешіруде,
сондықтан біздің көзқарасымыз бойынша өткізу көлемін өндірістік өзіндік құн
бойынша бағалау әлдеқайда дәлелді болып табылады.
Жалпы табысқа тауарлы өнімдерді өткізу көлемінің өзгерісінің әсері
келесі есеп арқылы анықталады:
SH
1. Nж = ------ · 100.
Sж
Мұндағы: Nж - өндірістік өзіндік құны бойынша өткізу көлемі
жоспарының орындалу деңгейі;
SH, Sж - өткізілген өнімнің сәйкесінше нақты және жоспарлы
өндірістік өзіндік құны.
Пж · Nж
2. Пп = ------------ .
100
Мұндағы: Пп – тауарлы өнімді өткізу көлемінің табысқа тигізетін
әсері;
Пж – жоспарлы жалпы табыс.
Біз талдап отырған кәсіпорын тауарлы өнімді өткізу бойынша
жоспарды 3,4% - ға асыра орындады (16996 : 16435 · 100) – 100, нәтижесінде
жоспарланған жалпы табыстан 150 мың теңге артық алынған (4415 · 10,34 :
100) – 4415.
2.3. Қаржылық жағдайды талдау әдістері.
Талдау жұмысының теориясы мен тәжірибесінде, өткізілген өнім
құрамындағы құрылымдық өзгерістердің жалпы табысқа әсерін есептеудің екі
тәсілі бар:
1) өткізілген өнімнің нақты көлеміне жоспар бойынша есептелінген,
алынуға тиісті жалпы табыс сомасын өткізу көлемі бойынша жоспардың
орындалу коэффицентіне түзетілген жалпы табыстың жоспары мөлшерімен
салыстыру арқылы;
2) өткізу көлемінің өзгеруі факторының әсер ету сомасын өткізілген
өнімнің нақты көлемінің жоспар бойынша есептелінген және алынуға
тиісті табыстың көрсеткіштері арасындағы айырмадан шегеру арқылы
(қалдық тәсілі).
Тәжірибеде екінші тәсіл жиі қолданылады, өйткені бұл фактордың әсер
ету көлемін есептеуге дейін өткізу көлемінің өзгерісінің әсерін анықтайды.
Өткізілген өнімнің нақты көлемінің жоспар бойынша есептелінген, алынуға
тиісті жалпы табыс сомасы осы екі фактордың жиынтық әсерін сипаттайтын
болғандықтан, бұл сомадан өткізу көлемін қолданудың әсерін шегеру арқылы
өткізілген өнім құрамындағы құрылымдық өзгерістерінің пайдаға тигізетін
әсерін анықтайды.
Біздің мысалымызда есептеулер келесіні көрсетеді:
1) 4004 – 4415 = - 411;
2) – 411 + ( - 150) = - 561.
Құрылымдық өзгерістер нәтижесінде жоспармен салыстырғанда жалпы
табыс 561 мың теңгеге кем алынған.
Біздің ойымызша, бұл фактордың әсерін нақты өткізген жоспар бойынша
алынуға тиісті табысты, есепті жылы өнімді өткізу көлемі бойынша жоспардың
орындалуын ескере отырып, жоспарлы құрылым жағдайыда алынған табыспен
салыстыру арқылы анықтаған дұрыс болып табылады.
Есептің мұндай әдісі әлдеқайда ыңғайлы әрі дәл болып табылады.
Есептеулер келесідей түрде болады:
4004 – (4415а106,4 : 100) = 4004 – 4565 = - 561.
Біздің мысалымызда құрылымның өзгеруі жалпы табыстың ауытқуына теріс
әсерін тигізеді, яғни оның мөлшері 561 мың теңгеге азайды. Жалпы табысты
талдау нәтижелері 3 – кестеде көрсетілген.
3 – кесте
Жалпы табыстың ауытқуына негізгі факторлардың әсері.
№ Көрсеткіштер Сомасы, мың тгЖоспарлы
табысқа % -
бен
1. Өткізілген өнімнің өзіндік
құнының өсуі - 1255 + 28,4
2. Келісілген бағалар деңгейінің + 3434 + 77,7
өсуі
3. Өнімді өткізу көлемінің артуы + 150 + 3,4
4. Өткізілген өнім құрамындағы
құрылымдық өзгерістер - 561 - 12,7
Жиыны: + 1768 + 40,0
Жоспардан тыс жалпы табыс келісім бағалары мен өнімді өткізу көлемінің
өсуі нәтижесінде алынып отырған. Егер кәсіпорын өнімнің өзіндік құнының
өсуіне жол бермеген болса және де бизнес жоспармен салыстырғанда өткізілген
өнімнің құрамындағы құрылымдық өзгерістер болмаған жағдайда жалпы табыс
1816 мың теңгеге (1255 + 561) өсетін еді. Жалпы табыстың өндірістік өзіндік
құнының өсуі нәтижесінде азаюын – кәсіпорын жұмысындағы жағымсыз құбылыс
ретінде сипаттауға болады. Елеулі кемшіліктерге 2006 жылы талданып отырған
кәсіпорынның өткізген өнімнің құрамында болған құрылымдық өзгерістер
жатады. Сондықтан талдаушы, шығарылатын өнім сұрыпталымы мен өндірілетін
және өткізілген өнімдердің құрамында болатын құрылымдық өзгерістерін
талдауға басты назар аудару қажет. Егер әрине нарықта оларға деген сұраныс
болса, кәсіпорынға өнімнің жоғары рентабельді түрлерін өндіру мен сату
тиімді болады. өткен жылмен салыстырғанда жалпы табыстың өзгеру себептерін
анықтау кезінде, В.А. Маличет (34) ұсынған талдау әдістемесін қолдануға
болады. Нарықтық экономика жағдайында, тауарларға деген бағалар еркін
болған кезде және де олардың деңгейі нарық жағдайымен анықталатын кезде осы
бағалардың өзгерісі туралы ақпараттар алу қажеттігі пайда болады. Кәсіпорын
өнім есебін екі түрлі бағамен, яғни нарықтағы қазіргі және өткен жылдағы
бағалар бойынша жүргізбейді. Осының бәрі экономиканы басқару және бақылау
мақсатында бағаның қозғалысы туралы, олардың тек жылдық қана емес, сонымен
қатар одан да қысқа мерзім аралықтарына, яғни ай, тоқсан, жарты жылдағы
индекстері туралы мәліметтердің ең алдымен кәсіпкерлерге, салық
инспекцияларына және әрп түрлі деігейлердегі экономиканы басқару
органдарына қажет болып табылады.
Біздің мысалымызда өткен жылмен салыстырғанда баға индексі 1,05 – ті
құрайды. Бағаның өсуі жалпы табысқа әсер етуі тиіс.
Жалпы табыстың өзгеруіне әсер етуші негізгі факторларға келесі
өзгерістер жатады:
1) өткізілген өнімдердің бағасының өзгеруі;
2) өнімді өткізуден түскен табыстың өзгеруі;
3) өткізілген өнімнің 1 теңгеге шаққандағы шығындарының
өзгерісі.
Олардың есепті жылы алынған жиынтық табыстың өткен жылмен
салыстырғандағы ауытқуына тигізетін әсерін анықтау үшін, келесі
аналитикалық 4 – кестені қарайық.
4 – кесте
Жалпы табыстың өткен жылдағыдан ауытқуына факторлардың тигізетін әсерін
анықтау үшін қажетті алғашқы мәліметтер.
№ Көрсеткіштер Өткен жылғы Есепті жылғы
1. Өнімді (жұмыс, қызметті)
өткізуден түскен 24392 23179
2. Өткізілген өнімнің (жұмыс,
қызмет) өндірістік өзіндік20689 16996
құны
3. Жалпы табыс (1 қатар – 2 3703 6283
қатар)
4. Баға индексі 1,00 1,05
5. Өткізілген өнімнен (жұмыс,
қызмет) түскен табыс, 24392 22075
салыстырмалы бағамен
Осы міндеттемелерге сүйене отырып, жоғарыда көрсетілген факторлардың
жалпы табыстың өзгеруіне тигізген әсерін анықтайық:
1. Бағаның өсуі табысқа қалай әсер еткенін анықтау үшін, есепті жылы
өнімді өткізуден түскен табысты өткен жылдың еркін сатылу бағасымен (ҚҚС
және акцизсіз) қайта есептеп, содан кейін оны есепті жылдың еркін сату
бағасымен (ҚҚС және акцизсіз) есептелген өнімді өткізуден түскен табыспен
салыстыру қажет. Алынған айырма бағалар қандай сомаға өзгергендігін
(өскенін немесе кемігендігін) және сәйкесінше табыстың да өзгерісін
көрсетеді.
Есепті жылдағы өнімді өткізуден түскен табыс өткен жылғы бағамен:
23179 : 1,05 = 22075.
Бағалардың өзгерісі және оның жалпы табысқа әсері:
23179 – 22075 = 1104 мың теігені құрады.
Кәсіпорынның еркін сату бағасының өсуі есебінен түскен есепті жылдағы
қосымша табыс 1104 мың теңгені құрайды.
2. Өткізуден түскен табыстың әсерін келесі жолмен анықтаймыз.
Өткен жылғы өткізілген өнімнің 1 теңгесіне шаққаандағы табысының
деңгейі тұрғысынан алатын болсақ, онда оның абсолютті сомадағы өсімі немесе
азаюы өнімді өткізуден түскен табыстың өсуі немесе азаюына пропорционалды
түрде болуы тиіс.
Біздің мысалымызда өткен жылмен салыстырғанда өнімді өткізуден түскен
табыс 9,5% - ға (22075 : 24392 х 100 = 90,5); 100 – 90,5 = 9,5 азайды.
Нәтижесінде өнімді өткізуден түскен табыстың кемуі есебінен жалпы табыстың
азаюы 352 мың теңгені [3703 · ( - 9,5) : 100] құрайды. Есептеуді, былтырғы
өнімді сатудан түскен табыстың 1 теңгесіне шаққандағы жалпы табысты, өнімді
сатудан түскен табыстың артуы немесе кемуіне көбейту арқылы жүргізуге
болады:
[3703 : 24392 · (22075 – 24392)] = 0,1518 · (- 2317) = - 352 мың
теңге.
3. Өткізілген өнімнен алынған табыстың 1 теңгесіне шаққандағы
шығындар деңгейінің ықпалы, есепті жылы өткізілген өнімнен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz