Бас бостандығынан айырудың қылмыстық құқықтық мәселелері


Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп бекіткен [1] .

Осы конституциялық нормада берілгендей Қазақстан Республикасы өзін құқықтық мемлекет ретінде бекітеді. Жалпы құқықтық мемлекетте заңның үстемдігі, оның сақталуы мен орындалуының кепілдіктері мен механизмдердің болуымен сипатталады.

Әлеуметтік-экономикалық жағдайдың шиеленісуі, қоғамның құңдылықтардың өзгеруі, құқықтық сауатсыздық пен нигилизм көріністерінің қоғамда пайда болуы, сол сияқты адамдардың жаңа өмір талаптарымен өмір сүре аламау сияқты факторлар, республикада қылмыстылықтың деңгейінің өсуі заңгер-практиктер мен заңгер теоретиктердің бұл мәселеге қатысты қоғамдағы қылмыстылықпен күресудің жаңа әдістерін табуын қажет етеді. Сонымен бірге өмір талаптарының өзгеруі жаңа қылмыстардың түрлерінің пайда болуына әкеліп соқтыруда. Ол әр түрлі салаларда көрініс табады, мысалға, экономика, қаржы, банк қызметі және т. б. Осыған байланысты қылмыстарды анықтау, тергеу, ашу мен алдын алуда анықтау органдарымен маңызды жұмыстар атқарылады.

1997 жылы қылмыстылықпен күрес барысында отандық заңнамаларда елеулі өзгерістер болды. 1 қаңтар 1998 жылдан бастап жаңа Қылмыстық кодекс күшіне енді де, ескі 1959 жылғы ҚазССР-нің Қылмыстық кодексіне қарағанда жаза және қылмыстық - құқықтық әсер етудің басқа шараларының жүйесі, оларды қолдану тәртібі және жауаптылық пен жазадан босату негіздері мен тәртібі елеулі өзгерістерге ұшырады. [2] .

Бұл аталған ережелер өзінің жалғасын 1997 жылғы 13 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Қылмыстық - атқару кодексінде жалғасын тапты. Жаңа Қылмыстық - атқару кодексі ескі кодекстің кемшіліктерін жойып қана қоймай, қылмыстық жазаларды атқаруды заңдық реттеудің шеңберін ұлғайтты. Мысалы, алғаш рет бірыңғай кодификацияланған заңда жазаның және басқа қылмыстық - атқару шараларының барлық түрлерін атқару және өтеу сұрақтары, қылмыстық - атқару заңнамасының қағидалары мен бастаулары, сотталғандардың құқықтық жағдайы арнайы баптар мен тарауларды қарастырылған.

Яғни, құқықгық мемлекеттің жүйесін қалыптастыру қоғам дамуының объективті зандылықтарына ғана емес, осы тарихи кезеңде құқықтық нормалардың орындалуын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тиісті заң актілерін дұрыс қолдана білулеріне де байланысты.

Осы тұрғыдан алып қарағанда, бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау және қолдану ерекшеліктері өзекті мәселелердің бірінің қатарына жатады.

Бас бостандығынан айыру сотталған адамға оның құқықтық мәртебесін айтарлықтай өзгертетін белгілі бір және елеулі құқықтық шектеулердің жүктелуімен қосарласады. Ол жүріп-тұру құқығынан айырылады, жолдастарымен және жақындарымен және т. б. араласудағы уақыты шектеледі. Құқықтық шектеу, сондай-ақ еңбек ету түрін таңдаудан, жұмыс пен демалыс уақытын реттеуден де көрініс табады. Бұл жаза сотталған адамға оны белгілі бір режимде ұстау, еңбекке тарту, онымен тәрбие жұмыстарын жүргізу арқылы еңбекпен түзеуді де көздейді.

