1912-1913жж синьхай төңкерісінің екінші кезеңі


Мазмұны
КІРІСПЕ . . . 3
1 СИНЬХАЙ ТӨҢКЕРІСІ ЖӘНЕ ЕЛДЕГІ МАНЬЧЖУРЛЫҚ
БИЛІКТІҢ ҚҰЛАУЫ . . . 8
- Синьхай төңкерісі қарсаңындағы Сычуандағы көтеріліс . . . 8
- Учань көтерілісі және Синьхай төңкерісінің басталуы . . . 15
- 1912 ж. Қытай Республикасының құрылуы және Сунь
Ятсенның уақытша өкіметінің қызметі . . . 21
2 1912-1913жж. СИНЬХАЙ ТӨҢКЕРІСІНІҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ . . . 28
2. 1. Юань Шикайдың билікке келуі . . . 28
2. 2. Синьхай төңкерісі жылдарындағы шетел державаларының
саясаты . . . 35
2. 3. Екінші төңкеріс және Юань Шикайдың әскери диктатурасының
орнауы . . . 40
2. 4. Синьхай төңкерісінің нәтижесі . . . 46
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 55
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 59
КІРІСПЕ
Мәселенің өзектілігі. Қазақстан егемендігін алып, тєуелсіз ел болып, демократиялық, құқықтық және азаматтық қоғам орнату жолына түскен кезеңде өткен уақыттың мұрасын зерделеу қажеттілігі арта түседі. Әсіресе біз әлемдік тарихты, жалпы адамзат тарихын зерттеуімізді тоқтатпауымыз керек. Өйткені жалпы адамзаттың даму заңдылықтары, адамзаттың кішкене бір бөлігі қазақ халқының дамуындағы заңдылықтарды анықтауға жеңіл қол жеткіземіз. Қазақстан мемлекеті үшін де, ғылымы үшін де көршілес жатқан алып мемлекеттердің тарихын білу арқылы біз олардың қоғамы туралы мәліметтер жүйесін қалыптастырамыз. Олармен қарым-қатынаста, мәдени байланыстарда олар туралы біліміміз толық болып тұрады. Оның үстіне жалпы білім деңгейіміздің көтерілгені де жетістік болып табылар еді. Сондықтан Қытай тарихында маңызды роль ойнаған, ол елдің әрі қарай дамуына әсер еткен, тарихында өшпес із қалдырған Синьхай төңкерісінің өзектілігі күмән тудырмауы қажет.
Синьхай төңкерісінің тікелей байланысты ғылыми мақалалар жєне монографиялық зерттеулер жеткілікті. Бұл әсіресе Ресей тарихнамасында жан-жақты зерттелген мәселе, бірақ зерттеулердің барлығы дерлік кеңестік кезеңде, ХХ ғасырдың 50-60 жж. жазылған. Ал Қытайда осы бір тарихи оқиға туралы зерттеулер өте көп болар. Алайда, біз қытай тілін білмегендіктен Қытай тарихнамасының туындыларын көп қолдана алмадық. Ал Қазақстандық тарихнамасында Синьхай төңкерісінің туралы зерттеулерді тіпті таба алмадық, мүмкін кездестіре алмаған шығармыз. Сол себепті де осы ақтаңдақтарды жабу қажеттілігі Синьхай төңкерісінің зерттеудің ғылыми маңызылдығын арттырады. Сонымен қатар зерттеу негізінен тєжірибелік қолданыста, яғни алып көрші туралы ақпараттың өз тілімізде жазылуы сияқты жақтары да бар. Сондықтан біздің қарастырғалы отырған мәселеміз ғылыми жағынан да, тєжірибелік қолданыс жағынан да өзекті болуы дау тудырмайды.
Мақсаттары мен міндеттері. ХХ ғасырдағы Қытай тарихындағы әлеуметтік наразылық тудырған, бір мемлекет ішінде тағы да бір мемлекеттің пайда болуы туралы оқиғаны зерттеу барысында біздің алдымызда мынадай мақсаттар мен міндеттер туындайды. Бітіруші ең алдымен Синьхай төңкерісінің не себепті туындағанын анықтап алуды жөн көріп отыр. Осыған орай Қытайдың сол уақыттағы экономикалық, саяси, әлеуметтік дамуы қандай дәрежеде жүргенін көрсетуді мақсат еттік. Онан кейін анықталған әеуметтік-экономикалық, әлеуметтік, мәдени және де басқа да факторлардың Синьхай төңкерісінің шығуына, халық арасындағы қоғамдық қатынастарға тигізген єсерін де қарастырамыз. Қойылған мақсаттармен қатар Синьхай төңкерісінің басталуы қалай жүргенін, оның басшылығында кімдер болғанын, олардың мақсаттарын, құрылған Синьхай төңкерісінің мемлекетінің саяси құрылымын көрсетуді ұйғарып отырмыз. Сонан соң бітіру жұмысының авторы Синьхай төңкерісішіл армиясының құрылымы, жорықтарын көрсетуді де жұмыс мақсаттарының қатарына қояды.
Осы мақсаттарға жету жолында мынадай міндеттерді шешуге тура келеді. Ең алдымен Синьхай төңкерісінің хронологиялық шеңберін анықтаймыз, сонымен бірге Қытайдағы экономикалық жағдайдың өзгерістер шын мәнінде халықтың ашынуын тудырды ма, әлде одан басқа әлеуметтік, мәдени, саяси жағдайдағы өзгерістердің де біріге ықпалдасуы болды ма? Мұнан кейін біздің алдымызда шешілуі тиіс міндеттердің бірі көтерілістің туындауында идоелогияның маңызы қаншалықты болды, деген сұраққа жауап беру.
Келесі шешілуі тиіс міндеттердің бірі Синьхай төңкерісінің басшылары арасындағы және басшылық пен қарапайым көтерілісшілер арасындағы қарым-қатынастарды көрсету болып табылады. Синьхай төңкерісінің, оның басшыларының мақсаттары қандай болды деген сұраққа да жауап беруге тырысамыз. Синьхай төңкерісішіл армиясы қандай жорықтар жасады және жорықтардың мақсаты не болды? Жорықтардың нәтижесі қандай, деген сұрақтарға жауап береміз. Қытай Республикасының ішкі құрлысын анықтау барысында ондағы қоғамдық және саяси қатынастарды анықтау міндетін шешу де көзделіп отыр.
Міне осы қойылған мақсаттарға жету және міндеттерді шешу мәселесі диплом жұмысының өзегі болып табылады.
Әдістері мен әдіснамасы. Синьхай төңкерісінің тарихы туралы зерттеу жұмысын жүргізген уақыттымызда негізінен диалектикалық әдіснаманы қолдандық. Диалектикалық-материалистік әдіснама қоғам дамуының заңдылықтарына және оны зерттеудің әдістері жүйесіне негізделеді. Бітіруші жұмыс барысында анализ, синтез, салыстырмалы-тарихи зерттеу єдістерін қолданды. Талдау әдісі зерттеліп отырған мәселе туралы мәлімет беретін тарихи деректермен жұмыс кезінде де, тікелей жұмыс барысында да қолданылды. Әсіресе Қытайдың ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі революция қарсаңындағы, яғни Синьхай төңкерісінің алдында, басшылығының революциялық идеясының қалыптасуы кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени жағдайын анығтау, деректермен жұмыс істеу кезінде берілген мєліметтерге сыни талдау жасау арқылы деректік мәліметтің шынтуайттылығын анықтау мүмкіндігі туды. Сонымен қатар талдау әдісін біз монографиялық еңбектердегі берілген тарихи ақпаратты ғылыми тұрғыдан зерттеген кезеңде де қолдандық. Талдаудан кейін біз синтез әдісін қолдандық. Синтездеу негізгі бөлімнің параграфтарын жазған уақытта алынған деректік материалдар мен тарихшы ғалымдардың ойларын топтастырып, өз ойымызбен толықтыру үшін пайдаландық. Топтастыру жєне салыстырмалы әдісті қолдану арқылы бітіру жұмысының авторы Синьхай төңкерісінің туралы тарихи мәліметтерді бір жүйеге келтіріп, мәселенің хронологиялық шеңберін анықтады.
Диплом жұмысын жазу барысында осылармен қоса біз тарихи объективтілік принципин ұстандық. Тарихи объективтілік принципіне сәйкес тарихи фактіні анықтау үстінде біз ешқандай идеологиялық және саяси мақсат көздеген жоқпыз. Сондықтанда тарихи оқиға туралы тек деректер мен тарихи зерттеулерде көрсетілген мәліметтер арқылы жазып, ол туралы тек объективті қорытынды шығаруға тырыстық. Объективтілік принципіне сєйкес біз тарихи оқиға туралы берген материалдарымызда тарихи факт туралы тек белгілі, анықталған және сыни анализден өткен ақпаратты қолдандық.
Қолданылған деректер. Деректер саны жағынан да, сапасы жағынан да алуан түрлі. Кез келген тарихи оқиға туралы біз деректерден мәлімет аламыз. Бұл деректердің шынтуайтылығы мен тарихилығы мәселесін анықтауға итермелейді. Бізге белгілі деректер өз ішінде материалдық және жазбаша болып екі үлкен топқа жіктеледі. Біздің қарастырып отырған мәселемізге байланысты әрине материалдық деректер де бар екені даусыз, бірақ олар біздің зерттеуімізде пайдаланылған жоқ. Бітіруші негізінен жазба деректерді пайдаланды. Олардың өзі өз тарапынан әдеби және құжаттық деректер болып екіге бөлінеді. Кейбір мәселелерде, әсіресе Қытайдың ХІХ ғасырдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайын анықтаған кезде пайдаланғанды айтпасақ, құжаттық деректерді де біз зерттеу аясынан тысқары қалдырдық. Біздің негізге қолданғанымыз әдеби деректер. Олардың қатарында ең алдымен «История экономического развития Китая. 1840-1948. Сборник статистических материалов» атты Мәскеуде жарық көрген [1] Қытай экономикасының ХІХ-ХХ ғасырлардағы даму қарқыны туралы мәлімет беретін материалдар жинағын атап өткен жөн. Бұл дерек көзі статистикалық материалдардан, экономикалық құжаттардан топтастан, бізге Синьхай төңкерісінің қарсаңындағы және көтеріліс кезіндегі ел экономикасының дамуына байланысты ақпаратты көрсетуге көмектесті. Негізінен құжаттық дерек болғандықтан біз осы дерек көзіне сыни талдау жасамадық. Бір жағынан Қытай тілін жетік білмегендіктен де деректе берілген материалдарға салыстырмалы анализ жасалмады. Алайда мұндай анализ өз кезінде кеңестік тарихшылардың қолымен өткізілгендіктен біз осы бір дерекке сенім білдірдік.
Келесі қолданылған дерек те бізге Синьхай төңкерісінің шығуына себеп болған факторларды анықтауда үлкен септігін тигізді. Синьхай төңкерісі қарсаңында Қытай экономикасында қарама-қайшылықтарға толы құбылыстар орын алды. Бір жағынан ауылшаруашылығы мен қолөнер дағдарыста болды, екінші жағынан мануфактуралық өндіріс дамыды. Бірақ мануфактуралық өндірістің дамуы бүкіл экономикада айтарлықтай үлес алмады. Мұның барлығы А. П. Болобанның «Земледелие и хлебопромышленность Северной Манчжурии» деген 1909 жылы Харбинде басып шығарылған [2] еңбегі қолданылды. Әрине бұл еңбекті тарихнамалық әдебиет ретінде қолдануға да болар еді, бірақ ондағы келтірілген статистикалық мәліметтердің көптігі мен жан-жақтылығы оны деректер қатарына қосуға итермеледі.
Тікелей Қытай Республикасының тарихына байланысты қолданылған деректер қатарында көтерілісшілердің жариялаған заңдары, манифестері, шетелдік мемлекеттермен арадағы хаттары, Синьхай төңкерісіне басшылық еткен көсемдердің және көтеріліс кезінде Цин үкіметінің территориясында болған шетелдікдіктердің естеліктері бар. Аталған деректер нарративтік деректер қатарына жатып сыни талдаудан өткен. Біз де оларға сыни көзқараспен қарап, ондағы берілген мәліметтерді басқа деректермен салыстыру арқылы тарихи шындыққа жақын ақпаратты қолдандық.
Синьхай төңкерісінің байланысты деректер қатарында «Манифест о необходимости уничтожения северных варваров по воле неба» деген көтерілісшілердің ұстанымдық құжаты бар. Құжат біз қолданған басқа деректер сияқты «Синхайская революция» деп аталатын [3] жинақта жарияланған. Манифесте төңкерісісшілердің идеологиялық ұстанымдары, діни сенімдері, саяси көзқарастары туралы құнды мәліметтер бар.
Келесі дерек көзі де Сунь Ятсен жариялаған халықтық «үш принципі» [4] деп аталып, көтерілісшілер басшылығының халыққа үндеуі. Үндеуде Синьхай төңкерісінің, Қытай республикасының мақсаттары мен ішкі идеологиясы негізделген.
Келесі «Синьхай гемин цзыляо»[5] құжаттық деректе Қытай республикасының қоғамдық қатынастар, экономикалық жүйе, әкімшілік басқару құрылымы туралы маңызды ақпарат беріледі. Әрине бұл бағдарламалық құжаттағы ұстанымдар сөз жүзінде қалып, декларация ғана болды. Оның көптеген қағидалары, әсіресе әділеттілік пен теңдік туралы принциптер шынайы қоғамдық қатынастарда орындалмады.
Л. И. Касктың «Сунь Ятсен и временная конституция Китайской Республики 1912»[6] атты мақаласы төңкерісшілердің басшылары ұсынған республикалық билік жүйесінің құрылымы туралы мәліметтер беріледі. Бұл деректе Қытай Республикасының саяси билік формасы, мемлекеттік аппарат құрылымы мәселелеріне көңіл бөлінген. Бұл құжаттық дерек біздің зерттеуімізде маңызды орын алды.
Осындай деректер қатарында С. Л. Тихвинскиидің «Внешнеполитические взгляды и деятелность Снуь Ятсена» [14] шығармасын атап өткеніміз жөн. Бұл Революциялық құжаттық деректік матиралдар негізінде Синьхай революциясы кезінде Цин әулетінің астанасы Пекиндегі саяси жағдай, халықтың пікірі, шенеуніктердің ойлары, билік басындағылардың әрекеті туралы маңызды мәлімет алуға болады.
Зерттелу деңгейі. Синьхай төңкерісінің тарихы кеңестік тарихнамада маңызды орын алды. Әсіресе Қытаймен арадағы қатынастар шиленіспеген кезде, Қытай коммунистік партиясы социалистік революцияда, одан кейін социалистік құрлысты орнату кезеңінде кеңестік басшылықтың, одан кейін кеңестік ғылымның көмегіне сүйенді. КСРО-да өз көмегін аямады. Осы кезеңде Қытай тарихына аса көңіл бөлінген болатын. Қытай тарихында әсіресе тап күресі мәселесіне баса назар аударылды. Соның ішінде ХХ ғасырдың басында орын алған Қытай тарихындағы ірі оқиға Синьхай төңкерісі терең зерттелді. Сондықтан да болар, кеңестік тарихнамадағы Синьхай революция зерттеу негізінен 50-60 жылдары орын алғаны. Зерттеушілер арасында «» 1950 жылы жарық көрген монаграфияны айтуға болады. Онда Қытай тілінде жазылған деректерге сүйене отырып, көтерілістің шығу себептері, барысы, жеңілу себептері, тарихи маңызы мәселелері терең де жан-жақты зерттелген. Әрине зерттеу кеңестік идеология тұрғысынан, марксистік методологияға сүйене отырып жазылған. Сондықтан да автор шаруалар көтерілісін тура жолға бастайтын таптың болмағандығын, шаруалардың о бастан революциялық жеңістерді толығымен пайдалана алмайтындығы тілге тиек етеді.
Сондай зерттеулер қатарында қытайлық тарихшы «» [16] деген еңбегін атап өтеміз. Бұл еңбекте ХХ ғасырдың 1911-13 жылдарында орын алған революциялық қозғалысының тарихы суреттеледі. Синьхай төңкерісін буржуазиялық революциясы деп атайды. Оның пікірінше, төңкерісшілер бүкіл Қытайдың ұсақ буржазия топтарының, кейінен ірі алпауыттар мүддесі үшін күрескен және осы күресі барысында үлкен жетістіктерге жеткен. Синьхай төңкерісін буржуазиялық революция деп санап, оның басты мақсаты «Цинь империясының құлату мәселесін шешу» [16. 265 б. ] деген тұжырым жасайды. Ол Синьхай төңкерісінің одан кейінгі Қытай халқының бостандық үшін күресіне зор ықпалын тигізді және халық революциясының бастамасы болды, деген ойын алға тартты. Автор еңбегі негізінен төңкерісшілердің әскери жетістіктеріне аса көңіл бөліп, негізінен армияның жорықтары мен шайқастары туралы зерттеу болып есептеледі.
Бұлардан басқа «. », », Болдырев Б. Г. «», Воронцов В. Б. «Миссионеры и их наследники: Повороты политики США в отношений Китая», Зарецская С. И. «», . «», », Сидихменов В. Я. «Манчжурские правители Китая» және «Китай страницы прошлого», Соловьев Ф. В. «Китайское отходничество на Дальнем востоке России в эпоху капитализма (1861-1917 гг. ) », «» еңбектер қолданылды. Бұлардың барлығы қытай тіліндегі деректерге сүйене отырып, Синьхай төңкерісі, Қытай экономикасы, әлеуметтік құрылымы, саяси жағдайы туралы терең зерттеулер болып табылады.
Қазіргі уақытта халық көтерілістері, революциялар, әлеуметтік теңдік үшін жүргізілген тап күресі мәселесіне ғалымдар кеңестік кезеңдегідей аса көңіл бөлмейді. Сондықтан да болар тайпиндер көтерілісі туралы орыс тілді тарихнамада, посткеңестік аумақта ХХ ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап бірде бір зерттеу жүргізілмеді.
1 СИНЬХАЙ ТӨҢКЕРІСІ ЖӘНЕ ЕЛДЕГІ МАНЬЧЖУРЛЫҚ
БИЛІКТІҢ ҚҰЛАУЫ
- Синьхай төңкерісі қарсаңындағы Сычуандағы көтеріліс
ХХ ғасырда Қытайда жалпы алғанда буржуазиялық революцияның негізі қаланып болған еді. Оның алғышарттары ретінде жалдамалы жұмысшылар мен бай-шонжарлардың мал шаруашылықтарда феодалдық меншікке капиталистік элементтерді қоса пайдалануы, өнеркәсіптің тез қарқынмен дамуы 4 мануфактуралар мен жақты ұсақ өнеркәсіптердің көптеп ашылуымен сипатталды.
1845 жылы және 1913 жылдары аралығында 70-тен астам бытыраңқылықты сипаттағы көтерілістер болғанымен олардың көпшілігі экономикалық күрестен аспады.
1911 жылы Қытайдың саяси өмірінде үлкен бетбұрыс басталды. Бұл негізінен Цинь империясы билеушілері мен либералдық оппазиция арасындағы Қытайдың бұдан былайғы тағдыры жөніндегі пікірлері үлкен қайшылықтарға, ашық майданға айналды [1] . Конституциолистер 4 петицияға бөгет қойғаннан соң негізгі бағыттарын орталықтан провинцияға ауыстырды. Олар үкіметтен 1911 жылы сәуір айында Жоғарғы Кеңес палатасын шақыруды бір топ депутаттар талап етті, онда: Қазіргі жағдай өте ауыр келесі сессияны күтудің қажеті жоқ, әйтпесе қысқа уақыт ішінде халық наразылығы күшейіп толқу пайда болады делінеді [2] .
1911 жылы 24 тамызда Ченду провинциясында 10 мың адам митингіге шықты. Олардың провинция көлемінде салық төлемеу, сауда-сатық және мектептегі оқу жұмысын тоқтату арқылы, назарларын аудармақшы болды.
1911 жылы 9 шілдеде императордың провинциядағы өкілі Ч. Эрфэн резиденция аумағындағы демонстранттарға әскерлерге қарсы оқ атуға бұйрық берді. Бұған жауап ретінде Чэнду провинциясында жаппай наразылық болып, арты қарулы қақтығысқа жалғасты.
1911 жылы 25 қыркүйекте Сычуан көтерілісшілері Жунсянь қаласын алды. 1911 жылы 25 қыркүйекте Синьцзинь және Шуанлю қалаларында жалғасын тапты.
Қоғамның жоғарғы бөлігі Батыстың экономикалық басқыншылығына қарсылық көрсете бастады. Бұл қозғалысты Шэньси және шен қызметіндегі адамдар басқарды. Оларға көпестер, кәсіпкерлер және зиялылар қосылды. Революция шетел капиталын және ұлттық ақша қаражатын жұмсау мобилизациясын ығыстыруға бағытталды. 1905-1908 ж. ж. американдық, жапондық және неміс тауарларына 3 көлемді байкот жариялау өтті.
Ескі жаулары көтерілісші шаруалар мен құпия қоғамдардың мүшелерімен бірге маньчжурлық жүйеге тағы да революционерлер қарсы шықты. 1905 жылдың ортасында Қытайда және Жапонияда үш үлкен революционерлер ұйымы болды: Сунь Ятсен басқарған «Қытай жандану одағы» (Синчжунухэй) ; «Қытай даңқының жандану одағы» (Гуанфухэй) - Чжэцзян және Цзянсу провинцияларының жасырын ұйымы; және де Хуан Сином және Сун Цзя жон «Қытай жаңару одағы» (Хуансинхуэй) .
Революционерлердің идеологиялық қарсыластары болып реформашылар, ал Қытайдың өзінде конституциализмді жақтаушылар шықты.
Билік басында Князь Цин қалды. Ол Цыси және державаны қолдауын пайдаланды. Шандуньдағы Чжили казармаларына Юань Шикайдың «жаңа әскерлері» оралды. 1901 жылы Ли Хунчжанның өлімінен кейін басшылық Хунань тобына өтті.
Әулеттің өмірі көбінесе «жаңа әскерге» тәуелді болды . Цыси 1907 жылы Юань Шикайды басты биліктен айырып, Бэйян тобының күшін жоюға үміттенді.
Орыс-жапон соғысының нәтижесінде либеральды оппазиция өсуі Цыс идің жол беруіне әкелді. Юань Шикайдың ұсынуымен 1905-1907 ж. ж. Европаның және АҚШ-тың конституциялық құрылысын зерттеуге төрелердің басқаруымен арнайы делегация жіберілді. Бұған көне отырып Цыси 1906 жылы қыркүйекте конституцияны енгізуге және тек бір жылдан кейін 1907 жылы күзде жоғарғы кеңесші палатасының және провинциялада кеңесші комитеттердің құрылуына дайындық жүріп жатқанын жариялады. Бұл дайындық 1916 жылыға дейін созылды. Император билігі конституцияға және парламентке тәуелді болмады.
1911 жылы мамырда маньчжурлықтар оппозицияларға, сонымен қатар жер иеленушілерге, көпестерге және кәсіпкерлерге қатты соққы берді. Дәл осы жағдай қаржының негізгі бөлігін Сычуан, Хубэй, Хунань, Гуандун провинцияларында Хугуандық темір жолдарының құрылысына жеке акционерлік серіктестікке салды. Мамыр айында маньчжурлықтар Англияның, Францияның, Германияның, АҚШ-тың банктік консорциумынан үлкен хугуандық заемға айырбастау үшін бұл серіктестікті национализациялады.
1911 жылдың мамырлық бұйрықтары министрлер кабинеті және теміржолдар национализациялау туралы Цин әулетін саяси топтарға және шэньси сословиесіне дұшпанды және және керек емес етті. Оппозиция жолдары национализациялауға қарсы шықты. Алдымен көтерілістер Хубэй, Хунань, Гуандуне провинцияларында басталды. Алайда, өте шиеленісті жағдай Сычуанда туды.
1911 жылы қыркүйекте-қазанда болған Сычуандық көтеріліс Цин монархиясын тығырыққа тіреді. Бұл кезде провинцияларда бірінен соң бірі жаңа көтерілістер басталып жатты. 22 қазанда әскерлер Чаншада келесі күні Цзюцзянда, 24 қазанда Наньчанда және Небтың баласы бұрыңғыдай заң шығаруға құқы болды, армияға және флотқа басшылық етті, сонымен қатар өз еркімен парламентті таратуға құқылы болды.
1908 жылы күзде Цзяйтян ауруы асқынып, Цысидің денсаулығы денсаулығы нашарлады. Таққа күрес басталды. Икуан Юань Шикайдың қолдауымен өзінің баласын Лу Лиді отырғысы келді. 1908 жылдың 13 қарашасында Жоғарғы Кеңес мәжілісінде Цыси Луиді тақтың мұрагері деп жариялады да, ал оның әкесін Цзайфэнді регент етті.
Оныншы және соңғы цин императоры екі жасар Луй Сюаньтун ("Жалпы бірлестік", 1908-1911) басқаруымен таққа отырғызылды. 15 қарашада Цыси 73 жасында қайтыс болады. Оған дейін ол Цзайтян императорды уландырған болатын.
Он жылдың ішінде (1898-1908) тарихи сценадан Гун, Ли Хунчжан , Лю Куньи, Жуняу, Чжан Чжидун сияқты абыройлы саясаткерлер, тұлғалар шыққан болатын. Олардың ішінен тек Юань Шикай қалды.
Реген - монархиялық елдерде монарх орнында мемлекетті уақытша басқарып тұрушы Сианада Цин билігін құлатты. Нәтижесінде Хунань провициясы және Шэньси Лекинге тәуелді емес екендерін жариялады.
12 ақпанда Луидің жоғарғы биліктен бас тартуы жария болды. Одан басқа Юань Шикайға императорлық бұйрықпен уақытша мемлекеттік үкімет құруды тапсырылды. Сөйтіп жоғарғы билік құлаған әулеттен "жаңа армияға" өтті. Солай 267 жылдан кейін (1644-1912 ж. ж. ) Қытайда Цин әулетінің билігі жойылды. Сонымен бірге Қытай империясы өзінің 2000 жылдық тіршілігін тоқтатты. Оның орнына Қытай мемлекеті орнады. Бұл ай календарымен Синьхай жылында болғандықтан, 1911-1912 жылғы көтерілісті "Синьхай революциясы" деп атады.
Революцияға дейінгі соңғы айлар Сычуандағы көтеріліс ХХ ғасырдың басында Қытайдағы буржуазиялық революцияның алғы шарттары болған. Қытай деревнясында , әсіресе қалаға жақын аудандарда тауар шаруашылығы, бір жағынан жалданушы жұмысшылар, екінші жағынан буржуазиялық жер иелері және ақсүйектер таптары дамыды. Саудагерлерден имбард иелерінен ұлттық буржуазия құрылды. Өнеркәсіпте капитализм дамуының 3 сатысы болды: ұсақ тауарлы өндіріс; мануфактура және ірі машиналы өнеркәсіп
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz