Жыныс гормондары


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жыныс гормондары.

Жоспары:

1. Жыныс гормондарын бөлетін жыныс бездері.

2. Аталық жыныс гормондары.

3. Аналық жыныс гормондары.

4. Жыныс гормондарының әсері.

І. Жыныс бездері гонадалар (грекше gone-пайда болу, aden-без) аралас сөлініс бездері болып есептеледі. Олардың сыртқы сөліністік қызметі жыныс жасушаларын (гаметоциттерді) жасау, шығару. Еркек организмдегі ұрық жолында сперматозоидтар, ал ұрғашы организмдегі аналық безде жұмыртқа жасушалары пісіп жетіледі. Жыныс бездерінің негізгі қызметтерінің бірі көбею немесе репродуктивтік қызметі, сонымен қатар эндокриндік қызмет атқарады. Зат алмасу, көбею жыныс белгілерін ажыратуынан (диференция) бастап, ұрықтың пайда болып, дамып, тууына дейінгі көптеген үрдістерді реттейтін жыныс гормондарын шығарады.

ІІ. Аталық жыныс гормондары ұрық жолының интерстициалды тіндерінің ерекше Лейдиг жасушаларынан жасалады. Бұл гормондар андрогенді деп аталады (грекше андрос - еркек) .

Нағыз еркек - жыныс гормоны тестостерон. Бұдан басқа да бұған қарағанда белсенділігі сәл төмен гормондар бар андростерон, эпистерон.

Андрогенді гормондармен қатар, ұрық жолында аздап аналық жыныс гормоны эстерогендер де жасалынып, бөлініп шығарылады. Андростерон тестосероннан 6-10 есе әлсіз келеді.

Еркек организмінде андрогендер өмір бойы сперматогенезді және қосымша жыныс белгілердің дамуын қамтамасыз етеді. Жыныстық жетілу кезеңінде жыныс мүшелері өсіп, еркектерге тән дене тұлғасы, жүн жамылғысы, дауыс үні және т. б. қалыптасады.

Аталық жыныс гормондары белок түзілуін жеделдетеді, зор анаболиктік қасиеті болады. Сөйтіп, олардың әсері еркектердің қаңқасын, бұлшықеттерін, ішкі ағзаларын өсіреді. Андрогендер шәует безімен қатар бүйрекүсті бездерінде түзіледі. Ол әсіресе балиғаттық шаққа дейін байқалады. Еркектердің организмінде эстрогендер де түзіледі. Эстрадиол, тестестерон сияқты, атабезінде, ал эстерон бүйрекүсті безінің ізашарларынан жасалып шығады.

Аталық жыныс мүшелері экскрециялық та қызмет атқарады. Атабездің қосалқы бөлігінде андрогеннің әсерінен шәует жиналып оның спермотидтері пісіп жетіледі.

Кейін шәуетағар, қосымша бездің құйрық жағы жиырылуы арқылы шыққан, шәуетті үрпектің несеп жолына өткізеді. Бұл эякуляция рефлексі кеінде болады, оның орталықтары жұлынның Th-IX - L-IV және S-ІІ - S - ІV сегменттерінде орналасады.

Еркектердің жыныстық әрекеттерінде қуықасты безі (простата) ерекше орын алады. Ол андрогеннен тәуелді келеді және шәует сұйықтығының 25-35%-ін жасайды, оның түсін, иісін қамтамасыз етеді. Простата секретінің жыныстық қозғыштыққа және спермотозоидтарды белсендіруші әсері де болады. Соңғылардың уақытша сақталуына шәует қапшықтарының және ұсақ бездерінің іркілдек заттары да қатысады. Жыныс мүшесінің ширығу (эрекция) шәуеттің жатырға өтуіне мүмкіндік жасайды. ‍‍

ІІІ. Аналық бездер жамбас аймағында орналасып, жатырдың жалпақ дәнекері арқылы оның түтігіне бекінеді.

Аналық без үш түрлі қызмет атқарады: гаметалық, эндокриндік және жүктілікті сақтау.

Гаметалық (ұрық жетілдіру) - аналық бездерінде жұмыртқа жасушасын түзу және жетілдіру. Жаңа туған кезде аналық бездерде бірнеше жүз мыңнан 2 млн-ға жуық әлі жетілмеген жұмыртқадан құралатын фоликулалар (көпіршектер) болады, олар жалаң қабатты эпителиймен қоршалған, қабырғалары ішкі сөлініс қызметін атқарады. Пісіп жетілген фоликулла граафты көпіршек деп аталады. Жыныстық кемелдену шақта қалыпты атрофиядан кейін 40-60 мың фоликула қалады. Бағыттық кезең аяқталған соң гипофиз гормондарының ықпалынан әрбір ай сайын 300-400 фоликула дамиды. Алайда әйелдердің 30-35 жылға созылатын бала көтеретін шағында небәрі 400 фоликула пісіп жетіледі, қалғандары атрезияға душар болады. Сөйтіп әйелдердің бала көтеретін жасында барлығы 300-500 жұмыртқа жыныстық кемеліне жетеді. Фоликулла жарылғанда жұмыртқа жасушасы шығады, оны овуляция дейді. Овуляциядан кейін фоликулла жасушалары қабырғасында сары пигмент жиналып сары дене түзіледі. Ұрықтанғанда сары дене ұзақ уақыт болады, оны жүктіліктің сары денесі деп атайды. Егер ұрықтану болмаса, ол 10-12 күн қызмет етеді де, кері дамуға түседі.

Эндокриндік қызметі - әйелдердің бала көтеретін кезеңінде аналық бездің қыртыс қабатында фоликулалардың жетілуі, овуляция (жұмыртқа жасушаларының шығуы), орнына сары дене түзілуі, оның жүктілікке байланысты тағдыры оралымды түрде қайталанып отырады. Аналық бездер де ішкі сөлініс (эндокриндік) қызметін атқарады. Фоликулада қуыс пайда болған сәттен жыныс гормондары эстрогендер (эстрон, эстрадиол, эстрол) түзіледі.

Әйел организмңнде фоликуланың даму және жетілу кезеңдері жыныс оралымының ерекшеліктері мол экстрогендік кезін тудырады.

Жыныс оралымының орта кезінде гипофиздің және басқа түрткілердің әсерінен грааф көпіршігі жарылып, құрсақ қуысына жұмыртқа жасушасы шығады. Жарылған фоликуланың қабырғасы қабысып, оның орнында бірнеше сатыдан өтетін сары дене пайда болады. Осыдан кейін жыныс оралымның лютеин кезі басталады.

Жыныстық оралым (цикл) 27-28 күнге созылады. Оны 4 кезеңге бөледі:

1) овуляцияға дейінгі;

2) овуляция кезіндегі;

3) овуляциядан кейінгі;

4) тыныштық кезеңі;

Сары дене етеккірдің және жүктіліктің кезінде әртүрлі қызмет атқарады. Жасөспірімдік және климакс кезеңінде сары дененің белсенділігі төмендеп, тіршілік мерзімі қысқарады. Сары дене бүкіл әйел организмінің оралымды құбылыстарының ырғағына әсер ететін прогестерон және эстерон гормондарын түзеді. Овуляциядан кейін 7-8 күні қанда прогестеронның және несепке прегнандиолдың мөлшері өседі. Ал етеккір келер алдында прогестеронның мөлшері өте азайып, жатырдың кілегейлі қабықшасындағы қантамырларының ішкі қабаты сылынып түседі. Жатырдың кілегейлі қабығы ісініп, жалаңаштанған қантамырларынан қан құйылады да, етеккір келеді. Бұл үрдіс 3-5 тәулікке созылады да, әрбір туар ай сайын қайталанып отырады.

Ментструация оралымы

Әйелдердің қалыпты етеккірі әрбір 21-32 күнде (орта шамамен 28 күнде) жүйелі түрде жатырдан қан ағуымен қайталанып отырады. Ол 3-5 күнге созылады.

Бір оралымы 3 негізгі кезеңдерден тұрады:

1. жатырдың ішкі қабатының жаңаруы (полиферация)

2. секрет бөлу

3. беткейлік қабатының қопарылуы (десквамация)

Полиферация кезі 12-14 күнге созылады. Сары дененің прогестерон бөлуі 10-20 есе өседі. Сөлініс кезінде ұры пайда болған жағдайда прогестеронның әсерінен оны қоректендіретін, құрамында гликоген, мукоид, гликопротеид, микроэлементтер бар сұйықтық бөлінеді. Бұл кезде овуляциядан кейін 7 - ші күні ең жоғарғы деңгейінежетеді.

Ұрықтану болмаған жағдайда лютеин гормоны мен пролактин бөлу кері байланыс әсерінен тежеледі де, ереккірі келуіне 2-3 күн қалғанда, сары дене еріп кетеді. Оның гормондарының тоқталуы лимблиялық жүйе мен гипотоламусқа жаңа жыныс оралымын бастауға мүмкіндік береді. Сөйтіп эндометрий тамырларында қан қысымы көтеріліп, қан іркіліп ішкі қабаты қопарылып түседі (десквамация) .

Жыныс гормондарының әсері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жыныс бездерінің гормондары
Жыныс бездері және плацента гормондары
Сигналдық молекулаларға жалпы сипаттама. Гормондар
Гормондарға жалпы сипаттама
Өрбу физиологиясы
Гуморальдық қызметінің реттелуі. Жас ерекшеліктері
Гормондардың әсері
Бүйрек үсті бездің без заты
Зат алмасуының гормонды реттелуі. Гипоталамус және гипофиз гормондары
Гипофиз гормондары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz