Мектептің оқу – тәрбие процесінде салт – дәстүрдің пайдаланудағы тәрбиелік мүмкіндіктері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ.
Педагогика кафедрасының магистратурасы
«Мектепте оқу - тәрбие процессінде салт - дәстүрді
пайдаланудың педагогикалық негізі»
Магистратура түлегі
диссертациясы.
Ғылыми жетекшісі;
педагогика ғылымдарының
доценті, профессор
Төлеубекова Р. К.
Қорғауға жіберілді:
Педагогика кафедрасының
Меңгерушісі п. ғ. д. профессор
Жанпейсова К. К.
«» 2005
Адматы - 2005
Мазмұны.
Кіріспе.
І - тарау: Мектептің оқу - тәрбие процессінде салт - дәстүрді пайдаланудың ғылыми - педагогикалық негіздері.
- Мектепте оқу - тәрбие процесінде салт - дәстүрді пайдаланудың педагогикалық зерттелуі.
- Мектепте оқу - тәрбие процесінде салт - дәстүрді пайдаланудың маңызы.
- Салт - дәстүрдің тарихи дамуымен қалыптасуы.
Тұжырым
ІІ - тарау: Мектептің оқу - тәрбие процесінде салт - дәстүрдің пайдаланудағы тәрбиелік мүмкіндіктері.
2. 1. Салт - дәстүрдің тәрбиелік мәні.
2. 2. Мектепте оқу - тәрбие процесінде салт - дәстүрді пайдаланудың әдістемелік негізі.
2. 3. Тәжірибелік эксперименттік жұмыстың нәтижесі.
Тұжырым.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Қосымша.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе
Зерттеудің көкейтестілігі :
Еліміз Егемендік алып, Тәуелсіз мемлекет болып танылғаннан кейінгі уақыттан бері қоғамдық талаптарға сай білім беру саласы жаңаша бағытқа бетбұрыс жасады. Еліміздің ертеңі болар, ел тізгінін ұстар жас ұрпақты этнопедагогика үрдісіне тәрбиелеу басты мақсатқа айналып отыр.
Осы орайда жас ұрпақты білім берумен қатар ұлттық нышандарды ұстана отырып салт - дәстүр арқылы тәрбиелеу, сол салт - дәстүрді мектептегі оқу - тәрбие процесіне енгізу өте маңызды мәселе болып табылып отыр. Ұрпақтарымызды парасатты да білікті, мәдениетті де білімді етіп тәрбиелеп, олардың дүниетанымын жалпы адамзаттық деңгейде дамытамыз десек оқу - тәрбие үрдісін ұлттық салт - дәстүрмен байланыстыруымыз қажет.
Салт - дәстүрдің тәрбиелік мәні мен оның жас ұрпақ бойына игі қасиеттер қалыптастырудағы ерекшеліктерін көптеген ғалымдар ғылыми тұрғыда зерттеп келе жатыр.
Атап айтар болсақ: қазақ халқының біртуар азаматы, ағартушы - педагог Ы. Алтынсариннан бастап, Халел Досмухамбетов, Мағжан Жұмабаев, С. Торайғыров, т. б. Одан бергі қазақ этнопедагогика ғылымының беделді, көрнекті ғалымдары Т. Т. Тәжібаев, Қ. Жорықбаев, С. Қалиев, С. Ұзақбаев, Ш. Құлманова, Н. Сәрсенбаев, Р. Төлеубкова, М. Оразалов, М. Смайлдова, М. Оразалиева, Б. Мұқанова т. б. еңбектері салт - дәстүрді мектептің оқу тәрбие процесінде пайдаланудағы ерекшеліктерімен, рөлі жайлы айшықты дәлел бола лалды.
Мектептегі оқу - тәрбие процесінде салт - дәстүрді пайдаланудың маңызын ұстана отырып оны ғылыми негіздеу басты мәселе.
Осыған орай қоғам талаптарымен ұштасып жатқан Қазақстан Республикасы үкіметінің «Білім туралы» заңында - білім беру жүйесінің басты мақсаты - ұлттық және адамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау» деп атап көрсетілген (1. 24) .
Ал Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев жастардаң тәрбиесі жайында үндеу жасап болашақтан арлы, иманды білімдар, әділ, көпшіл, жақсылықты жақтаушы, халық қамын ойлайтын, көрегендікке үйренген азаматты көргісі келеді.
Осы тұрғыда біз «Мектептегі оқу - тәрбие үрдісінде салт - дәстірді пайдаланудың педагогикалық негіздері» деген тақырыпты алып отырмыз.
Зерттеудің мақсаты - мемлекеттегі оқу - тәрбие процесінде салт - дәстүрді пайдалануды теориялық тұрғыда негіздеу.
Зерттеудің объектісі - мектептегі оқу - тәрбиелік үрдісіндегі салт - дәстүр.
Зерттеудің пәні - мектептегі оқу - тәрбие процесінде салт - дәстүрді қолдану.
Зерттеудің ғылыми болжамы - Егер мектептегі оқу - тәрбие процесінде салт - дәстүрді әдістемелік және пән сабақтарда немесе сыныптардан тыс тәрбие сағаттарында ұлттық тәрбиенің ерекшеліктері ескерілсе, оқушылардың ұлттық салт - дәстүрге деген қызығушылығы, көз - қарасы кеңейе түскен болар еді.
Зерттеудің міндеттері:
- Қазіргі ғылыми еңбектердегі оқу - тәрбие процесінің, салт - дәстүрдің анқтамаларын айқындау.
- Мектепте оқу - тәрбие процесінде Салт -тдәстүрді пайдаланудың тиімділігін арттыру мақсатында ғылыми негізделген нұсқаулар жасау.
- Салт - дәстүрдің тәрбиелік мәнін ашып көрсету.
Зерттеудің әдіснамалық - теориялық негіздері - жеке тұлғаны тәрбиелеумен дамытудың философиялық - психологиялық; іс - әрекет теориясы; тәрбие процесінің мәні; құрылымы мен заңдылықтары туралы теориялық - педагогикалық қағидалар; оның жеке тұлғаны қалыптастырудағы рөлі, салт - дәстүрді мектептегі оқу - тәрбие процесінде пайдалану туралы еңбектер саналады.
Зерттеудің негіздері - Зерттеудің проблемасы бойынша Қазақстан Республикасы үкіметінің ресми материалдары (заңдары, қаулылары, тұжырымдамалары) . Этнопедагогика, этнопсихология, философия ғылымдарының жетістіктері.
Жалпы білім беретін мектептердің, педагогикалық жоғарғы оқу орындарының озық іс - тәжірибелері; этнофилософтардың, әдебиеттанушылардың, этнопсихологтардың, этнопедагогтардың, этнографтардың еңбектері.
Зерттеудің әдістері - Зерттеудің проблемасы бойынша этнографиялық, этномәдениеттанушылық, этнопедагогикалық, этнопсихологиялық әдебиеттерді талдау, озық іс - тәжірибелерді жинақтау, қорыту, сауалнама жүргізу, әңгімелеу.
Зерттеудің кезеңдері - І - кезең (2003 - 2004 жылдар) . Зерттеу проблемасы бойынша әдебиеттерге теориялық талдау жасалды. Ғылыми аппараты айқындалды. Материалдар жиналды.
ІІ - кезең (2004 - 2005 жылдар) деректі материалдар жинау жалғастырылды, салт - дәстүрге байланысты құнды ой - пікірлер сараланып, сұрыпталды, зерттеу проблемасының жағдайын жетілдіру мақсатында эксперименттік жұмыстар жүргізілді талданды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығымен теориялық мәні
- Мектептегі оқу - тәрбие процесінде салт - дәстүрді пайдалануды теориялық тұрғыда негіздеу.
- Мектептегі оқу - тәрбие процесінде пайдаланудағы салт - дәстүрдің тәрбиелік мүмкіндіктерінің мәнін ашу.
- Оқу - тәрбие процесінің ғылыми негізін ашу.
Зерттеудің бағасы Тәжірибелік эксперимент Алматы қаласы Медеу ауданы №12 көпсалалы гимназиясының жоғары сынып оқушылармен (15 - 17 жас аралығында) жүргізіледі.
Зерттеудің дәлелділігі мен негізділігі
Зерттеудің мақсаты мен мәдениеттерінің ғылыми аппаратқа сай болуымен, тәрбие эксперимент жұмысымен қамтамасыз етілді.
Қорғауға мыналар ұсынылады:
- Қазақтың ағартушы педагогтарымен ғылым педагогтарының этнопедагогикалық еңбектеріндегі мектептегі оқу - тәрбие процесінде салт - дәстүрді пайдаланудың тәрбиелік мәнінің теориялық негізін қаоастыру.
- Мектептегі оқу - тәрбие процесінде салт - дәстүрді пайдаладың әдістемесімен педагогикалық ұсыныстар.
І - тарау . Мектептің оқу - тәрбие процесінде салт - дәстүрді пайдаланудың ғылыми - педагогикалық негіздері.
1. 1. Мектепте оқу - тәрбие процесінде салт - дәстүрді пайдаланудың педагогикалық зерттелуі.
Бүгінгі күні қазақ халқының ұлттық мәдениетін қайта өркендету жағдайында жас ұрпақты ұлттық дәстүрмен тәрбиелеудің заңды объективті қажеттілігі туды (21) .
Қазақта «балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген дана сөз бар. Сондықтан жеткіншек ұрпақтың өз халқының рухани қазынасымен оның ұлттық тәрбиесімен әдет - ғұрып, салт - дәстүрімен тереңірек танысу қажеттігі бірінші орынға қойылып отыр. Өйткені өз халқының, әрі бүкіл адамзаттың өткенін біле адамның жеке тұлғалық болмысын қалыптастырып, оны рухани - мәдени кемелдендіретін маңызды көрсеткіш болып табылады. Баланың бойына рухани азық бала алатын бірден - бір фактор халықтың салт - дәстүрі. Ал салт - дәстүрдің тәрбиелік мәнін, оның мектептегі оқу - тәрбие процесінде пайдаланудағы маңызын ашып көрсету қазіргі заман талабынан туындап отырған мәселе.
Кейінгі кезде этнопедагогика ғылымында жеке адамның дамуындағы гуманизациялық және мағыналық құрылымның қалыптасуына байланысты ұлттық сана сезім, ұлттық дүниетаным т. б. талаптар қою көзделіп отыр.
Еліміздің болашағы болар, тәуелсіз мемлекеттің ұлттық болмысын сақтай алатын ұрпақты тәрбиелеу бүгінгі күннің негізгі мақсаты. Ал ол үшін болашақ ұрпақтың тұлғалық болмысын қалыптастырып, оның рухани - мәдениетін дамыту өте маңызды екенін Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев Республикадағы білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ съезіндегі сөйлеген сөзінде дәлелдеп берді. Онда «Білім беру ісін реформалаудың стратегиялық міндеттерінің бірі - шығармашылық тұрғыдан ойлай білетін жеке тұлғаны мәдениетті, рухани биік деңгейде тәрбиелеу болып отырғанына баса назар аударып, жалпы білім беретін орта мектепте білім берумен қатар адалдық, адамдық, ізгілік, отан сүйе білу сияқты асқақ сезімдерге тәрбиелеу қажеттілігі өзекті мәселе деді (24) .
Бұл мәселеге халық тағылымы салт - дәстүрдің қосар үлесі өте көп.
Елбасының «Қазақстан - 2030» қазақстан халқына Жолдауының «Қазақстан мұраты» деп аталатын бөлімінде «бабаларымыздың игі дәстүрін отанымыздың территориясының бүтіндігін сақтау, мемлекетімізге қауіп төндіретін кез - келген сыртқы және ішкі күштерге қарсы тұрудың өзі жастарды ұлттық рұхта тәрбиелеу мүмкіндігін жүктейді.
Қоғамдық өзгерістер ұлттық психологияны, әдет - ғұрып салт - дәстүрді оқу - тәрбие үрдісінде пайдаланудың объективті қажеттілігін туғызып отыр.
Сонымен қатар елбасы Н. Ә. Назарбаев жоғарыдағы атап өткен «Қазақстан - 2030» Жолдауында «Ұрпақ тәрбиесінде» дана болады, оның саулығына бітіміне және дүниеге көзқарасына қамқорлық жасайды. Ол бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманда нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Ол күллі әлемге әрі сыйлы, өз елінің патриоды болады» (24) деп атап көрсеткен.
Бұл міндеттер Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында» «білім беру жүйесінің азаматтықпен, елжандылық, мемлекеттік рәміздерді сүйіспеншілікпен құрметтеуге, халықтың салт - дәстүрін қастерлеуге, әлемді және отандақ мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқымен республиканың басқа ұлттарының әдет - ғұрыптарымен салт - дәстүрін зерделеуге» деп айрықша атап көрсетеді. (17)
Осы орайда болашақ ел иесі, бүгінгі жеткіншек ұрпақты салт - дәстүр арқылы тәрбиелеп, олардың тұлғалық қалыптарын ұлттық ерекшеліктерімен қамтамасыз ету ерекше мәселеге ойланып отыр.
Жалпы салт - дәстүрдің тәрбиелік мәні мен маңызын ұрпақ тәрбиесіне қолдануды сонау тарихымызбен әдебиетіміз, мәдениетімізге өзіндік өшпес із қалдырған ғұламаларда айтып кеткен. Мәселен Бұхар Жырау «Жақсы болсын тегі, атаның ұлы болғанша, адамның ұлы бол» деген нақыл сөздер айтады. Сонымен қатар атақты жырау «Тәлім ал, тәлімді алсаң тәлімгерің ұлтының салт - дәстүрімен, ұлтының қарапайымдылығымен, мейірімділігімен тәлім берсін» - деп атап көсетеді.
Халықтың салт - сана, әдет - ғұрпы қай заманда болмасын ерекше тәрбие құралы болып келді.
Жастарды отанға, елге, жерге, әдет - ғұрыпқа сүйіспеншілігін арттырудың ерекше маңыздылығын ұлы, ойшыл ақын Абай Құнанбаевтың өзі қазақ жастарын ерік - күші мықты, өз халқының салт - дәстүрін игерген, ғылымды игерген, ғылымды үйреніп, білім алуға, адамгершілік, мейірімділік сияқты қасиеттерді игеруге арнап көптеген еңбектер жазды. Мәселен, Абай «Жиырма бірінші қара сөзінде» мақтанның екі түрлісі болады, біреуі адамның өзін дұрыс ұстағысы келгендігінен, екіншісі мақтаншақ ойдан туады дейді . «Үлкендік, - деп жазды Абай, - адам ішінен өзін - өзі бағалы есеп қылмақ, яғни надан атанбастығын, әдепсіз, арсыз, байлаусыз, пайдасыз, сураншақ, өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді - осындай жарамсыз қылықтардан сақтанып, сол мінездерді бойына қорлық біліп, өзін ондайлардан зор есептемек».
Абайдың міндеті - осы жоғарыда аталған ортақ байлықты тиімді пайдалану, өзара тиімді бөлісу және бірлікте салт - сананы ұстана отырып өмір сүру, - деп Абай салт - дәстүрді үйреніп, оны өмір сүру барысында қолданыста, ұстап, жақсы жақтарын өзгелермен бөлісу жас ұрпақтың борышы екенін атап көрсетеді.
Халықтық салт - дәстүрдің ішінде бүкіл халықтың мінез - құлқы, тәкаппарлығы, қарапайымдылығы, мәдениеті, тілі мен діні, наным сенімі өмір сүру жолы, психологиясы топтасып жатқандықтан қазіргі қоғамның күрделі өзгерісі кезеңінде жас ұрпақты әлемдік деңгейде оқытып, біліммен қамтамасыз ете отырып, тәрбиесін ұлттық етуде ерекше тәрбие құралы болып саналмақ. Ұлттық тәрбие тек ұлттың салт - дәстүрі арқылы ғана берілмек.
Бұл орайда еліміздің көптеген педагог ғалымдары құнды еңбектер жазып, оны іс - жүзіне асыруды мақсат етіп келеді.
Қазақ халқының салт - дәстүрі арқылы ұлтжанды, жан - жақты толысқан яғни рухани - мәдени толысқан ұрпақ тәрбиелеу жайлы жиырмасыншы жылдары ең алғаш сөз қозғаған М. Жұмабаев болды. Мағжан сол кездің өзінде - ақ «әр тәрбиешінің қолданатын жолы - ұлт тәрбиесі. Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасынада, өз ұлты үшін қызмет қылатын болғвндықтан тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиешісімен тәрбие қылуға міндетті» - деп көрегендік тұжырым жасаған. (1. 51) .
Еңбегінің «Ғұрып сөзі атты бөлімінде той бастар, жар - жар, беташар, сыңсу, неке қияр, жоқтау, жарапазан бата сияқты дәстүрлердің тәлімдік мазмұнына тоқталып, олардың тәлімдік мүмкіндіктерін ашады. А. Байтұрсынов қазақ халқының күнделікті тұрмыс тіршілігінде кездесетін салт - дәстүрдің педагогикалық мәніне жан - жақты тоқталады. Мысалы: қыз ұзатар кезінде айтылатын жар - жар жұбату өлеңінің мән мағынасын ашып көрсетеді. Жар - жар өлеңі қыз үйден аттанып бара жатқанда қыздар мен жігіттердің кезектесіп айтатын жұбату әні. Жалпы жұбатушы жігіттер болып табылады» дейді. Ғалым сонымен бірге «неке қияр сөз» деп неке қияр кезде екі арада жүретін екі куәнің, күйеумен қыздың ырзалығын сұраған уақытта айтатын сөздерін айтамыз. Бұл әнмен айтылмайды. Бірақ өлеңше ұйқасқан дәйім бір қалыпта айтылады. Оның тәрбиелік мәніне ерекше тоқтала келіп, «өткенді білмей алға жылжу өрескелдік. Ата - бабадан жалғасып келе жатқан асыл қазына, рухани байлық негізгі осы салт - дәстүрлер» деген қорытынды айтады. (7. 23) .
Ал қазақтың көрнекті ағартушысы педагог ғалым Ы. Алтынсарин өзінің «Орынбор ведомствасындағы қыз ұзату және той жасау дәстүрлерінің очеркі» деген еңбегінде қазақтың өзара қарым - қатынасы осы әдет - ғұрып, салт - дәстүр арқылы реттеліп, жастары содан тәлім алып келе жатқанын айтады. «Қазақта өзге елге ұқсамайтын ерекше бір қарым - қатынас құда - жекжаттардың силастығы. Сол себептен құда болуды ерекше көңіл бөліп таңдап баққан. Тіпті бала тумай жатып жақсы силасқан, абыройлы адаммен тегіне қарап әйелдер екіқабат болғаннан көңіл қосып құдаласқан» дей келе құда болу дәстүрінің мәнімен мағынасын талдап көрсетеді. (8. 87) . Ы. Алтынсариннің қазақ халқының салт - дәстүрлерін зерттеудегі мақсаты - дәстүрдің озығымен тозығын ғылыми түрде талдап, өзіндік көзқарасын білдіре отырып, мәнін ашып, озық дәстүрді тәрбиенің негізгі құралы ету болып табылады. Ал Халел Досмұхамбетұлы этнопедагогикалық ойларын дәлелді баяндаған ғұламалардың бірі. Ол ұлттық психологияняның құрылымдарының бірі болып саналатын салт - дәстүрді өз еңбегінде мұқияттылықпен талдап, тәрбие мәселесінде қазақ халқының жинаған мол тәрбиелік үлгісін айта келіп «сананы салт туғызады» деп тұжырымдады (9. 17) .
Қазақ халқының салт - дәстүрлерінің тәрбиелік мәнінің зор екенін көптеген еңбектеріне арқау етіп, көп ғылыми зерттеулер жазған педагог ғалымдарының бірі Т. Тәжібаев болды.
Ғалым қазақ баласын атқа отырғызудың өзіне үлкен мән бергенін, бес жасқа келген баланың «атқа мінер» тойын қалай сән - салтанатпен өткізетініне, оның тәрбиелік мәніне көңіл бөлген. «Қазақ балаларының ат құлағында ойнауы, жылқы малын танып баптап мінуі, «ер қанаты ат» деп жүйрік тұлпарды ел қорғаушы батырлармен тең санауы көшпелі өмірдің қажеттілігінен туған, сан ғасырға созылған жаугершілік заман талабынан туындаған халықтың тәрбиелік жағдаяты мол салт - дәстүр» деп атап көрсетеді. (10. 20) .
Ал С. Қалиев, М. Оразаев, М. Смайлова сынды ғалымдар «қазақ халқының салт - дәстүрі» деген кітап жазып, қазақ этнопедагогикасының салт - дәстүрлерге байланысты саласын айқындайды.
Сонымен қатар Ә. Табылдиев «Қазақ халқының педагогикасы және тәрбие» атты еңбегінде қазақ халқының салт - дәстүрлерінің тәрбиелік мәнін ашып көрсете білген ғалым болды.
Қазақ халқының салт - дәстүрлерін пайдалана отырып ұрпақ тәрбиелеу мәселесіне тарихшы - ғалым
Қойшығара Салғараұлы да өз пікірін қосқан адам. Ол «ертеңі бар ел боламыз десек» деген еңбегінде «Балаларымызды ұлттық тәрбиемен тәрбиелейміз десек, олардың әрқайсысының ұлттық дүние танымы мен қалыптастыруымыз қажет. Ал ұлттық дүние таным дұрыс таным, түсінік арқылы өріс жайып, ұлттық салт - дәстүр арқылы өз болмысын танытады» дейді. (11. 9) .
«Осыдан шығатын қысқаша қортынды - ұлттық сана сезімді ояту үшін халықтың салт - дәстүрлерді, халықтық мәдениетті ұрпаққа дұрыс түсіндіре алу, жеткізу үйрету керек. Жеткіншектердің дүниетанымын халықтың ерекше қасиеттері арқылы кеңейтіп тәрбиелеу, оны әрі қарай дәстүрге айналдыру бала бойында ізгілікті қалыптастырады» деп тұжырым жасайды. (12. 10) .
Ал Ш. Б. Құлманова «Баланың жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруда салт - дәстүрмен, әдет - міндетін атқарады» деп атап көрсетеді.
Ғұлама жазушы М. Әуезовтың «Асыл елдің алып ұлы» атты шығармасына ой жүгіртсек тәрбие ұрпақты дүниеге келтіруден басталады, сол тәрбиенің дәстүрлік, ұлттық, салт - саналық бастауларымен бағдарламаларын жан жақты пайдаланып, даналықпен дамыта білу керек деген тұжырымға келеміз. (13. 24) .
Салт - дәстүр арқылы жеке тұлғаны мәдени - рухани қалыптастыру мәселесінің аясында Е. Балтабай «Қазақ этнопедагогикасының тәрбиелік мүмкіндіктер» деген еңбек жазып, онда үлгі арқылы қазақ халқының салт - дәстүрлерін зерттей отырып, мазмұндық қырын, тәрбиелік мәнін анықтап, оның жеке тұлғаның бойына қандай қасиеттер қалыптастыра алатын мүмкіндігін ашып көрсетеді.
Ал педагог ғалымдар С. Ұзақбаева мен Б. Мұқанова өздерінің «Қазақ этнопедагогикасы: тәлімдік тағылымдар» деген еңбектерінде қазақтың салтының бір ерекше жағы «тұрмыстық қарым - қатынас» дей келіп, ата мен келін, ене мен келін, қызбен ана, әкемен бала, жеңгемен қайынсіңілі, жеңге мен қайын, жезде мен балдыз, нағашы мен жиенннің қарым - қатынастық ерекшеліктерінің тәрбиелік мәнін талдап көрсетеді. Ұлттық психологияның негізін салушы ғалымдардың бірі К. Оразбеков өз еңбегінде жеке тұлғаның мәдени - рухани қалыптасуынындағы салт - дәстүрдің маңызын былай деп пайымдайды: «Қазақ салт - дәстүрге өте бай халық. Олардың жас ұрпақты жан - жақты азамат, шынайы ұлттық тұлға етіп өсіруде тәлім-тәрбиелік, білім-танымдық әсері зор». (212)
Ғалымдарымыз ұлттық салт - дәстүрдің адамның дүние тану көзқарасын қалыптастыратын, рухани - мәдени кемелдендіретін үлкен тәрбие мектебі екенін насихаттап, ғылыми тұрғыдан жүйелеуге ден қоюда. Соңғы жылдардағы зерттеулерде қазақ халқының салт - дәстүрлерін белгілі бір жүйеге келтіріп, үлкен үш топқа бөліп қалыптастыруда.
- Бала тәрбиесіне байланысты салт - дәстүрлер.
- Тұрмыстық салт - дәстүрлер
- Әлеуметтік салт - дәстүрлер.
Осының ішінде бала тәрбиесіне байланысты салт - дәстүрлер бойынша Қ. Жарықбаев пен С. Қалиев сынды ғалымдардың «Қазақ тәлім - тәрбиесі» факультативтік курс бағдарламасын жасады.
Сонымен қатар осы іспеттес бір қатар ғалымдар атап айтсақ Р. Төлеубекова, О. Сатқанов, Б. Әлмұханбетов т. б. тәжірибе жұмыстар бойынша әдістемелік нұсқаулар жасады.
Халықтың сан ғасырлар бойы өзі жасаған бастауларға сүйенген тәрбие ғана өз күшіне ие бола алады. Бұл тәрбиенің артықшылығы: әрі адамның ең алдымен өз халқының перзенті екендігін екіншіден өз халқының болашағы сол жекелеген адамдарға байланысты екендігін сезінуде. Сондықтан да әр ұрпақ өз уақытын, өз талаптарын негізге ала отырып, ата - баба тәрбиесін яғни салт - дәстүрді игеріп отырғаны жөн.
Салт - дәстүрді мектептегі оқу - тәрбие процесінде пайдаланудың негізгі мақсаты: жеткіншек ұрпақты адамгершілікке, инабатылыққа, халқын құрметтеуге т. б. көптеген жеке тұлғаның бойынан көрінетін рухани - мәдени қасиеттерге тәрбиелеу.
Осы орайда бір оқу - тәрбие процесі деген ұғымға анықтама бере кеткенді жөн көрдік.
Оқыту - қазіргі заманның талаптарын ескере отырып, оқушылар тұлғасын, білім іскерлік және дағдыларды меңгере отырып, мақсатты қалыптастырумен дамыту процесі. Оқыту қоғамдық құбылыс түріндегі мақсаты бағдарланған жүйелі ұйымдастырылған қоғамдық қатынастар тәрбиесі, қоғамдық сананың даму нәтижесі, еңбек өндірісінің мәдениеті, қоршаған ортаны қорғаумен оны белсенді қайта өзгерту, білімдерді аға ұрпақтың өскелең ұрпаққа үйретіп оны олардың меңгеруі. Оқыту ұрпақ сабақтастығын, қоғамның толық құндылықты қызмет атқаруын және тұлғаны соған сәйкес дамуына мүмкіндік жасайды. Оның қоғамдағы объективті міндеттерінің мәні осындай
. Оқыту процесіндегі негізгі мазмұнды игеру тетігі өзара әрекетестіктің арнайы формасындағы мақсаты ұйымдастырылған балалармен ересектердің бірлескен іс - әрекеті, олардың мазмұнды танымдық әңгімелері.
Түрлі деңгейлерді іске асыра отырып, оқыту процесі циклдік сипатқа ие болады. Оқыту процесінің циклдері дамудың негізгі көрсеткіштер, басты негізгі екі мақсатқа негізделіп топталған, педагогикалық еңбектердің ең жақындық дидактикалық мақсаттары:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz