Қылмыстық іс қозғаудан бас тартудың процессуалдық нысаны


Реферат
Бітіру жұмысының тақырыбы қылмыстық іс қозғаудан бас тарту негіздері мен процессуалды тәртібі.
Бітіру жұмысы кіріспе, негізгі бөлім, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады. Негізгі бөлім екі тараудан тұрады. Ьірінші тарау қылмыстық іс қозғаудан бас тартудың жалпы сипаттамасына араналады. Бұл тарау екі тармаққа бөлінеді. Бірінші тармақта қылмыстық іс қозғаудан бас тартудың жалпы сипаттамасы қарастырылады. Екінші тармағы қылмыстық іс қозғаудан бас тартуда сипаттайтын заңнаманың даму тарихына арналған. Екінші тарауда қылмыстық іс қозғаудан бас тартудың процессуалдық нысаны мәселесі көрсетіледі. Бұл тарау үш тармақтан құралған. Бірінші тармақта қылмыстық іс қозғаудан бас тартудың негіздері, екінші тармақта қылмыстық іс қозғаудан бас тартудың процессуалдық тәртібі, үшінші тармақта қылмыстық іс қозғаудан бас тартудың заңдылығы мен негізділігі. Прокурорлық қадағалау мәселелері қарастырылады. Бітіру жұмысы бетте жазылған.
Бітіру жұмысының негізі ретінде Қазақстан заңгер - ғалымдарының еңбектері, Ресей ғалымдарының еңбектері және Қазақстанның нормативтік базасы қолданылады.
Бітіру жұмысында қолданылатын түйінді сөздер: анықтау, алдын-ала тергеу, қылмыстық іске түсу органдары, іс бойынша іс жүргізу, қаулы, санкция, шағым., т. б.
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
- Қылмыстық іс қозғаудан бас тартудың жалпы сипаттамасы.
1. 1. Қылмыстық іс қозғаудан бас тарту түсінігі.
1. 2. Қылмыстық іс қозғаудан бас тартуды сипаттайтын заңнаманың даму тарихы.
- Қылмыстық іс қозғаудан бас тартудың процессуалдық нысаны.
2. 1. Қылмыстық іс қозғаудан бас тартудың негіздері.
2. 2. Қылмыстық іс қорғаудан бас тартудың процессуалдық тәртібі.
2. 3. Қылмыстық іс қозғаудан бас тартудың заңдылығы мен негізділігі. Прокурорлық қадағалау мәселелері.
Қорытынды
Қолданылған нормативтік актілер және әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына 2005 жылғы Жолдауында Конституциямызға байланысты келесі мәселені көтерді: «Ең әуелі қолданып жүрген Конституциямыздың әлеуетін барынша пайдалануымыз қажет.
Біздің Конституциямыздың әлемде демократиялық қоғамның негізгі міндеттеріне сәйкес келетіні танылып отыр. Егер атына сын айтылып жүрсе, оның ережелерінің орындалуына ғана қатысты болып жүр. Бүкіл әлемде демократия мен заңды сақтау ажырағысыз болып танылады».
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында: Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
Республика қызметінің түбегейлі принциптері қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу делінген.
Осыған сәйкес, осындай адамның құқықтары мен бостандықтары шын мәнінде қорғалатын демократиялық мемлекет құру үшін біздің мемлекетімізде құқықтық реформалар жүзеге асырылуда. Бұның бір көрінісі ретінде 20 - қыркүйек 2002 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің “ҚР құқықтық саясатының Концепциясы туралы” Жарлығын айтуға болады. Бұл Жарлықта адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесін жетілдіру әдістері мен бағыттары талданып көрсетілген. Соның ішінде қылмыстық-құқықтық заңнаманы жетілдіру қажеттілігі айтылады. Оның бірден бір маңызды бағыты алдын-ала тергеу сатысының іс-әрекеттерін жүргізуді жеңілдету және жылдамдату болып табылады. Анықтауды қолдану аясын кеңейтудің қажеттілігін айтады.
Сонымен қатар кейбір бұлтартпау шараларын қолданудың орнына, басқа жеңілдеу бұлтартпау шараларын қолданудың қажеттілігі айтыла отырып, мысал ретінде қамауға алу бұлтартпау шарасын кепіл не үйде қамап ұстау бұлтартпау шарасына ауыстырудың маңыздылығы айтады.
Анықтау мен алдын ала тергеу әрекеттерін жеңілдету мына бағыттар бойынша жүзеге асырылуы тиіс: жеңіл және орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған тұлғалардың жауапкершілігін жедел қарастыру; кейбір қылмыс құрамдарын әкімшілік құқық бұзушылық категориясына көшіру, қылмыстық процестің тиімділігі мен жеделдігін арттыру мақсатында алдын-ала тергеу міндетті емес істердің тізімін кеңейту, әсіресе бұл тәртіптің дәлелдемелерін табу, бекіту және бағалау қиын емес істерге қолдануы тиіс делінген 1 .
Қылмыстық іс бойынша іс жүргізудің алғашқы сатысында қылмыстық істі қозғау себептерінің заңдылығын тексеру, қылмыстық белгілерін анықтау ғана маңызды болып табылмайды,
1. 20 қыркүйек 2002 жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің “ҚР-сы құқықтық саясатының Концепциясы туралы” №949 жарлығы. //Казахстанская правда-2002ж. 3-қазан
сонымен қатар ең алдымен қылмыстық істі қозғау немесе қылмыстық істі қозғаудан бас тарту процессуалдық шешімнің заңдылығын, негізділігін қамтамасыз ету қажет.
Қылмыстық іс қозғаудан бас тарту қылмыстың іс қозғу сатысының бір бөлігі ретінде қарастырылады. Құқықтық статистикалық деректеріне сүйенсек Қазақстан Республикасында қылмыстық істі қозғаудан бас тартылған қылмыстар туралы келіп түскен арыздар мен хабарлардың үлес салмағының өсуін байқаймыз.
Сонымен қатар, прокурорлық және тергеу тәжірибесінің талдауы мен жалпылауы көрсеткендей, қылмыстық істі қозғау сатысында ғалымдардың, заң шығарушылардың және құқық қолданушылардың назарын аударуды қажет ететін мәселелер де сақталған. Қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы негізсіз және заңсыз шешімдері азаматардың құқықтарын елеулі түрде бұзып қана қоймай, сонымен қатар мемлекеттік құқық қорғау жүйесіне тұрақты сенімсіздікті тудырады. Бұндай сенімсіздіктің туындауы құқығы бұзылған адамның құқық қорғау органдарына өзінің құқығын қорғау үшін жүгінбеуіне алып келеді. Өкінішке орай бұндай жағымсыз жағдайлар біздің мемлекетімізде орын алуда. Көп жағдайда қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы негізсіз және заңсыз шешімдер қылмыстық статистика көрсеткіштерін жақсарту мақсатында жасалады. Қылмыстық істі қозғаудан заңсыз бас тарту, сондай-ақ арыздар мен хабарламаларды тікелей жасыру, дер кезінде ұсталмаған қылмыскерлерге, әдетте, одан да ауыр қылмыс жасауға мүмкіндік береді.
Сондықтан да бұндай заңға қайшы әрекеттер мен күресудің маңыздылығы зор. Оны бұндай әрекет үшін жазалауды қамтамасыз етілуі, сондай-ақ оларды анықтау үшін жасалатын шараларға көп көңіл бөлінуі тиіс. Яғни бұндай заңсыз іс-әрекеттерді тию үшін мүмкінше барлық шаралар жасалып, жетілдірілуі қажет.
Сонымен қатар қылмыстық істі қозғаудан бас тарту шешімінің заңды және негізгі қабылдануы адамның құқықтары сақталуының кепілі болып табылады.
Бұған сәйкес қылмыстық істі қозғаудан бас тарту кезінде туындайтын қылмыстық-процессуалдық құқық қатынастарын ғылыми түрде талдау және заңнамада белгілеу маңызы зор.
Қылмыстық іс қозғаудан бас тартудың жалпы сипаттамасы
Қылмыстық іс қозғаудан бас тартудың түсінігі
Қылмыстық іс қозғаудан бас тарту қылмыстық істі қозғау сатысының ажырамас бөлігі болып табылады. Қылмыстық істі қозғау сатысының мазмұны тек қаулы шығару және өндіріске қабылдау арқылы ғана анықталмайды, сонымен қатар белгілі бір мән - жайлар болған жағдайда қылмыстық істі қозғаудан бас тарту сияқты альтернативті шешім қабылдануы мүмкін 1 . Осыған байланысты қылмыстық істі қозғау сатысын қарастырып кетейік.
Қылмыстық-процессуалдық құқықтық теориясында қылмыстық істі қозғау тек процессуалдық шешім қабылдау ғана деп қарастырмайды, оны қылмыстық іс бойынша іс жүргізудің алғашқы және жеке дара сатысы ретінде таниды. Бұл сатының өзіне тән белгілері, яни арнайы мәселелері, құқық қатынасының қатысушыларының шеңбері, мәселелерді шешудің арнайы құралдары және әдістері, процессуалдық мерзімдері және қорытынды шешімдері бар.
А. П. Рыжаков «Қылмыстық іс қозғау» терминнің былайша анықтайды: ««Қылмыстық іс қозғау» термині қылмыстық іс жүргізуде бірнеше мағынаға ие. Әдетте бұны қылмыс жасалған әрбір фактіге әсер ету және қылмыстық іс жүргізудің келесі сатыларын орын алмаған қылмыстардың шеттету мақсаты бар қылмыстық іс жүргізудің бірінші сатысы деп қарастырады».
А. Р. Михайленко қылмыстық іс қозғауға келесідей анықтама береді: «Қылмыстық іс қозғау - көпжақты түсінік. Бұл ең алдыменен процессуалды нормалардан тұратын құқықтық институт. Сонымен қатар қылмыстық іс қозғауда процессуалды акт ретінде де қарастырады. Көп жағдайда қылмыстық іс қозғауды қылмыстық іс жүргізудің дербес сатысы деп анықтайды».
Қылмыстық іс жүргізу заңында қылмыстық істі қозғаудың мазмұны мен негізін анықтайтын норма көрсетілмеген, бірақ «Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу“ 6- бөлімінің құрамдас бөлігі болып табылатын, бұл сатыға “Қылмыстық іс қозғау” 23-тарауын арнап отыр. Қылмыстық істі қозғаудан бас тартудың негізгі мәселелері осы тарауда көрініс тапқан. Жоғарыда айтылғанның маңызы мынада:
- қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу бөлімінен ҚІЖК-нің Ерекше бөлімі басталады. Бұл арқылы заңшығарушы қылмыстық істі қозғау сатысының, қылмыстық-процессуалдық қызметтің алғашқы кезеңі ретінде, маңызын анықтайды;
- қылмыстық істі қозғау сотқа дейінгі өндіріске жатқызу бұл құқықтың қатынастары субъектілерінің сапалық құрамына негізделеді, өйткені субъектілер өкілеттіктерінің соммасынан құқықтық қатынастардың жалпы сипатын анықтауға болады.
ҚІЖК-нің 7-бабының 27-пунктінде “іс бойынша іс жүргізу”- қозғау, сотқа дейінгі дайындау, сотта талқылау және соттың үкімін (қаулысын) орындау барысында нақты қылмыстық іс бойынша жүзеге асырылатын іс жүргізу әрекеттері мен шешімдерінің жиынтығы делінген.
Әрі қарай осы баптың 28-пунктінде “қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуге” мынандай анықтама берілген - қылмыстық іс қозғалған кезден бастап оны мәні бойынша қарау үшін сотқа жолдағанға дейін қылмыстық іс бойынша іс жүргізу (анықтау және алдын ала тергеу), сондай-ақ қылмыстық іс бойынша жеке айыптаушы мен қорғау тарабының материалдар дайындауы. Келтірілген жағдайлар жоғарыда айтылғанды:
1. Б. Х. Толеубекова, К. Ж. Капсалямов, Б. К. Шнарбаев, Д. К. Бекишев. “Уголовно-процессуальное право Республики Казахстан”. Часть особенная. Астана “Данекер” 2002г. с. 21
- қылмыстық іс қозғау мен қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу өзара бүтін мен соның бөлігі ретінде байланысын;
- сотқа дейінгі іс жүргізу қылмыстық істі қозғау сияқты алғашқы кезеңі болмай орын ала-алмауын;
- қылмыстық істің қозғау сатысының болмауы, қылмыстық-процессуалды
құқықтық қатынастарының болмауына алып келетінін растайды.
Осылайша, қылмыстық істі қозғау - бұл қылмыстық процестің алғашқы және міндетті сатысы, бұл сатыда қылмыстық ізге түсу органдары жеке лаузымды тұлғалары, жасалған не дайындалып жатқан қылмыс туралы мәлімет алған кезден бастап қылмыстық істі қозғау туралы шешімді қабылдау үшін себептер мен негіздердің бар-жоғын анықтауға кіріседі.
Қылмыстық істі қозғау - бұл жасалған әрекетте қылмыс белгілерінің бар-жоғын анықтауға бағытталған қылмыстық ізге түсу органдарының қызметін қамтитын қылмыстық процестің дербес, бастапқы сатысы болып табылады 1 . Бұл сатының маңызы іс бойынша өндірісті заңды, негізді, уақытында бастау қылмыстық істі толық, жан-жақты, объективті зерттеудің бірден-бір кепілі болып табылады. Мақсаттары ретінде мыналарды көрсетуге болады:
- қылмысты уақытында тергеуді бастауды қамтамасыз ету;
- жасалған әрекетте қылмыстық белгілерінің бар-жоғын анықтау;
- бұл сатыдағы қатынастарға қатысушы тұлғаларды және олардың өкілеттіктерін анықтау.
Қылмыстық істі қозғаудан бас тарту қылмыстық істі қорғау сатысының ажырамас бөлігі болып табылады және жеке, тереңдетілген, жан-жақты зерттеуді қажет етеді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Іс Жүргізу Кодексінің 187 бабында қылмыстық іс қозғауға негіздер болмаған кезде қылмыстық ізге түсу органы қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарады делінген. Қылмыстық істі қозғауға негіз болып іс бойынша іс жүргізуді болдырмайтын мән-жайлардың болмауы және қылмыс белгілерін көрсететін жеткілікті деректердің болуы осы Кодекстің 177 бабының 2-тармағында көрсетілген. Яғни қылмыстық іс қозғаудан бас тарту үшін жоғарыда көрсетілген негіздерінің болуы шарт. ҚІЖК-нің 177 бабында көрсетілген себептер мен негіздерде қылмыстық істі қозғау немесе қозғаудан бас тарту негіздерінің бар-жоғын анықтауға мүмкіндік беретін толық және жан-жақты мәліметтер көрсетілмеген. Қылмыстық-процессуалды заң алдын-ала тергеу органдарына қылмыс туралы хабарлар мен арыздарды тексеру үшін мерзім бере отырып, қосымша дәлелдемелерді жинауға мүмкіншілік береді. Бұл туралы ҚІЖК-нің 184-бабында былай делінген: қылмыс туралы арыз немесе хабар бойынша шешім ол түскен күннен бастап үш тәуліктен кешіктірілмей қабылдануға тиіс. Қажет болған жағдайда қосымша мәліметтер алу, құжаттарды немесе өзге материалдарды талап ету, оқиға өткен жерді қорғау, сараптама жүргізу үшін бұл мерзімді анықтау органның бастығы, тергеу бөлімінің бастығы он тәулікке дейін, ал ерекше жағдайларда - бір айға дейін ұзарта алады, бұл туралы жиырма төрт сағаттың ішінде прокурорға хабарлануға тиіс.
Қазақстан Республикасының қылмыстық-процессуалдық заңнамасын және құқықтық институттың жалпы белгілерін (жеткілікті түрде дербестігі, мақсаттарының арнайылығы, құқықтық қанытастарды реттеу мәселелері және әдістері, заңда арнайы нормаларының болуы) талдау негізінде қылмыстық істі қозғаудан бас тартуды қылмыстық процессуалдық құқықтық институты ретінде қарастыруға болады. Бұл қорытындының қосымша негізі ретінде қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы шешімдердің қылмыстық істі қозғау туралы қабылданған шешімдерге қарағанда көп болуын айтуға болады.
Қылмыстық істі қозғаудан бас тарту институтына жүктелген мәселелер, қылмыстық істі қозғау мәселелерінен ерекшеленеді. Бұл мәселелерге мыналар жатады: а) азаматтарды заңсыз және негізсіз қылмыстық құқылаудан қорғау; ә) қылмыстық ізге түсу органдарының қаражаты мен күштерін процессуалды үнемдеу; б) іс жүргізушілік мәжбүрлеу шараларын қолдануды болдырмау; в) қылмыстық жауапкершіліктен босату үшін жағдайлар жасау.
Қылмыстық іс жүргізу заңында қылмыстық істі қозғаудан бас тартудың екі негізі көрсетіліп отыр:
- қылмыстың белгілерін көрсететін жеткілікті деректердің болмауы;
- қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді болдырмайтын мән жайлардың болуы;
Қылмыстық істі қозғау үшін заңда көрсетілген себептер мен негіздер болуы қажет. Бұл жерде ҚІЖК-ы 177-бабының 1-тармағына сәйкес қылмыстық істі қозғауға мыналар себеп болып табылады:
- азаматтардың арыздары;
- кінәсін мойындап келу;
- мемлекеттік органның лауазымды адамның немесе ұйымда басқару функцияларын атқарып отырған адамның хабарламасы;
- бұқаралық ақпарат құралдардағы хабар;
- лауазымды адамдардың және қылмыстық іс қозғауға құқық берілген органдардың қылмыс туралы мәліметтерді тікелей анықтауы. Бірақ қылмыстық істі қозғау туралы шешімді қабылдау үшін бұл себептердің болуы жеткіліксіз. Оған қоса қылмыстық ізге түсуді болдырмайтын жағдайлардың болмауы және қылмыс белгілерінің болуы қажет. Ал мұндай қылмыс белгілерінің болмауы қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы шешім қабылдауға негіз болып табылады. Бұл жерде фактілердің болуы және қылмыс белгілерінің болуы туралы мәселе айтылып отыр. Қылмыстық Іс Жүргізу Кодексінде қылмыстық істі қозғаудан бас тарту үшін негіз болып табылатын қылмыс белгілерінің болмауын айта отырып, қылмыс құрамы туралы сөз қозғалып жатқан жоқ. Яғни қылмыстың барлық белгілерінің болмауы шарт емес. Қылмыс белгісінің әдетте екі белгісінің болуы қылмыстық істі қозғаудан бас тартуды жоққа шығарады.
Қылмыстық істі қозғаудан бас тартудың келесі негізі ол қылмыстық ізге түсуді болдырмайтын жағдайлардың орын алуы болып табылады. (ҚІЖК 37 - бабы) . Бұндай ҚІЖК-ң 37-бабында көрсетілген жағдайлардың болуы қылмыстық істі қозғауды болдырмайды, ал қозғалған істі тоқтатуға алып келеді.
Бұл негіздердің барлығы бірдей процессуалды күшке не, яғни кез келген бір ғана негіздің болуы қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы шешімді қабылдау үшін жеткілікті. Бұл жағдайлардың біреуінің екіншісімен салыстырғанда маңызды еместігін білдіреді.
Бұл жағдайларды қарастырғанда біз қылмыстық істі қозғау үшін заңды және жеткілікті негіздердің жоқтығын айтамыз.
Қылмыстық істі қозғау және қылмыстық істі қозғаудан бас тарту сияқты екі процессуалды шешімдерді қарастырғанда олардың бір-біріне қарсы, бір-бірін жоққа шығаратынын байқаймыз.
Қылмыстық іс қозғаудан бас тарту-бұл қылмыстық қудалауды болдырмайтын жағдайлардың сәйкес келуін қарастыратын материал бойынша соңғы шешім болып табылады. Бұл жағдайларды анықтау қылмыстық істі қозғау сатысында міндетті және қылмыстық істі қозғау немесе қозғаудан бас тарту шешімін заңды және негізді қабылдау үшін қажет 1 .
Қылмыстық істі қозғау сатысы сол сияқты қылмыстық іс қозғаудан бас тарту бұл осы процеске қатысушылардың арасында туындайтын құқықтық қатынастарды реттейді. Бұл қатынастарға қатысушыларға ҚР ҚІЖК-нің 23-тарауында көрсетілген тұлғалар: қылмыстық ізге түсу органдары (прокурор, тергеуші, анықтау органы, анықтаушы), арыз беруші, мемлекеттік органның лауазымды тұлғасы немесе ұйымда басқару функциясын атқаратын адам; жәбірленуші; кінәсін мойындап келген тұлға жатады. Сонымен қатар бұл тізімге зиян шеккендерді, олардың өкілдерін; қылмыстық істі қозғау немесе қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы мәселе қарастырылып жатқан қатысты тұлға; маман; сарапшы; куәгерлер; аудармашы; куәлар; сезіктіні ұстаған тұлғалар жатады.
Бұл қатысушылардың барлығын келесі топтарға бөлуге болады:
- арыздардың және хабарлардың алдын-ала тексеруді жүргізетін мемлекеттік органдар және олардың лауазымды тұлғалары;
- арыздар мен хабарларды қарастырғанда мүдделері қозғалатын тұлғалар;
- басқа тұлғалардың мүдделерін білдіретін қылмыстық процестің қатысушылары;
- дәлелдеудің ерекшелігіне байланысты қылмыстық процеске тартылатын тұлғалар.
Қылмыстық іс жүргізуші заңы қылмыстық іс қозғауға немесе қылмыстық іс қозғаудан бас тартуға өкілеттіліктері бар органдар мен лауазымды тұлғалардың толық тізімін көрсетеді. Оларға ҚР ҚІЖК-ң 62, 63, 64, 65, 66, 67, 183, 185- баптарына сәйкес мыналар жатқызылған: анықтаушы, анықтау органы, тергеуші, прокурор, анықтау органының бастығы, тергеу бөлімінің бастығы.
1. Б. Х. Толеубекова, К. Ж. Капсалямов, Б. К. Шнарбаев, Д. К. Бекишев. “Уголовно-процессуальное право Республики Казахстан”. Часть особенная. Досудебные стадии. Астана “Данекер” 2002г. с. 22
Қылмыстық іс қозғаудан бас тартуды сипаттайтын заңнамалық даму тарихы
Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу заңнамасының тарихын зерттеу, оның орны мен маңызы туралы көзқарасты дұрыс қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Сондықтан да қазіргі қылмыстық іс жүргізу ғылымының дамуын, оның тарихи кезеңдерінің қалыптасуын зерттей отырып, қарастыру керек. Қазақстанның қылмыстық іс жүргізу заңнамасын қарастыру арқылы, қазіргі кездегі қылмыстық іс қозғаудан бас тарту институты өз бойына қылмыстық іс жүргізу нормалары мен институттарының жағымды әрі жағымсыз жақтарын сіңіріп алғанын байқаймыз.
ХХ-ғасырдың ортасында қылмыстық іс қозғауды кеңес үкіметі қылмыстық іс жүргізу саласы бойынша ғалымдары қылмыстық процестің дербес сатысы ретінде қарастырмады. Бұл қылмыстық іс қозғаудан бас тартуды алдын-ала тергеу сатысының процессуалды шешімі ретінде қарастыруға алып келді. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы шетте қалған жоқ, оған Ресей империясы, Кеңес Үкіметі кезіндегі қылмыстық іс жүргізу өз әсерін тигізді.
Қылмыстық іс қозғаудан бас тартуды сипаттайтын заңнаманың даму тарихын қарастырғанда оны бес кезеңге бөліп қарастыруға болады.
Бірінші кезең 1832-1917 жылдар аралығы, Қазақстанның Россияға қосылған кезден және Қазақстанда Кеңес Үкіметі орнағанға дейінгі кезең. Бұл кезеңде қылмыстық іс қозғаудан бас тартуды қарастыру би соты мен Ресей империясы соттарының арасында бөлінеді.
1864 жылы Реесйде сот реформасы жүзеге асырылады, осы уақытта қабылданған қылмыстық сот өндірісінің Уставы қылмыстық іс қозғаудан бас тарту институты құқықтық негіздерінің қалыптасуына зор әсер етті.
Бұл жүргізілген реформаға сәйкес сот жүйесі келесі негізде құрылды:
а) мировой соттар: учаскелік мировой соттар, олар уездерде жергілікті жиналыстармен (оған дворяндар және жергілікті байлар кірді), ал қалаларда - қалалық думалармен сайланды(оларға дворяндар, саудагерлер, фабиканттар кірді) . Бұл соттар жеңіл қылмыстық (1 жылға дейін бас бостандықтан айыру) және азаматтық (1500руб. дейін) істерді қарастырды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz