Эстетикалық тәрбиені қалыптастырудың педагогикалық негіздері



КІРІСПЕ

І ТАРАУ. ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Эстетикалық тәрбиенің қалыптасуы және дамуы .
1.2. Эстетикалық талғамын қалыптастырудың маңызы .

ІІ ТАРАУ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕНІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
2.1. Бастауыш мектепте эстетикалық тәрбие берудің жолдары
2.2. Эстетикалық тәрбие берудің қазіргі жағдайы

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   
Эстетикалық тәрбиені қалыптастыру жолдары

Мазмұны

КІРІСПЕ

І ТАРАУ. ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Эстетикалық тәрбиенің қалыптасуы және дамуы .
1.2. Эстетикалық талғамын қалыптастырудың маңызы .

ІІ ТАРАУ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕНІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
2.1. Бастауыш мектепте эстетикалық тәрбие берудің жолдары
2.2. Эстетикалық тәрбие берудің қазіргі жағдайы

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Кіріспе

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында білім беру жүйесінің барлық
сатысы жеке тұлға тәрбиелеуге бағытталған. Оның ішінде бастауыш мектеп
білім, білік, дағдылардың тұтас жүйесін қалыптастырып, баланың танымдылық
және шығармашылық қабілеттерін дамытуға негізделген алғашқы баспалдағы.
Соңғы жылдары бастауыш білім ісін жаңарту, қайта құру барысында
қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Осы салада алдыңғы қатарлы ғалымдардың,
жаңашыл-педагогтардың, тәжірибелі ұстаздардың пікірлері талқыланып, жаңа
тұжырымдамалар, жобалар, бағдарламалар жасалуда. Қазақстан Республикасының
2003 жылы жарық көрген білім беру ұйымдарындағы кешенді тәрбие
бағдарламасында баланы адамгершілік тұрғысынан тәрбиелеуді көздеп, оның
рухани дүниесінің қалыптасуы мен ақыл-ой дамуының тиімді құралы болып
табылатын эстетикалық тәрбие маңызды орын алады.
Кез-келген мемлекеттің интеллектуалдық, экономикалық, адамгершілік
және мәдени потенциалдары тікелей білім беру аясы жағдайы мен оны ұдайы
дамыту мүмкіндіктеріне байланысты екендігі баршаға анық. Осы жағдайларды
түсіну Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2015 жылға
дейінгі тұжырымдамасын даярлауға әкелді, бұл қазіргі уақытта үздіксіз білім
беру стратегиялық қайта құрудың бастауыш сатысын тікелей жүзеге асырудың ең
бір тактикалық бағыттарының бірі ретінде қабылданды. Концепцияда бастауыш
мектептің негізгі міндеті: баланың бастапқы қалыптасуы мен оның
қабілеттілігін анықтап, дамытуды қамтамасыз ету болып табылады. Осы
сатыдағы оқыту мен тәрбиелеу оқу әрекеттері шеберлігі мен оның жағымды
себептерін қалыптастыруға тілмен қатынас жасаудың элементарлық тәжірибесін
оқу, хат пен есептеудің, көркемдік іс-әрекеттің әр түрінде шығармашылық
өзін-өзі жүзеге асырудың, мінез-құлық мәдениеті, өзіндік гигиена мен
саулықты өмір салтының берік дағдыларын алуға бағдарланған, сөйтіп негізгі
мектептің білім беру бағдарламаларын одан шейін де меңгеруге қор құрады.
Осыған байланысты қазіргі кездегі білім беру жүйесінің, мемлекеттің
ұлттық қауіпсіздігі мен экономикалық қуатының қоры және басты факторы болып
табылатын және қоғам өмірінің жаңа ерекшеліктері негізін құрайтын қоғамдық
дамуы деңгейінің жайы ретіндегі адам капиталы рөлі мен маңызы күшеюде.
Бүгінгі күні бастауыш мектеп оқушыларына берілетін тәрбие ұлттық және
әлемдік өнерге, халықтың рухани байлығы мен қоршаған ортаны қабылдауға
бағытталады. Сонда ғана оқушыға эстетикалық тәрбие беру мүмкіндігі артады.
Әсемдік әлеміне баланы сәби кезінен бастап-ақ қызықтырып, әдеміні сезінуге
талпынтатын болсақ, ол сезімін одан әрі ұштастыру бастауыш сыныптарда
жалғасады.
Педагогикалық-психологиялық әдебиеттерге әдіснамалық талдау жасау
нәтижесінде байқағанымыз оқушыларға эстетикалық тәрбие беруде “Бейнелеу
өнері“ пәнінің мәніне көптеген ғалымдардың көңіл аударғаны. Бұл кіші мектеп
оқушысының жеке тұлғасының қалыптасуына бейнелеу өнерінің әр қырынан әсер
ететіндігі туралы бірқатар зерттеулердің барлығын көрсетті: оқушының ой-
өрісін дамыту мәселесі Н.М. Сокольников, Э.И. Кубышкина, Т.С. Комарова,
Е.Е. Рожкова, С.И. Гудилина, Н.М. Конышева, Н.Г. Салмина, О.А. Куревина,
Е.А. Луцева еңбектерінде, өнер шығармалары арқылы баланың адамгершілік және
ақыл–ой сапаларын қалыптастыру В.С. Кузин, Б.М. Неменский, Т.Я. Шпикалова
т.б. зерттеулерінде орын алған.
А. Қамақов, Қ. Амірғазин, Е. Асылханов, Ж. Балкенов еңбектерінде
халықтың сәндік қолданбалы өнер шығармаларының баланың эстетикалық
тәрбиесіне, оның ішінде сезімдік талғамына әсері ашып көрсетілген.
Зерттеу мақсаты: Бастауыш сыныптарында бейнелеу өнері шығармалары
арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие беру
Зерттеу міндеттері:
Бастауыш сынып оқушыларыньщ бейнелеу өнері шығармалары
арқылы эстетикалық тәрбие берудің ғылыми-теориялық негіздерін анықтау.
Бастауыш сынып оқушыларын бейнелеу өнері шығармалары
арқылы эстетикалық тәрбие беруді тәжірибе-эксперимент
негізінде тексеріп, дөлелдеу.

І ТАРАУ. ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1. Эстетикалық тәрбиенің қалыптасуы және дамуы

Эстетикалық тәрбие – күрделі де көп қырлы үрдіс. Жеке тұлғаның
эстетикалық тәрбиеге қатысты психологиялық ерекшеліктерін Л.С. Выготский,
Э.В. Леонтьев, А.А. Венгер, В.С. Мухина қарастырған.
Адамның эстетикалық санасының құрылымын аша отырып, олар
көркемдік–эстетикалық қабылдау, эстетикалық сезімдер, эстетикалық
қажетіліктер, эстетикалық идеалдар мен талғам, эстетикалық көзқарастар
сияқты негізгі элементтерді бөліп көрсетті. Осы тұста біз жоғарыда аталған
ұғымдардың өзіне тән ерекшеліктерін айта кеткенді жөн көрдік.
Көркемдік–эстетикалық қабылдау өнер және қоршаған дүниенің сұлулығымен
қарым–қатынас жасаудың бастапқы сатысы. Оның тереңдігі мен айқындығына
эстетикалық әсерленудің тереңдігі байланысты.
Көркемдік- эстетикалық қабылдаулар болмыс құбылыстары мен өнерден
эстетикалық сезімдерді оятатын қасиеттерді, сапаларды бөліп алу қабілетінде
көрініс тапқан. Көркемдік эстетикалық қабылдауға бейнелеу өнеріне
байланысты қабылдау да енеді.
Бұл эстетикалық сананың негізі. Ол эстетикалық эмоциялармен қатар
адамды эстетикалық немесе тағы да басқа қажеттіліктерді қанағаттандыратын
әрекеттерді жасауға ынталандыратын себеп болып табылады.
Педагог А.В. Бакушинский эстетикалық қабылдаудың үлгісін екі бағытта
қарастырды: ерікті көңіл күйі басым шығармашылық толғаныс; логикалық ойлау
үрдістері басым (сана) таным.
Б.П. Юсов эстетикалық қабылдаудың төрт компонентті үлгісінің
төмендегідей құрамдарын бөліп көрсетті:
-бірге әсерлену қабілеті, эмоциялы ықыластылық;
-өнер туралы арнайы білім көлемі мен ұғымдардың болуы;
-көркем шығармалар түрлерін қабылдау қабілеті;
-бағалаулар мен көркемдік пайымдауларын болмыс құбылыстары мен өнердің
басқа түрлерін қабылдауға көшіре білу қабілеті [3, 145-147.бб.].
Шынайы дүние құбылыстарын эстетикалық қабылдау, бейнелеуге қажетті
сенсорлық қабылдау ғана емес, сонымен бірге қабылдаған құбылыстың
эстетикалық бағалануы, оған әсерленіп жауап беру, заттың әдемілігін,
айқындығын көре білу, сезіну қабілеті. Дәл осы қасиет ерекше таң қалдырған,
қуантқан нәрсені графикалық түрде жеткізудің негізін қалайды.
Адамның эстетикалық, эмоциялық сезімдері толассыз, сарқылмайды,
алайда, эстетикалық қабылдау мен эмоциялар себептен әрекеттің стимулына
айналуы үшін олар ерекше эстетикалық әсерленуде шешімін табуы қажет.
Әлеуметтік-эстетикалық әсерленулер жалпыға ортақ, ешқандай “ережеге “
бағынбайды, субьективтілік, сырластық сияқты ерекше белгілермен
сипатталады. Эстетикалық әсерленулер адамның белсенді шығармашылық іс
әрекетін оятып, “сұлулық заңдары” бойынша оның болмысқа деген эстетикалық
қарым–қатынасының нақты мынадай формаларын, яғни эстетикалық эмоцияларды,
талғамдарды, идеалдарды жинақтап көрсететін категория. Эстетикалық әсерлену
шығармашылық ықыластылық немесе шығармашылық жасампаз іс-әрекетке
ықыластылық түрінде өзекті мәселеге айналып отыр. Кейде эстетикалық
қабылдауды дұрыс емес анықтама ретінде бағалауға болады. Адамды
шығармашылық іс-әрекетке баулу бір басқа да, оның іс-әрекетке және
шығармашылыққа деген қарым-қатынасын қалыптастыру бір басқа [4, 33.б.].
Эстетикалық әсерленудің неғұрлым қарапайым формасы эстетикалық эмоция.
Психологияда эмоциялардың табиғаты жайлы мәселеге қатысты екі тұжырым бар.
Кейбір авторлар эмоцияларды адамның болмысқа, адамдарға, өз-өзіне қатысты
әсерленуі деп айтады. Басқа бір тұжырым эмоцияларды болмысты бейнелеудің
ерекше формасы ретінде қарастырады. Мәселен, К.Платонов Эмоциялар
бейнелеудің бір формасы болып табылады, алайда олар шынайы дүниенің заттары
мен құбылыстарын емес, әсерленген адамның іс әрекетінің қажеттіліктеріне,
мақсаты мен мотивтеріне қатынасын бейнелейді. Адам бұл обьективті
қатынастарды өзінің оларға деген қатынасы ретінде субьективті сезінеді деп
жазған.
Обьектілер немесе түсініктердің эстетикалық әсерленуі үшін олар
бейнелі, мәнерлі, сұлулық жөніндегі “көркем”, “асқақ”, “үйлесімді”,
“жетілген” сияқты түсініктерге сәйкес немесе кері эмоциялар мен
әсерленудегі тудыруы тиіс [4, 34.б.].
Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық қабылдауын мақсатты түрде
қалыптастыру оларда композицияның формасын, түсін жете айыру мен оларды
бағалай білу қабілеттерінің дамуын талап етеді. Осы мәселенің шешімін
табуда психолог ғалымдар В.В. Волков, Е.И. Игнатьев,
А.В. Запорожец, В.И. Кириенколардың заттар, шындық өмір құбылыстары
мен өнер туындыларын қабылдауды қалыптастыру заңдылықтарын анықтауға
арналған зерттеулерінің осы мәселенің шешімін табуда маңызы зор.
В.И Кириенко бейнелеу іс-әрекетінің қабілеттерін көріп қабылдаудың
белгілі қасиеті ретінде қарастырады, атап айтқанда, кейбір бөлшектері тап
осы мезетте байқалмаса да, обьектінің барлық қасиеттерін үйлестіре, тұрақты
жүйелік бүтін ретінде қабылдау.
Мысалы, терезеден тек адамның басын ғана көргенде біз оны денесінен
бөлек қабылдамаймыз (қабылдаудың тұтастығы ):
-суретте тік және көлденең бағыттардан ауытқуды бағалау қабілеттілігі;
-пропорцияларды қабылдай білу қабілеттілігі;
-ұсынылған түстің аққа жақындық дәрежесін бағалау қабілеттілігі;
-болашақ қысқартуларды бағалау қабілеттілігі.
Бұларды эстетикалық қабылдаудың ерекшелектеріне негіздесек,
дүниетану пәнінің әрбір табиғатқа, оның сұлулығына, көркемдігіне
байланысты тұстарын бейнелеу өнерімен кіріктіре отырып оқушылардың тұтас
қабылдау негізінде эстетикалық сезімге бөленуіне жағдай туғызу мүмкіндігі
тумақ.
Эстетикалық сезімдер – адамның шындық өмір құбылыстары мен өнер
туындысына баға беру қатынасынан туған субьективті эмоциялық күйі.
Эстетикалық сезімдер оқиғаны ой елегінен өткізу негізінде пайда болып,
қуаныш, таңдану, аяушылық, жаны ашу, ортақтасу сияқты эстетикалық әсерлерді
тудырады. Олар оқушылардың заттар мен қоршаған дүние құбылыстарының
құрылымы, формасы, түсі жайлы түсініктері мен қабылдауларының дамуы және
молаюы салдарынан едәуір терең, түсінікті бола бастайды.
Эстетикалық сезімдер, көбінесе, бейнелегенді бейнелейді, яғни
суретшінің, шебердің өздері жасаған заттар мен туындыларға деген ара
қатынасын бойларына сіңірген заттар мен құбылыстарға қатысты адамның қарым-
қатынасын білдіреді. Эстетикалық сезім болмыстағы әсемдікті түсіну немесе
түсінбеу тұрғысынан адамдардың әр түрлі көзқарастарын топтастырады [5,
34.б.].
Табиғаттың өзінде эстетикалық сезімдерді, байқағыштықты, қиялды дамыту
үшін бай материал бар. Бұл жөнінде К.Д. Ушинский: Еріктік, қаланың әсем
келбеті, хош иісті жыралар, жайқалған егістік, қып–қызыл шие, алтын күз
бізге тәрбиеші болған жоқ па? деген [5, 52-53.бб.].
Эстетикалық қажеттіліктер көркемдік-эстетикалық құндылықтармен қарым
–қатынаста және рухани-эстетикалық көңіл- күйлерді бастан кешіруде пайда
болатын тұрақты қажеттілік.
Эстетикалық қажеттіліктер жеке тұлғаның көркемдік ләззатқа шөліркеуі
ретінде көрінеді. Өнермен жиі кездесуден туған қажеттілік адамды шаттыққта
кенелтіп, өнерге деген ұмтылысты тудырып, рухани күштерді жинақтап, оны
қабылдауға деген даярлықты тудырады. Осылайша қоршаған дүние мен көркем
өнер туындыларын қабылдауға қатысты жалпы ұстаным қалыптасады. Олай болса,
оқушының бастауыш сыныптан бастап-ақ табиғат пен бейнелеу өнеріне деген
талғамын, эстетикалық сезімін қалыптастырудың жолдары мен әдістерін ғылыми
тұрғыда тұжырымдауға мол мүмкіндік бар.
Эстетикалық талғам. Эстетикалық қатынас адамның эстетикалық талғамымен
тығыз байланыста қалыптасады.
Эстетикалық талғам туралы мәселе адамның күнделікті өмірімен, эстетикалық
теория және практика, көркемдік шығармашылық, шеберлік мәселелерімен тығыз
байланысқан. Эстетикалық талғам қабылданатын обьектінің сапаларына ғана
емес, оны қабылдаушы, бағалаушы, танушы адамның өзіндік ерекшеліктеріне де
байланысты. Адам қабілетінің күрделі иерархиясындағы эстетикалық талғам
айырықша, өзекті ұстанымды иеленеді. Эстетикалық талғам мен оның
қабілеттіліктерін құрайтын психикалық қасиеттер мен ерекшеліктер болмайынша
кез келген іс-әрекет үлкен жетістікке жете алмайды. Ол адам іс-әрекетінің
мақсаттылығын баса көрсетіп отырады. Эстетикалық талғам бұл субьектінің
бағалау типі ғана емес, адамның іс жүзіндегі обьективті болмысқа
қатынасының түрі. Мұндай қарым-қатынас табиғатқа шыққан топсаяхат, серуен
кездерінде оқушының іс-әрекеті негізінде туындап, біртіндеп оның бейнелі
ойына әсер етпек. Бастауыш сынып оқушыларының нақты обьектілерді байқап,
бақылай көруінен бейнелі ойы туындайды. Эстетикалық аспектіде обьективті
құбылыстардың сапасын бағалаумен қатар, адамның іс жүзінде меңгерген бұл
сапаларды тану мөлшері де анықталады. Бұл шынайы әдемілік пен ұсқынсызды,
қайғылыны немесе күлдіргіні көру, сезіну, түсіне алу және оны әділ бағалау.
Бұл едәуір күрделі педагогикалық міндет. Қарапайым эстетикалық түсініктер
мен пайымдаулар бастауыш сыныптарда қалыптасады.
Баланың эстетикалық талғамы оқу мен айналаны танудың алғашқы
тәжірибелерінен дами бастайды. Оның қалыптасуының ең қарқынды кезеңі
мектептегі оқу жылдары. Бұл кезде баланың табиғат көріністерімен, оның
құбылысымен, өнер құбылыстарымен жүйелі танысып, көркемдік-шығармашылық
қабілеттерін белсенді дамытуға мүмкіндігі көп.
Эстетикалық талғам оқушының эстетикалық дамуының басқа
көрсеткіштерімен салыстырғанда едәуір нақтылы әрі педагогикалық жағынан
ұйымдастырылған болып келеді. Бастауыш сынып оқушыларының көркемдік
эстетикалық түсініктеріне сүйене отырып мұғалім оқушының талғамын
жетілдіруге толық жағдай жасай алады. Эстетикалық талғамның көріністерінің
бірі көркемдік талғам болып табылады. Онда оқушының әдебиет пен өнерге
деген құндылық бағдары, жеке бағасы көрінеді [4, 36.б.].
Көркемдік талғамның дамуы оқушыларды бейнелеу өнері сабақтарында
белгілі бір нәтижелермен сипатталатын эстетикалық іс-әрекетке баулиды.
Балаларды сұлулық пен қайырымдылыққа үйретіп қана қоймай, оларды өмірде
әрекетшіл болуға, яғни сұлулыққа қызығып қана қоймай, оны сақтай білуге,
мейірімділікке, жақсылық жасай білуге тарту қажет.
Осы тұста егер Дүниетану пәні кез-келген табиғат нысанын сақтауға,
қорғауға, қамқор болуға тәрбиелесе, оның көркемдігі мен әсерлілігін,
сұлулығын бейнелеу бұл мақсаттың маңыздылығын күшейте түспек. Эстетикалық
сапалары дамыған адам қоршаған дүниенің көркемдігін жақсы сезінеді,
көбірек көреді, сезімі нәзік, өзін-өзі терең түсінетін болады. Табиғаттың
әрбір көркемдігінен әсер алады.
Оқушыда бейнелейтін нәрсені шын беріліп қабылдау қабілеттері пайда
болып, іс- әрекет кезінде жүзеге асыруға құмарлана, қызыға кіріседі.
Бейнелеу өнері – адамзат дүниесін, заттарды, табиғат құбылыстарын,
қоғамды көркем бейнелейтін өнер түрі. Олай болса, бейнелеудің табиғатқа
байланысты тұстарын жан-жақты қарастыру зерттеу көзіне айналуы тиіс.
Адамның эстетикалық санасының маңызды элементі – эстетикалық идеал.
Бұл адамның шындық өмір құбылыстарының кемелдігі (мүлтіксіздігі) жайлы
түсінігі. Эстетикалық идеал әсерленуден тыс болмайды, идеалды жасау
үрдісінің өзі әсерлену актісі болып табылады. Эстетикалық идеал кез–келген
іс-әрекет сапасының және шығармашылықтың негізі болумен қатар, өмір мен
өнердегі сұлулықты бағалаудың өлшемін де көрсетеді.
Жеке тұлғаның эстетикалық қажеттілігі эстетикалық сананы анықтайды.
Онда адамның қоршаған ортаға қарым-қатынасы мен осы қарым-қатынасқа бара
бар бейнелеуі тұтасқан. Адамның эстетикалық қажеттілігі іс- әрекеттің
барлық түрінде, оның ішінде өнерде басым көрінеді, онда адам өзін-өзі
таниды, ойын жеткізеді, мүмкіншіліктерін іске асырады. Мәселен, оқушы
көктемгі табиғаттың көркемдігін сезініп қабылдағаннан кейін оның суретін
бейнелеп салуға машықтанады. Машықтану бірден пайда болмайды, ол
қызығушылықтан, өз сезімін сыртқа шығарғысы келген қажеттіліктің
нәтижесінде ғана туындайды.
Қажеттілік, қызығушылық, идеал, эстетикалық талғам жинақталып келіп,
бастауыш мектеп оқушыларының жеке тұлғалық мотивациялық қажеттілік ортасын
құрайды. Жеке тұлғаның бағыттылығы деп нақты жағдайлар, өзгермелі
жағдайларға қарамастан, оқушының дүниеге, қоғамға, өзіне қарым– қатынасын
анықтайтын тұрақты және басым мотивтердің жиынтығын айтамыз.
Жеке тұлғаның эстетикалық қасиеттерінің көрсеткіштері ретінде оның
өмірдің әр түрлі қырларына қызығушылығын, эстетикалық әсерленуін, қоғамдағы
мінез-құлық, таным, қарым- қатынас пен еңбек бағыттылығын атауға болады.
Өмірдің барлық салаларындағы белсенді шығармашылық іс-әрекет те эстетикалық
тәрбиенің көрсеткіші, ол эстетикалық қабылдаудың дамуына, эстетикалық
құбылыстарға деген нәзік эмоциялы серпіліске, оларды тереңнен түсінуге,
эстетикалық идеалды жүзеге асырудағы іскерлікке негізделеді [4, 37.б.].
Эстетикалық тәрбиенің құрылымын сипаттау өзара байланысқан бірқатар
компоненттерді белгілеуге мүмкіндік береді, олар:
- эстетикалық тәрбиенің өзіндік ерекше міндеттері;
- әр түрлі іс-әрекет түрлері;
- эстетикалық тәрбие міндеттеріне сәйкес тәсілдер;
- жалпы тәрбие әдістерінің негізінде арнайы әдіс–тәсілдерді
пайдалану;
- эстетикалық тәрбиеліктің қалыптасуы барысында көрінетін эстетикалық
тәрбиенің нәтижелері [6, 4.б.].
Эстетикалық тәрбиенің тұтас процесінде бүтіннің ең маңызды бір буыны
мен элементі бөлінуі мүмкін. Олардың біреуін табиғаттағы, еңбектегі,
қоғамдық өмірдегі және де адамның мінез-құлқындағы әсемдікті дұрыс
қабылдап, бағалай білудегі қабілеттілік, эстетикалық сезімнің қалыптасуы
деп есептеу қажет.
Тәрбиенің ауқымы кеңейіп жағдай өзгерген сайын, теорилық білім толығып
ол жедел дами бастады.
Қазақ халқының эстетикалық ой-пікірінің тарихы жөніндегі деректер ақын-
жыраулардың творчествасында, әдеби мұраларында жиі кездеседі. Асан
қайғының, Доспнбет, Ахтамберді, Бұхар т.б. қазақ жырауларының жыр
толғауларында, еңбекші бұқараның ой-арманында эстетикалық ұғымдары жан-
жақты белгіленген, қазақ халқының поэзиясында жырлау дәстүрге айналған.
Көне түркі мәдениетінің Құдатқу білік, Диуани Хикмет үлгілері қазақ
халқының эстетикалық мәдениетінің қалыптасуына зор ықпал етті.
Қазақ ағартушыларының эстетикалық тәрбие саласында ранайы еңбектер
жазып қалдырмағаны белгілі. Алайда өздерінің саяси қоғамдық және ғылыми
және әдеби еңбектерінде қазақ халқының эстетикалық мәдениетінің, өнерінің
даму барысында аса көңіл бөлді. Қазақ ағартушыларының эстетикалық көзқарасы
мен орнықты пікірлерінің халықтық дүниетанымдық көзқарастарымен тығыз
байланыстылығы сол өздері өмір сүрген дәуірдегі тарихи жағдайлардан туындап
отыр. Ол заңды құбылыс. Бұл жердегі басты мәселе ағартушылардың
эстетикалық тәрбиенің жан-жақты, жүйелі талдап зерттеулерінде емес,
керісінше мүмкіндігінше сол проблемалар жайлы сөз қозғап, өз көзқарастары
мен пікірлерін айтып тұжырымдауында жатыр. Қазақ халқының ұрпақтан-ұрпаққа
ауыз екі шығармашылығы арқылы беріліп отырған эстетикалық көзқарастары мен
пікірлерін айтып тұжырымдауында жатыр. Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин,
А.Құнанбаев шығармаларында теория жүзінде талдап, қорытындылады. Шоқан
Уәлиханов қазақ халқының ауыз әдебиетін жинауда көп еңбек сіңірді. Ал,
халық ауыз әдебиеті жастардың эстетикалық талғамдарын қалыптастыруда
айрықша роль атқарды. Сонымен қатар ол осы мұраларға бірінші болып ғылыми
пікір айтушы болды. Шоқанның идеялары өзінен кейінгі ағартушы - ғалым
Ыбырай Алтынсарин шығармаларында, әлеуметтік қызметінде дамып, тереңдей
түсті.
Ы. Алтынсарин өзінің педагогикалық еңбегінің барысында халық мұрасына:
ауыз екі шығармашылыққа, салт-дәстүрге, әдет-ғұрыпқа ерекше зер сала оырып
жастардың эстетикалық сезімдеріне әсер ету жағын қарастыруды Ы.
Алтынсариннің дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуына атасы Балқожаның
ықпалы болды.
Ы. Алтынсарин өзінің педагогикалық еңбегінде, әсіресе Қазақ
хрестоматиясында ендірген ауыз әдебиеті материалында тек білімділік,
өнегелік, адамгершілік ақылгөйлік сипат қана емес, сондай-ақ жастарды
жоғары талғамда нәзік сезімталдыққа баулу бағытын көздеді.
Қазақ халқының ұлы ақыны, жазба әдебиетінің негізін салушы Абай
Құнанбаев жастарды тәрбиелеудің әр түрлі жолдарын ұсынды. Ол жастарды үнемі
достық, татулық, әділеттік, дұрыстық сияқты адамгершілік қасиеттерге
тәрбиелеуге шақырды.
Абай жастарды тәрбиелеудің әр түрлі жолдарын, ең алдымен жанұяда және
әдебиет арқылы тәрбиелеуді ұсынды. Балалардың дүниеге көзқарасын және
мінезін қалыптастыруда жанұяның ролі аса зор екендігін ескере отырып, Абай
балаларды тәрбиелеу үшін ата-ананың өздері де жақсы тәрбиеленген болуы
керек екндігін ескертті.

1.2. Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық талғамын қалыптастырудың
маңызы

Баланың эстетикалық көзқарастарын тәрбиелеу әсемдіктің қасиеттері бар
әр түрлі өмір мен қатынастар және әсерлер ықпалымен жүзеге асырылады. Кіші
мектеп жасындағы балалардың эстетикалық көзқарастары үздіксіз дамиды. Оған
себеп болатын нәрсе - оқу, қоғамдық және тұрмыстық еңбектің жаңа жүйеге
түсуі.
Эстетикалық көзқарастарды тәрбиелеудің негізгі құралы - өнер. Ол
шындықты көркем, сезімді қабылданылатын бейнелер арқылы адам сезімі мен
санасына әсер етіп оның көзқарасына және оны қалыптастыруға жәрдем етеді.
Педагогикада эстетикалық көзқарастарды тәрбиелеу тәрбиенің басқа саласымен
тығыз байланысты. Балалардың ақыл-ой тәрбиесін, зерттелген құбылыстар
әсемдігін ашпай жүзеге асыру мүмкін емес. Еңбекке тәрбиелеу - адамдардағы
әсемдікті еңбек мазмұны мен процесін танымай саналы тәртіп пен мінез-
құлықты тәрбиелеу мүмкін емс. Сондай-ақ әсемдікке көзқарасты тәрбиелеуді
өмірден, ендігі белсенді іс-әрекеттен және мұраттарға жету жолындағы
күрестен оқшау қарауға болмайды.
Мектеп оқушыны әсемдікті өмірден, адамдар қылықтарыныан, еңбек іс-
әрекеттерінен , еңбек нәтижесінен көруді және ләззат алуды үйретіп қна
қоймайды, күнделікті өмірде әсемдікті жасау ынтасы мен іскерлігін
тәрбиелейді.
Сонымен, эстетикалық тәрбие табиғаттағыөнердегі еңбектегі, өмірдегі ең
жақсыны қабылдау одан ләззат алу эстетикалыққ тәрбие дүниедегі әдемілік
атаулыны бағалай білуге үйретеді. Өнер шығармаларын тануға, қастерлеуге
баулиды, оған керісінше ұсқынсыздыққа жағымсыз көзқарас қалыптастырады.
Эстетикалық тәрбиенің өзіне тән міндеттері бар. Олардың бірі –
эстетикалық сезімді және эстетикалық қабылдауды үйрету. өмірдегі, өнердегі
әдемілікті сезу және көру адамдарда әр түрлі болады. біреулер әдемілікке
үңіле қарап, оның сырын білуге тырыспады. Ал кейбіреулер оған онша мән
бермейді, қалай болса солай қарап, жанынан өте шығады. Әдемілікті сезу
үшін, оған түсіну үшін ең алдымен бейнелеу өнері, музыка, және ән саласынан
әрбір адамда білім болуы . Айналадағы дүниеге сезімталдықты эстетикалық
қабылдауды және қажет. Білім адамды әдеміліктің объективті критерилерімен
қаруландырады. Білімді адам сұлулықты бағалай біледі түсінеді, қырағылығы
ықыластық, қамқорлық баланың эстетикалық дамуының негізі.
Эстетикалық танымның дамуына көбінесе өнер үлгілерін қабылдау мен, не
тегін де шығармашылықпен байланысты іс-әрекеті мүмкіндік береді.
Қазіргі жағдайда біздің қоғамдық өміріміздегі қажетті мәселелердің
бірі баланың эстетикалық белсенділігін тәрбиелеу. Ол әдемілікті сезіп және
оның замандарын түсініп қана қоймай, осы заңдар бойынша өзін қоршаған
айналаға өзгеріс жасауы қажет. Өмірге енген эстетика (еңбек, табиғат
эстетикасы, адамдар қатынасы және жай-жағдай эстетикасы) адамды
сүйсіндіреді. Адам белсенді түрде өмірдегі әдемілікке көркемдікке өз үлесін
қосып, оны көріксіздіктен, ұсқынсыздықтан қорғауы қажет.
Оқушылардың эстетикалық мәдениеті және белсенділігі тұтас
педагогикалық процесте дамиды. Сондықтан оның барлық еңбек демалысы
эстетикалық бағытта тиімді ұйымдастырылса, ол өз өміріне әдемілік
элементтерін енгізе алады.
Эстетикалық тәрбиенің маңызды міндеті - өнер және әдебиет
салаларында балалардың қабілетін, ынтасын және бейімділігін дамыту. Осыған
орай, мектепте оқушылардың ықтимал мүмкіншіліктерін және қабілетін барынша
ашу керек.
Эстетикалық тәрбиенің негізгі құралдары - әдебиет және өнер. Олар
зоридеялық тәрбиелік роль атқарады. Әдебиет пен өнер оларды қуанышқа
бөлейді, жігерлендіреді. Олардың идеялығынан баюына игі әсер етеді. өнер
және әдебиет адам санасына белгілі көзқарастар әр түрлі құралдар арқылы
әдебиетте - проза, (поэзия кескіндеме, жанр, пейзаж, мүсіндеу – бюст, т.б.
шкада, симфония, оратория, ән) енгізіледі.
Белгілі орыс суретшілері П.А. Педотовтың, В.Г. Петровтың, Е.Репиннің,
В.В. Верешагиннің, И.И. Шишкиннің, И.Н. Левитанның; Және қазақ суретшілері
Ә. Қастеевтің, М.Кенебаевтың, Қ. Шаяхметовтың т.б. шығармашылығымен
байланысты бейнелеу өнері оқушылардың тәрбиесіне күшті ықпал етеді.
М.Горкий, М.А. Островский, А.А. Фадеев, М.А. Шолохов, М. Әуезов, Ғ.
Мүсірепов, С. Мұқанов, т.б. еңбектеріндегі адам баласының бақытты және
бостандығы үшін күрескерлердің бейнелері жастарды ұлы ерлікке рухтандырады.
Сонымен өнер мен әдебиет адам дамуының және рухани өсуінің басты шарттары
болып табылады.
Әдемілікті сезуде эстетикалық көзқарастарды қалыптастыруда табиғат зор
роль атқарады. Табиғат адамды қуанышқа бөлейді, сезімін дамытады.
Эстетикалық түсінігін байытады. Адам табиғатты бақылаушы ғана емес, ол
тұтынушы сұлулықты жасаушы шығармашылық қызметкер. Сондықтан өзінің күшін
қабілетін адамдар бақыты үшін табиғатқа өзгеріс жасауға жұмсау қажет.
Мысалы: қала мен селоны тұрған жерлерді көгалдандыру, бақ және гүлдер
өсіру, мәдениет және демалыс орындарын әшекейлеу – бұл зор эстетикалық
қамқорлық.
Оқушылардың эстетикалық түсініктері, олардың еңбекке әсемдік
тұрғысынан қатынасы, өзіндік белсенді іс-әрекеттермен байланысты екенін
көрсетеді. Мәселен өзі шешу мүмкіндігі болған да ғана оның әрі мінез-
құлықтық, әрі әсемдік көңіл күйі жай табады, тояттайды.
Жемісті еңбектен қанағаттандыруы, көңілдің жай табуы, эстетикалық бала
үшін көп жағдайда бір нәрсе.
Оқушылардың оқу еңбегіне талғампаздық қатынасын дамыту, оның оқудың
қорғаушы күші, дем берушісі ретінде пайдалану үшін балалардың өзіндік
белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру, көркемдік ләззат және құлықтық
шығармашылық қабілеттері артады. Қажеттегі біліктерімен жағымды әдет-
дағдыларымен бірге қатар эстетикалық сезімдер қалыптасады.
Ана тілі сабақтарында оқушылардың тілін дамыта отырып, мұғалім суретке
қарап әңгіме құрауды әсер алған оқиғаларды айтып беруді қиын да жаңа
белгілерді жасауға үйретеді. Көркемдікті сезінуге талғамы пайда болып
олардың рухани күші дамиды.
Музыка сабақтары өте әсерлі сезімдерді оятып, музыка мұраттарын
қалыптастырып, бала тәртібіне ықпал етеді. Музыканы тыңдау, ән салу балалар
үшін өнегелік әсемдік мәні бар себебі к өтеріңкі көңіл, ержүректік
сезімдерден ортақ әсер алу оларды рухани өрлеу үстінде біріктіреді және
топтастырады. Сондықтан саналы тәртіп пен мінезқұлықтық тәрбиені күшейту
үшін музыка пәні бағдарламасында халық әндерін игеруге үлкен мән берілген.
Музыка пәнінің бағдарламасы ән салу және жазылып алынған музыкалық
шығармаларды тыңдау негізінде оқушылардың есту қабілеттерін дамытуды
көздейді. Бастауыш сынып мұғалімі музыка сабағын өзі жүргізетіндей даярлығы
болу керек. Немесе музыка сабақтарына тікелей қатысып, ол пәнді
жүргізушімен тығыз байланыста отырып, басқа сабақтарда сыныптан тыс
жұмыстарды музыканың адам өміріндегі алатын орны туралы әңгімелер өткізуі
керек.
Бейнелеу өнері сабақтарының да балалардың эстетикалық көзқарасын
тәрбиелеуде ықпалы мол. Кескіндеме мүсін-сызықтық суреттер, сәулет өнері
туралы құралдарымен бірге өмір, табиғат және қоғам әсемдігі өрнектеледі.
Бейнелеу өнері шығармалары әсемдік үшін күреске шақырады, адамдар
мұраттарына, күнделікті өмірдегі тәртібіне үлкен ықпал жасайды.
Бейнелеу әсемдікті түсіну мен нәзіктікті сезінуі, алған әсерлерін
бейнелеу, сызықтық сурет салу сауатын менгеру жеке балаларда кескін, мүсін
сызықтық суреттерде әсемдікті жасау қабілеті олардың өзіндік іс-әрекеті
бейнелеу өнерін тану барысында қалыптаса бастайды.
Көркем әдебиет және тарих пәндері оқушылардың шығармашылық қабілетін
дамытады. Олардың қоғамдық өмірдің, адамдар қатынасының, еңбектің
эстетикасын тануға үміттендіреді. Әсіресе әдебиет сабақтары оқушыларды
әдемілікке баулиды, таным ынтасының бейімділігінің, қабілетінің дамуына
ықпал жасайды.
Мектептегі оқу пәндерінің оқушыларға эстетикалық тәрбие берудегі ролін
орасан зор десек, ол асыра бағалау болмас еді.
Мектептегі эстетикалық тәрбие оқушылардың сыныптан тыс тәрбие
жұмысының жүйесінде кеңінен пайдаланады. Эстетикалық тәрбиенің өмір
елегінен өткен көптеген формалары бар. Шығармашылық үйірмелер – олар
әдебиет, музыка, хореография, бейнелеу өнері т.б.
Оқушылардың шығармашылық жұмыстарының басты формаларының бірі -
көрмелер, сайыстар. Көрмеде оқушылардың бейнелеу өнері, қабырға газеттер,
қолжазба журналдары көрсетіледі. Сайыста жақсы лирикалық, эстрадалық әндер,
әңгімелер орындалады. Сайыс оқушыларды қуанышқа бөлейді, келешекке үмітін
тұтандырады.
Мектеп және сынып бойынша алдын-ала жасалған жоспарларға сәйкес
эстетикалық саяхат өткізіледі. Саяхаттың негізгі объектілері (көркем
галерея, мұражай, табиғат, театр, кинотеатр, түрлі көрмелер).
Көркемөнерпаздар үйірмесі оқушылардың өнерге әуестігін, қызығушылығын,
талғамын дамытуда үлкен роль атқарады.
Көркемөнерпаздар үйірмесі сынып, сыныпаралық және мектеп бойынша
ұйымдастырылады.
Эстетикалық тәрбие жұмысына көмектесуде мектеп кітапхансының
мүмкіншілігі бар.
Сыныптан тыс эстетикалық жұмыстың барлық түрлері оқушылардың еріктік,
қызығушылық бейімділік принциптері іске асырылады.
Мектеп оқушылардың эстетикалық мәдениетіне басқа факторларда әсер
етеді, жарық сынып бөлмесі, әдемі мектеп жиһаздары, демалыс бөлмелері,
қолайлы жұмыс орны оқушылардың эстетикалық дүниетанымының негізгі көзі.
Басты мәселе, күнделікті өмірдегі әсемдіктің адам мен табиғаттың
бірлеске әректінің күшімен пайда болғанын ұғындыру. Осының негізінде ғана
оқушы өз еңбегінің пайдалы екенін және оның сұлылығын жасайтын адам екенін
түсінеді. Мұны жүзеге асыруд көпшілікке хабар тарату құралдарын және баспа
сөз материалдарын кеңінен пайдалануға болады.
Қазіргі кездегі эстетикалық тәрбиенің міндеттерін шеші үшін халықтың
осы уақытқа дейінгі тәжірибесін меңгеру қажет.
Мәдени құндылықтарын жасауда әр халықтың өзіндік ерекшелігі бар.
Мысалы қазақ халқына көшпенділік өмір жағдайында табиғи өзгерістерге
байланысты өре нәзіктік байқағыштыққа тән. Кең далада қозғалыс бағытын
дұрыс табу, жайылымдардың күйін ақтау, ауа-райының өзгерісін алдын-ала
болжау, өсімдіктің атын қойып табу т.с.с.
Халық әрдайым әсемдікті іздеді, қолдан жасады және оны өмірде,
тұрмыста, еңбекте бекітуге тырысады. Оны халқымыз үй жиһаздарын жасауынан
және оны әсемдікті сезінудегі тәрбие құралы ретінде пайдалануынан көруге
болады.
Қазақ халқының музыкалық аспаптарының түрлілігі таң қаларлықтай. Олар
бос уақытты пайдаланып жас ұрпаққа берудегі ісіне қызмет етеді.
Халқымыздың тұрмысына енген қолданбалы қолөнер бұйымдар, олардың
әшекейленіп жасалуы эстетикалық тәрбиеде өз алдына бір сала. Ағаш, тері
өңдеу, метал өңдеудегі өнері әлемге белгілі.
Эстетикалық тәрбиенің күрделі мәселелерін айқындауда біз халықтың
жинақтаған педагогикалық білімі мен тәрбие тәжірибесіне сүйенуіміз қажет.
Жеке адамның жалпы мәдениеті яғни эстетикалық тәрбиенің маңызды
жақтары ізеттілік, ұқыптылық, жылы шырайлылық, қайырымдылық, тазалықты
сақтау т.б.
Жалпы эстетикалық мәдениет - бұл қатынас эстетикасы, манера (өзін-
өзі ұстай білу үлгісі), дене қимылы, т.б. А.С. Макаренко, еңбектерінде бұл
проблемаларға зор мән берілген.
Үйелменде ата-аналармен, мектеп оқушылары және мұғалімдермен басқа
адамдар мен қатынас жасау эстетикалық тәрбиенің іргетасы. Мұндай қатынас
балалардың күнделікті өмірінде, іс-әрекетінде қалыптасады, эстетикалық
сезіміне үнемі әсер етеді. А.С. Макаренконың айтуы бойынша адамдармен
шырайлы қарым-қатынас, көршілерге қайырымды, сенімді дос және өнегелі болу
осының бәрі моральдық эстетиканың басты саласы.
Әрбір үйелмен өз үйіне жылы жағдай жасауға тырысады. Әртүрлі үй-дүние-
мүліктерінің өз орнында әдемі ыңғайлы тұруын ыңғайластырады. Жұмыс
істейтін және демалатын бөлмелерді өте қолайлы етіп жабдықтайды. Үйелмен
балаларды үй ішінде өзінің жеке заттарын нәрселерін ретке келтіріп ұстауға,
күтуге, үйді жинауға, тазалықты сақтауға үйретеді. Осында йжұмыстардың
барлық түріне балаларды қатыстыру әке мен шешенің, ересектердің басты
міндеті.
Оқушылардың үй жағдайын өзгертуге байланысты жұмыстарға қатыстырып
отыру керек. Мысалы, бөлме қабырғаларына жапсырылатын тұс қағаздары, терезе
перделерін қалай таңдап алу керек, бөлмелерде жиһазды қалай әдемі етіп
орналастыруға болады, бөлме өсімдіктерін өсіру, оларды күту, яғни осы сияты
жұмыстарды өз бетімен орындауға үйрету, дағдыларын балалардың эстетикалық
сезімін, танымын тәрбиелейді және эстетикалық ұғымды қалыптастырады.
Адамның сыртқы көрінісі, киімі, жүріс-тұрыс, оның эстетикалық
мәдениетіне байланысты. Киім эстетикасы сән қазіргі өмір талабына сәйкес
болуды қажет етеді. Ескірген сән бойынша киіну адамды сұрықсыз етеді, оның
сүйкімділігін жояды. Сәнді дұрыс пайдалану - бұл әдемілікті сезіну,
өмірге адамның бейнесіне сергітуші жаңалықтар енгізу.
Артық сәндену, түрлі формаларға, түстерге елікте адамға абырой
әпермейді. Сырт киімді, аяқ киімді, шашты баптауға, өскелең өмір талабына,
жас ерекшелігіне сәйкес таңдап алуы керек. Басқаша айтқанда, адамды қымбат
мүліктердің көрмесіне айналдыруға болмайды. Киім-кешек эстетикасында
сұлулықтың өлшемін есепке алу керек.
Жеке адамның сыртқы мәдениеті мен дүниесінің ұштасып жатуы эстетикалық
сұлулықтың белгісі. Оқушылардың эстетикалық танымын, сезімін, мәдениетін,
білімін, көтеруде ең басты сүйеніші мұғалімдер мен ата-аналар. Олар өздері
үлгі болып эстетикалық тәрбие жұмысының мазмұны, формаларын және әдістерін
жетілдіру жоларын іздестіріп іске асырады.
Эстетикалық тәрбиенің міндеттері:
әр түрлі өнер адамдарының іс-әрекеті арқылы баланың тәртібіне;
өмірге көзқарасына , түсінік құлықтарына игі әсер ету;
қоғамдағы, табиғаттағы, өнердегі әсемдікті түсіне білу, байқай білу
қабілеттерін дамыту;
Эстетикалық талғамын дамыту, дұрыс пікір айта білуге, бағалай білуге
тәрбиелеу, оның дамуына көмектесу;
Баланың көркем өнерге деген қабілетінің шығармашылықпен ұштасуына
көмектесу. Ал, адам өмірі мен табиғаттағы әдемілікті түсіну, бақылау,
байқау, пайдалану үшін жастардың сауатты, терең білімді болуы қажет, тіпті
көркемөнер салаларын әдебиетті, музыканы, сәулет өнерін, живописьті, кино
мен театрды түсініп, олардан жанға рухани азық, ләззат ала білу үшін де
сезім - түйсігі ұшқыр, ақыл – ойы алғыр білімді адам болуы керек.
Балалардың эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор роль атқарады.
Әсемдікті көре түсіне жсай білу олардың рухани өмірін байытады. Қызғылықты
етеді. Біз әр адамды адамгершілікті тұлғалық мәнін жан-жақты дамытуға
ұмтыламыз. Сондықтан да әр баланың сезім нәзіктігін, көркемдікті, әсем
нәрсені сүйетіндей етіп дамытуымыз керек. Адамның әсемдікті және
жексұрындықты, сәулеттілік және ұждансыздықты, қуаныш пен қайғыны түсінуге
байланысты, оның саналы тәртібі мен мінез-құлқы айқындалады. Осыдан келіп
адамның әсемдікке шынайы көзқарасы мен мұраттарының болуы керек екендігі
шығады.

ІІ ТАРАУ: ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

2.1. Бастауыш мектепте эстетикалық тәрбие берудің жолдары

Бастауыш сыныптар үшін бейнелеу процесі оның нәтижесі мен суретінен
гөрі маңыздырақ. Ол қандай сюжет таңдап алуды, нені салуды, бұл суретке
қандай бояу мен сызықтар әдемі және орынды болатындығын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоршаған ортамен таныстыруда мектепалды даярлық топ балаларына экологиялық тәрбие беру
Бастауыш мектепте бейнелеу өнері арқылы эстетикалық тәрбие беру
Мектепке дейінгі кезеңдегі эстетикалық тәрбие
Мектеп жасына дейінгі балаларға көркем шығарма арқылы эстетикалық талғамын қалыптастырудың міндеттері
Бастауыш мектептерде жаратылыстану пәндері арқылы экологиялық білім беру
Қазақ мектептерінде халық педагогикасы дәстүрлерін пайдалануды ұйымдастыру шарттары
ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫНДАҒЫ АДАМГЕРШІЛІК-ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕСІ
Оқу процесіндегі экологиялық тәрбие
Оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің педагогикалық негіздері
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің мектепте халық ойындарын оытуда қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдалану
Пәндер