Абай (Ибраһим) Құнанбай ұлы



Абай (Ибраһим) Құнанбай ұлы 1845 жылы Шығыс Қазақстан жерінде, Семей облысы Шыңғыс болысында ірі.феодал сұлтан Құнанбайдың отбасында туды. Болашақ ақын туған халқының өмір.тұрмысымен, туған жерінің жаратылысымен осы өз ауылында танысты. Абай жеті жасқа келгенде әкесі Құнанбай Қарқаралы округіне сұлтан болып тағайындалды. Құнанбай өз ескілігіне өзі берік болды. Абайдың естілігін ерте сезді де, оны өз ескілігіне қарай баулу үшін Абайдың алдын.артын бірден шырмап, отыздан асқанша өз тұрғысынан басқа шоқыға шығып қарауылдауына ерік бермеді. Әкелік, әкімшілік, мұсылмандық тіпті, әдет.ғұрыптық басымдылығын пайдаланып, Абай өрісін тұсады.
Құнанбай патшаның жақтасы бола отырып та, фанатиктігіне жеңдіріп, баласын орыс мектебіне жібермеді. Астыртын орыс мектебінен Абай сабақ алып жүр дегенді естіп, медресені толық бітіртпестен Абайды қаладан ауылына қайтарып алған. Ел билеу жұмысына, жаңадан ұйымдасқалы жатқан көрші округіне сұлтан жасауға асыққан. Бірақ сұлтандық үкіметтің өмірі ұзаққа бармады. 1868 жылы реформа бойынша сұлтандық қысқартылды. Оның орнына одан көлемі кші болыстық, ел билеу системасы жасалды. Болыстан жоғарырақ әкімшілік орындарға қазақтан адам отырмайтын болды. Құнанбай болыстық лауазымды өз басына азсынды. Бірақ билікті қолынан шығармау үшін бала жігіт Абайды өз болысына управительдікке ұсынды. Абай оған қарсы болды. Осыдан Абай мен әкесі арасында көптен келе жатқан қайшылық сыртқа шықты.
Баласына өкпелеген Құнанбай өзіндей қырыс, өзінің тілінен шықпайтын бір інісін управительдікке тағайындатып, Абайды кемшін ұстады. Алайда, Абайға күндестер келесі сайлауға шейін әкесімен татуласып, орнын алып қоймас үшін түрлі айла құрып, Абайды өз елінен басқа елге 1875 жылы әкімшілікке тағайындады. Абай өз еркінен тыс үш жыл елбилеу . әкімшілік міндетін атқарды. Абай әкімшілік міндетін атқарған елдің бай.феодал шонжарлары оның басына қастандық ұйымдастырады., уезд, губерния бастықтарына арыздар жолдады. Сан түрлі жала жауып Абайдың басын 10 жылға созылған дау.жанжалға ұшыратты. Абай осы кезде Ресейдің ресми уәкілдерінен, басқа демократиялық Ресейдің адамын көрді. Абай бұл адамдардың, сөзінен де, ісінен де, пейілінен де халықтық, демократиялық Ресейді, оның таңдаулы уәкілдерін көрді.
Абайды олар адам деп таныды, бауырым деп жақын тартты. Абайдың болашақ зор адам екенін бірден бағалап, құрметпен қатынас жасады. Сондай адамның бірі . демократиялық Ресейдің уәкілдерінің бірі . Евгений Петрович Михаэлис еді.
Абайдың дүниеге көзін ашуға себепкер болған Е.П.Михаэлис, Чернышевскийдің, Добролюбовтың ой.пікірлерінен нәр алған Н.В.Шелгуновтың жолдасы. 1880.1884 жылдар шамасы, Абайдың отызды орталап қырыққа тақаған жасына тура келеді. Осы кезде 1883 жылы Құнанбай өліп, Абай оның да тырнағынан құтылады.
Е.П.Михаэлис . Абайға көмектесу, дүние таныту, орыстың классикалық әдебиеттерімен, мәдениетімен, прогрестік үздік ой.пікірлерімен

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
1.1. Абай (Ибраһим) Құнанбай ұлы 1845 жылы Шығыс Қазақстан жерінде, Семей
облысы Шыңғыс болысында ірі-феодал сұлтан Құнанбайдың отбасында туды.
Болашақ ақын туған халқының өмір-тұрмысымен, туған жерінің жаратылысымен
осы өз ауылында танысты. Абай жеті жасқа келгенде әкесі Құнанбай Қарқаралы
округіне сұлтан болып тағайындалды. Құнанбай өз ескілігіне өзі берік болды.
Абайдың естілігін ерте сезді де, оны өз ескілігіне қарай баулу үшін Абайдың
алдын-артын бірден шырмап, отыздан асқанша өз тұрғысынан басқа шоқыға шығып
қарауылдауына ерік бермеді. Әкелік, әкімшілік, мұсылмандық тіпті, әдет-
ғұрыптық басымдылығын пайдаланып, Абай өрісін тұсады.
Құнанбай патшаның жақтасы бола отырып та, фанатиктігіне жеңдіріп,
баласын орыс мектебіне жібермеді. Астыртын орыс мектебінен Абай сабақ алып
жүр дегенді естіп, медресені толық бітіртпестен Абайды қаладан ауылына
қайтарып алған. Ел билеу жұмысына, жаңадан ұйымдасқалы жатқан көрші
округіне сұлтан жасауға асыққан. Бірақ сұлтандық үкіметтің өмірі ұзаққа
бармады. 1868 жылы реформа бойынша сұлтандық қысқартылды. Оның орнына одан
көлемі кші болыстық, ел билеу системасы жасалды. Болыстан жоғарырақ
әкімшілік орындарға қазақтан адам отырмайтын болды. Құнанбай болыстық
лауазымды өз басына азсынды. Бірақ билікті қолынан шығармау үшін бала жігіт
Абайды өз болысына управительдікке ұсынды. Абай оған қарсы болды. Осыдан
Абай мен әкесі арасында көптен келе жатқан қайшылық сыртқа шықты.
Баласына өкпелеген Құнанбай өзіндей қырыс, өзінің тілінен шықпайтын
бір інісін управительдікке тағайындатып, Абайды кемшін ұстады. Алайда,
Абайға күндестер келесі сайлауға шейін әкесімен татуласып, орнын алып
қоймас үшін түрлі айла құрып, Абайды өз елінен басқа елге 1875 жылы
әкімшілікке тағайындады. Абай өз еркінен тыс үш жыл елбилеу - әкімшілік
міндетін атқарды. Абай әкімшілік міндетін атқарған елдің бай-феодал
шонжарлары оның басына қастандық ұйымдастырады., уезд, губерния
бастықтарына арыздар жолдады. Сан түрлі жала жауып Абайдың басын 10 жылға
созылған дау-жанжалға ұшыратты. Абай осы кезде Ресейдің ресми уәкілдерінен,
басқа демократиялық Ресейдің адамын көрді. Абай бұл адамдардың, сөзінен де,
ісінен де, пейілінен де халықтық, демократиялық Ресейді, оның таңдаулы
уәкілдерін көрді.
Абайды олар адам деп таныды, бауырым деп жақын тартты. Абайдың болашақ
зор адам екенін бірден бағалап, құрметпен қатынас жасады. Сондай адамның
бірі - демократиялық Ресейдің уәкілдерінің бірі - Евгений Петрович Михаэлис
еді.
Абайдың дүниеге көзін ашуға себепкер болған Е.П.Михаэлис,
Чернышевскийдің, Добролюбовтың ой-пікірлерінен нәр алған Н.В.Шелгуновтың
жолдасы. 1880-1884 жылдар шамасы, Абайдың отызды орталап қырыққа тақаған
жасына тура келеді. Осы кезде 1883 жылы Құнанбай өліп, Абай оның да
тырнағынан құтылады.
Е.П.Михаэлис – Абайға көмектесу, дүние таныту, орыстың классикалық
әдебиеттерімен, мәдениетімен, прогрестік үздік ой-пікірлерімен
таныстыруында ешқандай бұлталықсыз жәрдемдесті және ол Семей қаласына келіп
орналасқаннан кейін көптеген игілікті істердің инициаторы болды. 1878 жылы
Семей облыстық санақ комитетінің құрылуына көмектесті. Жұртшылық көмегін
ұйымдастырып осы күнгі Гоголь атындағы кітапхананы ашуға қатынасты.
Кітапхананың маңызы өте күшті болды. Қала, қыр интеллигенцияларының өз
бетімен білім алуына көмегі тиді. Абай орыс біліміне осы кітапхана арқылы
қанықты. Жер аударылып келген ойлы азаматтар да рухани сусынды осы
кітапханадан алып тұрған. Михаэлис, Долгополов, Леонтьевтер Абаймен осы
кітапханада танысты. Абай осы кітапхананың әдебиет қазыналарын кең түрде
пайдаланған.
Абай сексенінші жылдары орыс халқының классик жазушылары Крыловты,
Лермонтовты, Пушкинді, Салтыков-Щедринді, Толстойды т.б. оқыды. Бұлардың
шығармаларына жазылған сынға да зер салып отырды. Белинскийді,
Чернышевскийді, Добролюбовты оқып, олардың демократиялық ой-пікірлерімен
танысты. Ол 1880-1882 жылдары Семей қаласында алғашқы рет орыстың
революцияшыл демократтарының шәкірттерімен танысқан кезінде, әсіресе
олармен бауырласа бастаған кезінде 1812 жылғы Отан соғысына 70 жыл толуды
тойлаған. Туған жер, өскен елден алыста жүрген жастар, сол ел үшін қайысқан
қабырғасына өз мұңын қосып ол күнді айрықша еске алды.
Абай шығармаладында өмірдің әр алуан жақтары қамтылады. Ақынның
көтерген негізгі мәселелерінің бірі, өз тұсындағы жұртшылық кемшілігін
сынға алу болды. Бұл жөнінде өз көзімен көрген өз басынан кешірген
жағдайларды да сөз етті. Ел есінен, қоғамдық мәселелерге тікелей араласа
келіп Абай әділетсіздікті көрді. Бай-феодалдардың қулық-сұмдығын,
зұлымдығын әшкереледі. Би-болыстардың бүлдіргіштік әрекетті ашты. Халық
басындағы ауыртпалықтарды көріп Абай қатты күйзелді. Ізгілікті аңсаған Абай
құлаш ұрып қарманып, шығар жолды іздеді. Өнер де, ізгілік те болашақ та
орыс халқында деп түсінді. Сондықтан Пушкин, Лермонтов шығармаларын қазақ
тіліне аударып, қазақ даласына кең таратып, халықты рухани жағынан
азықтандырып отыруға күш салды. Крыловтың мысалдарын аударып, қазақтың бай-
феодалдарын мазақ етіп, күлкіге айналдыруға құрал етіп пайдаланды.
Сонымен бірге, Абай сол қоғамдағы адамдардың өзара қатынасын типтік
жақтарын өз шығармашылығында ашып көрсетіп оларға тән мінез-құлықтарды
жинақтап, шебер суреттеп отырды. Абай заманына наразы бола тұрса да өмірден
торықпайды. Сары уайымға салынбайды. Болашаққа үмітпен қарап, алдағы өмірге
сенеді.
Абай өз шығармаларында өмір картинасын көркемдікпен суреттеп бере
отырып, қоғамдық өмірдің ішкі жағдайын қатты сынға алады да, зілді күлкімен
мінеп сөгеді. Ол кезде ұлыққа жағыну, өтірік шағым беріп ел-ішін бір-біріне
өшіктіріп отыру, қазақ даласында етек алып үстем таптардың негізгі әдетіне
айналған құбылыс еді. Осыны дер кезінде көре білген ақын ел ішін бүлдіріп,
қиян-кескі дау-жанжалды тудырушылар тек – феодалдар, олардың сойылым соғушы
атқамінерлер екінін шығармаларында ақиқаттықпен суреттейді. Әркім бір ит
сақтап жүр ырылдатып деп улы сөзбен бүреді. Қоғам құрылысындағы ар-ұят
адамгершіліктен безген қанаушы таптың азғындаған кейпін, халық басындағы
ауыртпалықты Абай дұрыс және шебер көрсете алады.
Қазақ ауылындағы осы сияқты қым-қиғаш, дау-шар мен ұры-қарыны, содыр-
сотқарды екі жүзді зымиян ар-ұяттан безгендерді сынап, олардың мінін
көрсете отырып, Абай жұртты көбінесе адамгершілікке шақырады. Адам, достық
шын махаббатты аңсайды. Абай келешекке қол созып, жаңа адамдарды, жаңа
дүниені арман етеді. Ол үшін жақсылық пен жамандықтың, ізгілік пен
зұлымдықтың арасына шек қоя отырып, феодалдық салт-сана, әдет-ғұрыпқа
жиіркене қарап, халықты ізгілікке, адамгершілікке үндейді.
Данышпан ақын әйелдердің бас бостандығын шығармаларында негізгі
мәселенің бірі етіп көріп отырады. Абай өз шығармасында ескі әдет-ғұрыпқа
өлтіре соққы беріп, әйел теңдігі мәселесін қазақ әдебиетінде бірінші рет
көтереді. Әйел басын допша домалатып, азаматтық арына дақ салмақшы
болғандарды мінеп сөгеді.
Есерлер жас қатынды тұтады екен,
Жас қайғысын білдірмей жұтады екен- деп әйел мұңын олардың ізгілік
тілегін, аңсаған арманын үнемі жоғары қойы отырды.
Абай әйел теңдігін сөз ете келіп, лирикалық шығармаларында
сүйіспеншілік, махаббат мәселесінде де ерекше көңіл аударды. Азаматтық
бостандықты сөз еткенде: жастардың тауып сүйгеніне қосылу мәселелерін
көтеріп отырады да, мұны шығарманың арқауы етіп алады.
Табиғат көрінісін суреттеуде Абайда зор эволюция бар. “Жазда” ол әлі
көбінесе көшпелі ауылдың көктемдегі сәулелі жағын көреді. “Жазғытұрыда ” –
ол көркем табиғат пен жазғы өмір құшағындағы ауылдың жыршысы; “Қыста ”
қатуыл үскірік көрінісін тамашалап суретке салумен қатар, шидем мен тонды
қабаттап киген малшыны да көреді; ал “Күз”, “Қараша, желтоқсан мен сол бір
екі айда” ақын жаратылыс құбылыстарын әлеумет тұрмысы кедейдің ауыр өмірі
арқылы байға бабымен келген күз кедейге жәйсіз келетінін бейнелеп береді.
Абай өзінің толық тұлғалы өлеңімен қазақ поэзиясының өрісін кеңітті,
бұрын қазақ поэзиясының ауқымына сыймаған мәселелерді, өмір көріністерін
шығармасына арқау етіп жырлады. Әлеуметтік, тұрмыс-экономикалық мәселелерді
сипаттау, адам характерін, образын жасау, сүйіспеншілік нәзік сезімдерді
суреттеу, табиғат көркін бейнелеу, міндіні қаза мінейтін сатира жасау
өнеріне Абай өнегелі озық шебер.

2.1. Абай шығармалары тілінің лексикасы
Абай шығармашылығының дені — поэзия. Демек ақын лексикасын сөз еткелі
отырмыз. Жалпы ақын лексикасын - поэзия тілінің сөздік құрамын негізгі
үлкен екі тұрғыдан зерттеуге болады. Өлеңмен жазылған шығармада жеке сөздер
мен сөз тіркестері белгілі бір көркемдеу міндетін атқарып тұрады: біреулері
эпитет болып, бір затты (нәрсені, адамды) анықтап, суреттеп, бейнелеп
тұрса, енді біреулері оны басқа бір нерсеге теңеп турады. Сондай-ақ сөздер
әсірелеу, мағына ауыстыру т.б. сияқты поэтикалық сан алуан тәсілдерге
қажетті материал болып келеді. Бұл — лексика топтарын көркемдеу қызметін
атқаруына, яғни поззия мүддесін өтеуіне карай талдау болады. Атап айтсақ,
белгілі бір акын өлеңдеріндегі эпитет, теңеу, тропа, фигура т.б. тауып
көрсету болады. Мұны қазақ филологиясында поэтикалық, кейде поэтик тіл деп
атап жүрміз. Бұл бір. Екінші тұрғыдан келсек, поэзия лексикасын
лингвистикалық жағынан талдау бар, яғни жалпы белгілі бір тілдің лексикалық
құрамы сияқты, белгілі бір ақын шығармаларының сөздік кұрамын да сөздердің
тілдік тегіне қарай (төл сездер немесе өзге тілдерден енген кірме сөздер),
актив-пассивтігіне қарай (архаизмдер, неологизмдер және сол кездегі актив
сөздер), әлеуметтік-диалектілік құрамына қарай (жалпы халықтық сөздер,
диалектизмдер, кәсіби сөздер мен терминология, жаргондық сөздер) ажыратып
зерттеуге болады. А.И.Ефимовтың ұсынуы бойынша, көркем шығарма лексикасын
классификациялаудың ең бір ұтымды кажет түрі — семантикалық-стилистік
принципті қолдану. Көптеген сөздердің "стилъдік паспорты" болады. Жазушы
(ақын) өз творчествосында ең алдымен сөздік мағыналық (семантикалык) көлемі
мен стильдік өзгешелігін пайдаланады.
Сөздік құрамының дамуына әсер ететін факторлар — қоғамның әлеуметтік
құрылысының өзгеруі, өндірістің, мәдениеттің, ғылымның дамуы болып
табылады. Атап айтсақ, әлеуметтік құрылыстағы өзгерістер қоғамдық-
публицистикалық сипаттағы сөздер тобын өзгертеді, ғылым дамыса — ғылыми
терминология туып дамиды, өндіріс дамуы — кәсіби техникалық сөздер сериясын
молайтады. Қысқасы, жазушы (ақын) тіліндегі осы көрсетілген лексикалық
топтар мен серияларды таңдап алып, талдау қажеттігі туады.
Біз Абай тілі лексикасын талдаудың қажеттілігіне, бір жағынан, соңғы
айтылғандарды нысана етсек, екіншіден, қазақ әдеби тілі тарихында Абай
тілінің алатын орны мен рөліне қарай туатын өзгешеліктерді де ескердік.
Ең алдымен, Абай шығармаларының сөздік байлығын тегіне қарай талдау
өте қажет деп табамыз. Әрине, барлық кезеңдегі барша жазушының сөздік
құрамын генетикалық принциппен талдау қажеттігі жоқ екенін зерттеушілер
дұрыс көрсетеді. Мысалы, қазіргі жазушылардың, айталық, Горький
шығармаларының тіліндегі сөздерді мынасы гректікі, мынасы латындікі,
мыналар немістен т.т. деп талдау объектісі етудің қажеттігі қанша. Сол
сияқты, бізде де қазіргі замандас жазушыларымыздың (немесе ақындарымыздың)
біреуінің сөздік құрамын мына тобы араб-парсынікі, мыналары — орыс тілінен,
мыналары — грек, латыннан, аналары ағылшыннан т.т. деп талдап зерттеудің
қажеттігі болмас еді, өйткені қазіргі жазушыларымыз осы күнғі жазба әдеби
тіл нормасын пайдаланады жөне бұл қабаттар қазіргі қаламгерлердің барлығына
тән. Осы күнгі өдеби тіліміздің бүкіл лексикасының генетикалық қабаты аян
болғандықтан, оны қайталап, жазушы басы сайын түгендеудің қажеті жоқ. Ал
Абай, Ыбырайларға келетін болсақ, бұл мәселеге басқаша қарау қажет. Абай —
осы күнгі әдеби тіліміздің, негізін қалаушы болса, яғни ең тұңғыш нормасы,
бастамасы болса, сол бастаманың сөздік байлығының генетикалық құрамы қандай
дегенді білу аса қажет. Мұны білу үшін логика заңы бойынша Абай
лексикасының тектік (генетикалық) құрамын талдап, зерттеу керек. Қазақ
жазба әдеби тілі лексикасының XIX ғасырдағы, әсіресе II жартысындағы,
генетикалық қабатын айқындаудың тағы бір маңызы — сол кездегі қазақша
кітаби тіл проблемасына байланысты туады. Бұл — принциптік мәселе. Және бұл
фактіні құр тізіп қана қоймай, осы талдаудан мүмкіндігінше қазақ тілі
сөздігінің тектік құрамы жағынан Абайға дейінгі сипаты нендей еді, Абай қай
қабатты негіз етті, Абайда араб-парсы немесе орыс сөздері қабаты кандай
деген сияқты жайттарды анықтау қажеттігі туады.
Сондай-ақ Абай лексикасын ондағы сөздердің көне, жаңалығына қарай
талдап суреттеудің де қажеттігін көреміз. Осы талдау арқылы Абай тұсындағы
жалпы халықтық әдеби тілде заманына орай қандай сөздердің қолданудан шығып
қалғанын немесе шыға бастағанын табу мүмкіндігі туады. Керісінше, Абайдағы
жаңа сөздерге қарап, сол кездегі жалпы халықтық нормада қандай
элементтердің болғанын және Абайдың өзі тілге қандай сөздер қосқанын
табамыз.
Абай шығармаларының сөздік құрамын қоғам құрылысына, әкімшілік пен заң
системасына, сауда-саттық пен оқу-ағартуға т.б. қарай жіктеп, талдау арқылы
ақынның өз басының сөздік байлығын ғана емес, өткен ғасырдың II
жартысындағы қазақ халқының бүкіл әлеуметтік, саяси, экономикалық және
мәдени өмірінің тілдегі көрінісін табамыз. Оның үстіне Абайдың бұл қорды
қалай екшеп пайдаланғанын танимыз.
Осындай классификациялап талдауымыздың барлығы — Абай шығармаларының
идеялық-тематикалық мазмұнымен тікелей қабысып жатуға тиісті жайттар. Оның
үстіне Абай лексикасын жоғарыда көрсетілген тарамдарға бөліп танығанымызда
жазушының өзіне тән ерекшеліктері мен өзгешеліктерін де айқындап отыруға
тиіспіз. Бірақ бұл кітаптағы негізгі мақсатымыз — Абайдың стильдік
ерекшелігін тану емес, керісінше, көбінесе ұлы жазушы тіліндегі жалпылама
қолданылатын, яғни барлық стильдерге де қатысты сөздерге анализ жасау.
Сөйтіп, ең алдымен, Абай шығармалары сөздігінің генетикалық (тілдік)
құрамын араб-парсы сөздері, орыс сөздері және төл сөздерге бөліп әңгіме
етеміз. Әрі қарай төл сөздердің өзін актив, пассив топтарға (архаизм,
неологизм) бөліп қарастырамыз. Ең соңында Абай шығармалары тілінің
лексикасына (негізінен, төл сөздер қабатына) тематикалық классификация
жасаймыз, яғни оларды XIX ғасырдың II жартысындағы қазақ халқының
әлеуметтік, экономикалық және мәдени өмірінің тілде ізін қалдырған елеулі
салаларына қарай жіктейміз.
Абай шығармалары сөздігінің тілдік қабаттары
Абай лексикасын генетикалық тұрғыдан талдағанда, негізінен, үш
қабаттан турады деп табамыз. Олар: қазақтың төл сөздері (яғни түркі
тілдік), араб-парсы сөздері, орыс сөздері. Бірқатар зерттеушілер қазақ,
қырғыз тілдерінің сөздік құрамын тілдік тегі жағынан талдағанда, төртінші
қабатты — монғол сөздерін атайды. Бертінгі дәуірлердегі жеке қаламгердің
тілін әңгімелегенде, біздіңше, бұл қабатты арнайы бөліп шығармаса да
болатын тәрізді. Өйткені бұл тілдердегі монғол элементтері, түркі-монғол
туыстығы теориясын былай қойғанда және осы күнгі әрбір түркі тілінің өз
алдына жеке бөлініп кеткен дәуірлерінде енген деп есептегеннің өзінде, олар
– негізінен қазақ, қырғыз тілдеріне ерте дәуірлерде енгендер. Абай дәуірі
тәрізді күні кешегі XIX ғ. II жартысында қазақ тілі құрамындағы, оның
ішінде жеке ақын-жазушылар тіліндегі монғол — сөздері тілге әбден сіңісіп
кеткендер. Көптеген араб, әсіресе, парсы сөздері тәрізді, монғол сөздерінің
де тектік белгісі не фонетикалық, не семантикалық жағынан төл элементтерден
ажыратылмайтын дәрежеге жеткен. Сондықтан кейбір лексикологтарымыз монғол
тілдерінен енді деп есептеп журген аян, баян, байсал, қарыз, кедергі,
келеке, тұлға, соны, сонырқау сөздері Абай текстерінде бар бола тұрса да,
біз оларды өз алдына қабат етіп шығармадық. Өзге өлкелерге карағанда, Абай
туып-өскен жер монғолдарға бір табан жақын тұрғанмен, бұл күнде немесе Абай
тұсында монғол тілінен қазақ тіліне немесе оның шығыс говорларына жүйелі
түрде ауыс-түйіс болып жатқан лексикалық қабатты аңғармаймыз.
Араб-парсы сөздері
Сөйтіп, Абай сөздігіндегі шығыс тілдері элементері дегенде, араб пен
парсы тілдерін көздейміз де, көп ретте ол екеуін бөлек-бөлек қарамай, араб-
парсы немесе шығыс тілдері деп атап отырамыз.
Абай тілінде орын алған араб-парсы сөздерін бірнеше тұрғыдан қарап
талдауға болады, яғни оларды біз:
1. жалпы халықтық тілге енген уақытына қарай,
2. қамтитын тақырыбына қарай,
3. қолданылатын әдебиет жанрына қарай,
4. қолданылу мақсатына қарай,
5. фонетикалық-грамматикалық тұлғалануына қарай,
6. жалпы халықтық және жазба әдеби тілге енуіне қарай (жеке сөз,
тіркес немесе сөйлем) талдаймыз.
Бұл классификацияны шартты түрде өзіміз жасап отырмыз. Көрсетілген
топтардың кейбіреулері (1,2,3,5,6) жалпы тілге қатысты болса, енді
біреулері (2, 4, 7) жеке жазушы тілін зерттеуден туып отыр. Абай
лексикасындағы араб-парсы қатары түгелімен неологизмдер емес екені аян.
Олардың едәуір бөлігі қазақтың жалпы халықтық тіліне сіңісіп, қалыптасып,
ертеден қолданылып келе жатқандар. Н.К.Дмитриевтің түркі тілдерін
арабыланған ('арабизованные) және арабыланбаған (неарабизованные) деп екіге
бөлгені бойынша қарасақ, біздіңше, қазақ тілі алғашқы топка әбден жатады.
Өйткені ислам діні етек жайған XIX ғасырда ғана емес, одан да көп бұрын
қазақ тілі сөздік құрамында қыруар шығыс сөздері болғаны аян. Әсіресе
тұрмыс-шаруашылықа қатысты парсы сөздері ену мерзімі жағынан барлығынан да
бұрынғы, әріректегі топ тәрізді. Мұндай тілдік құбылыстан дәлел ретінде
Б.Юнусалиев иранизмдердің ішінде түркі сөздеріне тән жұрнақтарды жалғаған
түрлерінің кездесетіндігі келтіреді. Мысалы, осы пікірдің авторы келтірген
қырғыз тіліндегі демік (дем + ек), кассын (кас + сы + н), шексин (шек +
си+н) сөздерінің аналогияларын қазақ тілінен де табуға болады: демік (дем +
ік), батыс говорларындағы жанығу (жан +ық), зораю (зор + ай) дәлелін біз
әбден коштаймыз. Екіншіден, проф. С.Д. Асфандияров өте бір қызық пікір
айтқан-ды. Ол кісі: "Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауы мен
Амудария, Сырдариянын, төменгі жақтарын мекендеген массагеттер, сірә, иран
тілдес көшпелі тайпалар болған болулары керек, олармен іргелес отырып,
тығыз қарым-қатынаста болған Қазақстанның солтүстігі мен шығысын жайлаған
түркі-монғол тайпалары иран сөздерін сол тұстан бастап тіліне енгізген
болар", — дейді. Өз сөзімен айтсақ, "в современном казахском языке
наблюдается наиболее большего количества персидских слов, совершенно
ассимилировавшихся и, по-видимому, проникших в язык в очень далекое время".
Қазақ тіліндегі парсы қабатының белгілі бір тобының, әсіресе тұрмыс-
шаруашылыққа қатысты сөздердің қазақша (түркіше) дублеттерінің қазірде
болмауы да бұлардың өте ертеден сіңісіп, өзге параллельдерді тілден
ығыстырғандықтарының үшінші дәлелі тәрізді.
Сөйтіп, қайткенде де, Абай лексикасындағы парсы-ирандық дұшпан, дос,
кедей, дүние, баға, пайда, жан, сауда, саудагер, базар, пұл (бұл), таразы,
дерт, шаруа, өнер, зиян тәрізді зат есімдер, арзан, майда, таза, зар
тәрізді сын есімдер — әбден сіңісіп, қазақтың төл сөзі болып кеткендер.
Олар — жалпы халықтық нормадағы сөздер, яғни қазақтың кең, байтақ даласына
тегіс тараған, барлық жерде түсінікті және көбінесе барлық жерде бірдей
мағынада (мағынасы кейін екіге бөлінген пұл тәрізді бірен-сараны болмаса)
қолданылып келе жатқан лексемалар. Оған дәлел - бұларды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абайтану ғылымы
Абай Құнанбайұлы туралы мәліметтер
Абай дана Абай дара
Ақын, ағартушы - Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы
Құнанбай Өскенбайұлының өмірбаяны
Абай Құнанбаев туралы
Абай үшкілі
Абай Құнанбаев
Абай Құнанбаев өмірбаяны және шығармалары
Абайдың Атадан алтау, анадан төртеу
Пәндер