ХХ ғасырдың 80-90 жылдардағы Қазақстандағы ұлтаралық қатынастар


МАЗМҰНЫ
Кіріспе
І-тарау. ХХ ғасырдың 80 жылдардағы Қазақстандағы ұлтаралық қатынастар және оның алғышарттары
1. 1. Кеңес одағындағы ұлт саясатындағы буржуазиялықтар.
1. 2. Қоғамдық-саяси өмірдегі кеңессіз құбылыстар және оның ұлтаралық қатынастарға тигізген әсері.
1. 3. Қайта құруға бағыт кезіндегі ұлтаралық қатынастардың дамуы. Желтоқсан оқиғасы.
ІІ-тарау. ХХ ғасырдың 90 Қазақстандағы ұлтаралық қатынастар.
2. 1. Кеңес Одағының ыдырауы және тәуелсіз Қазақстанның ішкі жағдайы.
2. 2. Қазіргі тәуелсіз қазақстандағы ұлтаралық қатынастардың дамуы. Ұлтаралық интеграция мәселесі.
Қорытынды
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Көптеген мемлекеттер үшін, соның ішінде Қазақстан үшін де өркениетті қоғам құруда тағдырлық мәні бар құбылыс - ұлтаралық қатынастар мәселесі. Дамыған қоғам сол мемлекетте тұратын ұлттардың достығынсыз, өзара түсінушіліксіз жүзеге аса алмайтыны ежелгі дәуірден бері белгілі. Дүниежүзіндегі мемлекеттердің көпшілігі көп ұлтты болатындықтан, адамзат баласын барлық уақытта ұлттық проблеманы шешудің жолдары толғандырып келді. Кейінгі кездері әлемдік қауымдастықтың арасынан өз орнын тапқан этностың құрамы әр түрлі тәуелсіз мемлекеттер пайда болды (соның ішінде Қазақстан да бар) .
Қазіргі жаһандану заманында бүкіл әлем үшін, соның ішінде Қазақстан үшін, соның ішінде Қазақстан үшін ұлтаралық қатынастар этно саяси, демографиялық, экономикалық тағы басқа маңызды факторлердің бірі ретінде қарастырылып отыр. Бұл мәселенің маңыздылығы - ХХ ғасырм соңында дүниежүзінде экономикалық қақтығыстардың кең орын алуы жас тәуелсіз мемлекет Қазақстанда қайталану қаупі жөнінде еді. Сондықтан да жас мемлекет үшін ұлтаралық қатынастар қазіргі полиэтникалық қоғамның белгілердің ішіндегі ең маңыздысы болып есептелінеді.
Қазіргі тәуелсіз Қазақстандағы ұлтаралық қатынастарға ерекше мән бере отырып, оның объективті жақтарын ескеру керек. ХХ ғасырдың 80-90 жж. бұрынғы Кеңес Одағының ыдырау заңдылығы жүріп жатыр. Бұған себеп болған КСРО саяси экономикалық, этностардың орын алуы нәтижесінде КСРО халықтарының ұлттық сана сезімі өсіп, бұл халықтардың ұлт-азаттық күшеюіне әкелген болатын. Бұл өз қатарында КСРО-ның ыдырауына және әлемде жаңа тәуелсіздік мемлекеттердің пайда болуына әкелді. Демек, КСРО-ның өз ішкі саясатында ұлт саясатын бұрмалау нәтижесі осы алып державаның құлауына әкелгені айқын болды. Бұрынғы КСРО-дан бөлініп шыққан тәуелсіз мемлекеттер алдында Кеңес өкіметінің қателерін қайталамай өз геосаяси, этноәлеуметтік, тарихи қалыптасуына орай ұлт саясатын жүргізу үлкен маңызға ие болды.
Кеңес империясы құлағаннан кейін Қазақстан алдында осы мәселелерді шешу проблемасытуындайды. Қазақстан посткеңестік аймақта және полиэтникалық көп конфессионалды мемлекеттер қатарына жататындықтан ұлт саясатында Қазақстанда тұратын барлық халықтар мүддесін ескере отырып шешу керек блды.
Қазақстан өз болашағы мен дамыған өркениетті мемлекет ретінде сақтау үшін тек Қазақстан қоғамында бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау ғана емес, ең маңыздысы өз ұлттық сана-сезімінде жоғары дамыған, ортақ мүдделері бар қоғамның біртұтастығы. Осындай жолдың жүзеге асырылуын полиэтникалық Қазақстан жағдайында ұлттық бірігу (интеграция) ең басты фактор болып табылады. Бұл мәселенің маңыздылығы полиэтникалық Қазақстанның 2030 жылға дейін стратегиялық дамуында айқын көрініс тапты. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ең бір приориттеті шешім болып табылады /1:59-бет/.
Егер сыртқы әсер ықпалды былай қоя тұрып мәселені нақтылай түсетін болсақ, онда Қазақстандағы ұлтаралық қатынастардың аясы үш түрлі фактормен анықтауға болады. Мұның ең алғашқысы - қазір дүниежүзінде полиэтникалық мемлекеттерде кең пайдалана басталған, Қазақстан үшін маңызды ұлттың бірігу, яғни ұлттық инетграция.
Қазақстандағы цитаралық қатынастарды қазіргі заман талабына, тарихи шындық тұрғысынан зерттеу тек Кеңес Одағының ыдырау кезінде және Қазақстанның тәуелсіздігін алумен байланысты.
ХХ ғасяырдың 80-жылдары Кеңес одағындағы орын алған ұлватарық қатынастарндағы дағдарысқа ұшырауы бұл мәселенің маңыздылығын көрсетіп, кеңес және Қазақстан ғалымдарының зерттеуіне түрткі болған еді.
Кеңес одағының алғаш құрылғаннан бастап Ұлтаралық қатынастар мәселесі коммунистік - лаениндвік туындама тұрғыдан қарастырылып заерттелетін болатын. Ұлт саясаты тоталитарлық, әміршіл-әкімшіл жүйенің коммунистік идеологиялық саясаттың бөлінбес бөлшегі ретінде қарастырылғандықтан, саол кезден ғалымдар бұл мәселесі коммунистік идеология тұрғыдан зерттеді. Бірақ осы кезде Қазақстандағы цитаралық қатынастар мәселесі де қазақ қоғам қайраткерлерінің еңбектерінде де елеулі орын алған болатын. Белгілі қазақ қайраткері - Мұстафа Шоқай қазақ жеріндегі цитаралық қарым-қатынасстарды. «Түркістан под влсастью Советов» атты еңбегінде циттық тұрғыдан қарастырды. М. Шоқай өз еңбегінде Қазақстандағы кеңес өкіметінің цит саясаттың қазақтардың мүддесіне мүлде қайшы келетін және боның қазақ халқына тек қайғы-қасірет әкелетін алдын-ала болжаған еді.
Кеңес өкіметі шындарында Қазақстандағы ұлтаралық қатынастарды зерттеу 50-60 жылдардың өзінде-ақ қаланған еді. Бүкіл кеңес ғалымы сияқты Қазақстан зерттеушілері өз зерттеулерін марксистік-лениндік-сталиндік концепция тұрғыдан жазған болатын.
Цитаралық қатынастар теориясын сол кездегі атақты ғалымдар Н. Сәрсенбаев М. Сужиков Н. Жандилдин, Т. Сәрсенбаев, Д. Кішібеков, Р. Абсаттаров қарастыра бастаған еді.
Бұл мәселе бойынша алғашқы публикациялар 50-60 жылдары пайда болды және негізінен олар қазақ социалистік циттың құрылуына арнап жазған еді.
2) Ұлтаралық интеграция Қазақстанда барлық ұлтаралық біртұтас азаматтық қоғамға бірігуіне жағдай жасаса, екінші жағынан осы азаматтың қоғамда этникалық ерекшелігі мен сана-сезімінің сақталуына септігін тигізеді. Бұл қазіргі ұлтаралық қатынастардың дамуындағы бірден-бір шешуші фактор.
Екінші фкатор - ішкі этносаясатты ескере отырып, дербес мемлекеттікті сақтау және дамыту. Бұл - Қазақстандағы ұлттарды біріктіруге әсер ете алатын қазақ тілін дамыту және нақтылы әрекетке ұластару. Бұл Қазақстанның аумақтық тұтастығы.
Ең соңында, саяси идеялардың әрекетсіз, «ауаға ілінгендей» болып қалайтыны өзінен өзі белгілі. Бұл ретте, Қазақстан аумағындағы барлық халықтардың ұлттық мүдделерін көздейтін ортақ циттық мүдде туралы айтып отырмын.
Циттық мүдде - бүкіл дүние жүзінде барлық өркениетті мемлекеттер үшін оның мемлекет ретінде қалыптасуына, қоғамның бірігуіне әсер ететін фактор болып табылады. Сондықтан циттық мүддені мемлекеттің маңызды приоритетті мәселесі екені заңды құбылыс.
Еңбекте Қазақстан үлгісінде қазіргі ұлтаралық қатынастар мәселесі ззерттеленеді. Сонымен байланысты онда мынандай мәселелерге көңіл бөлінеді: полиэтникалық қоғамдағы циттық және цитаралық қатынастардың ролі мен алатын орны, қоғамға субъективті және объективті факторлардың тигізген әсері. Ерекше көңіл бөлінген мәселе цитаралық қатынастардағы шиеленістер мен қарама-қайшылықтар табиғаты. Ұлтаралық қарама-қайшылықтар бір жағынан қоғамда тұрақсыздық пен қақтығыстардың орын алуына әсер етсе екінші жағынан ол қоғамның бірігуіне жол бермейді. Сондықтан осы қарама-қайшылытар Қазақстан көпцитты қоғамында орын алуына жол бермеуіміз қажет. Және оның маңыздылығын Қазақстанның әрбір азаматы түсіну оның азаматтың және адамзаттың парызы болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Ұлтаралық қатынастар дүние жүзіндегі полиэтникалық мемлекеттердің маңызды рөл атқарғандықтан, ғалымдар ұлтаралық қатынастар мәселесіне бұрыннан көңіл бөле бастаған еді.
І-ТАРАУ.
ХХ ғасырдың 80-ші жылдарындағы Қазақстандағы ұлтаралық қатынастар.
1. 1. КСРО-ның Ұлы саясатындағы .
Дүниежүзіндегі мемелкеттердің көпшілігі көп ұлтты болатындықтан, адамзат баласын барлық уақытта ұлттық проблеманы шешудің жайдары толғандырыпкелгені белгілі. Қазіргі заманда бүкіл әлем үшін, соның ішінде Қазақстан үшін де ұлтаралық қатынстар саяси, әлеуметтік, экономиклық тұрақтылықтың ең маңызды факторы ретінде қарастырылып отыр. Бұл мәселенің маңыздылығы - «Ұлтшылдық ғасыры» деп аталған ХХ ғасырда дүниежізінде кең етек алған ұлтаралық қақтығыстардың жас тәуелсіз мемлекет Қазақстанда да орын алу қаупінде жатыр. Сондықтан да ұлтаралық қатынастар - көп ұлтты Қазақстан қоғамы үшін ең маңызды фактор болып есептелінеді. Тәуелсіз Қазақстандағы ұлтаралық қатынастарға ерекше көңіл бөліне отырып, оның объективті жақтарын ескеру керек. ХХ ғасырдың 80 жылдар аяғы 90 жылдар басында көпұлтты тоталитарлық мемлекет Кеңес одағының ыдырау заңдылығы жүріп жатты. /1/.
Кеңес одағында жүргізілген тіл, мәдениет, дәстүрлерді унификациялау мен орыстандыру сасясаты ұлттармен тоталитарлық жүйе арасында қарама қайшылықтың шиеленісуіне әкеліп. ұлттар арасында қатынастардың күрделенуіне жол берді. Соның нәтижесінде Кеңес одағының ұдт саясаты аз мүмкіндіктерін жоққа шығарып, ұлттар және ұлтаралық қатынастар проблемасын шеше алмайтын жағдайға жетті.
ХХ ғасырдың 80-ші жылдарындағы Кеңес одағында ұлтаралық қатынастардың шиеленісуіне себеп болған - Кеңес одағының алғаш пайда болған кезде пайда болған кезде қабылданған заңды құжаттар еді. /3/
Кеңес одағының ұлт мәселесін шешуде екі құжат ерекше маңызға ие болды: 1) 1917 жылдың 15 қазандағы «Ресей халықтарының құқытық декларациясы»; 2) 1918 жылдың 3 қаңтарындағы «Еңбекші халықтарының құқықтық декларациясы». Бірінші құжат бөлімнен тұрады: «Халықтардың теңдігімен егемендігі»; «Халықтардың тәуелсіздікке құқыды», «Барша жеңілдіктермен шектеуліктердің жайылуы», «Аз ұлттар мен этнографиялық топтардың еркін дамуы». Ал екінші құжатта «Кеңес Ресей Республикасытәуелсіз халықтардың еркін одағы мен федерациясы ретінде құрылытандығы» ерекше атап көрсетілгені.
Кеңес одағының алғаш құрылғаннан бастап ұлт мәселесіне ерекше көңіл бөле бастады. Мәселен 1918-1923 жылдар аралығында Мәскеуде ұлттық республикалар делегациялары қатысқан төрт бүкіл одақтық кеңес одағының ұлт саясатындағы негізгі бағыттарын ашып көрсетеді. Бұл құжаттар В. И. Лениннің ықпалында жатқандықтан, онда негізінен таптық күрес негіз болды. Ленин Ресей халықтарының теңдігін жақтап, былай деп жазды: «Мы признаем себя равноправнымис Украинской ССР и другими и наравне с ними входим в новый союз, новую федерацию, союз советских Республика Европы и Азий». Лениннің бұл тұжырымдамасында қарап отырғандай халықтарың теңдігімен тәуелсіздігі туралы ашық айтылады.
Бірақ өкінішке орай, В. И. Лениннің қайтыс болуымен, Кеңес одағында ұлт саясаты үлкен түбегейлі бет бұрысқа тап болды. Кеңес одағының ұлт сасятаныдағы бұрмалаушылықтың орнауына жол берген. Кеңес өкімет басына И. Сталиннің өз үстемдігін орнатуы себеп болды. Сталиннің билік басына келуі Кеңес одағының ұлт саясатында жүргізген өрескел, қатыгез, қайғыға толы өктемдігі қазақ халқы үшін орны төмен қасіретке әкелді. Сталин және оның қолшоқпарлары жүргізген саясат қазақ халқын өз жерінде аз цитқа айналу қаупін туғызады.
Қиянатқа толы Сталиндік - Галощекиндік ұжымдастыру кезінде жер бетінен жүздеген мың қазақ жайылып, шетелге , басып кетуге әкелді. Мұндай өте қысқа мерзім ішінде осыншалықты қырғынға ұшыраған халықты оған дейін де, одан кейін де адамзат тарихында боған емес. Ал «қызылдар империясы» өзінің қитырқы, зымиян саясатын одан әрі жалғастырып, босап жатқан қазақ жеріне жар-жақтан басқа халықтар, басқа ұлттарды қуып әкекліп тотығумен болды. Яғни, қазақ халқы өз дерінде аштықтан қырылап жатқанда, басқа республикалардан келген адамдар есебінен Қазақстан халқы «толықтырылып» отырған екен. Кеңес одағының қазақ халқы тарапына жүргізген саясаты қазақтар үшін прогрессивті болмай қайта қазақ халқын жаныштап, оның ұлттық сана-сезімін, ар-намысын аяққа тапталуына әкелді. Соның нәтижесінде қазақ халқы өз жерінде барлық құқықтарынан айырған халықтар қатарына қосылады.
Сондай-ақ Сталиннің тағы бір саясаты-Кеңес одағының көптеген ұлттарын жер аударту. Көп цитты Кеңес одағы алғаш қаланғаннан кейін-ақ онда өмір сүрген халықтардың барлық құқықтары мен бас рекідіктері заңды қабылданған құжаттарда көрініс тапса, одан кейін ұл құқықтар өрескел бұзылды. ХХ ғасырдың 30-50 жылдары орын алған халықтар депортациялары Кеңес одағында бүкіл халықтардың басабайлы құндарға айналғанын ашық айғағы еді. Көптеген цит өткелдері Қазақстанға жер аударылды. Қазақ жері «Халықтардың түрмесіне» айналды. 1936 жылдан бастап, 50 жылдар ортасына дейін Қазақстан тек Орта Азия аудандарына 55 ұлт пен ұлыстардың өкілдері жер аударынды. Қазақстанға 1937 жылы сонау Қиыр шығыстан Жапонияға көмек көрсетеді деген сондықтан 102 мың күріс отбасы жер аударылды.
Одан кейін 1940-41 жылдары Батыс Белоруссия мен Батыс Украйнадан 102 мың поляктар жер аударылды. 1941 жылы жазда Кеңес одағына Фашистік германияның шабуыл жасауы Кеңес одағында аз ұлттар тарапынан жүргізген саясаттың орын түсуіне әкелді. 1941 жылы күзде Еділ бойында, ежелден-ақ Ресейде өмір сүріп келе жатқан, Кеңес өкіметі кезінде Еділ немістердің автономиясы деп жарияланған немістер аймағы деп аталады. Германияға қолдау көрсетеді Және олардың жансыздары деген жалған жалалар нәтижесінде 1 миллионнан астам неміс Шығысқа айдалды. Олардың 425 мыңы Қазақстан аймағына көшірілді. Бірақ бұл зиймат бұдан кейін тоқтаған жоқ. 1943 жылы Қазақстанға 2 мыңнан астам қалмақ, 30 мыңдай қарамай көшірілді. 1944 жылы тағы да 55 мыңнан тастам қырым татарлары мен балқарлар, Солтүстік Кавказдан 325 мың шешендер, 83 мың ингуттар өз ата мекенінен зорлықпен көшірілді. Оларға қоса Қазақстан аймағына Еврейлер, Күрттер, Гректер, ассириялықтар және тағы басқа хлықтар мен ұлт өкілдері мың-мыңдап айдалынып әкелінді. Тіпті ол аз болғандай, Екінші Дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін де Кеңес одағына опасыздық жасады деген желеумен 1948 56 жылдары «бұрынғы басшылар мен власовшылар» да нақ осы Қазақстан аймағына жіберілді. Сонымен қатар Батыс Украинада бұрын Украина ұлтшылдары немесе бандерліктер деп аталып кеткен украиндіктер де Қазақстан аймағына жер аударылды. Осындай саясат нәтижесінде қазақ жеріне зорлықпен көшіріліп әкелінген халықтар саны бұл кезде 890 698 адам болатын. Арнай жүргізілген күшпен қоныстандыру шаралардың нәтижесінде 1954 жылдың 1-ші қаңтарына қрай Қазақстанға қоныс аударылғандардың жалпы саны 1 млн. 976 мың 746 адамға дейін жетті. Осындай зұлмат нәтижесінде Қазақстан аймағында 7 залық, 51 ұлт ұлт өкілдері қоныс тепті.
Жоғарыда көрініп отырғандай Қазақ жері аз уақыт ішінде көп ұлттар тұратын аймаққа айналады. Мұның мұндай жағдайға әкелгені Сталин және оның қамқорларының жүргізген саясаты негіз бола алады.
Бірақ өкінішке орай, бұл зұлмат мұнымен тоқтаған жоқ. Сталин кезінде басталған «қоныстандыру» саясаты оның мұрагері - Н. С. Хрущев тұсында да жалғасын тапты.
1953 жылдың 5 наурызында И. Сталиннің қайтыс болуы бүкіл Кеңес одағында халықтардың болашаққа сенімін қайта жандандырады. Бірақ бұл сенім жалған болып шықты. Билік басына келген Никита Сергеевич Хрущев сонау патша кезінен басталған ұлы саясатын жалғастыруда қызу кірісті. Оның «тың игеру» саясаты бүркеленген орыстандыру қоныстандыру саясатының жалғасы болады. (1954 жылдан басталған тың игеру науқаны Қазақстан аймағына тағы да жүздеген тың адамдардың қоныс аударуыны әкелді. Қазақстанға тың игерудің алғашқы жылдарында-ақ 1 миллионнан астам адам) .
1954 жылы КОКП Орталық комитеті ақпан-наурыз Пленумдарында елімізде азық-түлік мәселесін шешу үшін шығыс аудандарда тың және тыңайған жерлерді игеру мәселесі қойылды. Оны игеруге Қазақстан кеңінен қарастырылды. Мұнда қысқа мерзімінде тың жерлерді игеру есебінен егіс көлемі 35 млн. гектарға дейін жетті, солтүстік аудандарда жүздеген жаңа поселкалар, совхоздар салу көзделеді. Осы жоспарды жүзеге асыру үшін тың өңіріне жүздеген мың қоныстанушылар келіп, оларды орналастыру үшін тұрғын үй мен жұмыспен қамтамасыз етті.
Қазақстанға Ресей мен Украина, Белоруссиядан және басқа да одақтас республикалардан тыңды жаппай игерудің бірінші кезеңінде (1954-1956 жж. ) 640 мың адам келді, бұлардың ішінде 391, 5 мың ауыл шаруашылық механизаторлары, 50 мың құрылысшы, 3 мың денсаулық қызметкерлері, 1, 5 мыңдай мұғалім, 1 мыңнан астам сауда қызметкерлері және тағы басқа да мамандар еді. Бұлардан басқа республикалардан механизация училищелерден келген 19, 8 мың адам Қазақстанға басшылықтар ретінде жоғары және орта білімі бар 2 088 адам жіберілді.
Жалпы тың игеру жылдары Қазақстанға 2 млн. -на н астам адам көшіп келді. Әрине бұлардың көпшілігі орыстар мен басқа да славян тектес ұлт өкілдері болды. Қазақстанға жаппай көшу бұл аймақта автохмонды халық қазақтардың демогравфиялық ахуалын күрт өзгертті. Тың игеруге дейін қазақтар өз ** кейінде барлық халықтың негізгі бөлігін құраса, енді тың игеру жылдарында бұл жағдай түбегейлі өзгерді. Қоныстанушылардың көпшілігі Қазақстанның солтүстік облыстарында, яғни тың жерлерде қонысталғандықтан, бұл аймақта қазақтардың үлес салмағы күрт азайды.
Кеңес үкіметінің саясатының жалғасы ретінде Қазақстанның солтүстік обылыстарында қазақ мектептері мен балабақшалары, жергілікті клубтар қоныстанушылардың қарамағына беріліп отырды. Соның нәтижесінде солтүстік аймақтарда қазақ мектептері мен балабақшалары саусақпен санарлықтай аз қалды. Мәселен, 1956 жылы Ақмола обылыснда 154 қазақ мектебі жұмыс істесе, 1991 жылы, яғни Қазақстан тәуелсіз мемлекет болған кезде, олардың саны 57 мектепке дейін қысқарды. Бүкіл Қазақстанда 700-ден аса қазақ мектебі жабылды. Олардың барлығы тың игерушілерге беріліп отырды. Міне, осылай еңбекшілердің құқықтарын қорғайтын кеңес үкіметі өз саясатын жүргізді.
Тың игеру өз шығынын өтеді. Шындығында тың игеру үшін Кеңес одағы 4 есе шығынға батып, үлкен тіпті ұлттық демографиялық апаттарға жол берді. Бұл неліктен болды.
Біріншіден Ресейде (қоныс аударушылардың негізгі бөлігі осы елден болғандықтан) тың мен село жылдары 105 мың ауылмен село қаңырап бос қалды.
Соның нәтижесінде Рсесйдің өзінде құнарлы аймақтар өңделмей, барлық қаражат тың игеруге жұмсалғандықтан, астық өсіру азайып, бұл азық-түлік тапшылығына әкелді.
Екіншіден Қазақстанда тың теру үшін ондаған миллиард сом жұмсалса да, ол күткен нәтиже бермеді. Себебі тың жерлерді жыртқыштықпен пайдалану жердің құнарсыздануына әкеліп бұл өз кезегінде астықтың түсімін азайтты. Тың игерудің барлық кезеңдерінде астықтың түсімі азая берді. Ал Кеңес басшылары мақтана айтқан 1 млрд. пұт - бар болғаны 16 млн. тонна астық қана болған еді.
Үшіншіден, тың игеру Қазақстанның дәстүрлі шаруашылығы - мал шаруашылығына орны толмас әкелді. Тың игеру нәтижесінде мал жайылымға қолайлы жерлер жыртылып, мал жайылатын аймақтаркүр азайды. Соның нәтижесінде Қазақстанда Кеңес үкіметі мақсат еткен - мал санын 50 млн. басқа жеткізу жоспары орындалады.
Төртіншіден, ең маңыздысы - қоныстанушылардың жаппай көшіп келуі, әсіресе, Қазақстанның солтүстік, шығыс, орталық аймақтарына қоныстанушылардың шоғырлануы, бұл аймақтағы қазақстардың демографиялық, тіл, мәдениеттік дағдарысының пайда болуына әкелді.
Демографиялық жағынан қазақстар өз Отанында аз айналу қаупі төнді. Егер ХХ ғасыр басында бүкіл Қазақстан тұрғындардың 92%-ын қазақтар құраса, 1959 жылғы санақ бойынша Қазақстанда қазақстар барлық тұрғындардың - 30%-ын ғана құраған еді. Ал орыстардың үлес салмағы керісінше күр өсіп, енді олар Қазақстан халқының негізгі бөлігін құрады.
Мұндай ара-салмақты тек тың игеру кезінде орын алды деуге шындыққа жанаспайды. Ол әлдеқайда тереңде жатыр.
Бұл 1916 жылдан басталып, 1917, 1921, 1928-33 жылдары орын алған тарихи құбылыстарға байланысты. 1916 жылғы көтеріліс кезінде жалпы қазақстардың саны 5 млн. 650 мың адамға жеткен болатын Осы кезде қазақтар саны жағынан дүние жүзінде түркі тілді халықтар ішінде екінші орынға (Анатолий түріктерінен кейін), ал Ресей империясы мен бұрынғы Кеңес одағына бірінші орында болды. Ал осыдан 30 жыл өткен соң, яғни большевиктердің үстемдігі тұсындағы демографиялық аппараттың нәтижесінде, олар үшінші орынға түсіп, олар үшінші орынға түсіп қалды. Бұл большевиктер тұсында орын алған тарихи оқиғалар - 1917-1920 жылдардағы азамат соғысы, 1921 жылғы аштық, 30 жылдардағы репрессиялар, 1928-30 жылдардағы кәмпеске, ұжымдастыру, 1931-1933 жылдардағы аштық, 1939-1945 жылдардағы Екінші Дүние жүзілік соғыс, 1954-1965 жылдардағы тың игеру, осының барлығы қазақстардың демографиялық апатқа ұшырауына басты себепші болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz