Гомеостаздық нейро – эндокриндік реттелуі



1929 ж. Америка физиологі Уолтер Кэннон ішкі ортаның, организмнің басты – басты биологиялық көрсеткіштерінің (константалардың) тұрақтылық дәрежесін белгілеу үшін гомеостаз деген жаңа термин ұсынды. Гомеостаз деп қан көлемі мен құрамының және физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттерінің тұрақтылығы, яғни барлық биологиялық константаларды (артериялық қан қысымы, дене температурасы т.т.) айтады.
Жасушалардың тіршілігіне байланысты және олардың айналадағы табиғи құбылыстарымен ойдағыдай қарым қатынас жасауы әрдайым гомеостаздың сақталуына қауіп төндіретін жағдай болып саналады. Бірақ бүйрек, тер бездері, өкпе сияқты көптеген ағзалардың қызметі арқасында, сондай ақ денедегі арнайы механизмдердің қатысуымен гомеостаз әдетте бұзылмайды. Осыған орай ішкі орта үшін абсолюттік тұрақтылықтан гөрі салыстырмалы және динамикалық гомеостаз тән. Мұны гемокинез дейді.
Қан - жан - жануарлардың тіршілік етуіне аса қажет сұйықтық. Жарақаттану салдарынан қанның 25-30% сыртқа ағып кетсе, тіршілікке қауіп төнеді, ал 50% ағып кетсе өледі. Қан тамырда жылжымай тоқтап қалса не қан ағысы тым баяуласа адам өлуі мүмкін. Мысалы, денедегі кейбір жасушалар, әсіресе ми қыртысының нейрондары уақытында келетін қан мөлшері азайса, 5-6 минуттан кейін бұзыла бастайды.
Қанның негізгі қызметтері:
1. Тіршілікке қажет заттарды тіндерге жеткізеді, ал зат алмасу өнімдерін сыртқа уақытында шығарып отырады (тасымалдау қызметі).
2. Оттегін өкпеден тіндерге, жасушалардағы көмір қышқыл газды өкпеге жеткізеді (тыныс алу қызметі).
3. Ішек - қарыннан қоректік заттарды, витаминдерді, су мен тұздарды (минералдарды) тіндерге жеткізеді (трофикалық яғни нәрлендіру қызметі).
Қолданған әдебиеттер:
1. Ж.Н.Нұрғалиев, С.Т.Төлеуханов "Эндокриндік жүйелер физиологиясы".
2. Сәтбаева, Нілдібаева "Адам физиологиясы".

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Гомеостаздық нейро – эндокриндік реттелуі.
Гомеостаз және оның реттелуі. Гомеостаз және оның механизмдері.

1929 ж. Америка физиологі Уолтер Кэннон ішкі ортаның, организмнің басты –
басты биологиялық көрсеткіштерінің (константалардың) тұрақтылық дәрежесін
белгілеу үшін гомеостаз деген жаңа термин ұсынды. Гомеостаз деп қан көлемі
мен құрамының және физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттерінің
тұрақтылығы, яғни барлық биологиялық константаларды (артериялық қан қысымы,
дене температурасы т.т.) айтады.
Жасушалардың тіршілігіне байланысты және олардың айналадағы табиғи
құбылыстарымен ойдағыдай қарым қатынас жасауы әрдайым гомеостаздың
сақталуына қауіп төндіретін жағдай болып саналады. Бірақ бүйрек, тер
бездері, өкпе сияқты көптеген ағзалардың қызметі арқасында, сондай ақ
денедегі арнайы механизмдердің қатысуымен гомеостаз әдетте бұзылмайды.
Осыған орай ішкі орта үшін абсолюттік тұрақтылықтан гөрі салыстырмалы және
динамикалық гомеостаз тән. Мұны гемокинез дейді.
Қан - жан - жануарлардың тіршілік етуіне аса қажет сұйықтық. Жарақаттану
салдарынан қанның 25-30% сыртқа ағып кетсе, тіршілікке қауіп төнеді, ал 50%
ағып кетсе өледі. Қан тамырда жылжымай тоқтап қалса не қан ағысы тым
баяуласа адам өлуі мүмкін. Мысалы, денедегі кейбір жасушалар, әсіресе ми
қыртысының нейрондары уақытында келетін қан мөлшері азайса, 5-6 минуттан
кейін бұзыла бастайды.
Қанның негізгі қызметтері:
1. Тіршілікке қажет заттарды тіндерге жеткізеді, ал зат алмасу өнімдерін
сыртқа уақытында шығарып отырады (тасымалдау қызметі).
2. Оттегін өкпеден тіндерге, жасушалардағы көмір қышқыл газды өкпеге
жеткізеді (тыныс алу қызметі).
3. Ішек - қарыннан қоректік заттарды, витаминдерді, су мен тұздарды
(минералдарды) тіндерге жеткізеді (трофикалық яғни нәрлендіру қызметі).
4. Зат алмасу барысында пайда болған өнімдерді, мәселен, адамденесіндегі
уытты заттар, азот қалдықтарын тіндерден бүйрекке, өкпеге, тер бездеріне,
ішекке апарады. Сөйтіп оларды шығарып тастайды (экскрециялық қызмет).
5. Қан жасушалары (лейкоциттер), плазмадағы антитәндер денеге енген
микробтарды, вирустарды, табиғаты жат, улы заттарды бейтараптайды
(қорғаныс қызметі).
6. Адам денесіндегі көптеген әрекеттерді, үрдістерді реттеуге катысады
(гуморалдық реттеу). Қандағы биологиялық әсері күшті заттар гормондар,
медиаторлар, метаболиттер ағзалар мен тіндерге өтіп тікелей немесе
қантамырларының ішкі бетінде орналасқан хеморецепторларды тітіркендіру
арқылы әсер етеді (рефлекстік реттеу)
7. Қан жасушалары (пішінді элементтер) тін жасушаларымен креаторлық
байланыста болады. Креаторлық байланыс жаңарған жасушалардың және
жасушалардың табиғи құрылысы мен кейпінің сақталуын қамтамасыз етеді.
Жаңа жасушалар құрылысы жағынан ескілеріне ұқсас болу үшін олардағы
ақпараттардың маңызы өте зор. Тіндерге қажет мағлұматтарды
макромолекулалар тасиды. Мағлұматтар бір жасушадан екіншісіне аралық
арналар арқылы және пиноцитоз жолымен жеткізіледі. Мұндай
макромолекулаларды басқа тіндерге қан да жеткізіп отырады.
8. Қан бүкіл денеге тән гомеостазды сақтай отырып жасушалар мен тінаралық
сұйықтықтың коллоидтық, осмостық тұрақтылығын сақтайды. Осмостық
тұрақтылық бұзылса жасушалар ісіп не бүрісіп қалады. PH тұрақтылығын
сақтауда буферлік рөл атқарады.
9. Қан көп энергия шығарып қызып кеткен ағзаларды суытады, ал суыған
ағзаларды жылытады. Сөйтіп, дене қызуын бірқалыпта сақтауға қатысады.

Қан жүйесіне қан жасушалары түзілетін, олар бұзылатын ағзалар және қанның
өзі жатады (Ланг).
Қан жасушалары сүйек кемігінде (жілік майында) жасалады. Лимфоциттердің
әрі қарай дамуы, жетілуі лимфоидтық тіндерде лимфа түйіндерінде, тимуста
ішекте, бадамша бездерде өтеді. Эритроциттердің пісіп жетілуі, жарылуы –
эритропоэз, лейкоциттердікі – лейкопоэз, сондай – ақ тромбоцитопоэз
үздіксіз өтіп жататын үрдістер. Тәулік сайын қан жасушаларының біразы
бұзылады, ыдырайды, олардың орындарын жаңа, жас жасушалар басады.
Эритроцит, лейкоцит, тромбоциттер саны биологиялық константаларға жатады.
Қан ағынына шыққан ең жас эритроциттер ретикулоциттер деп аталады, олардың
саны сау адамда эритроциттердің жалпы санының 1% - нен көп емес.
Ретикулоцит протоплазмадсына арнайы бояумен боялатын торлы зат болады. Бұл
зат, эритроциттер сүйек кемігінен шыққан соң 20 – 40 сағат өтісімен, яғни
эритроцит жетілген соң жойылады. Ретикулоциттер санының көбеюі қанға толық
жетілмеген эритроциттердің шыққанын көрсетеді. Эритроцит қанда 120 тәулік,
ал лейкоцит бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін жасайды. Кейбір
лимфоциттер адам қанша жасаса, сонша жасайды. Ал тромбоциттердің тіршілігі
8 – 11 тәуліктен аспайды. Эритроциттердің көбі көкбауырда, біразы бауырда
ыдырайды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гормондар мен гормоналды препараттар
Қан эритроцит осмостық резистенттілігіне төмен диапазонды сәулелердің әсерін зерттеу
Көмірсу алмасуының бұзылыстары
Жануарлар физиологиясы пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
Реактивтіліктің түрлері мен дәрежелері: сезімталдылық, резистентті-лік, төзімділік
Гормондар – тіршілік стимуляторлары
Ішкі секреция бездерінің физиологиясы және функциялық реттелу жолдары
Гипоталамустың гормондары
Адам және жануар физиологиясы пәні бойынша электрондық оқытуды қолдану
Гормондардың мақсатты жасушаларға әсер ету механизмдері
Пәндер