Бас бостандығынан аыру сияқты жазаның болуы қажет екендігіне қарамастан, оның белгілі бір теріс әлеуметтік зардаптарын да ескермей болмайды. Бұларға сотталған адамның отбасының, әсіресе оның балаларының материлдық жағдайының төмендеуін, сондай-ақ әкесіздік проблемасын, ерлі зайыптылардың ажырасуларын, бас бостандығынан айыруға алғаш сотталғандардың қылмысты ортаның «әдет-ғұрыптарына» ие болудың кері салдарын және басқа да талай мән жайларды жатқызуға болады.

Елбасымыз өзінің Қазақстан халқына жолдаған жолдауында «Біз құқық қорғау жүйесін реформалау бойынша байыпты жұмыс жүргізуге тиіспіз. Бұл сектор өткен жүйенің көптеген кем-кетіктерін сақтап қалған. Біздің жүйемізде жазалау айыптары 5%-дан аз болса, түзеу жұмыстары 0, 4%-ды, қоғамдық жұмыстар 0%-ды құрайды. Жазалаудың негізгі түрі бас бостандығынан айыру болып қалып отыр. Ешкім қамау орындарынан босағандарды оңалтумен айналыспайды. Осының салдарынан олар қылмыскерлер қатарын қатарын толықтыруда» деп айтып өткен-ді.

Бүгінгі күні сотталғандардың отыз пайызына ғана бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза түрлері қолданылады, қалған жетпіс пайызына (бұл 2010 жылдың 1 тамызындағы көрсеткіш бойынша - 52482 адам) - онсыз да толып тұрған түрмелер мен колонияларға ұсталынуда, оған қоса мекемелердің ғимараттары мен материалдық-техникалық жағдайы да мәз емес.

Қазіргі күнде аса маңызды болып қылмыс жасаған тұлғаларға бас бостандығынан айыру жазасы емес, алтернативті жазаларды қолдану болып табылады.

Бұл тұралы Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында «бас бостандығынан айырумен байланысты емес қылмыстық жазалауды қолдану саласын кеңейтуге, оның ішінде бас бостандығынан айыру түріндегі жазалауларды жекелеген санкциялардан алып тастауға не бас бостандығынан айырудың ұзақ мерзімін азайтуға» деп бекітілген [3] .

«Бас бостандығынан айыру жазасын қолданудың қылмыстық құқықтық және криминологиялық аспектілері» тақырыбындағы диплом жұмысын жазудың мақсаты болып оның негізгі ережелерінің мазмұның толық және жан-жақты ашу, құқықтық негіздерінің мәні мен маңызын анықтау болып табылады.

Диплом жұмысының міндеттері болып келесілер табылады:

- қылмыстық құқығында жаза институтының дамуының тарихи алғы шарттарын қарастыру;

  • бас бостандығынан айыру жазасының теориялық ережелерді ашу;
  • аталған саладағы заңнаманы зерттеу және анализ жасау;
  • құқықтық реттеуде кемшіліктерді анықтау және оларды шешудің жолдарын ұсынуға тырысу;
  • барлық қажетті әдебиеттер мен монографияларды пайдалану;
  • болашақта тәжірибеде қолдану үшін оның мазмұның түсіну мен анықтау;

Зерттеудің методологиялық негізі болып қойылған мәселені диалектикалық тұрғыдан қарап жалпы және жеке ғылыми тану әдістерін қолдану: салыстырмалы-құқықтық, формальді-заңи, жүйелі- құрылымдық, логикалық және басқалар.

Зерттеудің нормативтік негізін халықаралық құқықтың нормалары, ҚР Конституциясы, ҚР ҚК және өзге де салалық кодекстер, конституциялық заңдар мен заңдар, ҚР Президентінің заң күші бар Жарлықтары құрайды.

Зерттеудің теориялық негізін қазақстандық және ресей ғалымдарының қылмыстық процесс саласындағы ғылыми еңбектер жатады: Сергеевский Н. А., В. Н. Петрашева. М., Ной Н. С., Н. Ф. Кузнецовой, Беляев Н. А., Чукмаитов Д. С., Михлин А. С., Ағыбаев А. Н., Алауханов Е., А. В. Наумова. М.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері диплом жұмысының құрлымын анықтайды, яғни ол кіріспе, үш тарауды құрайтын жеті параграфтан, қорытынды және пайдаланған қайнар көздер тізімінен тұрады.

1 БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУ ЖАЗАСЫ - ЖАЗАНЫҢ БІР ТҮРІ РЕТІНДЕ

  1. Қылмыстық жазаның түсінігі және мақсаты

Қылмыстық жауапкершілік құқықтық жауапкершіліктің ішіндегі ең қатаң түрі болып есептеледі. Қылмыстық жауапкершілік қылмыс жасағаны үшін қылмыстық заңмен белгіленеді. Қылмыстық жауапкершілік - бұл адамның жасаған қылмысы үшін жазалануы немесе қылмыстық - құқықтық сипаттағы басқа да шаралармен жазаланатын қылмыстық заңмен бекітілген міндеті.

Мемлекетпен жүзеге асырылатын экономикалық, саяси, ұйымдастырушылық - басқарушылық және мәдени - тәрбиелік шаралар қылмыстылықты азайтуда шешімді рольды атқарса да, қылмыстылықпен күрестегі маңызды, тиімді шара - қылмыстық жаза болып табылады. Қылмыстылықпен күресте қылмыстық жаза маңызды ғана емес, қажетті құрал есебінде, себебі, қылмыстық жаза қылмыс жасаушы тұлғалардың қоғамға қарсы қызметін үзеді.

Мемлекеттік мәжбүрлеудің ең өткір шарасы ретінде, жаза Қылмыстық кодекспен қарастырылған сотталғандардың белгілі бір құқықтары мен бостандықтарын шектеу немесе айырудан тұрады да, сотталушыға моральдық, физикалық және мүліктік сипаттағы мәжбүрлі түрде қысым келтіруден көрінеді. Жазаның бұл сипаты 1948 жылғы Адам құқықтарының Жалпыға бірдей декларациясының 28 бабының талаптарына сәйкес келеді. Осы декларацияға сәйкес, қоғамның әрбір мүшесі басқалардың құқықтары мен бостандықтарын тану және сыйлауды қамтамасыз ету үшін және демократиялық қоғамдағы құлықтылықтың, қоғамдық тәртіп және қоғамның жағдайының әділетті талаптарын қанағаттандыруы қажет.

Қылмыстық жаза тағайындау барысында кейбір құқықтарды шектеу табиғи факт ретінде қабылданады. Шындығында да, қоғамда белгіленген тәртіпті саналы түрде көзге ілмейтін, басқа азаматтарға қауіп төндірмейтін адам, заңды тыңдайтын адал азаматтардың өмірін дөрекі түрде қиындату құқығынан айырылуы керек те, болашақта қылмыс жасауды болдыртпауға түрткі болатын зардапты толық көлемде шегуі қажет.

Осыған байланысты, жаза әрқашанда мемлекеттің, қоғамның жасалынған қылмысқа деген теріс бағасы түрінде көрініп, ойшылдардың назарын ертеден аударып келе жатқан мәселе болып есептелінеді. Ежелден бері, ғалым - криминалистер өзінің қарауындағы азаматтарын жазалайтын мемлекеттің әрекеттерінің негізделуін дәлелдеуге оқталған болатын. Бұл теориялар: өш алу, қорқыту, жалпы және арнайы сақтандыру, қазіргі кездегі теория “жаңа әлеуметтік қорғау” және т. б. [4, 70б. ] .

Қылмыстық жаза мемлекеттің адам жасаған қылмысқа көңіл бөлгендігін білдіреді. Ал қылмыскердің өзі үшін жаза - ол жасаған қылмыстық-құқықтық зардабы.

Қылмыстық құқық теориясында жаза проблемаларын зерттеуде ерекше орын И. И. Карпец, Н. А. Стручков және И. С. Нойдың еңбектерінің үлесіне тиеді.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 38 бабына сәйкес: “жаза дегеніміз - сот үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады да, адамды құқықтары мен бостандықтарынан заң бойынша көзделген айыру немесе оларды шектеу болып табылады”. Заңда берілген жазаның анықтамасы, жазаны қылмыстық құқықтық құбылыс ретінде сипаттауға мүмкіндік беретін, негізгі белгілерді анықтауға жол ашады.

  1. Жаза -қылмыстық заңмен тек қылмыс ретінде көзделген әрекеттер үшін ғана тағайындалуы мүмкін. Адамға жаза қолдануға оның қылмыс жасауы негіз болып табылады. Егер адам қылмыс жасамаған болса, оған жаза ешқандай жағдайда да қолданылмауы керек. Кеңестік қылмыстық құқықтың тарихында бұл ережеге немкеттілікпен қараудың талай мысалдарын оңай табуға болады.
  2. Жаза сот арқылы тағайындалып, жария сипатта болады. Бұл дегеніміз, жазаның мемлекеттік атынан және қоғамның мүддесі үшін тағайындалатындығы. Мемлекет атынан шығарылған және қылмыс жасағаны үшін кінәлі адамға жаза белгілейтін айыптау үкімі жасалған қылмысқа және қылмыскердің өзіне берілген ресми мемлекеттік бағаны білдіреді. Басқа мемлекеттік органдар бұндай құқыққа ие емес. Жариялылық заңда көрсетілген негізде, рақымшылық пен кешірімнен басқа жағдайларда, жазадан босатуды тек сот органдарының жүзеге асыруынан көрінеді.
  3. Жаза - әрдайым қылмыс жасаған адамның белгілі бір құқықтары мен бостандықтарынан айыруды немесе оларды шектеуді жүзеге асырады. Мысалы, мүлікті тәркілеу барысында: мүліктен айыру; тұратын жерді, жүріп тұруды, қызмет түрін таңдауды шектеу; әскери шеннен, кейде өмірден айыру.
  4. Жаза - әрқашанда жеке сипатта болады. Ол тек қана қылмыскердің өзіне ғана қолданылады да, қандай да мән жайда болмасын өзге адамдарға нұқсан келтірмеуі керек.

Жаза - қылмыс жасаған адамға қатысты ғана қолданылатын, қылмыстық заңмен қарастырылған мәжбүрлеу шарасы. Осы белгісі арқылы жаза басқа шаралардан, мысалы, әкімшілік, тәртіптік, азаматтық - құқық бұзушылықтар үшін тағайындалатын шаралардан ажыратылады. Жазалау арқылы, мемлекет қылмыскерді заң тыңдаушы мінез - құлыққа мәжбүрлейді. ҚР ҚК 39 бабында көрсетілген жазалардың қатаң тізімі ғана сот арқылы тағайындалады [5, 350б. ] .

Қылмыстық жазаның басқа да мемлекеттік күштеу шараларынан ерекшелігі сол, оны қолдану кінәліге барлық уақытта да сотталғандық туралы атақ береді. Сотталғандықтың кінәлі үшін белгілі бір құқықтық зардабы бар, ол сотталғандығы туралы өмірбаянында көрсетілуі керек, сотталғандық кейбір жағдайларда қылмысты ауырлататын мән-жайға жатады. Немесе сотталғандық атақ кейде қылмысты саралауға, жазаның мөлшерін сондай-ақ жазаны өтейтін колонияның түрін белгілеу үшін маңызды мәнге ие болады. [6, 105б. ] .

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 38-бабының 2-бөлігінде жазаның мақсаты әлеуметтiк әдiлеттiлiктi қалпына келтiру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру екендігі айтылған.

ҚР-ның Қылмыстық кодексін қабылдағаннан бері сазайын тарттыру жазаның мақсаты болып табыла ма, әлде жоқ па деген сұрақ өзектілігін жоғалтты деп ойлаймыз. Себебі, сазайын тарттыру жазаның кез келген түрінен көрінеді, оның ауырлығына қарай біз нақты жазаның қатаңдығы туралы айта аламыз. Әрине, кез - келген қылмыстық жаза барысында сотталғандарға физикалық және құлықтылық азабын шектіреді. Бірақ та, адам құқықтарының Жалпы бірдей Декларациясының 7 бабына сәйкес, азаматтық және саяси құқықтардың Халықаралық Пактісінің 7 бабына сәйкес, жаза тән азабын шектіруді немесе адамның қадір - қасиетін қорлауды мақсат етпейді.

Қылмыстық құқықтың негізгі мәселелерінің бірі жазаның мақсатын анықтау болып табылады. “Жазаның мақсатын шешуге құқықтың осы саласының институттарының құрылуы ғана емес, қылмыстық заңнаманы дұрыс қолдану да тәуелді” [7, 21б. ] .

Жазаны кек алу ретінде теріске шығару және бұл үрдістің алдына оң мақсат қою теориясын ұстанған италияндық ағартушы Чезаре Беккария былай деп көрсеткен: «Жазаның мақсаты адамды азаптан және қинау, жасалған қылмысты бар ету емес. Жазаның мақсаты кінәлі адамның қоғамға зиян келтіруіне қарсы тұру және басқаларды қылмыс жасаудан ұстап қалу».

Қылмыстық жазаның мақсаттарын анықтау мәселелері және қылмыстық құқықтағы орын алып отырған теориялар қылмыстық құқық ғылым өкілдеріне жаза мақсаттарының дамуының екі негізгі бағыттарын бөліп қарастыруға мүмкіндік береді [8, 23б. ] .

  1. Жазаның абсолюттік теориясы. Бұл теория өкілдері абсолюттік идеяны - жасалынған қылмыс үшін зауалын тарттыруды және ол үшін жауап беруді жақтайды. Құдайдың зауалын жақтайтындар қылмысты күнә деп санап, жазаның мақсаты ретінде осы күнәдан арылуды түсінеді.
  2. Жалпы сақтандыру, арнайы сақтандыру және аралас пайдалылық теориясы. Бұл теорияны жақтаушылар қылмыстан сақтандыруды және қылмыскерлерді түзеуді қолдайды.

Қылмыстық құқық ғылымында аталған теориялардан басқа қорқыту, психологиялық мәжбүрлеу, интегративтік теориялары қарастырылған.

Заң әдебиеттерінде көп жылдар бойы сазайын тарттыруды жазаның мақсатына жатқызу немесе жатқызбау туралы пікірталастар жүргізіліп келді. Бұл пікірталастарға соңғы нүктені 16 шілде 1994 жылы қабылданған Қылмыстық кодекс қойды.

Яғни, жаза дегеніміз - әлеуметтік әділеттілікті қалыптастыру, сотталғандарды түзеу және жаңа қылмыс жасаудың алдын алу мақсатында қолданылады. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарында-ақ, профессор Н. А. Беляев жазаның мақсаты ретінде, әлеуметтік әділеттілікті қалыптастыру туралы жазған болатын [9, 27б. ] .

Әділеттілікті бұзу құқықтың бұзылуына әкеліп соқтырады. Бұл тікелей қылмыстық құқыққа, қылмысқа және жазаға қатысты, себебі, қылмыстық құқықтағы әділеттіліктің бұзылуы ұрлықтан, тонаудан, қарақшылық пен кісі өлтіруден көрінеді.

Жазаның әлеуметтік әділеттілікті қалыптастыруы дегеніміз - қылмыс жасаған адамға жасаған қылмысының ауырлығына сәйкес әділ жаза тағайындау, адамның жасаған бір қылмысы үшін екі жазаның тағайындалмауы, тағайындалған жазаның сотталғандарды түзеу және қылмыстардың алдын алу міндеттерін орындауды қамтамасыз етуі.

Әрине, кісі өлтірудің нәтижесінде, жәбірленушінің өмірін қалпына келтіру мүмкін емес, бірақ та бұл жағдайларда әлеуметтік әділеттілікке кінәлінің құқықтары мен бостандықтарын шектеу немесе олардан айыру жолымен қол жеткізіледі. Дегенмен де, жаза сотталғандарға физикалық немесе психикалық азап келтіру мақсатында қолданылмайды. Осыған сәйкес, ҚР Конституциясы адамға қатысты азаптау, күш қолдануға немесе адамның қадір - қасиетін қорлауға тиым салады.

Қылмыстық жазаның басқа мақсаты ретінде, сотталғандарды түзеу аталынады. Түзеу мақсаты дегеніміз сотталғандардың қоғамның заңды тыңдайтын, тәртіпті, қоғамдық тұрмыстың ережелері мен еңбекті бағалайтын азамат болуы.

Заң шығарушы сотталғандарды түзеу мақсатын қайта тәрбиелеу мақсатымен байланыстырмайды. Қазіргі кезде адамды қайта тәрбиелеу мүмкін емес. Себебі, адамдағы қасиеттер алғашқы кезден қалыптасқандықтан, оларды толығымен өзгерту мүмкін емес. Мемлекеттің алдында тұрған басты мақсаты жазасын өтеген адамның қайталап қылмыс жасамауы. [32, 193б. ] .

1959 жылғы ҚазССР-нің Қылмыстық кодексінің жазаның мақсаты сотталғандарды қайта тәрбиелеу талаптары басынан-ақ жүзеге асырылмады, себебі, олар жазаға қатысты көрінеу көтермеленген еді.

Жаза жаңа қылмыстардан сақтандыруға бағытталған. Заң шығарушы арнайы нормада, сақтандыру мақсатының жалпы және арнайы болып бөлінуін қарастырмайды. Бірақ та, бұл заңның түсінігінен шығып тұр.

Арнаулы сақтандырудың иелері болып, қылмыс істеп сотталғандар танылады. Жазаның мақсаты бұл адамдардың тарапынан тағы да қылмыс істеу фактісінің орын алмауын көздеу болып табылады. Жазаның осы көздеген мақсатына жетуінің құралы - сотталғандарды түзеу арқылы, еңбекке адал, заң талаптарын мүлтіксіз орындау рухына тәрбиелеу болып табылады. Бұл жерде түзеу дегеніміз қылмыс істеп сотталған тұлғаның әлеуметтік, психологиялық көзқарасын өзгертіп қылмысты құбылысқа, қоғам ережелерін бұзуға, еңбексіз күнкөріске деген пиғылдарын, жазадан қорықса да өзгертіп дұрыс жолға салу болып табылады. Арнайы сақтандыру қылмыскерге жаза тағайындау арқылы, оның болашақтағы қылмыс жасауының алдын алуды білдіреді.

Жалпы сақтандыру қылмыс жасауға бейім тұлғаларға заңда көрсетілген тиым арқылы әсер етуді білдіреді. Жазаның бұл мақсаттары қылмыскерді қорқыту және қылмыстық қызметті жалғастырудың нақты мүмкіндігінен айыру арқылы қол жеткізіледі.

Кейінгі кездері кезеңді басылымдарда айтылып жүргендей, қылмыстардан сақтандыру сияқты жазаның мақсатын құқыққа сай емес деп тану қажет деген жарияланымдар көп кездеседі, себебі, дамыған мемлекеттерде “қорқыту” құқылыққа жат, сәйкесінше, тиімді емес.

Әрине, жалпы сақтандырудың тиімділігі аса жоғары емес те шығар, бірақ та біз, қазіргі таңда қылмыстарды жазалап қорыққандықтарынан жасамайтын адамдар жоғалып кетті деп айта алмаймыз.

Сондықтан да, жаза адамгершілік тұрғысындаға тұрақсыз адамдарға әсер етіп, оларды жазадан қорыққандықтан қылмыстық іс әрекеттер жасамауға мәжбүр етеді. Осыған орай қылмыстық заң жазаны мемлекеттік мәжбүрлеудің ең қатаң шарасы ретінде жүзеге асыру ісіне әр қырынан келеді. Заң ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін екінші рет қылмыс жасаған қылмыскерлерге жазалаудың ең қатал шараларын қарастырады. Сонымен бірге, қылмыстық заң қылмыс жасағаннан кейін шынайы өкінген, келтірілген зиянды жойған, қылмысқа қатысқан өзге де адамдарды әшкере етуге көмектескен кінәлілерге айтарлықтай жеңілдіктер де белгілейді.

1. 2 Жазалардың жүйесі және түрлері

Заңда жаза түрлерінің олардың көлемі (мерзімі) және қолданылу ретінің көрсетіліп орнықтырылуының сотталғандарға жаза тағайындау және оны жекешелеу кезіндегі негізгі қағидларды жүзеге асыру үшін маңызды мағынасы бар. Қылмыстық заңдағы белгілі бір ретпен орналастырылған жазалар түрлерінің толық тізімі жазалар жүйесі болып табылады.

Қылмыстық заң сотталған адамға өзінің қатаңдығы, сипаты және ерекшеліктерімен әсер ету жағынан әрқилы жаза түрлерін қолдануды көздейді. Жаза түрлерінің әрқилы болуы сотқа жасалған қылмыстың ауырлығын, оны жасаған адамның қаіптілігін ескеріп және оның түзелуіне барынша әсер ететін, сондай ақ әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіруге әрі жаңа қылмыстардың алдын алуға жол ашатын жаза тағайындауға мүмкіндік береді.

Қылмыстық заңның өзінде барлық соттар үшін міндетті болып табылатын жекелеген жазаларды қолданудың шарты, шегі және тәртібі белгіленген. Мұның өзі Ресублика аумағында қылмысқа қарсы күрес саласында біркелкі жазалау қызметін жүзеге асыруға мүмкіндк береді. Сотталған адамға келтірілген айырудың мәніне қарай жазаның түрлері мынадай топтарға бөлінеді:

  1. Сотталған адамға моральдық жағынан әсер ететін жаза түрлері. Бұған жататындар: қоғамдық жұмыстарға тарту, арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградадан айыру.
  2. Сотталған адамның құқығына шек қоюмен байланысты жаза түрлері: белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығынан айыру, әскери қызмет бойынша шектелу.
  3. Сотталған адамды материалдық жағынан айыруға байланысты жазалар: түзеу жұмыстары, айыппұл, мүлікті тәркілеу.
  4. Сотталған адамның құқығынан немесе бас бостандығынан айыруға баланысты жаза түрлері: бас бостандығынан айыру, өлім жазасы, қамау.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өмір бойы бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның түсінігі
Ұзақ мерзімдерге бас бостандығынан айырудың құқықтық және әлеуметтік салдары
Қазақстанда және шетелдерде өмір бойы бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қолдануды талдау
Бас бостандығынан айыру жазасынын мазмұнын ашу
Бас бостандығын шектеудің қылмыстық жаза ретіндегі ерекшеліктері
Қылмыстық жазаның мақсаттары
Республикасының азаматтығынан айыру
Жапониядағы жазаны өтеу
Қазақстан Республикасының қылмыстық заңының жазалар жүйесінің ұғымы, түрлері және маңызы
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіндегі жазаның мақсаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz