Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің криминологиялық сипаттамасы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Заң факультеті

« құқық» кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру

Қабылдаған :

Орындаған: Ққ - 21 тобының

студенті Садыкова А. А.

Астана

2010 жыл

ЖОСПАР

Кіріспе . . . 3І тарау. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру . . . 4

1. 1. Денсаулыққа қарсы қылмыстың түсінігі мен түрлері . . . 4

1. 2. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру . . . 7

1. 3. Денсаулыққа ауыр жарақат салғаны үшін жаза тағайындау мәселелері. . 14

ІІ тарау. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің криминологиялық сипаттамасы . . . 16

2. 1. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян қылмысын жасаушы субъектінің тұлғасы . . . 16
2. 2 Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру қылмысының себептері . . . 18
2. 3 Денсаулыққа қарсы қылмыстардың алдын алу . . . 19
Денсаулыққа ауыр жарақат келтіруді кісі өлтіруден ажырату . . . 21

Қорытынды . . . 24

Пайдаланған әдебеттер . . . 25

КІРІСПЕ

Әрбір жеке адамның денсаулығы - ол адам өміріндегі айтарлықтай орын алатын фактор болып табылады. Себебі адам денсаулығы - оның негізгі байлығы. Осыған байланысты адам денсаулығын қорғау мәселесі - жалпы мемлекеттің, қоғамның, әрбір азаматтың негізгі борышы. Сонымен әрбір қоғам мүшесі денсаулықты сақтау шараларын жүргізу туралы мәселелерге баса назар аударып, халықтың денсаулық сақтау мәселесінің шешілуіне белгілі бір шаралар қолданып, қоғам үшін біршама септігін тигізуі керек. Қазіргі кезде мемлекетімізде Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес денсаулықты сақтау мәселелері жөнінде мемлекеттік бағдарламалар әзірленген, осы бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жұмыс істеп отыр. Қазақстан Республикасы Конституциясының Адам және Азамат бөлімінің 29-бабының тармақтарына сәйкес, ҚР азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар. Осыған байланысты ҚР-ның азаматтары заңмен белгіленген тегін әрі кепілді медициналық көмек көлемін тегін алуға құқылы. «Мемлекеттік және жеке меншік емдеу мекемелерінде, сондай-ақ жеке медициналық практикамен айналысушы адамдардан ақылы медициналық жәрдем алу заңда белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша жүргізіледі» делінген. Осыған орай азаматтардың денсаулығын нығайту, айналадағы қоршаған ортаны сақтау шараларын жүзеге асыру мақсатында, әсіресе өсіп келе жатқан жасөспірімдердің денсаулығын сақтау үшін мемлекеттік және жеке емдеу мекемелері заңға сәйкес ақылы түрде не тегін медициналық жәрдем көрсетуді жузеге асырады.

Осы арада денсаулық деген ұғымға анықтама берейік. Денсаулық дегеніміз - адам ағзасының дұрыс әрі қалыпты жұмыс істеуі. Яғни, адам ағзасының әрбір органы, әрбір мүшесі сол жаратылған қалпында сақталып, оның белгілі бір түрде дұрыс қызмет атқаруы.

Денсаулыққа қарсы қылмыстардың қауіптілігі - бұл қылмыстарды жасаған кезде, бір адам екінші бір адамның денсаулығына қасақана немесе абайсызда зиян келтіреді, яғни кінәлі қауіпті іс-әрекеттерді жасай отырып, адам өмірі үшін ең қымбатты болып табылатын адам денсаулығына заңсыз түрде қол сұғады. Адам денсаулығына зиян келтіру көбінесе оның мемлекет пен қоғам алдындағы азаматтық міндеттерін атқару, яғни сол міндеттерін нақты орындау мүмкіндіктерінен айырады. Мысалы: адам денсаулығына зиян келуі - оның міндетті әскери қызметке шақырылуына кедергі келтіруі мүмкін, сондай-ақ әскери немесе басқа да арнайы қызметтерді орындауына зиянды әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан да адам денсаулығына қарсы қылмыстарды жасау - тек жәбірленушінің өзіне ғана емес, сондай-ақ оның жақын туысқандары үшін де үлкен залал болып табылады. Яғни, жәбірленушінің денсаулығына зиян келу салдарынан, оның жақын туысқандарына да белгілі бір көлемде материалдық немесе моральдық залал келуі мүмкін. Адамды денсаулығынан айыру салдарынан оның өмірдегі, қоғамдағы еңбек және басқа да қоғам қызметіндегі байланысы үзіледі, оның еңбекке, қоғам қызметтеріне белсенді түрде қатысуына көбінесе мүмкіндік бермейді. Сондықтан да адам денсаулығы - адам өмірінің негізгі қуанышы, негізгі байлығы болып табылады.

Жалпы денсаулыққа зиян келтіруге дене жарақаттарын (яғни, ұлпалардың анатомиялық тұтастығын бүлдіру немесе органдарға зақым келтіру) немесе түрлі қоршаған орта факторларының (химиялық, физикалық, биологиялық, психикалық) әсерінен туындаған аурулар мен патологиялық қалыптарды жатқызуға болады. Заң шығарушы денсаулыққа ауыр зиян келтіру ұғымын құрайтын белгілерді арнайы бөліп көрсеткен. Біріншіден, бұл зардаптар зиян келтірілу кезінде адам өміріне шынайы қауіп төндірілгеннің белгісі. Екіншіден, заңда адам денсаулығына аса қауіпті дене жарақаттары мен денсаулықтың өзге де бұзылу жағдайларының тізімі берілген.

Алайда, қылмыстық заң мұндай жарақаттар мен ауытқулардың нақты сипаттамасын бермей, тек көру, есту, сөйлеу қабілетін немесе органын жоғалту, органның функциясының бұзылуы, бет-әлпеттің қалыпқа келгісіз бұзылуы, еңбек қабілетінің кемінде үштен бірінің тұрақты түрде жоғалтуға ұштасқан зиян немесе кінәліге мәлім кәсіби еңбек қабілетін толық жоғалту, түсік тастау, психиканың бұзылуы, есірткімен немесе токсикоманиямен ауыруды атап көрсетеді. Аталған зардаптар мен ауытқулардың көпшілігі сот-медициналық сараптама жүргізу нәтижесінде анықталады. Бұл түрге жататын қылмыстар әрекеті, зардаптары және олардың ауырлығы бойынша ерекшеленеді. Оларды біріктіретін қол сұғу объектісі - адамның өмірі мен денсаулығы.

І ТАРАУ. ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАСАҚАНА АУЫР ЗИЯН КЕЛТІРУ

1. 1. ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН ТҮРЛЕРІ

Қазақстан Республикасының Конституциясы әр адамның денсаулығын қорғауға кепілдік береді (29-бап) . Осы конституциялық ережені жүзеге асырудың бір нысаны - денсаулыққа қарсы жасалған қылмыс үшін жауаптылық белгілеу. Денсаулыққа қарсы қылмыс дегеніміз - заңға қайшы әрекет немесе әрекетсіздік арқылы басқа адамның денсаулығын зақымдау, дененің анатомиялық бүтіндігін бұзу не қандай да мүшенің немесе жалпы ағзаның жұмысын қалыптан шығару.

Денсаулыққа қарсы қылмыстарға денсаулыққа зиян келтірудің әртүрлі тәсілдері жатады, олар үшін жауаптылық Қылмыстық Кодекстің 103 - 111-баптарында көзделген.

Адам денесі талшықтарының анатомиялық тұтастығын құқыққа қарсы бұзу не органдардың зақымдануына немесе олардың қалыпты жұмыс істеуін бұзуға әкеп соққан өзге де әрекеттерді адам денсаулығына келтірілген зиян деп ұғыну керек.

Денсаулыққа келтірілген зиянның түрлері мен ауырлығы Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтау комитеті 1998 жылы 4 мамырда бекіткен «Денсаулыққа келген зиянның ауырлығын сот-медициналық тұрғыдан бағалаудың ережесіне» сәйкес сот-медициналық сараптама жүргізу жолымен айқындалады. ҚІЖК 241-бабына сәйкес, мұндай сараптаманы жүргізу міндетті болып табылады, ал оның қорытындысы мұқият зерттелуге және басқа дәлелдемелер жиынтығымен бірге бағалануға жатады.

Бұл ережеге сәйкес денсаулыққа келген зиян үш дәрежеге - ауыр, ауырлығы орташа және жеңіл болып бөлінеді.

Денсаулыққа келген зиянның бұл үш түрін ажыратудағы негізгі критерий - өмірге қауіптіліктің, зиянның зардабының бар-жоғында. Жалпы және кәсибі еңбек қабілетін қаншалықты және қанша уақытқа жоғалтудың маңызы да бар. Бетті адам көргісіздей бүлдіргенде денсаулыққа ауыр зиян келгендігін анықтау үшін эстетикалық критерийлер қолданылады.

Өз денсаулығына өзі қастандық жасау қылмыстық жазаланатын іс-әрекет деп қаралмайды. Кейбір жағдайларда, егер кінәлі өз денсаулығына зиян келтіру арқылы басқа объектіге қол сұқса, онда бұл іс-әрекет қылмыс құрамының нышаны болып табылады (ҚК-тің 326-бабы 2-бөлігінің «а» тармағы, 374-бабы) .

Бұл қылмыстардың объектісі - бөгде адамның қалыпты денсаулығы болып табылады. Қылмыстық Кодекс кез келген адамның денсаулығын, оның туғанынан бастап табиғи өлгеніне дейін, жасына және денсаулық жағдайына қарамастан қорғайды.

Адам денсаулығына қарсы қылмыстардың объективтік жағы - әрекет немесе әрекетсіздік арқылы басқа адамның денсаулығына заңға қайшы зиян келтірумен көрініс табады. Көбінесе дене жарақаты әрекет арқылы жасалады. Кінәлі адам жәбірленушінің денсаулығына әр түрлі жолдармен, атап айтсақ механикалық әсер ету арқылы (мүшелерге зиян келтіру), химиялық жол арқылы (улау, қышқылмен күйдіру), электрлік жолмен (тоқпен ұру), термикалық әсер ету (ағзаға инфекциялық ауруларды жұқтыру) арқылы, сонымен қатар психикалық әсер ету арқылы (гипноз) және басқа да тәсілдер арқылы дене жарақатын келтіреді. Әрекетсіздік арқылы да дене жарақаты келтірілуі мүмкін, егерде белгілі бір адам өзіне жүктелген міндеттерді орындамаса.

Кейбір кездері дене жарақатын келтіру қылмыстық жауаптылықтан босатылуға негіз болып табылады, егер бұл жарақат мәжбүрлік қажеттілік жағдайында, яғни емдеу мақсатында болса. Мысалы, егер жәбірленуші өзінің ағзасына хирургиялық операциялар жүргізуге келісім берсе, онда хирургтер осы хирургиялық операциялардан туындайтын белгілі бір зардаптарға жауап бермейді, себебі жәбірленуші хирургиялық операциялардан туатын салдарға қарсы болмады.

Заңға сәйкес қажетті қорғану, өте қажеттілік, қылмыс жасаған адамды ұстау жағдайында басқа адамның денсаулығына зиян келтіру қылмыс деп саналмайды. Денсаулыққа зиян келтірудің ерекше санатына спорт жарақаты жатады, егер спортшы жаттығу немесе жарыс кезінде ереже бұзбай денсаулығына зақым келтірсе, онда оны кәсіби тәуекелге жатқызуға болады. Ал, денсаулығына, тіптен жарыс кезінде болса да, қасақана зиян келтірілсе, қылмыстық жауаптылық болуға тиіс. Кубаның қылмыстық заңында мынадай арнайы норма бар: спорттың рұқсат етілген түрлері бойынша жарыс кезінде ойын ережесін бұза отырып денсаулыққа қасақана зиян келтірілсе - жалпы негізде жауаптылық көрсетілген; егер жарақат абайсызда алынса, бірақ спорт ережесі бұзылса - абайсыз әрекет ретінде жауптылық көзделеді; жарақат абайсызда алынып және де спорт ережесі бұзылмаса - қылмыстық жауаптылық болмайды. Спорт ережелерінің бұзылуымен келіскен төреші қылмысқа қатысушы ретінде саналады.

Денсаулыққа зиян келтірудің объективтік жағы қасақана кінәмен де, абайсыз кінәмен де сипатталады. Айыпкер өзінің қоғамға қауіпті әрекетінің салдарынан басқа адамның денсаулығына зиян келетіндігін ұғады, ұғынады, ондай зардаптың мүмкін екендігін немесе қалай да болатындығын аладын ала біледі, соны тілейді (тікелей ниет) және соған саналы түрде жол береді не оған немқұрайды қарайды (жанама ниет) . Денсаулыққа қарсы қылмыстардағы кінәлінің абайсыз нысанына қылмыстық менмендік немесе қылмыстық ұқыпсыздық жатады. Абайсыздық нысанының өзінде менмендік түрінде кінәлі өзінің әрекетінен немесе әрекетсіздігінен туатын салдардың, яғни дене жарақатының болуын көре алады, бірақ ол салдар бола қоймас-ау деген өзіне сенімділік ниетте болады, немқұрайдылық түрінде адам дене жарақатының болатынын көре алмайды, бірақ көруге тиісті болатын.

Көп жағдайда, денсаулыққа зиян келтіру нәтижесінде нақтыланған сипат болады, яғни басқа адамның денсаулығына зиян келтіргенде кінәлі оның болатын нақты зардабын алдын ала біледі. Мысалы, басқа адамның ағзасына препарат енгізгенде, кінәлі ол адамның соқыр болып қалатынын біледі. Егер осындай нақтыланған ниетті кінәлі, өзіне байланысты емес себептермен жүзеге асыра алмаса, онда ол денсаулыққа тиісті ауырлықта зиян келтіруге оқталған ниеттің мазұнына сәйкес жауаптылық көтереді.

Басқа адамның денсаулығына зиян келтірген адамның ниетінде, кейде, нақтылық болмайды. Жәбірленушінің денсаулығына қандай да бір зиян келуі мүмкін екендігін кінәлі алдын ала біледі, соны тілейді немесе оған саналы түрде жол береді, бірақ өзінің іс-әрекеттері салдарынан жәбірленушінің денсаулығына қандай дәрежеде зиян келгеніне немқұрайды қарайды. Бұл жағдайда, жәбірленушінің денсаулығына іс жүзінде келген зиянның сипатына қарай жауаптылық болады, себебі қандай зардап болса да кінәлінің ниетімен жасалған.

Денсаулыққа заңға қайшы зиян келтірудің себептері әртүрлі болады. ҚК-тің 103-бабында және 104-баптың 2-бөлігінде көзделген, денсаулыққа қасақана зиян келтірудің субъектісі 14 жасқа толған адам бола алады. Денсаулыққа қарсы басқа қылмыстарда жауптылық 16 жастан бастап қарастырылады.

1. 2. ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАСАҚАНА АУЫР ЗИЯН КЕЛТІРУ

Қылмыстық кодексте денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргендік үшін ауырлататын мән-жайларсыз (ҚК-тің 103-бабының 1-бөлігі), ауырлататын мән-жайларда (ҚК-тің 103-бабының 2, 3-бөліктері) және жеңілдететін мән- жайларда (ҚК-тің 108-бабының 2-тармағы, 109-бабы, 110-бабы) жауаптылық көзделген.

Денсаулыққа қарсы қылмыстардың ең қауіптісі - ҚК -тің 103-бабында көзделген қылмыс - денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру болып табылады.

Бұл қылмыстың объектісі - басқа адамның денсаулығы.

Қылмыстың міндетті нышандары - қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік), басқа адамның денсаулығына заңсыз ауыр зиян келтірудің зардабы, сондай-ақ қылмыстық іс-әрекетпен болған зардаптың арасындағы себептік байланыс.

Денсаулыққа ауыр зиян келтіргенде күш жұмсалуы да (ұру, ату, т. б. ), психикалық қысым (қорқытып немесе үрейлендіріп жүрек ауруына ұшырату) жасалуы да мүмкін. Кінәлі әр-түрлі құрал-жабдықтарды, табиғат күшін, аса қауіпті көздерді, жануарларды т. б. пайдалануы мүмкін.

Кінәлі әрекетсіздік көрсету арқылы денсаулыққа ауыр зиян келтіргенде, ол басқа адамның денсаулығына келетін ауыр зиянды тойтарып қалатын, өзі жасауға тиісті және жасауға мүмкіндігі болған әрекеттерді жасамайды (мысалы, дәрігердің науқас адамға уақтылы дәрі бермеуі нәтижесінде оның денсаулығының нашарлауы) .

Денсаулыққа ауыр зиян келтірудің түсінігі әртүрлі нышандармен сипатталады. 103-баптың 1-тармағын талдап, тоқталып өтейік: «Денсаулыққа келтірілген зиянды сот-медициналық ьағалау Ережесі» 1998 жылы 4 мамырда Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтау комитетінің №240 және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 2 желтоқсандағы №875/1 бұйрығымен бекітілген. Осы ережелерге сәйкес:

а) Адам өміріне қауіпті зиянға - миға зақым келтірместен бас сүйегіне келтірілген жарақат; бас сүйектерініңғ ашық немесе жабық сынуы; ауыр дәрежедегі мидың зақымдануы; өмірге қауіпті түрде миға қан құйылуы; бел омыртқаны ауыр зақымдау; адамның іш құрылысын, ас қорыту, зәр шығару, органдарын жарақаттау, ауыр дәрежеде күйдіру т. б. жарақаттар келтірулер жатады. Өмірге қауіпті жарақаттың тізбегі жоғарыда аталған Ереженеіңғ 7-тармағында тұтастай көрсетілген.

б) Қасақана ауры дене жарақатының салдарынан көруден айырылу - бұл адамның денсаулығына ауыр зиян келтіру салдарынан адам көре алмайтын жағдайға душар болады. Айтып кететін бір жәйт, адамның көре алмауы емделусіз болу керек, уақытша көруден айырылу ауыр дене жарақатының элементі болмайды, яғни ол орташа ауырлықтағы дене жарақаты болып табылады.

Бір көздің көруін жоғалту ауыр дене жарақаты ретінде бағаланады. Бір көздің көруінен айырылу салдарынан адам көзінің көру шеңбері 30 пайызға тарылады және бинокулярлық көрудің бұзылуына әкеп соғады, ал мұндай жағдайлар кейбір кездері белгілі бір нәрселерді нақты қабылдау қабілеттілігін қиынға соқтырады немесе көрудің мүмкіншілігін жоғалтады. Себебі, бір көзден айырылған адам мамандық түрін таңдағанда ғана емес, сонымен қатар дем алу кезінде де қиыншылықты басынан өткереді, ал кейбір кездері бақытсыздық жағдайлардың объектісі болуы да мүмкін. Сондықтан да көздің көру қабілетін 35% мөлшерінде жоғалту немесе 2 метр қашықтықта бармақтың санын көре алмауы денсаулыққа ауыр зиян келтірілді деп есептелінеді және ауыр дене жарақаты ретінде бағаланады.

в) қасақана ауыр дене жарақаты салдарынан тілден айырылу - сөйлеу қабілетін, ол ойын айналасындағыларға түсінікті түрде біріккен дыбыстармен жеткізу қабілетін біржола жоғалту. Дауысын жоғалту салдарынан, яғни афония жағдайында адам өзінің ойларын тек сыбырлап жеткізе алады. Мұндай жағдайлар адамның еңбек ету қабілеттігінің 25% мөлшерде жоғалуына әкеп соғады. Сөйлей алмау нтижесінен адам қоғамдағы қатынастарға активті түрде қатыса алмайды, барлық уақытта өзінің кемшілігінң бар екенін сезінеді, адамдармен сөйлесуден аулақ жүреді, сондықтан да тілден айырылу адам денсаулығы үшін орасан зиянды болып табылғандықтан ауыр дене жарақаты ретінде есептелінеді.

г) қасақана ауыр дене жарақаты салдарынан естімей қалу деп мүлде айықпайтын кереңдік және зардап шегуші қатты айтылған сөзді өте жақын жерден, құлағынан 3-6см қашықтықта айтқанда ғана ести алатындай жағдайда қалуы. Жалпы есту - адам ағзасының сезім органдарының бірі. Күнделікті қарым-қатынас, жұмыс, дем алу уақыттары, теледидардан, радиодан хабар алу, есту сезімімен тығыз байланысты. Екі құлақтың есітпей қалуы - ауыр дене арақаты ретінде есептелінеді. Бір құлақтың есітпей қалуы - жалпы еңбек қабілетінің 15 пайызын, яғни кемінде үштен бірін жоғалту емес, сондықтан ол денсаулықтың бұзылуына әкеп соққан жеңіл жарақат деп бағаланады.

д) Қандай да болсын органнан айырылу немесе органның қызметін жоғалтуға - аяқтың, қолдың физикалық тұрғыда денеден айырылып қалуын немесе сал (паралич) қалпында қалуы жатады және бұл жағдай ауыр дене жарақаты ретінде бағаланады. Жыныс қатынастарының қабілетін жоғалту, екі ені де зақымданып, оларды алып тастауға әкеп соғуы, сондай-ақ бала табу қабілетініен айрылу тұқымдылық қбідлетінен айырылу деп саналады да, ауыр дене жарақаты қатарына жатады.

е) Сот медицинасы тәжірибесінде беттің жаралануы тым жиі кездеседі. Бет жарақатын бағалау кезінде бірқатар факторларды: жарақат салған кезде оның адам өміріне қауіптілігін (ми шайқалуы т. б. ), сезім мүшелрінің зақымдануын және бет пішінінің қалпына келмейтіндей болып бұзылуын ескеру керек. Бет сиқынының бұзылуы туралы мәселені сот шешеді. Бет жарақатының жазылуы дегеніміз - тыртық көлемінің кішірейюі, табиғи жағдайлардың нәтижесіндек олардың өнінің өзгеруі, мысалы, тыртықтардың әжімдерге, мойын қыртыстарына және т. б. ұқсап тұруы болып табылады, сондай-ақ консервативтік емдеу әдістерінің нәтижелері де осыған жатады. Ал егер, консервативтік емдеу жақсы нәтижеге жеткізбей, зақымданушыға косметикалық операциялар жасалса, жарақат операцияның нәтижесіне қарамастан қалпынга келмейтін жарақат деп қаралады да ауыр дене жарақатына жатады, өйткені мұндай жағдайда орын алатын іш құса болып қатты қайғыруға бет-пішіннің өзгеруі ғана емес адамның қоғаммен байланысының бұзылу қауіпі де негіз болады.

ж) Еңбек қабілетінің кемінде үштен бірін тұрақты түрде жоғалту деп - жалпы еңбек қабілеті, мамандықты талап етпейтін еңбекке қабілеттілік танылады. Еңбек қабілетнің үштен бірін жоғалту зардап шеккен адамның жалпы еңбек қабілеті мен оның жоғалту көлемін онша өзгертпейтін жарақат зардаптарының біршама жақсаруы организмдегі өзгерістермен бірге байланысты. Еңбек қабілетін жоғалту тек тұрақты болады. Жалпы еңбек қабілетінң 33% мөлшерін жоғалту ауыр дене жарақаты ретінде бағаланады. Кәсіптік еңбек қабілетін айыруға ниеттенгендік анықталатын жағдайлара тергеушінің қаулысы немесе со т қаулысы бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Еңбекке қабілетті адамның еңбек қабілетін жоғалтувына апарып соғатын жарақаттар жас балаға, қарт адамға, кәмелетке толмаған жасқа, 1-топтағы мүгедекке, яғни еңбекке жарамсыз адамдарға салынуы мүмкін. Мұндай жағдайларда дене жараұатының қаншалықты ауыр екенін анықтағанда мыналар негізге алынады: 1) балалардың кейін ол 10 жасқа толғанда еңбек қабілетін қандай дәрежеде жоғалтқаны көрсетіледі; 2) мүгедек адамның алынған жарақатқа байланысты еңбек қабілетін біржола жоғалтуы дені скау адамдікі сияқты анықталады, яғни мүгедектігі мен тобы ескерілмейді.

з) еңбек қабілетінің кемінде үштен бірінің тұрақты түрде жоғалтуға ұштасқан зиян немесе кінәліге мәлім кәсіби еңбек қабілетін толық жоғалту;

и) егер келтірілген зақымдардың салдарынан түсік болса, екі қабат екндігінің мерзімінет қарамастан, ол ауыр дене жарақатына жатқызыладыв. Бұл орайда арнайы акушерлік-гинекологиялық зерттеулер арқала түсіктің зардап шегуші организмнің деке ерекшеліктеріне, яғни аурулығына немесе ішкі жыныс мүшелерінің жетілменендігіне байланысты

к) психиканың бұзылуы;

л) есірткімен немесе уытты умен ауыру.

Денсаулыққа ауыр зиян келтірудің нышандарына психиканың бұзылуы, есірткімен немесе уытты умен ауруға ұшырау да жатады. Психикалық аурудың бар жоғын психиатриялық сараптама айқындайды, бірақ ол ауру айыпкердің заңға қайшы іс-әрекетінен туындауы тиіс. Айыпкердің іс-әрекетінің салдарынан есірткімен немесе уытқы умен ауруға ұшырағандықты да нарколог, таксиколог қатыстырылған сот-медицина сараптамасы анықтайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық құқықтық пәні, түсінігі
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің объектісі
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің криминологиялық және қылмыстық-құқықтық сипаттамасы
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру
Денсаулыққа қарсы орташа ауырлықтағы зиян келтіру
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің субъектісі және субъективтік жағы
Қылмыстық құқықтық пәні
Денсаулыққа қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы және түрлері
Денсаулыққа қасақана қарсы қылмыстар
Денсаулыққа қарсы қылмыстар туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz