Министрлiктiң негізгі функциялары мен құқықтары



1. Жалпы ережелер.
1. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі (бұдан әрi . Министрлiк) Қазақстан Республикасының әлеуметтік.экономикалық дамуының басымдықтарын тиiмдi iске асыруды ықпал ететiн мемлекеттік жоспарлау жүйесiн құру және дамыту миссиясы болып табылатын орталық атқарушы орган.
2. Министрлiктің негiзгi мiндеттерi мыналар:
1) Қазақстан Республикасының әлеуметтік.экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттарын және басымдықтарын, негiзгi бағыттарын қалыптастыру;
2) мемлекеттiң әлеуметтiк.экономикалық дамуының басымдықтарымен және ақша.кредит саясатымен өзара қарым.қатынаста мемлекеттік фискалдық, кедендiк және бюджеттік инвестициялық саясатты, сондай.ақ халықаралық экономикалық және қаржылық қатынастар саласындағы саясатты қалыптастыру;
3) экономика секторларында мемлекеттiк активтердi басқару саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру.
3. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай.ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге acырады.
4. Министрлiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық.құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгідегі бланкiлерi, сондай.ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінің Қазынашылық органдарында шоттары болады. Министрлiк азаматтық.құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. Министрлiктiң, егер заңнамаға сәйкес уәкілеттік берiлсе, мемлекеттің атынан азаматтық.құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
5. Министрлiктiң штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
6. Министрлiктiң заңды мекен.жайы: Астана қаласы, Жеңiс даңғылы, 33.үй.
7. Министрлiктiң толық атауы . «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi мемлекеттік мекемесi».
8. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтай құжаты болып табылады.
9. Министрлiктiң қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражатының есебiнен жүзеге асырылады.
Министрлiкке өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектілерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Министрлiкке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетiн қызметтi

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
ҚР Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi туралы ереже.

 1. Жалпы ережелер.
      1. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау
министрлігі (бұдан әрi - Министрлiк) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-
экономикалық дамуының басымдықтарын тиiмдi iске асыруды ықпал ететiн
мемлекеттік жоспарлау жүйесiн құру және дамыту миссиясы болып табылатын
орталық атқарушы орган.
      2. Министрлiктің негiзгi мiндеттерi мыналар:
      1) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының
стратегиялық мақсаттарын және басымдықтарын, негiзгi бағыттарын
қалыптастыру;
      2) мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының басымдықтарымен және
ақша-кредит саясатымен өзара қарым-қатынаста мемлекеттік фискалдық,
кедендiк және бюджеттік инвестициялық саясатты, сондай-ақ халықаралық
экономикалық және қаржылық қатынастар саласындағы саясатты қалыптастыру;
      3) экономика секторларында мемлекеттiк активтердi басқару саласындағы
мемлекеттiк саясатты қалыптастыру.
    3. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен
заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ
осы Ережеге сәйкес жүзеге acырады.
      4. Министрлiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы
заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы жазылған мөрi мен
мөртаңбалары, белгiленген үлгідегі бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінің Қазынашылық органдарында
шоттары болады. Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан
түседi. Министрлiктiң, егер заңнамаға сәйкес уәкілеттік берiлсе,
мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы
бар.
      5. Министрлiктiң штат санының лимитін Қазақстан Республикасының
Үкiметi бекiтедi.
      6. Министрлiктiң заңды мекен-жайы: Астана қаласы, Жеңiс даңғылы, 33-
үй.
      7. Министрлiктiң толық атауы – Қазақстан Республикасы Экономика және
бюджеттiк жоспарлау министрлiгi мемлекеттік мекемесi.
      8. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтай құжаты болып табылады.
      9. Министрлiктiң қызметін қаржыландыру республикалық бюджет
қаражатының есебiнен жүзеге асырылады.
      Министрлiкке өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау
тұрғысында кәсiпкерлiк субъектілерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым
салынады.
      Егер Министрлiкке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетiн қызметтi
жүзеге асыру құқығы берiлген болса, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер
республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.

 2. Министрлiктiң негізгі функциялары мен құқықтары.
      10. Министрлiк мемлекеттiк саясатты қалыптастыру саласында заңнамада
белгіленген тәртіппен мынадай стратегиялық функцияларды жүзеге асырады:
      1) мемлекеттiк әлеуметтiк-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын
әзiрлеудiң салааралық және өңiраралық үйлестiруiн жүзеге асырады;
      2) Қазақстан Республикасындағы экономикалық қызмет түрлерiн жүзеге
асыруды регламенттейтiн стратегиялық, орта мерзiмдi экономикалық, бюджеттiк
жоспарлау және рұқсат беру жүйесiн жетілдiру;
      3) бюджет процесiне әдiснамалық жетекшiлiк ету;
      4) орталық және жергілiктi атқарушы органдардың қатысуымен Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң Бағдарламасын және оны iске асыру жөнiндегi iс-
шаралар жоспарын қалыптастыру, олардың орындалу мониторингiн жүзеге асыру;
      5) басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың)
тiзбесiн қалыптастыру;
      6) гранттарды тартуға басымды өтiнiмдер тiзбесiн қалыптастыру және
оны Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне енгiзу;
      7) мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борышты,
бюджеттiк кредит берудi жоспарлауды және талдауды жүзеге асыру;
      8) Қазақстан Республикасының ёлттық Банкiмен бiрлесiп, бюджетті
атқару жөнiндегi орталық уәкiлетті органның қатысуымен алдағы орта мерзiмдi
кезеңге арналған республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта
мерзiмдi жоспары, жинақталған мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген
борыштың көлемi мен құрылымы негізiнде мемлекеттiк және мемлекет кепілдiк
берген қарыз алу мен борыштың жай-күйiн және болжамын жыл сайынғы бағалауды
дайындау;
      9) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта
мерзiмдi жоспарын әзiрлеу;
      10) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң орта мерзiмдi фискалдық
саясаттың жобасын әзiрлеу;
      11) тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет, бюджетке
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы заңдардың жобасын әзiрлеу;
      12) тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды
iске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулысының жобасын
әзiрлеу;
      13) төтенше мемлекеттік бюджеттi әзiрлеу;
      14) республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар
қаланың, астананың бюджеттерi арасындағы үш жылдық кезеңге арналған жалпы
сипаттағы ресми трансферттер көлемi туралы Қазақстан Республикасы Заңының
жобасын әзiрлеу;
      15) бiрыңғай бюджет сыныптамасының жобасын әзiрлеу;
      16) қаржыландырудың жылдық жоспарын әзiрлеу және бекiту;
      17) әлеуметтiк-экономикалық дамудың, бюджеттiк жоспарлау және
бағдарламалаудың, мемлекеттiк, салалық (секторалдық) және өңiрлiк
бағдарламалардың орта мерзiмдi жоспарларының әзiрленуiн және iске асырылуын
әдiснамалық қамтамасыз ету;
      18) бюджеттiк инвестициялардың жүзеге асырылуын әдістемелік
қамтамасыз ету, әзiрленуiн ұйымдастыру мен оның мониторингi;
      19) инвестициялық ахуалды жақсарту жөнiнде шаралар әзiрлеу,
мемлекеттiк бағдарламаларды және басым инвестициялық жобаларды iске асыру
үшiн шетелдiк инвестицияларды тартуға ықпал ету;
      20) жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласында негiзгі бағыттарды
әзiрлеу және бiрыңғай мемлекеттiк саясатты жүргiзу;
      21) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қаржы мен мемлекеттiк
меншiгiн басқару және жекешелендiру саласында мемлекеттік саясаттың
мақсаттары мен басымдықтарын айқындау;
      22) республикалық және жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен жүзеге
асырылатын бюджеттiк инвестициялардың iске асырылу барысы туралы жиынтық
ақпаратты жасау және оны Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыну;
      23) мемлекеттiк басқару жүйесiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстарды
қалыптастыру;
      24) әкiмшiлiк реформаларды әдiснамалық қамтамасыз етудi жүзеге асыру;
      25) мемлекеттік кәсiпкерлік саласындағы саясатты қалыптастыру және
экономиканың жеке секторларындағы мемлекеттiң қатысуын кеңейту немесе
қысқарту жөнiндегi ұсыныстарды тұжырымдау;
      26) орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың функцияларына
талдауды жүзеге асыру;
      27) ел дамуының орта мерзiмдi басымдарын есепке ала, ұлттық
компаниялар даму жоспарын қарау және келiсу;
      28) оған тиесiлі ұйымдардағы акциялар мен қатысу үлесi бойынша
мемлекеттiң кiрiстерiн қалыптастыру саласында дивидендтiк саясатты
тұжырымдау;
      29) басым бағыттарды айқындау және халықаралық қаржылық және
экономикалық ұйымдар мен донор елдерден қаржылық және техникалық көмектердi
тартуды және пайдалануды үйлестіру;
      30) мемлекеттік бюджет есебiнен қамтылатын жұмыскерлердiң еңбегіне
төлеу жүйесін жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      31) Қазақстан Республикасында және шетелдiк мемлекеттерде салық және
кеден заңнамасын қолдану практикасын талдау;
      32) Министрлiктiң құзыретiне енетiн мәселелер бойынша нормативтiк
құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлеу;
      33) Министрлiктің құзыретіне енетiн бағыттар бойынша мемлекеттiк және
салалық (секторалдық) бағдарламаларды әзiрлеу;
      34) өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының және басқа да
елдердiң ұйымдарымен келiссөздер жүргізу және шарттар жасасу;
      35) нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын сараптауды жүзеге
асыру.
      11. Министрлiк мемлекеттік саясатты iске асыру саласында мынадай
функцияларды жүзеге асырады:
      1) мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларды iске асыру
жөнiндегi қызметiн талдауды және үйлестірудi жүзеге асыру;
      2) елдiң, Қазақстан Республикасының өңiрлерi мен салаларының
әлеуметтік-экономикалық даму мониторингін, әлемдiк экономиканың жай-күйін
және дамуын талдауды жүргiзу;
      3) экономикалық талдауды және макроэкономикалық болжауды жүргiзу;
      4) экономикалық қауiпсiздiк мәселелерінің мониторингі;
      5) республикалық және жергiлiктi бюджеттерге түсетiн түсiмдердi
болжау;
      6) мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларды, бюджеттік
бағдарламаларды, бюджеттiк инвестициялар мен гранттарды iске асырудың
тиiмдiлiгiн (нәтижелілігiн) бағалауды жүргiзу;
      7) ұлттық компаниялар қызметiнiң тиiмдiлігін талдауды және бағалауды
жүзеге асыру;
      8) мемлекеттік меншiк объектiлерiн басқаруды талдауды және бағалауды
жүргiзу;
      9) орталық және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен Қазақстан
Республикасының Жұмылдыру жоспарын әзiрлеу және оны iске асыруды үйлестiру;
      10) республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын
мемлекеттiк органдардың штаттық кестелерiн талдауды жүзеге асыру;
      11) Қазақстан Республикасында қолданыстағы және әзiрленетiн
мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар тiзбесiн қалыптастыру
және одан әрі жүргiзу;
      12) мемлекеттiк, салалық (секторалдық) бағдарламалардың орындалуына
жалпы бақылауды жүзеге асыру;
      13) мемлекеттік органдардың экономикалық қызмет түрлерiн жүзеге
асыруды регламенттейтiн рұқсат беру жүйесi, оның iшiнде лицензиялау
мәселелерi жөнiндегi қызметiн үйлестiру;
      14) мемлекеттік органдардың халықаралық экономикалық ынтымақтастық
жөнiндегi жұмысын үйлестiру, халықаралық қаржылық және экономикалық
ұйымдармен, донор елдермен, рейтингтік агенттіктермен өзара iс-қимыл жасау;
      15) өз қызметi саласындағы заңнаманың қолданылуын талдауды жүзеге
асыру.
      12. Министрлiк экономикалық қызметті мемлекеттiк реттеу саласында
мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) республикалық бюджеттік инвестициялық жобаларға (бағдарламаларға)
экономикалық сараптама жүргiзу;
      2) өнiмдi бөлу туралы келiсiмдi қоса алғанда, жер қойнауын
пайдалануға арналған келiсiм-шарттарға экономикалық сараптаманы жүзеге
асыру және оларға салықтық сараптаманың қорытынды кезеңiн жүргiзу.
      13. Өзiне жүктелген мiндеттердi iске асыру және өзiнiң функцияларын
жүзеге асыру үшін Министрлiктің заңнамада белгiленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасының Үкiметiне мемлекеттік әлеуметтiк-
экономикалық саясаттың негізгi бағыттары бойынша ұсыныстар енгізуге;
      2) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың орта мерзiмдi
жоспарларды, Үкiмет Бағдарламасын iске асыру жөнiндегi іс-шаралар
жоспарларын iске асыруының мониторингiн жүзеге асыруға;
      3) Қазақстан Республикасының Үкiметіне Үкiмет Бағдарламасын iске
асыру жөнiндегi іс-шаралар жоспарын түзету жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
      4) Қазақстан Республикасының Үкiметiне мемлекеттік және салалық
(секторалдық) бағдарламаларды одан әрі iске асырудың орындылығы туралы
ұсыныстар енгiзуге;
      5) өз құзыретi шегiнде ақпараттық-талдау материалдарын дайындауға
және оларды мемлекеттік органдарға ұсынуға;
      6) өз құзыретi шегiнде нормативтiк құқықтық кесiмдерді әзiрлеуге және
шығаруға;
      7) өз құзыретi шегiнде келiссөздер жүргiзуге және Қазақстан
Республикасының халықаралық шарттарын, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғалармен
келiсiмдер жасасуға;
      8) өз құзыретi шегiнде мемлекеттiң қатысуымен ұйымдарды құру, қайта
ұйымдастыру, сондай-ақ тарату мәселелерi жөнiнде ұсыныстар енгізуге;
      9) өз құзыретi шегiнде мемлекеттік органдардан, мемлекеттiң
қатысуымен заңды тұлғалардан және басқа ұйымдар мен жеке тұлғалардан
қажеттi ақпараттар мен құжаттарды сұратуға және алуға;
      10) консалтингтік қызметтердi жүзеге асыру үшін қазақстандық және
шетелдік заңды және жеке тұлғаларды жұмысқа тартуға;
      11) шетелдiк мемлекеттердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл
жасауға;
      12) мониторинг объектілерiн тiкелей зерттеуге, меншіктiң мемлекеттiк
мониторингі нысанасына жататын ақпаратты талдауға орталық және жергiлiктi
атқарушы органдардың өкілдерiн тартуға;
      13) сараптамалар мен консультациялар жүргiзу үшiн орталық және
жергiлiктi атқарушы органдардың мамандарын, сондай-ақ тәуелсiз сарапшыларды
тартуға;
      14) Министрлiктің қарамағындағы республикалық мемлекеттiк
кәсіпорындардың мемлекеттiк басқару органы ретiнде түсуге;
      15) Министрлiкке ғылыми зерттеулерге бөлiнген қаражат шегiнде аса
маңызды ғылыми қаржы-экономикалық жұмыстардың тiзбесiн айқындауға,
Министрлiктiң құзыретіне енетін мәселелердi әзiрлеу үшiн белгіленген
тәртiппен ғылыми-зерттеу ұйымдарын, сондай-ақ жекелеген мамандарды тартуға
құқылы.
 

3. Министрлiктiң мүлкi.
      14. Министрлiктiң жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкi болады.
Министрлiктiң мүлкі оған мемлекет берген мүлiктiң, сондай-ақ құны
Министрлiктiң теңгерімінде көрсетiлетiн өзге де мүлiктің есебiнен
қалыптасады.
      15. Министрлiкке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
      16. Министрлiктiң өзiне бекiтiлген мүлiктi және егер заңнамалық
кесiмде өзгеше белгіленбесе, оған смета бойынша бөлiнген қаражат есебiнен
сатып алынған мүлiктi өздiгінен иелiктен айыруға немесе оған өзге де
тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
 
4. Министрлiктiң қызметiн ұйымдастыру.
      17. Министрлiктi Қазақстан Республикасының Президентi лауазымға
тағайындайтын және лауазымнан босататын Министр басқарады.
      Министрдің Қазақстан Республикасының Үкіметi Министрдiң ұсынуы
бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары (вице-
министрлерi) оның ішінде бір бiрiншi орынбасары болады.
      18. Министр Министрлiктің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық
жасайды әрi Министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен өз
функцияларының жүзеге асырылуы үшiн дербес жауаптылықта болады.
      19. Министр осы мақсатта:
      1) өзінің орынбасарлары мен Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi
басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды;
      2) заңнамаға сәйкес Министрлiктiң қызметкерлерiн қызметке
тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) заңнамада белгіленген тәртiппен Министрлiктiң қызметкерлерiне
тәртіптік жаза қолданады;
      4) Министрдiң бұйрықтарына қол қояды;
      5) өз құзыретi шегiнде Министрлiктiң құрылымын және оның құрылымдық
бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
      6) барлық мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда Министрлiктi
білдіреді;
      7) Министрлiк жұмысының регламентiн бекiтедi.
      20. Министрлiк қабылдайтын шешiмдер Министрдiң бұйрықтарымен
рәсiмделедi.
      21. Министрлiкте Министрдiң жанындағы консультативтiк-кеңесші орган
болып табылатын алқа болады. Алқаның сандық және дербес құрамын
Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының қатарынан Министр
бекiтедi.

  5. Министрліктi қайта ұйымдастыру және тарату.
      22. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату заңнамада белгiленген
тәртiппен жүргiзiледi.
Вексель.
Вексель әлемдегі ең көне қаржылық құралдардың бірі болып табылады, оның
сан алуан түрлері Ежелгі Грекия дәуірінің өзінде-ақ болған, орта ғасырдағы
Еуропада кеңінен қолданылған, және ол біздің кезімізде көпшілік таныған әрі
кең тараған төлем жасау мен несиелендіру құралы болып табылады. Қазақстан
вексельдің айналымының құқықтық негізі Қазақстан Республикасының 28.04.1997
жылғы Қазақстан Республикасындағы вексельдік айналым туралы № 97-1
Заңында айқындалған.

Вексель деген не?
Вексель – бұл төлем құжаты, ол өзінде көрсетілген ақша сомасын өзінде
көрсетілген мерзімде вексельді иеленушіге төлеу туралы ешқандай шартсыз
міндеттемені көрсетеді.
Вексель 2 басты функцияны атқарады:
1. несиелендіру құралы
2. төлем құралы.
Қазақстанда коммерциялық (тауарлық) вексельдің айналымына рұқсат
етілген, ол серіктестерге тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алу-
сату бойынша мәмілені төлемнің мерзімін шегеру шартында ресімдеуге
мүмкіндік береді. Келісім-шарт бойынша төлемнің мерзімін жай ғана шегеруден
өзгеше, тауарды сатушы оп-оңай ақшаға айналатын өтелімді қаржылық құралға
ие болады. Кең тараған пікірге керісінше, Қазақстанда вексель – бағалы
қағаз емес. Отандық заң шығарушының осы көзқарасын түсіндіру айтарлықтай
қиын және ол заң әдебиетінде талай рет сынға ұшырады, себебі, вексель
бағалы қағаздың барлық дәстүрлі нышандарын иеленеді, және де ол аз
болғандай, әлемнің барлық басқа елдерінде ол бағалы қағаз болып табылады
да. Бастапқыда, 1994 жылы Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық кодексі
қабылданған кезде вексель толық құқылы бағалы қағаз болып танылғанын айта
кету керек, алайда 1997 жылы заңнамалық негізде бағалы қағаздар тізбесінен
шығарылды.

Вексельдің түрлері.
Шыққан тегі, табыстылығы мен мерзімділігі бойынша вексельдердің
төмендегідей түрлері болады:

Айырмашылық Вексельдің Қысқаша сипаттамасы
параметрлері түрі
Шыққан тегі бойынша Жай (соло) Төлем жасау мен несиелендіру құралы
Аударымды Борыштарды өзара есепке жатқызуға
(тратта) мүмкіндік беретін төлем жасау мен
несиелендіру құралы
Табыстылығы бойынша Дисконттық Төлем мерзімінде атаулы құны бойынша
төленеді, кең тараған тауарларды
Пайыздық жеткізушілермен есеп айырысу үшін
пайдаланылады
Вексельдің сомасына өсім есептеледі,
айрықша өнімдерді жеткізушілермен есеп
айырысу үшін пайдаланылады
Мерзімділігі бойынша Мерзімді Белгіліленген өтеу мерзімі көрсетіледі
Ұсыну бойынша(мысалы, 2005 жылғы “01” желтоқсан)
Белгіліленген өтеу мерзімі көрсетілмейді,
пайыздық вексельдер үшін пайдаланылады

Жай вексельде онда көрсетілген ақша сомасын оны жазып берген тұлғаның,
яғни вексель берушінің тікелей төлейтіні туралы міндеттеме жазылады,
осылайша ол тұлға сонымен бір мезгілде вексель бойынша төлем жасаушы да
болып табылады.
Бұдан өзгеше, аударымды вексельде көрсетілген соманы вексель беруші
емес, басқа тұлға төлеуге тиіс. Бұл басқа тұлғаның төлем жасау туралы
міндеттемесі әдетте осы тұлға мен вексель берушінің (яғни, вексельді
шығарған адамның) арасындағы екі жақты қарым-қатынастарға негізделеді және
мысалы, қандай да бір берешектің немесе басқа келісімнің нәтижесінде орын
алуы мүмкін. Осылайша, вексель беруші аударымды вексель бойынша төлем
жасаушы болып табылмайды.

Вексельдің пішіні.
Қатаң шартты түрдегі пішін деген ұғым, вексель жарамды болуы үшін оның
белгілі бір пішіндік деректемелерінің болуының маңызы аса зор екенін
білдіреді. Вексель қатаң құжаттық пішінде шығарылады. Вексельдің бланкінің
беттік жағы, сыртқы жағы және аллонжы болады. Беттік жағында вексельдің
деректемелері көрсетіледі. Сыртқы жағында индоссаменттер көрсетіледі.
Вексельде индоссаменттерді қою үшін орын қалмаған жағдайда, вексельге
аллонж қосылады.
 Вексельдің элементтері:
•  “вексель” атауы, ол құжаттың мәтініне кіргізіледі, және осы құжат қай
тілде құрастырылса, сол тілде жазылады;
• белгілі бір ақша сомасын төлеу туралы ешқандай шартсыз міндеттеме (жай
вексельде) немесе бұйрық (аударымды вексельде);
• төлем жасаушының атауы;
• төлем мерзімдері;
• төлем жасалатын жердің атауы;
• төлем кімге (немесе кімнің бұйрығы бойынша) жасалуға тиіс болса, соның
атауы;
• берілген күні;
• вексель жасалған жер;
• вексель берушінің қолтаңбасы.
Жоғарыда аталған элементтердің кез келгенінің болмауы вексельдің
жарамсыз болуына әкеледі, бұл кез келген басқа төлем құжаты сияқты оның да
қатаң ресмилігінің белгісі болып табылады. Осыған байланысты вексельдің
мына бір қызықты ерекшелігін атап өту керек – егер тіпті төлеміне осы
вексель берілген міндеттеменің өзінің жарамсыз деп танылуы төлем жасаушының
төлемді жүзеге асыру бойынша міндеттемесін тоқтатпайды. Басқаша айтқанда,
вексель бойынша міндеттеме бір рет және біржола беріледі, өзі дербес
әрекет етеді және кез келген жағдайда орындалуға жатады, бірақ бұл үшін
вексельдің мәтінінде жоғарыда келтірілген міндетті деректемелердің барлығы
жазылған болуға тиіс.

Вексель – төлем құжаты.
Сөйтіп, вексель Қазақстан төлем құжаты болып табылады, яғни осы құжаттың
негізінде немесе оның көмегімен ақшалай міндеттемелер орындалады.
Вексельдің негізгі фукнциялары сауда мәмілелері бойынша есеп айырысу болып
табылады. Бір айта кететін жайт, біздің республикада вексельдерді ақша
тарту мақсатында шығаруға тыйым салынған, яғни, мысалы,дәстүрлі ұғымдағы
ақшалай қарыздық қарым-қатынастар  вексель арқылы көрсетіле алмайды. Мұндай
вексельдер қаржылық вексель деп аталады да, оларды шығаруға заңмен тыйым
салынады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, тек
тауарлық вексельдерді, яғни, тауарды сатып алу-сату туралы мәміленің
негізінде шығарылған вексельдерді шығаруға ғана рұқсат етілген. Мысалы,
сатып алу-сату туралы мәміледе, тауарды сатып алушы, қолында мәміле жасау
үшін жеткілікті ақша сомасы болмағандықтан, немесе басқа себептен, мысалы,
өзінің ақша қорына тиіскісі келмегендіктен, жеткізуші келіссе, онымен
вексель арқылы есеп айырыса алады. Әдетте (бірақ міндетті емес) мәміленің
тараптары вексельде көрсеткен сома, дереу есеп айырысқан жағдайда сатушы
ала алатын сомадан сәл жоғары болады. Бұл айырма төлемнің мерзімінің
шегерілгені үшін өзінше бір ақы болып табылады, себебі осылайша сатушы
сатып алушыдан ақшаны қазір алудың орнына,  ақшаны кейін төлеу туралы
вексель түрінде бейнеленген уәдені қабылдай отырып, іс жүзінде оған несие
береді. Бұл орайда сатып алушының тауардың ақысын төлеу бойынша тікелей
міндеттемесі орындалды деп саналады, себебі сатушы одан ақшаның орнына есеп
айырысу құралы ретінде вексельді қабылдады. Енді аталған тараптардың
арасында жеткізілген тауар үшін ақы төлеу бойынша берешек емес, вексельдік
міндеттеме бар, бұл міндеттеме жоғарыда айтылғандай, дербес әрі аталған
вексель төлеміне шығарылған сатып алу-сату келісімшартының шартарынан
тәуелсіз міндеттеме болып табылады.

Вексельдерді есепке алу.
Біз қарастырып отырған мысалдағы вексельдің келесі таңдамалы
мүмкіндігі – егер вексельді иеленуші – тауарды сатушының вексельде
көрсетілген төлем мерзімі келгенше күткісі келмесе, вексель есепке алуға
ұсынуға мүмкіндігі бар. Яғни, сатушы Бақылаушы директорлар кеңесінің
вексель банкке апарып оны банкке қайта шегініп бере алады, бұл жағдайда
банк есепке алу кеңсесі ретінде әрекет етеді. Банк, жай сөзбен айтқанда,
осы вексель үшін төлем мерзімі келгенде вексель бойынша төленуге жататын
соманың мөлшерінен сәл азырақ ақша төлеп, вексель иеленушіден оны сатып ала
алады. Осы айырма (дисконт) банктің табысы, сыйлықақысы болып табылады,
яғни, бұл – вексель бойынша төлем жасаушының вексельдің белгіленген
мерзімде төленбеуінің ықтимал тәуекелдігіне байланысты несиелік тәуекелін
өзіне қабылдағаны үшін банк алатын сыйақы. Ал вексельді иеленуші-сатушының
таңдау мүмкіндігі бар – төлем мерзімі келгенше күтпестен дереу кемірек
табыс алу немесе күте тұрып, көбірек алу, бірақ белгілі бір уақыт кезеңі
өткеннен кейін алу.Вексельді есепке алуға ұсынғаннан бөлек, сатушы сондай-
ақ қолындағы өзінің векселімен өзінің несиегерлерінің бірімен есеп айырыса
алады, ол үшін несиегерге тауардың төлемақысы ретінде ақшаның орнына
вексельді береді (әрине, ол үшін аталған несиегер вексель төлемақы ретінде
қабылдауға келісуі керек).
Вексель бойынша құқықтарды шегініп беру оған табыстау жазбасын –
индоссаментті жазу жолымен жүзеге асырылады. Вексель бойынша құқықтар
осылай шегініп берілген жағдайда, осы вексельдің бір адамнан екінші адамға
табысталу тарихын тіркеп отырған индоссаменттердің үздіксіз тізбегі арқылы
вексельге деген құқығы расталатын тұлға оның түпкілікті заңды иегері болып
табылады. Жоғарыда келтірілген мысал қарапайым мысал болып табылады, және
ол, әрине, вексельдің барлық мүмкіндіктерін және вексельдік заңнаманың
ерекшеліктерін көрсетпейді, тек вексельдерді пайдалану арқылы іске асырылуы
мүмкін операциялардың бір түрі ғана. Вексель дербес актив болып табылады,
ол төлем жасау құралы ретінде қолданылып, қандай да бір міндеттемелерді
қамтамасыз ету ретінде (кепілге берілген күйінде) және тіпті инвестициялау
құралы ретінде де жүре алады. Дұрыс қаржылық жоспарлау вексельдерді қысқа
мерзімдік табыстық мәмілелерді жасауға арналған құрал ретінде де, бір
мезгілде қаржылық ағындарды оңтайландыруға және кәсіпорынның өтелімділігін
басқаруға мүмкіндік беретін саудалық есеп айырысу құралы ретінде де
пайдалануға мүмкіндік береді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Әділет органдары туралы
Ішкі істердің аумақтық органдары
Алқа шешімінің орындалуын бақылауды ұйымдастыру
Министрліктің Инвестиция комитеті
Экономика саласын басқару
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қысқаша тарихы
ҚР Қаржы Министрлігі, оның мемлекеттік басқару органы ретіндегі құзыреті
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Экологиялық мониторинг және ақпарат департаменті
Пәндер